Жануарларды тасымалдау шарттары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрлігі

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

ӨӘЖ: 355. 415 (574. 5) (079. 2)

Тунгышбаева Д. А

Түркістан облысы бойынша ветеринариялық шекаралық бекеттеріне талдау жасау

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы: 5В120200 - «Ветеринариялық санитария»

Нұр-Сұлтан 2020

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрлігі

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

Ветеринариялық санитария кафедрасы

«Қopғaуғa жібеpілді»

Ветеpинapлық caнитapия

кaфедpacының меңгеpушіcі

А. Е. Ешмухаметов

«___» мaмыp 2020 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Түркістан облысы бойынша ветеринариялық шекаралық бекеттеріне талдау жасау»

Мамандығы 5В120200-ветеринариялық санитария

Орындаған:
Д. А. Тунгышбаева
Орындаған::

Ғылыми жетекшісі:

в. ғ. к., аға оқытушы

:
Д. А. Тунгышбаева: С. С. Есенеева

Нұр-Сұлтан 2020

МАЗМҰНЫ

БЕТ
: АНЫҚТАМАЛАР
БЕТ: 4
: БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
БЕТ: 5
:

КІРІСПЕ

1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

БЕТ:

6

8

:
  1. Әдебиетке шолу
БЕТ: 8
:
  1. Шекарадағы ветеринарлық -санитарлық бақылау
  2. Шекаралық ветеринариялық бақылау бекеттері
БЕТ:

8

9

: 1. 1. 3 Жануарларды тасымалдау шарттары
БЕТ: 11
: 1. 1. 4 Экспорт және импорт
БЕТ: 14
: 1. 2 Өзіндік зерттеулер
БЕТ: 23
:

1. 2. 1Зерттеу нысанына жалпы сипаттама

1. 2. 2 Зерттеу әдістері мен жабдықтары

1. 3 Зерттеу нәтижелері

2 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

3 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ

ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША

БЕТ:

23

24

27

38

44

48

49

50

51

Б
Б: 4

Дипломдық жұмыстың тапсырмасы

«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ

Факультет Ветеринарияжәне малшаруашылығы технологиясы факультеті __

Кафедра__ «Ветеринариялық санитария»

Мамандығы___ 5В120200 - «Ветеринариялық санитария»

Кафедра меңгерушісі

_А. Е. Ешмухаметов

«»2020 ж

Тунгышбаева Дилнура Асылбеккызы

дипломдық жұмысты орындау бойынша

тапсырма

Жобаның (жұмыстың) тақырыбы Түркістан облысы бойынша ветеринариялық шекаралық бекеттеріне талдау жасау

Студент бітірген жобаның тапсыру мерзімі «11»2019 ж.

Жобаның шығыс мәліметтері. Республикамызға көптеген мемлекеттерден әр түрлі қолданыстағы жануарлар атап айтар болсақ жарыстық, асыл тұқымды, сойыстық, хайуанаттар бағына арналған, цирктік жануарлар жәнеде ет және ет өнімдері және де жпнуар текті шикізаттар тасымалданады. Дамыған мемлекеттер қатарына біртендеп еніп кележатқанымызға байланысты көптеген мемлекттермен қарым қатынастарда ұлғаюда соған байланысты басқа мемлекеттерден енетін аса қауіпті, экзотикалық індеттік аурулардан сақтанудан қажет етеді. Солай болғандықтан ветеринариялық бақылау және қадағалауды талап етеді.

Түсіндірме-есептік жазбаның мазмұны. Шекарадағы ветеринарлық -санитарлық бақылау. Шекаралық ветеринариялық бақылау бекеттері. Жануарларды тасымалдау шарттары. Экспорт және импорт. Өзіндік зерттеулер.

Графикалық материалдың тізімі. Дипломдық жұмыста зерттеу нәтижелері 7 кестемен бейнеленген.

Ұсынылған негізгі әдебиет.

1 Дәулетбаев К. Д. «Государственный ветеринарный надзор на границе и транспорте РК». - Алматы, С. 365-366.

2 Қосжанов Б. М Даулетбаев К. Д., Ақатов Ж. Б., ., Жанұзақов Н. Ж. 3«Государственный ветеринарный надзорна границе и транспорте Республики Казахстан» Алматы. Алатау, С 48-56

4 Тілеуғали А. И., Қырықбай С. «Мал дәрігерлік-санитарлық сараптау және мал шаруашылығы өнімдерінің технологиясы мен стандарттау негіздері». - Алматы. : Бастау, 1998 ж. - 104 -109 б.

Жоба бойынша кеңесшілер (оларға қатысты жоба бөлімдерін көрсетіңіз)

Бөлім
Кеңесші
Бақылау
мерзімі
қолы
Бөлім: Әдебиетке шолу
Кеңесші: Есенеева С. С.
Бақылау: 27. 01. 2020ж
Бөлім: Зерттеуматериалдары мен әдістері
Кеңесші: Есенеева С. С.
Бақылау: 01. 02. 2020ж
Бөлім: Объект сипаттамасы
Кеңесші: Есенеева С. С.
Бақылау: 16. 02. 2020ж
Бөлім:
Кеңесші: Есенеева С. С.
Бақылау: 10. 03. 2020ж
Бөлім: Экономикалық негіздеме
Кеңесші: Есенеева С. С.
Бақылау: 24. 03. 2020ж
Бөлім: Қоршаған ортаны қорғау
Кеңесші: Есенеева С. С.
Бақылау: 07. 04. 2020ж
Бөлім: Еңбекті қорғау
Кеңесші: Есенеева С. С.
Бақылау: 29. 04. 2020ж

Тапсырманың берілу күні « 11» 2019 ж

Жобаның жетекшісі в. ғ. к., аға оқытушы ЕСЕНЕЕВА С. С

Тапсырманы орындауға алған студент Тунгышбаева Д. А

АНЫҚТАМАЛАР

Дипломдық жұмыста келесі терминдер төмендегідей анықтамалармен қолданылды:

Қоршаған ортаны қорғау - табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі.

Табиғат ресурстары - қоғамның материалдық, мәдени және басқа қажеттерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық т. б қызмет процесінде пайдаланылатын құрамдас бөліктер.

Экологиялық талаптар - Қазақстан Респбликасының заңдық, өзге де заңға қосымша нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық актілерінде қамтылған өоршаған ортаға теріс әсер ететін шаруашылық және өзге де қызметті орындауға міндетті шектеулер мен ондай қызметке тыйым салу.

Қоршаған орта -табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен толықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралау жүйесі.

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

Бұл дипломдық жұмыста мынадай қысқартуларлар мен белгілеулер қолданылған:

ХЭК
- Халықаралық ветеринарлық кодекс
ХЭК:

МСҮ

ШВСП

- Халықаралық ветеринарлық кодекс:

-мемлекеттік стандарттық үлгі

- Шекаралық ветеринарлық-санитарлық бақылау пункттері

ХЭК: %
- Халықаралық ветеринарлық кодекс: - пайыз
ХЭК: 0 С
- Халықаралық ветеринарлық кодекс: - Цельсий градус
ХЭК: П
- Халықаралық ветеринарлық кодекс: - саны
ХЭК: ПР
- Халықаралық ветеринарлық кодекс: - преципитация реакциясымен
ХЭК: Га
- Халықаралық ветеринарлық кодекс: - гектар
ХЭК: а/ш
- Халықаралық ветеринарлық кодекс: - ауыл шаруашылығы
ХЭК: Г
- Халықаралық ветеринарлық кодекс: - грамм
ХЭК: Мл
- Халықаралық ветеринарлық кодекс: - миллилитр
ХЭК: См
- Халықаралық ветеринарлық кодекс: - сантиметр
ХЭК: МС
- Халықаралық ветеринарлық кодекс: - мемлекеттік стандарт
ХЭК: Л
- Халықаралық ветеринарлық кодекс: - литр

К І Р І С П Е

Шекарадағы және көліктегі ветеринарлық-санитарлық қадағалау дегеніміз мемлекеттік және мал дәрігерлігінің мекемелері мен ұйымдары жүзеге асыратын ветеринарлық-санитарлық шаралардың біріңғай жүйесі.

Нарықты экономикада елміздің ветеринарлық жұмыстарды іске асыру тәсілдерін өзгерту, агроөнеркәсіптік қадағалау кешені мен мемлекеттік шекара және көліктегі мемлекеттік ветеринарлық бақылауды күшейтуді талап етеді.

Еліміз әр түрлі мемлекеттермен сыртқы сауда қатынастарын жасай отырып, шет мемлекеттерден асыл тұқымды, спорттық, сойылатын және шаруашылықта қолданылатын жануарларды, зоопарктік және цирктік жануарларды, алуан түрлі мал өнімдері мен жануартектес шикізаттармен қамтамасыз етеді.

Көршілес елдермен экономикалық байланыстың артуына байланысты жұқпалы аурулардың, әсіресе, мал шаруашылығы үшін аса қауіпті экзотикалық аурулардың таралу ауқымы кеңейді. Осыған байланысты мемелекеттік ветеринарлық қадағалауды қатаң жүргізуді қажет етеді.

Жануарларды және жануарлардан алынатын өнімдері мен жануартектес шикізаттарды шет елге экспорттау және шет мемлекеттен импорттау кезіндегі мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық қадағалауды іске асыру үшін, кедендік бекеттерде арнайы шекаралық ветеринарлық бақылау бекеттері бар.

Шекаралық ветеринарлық бақылау бекетінің негізгі міндеті-елімізді аса қауіпті экзотикалық ауруларының қоздырушыларының енуінен қорғау, сондай-ақ Республикамыздан шығарылатын жануарлардың аурудан таза болуы.

Малды және мал шаруашылығындағы малдардан өндірілетін өнімдерін тиегенде, тасымалдағанда, түсіргенде және тасымалдау алдындағы дайындық жұмыстарын жүргізу кезінде қаралған тиісті ветеринарлық-санитарлық ережелердің орындалуын бақылап отыру жұмысын тікелей көліктегі және шекарадағы ветеринарлық бақылау пункттері, ветеринарлық бақылау бекеттері іске асырады.

Жануарлардан алынатын өнімдерді облыс сыртына тасымалдау техникалық талаптарды сақтап, жабдықталған автокөліктерде іске асырып және де алынған өнімдерге сәйкес температуралық режим сақталады.

Жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды және басқа да бақылаудағы жүктерді тасымалдау, импорттау, қатар ел арқылы алып өту кезінде мемлекеттік ветеринарлық қадағалауды қатаң жүргізу қажет.

Осыған байланысты, дипломдық жұмысты орындау барысында келесі мақсаттар мен міндеттерді қоямын:

-Түркістан обылысы бойынша бақылау және қадағалау иниспекциясы жөнінде жаплылама тоқталу.

- Жануарларды, олардан алынатын әр бір өнімді және де шикізаттарын тасымалдағанда, импорттағанда және экспорттағанда сонымен қатар ел арқылы алып өту кезінде мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүргізу арнайы ветеринариялық бекеттер арқылы жүзеге асады. Түркістан обылысы бойнша мұндай бекеттер 4 сол бекеттерге талдау жасау.

- Түркістан обылысы бойынша мемлекеттік ветеринариялық бекеттерге жеке тоқталу

1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Әдебиетке шолу

1. 1 . 1 Шекарадағы ветеринарлық -санитарлық бақылау

Ветеринарлық санитария ғылымының негізгі бір саласы бұл -Шекарадағы ветеринарлық-санитарлық бақылау. Шекарадағы ветеринарлық-санитарлық бақылау дегеніміз мемлекеттік ветеринарлық мекемелері мен ұйымдары іске асыратын ветеринарлық - санитарлық шаралардың біріңғай кешені. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің шекара мен көліктегі мемлекеттік ветеринарлық қадағалаудың Оңтүстік-Шығыс және Солтүстік-Батыс аймақтық басқармаларының аумақтық органының міндеті республика аумағына сырттан басқа мемлекеттерден енетін және тарайтын жұқпалы және экзотикалық аурулардан қорғау өзінің құзыреті шегінде. Аталмыш аймақтық бсқармалардың Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен тізім бойынша, барлық облыстарда бөлімшелері мен шекаралық ветеринарлық-санитарлық бақылау пункттері (ШВСП) құрылған. Шекара мен көліктегі мемлекеттік ветеринарлық қадағалаудың аймақтық басқармасы Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігіңің заңды ұйым құқығындағы дербес бөлімшесінің бірі болып саналады [1]

М. П. Бутконың пікірінше көліктегі ветеринарлық -санитарлық бөлімшелері мен шекарадағы ветеринарлық бақылау пунктінің жүзеге асыру жоспары жануарларды тиеу және түсіру кезіндегі ветеринарлық -санитарлық бақылау, аумақтағы жануар тектес шикізаттар мен өнімдерді, әр түрлі шаруашылықтағы ветеринарлық-санитарлық жағдайды қадағалау және де басқа мақсатта жүктерді тиеу кезінде міндетті түрде өткізілуі тиіс. Комиссия мүшелері: көліктің мемлекеттік ветеринарлық бақылау бөлімшесінен, қалалық ветеринарлық инспекторы, қалалық санитарлық қызмет өкілі мен темір жол қызмет өкілі [2] .

Шекара мен көліктегі мемлекеттік ветеринарлық қадағалаудың аймақтық басқармасы төмендегідей қызметтерді атқарады:

- елімізді басқа мемлекеттерден енетін және тарайтын жұқпалы және экзотикалық аурулардан сақтау;

- мемлекеттік ветеринарлық қадағалаудағы жүктерді тасымалдағандау барысында, импорттағанда және экспорттағанда, сондай - ақ осы жүктерді көліктердің барлық түрлерімен (темір жол, су, әуе, автокөлік қатынасы) жеткізуде жүктердің ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

- Мемлекеттік ветеринарлық қадағалау бақылауындағы жүктер тек қана (ауылдан, шаруашылықтардан, ұйымдардан) жұқпалы аурулардан таза және карантинде емес жерлерде шығуы керек. Аудан көлемінен шығарылатын бүкіл бақылаудағы жүктерге, жүк жіберуші тасымалдаушыға орнатылған үлгідегі ветеринарлық куәлікті көрсетуге тиіс. Егер бақылаудағы жүктер тек қана аудан көлемдегі тасымалданса, онда ветеринарлық анықтама беріледі [3] .

1. 1. 2 Шекаралық ветеринариялық бақылау бекеттері

ҚР ветеринария заңнамасы (2005) деректерінде Қазақстан Республикасының аумағына басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуының алдын-алу мақсатында мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру үшін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган шекарамен кеден пункттерінде (мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде) шекаралық ветеринариялық бақылау бекеттерін ұйымдастырады (бұдан әрі-бекеттер) .

Бекеттер міндетті түрде мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылауда болатын жүктер алып өтілетін шекара және кеден пункттерде ұйымдастырылады. Шекара маңындағы мемлекеттердің аумағында жануарлардың ерекше қауіпті аурулары шыққан кезде өткізу пункттерінде ветеринария саласындағы заңнамамен белгілеген кезде және тәртіппен көлік құралдарын дезинфекциялау ұйымдастырылады. Бекеттер мемлекеттік шекара арқылы өткізудің осы пунктінде белгіленген режимде жұмыс істейді және ветеринарлық инспекторлардың қажетті санымен жинақталады. Қазақстан Республикасының аумағына жануарлар жұқпалы және экзотикалық ауруларының қоздырғыштарын әкелудің және таратудың алдын алу, сондай-ақ басқа мемлекеттерден адамдардың денсаулығына, жануарлармен қоршаған ортаға қауіп төндірмеу мақсаты болып табылады. Көршілес мемлекеттердің аумағында жануарлардың жұқпалы аурулардың шығуына және таралуына жол бермеу мақсатында шекаралас облыстардың (аудандардың) мемлекеттік ветеринарлық органдары жұқпалы аурулардың шығу жөнінде бір-біріне дер кезде хабарлап, керек болса шекаралас аудандармен бірлесе отырып, аудандармен бірлесе отырып, аурудың жоюдың кезек күттірмейтін шараларын жүргізеді[4] .

Тасымал бекетінде тиеуге әкелінген малдардың арасында топалаңмен ауырған немесе осы ауруға күдік туғызған малдар анықталса, онда барлық малдар ұсталып тиеуге жіберілмейді. Барлық малдар мұқият тексерістен өткізіп, дене қызуын өлшейді. Ауру және ауруға күдікті малдар бөлектеліп ұстап топалаңға қарсы арналған қан сарысуын тиісті белгіленген мөлшерде енгізеді. Жергілікті мал дәрігер емдеу оқшауханасына жануарларды зарарсыздандыруға күмән тудырған қалған малдарды енжарлы тәсілмен иммундап, жөнелтуші шаруашылыққа кейін қайтарады. Топалаңға қарсы шараларды жүргізу үшін, ауру және ауруға кудікті малдармен жанасқан құрал-жабдықтар мен құрал-саймандарды дезинфекциялайды. Ал, құнсыз заттар мен азықтарды өртейді [5] .

Көліктегі ветеринарлық-санитарлық бақылау пункттері (КВСП) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның шекара мен көліктегі мемлекеттік ветеринарлық қадағалаудың аймақтық басқармасының құрылымдық бөлімшелері болып саналып, соның басшылығымен және бақылауымен өздерінің қызметтерін атқарады. Көліктегі ветеринарлық-санитарлық бақылау пункттері негізінен теміржол бекеттерінде, су жағалауының аялдамаларында, әуежайларда, автокөлік жолдарында жануарларды, өнімдер мен шикізаттарды және басқа да қадағалау-бақылаудағы жүктерді тиегенде, тасымалдағанда, түсіргенде мемлекеттік ветеринарлық қадағалауды жүзеге асыру үшін ұйымдастырылады [6]

Көліктегі ветеринарлық-санитарлық бақылау пункттеріне қадағадлау жұмыстары жүргізілетін аймағы анықталып беріледі және оларға осы аймақта орналасқан көліктегі ветеринарлық-санитарлық бақылау орындары (күзеттері) бағынышты. Көліктегі ветеринарлық-санитарлық бақылау пункттерінің мемлекеттік ветеринарлық инспекторлары өз жұмыстарында Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерін (актілерін) басшылыққа алады. [7]

1. 1. 3 Жануарларды тасымалдау шарттары

Малды, құсты тасымалдау арнайы жабдықталған автокөліктермен немесе қарапайым жүк машиналарын арқылы жүзеге асады. Міндетті түрде автокөліктер тасымал жағдайына байланысты тиісінше жабдықталуы қажет. Ал, Темір жол көлігімен тез бұзылатын жүктерді тасымалдау барысында тасымалдау жағдайы сапасына сәйкес болса, орамда көрсетілген стандарттарға және техникалық шарттарға сәйкес болған жағдайда ғана жіберіледі. Орамы бүтін, мықты, таза, зақымданусыз болуы керек. Теміржол көліктерімен тасымалдау жұқпалы аурулардан таза шаруашылығынан ғана рұқсат етіледі. Жүкті жөнелтуші тұлға өнімдер мен жануар тектес шикізаттардың әрбір вагонына тиісінше ветеринарлық куәлігін беріледі.

Теміржолдың әкімшілік басқармасы 12 сағат бұрын көліктегі ветеринарлық санитарлық бақылау пунктінің арнайы мамандырын жануартектес шикізаттың тиелетіндігін хабардар етуі керек. Жүктер тек қана ветеринарлық куәлікте көрсетілген бекетте және жүкті қабылдаушы тұлғаны көрсетілген мекен-жайына дейін тасымалданады. Малды қандай да бір жерге тасымалдау алдында дайындау шаруашылықтарда 5-7 күн бұрын жүргізіледі. Кейін тасымалданатын малдарды бірнеше топқа бөлеміз жынысына, жасына, тірілей салмағына, құндылығына байланысты. Сонымен қатар малды азықтандыру тәртібі, тасымалдау кезіндегі азықтандыру кестесін әзірлейді.

Жануарларды тасымалдау кезіндегі шарттары:

- малдың аз немесе көп болуына санына байланысты емес, автокөлік жүргізушісі мен бірге жауапты жолсерігі болуы керек.

-Жануарлар ұзақ сапарға 6 сағаттан астам тасымалданатын болса, онда жөнелтуші шаруашылық міндетті түрде қажетті мөлшерде азықпен қамтамасыз етеді. Жолда малды тәулігіне кем дегенде екі рет азықтандыру керек.

- Малдар 12 сағаттан астам уақыт тасымалданса, оларды әр 10-12 сағаттан кейін 2-3 сағатқа демалдырады. Тынықтыру кезінде жолсерік міндетті түрде жануарларды суарып, азықтандырады және автокөлік қорабын қидан тазалайды, жаңа төсенішке ауыстырады.

- Жануарлар автокөлікте бірқалыпты, қатты жұлқымай, оқыс тежемей, жайлы жүріспен сағатына жүру жылдамдығы 60 шақырымнан аспайтын жағдайда тасымалдануы тиіс.

- Малдар мал дәрігерінің бақылауынан өтіп, малдардың жалпы жағдайын және тасымалдауға жарамдылығы анықталады.

- Малды тиеу кезінде денесіне жарақат түсірмеу үшін арнайы баспалдағы бар қондырғылар қондырады.

- Жануарлар және құстар тасымалына арналған автокөліктер тасымал жағдайына байланысты жабдықталуы қажет. Ірі қара мал, шошқа, қой, ешкі тасымалдайтын автокөлік қорабы керек (100-110 см) биіктікте болу қажет[8, 9, 10] .

Шаруашылық жүктерінің, үй, жабайы, зертханалық жануарларын ет пен ет өнімдерін, жануар тектес шикізаттарды, биологиялық препараттарды, консервіленген қанды, малдың ұрықтарын, асыл тұқымды жұмыртқаларды өсіруге пайдаланатын балықтарды, араларды тағы да басқа жүктерді жедел тасымалдауда әуе жол көлігінің маңызы зор. Осы аталған жүктердің бәрі де арнай жағдайда сақтауды талап етіп, жедел тасымалдауда, қажет етеді [11] .

Жануарларды жарып сою, өнімдерді әзірлеу, өңдеу, сақтау және тасымалдаумен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың шаруашылықтарының індеттенулік және ветеринарлық-санитарлық жағдайларын зерттейміз, сонымен қатар жануарларды, мал өнімдері мен шикізаттарды тиегенде қатаң тексеруден өткізіп, ветеринарлық құжаттардың талаптарға сәйкестігін анықтап, дұрыс болған жағдайда ветеринарлық куәліктерге өздерінің қолтаңбаларын қойып тасымалдауға рұқсат береді. Егер жұқпалы аурулармен ауырған малдар табылған уақытта ол туралы тез арада шекара мен көліктегі Мемлекеттік ветеринарлық қадағалау бекетіне хабар беріледі [12] .

Жануарларды, құстарды, терілерді, сүйектерді және тағы да басқа шикізаттарды тасымалдаудан және ет комбинатында әрбір түсіруден кейін міндетті түрде дезинфекциялайды. Ет пен ет өнімдерін тасымалдау кезінде күн сайын, тасымалды аяқтағаннан кейін көлік құралдарын тазартып, ыстық сумен жуып, профилактикалық мақсатпен барлығын дезинфекциялайды. Автокөліктегі аэрозольді дезинфекциялауды саңылаулары бекітілген бөлімшелерде формальдегиттің 38-40% ерітіндісімен әрбір текше метріне 60 мл есебінен, 20 мин бойы жүргізеді. Бөлме ішінің ауа температурасы 10 0 С төмен болмауы тиіс және ылғалдылығы 50-95% болу шарт. Кейін автомобиль жүргізушісінің кабинасын 10-30 мин бойы желдетеді[13] .

Бақылаудағы жүктердің ветеринарлық-санитарлық талаптармен нормаларға сәйкес болмауы, сондай-ақ осы жүктерді әкелгендеталаптадың бұзылуы анықталған жағдайда жүк экспорттаушы елге қайтарылуға немесе заңда белгіленген тәртіппен жүк иесінің қаражаты есебінен залалсыздандыруға тиіс [14] .

Шекара маңындағы көршілес мемлекеттердің аумағында жануарлардың аса қауіпті аурулары тіркелген сәтте өткізу пункттерінде ветеринария саласындағы заңнамамен белгіленген тәртіппен көлік құралдарын дезинфекциялаудан өткізуді жүзеге асырады. Шекаралық ветеринарлық-санитарлық бақылау пункттерінің мемлекеттік ветеринарлық инспекторлары бақылауда болатын жүктерге берілген ветеринарлық сертификатты, уәкілетті органның рұқсатының бар - жоғын, жүктің атауына, салмағына, буып - түйілуіне, берілген құжаттардың санына, тасымалдау жағдайына сәйкестігін тексеріп, шетелдік ветеринарлық сертификаттың орнына ветеринарлық куәлікті беруі тиіс [15, 16] .

1. 1. 4 Экспорт және Импорт

Жүктердің импорты мен халықаралық транзитында, тараптардың аумақтарына әкелетін және аумақтары арқылы тасымалданатын бақылаудағы жүктерді алып кіруге немесе транзитпен өткізуге, міндетті түрде тараптардың орталық мемлекеттік ветеринарлық органдарының рұқсаты алдын-ала рәсімделеді. Осылармен қатар қозғалыс маршруты келісіледі.

Тараптардан экспортқа шығару кезінде Халықаралық эпизоотиялық бюроның ветеринарлық-санитарлық кодексінің талаптарына жауап беретін шекарадағы мемлекеттік ветеринарлық қадағалаудың бақылауындағы жүктердің ветеринарлық сертификатты жіберуші-мемлекеттің шекарасындағы ветеринарлық бақылау пункті тұрған жерде рәсімделеді. Экспортталатын жүктер басқа тараптардың аумақтары арқылы транзитпен тасымалдағанда олардың ветеринарлық органдарының рұқсаттары керек. Тараптар шекарасындағы мемлекеттік ветеринарлық қадағалаудың бақылауындағы жүктердің импортында бірыңғай ветеринарлық талаптар пайдаланылады. Осылардың негізінде тараптар екі жақты тәртіппен келісе алады және импортталатын жануар текті жүктердің ветеринарлық сертификаттарын экспортер-мемлекеттің ветеринарлық қызметімен алдын-ала сәйкестендіріп қол қояды. Осы жағдайда ветеринарлық сертификаттардың үлгілерін жүк тасымалын іске асыратын шекарадағы бақылау пункттеріне береді.

Ветеринарлық куәліктер мен ветеринарлық анықтамалар орыс тілінде, ал ветеринарлық сертификаттар-орыс тілінде және экспортер елдің (импортер) елдің тілінде немесе орыс және ағылшын тілдерінде сиямен (пастамен) немесе басқа құралдарымен толтырылады. Әуе жолымен, су және темір жол көлігімен тасымалданатын жүктердің ветеринарлық куәлігі бір нөмірімен 2 дана толтырылады. Бір жүктердің ветеринарлық куәлігі бір нөмірімен 2 дана толтырылады. Бір данасының оң жақ жоғарғы бұрышында (жүкпен бірге жүретін адамға берілетін) «Дубликат» жазуы болады. Бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторлар ветеринарлық жолдамалық құжаттар беруге құқылы мамандардың жұмысына үнемі бақылау жүргізіп және есебін алып отырады [17]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүкті тасымалдауға қабылдау
Еуропалық конвенция жануарды халықаралық тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік жайлы мәлімет
Жылқы жануарын тасымалдау сәті
Европалық конвенция жануарды халықаралық тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік
Мемлекеттік шекарадағы ветеринарлық - санитарлық бақылауды ұйымдастыру
Анықтау ауруларын жылқы
Евразиялық экономикалық қауымдастығына мүше мемлекеттердің аумағына жануарлар, жануар текті шикізаттарға қойылатын ветеринариялық талаптар. Жануарларды айдап жеткізу кезіндегі ветеринариялық-санитариялық қадағалау
Жүктердің физика - химиялық қасиеттері
Шекарадағы және көліктегі ветеринарлық-санитарлық қадағалау
Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz