Сабақты және салт етістіктер
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Филология факультеті
Курстық жұмыс
Тақырыбы:Етістік және оның категориялары
Орындаған:Айтжанова Назира
Тобы:КФ-21
Тексерген: Света Нұртайқызы Саменова
Қарағанды , 2021
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Етістіктің грамматикалық категориялары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
Негізгі бөлім
1.1 Етістік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.Етістік тудыратын жұрнақтардың құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.1 Етістік туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 9
2.2 Етістік түбірі және оның семантикалық, грамматикалық өзгеруі ... ... ... ... ... ... ..21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақ тіл біліміндегі өзекті мәселенің бірі - морфология саласы. Морфологияның ішінде етістік сөз табының да тіл білімінде өзіндік орны бар мәселе болып саналатыны анық. Бүгінгі таңда да қазақ тіл білімінде етістіктің басты критерийлерінің мәні, өзіндік маңызды сипаттары толық айқындалды деп айта алмаймыз. Осы тұрғыдан бұл теориялық білімнің қазақ тіл білімінде етіктің ерекшеліктерін, оның ішіндегі туынды етістікті талдаудың қажеттілігі жұмыстың өзектілігін анықтайды.
Зерттеу нысаны. Етістік сөз табының ерекшеліктері, категориялары, құрылымына қарай бөлінуі, туынды етістіктер, олардың жасалу жолдары.
Жұмыстың мақсаты. Тіліміздің грамматикалық құрылысына қатысты күрделі сала - морфология. Морфологиның ең өзекті, ең басты мәселесі - етістік, оның құрылымы, туынды етістіктердің жасалу жолдарын айқындау, етістік тудыратын жұрнақтарды бөліп қарастыру.
Жұмыстың міндеті. Етістік категорияларының ерекшеліктерін ажырату, морфология, лексика-семантика тұрғысынан қарастыру, туынды етістіктердің пайда болуын зерттеу, етістік тудыратын жұрнақтарды жіктеу, топтастыру.
Зерттеу пәні. Қазіргі қазақ тілінің грамматикалық құрылысы. Морфология саласының ең өзекті мәселесі - туынды етістіктер. Туынды етістіктердің пайда болуы, етістік тудырушы жұрнақтардың түрлері.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Етістікті морфологиялық тұрғыдан қарастыра отырып, туынды етістік жасайтын жұрнақтарды зерттеу, топтастыру, туынды түбірлердің қай мәнде жұмсалатынын айқындау, туынды етістіктердің жұрнақтар арқылы қай сөз табынан пайда болғанын дәлелдеу.
Зерттеу жұмысының маңызы. Грамматикалық категориялардың ішіндегі етістік категорияларының ерекшеліктерін, олардың негізгі қағидаларын анықтау, мағыналық ерекшеліктерін ашу, туынды етістіктердің пайда болуы мен туынды етістік жасаушы жұрнақтарды бөліп қарастыру, зерделеу - қазақ тіл біліміндегі морфология саласының өзекті мәселесінің дамуына оң ықпалын тигізері сөзсіз.
Курстық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспе мен қорытындыдан басқа үш бөлімнен және әр бөлім бірнеше тараулардан және әдебиеттер тізімінен тұрады.
Етістік - қай тілде болмасын ең күрделі сөз табы. Басқа тілдердегі сияқты қазақ тілі сөз таптарының жүйесінен де ерекше орын алатын сөздер - етістік.
Етістіктердің лексика - граматикалық мағыналары да, граматикалық тұлғалары да әр алуан, синтаксистік қызметі тек баяндауыш болу ғана емес, жай сөйлем мен құрмалас сөйлем мүшелері мен сөз тіркесінің жасалынуына тікелей ықпал етіп отыратыны белгілі.
1.Етістіктің грамматикалық категориялары
Етістіктің болымды, болымсыз түрлері. Етістіктер қазақ тілінде болымды және болымысыз болып, бір-біріне қарама-қарсы екі түрлі мағынада топталады. Мысалы:
Бар - барма; сал-салма; тарт - тарпа.
Кет - кетпе; қаз - қазба, без - безбе.
Хабарла - хабарлама; толтыр - толтырма; естірт - естіртпе.
Етістіктің болымды түрі әрқашан алғашқы формада келіп, болымсыз түрі оған - ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары қосылу арқылы жасалады: кел - ме, бар - ма, бол - ма, бол-майды. Ал келе ме?, бола ма?, болма ма? түрінде келгенде ма ме бөлек жазылып, етістіктерді сұрау мағынасына айналдырады. Сонымен - ма -ме, -ба -бе, - па -пе жұрнақтары етістіктерге қосылып жазылып, болымсыз мағынаны білдіреді, ал маме, бабе, папе (сұраулық шылау) етістіктерден бөлек жазылып, оларды сұрау мағынасына айналдырады.
Болымсыз етістік кейде өткен шақтық етістіктегі есімше түріне жоқ, емес сөздері тіркесіп келу арқылы да жасалады. Мысалы: алған жоқпын, алған емеспін, білгенім жоқ, көргенім жоқ.
Сөйлеу тілінде және ауыз әдебиетінде бұл формалардың басқа да түрлері бар. Мысалы:қалман, бермен, алман;көрген емен, берген емен, алған емен.
Сабақты және салт етістіктер. Етістік - қыр-сыры мол, күрделі сөз табы. Етістіктердің бірқатары табыс септікті сөздерді тікелей де, енді бірқатары оны меңгере алмайды. Мысалы: ал, бер, көр, айт, оқы, құрметтеймін, сыйлаймын сияқты етістіктер нені?, кімді? деген сұрақтарға жауап беретін сөздермен тіркессе, кел, жүр, тұр, отыр, келемін, барамын деген етістіктер кім?, не? деген сұрақтарға жауап беретін сөздермен ғана тіркесе алады. Сол сияқты Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп, Екі жаққа үңілдім (Абай) дегенде іздеп, көздеп деген етістіктер табыс септікті сөздермен (ғылымды, дүниені) байланысып, ал үңілдім сөзі табыс септікті сөзбен байланыспай, жеке, салт тұр.
Сөйтіп, табыс септікті форманы меңгеруге қабілетті етістіктерді сабақты етістік дейміз де, табыс септікті меңгере алмайтын етістіктерді салт етістік дейміз.
Сабақты етістіктің салт етістіктен ерекшеленетін қасиеті - ішінде сабақты етістігі бар тізбекке табыс септікті сөзді қатыстырмасаң, ол тізбек мағына жағынан олқы болып тұрады. Мысалы:
Ол жазды. Ол оқыды. Ол сөйледі. Ол күлді.Ол ойнады. Ол санады. Ол кетті. Ол жатты.Ол келді. Ол ұйықтады.
Сол жақ екі бағанадағы тіркеске көңіл аударсақ, табыс септігінің қажеттігі көрініп-ақ тұр. Сонымен бірге сабақты етістік басқа септіктерде тұрған сөздерді де меңгере береді. Мысалы: ҮІ сыныпта оқыдым. Кітаптан оқыдым, т.б.
Етістіктің етіс деп аталатын түрлерінің жұрнақтары салт етістікті сабақты, сабақты етістікті салт етістікке айналдырады. Мысалы:
- ыл, -іл, -л, -ын, -н жұрнақтары сабақты етістікке жалғанып, оны салт етістікке айналдырады: айту - айтылу, беру - берілу, ойлау - ойлану, т.б.
- дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір, -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -т жұрнақтары сабақты етістікке жалғанып, оны салт етістікке айналдырады: отыру - отырғызу, күлу - күлгізу, пісу - пісіру, қайнау - қайнату, т.б.
Етістіктің сабақты, салт етістік болып бөлінуіне ешқандай грамматикалық көрсеткіштер қатыспайды. Демек, сабақты етістік те, салт етістік те етістіктің басқа түрлерімен араласып жатыр, олардың мағыналары соларды өткенде толық ашыла түседі.Етістер. Етістердің өзіндік мағынасы және морфологиялық көрсеткіштері бар. Соған сәйкес етістерді бес топқа бөлеміз. Олар: негіз етіс, ырықсыз етіс, өздік етіс, өзгелік етіс, ортақ етіс.
1. Негіз етіс. Түбір етістіктің де, басқа сөз табынан жасалған туынды етістіктің де алғашқы тура қалпында айтылған түрін негіз етіс дейміз. Мысалы: ал, алу, алған, кел, келіп, келген, келді, шегеле, шегелеу, ойлау, т.б.
Бұлар етістердің басқа түрін жасауға негіз болады.
2. Ырықсыз етіс. Істің кімнің істегендігі көрсетілмей, не істелгендігі көрсетілген етістіктің түрі ырықсыз етіс деп аталады. Мысалы: шөп тасылды, шөп жиылды, хат жазылды дегендерде істі істеуші де, істетуші де жоқ, қимылға түсетін зат қана аталған.
Ырықсыз етіс - л, -ыл, -іл жұрнақтары (киім киілді), кейде - н, -ын, -ін (бөлме тазаланды) жұрнақтары арқылы сабақты етістіктен ғана жасалады. Мұнда сабақты етістік салт етістікке айналады. Мысалы:
Алқымы күшті асаулар,
Ноқтаға басы керілді.
Өз малым деп жүрген мал.
Иесіне берілді.
(Абай)
3. Өздік етіс. Іс істеуші айтылып, іс субъектінің, яғни істеушінің өзіне жұмсалса, оны өздік етіс дейміз. Мысалы: Сәлім жуынды десек, жуушы да, жуынушы да - Сәлім. Мұнда іс-әрекет істеушінің өзіне жұмсалып тұр. Өздік етіс етістің түбіріне - н, -ын, -ін, -л, -ыл, -іл жұрнағы қосылу арқылы жасалады.
Өздік етіс табыс септігіндегі тура толықтауышты қатыстырып та, қатыстырмай да айтыла береді. Мысалы: Ол киінді. Ол киімін киінді.
4. Өзгелік етіс. Істелетін заттың біреу арқылы істелгенін не істелетінін көрсететін етістіктің түрін өзгелік етіс дейміз. Мысалы:
Сабадан қымыз құйдырып,
Алдарына қойдырып,
Жасы үлкендер бір бөлек,
Әзілдесіп сылқылдап...
(Абай)
Өзгелік етісті жасайтын жұрнақтар әр түрлі: -ыт, -іт, -т (оқыт); -тыр, -тір, -дыр, -дір (алдыру); -қыз, -кіз, -ғыз, -гіз (алғыз); -ыр, -ір (пісіру); -ыз, -із (еміз).
Өзгелік етіс салт етістіктен жасалса, салт етістік сабақты етістікке айналады. Мысалы: тамақ пісті дегенде - салт етістік, егер шешей тамақ пісірді болса - сабақты етістік.Өзгелік етіс сабақты етістіктен жасалса, сабақты етістік салт етістікке айналмайды: емді (емшегін емді), емізді (емшегін емізді). Екеуі де сабақты етістік болып қалады.
5. Ортақ етіс. Істі істеуші нақты айтылмай, біреуі емес, бірнеше адам істегенін көрсететін етісті ортақ етіс дейміз. Мысалы: төгісті, алысты, санасты, күресті, т.б.Ортақ етіс етістіктің түбіріне - с, -ыс, -іс жұрнақтары қосылу арқылы сабақты етістіктен де, салт етістіктен де жасала береді.Ортақ етістің мағынасы өзінің субъектісімен бірге келгенде айқындалады. Мысалы: сен айтыс - айтыс басталады Сондықтан ортақ етістің жұрнағы зат есім тудыратын (-ыс, -іс, -с) жұрнақтарымен омонимдес келетіндігін де ескеру керек.Көсемше. Көсемше - етістіктің негізгі бір түрі. Бұл - етістікті ажыратудағы көрсеткіш. Өйткені көсемшенің жұрнақтары басқа сөз таптарында кездеспейді.Негізгі қимыл, амалды білдіріп, кейде сол қимыл, амалды айқындап тұратын, жекеше, көпше болып бөлінбейтін және көбінесе күрделі етістіктің құрамында келетін етістіктің түрін көсемше дейміз. Мысалы: Ол маған хат жаз+ып-ты. Мұндағы көсемше етістіктің өз қызметінде өткен шақ мағынасында жұмсалып тұр.Ол маған хатты асығып жазыпты. Бұл сөйлемдегі асығып көсемшесі жазыпты көсемшесін айқындап тұр.
Көсемшенің үш түрі бар:
* ауыспалы шақтық көсемше;
* өткен шақтық көсемше;
* келер шақтық көсемше.
1. Ауыспалы шақтық көсемше. Өзі қарасты етістік істің амалын, кейде мезгілін не шартын көрсететін етістіктің түрін ауыспалы шақтық көсемше дейді. Мысалы: Жазғыра сөйледі. Ер шекіспей бекіспейді (мақал). Көсемшенің бұл түрі етістіктің бастапқы түріне және етіс түріне - а, -е, -й жұрнақтары қосылу арқылы жасалады. Мысалы: сал-а, ал-а, ер-е, сөйле-й-сөйле-й, болғыз-а, сөйлет-е, т.б. Көсемшенің бұл түрі күрделі етістіктің құрамында келгенде жіктелмейді. Мысалы, оқи бастады дегенді жіктесек, екеуі екі бөлек жіктелген болар еді.
2. Өткен шақтық көсемше. Өткен шақтық көсемше амалды, себепті, кейде мезгілдің сөйлеп тұрған уақыттан бұрын болғандығын білдіреді. Мысалы: бала безірейіп жауап қатпады (М.И). Шынтас шешініп жатып қалыпты (Т.Ахт.). Өткен шақық көсемше де етістіктің бастапқы түріне және етіс формасына - ып, -іп, -п жұрнақтарының қосылуы арқылы жасалады.
3. Келер шақтық көсемше. Келер шақтық көсемше негізгі істің мақсат, мезгілінің келер шақта болатындығын білдіреді. Мысалы: тексергелі келді, серуендегелі келді, бергелі келеді. Келер шақтық көсемше етістіктің негізгі түріне және етіс формасына - ғалы, -гелі, -қалы, -келі жұрнақтарын жалғау арқылы жасалады.
Келер шақтық көсемше отыр, жатыр, тұр, жүр етістіктерімен тіркесіп келгенде, ол негізгі етістің міндетін атқарады. Мысалы: барғалы отыр, барғалы жатыр, орындағалы жүр, келгелі жүр. Келер шақтық көсемше құрмалас сөйлемнің құрамында келгенде, бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы болып, мезгілді білдіреді. Мысалы: Ол кеткелі менде маза жоқ.
Жамбыл Жамбыл болғалы,
Жыр санаға толғалы,
Есіткен талай батырды.
(Жамбыл).
Көсемшенің кейбір формасы сөйлемнің аяғында келіп, жеке жұмсалғанда, жіктеледі. Ондай жағдайда негізгі түбір мен жіктік жалғауларының арасындағы қосымша көсемшенің жұрнағы деп танылады. Мысалы: бар-а-мын, кел-е-мін, бар-ып-ты, кел-іп-ті, бар-ған-мын, кел-ген-мін.
Есімше. Етістіктің ерекше бір түрі - есімше. Оның ерекшелігі - екі жақтылығында, яғни әрі есімдер, әрі етістік қызметінде жұмсалатындығында, сонымен бірге есімшенің қызметі де әркелкі болып келеді. Мысалы: Ол ертең келер, саған жолығар дегендегі келер, жолығар сөздері өзінің етістік мағынасында жұмсалып тұрса, Ақыл - тозбайтын тон, таусылмайтын кен дегендегі тозбайтын, таусылмайтын сөздері сын есім мағынасында жұмсалып, зат есімге сындық қызмет көрсетіп тұр. Сондай-ақ, білмегенің білгендеріңнен үйрен дегенде, білмегенің білгендеріңнен сөздері заттық мағынада жұмсалып, көптік, септік жалғауларын қабылдап түрленіп тұр. Осылай бола тұрса да, яғни зат есімдердей морфологиялық жақтан түрленсе де, сөйлемде есімдердің атқаратын қызметін түгелдей дерлік атқарса да, оның етістік үйірінен шықпайтын қасиеті бар. Ол - оның шақтық мағынасы, жаққа түрленетіндігі.
Есімшенің өткен шақ түрі: құраған, құралған, сөккен, сөгілген, терген, терілген, т.б.Ауыспалы шақтық есімше: келетін, жүретін, сөйлейтін, т.б.Келер шақтық есімше: алар, санар, жатар, көрінер, т.б. Екінші, есімшенің етістікке ұқсауы боллымсыз етістіктің - ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары мен жоқ, емес сөздерін қосып айтуға келетіндігі. Мысалы: өнбеген, өндірмеген, жатқан жоқ, көрген емес. Сөйтіп, бірде етістік, бірде есімдер қызметін атқаратын, есімдерше түрленетін етістіктің түрлерін есімше дейміз.
Есімшенің жасалуының үш түрі бар:
өткен шақтық есімше. Етістіктің түбіріне немесе етіс түріне - -қан, -кен, -ған, -ген жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: аш-қан, жет-кен, жеткіз-ген, жазыл-ған, оқыл-ған, т.б.
ауыспалы шақтық есімше. Етістіктің түбіріне алдымен көсемшенің - а, -е, -й жұрнақтары жалғанып, бұлардан соң есімшенің - тын, -тін жұрнақтарын жалғау арқылы жасалады. Мысалы: бар-а-тын, сөйле-й-тін, кел-е-тін;
келер шақтық есімше. Етістіктің түбіріне - ар, -ер, -р жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: жаз-ар, кел-ер, айт-ар.
Есімше сөйлемнің барлық мүшелерінің қызметін атқарады. Ол:
1) есімшелер есімдердің алдынан келіп, анықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: оқыған адам, келген кісі, ішетін сүт;
2) есімшелер жіктік жалғауымен келсе, баяндауыш қызметінде жұмсалады. Мысалы: мен алғанмын, сен көргенсің, олар көрер;
3) есімшелер зат есім мағынасында жұмсалғанда бастауыш, толықтауыш және пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Сен білгеніңді үйрет. Көргенінен көрмегені көп.
Тұйық етістік. Тұйық етістіктер немесе етістік атаулары етістік түбіріне - у жұрнағы қосылу арқылы жасалады да, есімдерше тәуелденеді, септеледі, тікелей жіктелмейді, сөйлемде әр түрлі қызмет атқарады. Мысалы:
І жақ: Менің көруім; Біздің көруіміз.
ІІ жақ: Сенің көруің; Сендердің көрулерің.
Сіздің көруіңіз; Сіздердің көрулеріңіз.
ІІІ жақ: Оның көруі; Олардлың көрулері.
Тұйық етістік сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерінің қызметін атқарады: Қайталау - оқу анасы. Жастар техника тілін үйренуде. Ер жігіт Отанын қорғауға міндетті деген сөйлемдерде қайталау - бастауыш, үйренуде - баяндауыш, қорғауға - толықтауыш болып тұр.
Етістіктің басқа түрлеріне айналдыруда - у жұрнағы алынып тасталады.Етістіктің шақтары. Қимыл іс-әрекет белгілі бір уақыт кеңістігінің аралығында болады. Мұны етістіктің шағы деп аталатын түрі білдіреді. Қимыл, іс-әрекеттің орындалатынына, орындалуға тиістілігіне, орындалғандығына қарай етістік үш шаққа бөлінеді: осы шақ; келер шақ; өткен шақ.
Осы шақ. Етістіктің осы шағы қимыл мен іс-әрекеттің дағдылы түрде болып тұратынын және қазіргі кезде орындалып жатқандығын білдіреді. Мысалы: Мен отырмын, мен жазып отырмын, мен жазамын, мен отырамын.
Осы шақтың екі түрі бар: нақ осы шақ, ауыспалы шақ.
1. Нақ осы шақ қимыл, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған уақытта өтіп жатқандығын білдіреді. Ол жалаң да, күрделі де болып келеді.
а) Жалаң осы шақ жатыр, отыр, тұр, жүр етістіктері жіктік жалғауының І, ІІ жағында келуі арқылы жасалады.
ә) Күрделі осы шақ негізгі етістіктің көсемше түріне отыр, жатыр, тұр, жүр деген төрт етістік көмекші етістік қызметінде жұмсалады және жіктеледі, ал көсемшелер өзгеріссіз қалады. Мысалы: оқып отыр - оқып отырмын; бара жатыр - бара жатырсың.
2. Ауыспалы осы шақ істің, процестің, құбылыстың, жаратылыста үзілмей дағдылы түрде болып тұратындығын білдіреді. Мысалы: құс ұшады, мал төлдейді, су ағады, от жанады. Қалған жағдайда келер шақта жұмсалады. Мысалы: келеді, барады, сөйлейді.
Ауыспалы осы шақ - а, -е, -й жұрнақты көсемшелерге жіктік жалғауы қосылу арқылы жасалады. Мысалы: жаз-а-мын, үз-е-мін, сөйле-й-мін.
Келер шақ. Келер шақ істің сөйлеп тұрған уақыттан кейін істелетіндігін көрсетеді. Мысалы: Поезд уақытында келер. Ол оқуға бармақ. Мен ертең 7-де тұрамын. Осындағы келер, бармақ, тұрамын етістіктері істің болашақта орындататындығын білдіріп тұр. Келер шақ 1) болжалды келер шақ, 2) мақсатты келер шақ, 3) ауыспалы келер шақ болып үшке бөлінеді.
1. Болашақта істің істелуі белгісіз болса, ол болжалды келер шақ деп аталады. Болжалды келер шақтың көрсеткіштері - ар, -ер, -р. Бұлар жіктеледі. Мысалы: мен кел-ер-мін, қайт-ар-сың, ол отыр-ар.
2. Істің істелетінін мақсат ете көрсететін етістіктерді мақсатты келер шақ дейді. Мысалы: келмек, айтпақпын, жазбақпын, сөйлеспекпін, үйренбексіз, т.б.
Мақсатты келер шақтың көрсеткіштері - -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек. Бұлар жіктеледі: мен келмекпін, сен келмексің, ол келмек.
3. Ауыспалы келер шақтың жасалуы келер шақтың жасалуымен бірдей, бірақ мағынасы ыңғайға қарай ажыратылады. Мысалы: Мен ертең сағат 7-де тұрамын. Сендерге біз екі күннен кейін келеміз. Мұнда тұрамын, келеміз сөздері келер шақтық мағынады жұмсалып тұр, ал құс ұшады, ол орысша сөйлейді дегендегі ұшады, сөйлейді дегендер осы шақ мәнінде жұмсалып тұр.
Өткен шақ. Қимыл, іс-әрекеттің өткен уақытта болғанын көрсететін етістіктің түрі өткен шақ деп аталады. Мысалы: Тұрар Мәскеуден келді. Ол Мәскеуден кеше келіпті. Осы келді, келіпті сөздері екі түрлі мағына береді. Бірінші сөйлемде айтушы Тұрарды өзі көріп, біле хабарлып тұр, екінші сөйлемде айтушы біреуден естіп, хабарлып отыр.
Сондықтан өз көзімен көріп, жедел хабарлып тұрған етістіктің өткен шағын жедел өткен шақ дейміз де, біреуден естіп барып, содан кейін хабарлап тұрған немесе бұрын көргенін бөгеліп барып хабарлып тұрған етістіктің өткен шағын бұрынғы өткен шақ дейміз. Мына сөйлемдерді салыстырып көрейік: Мен киноға баратынмын. Сен киноға қашан баратын едің?
Бірінші сөйлемде іс, оқиға өткен шақтық мағынада болса, екіншіде келер шақтық мағынаны білдіріп тұр. Осындай, бір істің бірнеше рет қайталанып, дағдыға айналуын көрсететін түрі ауыспалы өткен шақ делінеді. Сөйтіп өткен шақ 1) жедел өткен шақ, 2) бұрынғы өткен шақ, 3) ауыспалы өткен шақ болып үшке бөлінеді:
1. Жедел өткен шақ етістіктің түбіріне - ды, -ді, -ты,- ті жұрнағы мен І, ІІ жіктік жалғауы қосылуы арқылы жасалады. Мысалы: бар-ды-м, бар-ды-ң, т.б.
2. Бұрынғы өткен шақтың үш түрлі тұлғасы бар:
1) бұрынғы өткен шақ есімше тұлғасының - ған, -ген, -қан, -кен түріне жіктік жалғауының көрсеткіштері қосылу арқылы жасалады, мысалы: ал-ған-мын, жап-қан-сың, кел-ген-біз, біл-ген жоқпын, бер-ген емеспіз, т.б.;
2) бұрынғы өткен шақ - ып, -іп, -п, жұрнақты көсемшеге үш жақтың жіктік жалғауы қосылу арқылы жасалады, мысалы: көр-іп-пін, жаз-ып-сың, тыңда-п-ты, т.б. Бұлардың болымсыз түрі жаз-ба-п-пын, іл-ме-п-сің, жаз-ба-п-ты, т.б.
3) бұрынғы өткен шақтың жоғарыда аталған - қын, -кен, -ған, -ген, -ып, -іп, -п жұрнақтары да жіктеліп қолданылады.
3. Көсемшенің - а, -е, -й тұлғаларына - тын, -тін жұрнақтарын қосып барып жіктеу арқылы ауыспалы өткен шақ түрі жасалады. Мысалы:
І. Бар-а-тын-мын; бар-а-тын-быз.
ІІ. Бар-а-тын-сың; бар-а-тын-сыңдар.
Бар-а-тын-сыз; бар-а-тын-сыздар.
ІІІ. Бар-а-тын; бар-атын.
Етістіктің райлары. Қазақ тілінде ең жиі қолданылатын және мағына мен тұлғаға бай категория - етістіктің рай категориясы. Мысалы:
1. Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар (Ы.А.).
2. Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім (Абай).
3. Біз наурыз мерекесіне дайындалып жатырмыз.
Қарамен жазылған сөздердің түбірлері (оқы, жақ, ескер, тексер, дайындал, жат) - етістіктердің негізгі түбірлері. Бұлар бұйрық райдың екінші жағында тұр және түрлі қосымшалармен түрленіп, осы шақ, келер шақ, өткен шақ тұлғаларында келген.Осындай етістіктің жаққа, шаққа, т.б. түрленуін етістіктің райы дейміз. Етістіктің төрт түрлі райы бар.
1. Ашық рай. Осы шақ, келер шақ, өткен шақ мағыналарының сөйлемде анық көрінуі ашық рай деп аталы. Мысалы: жазамын, жазасың, жазып отырымын, келерсің, боларсыз, келіп жүрмек, т.б.
2. Бұйрық рай. Істің бұйыру мағынасын білдіретін етістіктің түрі бұйрық рай деп аталады. Мысалы: (Сен) оқы, кел, тұр, бар, айт. (Сендер) оқыңдар, келіңдер, тұрыңдар. (Сіздер) оқыңыздар, келіңіздер, тұрыңыздар. (Ол, олар) оқысын, келсін, тұрсын, т.б.Осындағы етістіктің ІІ-жақ жекеше түрі етістіктің негізгі түбіріне сәйкес келеді. Мысалы: оқы, кел, тұр, бар, айт.Етістіктің етіс тұлғасы да бұйрық райлы туынды етістік болып есептеледі. Мысалы: жаз-дыр, кел-тір, тұр-ғыз, кір-гіз, жат-қыз, бар-ғыз, айт-тыр, т.б.
ІІ жақта бұйрық райдың анайы, сыпайы түрі және әрқайсысының жекеше, көпше түрі бар.
Етістіктің түбіріне немесе етіске - ң, -ың, -ің жұрнағы, содан кейін көптік жалғауы жалғану арқылы бұйрық райдың екінші жағы жасалады. Мысалы: бар-ың-дар, отыр-ың-дар, әңгімелес-ің-дер.Етістік пен етістің түбіріне - ңыз, -ңіз, -ыңыз, -іңіз жұрнағы қосылып, бұйрық райдың сыпайы түрі жасалады. Мысалы: қара-ңыз, кел-іңіз, сөйлес-іңіз, есептес-іңіз, т.б. Осыларға көптік жалғауы қосылып, бұйрық райдың сыпайы көпше түрі жасалады. Мысалы: алыңыздар, келіңіздер, жүріңіздер, т.б.Етістік пен етістің түбіріне - сын, -сін жалғаулары жалғанып, бұйрық райдың ІІІ жағының жекеше, көпше түрі жасалады.Бұйрық райдан соң - шы, -ші жұрнағы қосылып, тілек, өкініш мәнін білдіреді.Етістік түбіріне - ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары жалғанып, бұйрық райдың болымсыз түрін білдіреді. Мысалы: айт-па, сөйле-ме, жаз-ба, т.б.
3. Шартты рай. Іс-әрекеттің істелу, болу мүмкіндігін білдіретін етістіктің түрі шартты рай деп аталады. Мысалы: Ол келсе, киноға барар едік. Киноға барудың іске асуына, оның келуі шарт болып тұр. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей (Абай). Мұнда қарынның тоюының шарты - еңбек ету.
Шарты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz