Қаржы сауаттылық негіздері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Реферат
Пән: Қаржы сауаттылық негіздері
Тақырыбы: Үй шаруашылық қаржысы

Орындаған:Ермұқан Нұржан Нұрланұлы
Тобы: Экк-91

Көкщетау 2021
Кіріспе
Үй шаруашылығы қоғамның əлеуметтік-экономикалық құрылымының элементі ретінде талданады, сонымен бірге адами капитал теориясы тұрғысынан оның əлеуметтікэкономикалық рөлі қарастырылады. Үй шаруашылығының қаржысына жəне оның əлеуметтік тұрғыдан ерекшелігіне ерекше мəн беріледі. Капиталдың толық айналымы өндіріс үдерісінің едəуір бөлігін қамтып отырған нарықтық қатынастар жағдайындағы қаржы жүйесінің дербес буынына үй шаруашылығының қаржысын бөліп көрсету бір қатар факторларға байланысты болып отыр. Үй шаруашылығы əлеуметтік-экономикалық агенттер ретінде негізінен отбасы мүшелерінің тіршілік əрекетін қолдауға қажетті игіліктерді тұтыну туралы шешім қабылдайды. Соңында барлық əлеуметтік-экономикалық ресурстар үй шаруашылығына жатады, алайда бұл ресурстар олардың арасында өте əркелкі бөлінген. Үй шаруашылықтарының басым көпшілігі жұмыс күшін иеленіп, басқарады.

Капиталдың толық айналымы өндіріс үдерісінің едəуір бөлігін қамтып отырған нарықтық қатынастар жағдайындағы қаржы жүйесінің дербес буынына үй шаруашылығының қаржысын бөліп көрсету бір қатар факторларға байланысты болып отыр.

Үй шаруашылықтары экономикалық қызметтіңмаңыздысубъектілерінің бірі болып келеді, олардың нəтижелерінен жеке шаруашылық бірлігінің ғана емес, жалпы елдің бүкіл халқының əл-ауқаты тəуелді болады. Экономикасының аса ірі субъектілері бола отырып, коммерциялық кəсіпорындармен жəне мемлекетпен бірге үй шаруашылықтары барлық макрореттеуші үдерістергеқатысады. XXI ғасырда экономиканың жандана түсуі үй шаруашылықтарын белсенді тіршілік етуге жеткізді .
Үй шаруашылығы əлеуметтік-экономикалық агенттер ретінде негізінен отбасы мүшелерінің тіршілік əрекетін қолдауға қажетті игіліктерді тұтыну туралы шешім қабылдайды. Соңында барлық əлеуметтік-экономикалық ресурстар үй шаруашылығына жатады, алайда бұл ресурстар олардың арасында өте əркелкі бөлінген. Үй шаруашылықтарының басым көпшілігі жұмыс күшін иеленіп, басқарады. Нарықтық экономикада жұмыс күші үй шаруашылығы шеңберінде жасалатын жəне өндіріс факторлары нарығында ұсынылатын негізгі тауар болып жасалынатын жеке өндіріс факторлары нарығында ұсынылатын негізгі тауар болып табылады. Өзінің ресурстарын сатудан табыс ала отырып, үй шаруашылықтары əртүрлі тұтыну игіліктерін сатып алу үшін шектелімді табыстарды бөлу туралы шешімдер қабылдайды. Үй шаруашылықтарының басты əлеуметтікэкономикалық мүддесі сатып алынатын игіліктердің пайдалылығын барынша көбейтуде. Үй шаруашылықтарының тұтыну игіліктерін таңдауы нарықтық экономикада сұранысты қалыптастырады .
Үй шаруашылығының қаржысы, тұтас алғанда қоғам қаржысы секілді, шаруашылық мүдделерінің материалдық жəне əлеуметтік жағдайларын жəне олардың ұдайы өндірісін қамтамасыз ету мақсатында ақшалай қорларды қалыптастыру жəне пайдалану жөніндегі экономикалық ақшалай қатынастар болып табылады. Жеке отбасы деңгейінде қаржы жүйесінде буын бола отырып, ол қоғамның əлеуметтік-экономикалық құрылымының бастапқы элементі болып келеді. Ішкі жалпы өнім мен ұлттық табыстың құнын жасауда, алғашқы бөлуде жəне пайдалануда шешуші маңызы болатын коммерциялық кəсіпорындар мен ұйымдардың қаржысынан айырмашылығы үй шаруашылықтарының қаржысы қаржы жүйесінің басым буыны болған емес жəне қаржылық қатынастардың жалпы жиынтығында маңызды болғанымен бағынышты рөл атқарады .
Үй шаруашылықтары қаржысын адами капиталдың даму тұрғысынан қарастырған маңызды. Адами капитал тұжырымдамасын өткен жүз жылдықтың 60-жылдарының басында тұңғыш рет Т. Щульц ұсынды. Адами капитал деп жұмыскерлердің қабілеттілігін, білім жəне іскерлігі түсініледі, олар жұмыскерлерге əлеуметтік жəне экономикалық салаларда белсенді іс-əрекет етуге мүмкіндік береді. Бұл сапалар, бірінші кезекте, ұлттың білім жəне денсаулық деңгейімен айқындалады. Адами капиталдың негізгі элементтеріне, Г. Беккердің ұсынысына сəйкес:
- білім капиталы (жалпы жəне арнаулы білімдер);
- өндірістегі даярлық капиталы (біліктік, машық, өндірістік тəжірибе);
- денсаулық капиталы;
- экономикалық мəнді ақпараттарға ие болу капиталы (бағалар мен табыстар туралы ақпараттығы);
- көші-қон капиталы (жұмыскерлердің жұмылдырылғыштығын қамтамассыз ету);
- экономикалық қызметтің уəждемесі жатады
. Осыдан адами капитал жұмсалатын инвестиция, яғни адам дамуына қаражаттар жұмсау, қызметтің талдамалы саласында шеберлікті арттыру, адам тұрмысының рухани жəне табиғи жақтарын жетілдіру ұғымы дамыды. Адами капиталға жұмсалатын инвестициялардың жалпы экономикалық сипаттамасы олардың рентабелділігі нақты капиталдағы пайдадан əлдеқайда көп болып табылатындығында. Бұл тұжырымдар дамыған капиталистік елдерге ағарту жəне кадрларды даярлау саласының теңдей дамуы үшін теориялық негіздеу болды. Адами капиталдың бірнеше қағидаларының арасынан маңызды қағидаларын бөліп көрсетуге болады:
- адами ресурстарды сақтау жəне дамыту қоғамның ұзақ мерзімді экономикалық дамуы үшін негіз болып табылады;
- адами капиталдың сапасы ұлттық білім, ғылым, мəдениет жəне денсаулық деңгейімен айқындалады;
- адами капитал ұдайы өндірілетін капиталдың кез келген басқа нысаны секілді, тозуы мүмкін жəне тұрақты қолдауды талап етеді;
- егер оның сапасына (білім, денсаулық, ғылым жəне т.б.) əсер ететін факторлары нашарласа, адами капитал құнсызданады.
Ішкі мүмкіндіктермен қамтамасыз етілетін үй шаруашылықтарының едəуір əлеуеті жөнінде ЖІӨ-дегі үй шаруашылықтары жасайтын өнім мен қызметтердің салыстырмалы жоғары жəне əрдайым көбейіп отырған үлесі растайды (17,6% соның ішінде: 16,9% үй шаруашылықтарының секторы бойынша жəне 0,7% үй шаруашылығына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдарының секторы бойынша). ІЖӨ-ні нақты түпкілікті тұтынуға пайдалануда үй шаруашылықтарының секторы 50,7 пайызды алады .
Үй шаруашылықтары қаржысының мəні өзінің көрінісін функцияларда табады. Г.Б. Поляктың пікірі бойынша екі негізгіфункция бар. Ол функциялар осы үй шаруашылығының қаржыларының мəні көрінеді: отбасының қажеттіліктерін ақшалай қаражаттармен қамтамасыз ету; бөлу. Бұл функция бұл отбасы мүшесінің өмір сүруінің нақтылы жағдайларын жасайды. Нарықтық қатынастардың дамуы бұл функцияның көрінуі нысанына айтарлықтай əсер етеді. 2010 жылғы ҚР статистика Агенттігінің мəліметтері бойынша, үй шаруашылығын іріктеу зерттеу мəліметтері бойынша Қазақстанда . Қалалық жерлерде4, с.149үй шаруашылығының орта өлшемі 3,4 адамды құрайды отбасының өлшемі 3 адамды, ал ауылдық жерлерде 4,1 адамды құрады. Соңғы бес жыл ішінде (2006-2010 жж.) номиналды қаржылық кіріс өсімі тұрақты емес болды, оған 2008-2009 жылдардағы экономикалық кризис те өз əсерін тигізді. 2009 жылы номиналды қаржылық кіріс көлемі тез азайып кетті. Егер алдыңғы жылдары кірістің жылдық өсімі 30-50 пайызды құраса, 2009 жылы нақты қаржылық кірістің индексі алдыңғы жылға сəйкес келетін периодта 103,9 пайызды құрады. 2010 жылы жағдай кішкене түзелді, көрсеткіштер 118,1 жəне 110,2 пайызды құрады. Егер де аймақтық көрсеткіштер бойынша салыстырмалы талдау жасайтын болсақ, онда Алматы қаласындағы жан басына шаққандағы орташа кіріс Қазақстанның барлық аймақтарымен салыстырғанда көлемі жоғары болады. Бұл Алматы қаласында жұмыс орындарының көп екендігін, яғни ірі компаниялардың офистері, қаржылық сектордың болуын, орта жəне кіші бизнес, мемлекеттік мекемелердің көп болуын білдіреді.
Алайда еліміздің əлеуметтік-экономикалық жағдайының нашарлауы халықтың табысына əсер етеді. Экономикалық кризиске дейін номиналды қаржылық табыс динамикасының өзгеруі Алматы қаласында көп байқалды, алайда 2009 жылдан бастап мұнда табыс көлемі еліміздегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тарихи-педагоги-калық негіздері
Экономикалық тәрбие ұғымы
Кәсіпкерлерге арналған қаржы
Нарықтағы тұтынушылардың қаржы қызметтерінің қалауын зерттеу
Жоба бойынша қоғамдағы қажеттілік пен мәселелер
ХАЛЫҚТЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жаңа медиа және ақпараттық мәдениет
Қазақстандағы орта жастағы халықтың қаржылық сауаттылығының жағдайы
Бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылық пәні арқылы логикалық ойлауын қалыптастырудың әдістемесі
Қазақ тілінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Пәндер