Қаржы активтері жəне қаржы міндеттемелері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКА, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
САУДА УНИВЕРСИТЕТІ

Есеп және аудит кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
_____Қаржылық есеп II_________________________________ ______
(пән атауы)
__________IAS 32 Қаржы құралдары____________________
(курстық жұмыстың тақырыбы)

Студент

____Серикбаева Д.Р.____

___________________

(аты, тегі)
(қолы)

Топ
___5B050800___________
___________________

(шифр)
(күні)
Жетекшінің
рұқсат беруі

____Жабытай Б.Н._______

___________________

(жетекші)
(қолы)
Комиссия мүшелері
____________________
___________________

(аты, тегі)
(қолы)

____________________
___________________

(аты, тегі)
(қолы)

____________________
___________________

(аты, тегі)
(қолы)

________________

(баға)

Нұр-Сұлтан, 2020

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 32 ҚАРЖЫ ҚҰРАЛДАРЫ - АҚПАРАТТЫ АШУ ЖӘНЕ БЕРУ ... ... ... ... 5
1.1 Қаржы есептілігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Қаржы құралдарын ұсыну ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

2 ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.1 Кіріс пен шығыс баптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.2 Пайда мен залал туралы есептілік ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

3 ҮЛЕСТІК ҚҰРАЛДАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
3.1 Үлестік құралдар міндеттемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
3.2 Туынды қаржы құралдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21

ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22

Кіріспе

Адамзат тарихында тұлғалар арасындағы қарым-қатынастардың негізгі нысаны шарт болып табылады. Белгілі бір келісімшарттың өзара қатынастарды көрсететін немесе белгілі бір құқықтарды білдіретін заңи құжаттар қатарына қаржы құралдары жатқызылады. Қазақстан Республикасының мемлектті қаржы құралдары нарығын құру жіне оны одан әрі өрістеу мақсатында қажетті шаралар жасауда. Қазақстандағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекеменшіктендірудің Ұлттық бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізгі элементтерін құру процесін жеделдетті. Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдар түрінде қайта құру олардың инвестиция таратудың ең тиімді механизмдерінің бірі - акция шығаруды пайдалану мүмкіндігін ашты[1].
Бағалы қағаздар нарығының механизмі экономиканың барлық субъектілеріне инвестиция көздерін алуға мүмкіндік жасайды. Акция шығару осы ресурстарды шектеусіз алуға мүмкңндңк туғызса, ал облигация шығару ақша ресурстарын, олардың банктерден алудан гөрі, тиімді жағдайда алуға мүмкіндік береді. Мемлекет бюджет кемшілігін толтыру мақсатында да ақша белгілерін эмиссияламай, мемлекеттік бағалы қағазадар шығарумен айналысады.Қаржы құралдары кез келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады. Дәлірек айткақанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберіледі, яғни оларды нарық жүйесіндегі ең өміршең субъектілер ғана ала алады.Өзінің ұйымдық және құрылымдық ерекшелігіне орай бағалы қағаздар қаржы институттары, қаржы нарықтары және оларды реттейтін құқықтық ережелермен қатар мемлекеттің қаржы жүйесінің тұтас бір бөлігін құрайды. Мндай жүйе біздің мемлектеімізде нарық қатынастарын қалпына келтіру қажеттілігі туындаған кезде, яғни 90-жылдардың басында құрыла бастады.90-жылдардың экономикалық тәжрибесі дәледегендей шаруашылықты жетілдірудің нарықтық әдістерін қалпына келтірудің және оны одан сайын дамытудың басты құралы - бағалы қағаздар екені талассыз ақиқат. Бағалы қағаздар ақша түріндегі капиталға да, заттай капиталға да меншік құқын бекітіп, тек бағалы қағаздар арқылы ғана мемлекеттік меншік акционерлік қоғамдардың, яғни жекеменшік иелері - халықтың меншігіне айналдыру мүмкін.Қаржы құралдары - нарықта сатуға және сатып алуға болатын қаржы активтері мен пассивтері, жасалган капитал осы активтер мен пассивтер арқылы бөлінеді және қайта бөлінеді. Қаржы құралдары белгілі бір келісімшарттық өзара қатынастарды көрсететін немесе белгілі бір құқықтарды білдіретін заңи құжат болып табылады. Айналысқа түсетін, ұсынылатын құрал басқа тұлғаға сатуға немесе беруге арналған (чек, вексель, т. б.). Валюталық (бір ақша өлшемін екінші ақша өлшеміне айырбастау), пайыздық (тұрақты, өзгермелі немесе қайта қаралатын мөлшерлеме бойьшша табыс әкелетін активтер), бағалық (акциялар, асыл металдар, шикізат, тауарлар) құралдар түрлеріне бөлінеді. Қаржы құралдары спотгық (кассалық), мерзімді және опциондық (ұйымдастырылған, ұйымдастырылмаган) нарықтарда айналысқа түседі. Қаржы нарығының дамуьша байланысты қаржы құралдары жиыны жаңа құралдармен толығуы мүмкін[2].
Қаржы құралдары - нарықта сатуға және сатып алуға болатын қаржы активтері мен пассивтері, жасалған капитал осы активтер мен пассивтер арқылы бөлінеді және қайта бөлінеді.Қаржы құралдары белгілі бір келісімшарттық өзара қатынастарды көрсететін немесе белгілі бір құқықтарды білдіретін заңи құжат болып табылады. Айналысқа түсетін, ұсынылатын құрал басқа тұлғаға сатуға немесе беруге арналған (чек, вексель, т.б.). Валюталық (бір ақша өлшемін екінші ақша өлшеміне айырбастау), пайыздық (тұрақты, өзгермелі немесе қайта қаралатын мөлшерлеме бойынша табыс әкелетін активтер), бағалық (акциялар, асыл металдар, шикізат, тауарлар) құралдар түрлеріне бөлінеді. Қаржы құралдары кассалық, мерзімді және опциондық (ұйымдастырылған, ұйымдастырылмаған) нарықтарда айналысқа түседі. Қаржы нарығының дамуына байланысты қаржы құралдары жиыны жаңа құралдармен толығуы мүмкін[3].
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қаржы құралдары кез келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберілді, яғни оларды нарық жүйесіндегі ең өміршең субъектілер ғана ала алады
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. IAS 32 Қаржы құралдары. Зерттеу тақырыбын таңдау, өзіндік жұмыстарды жүргізу тәжірибесін алу және даярланып жатқан курстық жұмыс мәселесін шешу кезінде зерттеу әдістемелерін меңгеру.
Зерттеу пәні - қаржылық жағдайын талдауда қолданбалы бағдарламалар.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

32-Қаржы құралдары - ақпаратты ашу және беру
Қаржы есептілігі.
ІAS Стандартының анықтамасын (мысалы, кейбір өзара қорлар) қанағаттандыратын меншікті капиталы жоқ ұйымдардың және акционерлік капиталы меншікті капитал болып табылмайтын ұйымдардың (мысалы, кейбір кооперативтік ұйымдар), бәлкім, мүшелер мен жарнашылардың үлестері туралы қаржы бейімдеуіне тура келетін болар.Қаржы активтері жəне қаржы міндеттемелері[4].
Валюта (ақша қаражаты) - айырбас құралы жəне осылайша, қаржы есептілігінде бағалау жəне барлық міндеттемелердің танылуы жүзеге асырылатын негіз болып табылатындықтан, бұл қаржы активі болып табылады. Банкте немесе осындай қаржы мекемесінде ақша депозиті қаржы активі болып табылады, сондықтан ол салымшының осы мекемеден ақша алуға немесе чек жаздыруға немесе кредитордың пайдасына қаржылық міндеттеме бойынша шотқа төлем жасауға келісімшарт бойынша құқығын білдіреді. Болашақта ақша қаражаттарының келісімшарты бойынша талап ету құқығын қарастыратын, сонымен қоса болашақта төлемдерді жүзеге асыру келісімшарты бойынша міндеттемені қарастыратын қаржы міндеттемелерінің жалпыға таныс мысалдары мыналар болып табылады: сауда операциялары бойынша дебиторлық жəне кредиторлық қарыздары; алуы жəне төлеуі бойынша вексельдер; алуына жəне төлеуіне қарыз бойынша қарыздар; жəне алуына жəне төлеуіне облигация бойынша сомалар. Əрбір жағдайда келісімшартта келісілген бір жақтың ақша қаражатының талап ету құқығы (немесе төлеу бойынша міндеттеме) екінші жақтың ақша қаражатының тиісті төлеу бойынша міндеттемесімен (немесе талап ету құқығымен) қамтамасыз етіледі. Қаржы құралының басқа түрі алуға немесе жіберуге болжанатын келісімшарт бойынша экономикалық пайдасы ақшалай емес нысандағы қаржы активі болып табылатын құрал болып табылады. Мысалы, төлем жасау мемлекеттік облигациялар нысанында жүзеге асырылатын вексель иеленушіге ақша қаражаттарын емес, мемлекеттік облигацияларды алуға келісімшарт құқығын, ал эмитентке - беруге арналған келісімшарт міндеттемесін береді. Облигациялар оларды шығарған үкіметтің ақша құралдарын төлеу міндеттемелерін білдіретіндіктен, қаржы активтері болып табылады. Осылайша, вексель оның иеленушісінің қаржы активі жəне оның эмитентінің қаржы міндеттемесі болып табылады[5].
Мəңгілік облигациялар, қамтамасыз етілмеген облигациялар жəне реттелген борыштық міндеттемелер сияқты мəңгілік борыштық құралдар əдетте оның иеленушісіне белгіленген күндерде пайыз төлемдерін алуға не негізгі соманы қайтару құқығынсыз, не оны қайтару құқығымен, бірақ оны ықтималдығы аз немесе ұзақ болашаққа жатқызылған жағдайда болашақта уақыты белгіленбей таратылатын келісімшарт құқығын береді. Мысалы, ұйым тұрақты негізде жыл сайынғы төлемдерді жүзеге асыруға талап ететін, 8 пайыз жария етілген мөлшерлемеге тең, жария етілген номиналды немесе 1,000 ш.б. негізгі сомаға қолданылатын қаржы құралын шығара алады . Шығару кезінде 8 пайыздық нарықтық пайыз мөлшерлемесінің құрайтынын ескере отырып, эмитент 1,000 ш.б.-те əділ (дисконтталған) құн негізінде болашақ төлем пайыздарын шығаруға келісімшарт міндеттемесін қабылдайды[6].
Құралдың ұстаушысы жəне эмитент қаржы активтері мен міндеттемелерін сəйкесінше иемденеді. Қаржы құралының ұсынысын алуға немесе оларды ауыстыруға қарастыратын келісімшарт құқығы немесе келісімшарт міндеттемесінің өзі қаржы құралы болып табылады. Келісімшарт құқықтарының немесе келісімшарт міндеттемелерінің тізбегі, егер ол нəтижесінде ақша қаражатын алуға немесе төлеуге, не үлестік құралды алуға немесе шығаруға əкеліп соқтырса, қаржы құралының анықтамасына жауап береді. Келісімшартта көзделген құқықты немесе келісімшарттық міндеттемені орындау талабын пайдалану қабілеттілігі абсолюттік болуы немесе болашақтағы қандай да болмасын оқиғаға байланысты болуы мүмкін. Мысалы, қаржы кепілдігі - кредитордың гаранттан ақша қаражатын алуға келісімшарттық құқығы жəне гаранттың дебитор өзіне алған міндеттемесін орындамаған жағдайда кредиторға төлем жүргізетін тиісті келісімшарттық міндеттілігі болуы мүмкін. Келісімшарттық құқық немесе міндеттеме кредитордың өз құқығын іске асыру қабілеті жəне гарантқа өзі алған міндеттемесін орындауға талабы дебитордың болашақта өз міндеттемесін орындамауға байланысты болған кезде де өткен мəміленің немесе оқиғаның (қабылданған кепілдіктің) нəтижесі ретінде болады. Келісімшартты құқық немесе міндеттеме осындай активтер мен міндеттемелер қаржы есептілігінде барлық уақытта танылмаса да, қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелерді айқындауға сəйкес келеді. Осы келісімшартты құқықтар мен міндеттердің кейбіреулері 4 (IFRS) ХҚЕС-ының қолдану аясындағы сақтандыру келісімшарттары болып табылады[6].
Жалдау (IAS) ХҚЕС-ына сəйкес қаржылық жалдаудың келісімшарты, біріншіден жалға берушінің алу құқығы жəне жалгер міндеттемесі несиені беру туралы келісімшарт бойынша негізгі соманың жəне пайыздардың аралас төлемдеріне ұшырауы барлық бірқатар төлемдерді жүзеге асыру ретінде қарастырылады. Жалға беруші салған қаражатын жалға берілген актив ретінде емес, жалдау келісімшарты бойынша дебиторлық берешек сомасы ретінде санайды. Басқа жағынан, операциялақ жалдау бірінші кезекте жалға берушіні болашақ кезеңдерде активті пайдалануға берудің орнына, көрсетілген қызметтерге берілген сыйақыларға ұқсас қарсы ұсынуға міндеттеуін аяқталмаған келісімшарт болып есептеледі. Жалға беруші келісімшартта келісілген болашақта түсетін соманы емес, жалға берілген активті есептеуді жалғастырады. Осыған сəйкес, қаржылық жалдау қаржы құралы болып есептеледі, ал операциялық жалдау ондай болып саналмайды (жүзеге асыру мерзімі басталған жеке төлемдерді қоспағанда). Физикалық активтер (мысалы, негізгі құрал, мүлік, ғимараттар мен құралдар), жалға алынған активтер жəне материалдық емес активтер қаржы активтері болып табылмайды. Осындай физикалық немесе материалдық емес активтерді бақылау ақша қаражаттарын немесе басқа да активтердің түсімін қамтамасыз ету мүмкіндігін береді, бірақ ақша қаражаттарын немесе басқа да қаржы активтерін алуға нақты құқықтың пайда болуына əкеліп соқтырмайды. Болашақ экономикалық пайдасы ақша қаражатын немесе басқа да қаржы активтерін алу құқығы емес, тауарларды немесе қызметтерді алудан тұратын активтер (авансталған шығындар сияқты) қаржы активтері болып табылмайды. Осылайша, кейінге қалдырылған табыс жəне кепілдік берілген міндеттемелердің көпшілігі сияқты баптар қаржы міндеттемелері болып табылмайды, себебі экономикалық пайдамен байланысты ықтимал шығу ақша қаражатынан немесе басқа да қаржы активтерінен емес, тауарларды жəне қызметтерді көрсетуден тұрады. Мемлекеттік органдар енгізген нəтиже ретінде пайда болатын табысқа салынатын салық сияқты келісімшартты емес сипаттағы міндеттемелер немесе активтер қаржы міндеттемелері немесе қаржы активтері болып табылмайды. Табысқа салынатын салықты есепке алу мəселесі 12 Пайдаға салынатын салықтар (IAS) ХҚЕС-та қарастырылады. Осылайша, 37 Бағалау міндеттемелері, келісімшартты міндеттемелер жəне келісімшартты активтер (IAS) ХҚЕСының анықтамасына сəйкес жүктелген міндеттемелер келісімшарттардан туындамайды жəне қаржы міндеттемелері болып табылмайды[1].
Қаржы есептiлiгi ұйым қызметінің қаржы жағдайы мен қаржы нәтижелерінің құрылымдалған ұсынуы болып табылады. Жалпы мақсаттағы қаржы есептiлiгiнiң мақсаты экономикалық шешiмдер қабылдау кезiнде пайдаланушылардың қалың тобы үшiн пайдалы ұйымның қаржы жағдайы, қызмет нәтижелерi мен ақшалай қаражатының қозғалысы туралы ақпарат беру болып табылады. Қаржы есептiлiгi сондай-ақ ұйым басшылығына сенiп тапсырылған ресурстарды басқару нәтижелерiн де көрсетедi. Осы мақсатқа жету үшiн қаржы есептiлiгi ұйымның мынадай көрсеткiштерi туралы ақпарат бередi:
(а) активтер;
(b) мiндеттемелер;
(c) өз капиталы;
(d) пайдалар мен залалдарды қоса, кiрiстер мен шығыстар;
(e) өз капиталындағы басқа да өзгерістер;
(f) ақшалай қаражаттың қозғалысы.
Бұл ақпарат, қаржы есептiлiгiне ескертпелерге басқа ақпаратпен қатар, пайдаланушыларға ұйымның ақшалай қаражаттарының болашақтағы қозғалысын және, атап айтқанда, олардың уақытқа бөлінуі айқындығына болжам жасауға көмектеседi.

Қаржы есептілігінің компоненттер.
Қаржы есептiлiгiнiң толық жинақталымы мыналарды қамтиды:
(а) баланс;
(b) пайдалар мен залалдар туралы есеп;
(c) өз капиталында мыналарды көрсететiн өзгерістер туралы есеп,
(і) өз капиталындағы барлық өзгерiстердi;
(іі) өз капиталының иелері ретінде әрекет ететін өз капитал иелерімен операциялар жасау нәтижесiнде туындайтындардан өзгеше өз капиталындағы өзгерiстердi көрсететiн өз капиталындағы өзгерістер туралы есепті;
(d) ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есеп;
(e) есеп саясатының елеулі элементтерінің қысқаша сипаттамасын және басқа да түсіндірме ескертпелерді қоса, ескертулер.
Көптеген ұйымдар, қаржы есептiлiгiнен басқа, ұйым басшылығының қаржылық шолуын ұсынады, онда ұйым қызметiнiң қаржы нәтижелерiнiң, оның қаржы жағдайының негiзгi сипаттамалары және олар кездесiп отыратын негiзгi тұрлаусыздықтар сипатталады және түсiндiрiледi. Мұндай есепте мынадай шолулар болуы мүмкін:
(а) ұйым iс-әрекет ететiн конъюнктураның өзгеруiн, ұйымның осы өзгерiстерге және олардың ықпалына әсерiн қоса, қаржы нәтижелерiн айқындайтын негiзгi факторлар мен ықпалдарды, сондай-ақ дивидендтер саласындағы оның саясатын қоса, қаржы нәтижелерiн қолдауға және жақсартуға бағытталған ұйымның инвестициялық саясатын;
(b) ұйымды қаржыландыру көздерiн, және оның міндеттеме мен меншікті капитал арақатынасының жоспарлы көрсеткіштерін;
(c) ұйымның ХҚЕС-на сәйкес баланста танылмаған қаржыларын шолу.

1.2 ХҚЕС (IAS) 32 "Қаржылық құралдарын ұсыну
- қаржылық актив бухгалтерлік міндеттеме болып табылады, егер ақша қаражаттарын немесе басқа да қаржылық активтерді беру бойынша келісімшарттық міндеттемені көрсетсе. Міндеттемемен байланысты қаржылық шығындар шығыс ретінде сипатталады.
- қаржылық актив капитал болып табылады, егер ол ұйымның активінен барлық міндеттемелерді шегергеннен кейін қалған үлесті куәландырса. Капиталға төлемдер шығыс ретінде емес, пайданы үлестіру ретінде қарастырылады.
- айырбасталатын қарыз (осы құралды ұстаушыға ақша қаражатын немесе акцияны алу арасында таңдау жасауға құқық береді) екі компонентке бөлінеді: қарыз және капитал. Ол айырбастау құқығы есебі үшін дисконтпен үлестік міндеттеме және капитал құраушысы ретінде сипатталады. Жобаның мақсаты, есептілікте капитал сипаттамасындағы қаржылық құралдар жөніндегі ақпаратты ұсыну бойынша талаптарды жақсарту және жеңілдету болып табылады. Жоба қаржылық құралдарды қаржылық міндеттеме және үлестік құрал деп бөлу үшін жүйелі талаптарды әзірлеуге, сонымен қатар осы сұрақ бойынша ХҚЕС және ГААП талаптарын жақындатуға бағытталған. Қазірі таңда ХҚЕС жөніндегі Кеңес және қаржылық есептілік жөніндегі Кеңес, есептіліктің үлестік құралдар бөлігін реттейтін жобаның бастапқы нұсқасын талқылауға шығару үшін бірге жұмыс жасауда.

Қысқа мерзімді активтер
2.1 Кіріс пен шығыс баптары

Қаржы есептілігі ұйымның қаржы жағдайын, оның қызметінің қаржы жағдайын және ақшалай қаражаттардың қозғалысын міндетті түрде адал көрсетуге тиіс. Адал ұсыну операциялардың, Принциптерде айтылған активтер, міндеттемелер, кірістер мен шығыстар үшін тану анықтамалары мен белгілеріне сәйкес басқа оқиғалар мен талаптардың ықпал етуін ұсынған кезде шындықты талап етеді. Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарын, қажет болған жағдайда - ақпаратты қосымша ашып көрсету арқылы қолдану адал ұсыну міндетін шешетін қаржы есептілігін қалыптастыруға жетектейді деп көзделеді. Қаржы есептілігі Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына сәйкес келетін ұйым ондай сәйкестік туралы қаржы есептілігіне ескертуларде тікелей айтуға және сөзсіз мәлімдеуге міндетті. Егер ол Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарының талаптарына сай келмейтін болса, қаржы есептілігін Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына сай келетіндей етіп сипаттауға жол берілмейді.
Іс жүзінде кез келген жағдайларда қолданылып жүрген Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына сәйкестік адал ұсынуға жеткізеді. Адал ұсыну сондай-ақ ұйымнан мыналарды талап етеді:
(а) 8-Есеп саясаты, есеп айырысу бағаларындағы өзгерістер және қателіктер ІAS Халықаралық стандартына сәйкес есеп саясатын таңдау және қолдану. 8 ІAS Халықаралық стандартында ұйым басшылығы үшін нақты бапқа қолданылған стандарт немесе түсініктеме болмаған жағдайға есептелген ресми тәлімдердің толық жиынтығы айтылған.
(b) мәнді, сенімді, салыстырмалы және түсінікті ақпарат қалыптастыруға келтіретіндей тәсілмен есеп саясатын қоса, ақпаратты ұсыну;
(с) Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарының тиісті талаптарын сақтау нақты операциялардың, басқа оқиғалар мен жағдайлардың ұйымның қаржы жағдайы мен қызмет нәтижелеріне ықпалын пайдаланушылардың түсіне алуы үшін жеткіліксіз болған жағдайларда ақпараттың қосымша ашып көрсетілуін қамтамасыз ету. Сәйкес келмейтін есеп саясаты қолданылатын есеп саясатын ашып көрсетумен де, ескертулермен немесе басқа түсіндірме материалдармен де өтелмейді.
Активтер мен міндеттемелерді өткізудің күтіліп отырған мерзімдері туралы ақпарат ұйымның өтімділігі мен төлем қабілетін бағалау үшін пайдалы. 32 ІAS Халықаралық стандарты қаржы активтері мен қаржы міндеттемелерін өтеу күндері туралы ақпараттың ашып көрсетілуін талап етеді. Қаржы активтері сауда және басқа да дебиторлық берешекті қамтиды, ал қаржы міндеттемелері сауда және басқа да кредиторлық берешекті қамтиды. Босалқылар мен бағалау міндеттемелері сияқты ақшалай емес активтер мен міндеттемелердің орнын толтырудың және өтеудің есептеу күндері туралы ақпарат та, активтер мен міндеттемелер қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөліну-бөлінбеуіне қарамастан, пайдалы. Мысалы, ұйым баланс күнінен бастап он екі айдан асатын мерзімнен кейін орнын толтыруды күтіп отырған босалқылар сомасын ашып көрсетеді.

Актив, егер мынадай өлшемдердің кез келгенін қанағаттандырса, міндетті түрде айналымдық актив ретінде сыныпталуға тиіс:
(а) оны өткiзу көзделсе, не ол кәсiпорынның әдеттегі операциялық кезеңiнiң барысында сатуға немесе пайдалануға арналса;
(b) ол негiзiнен сауда мақсаттарына арналса;
(c) оны есепті күннен кейін он екі айдың ішінде сату ұйғарылса; не
(d) ол ақшалай қаражаттар немесе ақшалай қаражаттардың баламалары нысанында болса (7-Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептер ІAS Халықаралық стандартында анықталғандай), бұған есепті күннен кейін, ең болмағанда, он екі айдың ішінде қандай да болсын міндеттеменің орнын толтыру үшін оны айырбастауға немесе пайдалануға тиым салынған реттер кірмейді.Қалған активтердiң барлығы міндетті түрде ұзақ мерзiмдi активтер ретiнде сыныпталуға тиiс.
Осы Стандартта ұзақ мерзiмдi термині ұзақ мерзімді сипаттағы материалдық, материалдық емес, және қаржы активтерiн сипаттау үшiн пайдаланылады. Олардың мағынасы айқын болған жағдайда, Стандарт басқа атауларды пайдалануға тиым салмайды.
Қалған Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарында Принциптерде келтірілген кірістер мен шығыстардың анықтамаларына сай келуі мүмкін баптар қаралады, бірақ олар әдетте пайдадан немесе залалдан алып тасталады. Ондай баптардың мысалдары қайта бағалаудан мүлік құнының артуын (16 ІAS Халықаралық стандартты қараңыз), шетелдік қызметтің қаржы есептілігінің валютасын қайта есептеуге байланысты туындайтын жекелеген пайдалар мен залалдар (21 ІAS Халықаралық стандартты қараңыз), және сату үшін қолда бар қаржы активтерін қайта бағалаудан болған пайдалар мен залалдар (39 ІAS Халықаралық стандартты қараңыз)
Пайдалар мен залалдар туралы есептiң өзiнде не ескертулерде ұсынылуға тиiстi ақпарат. Пайдалар мен залалдар туралы есептiң өзiнде міндетті түрде кезең ішінде мынадай сомаларды көрсететін кем дегенде мынадай желілік баптар болуға тиіс:
(а) табыс;
(b) қаржыландыру жөніндегі шығындар;
(с) қауымдасқан компаниялар мен бірлескен кәсіпорындардың пайдалары мен залалдарында үлес қосып қатысу бойынша есептеу әдісіне сәйкес ескерілген ұйымның үлесі;
(d) салық бойынша шығыстар;
(е) тоқтатылған қызметтен алынған салық салудан кейінгі жиынтық пайда немесе залал (і), сатуға шығындарын шегергенде әділ құны бойынша бағалау нәтижелері бойынша танылған салық салудан кейінгі пайда немесе залал (іі) немесе тоқтатылған қызметті құрайтын активтердің немесе шығу тобының (топтарының) шығуынан кейін құрайтын бірегей соманы ;
(f) пайда немесе залал.
Пайдалар мен залалдар туралы есептiң өзiнде міндетті түрде мынадай баптар кезең ішінде пайданы немесе залалды бөлу ретінде ашып көрсетiлуге тиіс:
(а) азшылық үлесіне жатқызылатын пайда немесе залал;
(b) еншілес компанияның меншікті капитал иелеріне жататын пайда немесе залал.

2.2 Пайда мен залал туралы есептілік

Ұйым қызметінің қаржы нәтижелерін түсіну үшін осылайша ұсыну маңызды болған кезде, пайдалар мен залалдар туралы есептің өзінде міндетті түрде қосымша желілік баптар, бөлімдердің тақырыптары және аралық сомалар ұсынылуға тиіс. Ұйым қызметінің әртүрлі түрлерінің, операциялардың және басқа оқиғалардың ықпалы пайда немесе залал алу үрдісінің жиілігі және болжамдылығы жағынан өзгеше болғандықтан, қызметтің қаржы нәтижелерінің компоненттерін ашып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
12 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ
Меншікті капитал айналымы
14 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ
Банк өтімділігін басқару әдістері
Банктегі қаржылық есеп-қисап
Қазақстаннның банк жүйесінің дамуы және ондағы мәселелер мен оларды шешу жолдары
Секьюритилендіру туралы Қазақстан Республикасының заңы
Өнімдерді сатудан және қызметтер көрсетуден алынатын табыс
Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
Сыртқы қарыздарды өтеуге байланысты мемлекеттердің қызметін құқықтық реттеу (Қазақстан мен бұрынғы КСРО мемлекеттерінің мысалында)
Пәндер