Бюджет құрылымы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
19651- Қаржы Мамандығы
Орындаған: Аманкулов Айдын
АЛМАТЫ 2021
Тақырып: Мемлекеттік бюджет
Мазмұңы
КІРІСПЕ
1 Мемлекеттік бюджеттің əлеуметтік-экономикалық мəні жəне рөлі
2. Бюджет жүйесі жəне оны құрудың қағидаттары
3. Бюджетаралық қатынастар жəне бюджеттік реттеу механизмі
4. Бюджет құрылымы. Бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы
5. Бюджеттік сыныптама
6. Бюджет тапшылығы жəне оның тұжырымдамалары
7. Бюджеттік үдеріс
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Егеменді Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканы қалыптастырып, оны одан әрі тереңдете дамытуда шешуші тұтқалардың бірі мемлекеттік бюджет болып табылады. Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік қарым - қатынастың ролі, орны және мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны, жұмыссыздық пен инфляцияның деңгейі, валюталық курс және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлық деңгейіне жету осы қарым - қатынастардың ахуалына тәуелді. Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы қаржы қарым - қатынасының, оның ішінде бюджеттік қарым - қатынасының даму тәжірибелерін біліп, дұрыс пайдалану қажет. Елімізде нарықтық экономика жағдайында тиімді мемлекеттік бюджет пен салық жүйесінің қалыптасуының ерекше мәні бар. Бүгінгі таңда Қазақстан өз дамуында сапалық жағынан жаңа сатыға аяқ басты. Республикамыздың әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарынан орын алуы және отыз корпоративтік көшбасыларын қалыптастыруы, экономиканың жаңаруы мен өсуінің жаңа бір бастамасы деп қарауға болады. Нарықтық экономиканың даму жолын таңдаған кез келген мемлекеттің шынайы тәуелсіздігі мен егемендігі үшін мықты әрі тұрақты қаржылық негіздің болуы міндетті. Ал, салықтар мемлекет бюджетінің кіріс бөлігінің қайнар көзі болып қана қоймай, материалдық, экономикалық және құқықтық категория ретінде қарама-қайшылығы мол, күрделі құбылыс, әрі тауар өндірісінің барысына тікелей ықпал ететін және мемлекеттің экономикалық дамуының маңызды факторы болып табылады.
1. Мемлекеттік бюджеттің əлеуметтік-экономикалық мəні жəне рөлі
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы мемлекеттік бюджет ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды.
Мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді.
Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды.
Құндық бөліністердің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады:
1) мемлекеттік жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;
2) құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған;
3) қоғамдық өнімдің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты емес құнды бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де, өндірістік емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз тоқайласып жатады.
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық - заттай түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында - бюджеттік қорында затталынады.
Мемлекеттің бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық категория және мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарауға болады. Мәселен, мемлекеттің бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары - салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар және т.б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Бюджеттің негізгі қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды орнын, қаржы жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ қоғамдық ұдайы өндірістегі айрықша рөлін айқындайды. Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып табылады. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.
Бюджеттік қор - бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы мен пайдаланылуы құнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс процесін білдіреді.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретінде бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.
2.
Бюджет жүйесі- экономикалық қатынастар мен заңды нормаларға негізделген бюджеттердің барлық түрлерінің жиынтығы. ҚР Бюджеттік кодексінде бюджет жүйесі ҚР Ұлтық қорын кіріктірумен түсіндіріледі. ҚР бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық типімен анықталады. ҚР республикалық; облыстық; республикалық маңызы бар қала, астана; ауданның деңгейдегі бюджеттер бекітіледі, атқарылады жəне дербес б.т. ҚР бюджет жүйесі мына қағидаттарға негізделеді: Бірлік қағидаты реттеуші кіріс көздерін пайдалану арқылы барлық деңгейдегі бюджеттердің өзара іс-əрекетіне, төменгі деңгей бюджеттерінің теңгерімділігі үшін оларды қаржылық қолдауға, сондай-ақ ішінара қайта бөлудің мақсатты жəне аумақтық бюджет қорларын жасауға да негізделген. Бюджет жүйесінің бірлігі салықтық саясатты қоса бірыңғай əлеуметтік-экономикалық саясат арқылы іске асырылады. Бюджеттің дербестік қағидаты - түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында түсімдердің тұрақты бөлінуін белгілеу жəне Бюджеттік кодекске сəйкес олардың жұмсалу бағыттарын анықтау, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің бюджеттік үдерісін дербес жүзеге асыру құқығы, төменгі бюджеттерге оларды тиісті өтеусіз қосымша шығыстар жүктеуге жол берілмеуі. Бюджеттің толымдылығы қағидатыҚР заңнамаларында көзделген барлық түсімдер мен шығыстарды бюджетте жəне ҚР Ұлттық қорында көрсетуді, бюджеттік қаражаттарды пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке жатқызуға, сол сияқты бюджеттік қаражаттар бойынша талап құқықтарынан шегінуге жол бермеуді білдіреді. Реалистік қағидаты - бекітілген бюджеттік көрсеткіштердің əлеуметтік-экономикалық дамудың жəне бюджеттік, параметрлеріне бекітілген, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары параметрлеріне болжамдарының бағыттарына сəйкестігі. Транспаренттілік қағидаты - мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге құпия б.т. мəліметтерді, бюджет заңнамасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, бюджеттерді жəне атқарылуы туралы есептерді, стратегиялық жоспарлар мен ҚР Ұлттық қоры туралы ақпаратты міндетті түрде жариялау. Дəйектілік қағидаты деп мемлекеттік органдардың бюджеттік қатынастар сферасында бұрын қабылдаған шешімдерді сақтауын айтады. Нəтижелілік қағидаты - мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тура жəне түпкілікті нəтижелерге қол жеткізуге бағдарланған бюджетті əзірлеу жəне атқару. Сабақтастық қағидаты - өткен кезеңдерде бекітілген əлеуметтік-экономикалық даму мен бюджеттік параметрлер, базалық шығыстар, болжамдарына, бюджеттік мониторинг қорытындыларына, нəтижелерді бағалауға негізделген республикалық жəне жергілікті бюджеттерді жоспарлау. Негізділік қағидаты - бюджет жобасына түсімдерді немесе шығыстарды кіріктіру қажеттігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілердің жəне басқа құжаттардың негізінде бюджетті жоспарлау. Касса бірлігінің қағидаты - бюджеттке түсетін барлық түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа есептеу жəне одан барлық көзделген шығыстарды ұлттық валютада жүзеге асыру. Уақтылық қағидаты - республикалық жəне жергілікті бюджеттерге, ҚР Ұлттық қорының қолма-қол ақшаның бақылау шотына түсімдерді есептеу жəне оларды ҰБ Үкімет шотына аудару жəне мерзімінде бюджеттік қаражаттарды алушылар шоттарына аудару. Тиімділік қағидаты - бюджеттік қаражаттардың бекітілген көлемін пайдаланып, бюджеттерді əзірлеу жəне атқару немесе бюджеттік қаражаттардың аз көлемін пайдаланып тура нəтижеге қол жеткізу. Жауапкершілік қағидаты - бағдарламалар əкімшілері мен мемлекеттік мекемелер басшыларының ҚР заңнамасына сəйкес келмейтін шешімдер қабылдағаны үшін жауапкершілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті əкімшілік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz