Дәстүрлі қазақ қоғамында дамыған киіз жасау өнері - киіз басу


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
«Мәдениет және өнер» факультеті
«Хореография және мәдени-тынығу жұмысы» кафедрасы
Ұлттық қол өнері
Дипломдық жұмыс
Орындаған: күндізгі бөлімнің
4 курс студенті: Жақан Д. Е
Ғылыми жетекші: аға оқытушы, магистр
Абуова Р. С.
Қорғауға жіберілді:
маусым 2021 ж.
Кафедра меңгерушісі Айтқалиева Қ. Д.
Орал - 2021
МАЗМҰНЫ
Кіріспе. 3
I. Халықтың көркем қолөнері
I. 1. Ұлттық қолөнер - тәрбие көзі . . .
I. 2. Қолөнер туралы түсінік оның түрлерінің даму тарихы. .
1. 3. Ою-өрнек- өрелі өнер
II. Ұлттық қолөнердің бала тәрбиесіндегі маңызы
II. 1. Ұлттық қолөнер арқылы мектеп оқушыларының кәсіби шеберлігін қалыптастыру . .
II. 2. Тоқыма өнерін қолдана отырып, қыздардың шығармашылық қабілеттерін дамыту . . .
II. 3. Қолөнерді дамыту арқылы ұлттық рухымызды көтеру .
III. Шығармашылық жұмыс
Қорытынды. .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Өзектілігі: Қазақ қолөнері - қолданбалы безендіру өнерінің дәстүрлі ұлттық саласы. Тарихын тереңнен тартқан қолөнеріміз дәстүр сабақтастығын ешуақыттыда үзбеген. Рухани мәні мен мәдени құндылығын жоймай келеді. Атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан қазақ қолөнерінің кез-келген саласы - қазақтың рухани, тарихи баға жетпес байлығы, мол мұрасы.
Қазақстанның дәстүрлі халықтық және қазіргі сәндік-қолданбалы өнерлерінің арасында тікелей әрі табиғи байланыс барлығын айрықша атап өту ләзім. Атап айтар болсақ, қазіргі замандық көптеген авторлар халық өнерінен шабыт, білім, технологиялық тәсілдер мен арқау, желілер алады. Сәулет өнерінің ескерткіштері мен сақ алтындары, тастағы таңбалар, киіз, кілем-сырмақтар, текеметтер, зергерлік бұйымдар мен әсем әшекейлі басқұрлар- міне мұның барлығы кәсіби суретшілердің шығармашылығында талданып, қайтадан ой елегінен өткізіліп, сәндік өнердің жаңа формаларын жүзеге асырудағы эстетикалық әрі философиялық аспапқа айналады.
Қазақстаннаң сәндік өнерінің, арнайы білім алған суретшілер шығармасы ретінде, XX ғасырдың 50-жылдарының аяғына таман, өзіндік бағыты қалыптаса бастады. Нақ осы мезгілден былай қарай Қазақстан көрмелерінде мүсін, графика, кескіндемемен қатар кәсіби қолданбалы өнер суретшілерінің шығармаларыда үнемі орын алатын болды. Бұдан бұрынғы кездері сәндік өнерге арналған әртүрлі музейлер мен көрмелердің залдарына негізінен халық шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдар қойылатын. Мұның өзі қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің сақталуы мен дамуына аса зор пайдасын тигізді.
Алғаш рет суретші-қолданбашылардың жұмыстары Бірінші Республикалық халық және сәндік өнер көрмесіне 1957 жылы қойылды. Ол кезде халық шеберлері мен сәндік өнер суретшілері шығармашылықтарының арасындағы өзгешелік әлі жеткілікті түрде зерттелмеген болатын. Қазақстанда мұндай ерекшелікті таразылау 60-жылдарда, сәндік-қолданбалы өнердің әр саласынан білім алған авторлар легі белсенді еңбек етіп, көрмелерге кеңінен қатынаса бастағанда ғана мүмкіндік болды.
Халық шығармашылығындағы көркемөнер стилі мен технологиясы ғасырлар бойы екшелеген. Эстетикалық және функциональдық қағида ережесі тұрмыс жағдайларына мейлінше сәйкестендірілген. Әрине бұдан бас тартып, алшақтасақ, қалыптасқан бүкіл өмір салты бұзылған болар еді. Кәсіби авторлардың өнерінде, еркін шығармашылық ізденіс принциптері негізінде батыл да тәуелсіз көркем идеяларды жүзеге асыруға қажет шынайы шексіз мүмкіншіліктер жинақталған.
40жылдан аса уақыт ішінде Қазақстанның сәндік өнерінде: гоблен, кесте, ши, батик, зергерлік өнер, керамика, фарфор, шыны, киізді көркемдеу, ағаш, металл, тері, әртүрлі материалдың сәндік плактикасы және т. б. жан-жақты даму мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар төмендегідей етіп жеткізуге болатын бірнеше негізгі тенденциялар қалыптасты:
Халық өнерінің тікелей аналогтарын жасау.
Бұл бағытта екі басты мәселе- белгілі бір қағидаға бағыну мен халық шығармашылығында технологиялық тәсілдерді зерттеу қолға алынды.
Бүгінгі Қазақстанның мәдениеті үшін дәстүрді сақтау аса маңызды, олай дейтініміз, осы өнердің көптеген түрлерінде, мысалы теріні, сүйекті, ағашты өңдейтін, дәстүрлі қару-жарақ жасайтын халық шеберлері азайған үстіне азайып барады. Бұл сала бойынша бірталай іс тындырғандар: Дәркенбай Шоқпаров, Мейірхан Әбдірахманов, Аманкүл Иханова, Жәңгір Үмбетов, Қырым Алтынбеков, Ғариф Жалмұханов, Рахымбек Бердімбетов. Алматы маңында тау етегінде біраз жылдардан бері өмір сүріп келе жатқан, тұтас бір елді мекенді «Шеберлер ауылын», халық өнерін сақтау ісіндегі ғана емес, тұтастай алғанда бүгінгі Қазақстан мәдениетіндегі, бірегей құбылыс десек артық айтқандық болмас.
Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептерде қолөнер бағытында үйірмелер жүргізіліп келеді. Онда оқушыларды қазақ халқының төл өнерінің тарихымен таныстырып, олардың өзіндік өнеге үлгісін, бейнелеу ісін орындаудың технологиясын, бұйымдарды көркем өңдеу тәсілдері арқылы орындау мәселелері қарастырылады. Осы мұраларды қоғамдық өмірде тиімді пайдалана білу үшін оны тереңірек оқып үйреніп, толық дәрежеде игеру қажет.
Қазіргі кезде біздің елімізде жаппай ұлттық өнерді оқушыларға үйретуге көп көңіл бөлініп отыр. Осыған орай елбасымыздың халыққа жолдаған жолдауында еліміз дамыған 50 мемлекеттің қатарына енуі, экономика, мәдениет, білім, өнер салаларының дамуы басты мақсатқа қойылып отыр. Ата-бабамыздан сыр шертіп келе жатқан қолөнер туындыларын, олардың тарихтарын жас ұрпақтың бойына сіңдіру, қазақ халқының өнерімен шет елдерді таныстыру менің де басты міндетім деп білемін. Өнердің бір турі кестелеу өнерін оқушыларға үйретіп, тігу жолдарын, әдістерін қарастырдым. Ерте заманнан келе жатқан кесте тігу өнерін осы күнде мектеп қабырғасында сыныптан тыс үйірме жұмыстарында үйретудің жүйелі жоспарын құру арқылы жасап шығару, сонымен бірге осындай жұмыстар арқылы балаларға эстетикалық тәрбие бере отырып, оқушының ой-өрісін дамыту және патриоттық сезімін ояту болып табылады.
Мәңгілік ел ата- бабамыздың сан мың жылдан бері асыл арманы. Біз армандарда ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргетасын қаладық. Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Қыздар өз бойларынан имандылық, ибалық, іскерлік қасиеттерін көрсете білсе, нұр үстіне нұр болар еді.
Жұмыстың мақсаты: Қазақ халқының мол қолөнер үлгілерімен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету. Қыздарға әсемдікті тани білуге баули отырып, эстетикалық ой өрісін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу. ”Қыз баланы тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз” қағидасымен қазақ қоғамында ғсырлар бойы қалыптасқан отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарға негізделген отбасы мәртебесін нығайту. Қыз тәрбиесін халықтық қолөнері арқылы ұлттық мәдениетке баулу, ұлттық тәрбие беру;
Жұмыстың міндеттері: - әдебиеттерді зерделеу; - қыздарға қолөнер арқылы ұлттық тәрбие беруді қалыптастырылу,
-еңбектік іскерлік пен қабілет әрекеттерінің көрінісін айқындау; - қолөнер арқылы бос уақытты тиімді ұйымдастыру
ұлттық ою-өрнектерді пайдалану мен үйрету шарттарын сипаттау.
Ғылыми мәні мен жаңашылдығы:
1. Қыздар бос уақыттының мәдениетті өтуі деңгейі
2. Қыздардың қолөнерге деген қызығушылығын әдіс-тәсілдерін анықтау;
3. Жастар арасында мәдени- демалыстарды эстетикалық тәсілмен ұйымдастыру;
4. Қыздар тәрбиесінің мәдениетінің ұйымдастыру деңгейі
Зерттеу әдістері. Талдау, сауалнамалар сұрақтары, сценарилер құрастыру әдісі.
Жұмыс құрылымы : кіріспеден, екі тараудан, шығармашылық жұмыстан қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе
Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, бейнелеу сияқты шығармашылық өнер жиынтығын айтады. Шын мәнінде қолөнер түрлерінің әрқайсысының талай ғасырлық тарихы бар.
Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім-кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің кәсібі етіп, оларды күнбе-күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап, өмірде сән-салтанатта құра білді. Бұдан біз халық шығармашылығының қандай түрі болсада, халық өмірімен, сол халықтың қоғамдық тарихымен, күн көрісімен, кәсібімен тығыз байланысты екенін көреміз.
«Халықтың қолөнеріне әдет-ғұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал-жабдықтарда кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш керует, сандық жасап, кілем, сырмақ, қолдан әр алуан ыдыс-аяқ, алтыбақан, асадал, бесік және т. б. көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасап, түрлі нақыштармен әшекейлейтін болды. Қолөнерінде көңілге қонымды мәнерлермен ондаған қолданылған әдістер архитектурада кеңінен қолданылып келеді. Ертеден біздің заманымызға дейін сақталған мазарлармен ескерткіштердегі, діни әр түрлі құрылыстарлың қабырғаларымен мұнараларындағы сәнді өрнектер, ағаштан қиюлап, тастан қашалып жасалған діңгектер - халық қолөнерінің тамаша туындылары. Саз балшықтарды күйдіріп, ағашты майлап кептіру, бейіт, қорған, және т. с. с. салуда қолданылған балшықты қыл, жүн, шөп-шалам араластырып илеу тәсілдері де өте ертеден-ақ халықтың іздену талабынан, қоғам дамуы процесінен туған айла- тәсілдер. Батырлық пен саяхатшылыққа қажетті садақ пен жебе, айбалта мен шоқпар, сойыл мен басмойын, аңшыларға қажетті құстың тұғырымен томағасы, балдағы мен аяқ бауы сияқты көптеген жабдықтарда қазақ халқының тұрмыс салтына, кәсібіне байланысты туғандығы сөзсіз.
Мал шаруашылығына қажетті желі, шылбыр, ноқта, бұршақ, кісен, қада, ер-тұрмандардыда халық даналары ойлап тапты. Зергерлік, кестешілік, және оюшылық өнерді дамытты. Халық өнерпаздары құмнан тастан, саздан, мал мен аң терілерінен әшекейленген нақышты мүліктер, домбыра, қобыз, сыбызғы, шаңқобыз сияқты музыка аспаптарын жасады.
Халықтың қолөнеріндегі мүліктерінің бір тобы үй іші жабдықтары болса, екінші тобы- қайыс өру, қару-жарақ, көшу-қону, жол-жорық жабдықтары еді. Шеберлер тас қашау, сүйек ою, ағаш ию, мүйіз балқыту, металды өңдеп өрнектеу сияқты ауыр кәсіппенде шұғылданды. Сондықтан қолөнер «еркектерге тән іс», «әйелдерге тән іс» деп екіге бөлінеді. Мысалы, тастан, балшықтан, сүйек пен мүйізден, металл мен ағаштан бұйымдар жасап, оны әсемдеу сияқты ауыр жұмысты ер азаматтар атқарады. Кесте тігу, жиек жүргізу, өрмек тоқу, ши орау, сырмақ сыру, киім тігу сияқты нәзік жұмыстарды әйелдер атқарды. Тері илеу, киіз басу, ши тарту, шом, жазы жасау жұмыстарын еркектер мен әйелдер бірлесіп істеді. Бірақ еркектер киім пішу, тері ыстау жұмыстарынан да шет қалған емес.
XIX ғасырда және XX ғасырдың бас кезінде қазақ халқының қолөнері ішінде киіз үйдің сүйегін, ағаш төсек жасау, ағаш өрнектеу, киіз басу кең өріс алды. Бұл кезде жастарға арнап ер-тұрман мен белдік, қыз-келіншектерге арнап сәукеле, шашпау, білезік, сырға, жасап оларды түрлі түсті өрнектермен әшекейлеу өнері де өрістей түсті. Қазақ халқының «Қарыс қызы-балықта, қалың қазына - халықта» деген мақалды да осы өнер молшылығынан туған еді.
Әрине, жоғарыда аталған қолөнердің бір қатары өте көп еңбек етуді керек етті. Беретін келе, адамзат қоғамы дамыған сайын қолөнердің біразы жаңа әдіс тауып, жаңа түрге ие болды, кейбіреулері тұрмыс қажетіне жарамсыз болғандықтан тіпті қолданылмады. Күйген кірпіш пен темір бетон, цемент пен шлак сияқты және басқада сапалы материалдар бұрынғы материалдарды ығыстыра береді. Енді илеген балшыққа май салу, жылқы қылын, түйенің жабағысын қосу керексіз болып қалды.
Халақтың мәдени дәрежесі өскен сайын тұтыну бұйымдары мен жабдықтардың сапасына қатты талап қойып, олардың әрі ұнамды, әрі сәнді болуын қалады. Еңбек үстіндегі шығармашылық ізденудің нәтижесінде тұрмысқа керекті заттардын алуан түрлері жасалып отырды. Сонымен қатар жиһаздардың ою-өрнектері де талғамға қарай жаңа мәнер, жақсы әшекейлермен безендіру және жиһаз-мүліктердің жаңа түрлерін шығару талабы да арта түсті. Фарфордан, тоттанбайтын металдан, эмаль жалатқан темірден, пласмассадан, жасанды талшықтардан жасалған жарасымды жаңа жиһаздар көбейді. Халық әлі де болса тұтынып келе жатқан ұлттық мүліктердің түрлері мен сапасы жаңарды. Техникамен жабдықталған фабрикалар мен кәсіпшілік артельдерінде кілем тоқылып, шифоньер, кітап сөрелері жасалды. Тігу ісі мен кестелеу өнері де машинамен орындалды. Тастан қашап, сүйектен оюлап, құмнан құйып жасайтын бұйымдар енді заводтарда көптеп шығарылды.
Бұл айтылғандардан қолөнер халық тұрмысында ежелгі маңызын жойды, ендігі жерде онымен шұғылданудың керегі жоқ деген ұғым әсте тумайды. Қайта халық қолөнерінің бай мұраларын жинап, сұрыптай отырып, заманымызға лайықты сапа, түр беру әдісімен оларды ілгері дамыта беру керек. Мысалы, жеңіл күпі, қаптал шекпен, саптама етік, түлкі тымақ, жүн қолқап, бөкебай, шарф сияқты ұлттық киімдер малшылар қауымы үшін қазір де қажет. Киіз үйдің сүйегі, үзік-туырлық, қымыз саба, тері қауға мен ер-тоқым тұрмандары керексіз деп ешкім де айта қоймады. Осыған байланысты осы еңбекте қазақтың халықтың қолөнері саласының біраз түрлене тоқталып өтуді жөн көрдік. Олар: ою-өрнектердің түрлері, олардың атаулары мен қолданылатын орындары. Өрнектердің түрленіп даму тарихы мен кейбір өрнек элементтерінің үлгісі;
Жүн және одан ұқсатылатын заттар . Қой, түйе жүндері, ешкінің түбітімен қылы, олардың түрлері мен атаулары. Жылқы қылы мен қоянның, құстың жүндері, олардан жасалатын заттар. Бізбен, сыммен шұлық, қолқап, шәлі тоқу жолдары;
Киіз басу. Мұнда жүн сабау, киіз басу, текемет, сырмақ сияқты заттарды өрнектеу әдістері мен жұмыс процесі айтылады, кейбір істердің үлгі-суреттері келтіріледі;
Кестешілік пен көркем тігіс өнері, олардың түрлері, атаулары, кестелеу әдістері, керекті құрал-жабдықтары, өрнек түрлері мен қазақ қол тігісі;
Зергерлік өнері, зергерлер жасайтын сәнді бұйымдардың түрлері мен атаулары, зергерлік ісінің өзгешелігі, оған керек жабдықтар мен істеу әдістері. Ат-тұрман, теңге, моншақ, шолпы жасаудағы зергерлер ісінің және т. б. жайлардан деректер келтіріледі.
Қазақтың дәстүрлі және қәзіргі сәндік-қолданбалыөнерлерінің арасынды тікелей әрі табиғи байланыс бар екені айғақ. Сәулет өнерінің ескерткіштері мен сақтардың алтындары, тастағы таңбалар, киіз, кілем, сырмақ, текеметтер, зергерлік басқұрлар қазіргі таңда кәсіби суретшілердің көркем шығармашылығында талданып, қайтадан ой елегінен өткізіліп, сәндік өнердің жаңа пішіндерін жүзеге асыра отырып, эстетикалық талғамын философиялық танымда айқындайды.
Халықтың көремөнер шығармашылығын жобалауда қоршаған табиғи ортадан алған әсерді бүгінгі өнерде көрсете білу, көркемділіктің тарихи құрлымының заңдылықтарымен танысу негізгі мақсат болып табылады. «Халықтық көркемөнер шығармашылығы» атты оқу-әдістемелік құралдың міндеті қазақ қолөнерінің тарихи даму сатыларына сараптама жүргізе отырып, өнер шығармасының көркемдік мүмкіндіктерінен мағлұматтар беріп, осы көрем бейнені жасаушы шеберлердің бұйым жасаудағы ұмыт болып бара жатқан көне мұралардың жасалу жолдарын қазіргі заманғы жаңа технологиялардың тәсілдерінде қайтадан өңдеп, жаңғырту, дамыту болып табылады. Сондай-ақ, осы көркем бейне жөніндегі түсінікті белгілі бір шолақтау тезистік ойдың иллюстрациясына айналдырмай, оның өміршендігін арттыру, эстетикалық толғанысын байыту оқытушының міндеті. « Халықтық көркемөнер шығармашылығы» типтік оқу бағдарламасында қарастырылатын негізгі принциптерді заман талаптарына сәйкестендіру оның көкейтестілігін анықтайды. Оқушылардың білімін жетілдіріп, ақыл-ой санасын дамытуда игі әсер етумен бірге, өнердегі басты мақсаттардың бірі көңіл күй мен сезім тереңдігін дамытудағы, яғни эмоционалды тәжірибені артырудағы қосатын үлесіне, рухани мәдениетімізді меңгеруге, адамгершілік және көркемдік тәрбиенің тиімді жолын ашуға табиғи жағдай тудыру. Бұл оқу-әдістемелік құрал көркем сәндік-қолданбалы өнеріне тән ерекшеліктер мен дәстүрлі өнердің өзіндік табиғатына тән принципті айырмашылықтарды анықтауға бағытталған. Сонымен бірге, бұл қазақ мәдениетін әлемдік мәдениетпен бірлікте қарастыруға ұмтылыс. Біз ұсынып отырған оқыту процесінің жаңашылдығы көркем шығарманың табиғатын, технологиялық мүмкіндіктерін және бейнелік тілін тұтас бірлікте қарастыруды көздейді. Жеке адамның шығармашылық қабілетін, суреткерлік қиялын, эмоционалды түйсіне білу қасиетін арттыруда проблемалы жағдайлар тудыру; өз бетіншеойлайбілу; көркемшыармаға, құбылыстар мен бағыттарға салыстырмалы талдаулар жасай білуге үйрету педагогикалық процестің біртұтастылығы мен жұйелілігін құрайды. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінде жарты ғасырға жетпес уақытта зергерлік өнер, гобелен, кесте, қыш, ағаш, киіз өңдеу және т. б. архитектоникалық-пластикалық өнер түрлерінде көркемдік деңгейі үлкен биіктерден көрініс тапты. Халық өнерінің тікелей нұсқаларын жаңғыртудың екі бағытта- белгілі бір қағиданы ұстану және халық шығармашылығындағы технологиялық тәсілдерді зерттеу арқылы іске асқандығы белгілі. Еліміздің мәдениеті үшін дәстүрді сақтаудың маңызы зор. Қәзіргі таңда этнодизайн бағытында халық шығармашылығындағы бұйымның сындарлығы, көркем дизайынның принциптері болып табылатын шығарманың көркемдік тілі мен стиліне технологиялық процестің әсері көрініс тапқан. Этнодизайн қазіргі уақытта өткен мен бүгінгі жалғастырушы бағыт болып, өзіндік өзекті мәселе болып саналады. Бүгінгі күнде Қазақстан сәндік-қолөнері бұрынғы ұмыт болған ата-бабалардан келе жатқан киелі өнердің қырларын жаңғыртып, тұрмысқа қажетті бұйымдардан бастап, қару-жараққа дейін бұйымдарды және оны орындау технологиялары сырын қалпына келтірді. Қазақ халқының қолөнер бүгінгі күннің талабына орай, халықтың арасынан шыққан ісмер-шеберлердің шығармашылық ізденістерінің нәтижесінде одан әрі дамып, жаңа түр, сипатқа ие. Бұл еңбек болашақ ұрпағымызға халықтық мәдени-рухани мұраларды өнер арқылы таныстырып, олардың өнерге деген эстетикалық талғамын, құштарлығын арттырады. Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құрал қазақтың қолөнеріне тарихи сипаттама бере отырып, шығу себептері мен өрбу заңдылықтарына, қолөнер түрлеріне, табиғи шикізат материалдарынан жасалған бұйымдардың жасалу жолдарын сараптай отырып толық мағлұмат береді. Әр алуан иллюстрациялық суретті материалдар және кәсіби-терминдердің түсіндірме сөздігімен толықтырылған. Ол халқымыздың көркем шығармашылығында ұмыт болып бара жатқан қолөнер бұйымдарының түрлерімен шикізат материалдарының жасалу жолдарын қойтадан өңдеп, жаңғыртуға кеңінен танып, зерттеуге мүмкіндік береді. « Халықтық көркемөнер шығармашылығы» атты оқу-әдістемелік құрал арнаулы орта білім беру оқу орындары мамандарының типтік оқу бағдарламасына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті стандарға сәйкес әзірленген. Бұл оқу-әдістемелік көмекші құрал қазақ қолөнерінің түрлерін теорялық тұрғыдан өте жақсы меңгере алу үшін әр тарау тақырыптарының соңынан сұрақтар және тәжірибелік тапсырмалар ретінде беріліп отыр, ол оқытушылардың оқушылармен оқу барысында білімін тексеріп, өзіндік бақылау жасауына, қорытынды шығаруына көмек болып табылады. Бұл оқу-әдістемелік көмекші құрал орта кәсіптік білім беру оқу орындарының, коледж, лицей оқытушыларына және халқымыздың дәстүрлі ұлттық қолөнеріне көңіл аударып жүрген жастарға арналады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz