Несие жағдайы
Кіріспе 3
1 Несиенің теориялық негіздері 5
1.1 Несиенің мәні, қызметі 6
1.2 Несие формалары мен түрлері 6
1.3 Несие заңдары 9
2 Қазақстан Республикасындағы қазіргі кезендегі несие жағдайы 14
2.1 Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі 14
2.2 Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің даму тарихы 22
3 Банктердің экономикалық рөлі 24
Қорытынды 26
Қолданылған әдебиеттердің тізімі

Мазмұны
Кіріспе 3
1 Несиенің теориялық негіздері 5
1.1 Несиенің мәні, қызметі
6

Қолданылған әдебиеттердің тізімі 27
Кіріспе
Несие — нарықтық экономиканың тiрегi ретiнде экономикалық дамудың
ажырамас элементiн бiлдiредi. Оны барлық шаруашылық субъектiлерiмен қатар,
мемлекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Құнның қозғалысы — бұл несиенiң қозғалысының кiндiгiн сипапайды.
Несиелiк Қатынастардың пайда болатын экономикалық негiзiне капитал
айналымын жатқызуға болады.
Көбiне несиенi ақша ретiнде түсiнедi. Бiр жағынан қараганда бұган
негiз де бар сияқты. Себебi, қазiргi шаруашылықта қарыз көбiне ақшалай
түрде берiлуде. Бiрақ бұл жерде ақша мен несиенiң әр түрлi ұғымды бiлдiрiп,
әр түрлi қатынастарды түсiндiретiнін естен шығаруға болмайды.
Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бiр санайтындар да аз
емес, несие — бұл ақшалай қаражаттың екi жақты қозғалысын, яғни қаражаттың
уақытша берiлуiн және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы — сол
қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейдi, яғни қаржы: дотация, субвенция,
субсидия түрiнде берiлсе, олар кайтарымсыз сипатқа ие.
Несие — бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға
(қарызға) берiлетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие — бұл
банктiң қаражатын құрайтын көзi ретiнде барлық несиелiк қатынастарды
ұйымдастырудың әр түрлi формаларының болуын және сондай-ақ олардың
жұмсалымдарының формасын бiлдiретiн кең ұғымды сипаттайды. Ссуда — бұл
ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелiк қатынастарды
ұйымдастырудың бiр ғана формасын бiлдiредi.
Қарыз берушi — қарызды беретiн несиелiк қатынасының бір жағы. Қарыз
берушi — бұл уақытша пайдалануға қарыз берушi субъектiлер болып табылады.
Қарыз берушiлерге: банктер, банктiк емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық
субъектiлерi және халық жатады.
Қарыз алушы — бұл несиенi алушы және оны қайтаруга міндеттi,
несиелiк қатынастың екiнші жағы. Борышқор және қарыз алушы бiр-бiрiмен
жақын сөздер болғанымен де, олардың түсiнiктерi әр түрлі. Мысалға,
кәсiпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т.б.
байланысты төлемдерi кешігуi мүмкiн, бiрақ бұл жерде ешқандай да несиелiк
қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономи калық қатынасты емес,
сондай-ақ ада адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш — бұл өте
ауқымды ұгым. Ал қарыз алушы — бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар
тұлга.
Қарыз берушi және қарыз алушымен қатар несиенiң құрылымының
элементiне берiлетiн объекті де жатады. Беру объектiсi — бұл құнның ерекше
бөлiгi, яғни қарызға берiлген құнды бiлдiреді.
Несие — ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып абылады.
Кредит деген сөз, қарызға, несие деген kredo- сенемiн деген магына
беретiн латынша kreditum деген сөзден шығады. Ол экономикалық дәреже
ретiнде әр турлi экономикалық қоғамдарда қызмет етедi. Ол тауар өндiрiсiнiң
пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей
қоғамдарда көрiнедi. Несие қатынастарын ақша қатынастары сияқты үнемi даму
үстiнде болады. Алғашқы несие табиғи түрде қоғамның дәулеттi топтарынан
мүлiксiз шаруалар мен кәсiпкерлерге тұтыну муктаждығы мен қарыздарды өтеу
үшін ұсынылған. Тауар-ақша қатынастарының дамымен несие ақша түрiнде
көштi.
Құндық қатынасты ерекше формасы сияқты несиенiң пайда болуы
шаруашылық жүргiзуi бiр субъектiден босаған құн шаруашытлық мәмiледе
қолданысқа түсетiн, бiрақ бiр уақыттарда жаңа қайта өндiру цикiліне ене
алмайтын кезде ғана жүзеге асады. Несиеге байланысты бұл құн қосымша
қаражатқа уақытша қажеттiлiгi туып отырган басқа субъектiге өтедi және
қайта өндiру процесiніц шеңберiнде қызметiн жалгастыра береді. Бiрақ,
несиелiк қатынастардың пайда болуың экономикалық байланысқа түсуге дайын
меншiк иелерi сияқты бiр-бiрiне қарсы тұралатын тауар иеленушiлер
арасындагы айырбас ауқымынан iздеген жөн. Тауарларды Қолдан-қолға өткiзу
сияқты тауар айырбастау және қызмет көрсетумен ауысу несиелiк қатынастардан
туындаған экономикалық жемiс.
Несиелiк қатынастар пайда болатын және дамығын нақты экономикалық
негiзде қаражат айналымы мен ауыспалы айналым, яғни несиелiк қатынастың
материалдық негiзi боп құн козғалысы саналатын болады.
Қарызға алуына несиенi кедей болғаны үшiн алмайды, ол өзнiң меншiктi
қорларының ауыспалы айналым мен капитал айналымының объективтi күшне толық
шамада жетпей тұрғандықтан өз iсiн алға бастыру үшiн алады.
Несие объективтi қажеттiлiктен туындаған және ол когамдық өндіріс
процесiнде маңызды рөл атқарады. Несие ақшалай капиталдық қарызга
трансформациясын қамтамасыз етедi және несие берушiлер мен қарызга
алушылардың арасындагы қарым-қатынасты бiлдіредi.
Оның көмегімен мемлекеттiң, халыктың, ұйымдардың және
кәсiпорындардың табыстары мен бос (еркiн) ақшалай қаражаттары жинақталып,
уақытша пайдаланудың төлемiне аударылатын несие капиталына айналады.
1 Несиенің теориялық негіздері
1.1 Несиенің мәні, қызметі
Несиенiң мәнiн анықтаған кезде бiрқатар әдiстемелiк принциптердi
ұстану керек, несиелердiң барша түрi формалардан тәуелсiз оның мәнiн
көрсетуi керек:
- несие мәмiлесi тұтасымен алғанда несиенiң мәнiн ашуы керек. Егер
бiр мәмiледе несие қайтарылмаса, онда өзiнiң қайтарылатын қасиетiн
жоғалтатыны бiлдiреді.
- несиенiң мәнiн талдауда несиенің құрылымын, қозғалыс сатыларын,
несиенiң негiзiн қарастырған жөн.
Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйiт - құрылым. Өзге
экономикалық категориялар сияқты несие де бір-бiрiмен өзара әрекетке
тусетiн бiрнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелiк
қатынастың барлық субьектілері, сондай-ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл
субьектілерге несие берушi мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және
бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бiрге қарасты жағдайда ғана несиенiң
мәнiн анықтауға болады.
Несие берушi — несиелiк мәмiленiң қарыз ұсынатын жағы. Мұны iске
асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгiлi бiр қоры болуы керек. Ол ақша
өзiнiкi болуы немесе басқа бiреуден қарызға алған болуы да мумкiн.
Қазiргi уақытта қарызга ақша ұсынатын негiзгi несие беруші - банк
болып табылады.Ол кәсiпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтың
уақыша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарызга алушыға уақытша
пайдалану үшін несие түрiнде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиенi тек
қарызга алушы ғана емес, сондай-ақ соңғысы да меншік иесiне тартылған
ресурстарды қайтаруға мiндеттi. Бұл арада банк бiр жагдайга несие берушi
болса, екiншi жағдайда— қарыз алушы болып көрiнедi.
Қарызга алушы — несиелiк қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды
қайтаруға міндеттi жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы
туғандар карызға ақша алушылар болып табылады. Қазiргi заман талабына сай
қарызга алушылар — кәсiпорындар, кәсiпкерлер, халық, мемлекеттер мен
банктер болуы мумкiн. Алайда, қарызга алушы карызға алынган қаражаттың
меншiк иесi болып табылмайды, өндiрiс саласында, айналымда оны ол өз
қалауымен қолданады. Бұл жагдайда ол алынган ақшадан гөрi, яғни
шаруашылықта ауыспалы айналым қоры таусылғаннан кейiн оны iске асырып,
пайдаланганы ушiн өтемақы төлеп, қарызды артық көлемде төлейдi.
Несиелiк мәмiледе қарызга алушы несие берушiге тәуелдi, оған несие
берушi өз талаптарын қояды. Алайда, карызга алушы мен несие берушi несие
қатынастарының толық құқықты жақтары болып табылады. Олар міндеттi турде
қатысуы керек және бұл жагдайда олар орындарын ауыстыруы мумкiн. Несие
берушi —қарызгер болуы мумкiн. Несие берушi мен қарызга алушы өзара іс
әрекеттерiнде қарама-қайшылықтың бiрлiгi сипатын көрсетедi. Несиелiк
мәмiленiң қатысушылары ретiнде олар оны қарама-қарсы жақтарында тұрады.
Олардың мүдделерi де бөлек, несие берушi неғурлым жоғары пайыздық несие
бергiсi келеді, қарыз алушыға мүмкiндiгiнше арзан несие алып, қосымша
қаржылар табу муддесi болады.
Несиенiң экономикадағы орны мен рөлi, оның атқаратын қызметтерiмен
сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретiнде мынадай
қызметтердi атқарады:
- қайта бөлу;
- айналыс шығындарын үнемдеу;
- айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
- капиталдың шоғырлануын жеделдету;
- ғылымы-техникалық прогрестi желелдету.
Несиенiң қайта бөлу қызметi кез келген елдiң ұлттың экономикасының
толық қанды жұмыс жасауына өз үлесi несиенiң бұл қызметiнiң көмегiмен
экономикалық жүйенiң бiр саласынан екiншi бiр саласына капитал ағымы
болады. Несиенiң айналыс шығындарын үнемдеу қызметiнің iс жүзіне асуы
несиенiң экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашлық субъектiлерiндегi
ақшалай қаражаттардың түсүсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын
алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарга деген қажеттiлiктi
туындатады. Ал келесі, қызметi, яғни несиенiң айналыстағы нақты
ақшалардың орнын уақытша алмастыруы. Қазiргi несиелік шаруашылықты мұндай
орнын алмастыруга толық мумкiндiк бар.
Капиталдық шоғыалану процесi қызметi экономиканың турақты дамуына
жағдай жасау үшiн маңызды болып табылады. Мұндай мiндеттердi шешуде
несиенiң бұл қызметi өндiрiстiң ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуга
мумкiндiк бередi.
1.2 Несие формалары, түрлері және заңдары
Несие формасы — бұл несие қатынасының сырттай нақты көрініс табуы.
Ол несие қатынасының мәнi мен ұйымдастырылуын синтездейдi Несие қатынасының
формасы мен мазмұны ажырағысыз әрі диалектикалық жағнан бiртұтас болады.
Несие қатынасының формасы оның мазмұны мен дамуына сәйкесуi керек.
Таңдап алынған жiктеу өлшемiне қарай несиенiң мынадай ең маңызды
формаларын бөлiп көрсетуге болады (9.1. сурет)
- қызмет ету саласына қарай — ұлттық және халықаралық несие;
- несие мәмілесінің объектiсiне қарай — ақшалай және тауарлық
несие;
- несие қатынасының субъектiсiне қарай — банктiк, коммерциялық,
халыкаралық тұтынушылық несиелер.
Жорғарыда қарастырылган несие формаларының көптеген түрлерi болады.
Несие түрлерi — бұл оның несиелердi жiктеу үшiн пайдаланатын, экономикалық-
ұйымдастырушылық белгілерi бойыша ең детальданған сипаттамасы, ягни,
несиенiң iс-тәжiрибедегі нақты қосымшасы.
а) Қазақстанда несие турлерi былайша жiктеледi: несиелеу объектiнiң
экономикалық белгiлерi бойынша:
— айналым қаражатын қалыптастыруга берiлетiн несие;
— негiзi құрал-жабдықты калыптастыруга берiлетi несие;
— ТМҚ аясында шұгыл қажеттiлiкке, сондай-ақ, нормативтен тыс
қорлардың аясында уақытша қажеттлiкке берiлетiн несие;
— өндiрiстiң маусымдық шыгыны аясында берiлетiн несие;
— жол үстiндегi (жолдагы) есеп айырысу құжаттары аясында берiлетн
несие, аккредитивтер;
— төлем несиелерi.
ә) қамтамасыз етiлуi бойынша:
— жылжымалы және жылжымайтын мулікпен, ТМК-пен, кепілдiлiкпен,
сактандыру келiсiмшарттымен толық қамтамсыз етiлген;
— iшiнара қамтамасыз етiлген;
— қамтамасыз етiлуi болмайтын банкiлiк (сенiмдiлiк).
б) қайтарылу мерзiмi бойынша:
— қысқа мерзiмдi;
— орта мерзiмдi;
— ұзақ мерзiмдi.
в) өтелу тәртiбi бойынша:
— бөлiп-бөліп төлеу (мерзiмін ұзарту);
— бір жолғы өтеу;
кезең сайын (бір қалыпты емес) өтеу.
г) Тәуекелдi деңгейi бойынша:
— субстандартты;
— стандартты
— күмәндi;
— сенiмдi;
— сенiмсiз;
— ұзартпалы.
ғ) арқылылығы бойынша:
— қалыпты пайыздық мөлшерлемесi;
жоғары пайыздың мөлшерлемесi;
төмен пайыздың мөлшерлемесi;
— пайызсыз.
д) салалық бағыты бойынша:
— сауда-саттық несиесi;
— өнеркәсiп несиесi;
— ауылшаруашылық несиесi;
—құрылыс несиесі;
ж) ашылатын шот турлерi бойынша:
— жай ссудалық шот бойынша несие;
— арнайы ссуда шоты бойынша несие;
— контокорренттiк шот бойынша несие;
— овердрафт бойынша несие;
— несие желiсi бойынша несие.
Несиенiң айрықша түрiне жылдам сатылатын мулiкпен немесе құқықпен
қамтамасыз етiлген, қысқа мерзім ссуда мөлшерi бойынша тiркелетiн
ломбардтық несие жатады.
Ломбардтық несиенi негiзгi әр алуан турлерiне кұнды қағаз
кепiлдiгiмен, тауар кепiлiдiгiмен, талап кепiлдiгiмен берiлетін несиелер
жатады. Қарыз алушы ломбардтық несиен өз қалауынша шектеусiз пайдалана
алады.
Жаңартпалы несие (ағл. Revolve- айналыста болу, кезең сайын
ауыстырып отыру) - ссуда капиталының ұлттық және әлемдiк нарықтарында
жаңгыртпалы несие. Ол белгiленген берешек лимитi шегiнде және өтеу мерзiмi
шегінде несие келiсiмiне қатысушы елдер арасында қосымша келiсімөзсiз
автоматты түрде берiледi.
Несие желiсi қарыз алушының алдындагы несие уйымының оған несие
келiсiмшартының белгiленген әрекет етуі кезеңi iшіндебелгілі бір мақсатқа
және келісілген мөлшерде несиені беру жөніндегі заң тұрғысынан рәсімделген
міндеттемесі. Несие желісінің ашылуы несие беруші мен қарыз алушының ұзақ
уақытқа созылатын тығыз ынтымақтастығын білдіреді.
Несие заңдарын бiлу және соның негiзiнде тиiмдi несие механизмiн
ретке келтiру өндiрiс қорларының айналыстары мен айналымдарының бiркелкi
еместiгiне байланысты бос тұрған қаржыларды орынды пайдалануға мумкiндiк
бередi.
Несие заңдарына ең алдымен Несие заңының пайда болуы жатады. Ол
несие қатынастарының пайда болуы мен қарыз беру қорының құрылу қатынастарын
бiлдiредi.
Несиенiң пайда болу заңының экономикадағы тауар-ақша қатынастарының
жұмыс iстеуi жағдайында ғана әрекеттiк күшi бар. Нақты несие қатынастары
шаруашылық байланыстары баламалық және тепе-теңдiк қатынастарға негiзделген
экономика салаларында ғана туындайды.
Егер шаруашылық субъектiсiнiң өзi атқарып отырған жұмысының нәтижесi
үшiн нақты материалдық жауапкершiлiгi болмаса, несиелiк қатынастардың дұрыс
жұмыс iстеуiнiң, несиенiң қайтарылып келетiндiгiнiң кепiлдiгi болмайды.
Несиенiң пайда болу Заңының бұзылуы экономикадғы қарама-қайшылыққа және
инфляцияға әкеп соқтырады.
Несие заңдарының басқа да экономикалық заңдар сияқты жалпыламалық,
объективтiк, қажеттiлiк, өте маңыздылық, нақтылық сипаты бар.
Несие заңдарының өзiнiң қозғалыс заңдары іспеттес көрiнiсi бар.
Жоғарыда анықтағанымыздан, несиелік қатынастар тартылған құндылықтар несие
берушiден қарыз алушыға өтiп, қайта қайтқанда пайда болады, яғни несие
тұрақты түрде қозғалыс үстiнде болады. Егер ол бiр буында тоқтап тұрып
қалса, өзiнiң мәмiн жоғалтып, несие болудан қалады, Сондықтан несиенiң
қозғалысы объективтi, қажеттi, маңызды, жалпыламалы, нақты дуние. Яғни,
несиенiң қоғалысы оның аса маңызды сипаты, өмiр суруiнiң заңы.
Несие заңына тән Заң - оның қайта айналып құйылу заңы. Несиенi басқа
экономикалық құндылық категорияларынан бөлектеп тұратын белгiсi мен
ерекшелiгi — қайта айналып кұйылушылығы. Егер тарылған құндылық бастапқы
субъект несие берушiге қайта айналып келмейтiн болса, онда өзiнiң мәнiн
жоғалтып, жеке экономикалық категория ретiндегi несие боп аталудан қалады.
Тарылған құчдылық өзi шыққан пунктке қайта оралып келу ушін белгiлi
бiр жумыс iстейдi, яғни ұдайы өндiрiс процесiне қатынасады, пайызын өсiру
ушiн уақытша пайдалануға берiлген бастапқы мөлшерiн қайта қайтаруға
(қаржыларды босатады) өзiндiк мүмкiндiктер жасайды. Бұл процесте:
объективтiлiк, қажетттілiк, жалпыламалық және т.б. экономикалық талаптардың
барлық белгiлерi бар. Осы аталған Заңмен тікелей байланысты несие заңы —
тарылған құндылық заңы. Тарылған құндылық несие берушiден оны алуға
дейiнгi жолда өзiнiң тұтынушылық ерекшеліктерін (өндiрiс құралдарына
қарағанда), сондай-ақ құндылығын жоғалтпайды да, өзінің айналымдарына
бастапқы тепе-теңдік түрiн сақтап, жаңа айналымға түсуге дайын екендiгiмен
бастапқы пункке (несие берушіге) қайта оралады. Және бұл ретте өзiнiц
бастапөы сапасын, әрi жоғары мумкiндiктерiн жоғалтпайды.
Несиенiң қарастырылған заңдары мен олардың ерекшелiктерiн танып
бiлудiң тәжiрибелiк маңызы бар. Олардың бұзылуы: ақша айналысын
тұрақсыздандыру, экономикадағы ақша массасының ұлғаюы сияқты аса күрделi
экономикалық қиындықтарға ұшыратады. Ұлттық валютаның сатып алушылық
құндылығын кемiтедi, инфляпияға келіп соқтырады және т.б.
1.3 Шетелдік тәжербиесі
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін дамыған мемлекеттердің қоғам
құрылысындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, халық табысының өсуі,
тұрғын үй құрылысының өсуі ипотекалық несиелеу мен құнды ипотекалық қағаз
нарығының дамуына түрткі болды.
Тұрғын үйді қаржыландыру механизмінің аса маңызды және болашағы бар
бағыты болып мемлекеттегі халықты ұзақ мерзімді ипотекалық несиелеу табылуы
тиіс.
Сонымен бірге келесіні атаған жөн, ипотекалық несиелеу жүйесінің дамуын
іске асыруға екі үлгі беріліп отыр:
еуропалық
американдық
Еуропалық үлгі ипотекалық несиелермен айналысатын банктерге көмек
көрсетуді қарастырады. Мұндай көмек көрсету құралы болып салық салу
жеңілдіктері, несиелеу жеңілдіктері және тағы басқа табылады. Негізгі
институттар ретінде жоғары капиталдандырылған мемлекеттік емес ұйымдар
қызмет атқарады.
Американдық үлгі ипотекалық несиелеу кепіліне ұйымдастырушылардың
ипотекалық несие облигацияларды шығаруды қамтамасыз етуші институттардың
мемлекеттің қатысуымен қалыптасуын қарастырады. Америкадағы ипотекалық
облигациялар нарығы көлемі бойынша мемлекеттік облигациялардың кейбіреуіне
ғана жол береді де, құнды қағаздардың барлық (жалпы) көлемінің 13 бөлігін
құрайды. Сонымен қатар, АҚШ-та бұл сектор дамушылар қатарына жатады. Соңғы
25 жыл ішінде оның үлесі екі есе көбейді, 1975 жылы ипотекалық облигациялар
үлесі 16%-ті ғана құраған.
Ресейдегі ипотекалық несиелеу тәжірибесінің тарихы бар. 18-ғасырдың
екінші жартысынан бастап қазыналық дворян банктері пайда бола бастайды.
Олар қызмет сипаты бойынша ипотекалық несие мекемелеріне жатады. Жалпы
алғанда, революцияға дейінгі Ресейдің ипотекалық несие жүйесінде басты
орында келесілер болды: екі қазыналық ипотекалық банктер – дворяндық жер
банкі және шаруашылық жер банкі (жылжымайтын мүлік кепіліне сауданың 23
бөлігінен астам) , қалалық және губерниялық несиелік қоғамдар, дворяндық
мемлекеттік емес банктер және акционерлік жер банктері. Айта кететін
жағдай, Ресей ол кезде тұтастай аграрлық мемлекет болған.
Бұл мекемелердің (ипотекалық несиелеу мекемелері) ерекшелігі болып
келесі жағдай табылады: саудалар ақшалай емес, облигация түрінде берілетін.
Сонымен бірге ондағы іс жүзіндегі мүше жауапкершіліктерінің ұстанымдары
бойынша несие қоғамдары немістің Landschaften қоғамын еске салады.
Өзінің қызмет көрсету барысында несиелік қоғам мен жер банктері үш
тұлғаны қамтиды: қарыз міндеттемелерінің эмитенті, ипотекалық несие беру
кезіндегі алашақ (кредитор) несиені қамтамасыз етуге қарыз алушыдан
кепілақы куәләгән қабылдағанда кепіл ұстаушы.
Қажет қаражаттарды алу үшін қарыз алушы өзінің орблигацияларын екінші
қайтара нарықта сатқан. 1862 жылынан бастап Санкт-Петербургтік қалалық
несие қоғамдастығының өтініші бойынша Қаржы министрлігі мемлекеттік банкке
осы облигациялар кепілінің астына олардың биржалық бағасының 80%-ң
көлемінде ссуда беруге рұқсат берді.
Уақыт өте аталған ереже Мәскеулік несие қоғамдастығының ипотекалық
несиелеріне де кең таралды. Бұл мекемелердің несие саясаты жеткілікті түрде
консервативті болып, олардың тұрақтылығын қамтамасыз еткен. Несиелер
мүліктің бағаланған құнының 50-60% түрінде берілген. Дворяндық жер банкінің
кепілақы парақтары эмиссиясының көлемі резервтік және жарғылық капитал
сомасының он еселі өлшемімен шектелген. Кейбір дворяндық жер банктерінің
облигациялары шетелде сатылып, бірнеше валюта түріндегі номиналға ие
болады.
Ресейдің нарықтық экономикаға көшуімен бірге ипотекалық несиелеу де
жаңғыра бастады. 1997-1998 жылдары Ресейде, ең алдымен, Мәскеуде құнды
қағаздардың америкалық жүйесін (mortgage backed securities кепілақыға
негізделген) іске асыру бойынша шаралар қабылдана бастады.
Ипотекалық несиелеудің ірі нарығы ретінде АҚШ танылады. Ипотекалық
несие беруші мекемелер болып ссудожинақтаушы ассоциоциялар, коммерциялық
банктер мен арнайы ипотекалық компаниялар табылады. Ипотекалық несиелеуді
реттеуші арнайы заңнама жоқ, 1930-1970 жылдар аралығында ссуданың кең
таралған түрі болып бекітілген пайыз мөлшерлемесі бар және ссуданың іске
асу мерзіміндегі қарыздың негізгі сомасының амортизациясы бар ұзақ мерзімді
(30 жыл) ссуда табылады. 70-інші жылдары жоғары инфляция жағдайларында
пайыз мөлшерлемесінің қобалжуына байланысты жылжымалы пайыз мөлшерлемесі
бар ссудалар тарала бастады. Қаржыландырудың арнайы құралдары болған жоқ.
Қарыз несие мекемелеріменжалпы тәртіп бойынша тартылған қаражат
негізінде берілген.
АҚШ-та 30-жылдары ипотекалық несиелеуге мемлекеттік қолдау көрсету
жүйесі пайда болды. 1933 жылы елде Федералды тұрғын үй әкімшілігі (Federal
Housing Administration – FHA) құрылды. Ол баспана сатып алуға тіпелей несие
бере алатын,бірақ оның негізгі бағыты – несие мекемелерімен берілетін
сақтандыру болып табылады. FHA арқылы 30-40 жыл ішінде неселердің орта
мерзімін ұлғайтуға және де өтеу коэффициентін 80%-тен 95%-ке дейін көтеруге
мүмкіндік алды.
1938 жылы арнайы заң (Federal Housing Asociation Act) негізінде
федералдық ипотекалық ассоциация құрылды (Federal Homeloan Mertgage
Asociation – Fannie Mae). Оның басты міндеті болып алғашқы ипотекалық ссуда
берушілерден кепілақыларды сатып алу жолымен ипотекалық несиелеу нарығының
тұрақтылығын қамтамасыз ету табылған. Яғни кері қаржыландыру мен ипотекалық
несиелердің екінші қайтара нарығын құру.
1968 жылы Конгресс Фанни Мэйдің қайта құруын жүргізді. Одан мемлекеттік
ұлттық ипотекалық ассоциация бөлініп шықты да (Government Net Mertgage
Asociation – Ginni Mae), Фанни Мэй жеке корпорация болып қала берді. Бұған
қарамастан, Фанни Мэй 1938 жылдың заңының негізінде қызмет атқарып жүрді.
Фанни Мэй акциялары Нью-Йорк қаржы биржасында листингке ие. Корпорация
басшылығының 18 мүшесінің 13-і акционерлермен сайланып, 5-ін АҚШ
Президенті тағайындайды.
Өзінің жарғысына сәйкес корпорация тек тұрғын үй ипотекаларын ғана ала
алады. Өзінің пассивтерін ол жеке құнды қағаздарын шығару арқылы және
оларды ішкі мен сыртқы нарықтарға орналастыру арқылы құрады. Қазіргі кезде
Фанни Мэй ірі инвесторға айналды. Оған АҚШ-ң кепілақыларының ¼ бөлігі
жатады.
Ұқсас қызметті мемлекеттік корпоррация (Ипотекалық несиелеудің
федералды корпорациясы Фредди Мак ) атқарады. Ол 1970 жылы Конгресспен
құрылған болатын.
1970 жылы Мемлекеттік ұлттық ипотекалық ассоциациялардың құнды
қағаздарын шығару құнды қағаздар нарығының қалыптасуына себепкер болды.
1981 жылы Фанни Мэйдің артынша Фредди Мактің ұқсас құралдары қалыптасты.
1977 жылы " Банкоф Америка" бұл құралдарды шығарған алғаш мекеме болып
табылды. Фанни Мэй мен Фредди Мактің құнды қағаздары АҚШ үкіметі кепіліне
ие емес. Алайда, олардың қызмет көрсету ұстанымдарын және мәртебесін еске
ала отырып, олардың құнды қағаздары өздерінің инвестициялық сапасы бойынша
мемлекетіктерден кем емес деуге болады.
Бұл ұйымдардың құнды қағаздарына мемлекеттік бюджет ақшалары
инвестициялануы мүмкін.
Ипотекалық ссуда берушілер олармен келісімге келер алдында мұқият
тексеруден өтеді. Ұйым ипотекалық несиелеу сапасына қатаң талаптар қояды.
FHA-мен сақтандырылған несиелер қабылданады. Басқа несиелер мүлік құнының
75%-н құрайтын сақтандыруды талап етеді. Фанни Мэй қаржыландыруға алатын
ссуданың ең кіші көлемі белгіленбеген, ең үлкен көлемі – бір отбасылы үйге
200 мың доллардан асады.
Фанни Мэй әр ипотека жауап беретін критерийлерді жасап шығарды, сонымен
бірге қарыз алушының табысы мен ипотека бойынша төлемдердің қатынасы.
Бірінші жағдайда Фанни Мэйдің бес жергілікті бөлімшелерінің біріне
кепілақы, ипотекалық келісім-шарт туралы құжат, қарызды өтеу кестесі және
тағы басқа құжаттар тапсырылады.
Екінші жағдайда бланктік индоссаменті бар кепілақы және кастодиалдық
келісім-шартты қамтушы құжаттар жиынтығы депозитерийге беріледі, әдетте
оның қызметін сенімділіктің белгіленген талаптарына жауап беруші қаржы
мекемелері атқарады. Барлық құжаттарды тексеріп, кастодиан кепілақыларды
өзіне қалдырады да, кастодиалдық келісім-шарт пен өтеу кестесін тексеру
туралы белгісімен қайтарып береді.
Құжаттарды беру қағаздар түрінде, магниттік тасығыштар түрінде немесе
желі арқылы электронды түрде өтеді.
Америкалық үлгінің ұстанымы келесіден тұрады: тұлға жыл сайынғы табыс
деңгейімен дайын үйді сатып алған кезде ақшалай оның біраз бөлігін ғана
төлейді, ал қалғаны ипотекалық банктің қарыз ақшасымен төленеді. Бұл
несиенің өтелуі қарыз алушының табысына сәйкес және ипотека түріне
байланысты 15 немесе 30 жыл аралығында жүргізіледі.
Ипотекалық банктер, компаниялар салымдарды таза түрде тартпайды, алғы
операциялар жеке капитал есебінен және жедел қарыз есебінен жүргізіледі.
Олар несие беріп, оларға қызмет көрсетеді. Артынша компания мүлік кепілақы
портфелін ірі қаржы корпорацияларына сатады. Бұл корпорациялар құнды
қағаздарды екіншіт қайтара нарықта ірі салымшыларға (зейнетақы қорлары,
кәсіби кеңестер, сақтандыру компаниялары) ұсақ салымшыларға (жеке
тұлғаларға) сатады.
Кепілақы портфелін сатудан келіп түскен ақшаны ипотекалық банктер
айналымға жібереді де, жаңа қарыз береді. Олардың табысы несие беру
жиналымдары мен оларға қызмет көрсету төлемдерінен қалыптасады. Ипотекалық
банктер, компаниялар несиелерін сатқанымен, олар несиеге қызмет көрсету
жауапкершілігін сақтап қалады. Тұрғын үй қаржыландыруын ұйымдастыру
үлгісінің дамуы берілген ипотекалық кепілақыларды қамтушы нарықтың бар
болуын қарастырады. Ұзақ мерзімді қаржы қауіптерінің жетпеу мәселесін шешу
кезінде тиімді амал беруіне байланысты ипотекалық эмиссиялық компаниялардың
америкалық үлгісі көптеген банктерді тартады.
80-жылдары аса тез қарқынмен коммерциялық ипотекалық нарық өсе бастады.
Ұқсас құралдарды енгізуге амал жасаған мемлекеттердің ішінен Ұлыбритания,
Канада, Австралия, Жапония мемлекеттерін бөліп алуға болады. Бірақ бұл
нарық тек Ұлыбританияда қолдау тапты.
Алғашқы эмиссия 1987 жылы 50 миллион фунд стерлингке National Home Loan
PLC компаниясымен жасалды. Жедел қарқынды дамудан кейін 80-жылдардың
басында дағдарыс кезеңінде британдық нарықта эмиссия тоқтатылып, артынан
жағдайы түзетілді. 1996 жылдың аяңында аталған құралдар бойынша қарыздың
көлемі 10миллиард фунд стерлингті құраған. Америкаға қарағанда Британияда
бұл нарықтың дамуына мемлекет тарапынан қолдау көрсетілмеген.
Көп жылдар бойы ипотекалық тұрғын үйді несиелеу саласында Англияда
арнайы несие мекемелері – құрылыс қоғамдастықтары басым болған. 80-
жылдардың орртасында ол нарықтың 23 бөлігін құраған. Ал ¼ бөлігі банктерге
қараған. Шығарудың жалпы жазбасы келесідей: МБС ұйымдастырушысы, әдетте
олардың қызметін банк, құрылыс қоғамдастығы, сақтандыру компаниясы,
ипотекалық компания атқарады, кепілақы пулдарын құрайды.
Артынан пул заңды түрде тәуелсіз арнайы SVP компаниясына сатылады.
Сатылғаннан кейін бұл ссудалар ұйымдастырушылардың есебіне жатқызылмайды.
Еуропада ипотекаға негізделген облигациялардың ірі нарығы болып
Германия нарығы табылады. Көп жағдайда ол өзіндік эталон, үлгі ретінде
танылған. Шығыс еуропа мемлекеттерінде (Венгрия, Польша,Чехия, Словакия)
ипотекалық облигациялар туралы заңнамалар осы германиялық нормативтік
актілерге негізделген. Сонымен қатар германиялық жүйені таза ұлттық деп
айтуға болмайды, негізінде бұл еуропалық континенталдық жүйе болып
табылады. Бұл реттегі облигациялар пфандбриф (Pfandbriefe) деп аталады.
Пфандбриф ең алғашқыда кепілақы құжатын құраған болатын. Пфандбрифтер
облигациялар қызметін атқарады. Олар немістің ипотекалық банктерімен
жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларды қаржыландыру үшін шығарылады.
Ішінара олар ипотекалық (Hypothec Pfandbriefe) және ортақ (Offenliche
Pfandbriefe) деп екіге бөлінеді. Бұл нарық дүниежүзі бойынша алтыншы орында
тұр. Сонымен бірге құрылыс жинақтау жүйесінің алатын орнын да атап өткен
жөн. Бұл жүйенің ерекшелігі тұтастығында, несие беру көзі ретінде құрылыс
жинақтау келісім-шарт бойынша салымшылар салған қаражат танылады. Осы
жүйені пайдаланушы банктер несиені нарықтан төмен жағдайларда да бере
алады.
Немістің бұл жүйесінің мынадай артықшылықтарын атауға болады:
қаржыландыру капитал нарығына тәуелді емес;
ссуда бойынша пайыз мөлшерлемесі алғашында бекітіледі де, төмен болады;
ссуда берушінің төлем мөлшері алғашында тағайындалады;
басқаларға қарағанда, пайыз мөлшерлемесі жоғары болған жағдайдың
өзінде төлем көлемі төлеушілерге ауыртпалық жүктемейді;
жинақ кассаларымен уақытылы төлемдердің іске асырылуы тұрғын үй
секторының дамуына әкеледі.
Америкалық және неміс үлгілерінің ұқсастығы келесіден табылады. Олардың
екеуі де банктік санатқа жатқызылады. Олар құрылысты инвестициялау
үрдісімен тікелей ұйымдастырушылық байланысқа ие емес. Сонымен қатар
несиелерді мүлік кепіліне рәсімдеу,оларға қызмет көрсету мен өтеуден
олардың ортақ жақтары табылады.
2 Қазақстан Республикасындағы қазіргі кезендегі несие жағдайы
2.1 Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі
Несие жүйесi — жалпы банктердiң (ұлттық және коммерциялық) және банктiк
операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктiк емес мекемелердiң
жиытығы.
Несие жуйесi ұғымы банк жүйесiне қарағанда кеңiрек, яғни мұнда өзге
де несиелiк мекемелер қамтылады. Әр елдiң өзiндiк ерекшелiгiне қарай несие
немесе банк жүйесiнiң құрылымы қалыптасады. ҚР-дағы несиелiк жүйе екi
буыннан тұрады: бiрiншiсi — банктiк жүйе, ал екiншiсi — парабанктiк жүйе
(банктiк емес мекемелер).
Банктердiң саны жыглдан жылға азаюда. 90-шы жылдардың басында
олардың саны 200-ден асты, сөйтiп банк жуйесiн реформалау натижесiнде
олардың саны 35-ке дейiн (06.2003 ж.) қысқарды. Жалпы банктер қатарында
мемлекеттiк банктер (мемлекеттiң 100% қатысуымен құрылған) саны — 2.
Қазақстанның банктiк секторында шетел капиталының қатысуы кеңейе түсуде,
олардың саны — 16, яғни жалпы банктер санының жартысына жуығын алады. Ал
банктiк емес мекемелер санының керiсiнше, өсiп келе жатқандығын байқаймыз.
Несиенiң рөлiн несиелік қатынастардың жұмыс iстеуiне әкелiп
соқтыратын нәтижесiмен анықтауға болады. Несие өзiнiң қызметi арқылы ұдайы
өндiрiс процесiне әсер етедi. Жоғарыда аталып өткендей, несиенiң өз қызмет
саласы бар, ол қозғалыстың барлық құндылықтарымен емес, шаруашылық
айналымда пайдаланылмай тұраған, қайта айналып құйылудың бастапқы кезiнде
қайта бөлiну мүмкiн бөлгiмен ғана байланысты. Несиенiң көмегiмен шешiлетiн
мiндеттер қогамдық дамудың әр түрлi кезеңдерiнде өзгерiп отыруы мүмкiн.
Жаңа өндiрiс ашумен оларды кеңейту iсiнде де несиенiң атқаратын рөлі
зор. Несиенiң көмегiмен айтарлықтай қаржы ресурстарын шоғырландыру мен
орталықтандыру жаңа өндiрiстердiң iрi жобаларын iске асыруга, жаңа
техникалық ендiруге, жоғары қосымша құны бар өнімдердi өндiрудi қайта
жарақтауга байланысты салынатын мол салымдарды жүзеге асыруға мүмкiндiк
бередi.
Қазақстанда экокомиканың шикiзаттық бағытынан арылып, жоғары дамыған
өңдеу секторын құру мақсатын көздейтiн КР-ның 2003—2015 жылдарға арналган
индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы жүзеге асуда. Бұл ретте өзiнiң
несиелiк қаржыларын осы багдарламаны жүзеге асыруга багыттайтын несие
жүйесiне үлкен умiттер артылуда. Несиенi капиталдық салымдар есебiнде
пайдаланудың бюджеттiк қайта айналмалы қаржыландырумен айтарлықтай маңызды
артықшылықтары бар. Ол капиталдық шығынның тиiмдiлiгiн осы шаралардың
пайда есебiнен қарызды өтеудiң мүмкiндiктерiн анықтаумен әрi несие
шараларының өтелу мерзiмi шегiнде қарызды өтеудiң мерзiмiн белгiлеуменi
жүйелi бақылауга мүмкiндiк бередi.
Несиенiң ақша айналымы саласында да алатын орны айрықша. Ол ақша
айналымының үнемделуiнен көрiнедi. Несие өзiнiң қызметi — айналысының
құралын құруға байланысты:
бiрiншiден, ақша белгiлерiн дайындау, шығару, есеп жүргiзу мен
сақтаушыгындарын қысқартады;
екiншiден, несие бос ақша қаржыларын сан рет пайдалана отырып, қолма-қол
ақшасыз есептесулердi қысқартып, айналым шығындарын азайтады;
үшiншiден, айналымның шыгындары маусымдық қажеттiлiктерді қосымша
қаржылар есебiнен көбейткенде қорлардың кемуіне байланысты қысқарады.
Экономиканың төмендеп, инфляцияның өрлеген кезiнде мемлекет пайыздық
ұтысты көтеру арқылы айналымдағы ақша көлемiн қысу үшiн экономикадағы
несиелiк салымның көлемiн қысқартады. Ал, экономикалық өрлеу кезiнде
экоюмиканы жандандырып, әрi өсiру үшiн несие экспансиясы саясаты
қолданылады, яғни пайыздық ұтыстарды кемiту арқылы несие тасқыны көбейiп,
ақша көлемi ұлғаяды. Осылайша ақша айналымы ретке келтiрiледi. Қазақстанда
1993—1997 жылдары ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz