Сыбайлас жемқорлық қоғамның өзекті мәселесі ретінде


1. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегі № 267 Заңы (pavlodar. gov. kz)
Қазақстан Республикасының «Cыбайлас жемқорлыққа қарсы» заңдары 2. УДК 691 (nkzu. kz) Еркісқызы Айманның мақаласы. Жемқорлық мәселесін зерттеп, студенттерден, оқытушылардан сауалнама алды. 3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы - "Әділет" АҚЖ (zan. kz) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдар.4. Абдрасилов Б. С. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері. // - Астана, 2016. - 163 б.
Тарихи және қазіргі тұрғыдан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері байыпталады. Бұл феноменді оның әмбебап мәнін, шығу табиғатын, сыбайлас жемқорлықтың орнықтылығы себептерін ашып көрсетеді.5. Алауханов, Е. Сыбайлас жемқорлықпен күресу: теория және практика. -Алматы. : Заң әдебиеті, 2009-240б
Сыбайлас жемқорлық ұғымына, қызмет жағдайындағы қылмыстар мен заң бұзушылықтар туралы айтады. 6. Білім саласындағы сыбайлас жемқорлық - болашағымызға жасалған зұлымдық (egemen. kz) Нұрлан Назархановтың мақаласы. Ол мемлекеттік қызметте 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеп, осыған байланысты өзінің ойын айтады. 7. . Білім саласында жемқорлық неге көбейді? (sputnik. kz) Арман Асқардың мақаласы. Бұнда ол сыбайлас жемқорлықтың көбейіп кеткенін және сыбайлас жемқорлықпен айналысқан адамдардың болған мысалдарын айтады, статисткаға жүгінеді.«Жемқорлық - мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы Заңдарда белгіленген тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттер сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар (сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар) болып табылады» [1., 2-бап] Жемқорлық фактілерімен елдің әрбір тұрғыны соқтығысады, ол жиі жеңе алмайтын және шарасыз нәрсе ретінде қабылданады. Қазіргі таңда мұндай жағдай жемқорлық республика ауқымындағы ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді дегенге дейін жетті. Қандай қызмет саласында оның жоқтығын анықтау қиын - ол байқалмай барлық салаларға және жаңа «технологиялық» құбылыстар мен тәсімдерге еніп кетті, әсіресе соңғы оңжылдықта . [2., 130 бет] Бұл мақсатты көздей тұрып білім жүйесінінң барлық санаттарында жемқорлықтан сақтау үлкен рольге ие. Бүл зерттеу жүмысында жемқорлықты қабылдау дәрежесін анықтау мақсатында Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің студенттер мен оқытушылар арасында жемқорлық ұғымын түсіну, оның тудыру себептері мен оған кім кінәлі, параны алу факторлары, білім жүйесін өзгерте отырып жемқорлық жеңу мүмкінкіндігі туралы мәселелерін назарға алып сауалнама жүргізілді. Студенттердің 30, 5% ойынша, студенттің сабақ оқуға құлқы жоқтығы оның пара беруінің себебі болып табылады, ал 25% оқылатын сабақтардың қиындығы бір себеп десе, 12, 5% бүл себепті оқытушылардың қаталдығы деп көрсетеді. Демек біздің ЖОО-да жоғары білім алу үшін жеткілікті білімі жоқ арсыз, алайда диплом үшін қылмысқа баруға дайын студенттер тобы бар. Студенттердің айтуынша, оқытушылардың пара алу себептері мынадай болып келеді (алғашқы үштік) : 32% қалыптасқан тәртіп, 16% жалақының төмендігі, 20, 7% жауапкершілігінің жоқтығы мен жаза қолданылмауы. Ең қызығы студенттердің 15, 3%-ның оқытушылар параны «оқымайтын студенттерді» жазалау үшін алады деп ойлайтындығы. Қазақстан ЖОО-да пара алудың алғашқы үш себебіне: студенттердің оқуға ынтасы жоқтығы, оқытушылар жалақысының төмендігі мен университет басшылығының бақылауы төмен дәрежеде болуы. Студенттердің оқу ақысының қайда жұмсалып жатқандығына қызықпауына қарамастан, респонденттердің 12, 5% жемқорлықтың себебі қоғамдық бақылаудың жоқтығы деп есептейді. Студенттердің пікірінше, келесі білім беру процесі формалары жемқорлыққа көптеп бой алдырады: Сынақ - 25%, диплом алу - 19, 6%, ¥БТ тапсыру - 20, 4%. Сауалнама нәтижелері ЖОО-да сынақ тапсыру уақытында жемқорлықтың өсетіндігін дәлелдеді. ЖОО ақпараттың жабықтығы ЖОО ішіндегі жемқорлықтың төмендеуіне ықпал етпейді. Оқытушылардың көп бөлігі «пара алдыңыз ба?» деген сүраққа «жоқ» деп жауап берді. Бұл пара алудың қандай түрлері бар және қандай әдістер қолданылатындығы жайлы ақпараттың болуының өзінде. Оқытушылар бірауыздан жемқорлық билік органдарынан басталады дейді. ЖОО-да жемқорлықтың инициаторлары ретінде оқытушылардың 30, 4% -ы білім беру процесінің барлық қатысушылары, респонденттердің 21% -ы студенттер, 22% -ы қалыптасқан қарым-қатынас жүйесі, ал 19, 5% -ы оқытушылар деп есептейді. Көңіл аударарлық жайт студенттер мен оқытушылардың пара алу мен беру себептері жайындағы пікірлерінің бірдей болуы. Студенттерді пара беруге итермелейтін себептерге келетін болсақ, бірінші орында жауап алынғандардың 40%-ның пікірінше, студенттердің оқуға ықыласының жоқтығы, оқытушылардың қаталдығы - 12, 3%. 11%-ы студенттерді пара беруге мәжбүрлеу итермелейді, 10, 9% -ы білім беру дәрежесінің төмендігі деп жауап берді. Оқытушыларды пара алуға итермелейтін себептерге тоқталатын болсақ, респонденттердің 40% -ы жалақының төмендігіне сүйенсе, 19% -ы қалыптасқан тәртіп деп есептесе, 20% -ы үшін негізі себеп - жауапкершілік пен жазаның жоқтығы. Әсіресе шындыққа жанаспайтын жауаптар оқытушыларды пара берушінің қауіп төндіруі - 5% және пара-беруші студент жақтан моральдық іс-әрекет. Ойландыратын тағы бір факт, оқытушыларға пара беруші мен оқытушыны байланыстырушы адамның қысым көрсетуі. Сонымен қатар оқытушылар ЖОО-да жемқорлықтың болу себептерін көрсетті: томен жалақы -40%, моральдық қасиеттер - 29%, оқытушылрдың 11%- ының пікірінше бәріне кінәлі студенттер деп есептейді. Оқытушылардың 20% -ы үшін ЖОО-да қалыптасқан қарым-қатынас жүйесі негізгі себеп болып табылады. Сүрақтардың нәтижесі бойынша, жемқорлық - қоғамдық қарым-қатынасты қүраушылардың бірі және біз оған көнуге тиіспіз (31% -ы жемқорлық барлық ЖОО-на тән деп есептейді) . ЖОО 2 және 3 курстарда енгізілген аралық мемлекеттік бақылау өткізу берекелі статистикасын аздап бүлдірді . Бұл компьютерлік тестілеу белгілі бір дәрежеде оқушылар мен студенттердің білім сапасын бақылауға мүмкіндік берді. Алайда ол 4жылдан соң алынып тасталды - 2011жылдың аяғында. Шамасы, объективті тестілеу кезіндегі көрсеткіштер көңіл жұбатпады, әсіресе, жоғарғы оқу орындарында, ол дәстүрлі жемқорлыққа кедергі келтірді. Бұл ұлттық «дәстүр» жоғарғы оқу орындарында шарықтау шегіне жетті. Erep мектептерде жақсы баға, тестілеу, емтихан, аттестат үшін «төлем» әлі жаппай таралмаса да, ЖОО-да - бұл тестілеу, сынақ, емтихан, курстық, дипломдық жұмыстар үшін орнықты төлем жүйесі бар айқын ақиқат. Мысалы, емтихан 5-15 мың теңге тұрады. Нұр - Отан партиясының «Жас Отан» жастар қанаты «8ТОРҚылмыс» аты жоба аясында «Таза сессия» акция ұйымдастырылған . «Таза сессия» - Қазақстан ЖОО-ының студенттері арасында анонимдік сауалнама. Бұл сауалнаманың нәтижесі бойынша ЖОО-дағы жемқорлықтың көлемі анықталған болатын. Мысалға «бір ЖОО-нда «пәнді жабу» үшін 12 мың теңге болса, басқа бір ЖОО- нда бұл сомаға бүкіл сессияны жаба алады. Орта есеппен алғанда сессияны тапсыру үшін шамамен 29 мың теңгені құрайды, бір пәнді жабу 5 мың. Курстық жұмысты сатып алу - орта есеппен алғанда шамамен 13 мың теңге, ең арзан дегені 2-3 мыңнан басталады. Ал дипломдық жұмыс сатып алу сомасы шамамен 60 мың теңгені құрайды, ең арзаны - 30 мың теңге. Ал, мысалы, жатаханаға орналасу үшін студент 15 мың теңгені төлейді. Грант иегері болғылары келсе 500 мың теңгені талап етеді, ал кейбір облыстарда 100 мың теңге. Орташа сомасы 250 мың теңгені құрайды. ». Бұл деректен көріп тұрғанымыздай, қалтада ақшаң артық болса ЖОО орынды ешбір кедергісіз бітіруге болады . Курстық жұмыстар бес мың теңге тұрады (30 доллар шамасында), дипломдық жұмыстар - 50 мың теңге (300 доллар шамасында), ал диссертациялар - 70 мың теңге (400 долларға жуық) . Шын мәнінде алаяқтық бола тұрып, аталған құбылыс билікпен ешбір бақыланбайды, ол бойынша ешбір статистика жүргізілмейді». Шынында бағалар аса жоғары: басқа деректер бойынша дипломдық жүмыстар 500 доллардан бастап одан жоғары бағаланады, диссертациялар - 2 мыңнан 20 мың долларға дейін. Оқу үрдісінің «майдандық» шарттарында курстық, дипломдық жұмыстардың тақырыптарын осы ЖОО оқытушылары анықтайды және сәйкесінше, белгілікті «тарифтері» бар сынақтар мен емтихандарды есепке алмағанда, «көмек пен дайындық сабақтар үшін» бағаларды да олар анықтайды. . Ал ЖОО студенттері өз күштерімен оқитын студенттер көп емес деп бағалайды. Яғни ЖОО бітірушілерінің біліктілігін тексеретін жаңа ЖОО дейінгі құрылым қалыптасуда. Бұл жанама түрде жоғары мектептерде білім деңгейінің төмендегенін және оның дипломдарына сенімсіздікті растайды. Осындай объективті деректермен ЖОО немесе колледж бітіргеннен соң жаңа өмір бастаушы маман үшін жемқорлық «әдетті» болып қалуы таңданарлық емес. [2., 131 бет] Eгep тура және ауыспалы мағынада адам ана сүтімен бірге, туғанынан онымен бірге өмір сүруі тиіс, жалпылаушы жемқорлық «энергетикасын» сіңіріп жатса, соңынан одан және қоғамнан «жемқорлықтық вирустарды» қалай өшіріп тастауға болады? Себебі бұл жемқорлық кестесі оқу орнын аяқтағаннан кейін де өмірінің келесі кезеңінде әрекет етеді: жұмысқа орналасу кезінде, оқуды жалғастыру кезінде, диссертация қорғағанда және т. б. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы » заңның 1-бабының 6-тармақшасына сәйкес сыбайлас жемқорлық - жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу; "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңның 1-бабының 6-тармақшасына сәйкес сыбайлас жемқорлық - жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу; [3., 1-бап] Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіру жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, субъектілері және лауазымды тұлғалар жүргізуге міндетті. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды, тергеп-тексеруді және алдын алуды және оларды жасауға кінәлі адамдарды жауапқа тартуды өзі құзыреті шегінде прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, әскери полиция органдары, экономикалық тергеп-тексеру қызметі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жүзеге асырады. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі анықталған жағдайда азаматтар 1424 тегін call-орталығына қоңырау шалып, мемлекетке хабарлай алады. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін адам мемлекет қорғауында болады және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен көтермеленеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады және заңда белгіленген тәртіппен ұсынылады. Көрсетілген ақпаратты жария ету заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпаратты хабарлаған адам заңға сәйкес жауапты болады. [3., 4 бап]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz