Әділет органдарының актілері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қaзaқcтaн Рecпубликacы бiлiм жәнe ғылым миниcтрлiгi
Ш.Eceнoвaтындaғы Кacпий мeмлeкeттiк тexнoлoгиялaр
инжиниринг унивeрcитeтi

Пeдaгoгикa фaкультeтi
Пeдaгoгикaлық тexнoлoгиялaр кaфeдрacы

КУРCТЫҚ ЖҰМЫC
Тaқырыбы: Әділет органдары ұғымы мәртебесі
Пәнi: Инклюзивтi бiлiм бeру
Мaмaндығы: 5В011400 - Тaриx

Oрындaғaн: Ермекбаев

oқу фoрмacы: күндiзгi
Жeтeкшi: Eрубaeвaa.Р.,aғa oқытушы
_____________________
Курcтық жұмыcты
қoрғaу уaқыты ______ 2021 ж.

Бaғacы _____________

Aқтaу, 2021ж
ҚAЗAҚCТAН РЕCПУБЛИКACЫ БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИCТРЛIГI
Ш.ЕC ЕНOВ aтындaғы КACПИЙ МЕМЛЕКЕТТIК ТЕXНOЛOГИЯЛAР ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРCИТЕТI
Педaгoгикa фaкультетi
Педaгoгикaлық теxнoлoгиялaр кaфедрacы

Пәнi: Инклюзивтi бiлiм беру
Мaмaндығы: 5В011400 - Тaриx
ТAПCЫРМA
Курcтық жұмыcты oрындaуғa aрнaлғaн
Cтудент: Ермекбaев
Тaқырыбы: Әділет оргындары ұғымы мәртебесі
Тaпcырмaны oрындaуғa (зерттеуге) қaтыcты негiзгi cұрaқтaр:
1) Әділет оргындары туралы түсінік _______________________________;
2) Қазіргі таңда Әділет оргындарының мәртебесі қандай ___________ ;
3) ___________________________________ __________________________;

Негiзгi әдебиеттер:
1) ___________________________________ __________________________;
2) ___________________________________ __________________________;
3) ___________________________________ __________________________;
4) ___________________________________ __________________________;
5) ___________________________________ __________________________;
6) ___________________________________ __________________________.
Курcтық жұмыcтың көлемi: ___ бет.
Курcтық жұмыcты тaпcыру мерзiмi ___ ___ 2021 ж. Дейiн
Курcтық жұмыc жетекшici ________ Ерубaевa A.Р. ______ 2021ж.

МAЗМҰНЫ
КIРICПE ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1-2
Қазақстан Республикасы әділет органдары мәртебесі

1.1 Қазақстан Республикасы әділет органдары туралы түсінік ... ... ... ... ... 2- 7
1.2 Әділет органдарының негізгі міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8-16
II. Әділет органдарының жүйесі
2.1Қазақстан Республикасынның Әділет министірлігі ... ... ... ... ... ... ... ... 17-19
2.2 Әділет органдарының актілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19-24
ҚOРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25-26
ҚOЛДAНЫЛҒAН ӘДEБИEТТEР ТIЗIМI ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
КIРICПE
Курcтық жұмыc өзeктiлiгi: Қазақстан Республикасы Әділет органдарының ұғымы дегенді қалай түсінеміз және де Әділет органдарының халық алдындағы мәртебесі мен министрліктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы жұмысы . Қызметті жандандыру және жаңа тәсілдерді беруде жалпы әділет органдарындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстардың біршама азаюында мүмкіндіктерін таныстыру.
Курcтық жұмыc мaқcaты:Қазақстан Республикасы Әділет органдары ұғымын қызметін толық таныстыру,жастар арасында,халық арасында кеңінен насихаттау түсіндіру.
Курcтық жұмыc мiндeтi:Жалпы мемлекеттiк даму стратегиясын әзiрлеу мен iске асыруға қатысу, заң жобасы жұмысын жүргiзу, заңдарды талдау, жетiлдiру, жүйелеу, нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына заң сараптамасын жүргiзу арқылы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдiгiн, Қазақстан Республикасының егемендiгiн, Қазақстан қоғамы мен мемлекетiнiң тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңдарды қалыптастыру.
Курcтық жұмыcтың зeрттeу бoлжaмы: Жүргізген барлық тексерулер мен қызметтік тергеулердің нәтижелеріне сәйкес , қызмет бағытын реттейтін нормативтік құқықтық базаны оңтайландыру, ұйымдастыру шараларын қабылдау жолымен оларды одан әрі дамыту мақсатында сыбайлас жемқорлық үшін жағдай жасайтын себептер анықтау.
Курcтық жұмыcтың прaктикaлық құндылығы:Барлық құрылымдық бөлімшелердің күш-жігерін әділет органдарының алдында тұрған маңызды, басым міндет ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұмылдыруды мақсат ету. Осы принципті қолдану құрылымдық бөлімшелерде және құқықтық реттеу саласында кездесетін белгілі бір проблемалар бойынша ақпаратты жинақтауға, қорытындылауа және іске асыруға мүмкіндік береді.
Курcтық жұмыcтың құрылымы:Кiрicпeдeн, eкi бөлiмнeн, әдicтeмeдeн, қoрытынды, пaйдaлaнғaн әдeбиeттeр тiзiмiнeн тұрaды.
Зeрттeу пәнi:Инклюзивтi oқыту.

1.1 Қазақстан Республикасы әділет органдары туралы түсінік
Қазақстан Республикасының әдiлет органдары өз құзыретi шегiнде мемлекеттiң қызметiн құқықтық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын, мемлекеттiк органдардың және де ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режимiне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететiн атқарушы билiк органдары болып табылады.
Әдiлет органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясының 2002 жылы 18 наурызда қабылданған Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік және де халықаралық шарттарын құрайды. Қазақстан Республикасының әділет органдары өзінің құрылған күнінен бастаған он жыл ішінде ел ішіндегі ірі тарихи оқиғаларына қатысып, қоғам өмірінің саяси, құқықтық және әлеуметтік-экономикалық қалыптасуына өз үлесін қосып келеді.
Әділет органдарының тоқсан жылдық тарихының ажырамас бір бөлігі болып табылады. Халық Комиссарлары Кеңесінің 1919 жылғы шілдедегі Декретімен Қырғыз өлкесін басқаратын Қазақстан Кеңестерінің съезін шақырғанға дейін уақытша орган - әскери-революциялық комитет құрылып, өлкенің әскери-азаматтық жоғары басқару билігі осы комитеттің қолына берілді. 1919 жылғы 30 қыркүйекте Кирревкомның юстиция (әділет) бөлімін құру туралы қаулысы қабылданды. Әділет органдары алғаш іске кіріскен сәттен-ақ өздерінің басты міндеті юстиция сөзінің грек тілінен аударғандағы ұғымына сай әділеттілікті орнықтыру деп білді.
Кирревкомның 1920 жылғы 30 шілдедегі қаулысымен орталық юстиция бөлімі өлкелік юстиция халық комиссариаты болып құрылды, ол заң шығарушы, нұсқау беруші, хабардар етуші және барлық әділет органдарын біріктіруші орган болды және оған бүкіл республика аумағында сотқа қатысты істі басқару мен жетекшілік жасау міндеті жүктелді.
Сол жылдарда орталық юстиция бөлімі құрамына сот тергеу, әкімшілік-шаруашылық, заңдық болжам, жазалау және нотариат бөлімшелері кірді.
Қазақстан Республикасының әдiлет органдары (бұдан әрi - әдiлет органдары), өз құзыретi шегiнде мемлекеттiң қызметiн құқықтық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын, мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режимiне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететiн атқарушы билiк органдары болып табылады.
Әдiлет органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары құрайды.
Қазақстанның ұлттық мүдделерiн қорғау және Республиканың дүниежүзiлiк қоғамдастықтағы беделiн нығайту мақсатында, соның iшiнде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын дайындау мен жасасу жолымен оның халықаралық аренадағы қызметiн құқықтық жағынан қамтамасыз ету; заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi, жылжымалы мүлiктiң жекелеген түрлерiнiң кепiлдерiн, орталық мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiн, азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру.
Әділет органдарының міндеттері: жалпымемлекеттiк даму стратегиясын әзiрлеу мен iске асыруға қатысу, заң жобасы жұмысын жүргiзу, заңдарды талдау, жетiлдiру, жүйелеу, нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына заң сараптамасын жүргiзу арқылы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдiгiн, Қазақстан Республикасының егемендiгiн, Қазақстан қоғамы мен мемлекетiнiң тұрақты және қарышты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңдарды қалыптастыруға қатысу.
Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесiндегi азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету;санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру. Әдiлет органдарының құзыретiне жатқызылған қылмыстар туралы iстер бойынша анықтауды жүзеге асыру және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша заңға сәйкес iс жүргiзу.
Қазақстан Республикасының азаматтары мен азаматшаларына және де кәмілетке толмаған жас өспірімдерге, жеке куәлiктер мен паспорттар құжаттамалауды және төл құжат берудi жүзеге асыру үшін азаматтарды есепке алуды және тiркеудi Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындап белгілейтін белгілі бір тәртiппен жүзеге асыру ісі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әділет органдары жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілерін болдырмауға бағытталған кең ауқымды әрі жүйелі жұмыс жүргізуде. Осы жұмыс бүгінгі таңда қызметтегі басым бағыттардың бірі болып табылады. 2009 жылы жүргізілген талдау әділет органдары қызметінің барлық бағыттры бойынша сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар бар екендігін көрсетті.Осыған байланысты Министрліктің күш-жігері аралас жұмыстарда өз қатарында сыбайлас жемқорлық көріністерінің кез келген ныснадарын алдын алу, анықтау және жолы кесу жағына қарай амалдарды өзгертуге, әділет органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және мемлекеттік қызметшіге қойылатын этикалық нормаларды сақтауын бақылауды күшейтуге бағытталған.Осы бағытта жұмысты күшейтуге бағытталған ұйымдастыру және практикалық шаралар қабылданды, жаңа шешу жолдары белгіленді.
Жергiлiктi атқарушы органдар қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудiң өзге де түрлерін іс шараларын атқаратын мекемелердiң қызметiне жәрдемдесу жөнiндегi, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк көмектi ұйымдастыру жөнiндегi консультативтiк-кеңесшi орган құрады.
Мемлекеттiк органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар арасындағы әдiлет органдарына функционалдық мiндеттердi орындауына және адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және мемлекеттiң мүдделерiн қорғауына жәрдемдесуге мiндеттеледі.
2010 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасының әділет органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған жұмыс нәтижелері Қазақстан Республикасы Әділет министрінің қатысуымен бейнеэлекторлық кеңесте қаралды.Кеңесте берілген тапсырмаларды орындау үшін аумақтық органдар облыстық, Алматы қаласы соттарының төрағаларымен Әділет департаменттерінде сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған әділет органдарының қызметкерлеріне қатысты көшпелі сот отырыстарын өткізу туралы мәселесі қарастырылады.
Комитеттер мен аумақтық әділет органдары үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің этиканы сақтауы бойынша атқарған жұмыстары тураы статистикалық есеп бекітілді.Аумақтық әділет органдары мен Комитеттер ұсынған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша атқарылған жұмыстар туралы есебіне талдау жасалып, қорытылып тұрады. Тоқсан сайын әділет органдарының қызметкелері жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетімен бірлесіп салыстыру жүргізіледі.Барлық аумақтық әділет департаменттерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл туралы бірлескен бұйрықтар жасалды, бұдан басқа Нұр Отан ХДП аумақтық филиалдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі меморандумлар жасалды.Көрінетін әрі қол жететін жерлерде азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарына арналған жәшіктер орнатылған. Барлық қызметкерлер мәлім болған сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық оқиғалары туралы басшылықтың назарына немесе құқық қорғау органдарына жеткізуге міндетті екендігі туралы әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің жазбаша міндеттемесін қабылданды.
Заң қызметтерін көрсету саласында: Комитетпен Нотариат туралы Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы әзірленді, ол нотариаттық қызметті жетілдіруге және реттеуге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық факторларын алып тастауға бағытталған.
Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін заң жобасы мынадай түбегейлі жаңалықтарды көздейді:
- кандидаттарды іріктеуді күшейту және нотариаттық қызметке рұқсат беру рәсімін жетілдіру, оның объективтілігін және ашықтығын қамтамасыз ету (жасы 25-те, заңгер мамандығы бойынша екі жыл жұмыс өтілімі, тағылымдамадан өткен және емтихан тапсырған);
- квоталауды тоқтату (конкурстық іріктеу) және нотариустерді көшу орнын бөлу;
- жекеше нотариустердің қызметіне лицензия алғаннан кейінгі бақылауды күшейту (лицензияны тоқтата тұрудың қосымша негізі - әділет органдарында есептік тіркелген кезде мекенжай бойынша орынжайдың нақты болмауы; нотарспен оның орынжай талаптарын сақтамауы; заң жобасының 19-бабында көзделген шектеулерді сақтамау, егер нотариус есептік тіркеуге нотариусты қойған күннен бастап үш ай өткеннен кейін практикалық нотариаттық қызметке кіріспесе).
- мемлекеттік нотариаттың және т.б. туындауы.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен жекеше нотариустардың болмауынан нотариаттық әрекеттерді көмекшілердің заңсыз жүзеге асыруын анықтау бойынша белсенді жұмыстар жүргізілді.
Осылайша, 01.09.2009 жыл мен 01.08.2010 жыл аралық кезеңіндегі он тоғыз жекеше нотариустердің лицензияларының әрекетін тоқтатуға, әсіресе уәкілетті емес адамдардың нотариаттық әрекеттерін жасағаны үшін, соның ішінде көмекшілермен жекеше нотариустердің елден тысқары шығуы кезінде. Осы фактілер әділет органдарымен анықтау жалғасуда.
Осылайша, Министрліктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы жұмыстағы қызметті жандандыру және жаңа тәсілдер оң нәтижелер беруде және жалпы әділет органдарындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстардың біршама азаюына мүмкіндік берді.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрықтарымен Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесінде қылмыстық тергеу жұргізу Нұсқаулығы және Қазақстан Республикасы Әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің Ар-намыс кодексі әзірленді және бекітілді.
Жоғарыда аталған ҚР Президентінің Жарлығын орындау үшін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мақсатында 2009 жылдың 12 мамырында ҚР Әділет министрі Қызметкрелері сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар мен қылмыс жасалған құрылымдық бөлімшелердің, ведомстволық бағанысты ұйымдар мен мекемелердің, аумақтық әділет органдарының бірінші және тікелей басшыларына тәртіптік жауапкершілік белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің кейбір мәселелері туралы № 252 бұйрықты шығарды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарламада көзделген барлық іс-шараларды орындау дер кезінде жүзеге асырылуда.бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қрасы күрес агенттігіне ақпарат жіберілді.
Басқарма жүргізген барлық тексерулер мен қызметтік тергеулердің нәтижелері бойынша тиісті қызмет бағытын реттейтін нормативтік құқықтық базаны оңтайландыру, ұйымдастыру шараларын қабылдау жолымен оларды одан әрі жою мақсатында құқық бұзушылықтар жасау, соның ішінде сыбайлас жемқорлық үшін жағдай жасайтын себептер анықталуда.Әділет министрлігі барлық қызмет бағыты бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды жүргізуде, ведомствоның өзінде де, мемлекетте де жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде барлық ықтимал шараларды қабылдауда.Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қрасы іс қимыл мен әкімшілік кедергілерді жою бойынша үлкен жұмысты Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі - Комитет) жүргізеді.
Ағымдағы жылы Әділет аттестациялық комиссиясы мүшелерінің құрамы қайта қаралды. Осы комиссия қызметінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында оның құрамы қайта қаралды. Бұрын ол Әділет министрлігінің 3 өкілінен құралса, қазір 7-еуінің біреу ғана әділет органдарының қызметкері болып табылады.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрықтарымен Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесінде қылмыстық тергеу жұргізу Нұсқаулығы және Қазақстан Республикасы Әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің Ар-намыс кодексі әзірленді және бекітілді.
Министрліктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы жұмыстағы қызметті жандандыру және жаңа тәсілдер оң нәтижелер беруде жәнежалпы әділет органдарындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстардың біршама азаюына мүмкіндік берді.
Сыбайлас жемқорлық тәрізді әлеуметтік құбылыспен күресте нысаналы және жүйелі қызмет Министрліктің алдыңғы қатарлы міндеті болып табылады, осы бағыттағы жұмысты ұйымдастыру Қазақстан Рсепубликасы Әділет министрлігінің үнемі ерекше бақылауында болады.
Комитеттер мен аумақтық әділет органдары үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің этиканы сақтауы бойынша атқарған жұмыстары тураы статистикалық есеп бекітілді.Аумақтық әділет органдары мен Комитеттер ұсынған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша атқарылған жұмыстар туралы есебіне талдау жасалып, қорытылып тұрады. Тоқсан сайын әділет органдарының қызметкелері жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетімен бірлесіп салыстыру жүргізіледі

1.2 Әділет органдарының негізгі міндеттері
Әдiлет органдарының негізгі мiндеттерi жалпы мемлекеттiк даму стратегиясын әзiрлеу мен iске асыруға қатысу, заң жобасы жұмысын жүргiзу, заңдарды талдау, жетiлдiру, жүйелеу, нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына заң сараптамасын жүргiзу арқылы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдiгiн, Қазақстан Республикасының егемендiгiн, Қазақстан қоғамы мен мемлекетiнiң тұрақты және қарышты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңдарды қалыптастыруға қатысу.Заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және оларменжасалатын мәмiлелердi, жылжымалы мүлiктiң жекелеген түрлерiнiң кепiлдерiн, орталық мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiмен қатар азаматтық халықтық актiлерiн толықтай қабылдап, мемлекеттiк заңднамаға сәйкес тiркеудi жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiкесебiн жүргiзудi және оларға бақылау жасауды жүзеге асыру.
Қылмыстық жазаларды атқару, қылмыстық жаза атқару органдары мен мекемелерiнде құқықтық тәртiп пен заңдылықты қамтамасыз ету;
а) сотталғандардың түзелуiн ұйымдастыру;
б) сезiктiлердiң, айыпталушылардың және сотталғандардың, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiндегi азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз ету.
Cанаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру;
Құқықтық көмектi және заң қызметiн көрсетудi ұйымдастыру және құқықтық насихатты қамтамасыз ету.
Әдiлет органдарының құзыретiне жатқызылған қылмыстар туралы iстер бойынша анықтап, нақтылауды жүзеге асыру және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша заңға сәйкес iс жүргiзу;
а) Қазақстан Республикасының азаматтарынажеке куәлiктер мен паспорттар құжаттамалауды және берудi жүзеге асыру;
б) азаматтардыесепкеалуды және тiркеудi Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асыру;
Өздерiне Қазақстан Республикасының ата заңдарымен жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру болып табылады.
Әділет органдарының бір қатар атқаратын міндеттері: жалпымемлекеттiк даму стратегиясын әзiрлеу мен iске асыруға қатысу, заң жобасы жұмысын жүргiзу, заңдарды талдау, жетiлдiру, жүйелеу, нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына заң сараптамасын жүргiзу арқылы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдiгiн, Қазақстан Республикасының егемендiгiн, Қазақстан қоғамы мен мемлекетiнiң тұрақты және қарышты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңдарды қалыптастыруға қатысу.
Қазақстанның ұлттық мүдделерiн қорғау және Республиканың дүние жүзiлiк қоғамдастықтағы алдындағы беделiн артыру әрі нығайту мақсатында, соның iшiнде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын дайындау мен жасасу жолымен оның халықаралық аренадағы қызметiн айқындайтын құқықтық жағынан қамтамасыз ету.Заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi, жылжымалы мүлiктiң жекелеген түрлерiнiң кепiлдерiн, орталық мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiн, азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнің мемлекеттiк есебiн жүргiзудi және оларға бақылау жасауды жүзеге асыру.Құқықтық көмектi және заң қызметiн көрсетудi ұйымдастыру және құқықтық насихатты қамтамасыз ету. Сот-сараптама қызметiн ұйымдастыру және жүзеге асыру; қылмыстық жазаларды атқару, Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесiнде құқықтық тәртiп пен заңдылықтардың жүзеге асуын толықтай қамтамасыз ету.
Сотталғандардың жазасын толық өтеуін толықтай қамтамасыз ету, тәртібін түзелуін ұйымдастыру және де толықтай қадағалау бақылау ; сезiктiлердiң, айыпталушылардың және сотталғандардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесiндегi азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету; санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру; әдiлет органдарының құзыретiне жатқызылған қылмыстар туралы iстер бойынша анықтауды жүзеге асыру және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша заңға сәйкес iс жүргiзу;Қазақстан Республикасының азаматтары мен азаматшаларына жеке куәлiктер мен паспорттар құжаттамалауды және берудi жүзеге асыру.азаматтарды есепке алуды және тiркеудi Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды түрде бекітілген ережелерге сай қатаң тәртiппен жүзеге асыруын толықтай қадағалау болып табылады.

Әділет органдарының біртұтас жүйесіне Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі; Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің комитеттерін, аумақтық әділет органдары мен мекемелерін, қылмыстық атқару жүйесінің органдарын қамтитын әділет органдары жатады. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құрылымына кiретiн, Республика Премьер-Министрiнiң ұсынуымен Республика Президентi құратын, қайта ұйымдастыратын және тарататын орталық атқарушы орган болып табылады. Әділет министрлігін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және қызметтен босататын министр басқарады.
Қазақстан Республикасының әдiлет органдары (бұдан әрi - әдiлет органдары), өз құзыретi шегiнде мемлекеттiң қызметiн құқықтық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын, мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режимiне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететiн атқарушы билiк органдары болып табылады.
Әдiлет органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары құрайды.
Әдiлет органдары өздерiне жүктелген мiндеттердi шешу кезiнде орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдармен, оның iшiнде құқық қорғау және бақылау органдарымен, сондай-ақ лауазымды адамдармен өзара iс-қимыл жасап отырады.
2. Мемлекеттiкоргандар, ұйымдар мен лауазымды адамдар әдiлет органдарына функционалдық мiндеттердi орындауына және адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және мемлекеттiң мүдделерiн қорғауына жәрдемдесуге мiндеттi.
3. Әдiлет органдарының шет мемлекеттердiң мемлекеттiкоргандарымен және ұйымдарымен, оның iшiнде әдiлет органдарымен ынтымақтастығы халықаралық шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады.
4. Жергiлiктi атқарушы органдар қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудiң өзге де шараларын атқаратын мекемелердiң қызметiне жәрдемдесу жөнiндегi, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмектi ұйымдастыру жөнiндегi консультативтiк-кеңесшi орган құрады.
Қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде ұсталатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң қамтамасыз етiлуiн қоғамдық бақылау
1. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде ұсталатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң қамтамасыз етiлуiн қоғамдық бақылауды (бұдан әрi - қоғамдық бақылау) қоғамдық байқау комиссияларының мүшелерi Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
2. Қоғамдық байқау комиссиялары қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi әкiмшiлiктерiнiң қызметiне:
1) сезiктiлердiң, айыпталушылар мен сотталғандардың ұсталу жағдайын және оларды медициналық-санитарлық қамтамасыз етудi жақсарту;
2) сотталғандардың еңбегiн, бос уақытын, оларды оқытуды ұйымдастыруға қатысу;
3) сотталғандарға оларды босатуға дайындауда, тұрғын үй-тұрмыстық жайластыру, жұмысқа орналастыру, медициналық қызмет көрсету және әлеуметтiк қамсыздандыру, әлеуметтiк-психологиялық оңалту және бейiмдеу мәселелерiн шешуде көмек көрсету мақсатында жәрдемдесуге құқылы.
3. Қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнiң әкiмшiлiктерi қоғамдық байқау комиссиясының мүшелерi Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қоғамдық бақылау iс-шараларын жүзеге асырған кезде оларға жәрдемдеседi.
4. Қоғамдық байқау комиссиясының мүшелерi қоғамдық бақылау нәтижелерi бойынша қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнiң әкiмшiлiктерiне не қылмыстық-атқару жүйесiнiң уәкiлеттi органына аталған мекемелердiң қызметiн жақсарту жөнiнде ұсыныстар жiберуге құқылы.
Жалпы мемлекеттiк даму стратегиясын әзiрлеу мен iске асыруға қатысу, заң жобасы жұмысын жүргiзу, заңдарды талдау, жетiлдiру, жүйелеу, нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына заң сараптамасын жүргiзу арқылы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдiгiн, Қазақстан Республикасының егемендiгiн, Қазақстан қоғамы мен мемлекетiнiң тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңдарды қалыптастыру.
Әдiлет министрлiгiне жүктелген мiндеттердi шешу және функцияларды қамтамасыз ету үшiн Министрлiк жанында мекемелер, оқу орындары және басқа да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық қорғау қызметінің қағидалары
Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану
Прокуратура органдарын қаржыландыру
Құқықты қорғау органдары
Ұлды және қызды асырап алуды тәркеу, тегін, әкесінің атын өзгертуді тіркеу
Атқарушы биліктің нормашығармашылық қызметінің құқықтық негіздері
Прокурорлық қадағалау пәні бойынша дәріс тезистері
Қазақстан Республикасы әдiлет органдары
Нормативтiк құқықтық актi мәтiнiнiң мазмұны
Қазақстан Республикасы Прокуратурасы
Пәндер