Ресейдің шаруаларын қоныс аудару және Қазақстанды аграрлық отарлау


Мазмұны
Кіріспе
І-тарау. Ресейдің шаруаларын қоныс аудару және Қазақстанды
аграрлық отарлау
1. 1 Қоныс аударудың себептері, кезеңдері және түрлері
1. 2 Қоныс аударудың бағыттары мен тәсілдері. Патша үкіметінің аграрлық саясаты
ІІ-тарау. Шаруаларды жаппай қоныс аударудың нәтижесі және салдары
2. 1 Демографиялық және халықтың этникалық құрамындағы өзгерістер
2. 2 Қазақ халқының шаруашылығындағы өзгерістер
ІІІ-тарау. Қазақстанға орыс шаруаларын қоныстандыру
мәселесін мектепте оқыту
3. 1 Сабақ өткізудің үлгілері
Қорытынды
Пайдаланылған деректер, сілтемелер
Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі. Қазақстанның көп ұлтты мемлекет болуының себебі ХҮІІІ ғасырдың 30-шы жылдарынан басталған Ресей империясы тарапынан жүргізілген қоныстандыру саясатына байланысты екені бәрімізге мәлім.
Егер Ресей империясының құрамына кіргенге дейін қазіргі Қазақстан территориясында толықтай қазақ ұлты мекен етсе, ХҮІІІ ғасырдың ортасынан бастап ел территориясына басқа ұлт өкілдері, әсіресе, орыстар орналаса бастады.
ХҮІІІ ғасырдың ортасынан бастап Кіші, Орта және Ұлы жүздің жекелеген руларының Ресей империясының құрамына кіргеннен кейін патша үкіметінің алдына күрделі мәселе қойылды. Ең алдымен мемлекет құрамына қосылған ұлан-ғайыр территорияны игеру, басқару мәселесін құру т. б. мәселелер. Жергілікті халықтан мемлекет мүддесіне салық салу, қазақ жерін Ресей империясының меншігі етіп жариялау, қазба байлықтарын игеру, құнарлы, шұрайлы жерлерін өзінің толық игілігіне қарату негізгі мақсаты болды.
Патша үкіметінің қазақ жерін отарлау саясатын негізгі 2 кезеңге бөлуге болады:
- Қазақстан территориясына әскери бекіністер салу.
- Орыс шаруаларының еркін және мемлекеттік тұрғыда қоныстануы.
Қоныстандыру саясатының ХХ ғасырдың басына дейін созылған бірінші
кезеңінде қазақ жеріне орыс шаруалары т. б. еркін және мемлекеттік тұрғындар жаппай көтеріліп, шұрайлы да құнарлы жерлер тартып алынды, жергілікті халық күшпен ығыстырылды. Осы арқылы қазақ жеріндегі демографиялық ахуал өзгере бастады.
Нәтижесінде ХХ ғасырдың басына дейін қазақ жеріне 2 миллионға дейін орыс шаруалары қоныстандырылды.
Осы уақытқа дейін Ресей империясының Қазақстанды күштеп өз құрамына енгізгені және қазақ даласында жүргізген отарлық жөнінде кеңес тарихында айтылмай келді, сол себепті мен зерттеу жұмысымның негізгі тақырыбын осы мәселеге байланысты алып отырмын және де бұл тақырыпқа мектеп оқушылары да аса қызығушылық танытады.
Мәселенің көкейкестілігі, оның арнайы зерттелгенімен, ұзақ уақытқа созылған қарама-қайшылығы мол үрдіске арналған жинақы және тыңғылықты еңбектің болмауынан туындап отыр. Осы орайда осы мәселеге байланысты әдебиеттердің аздығы көбіне оқу процесіне кедергі келтіреді. Яғни біздің мақсатымыз - әртүрлі тарихи деректер мен зерттеулерге сүйене отырып, мәселенің негізгі шындығына объективті баға беру және мектеп оқулығының тың деректермен толықтыру.
Диплом жұмысының негізгі мақсаты. Патшалық Ресейдің Қазақстанға шаруаларды қоныстандыру саясатының мәні мен мазмұнын, әдіс-тәсілдері мен жолдарын ашып көрсету, жалпы теориялық тұжырымдар жасау және мектепте оқыту әдістерін көрсету. Осы арқылы мынадай міндеттер айқындалды:
- Миграция себептерін ашып көрсету;
- Қоныс аударудың бағыттары мен тәсілдерін баяндау;
- Демографиялық және халықтың этникалық құрамындағы өзгерістер, оның барысын талдау;
- Қазақ халқының шаруашылығындағы өзгерістерді көрсету;
- Мектепте Қазақстанға орыс шаруаларын қоныстандыру тақырыбын оқытудың тиімді әдіс - амалдарын қарастыру;
Диплом жұмысының географиялық шегі. Қазақстанның барлық аумағын қамтиды.
Хронологиялық шегі. ХІХ ғасырдың екінші ширегі - ХХ ғасырдың бірінші ширегі.
Зерттеу әдісі. Тақырып бойынша деректерді, әдістемелік құралдарды зерделеу, салыстыру. Жинақталған материалдарды синтездеу, анализдеу, қорытындылар жасау.
Зерттеу объектісі. Қазақстан тарихы 7-сынып «Қазақстандағы жаппай отаршылдық, қоныс аудару саясаты». Қазақстан тарихы 8-сынып «Қазақстанның XX ғасырдың басындағы әлеуметтік - экономикалық жағдайы».
Зерттеу пәні. Патшалық Ресейдің Қазақстанға шаруаларды қоныстандыру арқылы отарлауының теориялық мәселелері және оны мектепте оқыту әдістемесі.
Ғылыми болжам. Мектепте орыс шаруаларын қоныстандыру мәселесін тірек конспектілер арқылы оқыту оқушылардың Қазақстан тарихына қызығушылығын арттырады, осы мәселені терең түсінуге, меңгеруге көмектеседі.
Практикалық маңызы. Осы мәселені тірек конспектілері арқылы оқытудың әдіс-тәсілі студенттер мен практиканттарға және де мұғалімдерге құнды әдістемелік нұсқау болып табылады.
Жұмыстың зерттелу дәрежесі. Патшалық Ресейдің Қазақстанда отарлау саясатының зерттелу дәрежесін 3 тұрғыда қарастыруға болады. Империялық шовинистік саясаттың қылышынан қан тамшылап тұрған заманның өзінде орыс ғалымдары, шетелдік ғұламалар да қазақ жерін тұтастай бір мемлекет деп қарап, оны орыстың жаулап алғанын атап көрсетіп отырған. Революцияға дейінгі көп тарихшылар қазақтар Ресей империясына қосылуы қиын да қарама-қайшы үрдіс болғанын мойындаған. В. О. Ключевский, А. Н. Седельников, Н. Н. Фирсов, Н. Иванов сияқты орыстың ілгерішіл ғалымдарының еңбектерінен Қазақстанды отарлаудың қандай жолдармен жүзеге асырылғандығы, орыстың қара шекпендеріне қазақ жерінің қалай бөлініп берілгенін оқып білуге болады. Ал, П. И. Рычков, А. И. Левшин, Н. Веселовский, А. И. Добромыслов еңбектерінде қазақтардың бодандықты өз еркімен қабылдағандығы баса айтылады. Бұл авторлардың өз көзқарастары сол уақыттағы идеологияға тән ықпалдардан азат емес еді.
Қазақтың ұлт зиялыларының өкілдері Ә. Бөкейханов, Ш. Құдайбердиев, М. Дулатов, А. Байтұрсынов және т. б. өз еңбектерінде Кіші және Орта жүз сұлтандарының Ресейге бодан болуды қалауға мәжбүр болғанын айтады.
ХХ ғасырдың ІІ жартысында жарық көрген тарихшылар В. Лебедьевтің, В. Ф, Шахматовтың, С. Д. Асфендияровтың, М. Тынышпаевтың, Ғ. Тоғжановтың еңбектерінде Ресейдің жаулап алу саясатының зардаптары айтылады.
Диплом жұмысының барысында ХХ ғасырдың 90 жылдарында шыққан тың деректер Ө. Өмірзақовтың, К. Есмағамбетовтың, С. Мәшімбаевтың, К. Аманжоловтың, Дж. Демконың, Т. Шонанұлының, Левшиннің, Ж. Артықбаевтың, С. Зимановтың, Ө. Озғанбайдың т. б. еңбектерін пайдаландым. Бұл еңбектердің барлығында патшалық Ресейдің отарлық мәселесі саясаты мәселесі жан-жақты қаралып, автордың өзіндік ой-пікірлері, оны мектепте оқыту әдістемесі, тұжырымдары нақты қарастырылған.
Соңғы жылдары жарық көрген жас ғалымдар Б. Әбенова, Ғ. Байбосынова, Б. Ғизатуллин т. б. мақалаларды қарастырдым. Олар патшалық Ресейдің Қазақстанды отарлауының әдіс-тәсілдерін, жолдарын жаңа көзқарас тұрғысынан берген.
Мәселенің тарихнамасы бойынша зерттелуі туралы қорытынды жасасақ, бұл мәселе революцияға дейін және кеңестік дәуірде, тәуелсіздік алғаннан бері де кең түрде талданып, зерттелген. Орыс, қазақ, шетел тарихшылары бұл мәселеге әркез жете көңіл аударған. Еңбектерді саралай келе, Қазақстанның Ресейге қосылуы ілгерішіл салдармен қатар, тікелей отаршылдық, басқыншылық, жерді тартып алу, қосып алу арқылы дәйекті түрде өз отарына айналды.
Жұмыстың мектепте оқыту әдістемесіне келетін болсақ, п. ғ. к., М. А. Зарифова мен аға оқытушы Л. М. Жампеисованың баспа материалдары мен сабақ үлгілеріне сүйене отырып жаздым. Сонымен қатар, әдістемелік басқа материалдар қарастырдым.
Диплом жұмысының құрылымы. Кіріспеден, 3 тараудан, қорытынды бөлімнен тұрады. Жұмыс соңында қолданылған әдебиеттер тізімі берілген.
Кіріспе бөлімінде жұмыстың өзектілігі, негізгі мақсаты, зерттеулі деңгейі ашып көрсетілген.
І тарауда Ресейдің шаруаларын Қазақстанға қоныс аударуының мәні, мазмұны, кезеңдері талданған. Қазақстанға шаруаларды қоныс аудару арқылы отарлауы Ресей империясы экспансиясының құрамды бөлігі болғандығы дәлелденген.
ІІ тарауда осы мәселені қоныстандыру саясатының шаруашылыққа, әсіресе демографиялық жағдайға және халықтың этникалық құрамына тигізген әсері қарастырылған.
ІІІ тарауда осы тақырыпты мектепте оқытудың сабақ үлгілері, тірек кестелері ұсынылған.
І-тарау Ресейдің шаруаларын қоныс аудару және Қазақстанды аграрлық отарлау
1. 1 Қоныс аударудың себептері, кезеңдері және түрлері
Шығысқа қарай қозғалыстың басты себептерін 2 топқа бөлуге болады:
- Ата қоныстарын тастатып, переселендерді итеріп шығарған күштер.
- Орыс шаруаларының бұрынғы мекендеріндегі мәселелерден ада Оралдың шығыс бетіндегі атыраптардың тартымдылығы. Қозғалыс ауқымын анықтаушы бұл факторларға патша үкіметінің саясаты әр түрлі ықпал жасады. Өз кезегінде үкімет саясаты ресми жолдармен миграцияны бірде шектеп, бірде қолдап отырды. Басқаша айтқанда, қоныс аударушылықтың өне бойында оған түрткі болған негізгі себептер мен үкімет саясаты өзара тығыз байланысты болды.
Еропалық Ресейдегі қатыгез саяси тәртіп шаруалар миграциясының туындауындағы ең басты тұрақты факторлардың бірі болды. Басыбайлықтың 1864 жылы жойылуына дейін орыс шаруалары өз қожайынынан құлдық жағдаймен шамалас тәуелділікте болып келді. Кіріптар шаруаға сатылғанда, не алмастырылғанда болмаса, өз деревнясы ауқымынан шығуға тыйым салынды. Еркіндік алған жағдайда ғана, онда да сиректеу, олардың жүріп-тұруына рұқсат берілді.
Крепостниктік тәртіп жойылғаннан кейін шаруалардың тағдыры сәл-пәл жеңілдеді, бірақ шаруа арнайы рұқсатсыз әлі де кете алмады, салық төлеуші ретінде, не қарыздар болса, ең соңында ер адамның әскер қатарында 25 жыл қызмет ету керектігі оны бұрынғыша кіріптарлықта ұстады. Көптеген шаруалар еркіндіктің жоқтығы мен саяси езгінің ауыртпалығына төзе алмай, шығыстағы өңірлерге қашып кетудің жолдарын іздестірді. Кейбірі ресми жолмен қоныс аударғанымен, көбісі жасырын кетті. Крепостниктік тәртіпті жою туралы жарлықтың соңын ала жүргізілген реформалар шектеуліктерді біртіндеп жеңілдеткенімен, Еуропалық Ресейдегі шаруалардың күнделікті тұрмыс-тіршілігінің қатаң саяси бақылауда болуы миграцияның маңызды себептерінің бірі болып қала берді.
Империяның батыс бөлігінен басқа өңірлерге қоныс аударушылықтың тағы бір басты себебі село тұрғындарының өте тығыз орналасуына байланысты болды. Крепостниктік тәртіптің үстемдігі жағдайында Еуропалық Ресейде жерді мемлекет, помещик, не шіркеу иеленді. Шаруалар помещиктердің жерінде жұмыс істеді, сол үшін оларға шағын жер учаскелері берілді. Өздеріне бөлінген жерді шаруалар қауымдасып пайдаланды. Патша үкіметі тарапынан берілген еркіндік шаруалар жағдайын көп жақсарта алмады, тіпті Ресей империясы бойынша шаруалар жерінің орта есеппен бестен бірі қиылып алынып қалды.
1860 жылдан 1890 жылға дейінгі кезеңде шаруа жер учаскесінің орташа көлемі
1-кесте
1-кестеде жер мәселесінің шиеленісе түскендігі бейнеленген. Мұнда көрсетілген әрбір аймақта шаруалардың жер үлгісі жартысына дейін қысқарған. Оның бірнеше себептері бар. Алғашқы кезде помещиктер жерді шаруалар қауымына сатып берді, оны қауымның әр мүшесі 49 жыл мерзім ішінде төлеуге міндеттеніп, қарызға алды. Көпшілігі борышынан құтыла алмады, кейбір іскер шаруалар, алып-сатарлар және т. б. қауымдық жерді өз меншігіне қарата бастады. Мысалы, 1905 жылы Еуропалық Ресейдің село халқының 90%-ін шаруалар құрады, бірақ олардың иелігінде бүкіл егістік жердің 51%-і ғана болды.
Қорыта айтқанда, миграцияның басты себептері Еуропалық Ресейдегі жердің жетіспеушілігі мен шаруалардың артта қалушылығы болды. Революцияға дейінгі аграрлық дағдарыстың себептерін зерттеуші И. Попов: «Шаруалар тұлақтай жерінен, ашаршылық пен әлеуметтік шиеленістен қашты», - деп жазды.
ХХ ғасырдың бас кезінен үкімет шығысқа қоныс аудару қозғалысын белсенді түрде қолдауға көшті. Миграцияны бақылауға алу мақсатында үкімет шаруалар қоныстанатын жерлерді белгілей бастады. 1895 жылы жергілікті тұрғындардың мұқтажынан асып жатқан жерлерді анықтау үшін Қазақстанға экспедиция жіберілді. Ол әрбір қазақ отбасына, табиғатына, жер-жағдайына байланысты 150 десятинадан 550 десятинаға дейін жердің керектігін есептеп шығарды. Солтүстік Қазақстанда 36 миллион десятина жер зерттеліп, оның 18 миллионы жергілікті тұрғындарға қалдырылды да, 17 миллионы болашақ келімсектерге қиылып алынды.
1895 ж. шаруалардың қоныстануына Қазақстанда белгіленген жерлер
2-кесте
Облыстар
Қоныстануға арналған жерлер (десятина)
Торғай-Орал өңірі
528
Ақмола
6514000
Семей
2307000
Жетісу
2513000
Сырдария
5
Барлығы
17114000
2-кестеде орыс шаруаларының қоныстануына бөлінген жерлер жөнінде мәліметтер берілген.
Сібір мен Қазақстандағы егіншілікке жарамды орасан мол жер қоры көптеген орыс шаруалары үшін борыштан және ашаршылықтан құтылудың бірден-бір үмітіне айналды. 1900 жылы кейбір интеллигенция өкілдері мен ықпалды үкімет мүшелері де шығысқа қоныс аудару шаруаларға жердің жетіспеуі жөніндегі мәселені шешудің ең тиімді жолы деп есептеді.
Шаруалардың шығысқа қоныс аудару жөніндегі патша үкіметінің бағдарламасы жүйесіз және қайшылықты болды. Переселендер ісі жөніндегі жауапкершілік бір департаменттен екінші департаментке жүктелді, бұл тұрақты саясат жүргізуге кедергілер туғызды. Ақыр аяғында миграция мұқтажын түсінген кезде де, үкіметтің жүргізген саясаты әрі солқылдақ, әрі прагматикалық сипатта болды. Миграция мәселесімен айналысатын алғашқы үкімет органы 1822 жылы, яғни Александр І патша басыбайлыларға Сібірге қоныс аударуға тілек білдіруге рұқсат берген кезде пайда болды. 1843 жылы қоныс аударуға тілек білдіру тәртібі бәршама жеңілдендірілді де, кейінгі отыз жыл ішінде Томск және Тобыл губернияларына 300 мыңнан астам шаруалар қоныс аударды.
Шаруалар тағдырына қатысты алғашқы жалпы заң - крепостниктік тәртіпті жою жөніндегі жарлық. Бұл құжаттың нәтижесінде бұрынғы басыбайлы шаруа барлық талаптарды орындаған жағдайда: өз қауымынан шығуға рұқсаты, шығыста оны қабылдайтын қауымның келісімі болса және қарыздарынан түгел құтылса ғана қоныс аударуға мүмкіндік алды. Кіріптарлықтан босанғаннан кейінгі уақытта шаруалар өздеріне бөлінген жер үлесі үшін қарыздар болғандықтан және бұл борышты олар өтей алмағандықтан мыңдаған адамдар астыртын қоныс аударды.
Миграция жөніндегі алғашқы заң 1881 жылы қабылданды. «Қоныс аудару жөніндегі уақытша ережелер» деп аталатын бұл заң миграцияға кедергі келтіріп келген кейбір шектеуліктерді жойды. Мысалы, келімсіктерден енді жаңа жердегі қауымның келісімі талап етілмеді. Оның үстіне миграция пункттері тізімге алынған, басқаша айтқанда, заңды мигранттарға көмек беру үшін қоныс аударушылардың жолдары бойында ұйымдастырылды.
Миграция қарқынын тездетуге ықпал жасаған үкімет құжаттарының бірі 1899 жылғы қоныс аудару жөніндегі акт болып саналады. Бұл заңда шаруалардың қоныс аударуы үшін рұқсат алу керектігі туралы талап сақталды, бірақ сонымен бірге оларға көптеген жеңілдіктер жасалды; мысалы, шығыста жер бөлініп берілді, 30 сомнан 100 сомға дейін қарыз алуға да құқылы болды. Қоныс тепкен уақыттан бастап шаруа 3 жылға дейін салық төлеуден босатылды, келесі 3 жыл ішінде салықтың жартысын ғана төледі. Табиғат жағдайына байланысты әрбір жан басына 15-тен 30 десятинаға дейін жер берілді.
1892 жылы Транссібір темір жолын салу мәселесімен айналысатын Сібір теміржол комитеті құрылды. Бұл комитетке қоныс аудару мәселелерімен шұғылдану міндеті жүктелді, осы себепті 1892-1896 жылдары комитет миграция ауқымын кеңейте түскен бірнеше маңызды шараларды іске асырды. Қазақстанға шаруалар қоныс аударатын жерлерде деревнялар тұрғызатын, құдық қазатын және жолдар салатын арнайы техниктер тобы жіберілді. Астыртын қоныс аударғандарға жер бөлу, қарыз беру жөнінде заң қабылданды.
1906-1910 жылдары жүргізілген Столыпин реформалары миграцияның дамуына ерекше маңызды күш берді. Олар бойынша шаруалар қауымындағы жерге жекеменшік ресми түрде танылды, тұйық шаруа қауымының таралуына қолдау көрсетілді, крепостниктік тәртіп жойылғаннан бері сақталып келген шаруалардың қарыздары қысқартылды. Шаруалар енді жер үлестерін біріктіріп өңдеуіне де және олардың қауымынан шығып кетуіне де құқылы болды.
Қоныстандыру саясаты туралы төңкеріске дейін кеңестік кезеңде және тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда да көлемді зерттеулер жүргізілді. Осы еңбектердің негізінде бүгінгі отандық тарих ғылымында қоныстандыру саясатының төмендегідей кезеңделуі қалыптасты.
Бірінші кезең, ХҮІІІ ғасырдың басынан - ХІХ ғасырдың 60-жылдарына дейінгі аралық. Бұл кезеңге қоныстандырудың әскери-казактік сипаты тән. Бір сөзбен айтқанда бұл кезең қазақ даласын әскери отарлауға қызмет етті.
Екінші кезең, ХІХ ғасырдың соңғы отыз жылдығы - ХХ ғасырдың басы. Бұл кезеңнің ерекшелігі қоныстандыру қозғалысының мемлекет тарапынан ұйымдастырылмаған түрде жүруі және аграрлық сипат алуы болды.
Үшінші кезеңді шартты түрде 1906-1917 жылдар деп белгілеуге болады. Немесе бұл кезең П. А. Столыпиннің аграрлық реформаларымен байланысты. Бұл кезеңде қоныстандыру қозғалысы жаппай әрі ұйымдасқан сипат алды. Соған байланысты бұл жылдары бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуымен қоныстандыру қозғалысы күрт қысқарғанына қарамастан Қазақстанға қоныстанушылардың негізгі толқыны келді. Бұл кезеңде қоныстандыру қозғалысы сауда-өнеркәсіптік сипатта жүрді. Яғни, ХХ ғасырдың басындағы Орынбор-Ташкент темір жол торабының іске қосылуы, қазақ даласының біртұтас орыс рыногіне тартылуы, өңірдегі сауда мен өнеркәсіптің дамуы біздің аймаққа жұмысшылардың, қызметкерлердің, саудагерлер мен өнеркәсіпшілердің көптеп қоныс аударуына ықпал етті. Өз кезегінде бұл үрдіс қала халқы санының жедел өсуіне әкелді. Дегенмен, қоныстандыру қозғалысының негізінен аграрлық сипат алғанына қарамастан, бірінші және екінші кезеңдер де қала халқының қалыптасуына ықпал еткендігі сөзсіз.
Батыс Қазақстан аймағындағы қала халқының қалыптасуының бір көзі бұл - казак сословиесі болды. Қазақ даласын әскери отарлау кезеңінде Қазақстан территориясында 4 казак әскерінің (Ресей империясы барлығы 11 казак әскері құрылды) құрылғандығы белгілі. Олар: Орал (1591 ж. ), Орынбор (1755 ж. ), Сібір (1808 ж. ), Жетісу (1867 ж. ) казак әскерлері.
ХҮІІІ ғасырдың ортасында Төменгі-Жайық линиясын жайлаған Жайық казактары Жайық өзені бойында негізінен 5 қалада: Гурьев, Кулагин, Калмыков, Жайық, Елек және 19 форпоста таралды. Бұл бекіністерде 1748 жылы 1016 казак әскери қызмет атқарды.
Жалпы, ауылдық жерлердегі казактар саны ХІХ ғасыр бойы үнемі өсу үстінде болды. Әсіресе, поселкелер мен станцияларда тұрған казактар ХІХ ғасырдың бірінші жартысынан кейін тұрақты әрі жоғарғы қарқынмен өсті. бұл үрдісті Орал казак әскері мысалында төмендегі кестеден көруге болады.
1803-1902 жж. Казактар санының динамикасы
1803-1836
1837-1846
1847-1856
1057-1866
1867-1876
1877-1886
1886-1897
1897-1902
418
1115
785
1582
1011
1398
1540
1971
1, 41
2, 57
1, 46
2, 53
1, 29
1, 58
1, 51
1, 66
Кестеден көретіндей, казактардың бұл жылдардағы жылсайынғы орташа өсімі 1867 жылға дейін ала-құла болып келгенімен, одан кейінгі жылдары тұрақты ұлғайып отырған.
ХІХ ғасырдағы Батыс Қазақстан аймағының казак әскерлерінің ұлттық құрамы да әркелкі болды. Мысалы, патша үкіметі 40-жылдары Орал казак әскері құрамына башқұрттарды, қазақтарды, қарақалпақтарды және басқа азиялық халықтарды қабылдай бастады. Бұл жылдары Орал казак әскері көпұлтты сипатын сақтады. А. Д. Рябиннің мәліметі бойынша орыстар - 86%, башқұрттар - 7%, татарлар - 5%, қалмақтар - 1, 2%, қарақалпақ және қазақтар - 0, 8 %, -ды құраған.
Казак сословиесінің сапалық құрамында да өзгерістер жүрді. Олардың ең бастысы казактар санының қалаларда қысқарып, керісінше, станцияларда өсуі болды. Бұл құбылысты төмендегі кестеден көруге болады .
1836-1897 жж. Қалалар мен станциялардағы казактар (мың адам)
Қалалар мен станциялар
1836 ж.
1862 ж.
1885 ж.
1897 ж.
- Орал
- Елек
- Гурьев
- Калмыково
Барлығы қалаларда:
217
45
23
12
297
155
39
31
11
234
106
35
37
11
189
93
30
35
11
169
1. 1-бөлімнің станциялары
2. 2-бөлімнің станциялары
3. 3-бөлімнің станциялары
Барлығы станцияларда:
357
253
93
703
383
307
78
768
244
312
75
811
428
470
74
831
Кестеде көрсетілген мәліметтер казактар санының қала халқы арасында тұрақты қысқарып тұрғындығын және олардың ауылдық мекендерге - станциялар мен поселкелерге өткендігін көрсетеді. Негізгі себептері: казактар қызметінің өзгеруі, бұратаналардың келуінің күшеюі, өнеркәсіп пен сауданың дамуы, қалалардың станциялардан халықтың түрлі топтарының өмір сүруі үшін бірдей ашылған аймақтың әкімшілік орталығына айналуы.
Казактар санының қысқару бұл кезеңде Гурьев уезінің территориясында орналасқан 3-бөлімде де жүрді. Мұнда казактар саны 1, 24 есеге қысқарған. Оның үстіне әскер мен гарнизондарды қысқарту басталды. Казактар солтүстікке қоныс аударып, жер ісімен айналыса бастады. Казак жерлерінің көпшілік территориясының шаруашылық жағынан әлсіз пайдалануы оларға бұл жерлерді игеруді бастауға мүмкіндік берді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz