Мектеп жасына дейінгі баланың мінез



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4-7
1Мінез туралы жалпы ұғым
1.1 Мінез туралы жалпы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8-13
1.2Мінез.құлық формалары және оның жүйелілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13-19

2 Іс.әрекетті ұйымдастыру мен мінез.құлык тәжірибесін қалыптастырудың әдістері

2.1 Мінез.құлық мәдениеті туралы ұғым жәнеоның мектепке дейінгі балалардағы көрініс ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20-24

2.2 Мектеп жасына дейінгі баланың мінез.құлқын қалыптастыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24-31

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 2-33

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34-35

Кіріспе
Адамның мінез-құлқының генетикалық негізін түсінуде табиғат және тәрбие пікірі маңызды рөл атқарады. Қандай-да болмасын жануардың өмір сүріп отырған ортасы сол организмнің есейген шағындағы мінез-құлқына тікелей әсер ететіндігі көрсетілген. Мысалы, макак-резус маймылдарының туылған кезде аналықтарын бөліп алып, оқшаулап өсіріп, есейген кезінде басқа мамак-резус маймылдарының ортасына жіберсе, онда жыныстық мінез-құлқында, социалды ойындарда өзінің белсенділігін көрсете алмайды.
1905 жылы француз ғалымдары А. Бине және Т. Симон адамның ақыл-есі қабілетін тексеруде адамның ақыл-парасаты коэффициентін (IQ-тест; ағылшынның intelligence -- ақыл-парасат, quotinent -- коэффициенті) анықтау әдісін ұсынды. Келесі ретте американдық екі ғалым Л. Терман және М. Меррил бұл әдісті жетілдірді, яғни 2-14 жастағы балалардың ақыл-парасат қабілеттіліктерін бағалауда түйсік, ақыл-есі, зейіні, ықыласы, көру қабілеті және т.б. параметрлеріне негіздеп құрастырды. Тестілеу нәтижелері балл бойынша анықталды. Мысалы, орташа дарындылық (орташа ақыл-естік жас) 100 балмен, ақымақтық 70-50 балл аралығымен, ал жарыместік, есуастық 0-20 балл аралығындағы есептеумен анықталды. Талант 125 балымен анықталды.
Балалардың ақыл-есінің қабілеттілік деңгейін анықтайтын заманауй әдістер олардың әртүрлі қабілеттіліктеріне (жалпы білім деңгейі, зеректілік, зейінділік, сөздік қоры, географиялық білімі, арифметикалық тапсырмаларды орындау қабілеті және т.б.) және олардың жалпы жиынтығына негізделген.
IQ-тест арқылы ақыл-естің қабілеттілігін анықтау көптеген жылдар бойы көптеген ғалымдар тарапынан қайшылықтар тудырып келеді, яғни бұл қайшылықтар адам дамуының немесе биологиялық немесе әлеуметтік факторларға негізделген болады.
Бірақ-та көптеген зерттеулер нәтижелері ақыл-парасат коэффициентінің тұқым қуалау факторларымен сипатталатынын көрсетті. Керісінше, IQ-тесттің нәтижесі көпшілік жағдайда сыртқы орта факторларына тікелей тәуелді болатыны анықталды. Осыған байланысты, IQ-тест әдісін адамдардың абстракты ойлау қабілеттіліктерін анықтауда қолданылатын бағыт деп қарауға болады. Алайда, бұл әдісті қолданғанмен де көптеген сұрақтар ашық түрде қалып отыр. Соның ішінде, әдебиет беттерінде ақыл-парасаттың дәл анықтамасы жоқ бір адам екінші адамға қарағанда ақылдырақ деп айтуға да дәйек жоқ, және адамдардың алдына қойған мақсаттарына жетуі үшін өздерінің амбициясы немесе ақыл-парасатының, табысының, қатігездігінің маңызын түсінбейді. Сонымен қатар әр әлеуметтік топқа жататын адамдар арасында IQ-тест әртүрлі болатыны туралы сұрақтар шешімін тапқан жоқ. Ең маңыздысы, IQ-тест көрсеткіштеріне табиғаттың және тәрбиенің әсерінің деңгейі әлі күнге дейін белгісіз.
Адамдағы мінез-құлықтың генетикалық негіздерін зерттеу адам биологиясының басқа бөлімдеріне қарағанда әлдеқайда артта келеді. Негізгі себебі, адамның мінез-құлық генетикасын мендельдік заңдылықтармен тікелей байланыстыра отырып түсіндіруге болмайды, яғни белгілердің тұқым қуалау деңгейін анықтау өте қиын. Онан басқа, мінез-құлық реакцияларын молекулалық деңгейде зерттеудің мүмкін еместігі де кедергі келтіреді.
Мінез - бұл адамның әлеуметтік мінез-құлқының ерекшелегі. Ол әлеуметтік топтағы жеке адамның өмір қалпын бейнелейді және жүктелген іске, адамдарға қарым-қатысынан көрініп отырады. Күнбе-күнгі тіршілікте адам, әдетте, менмен не көпшіл, қайырымды не сараң, биязы не дөрекі, батыл не солқылдақ, табанды, ержүрек не байбалаңшыл болып сипатталады. Бұл сөздер арқылы адамның бір нәрсеге (моральдық қасиеттер), не мінез-құлық амалына (жеке адамның ерік сапалары) қатысы аталады. Олай болса, мінез негізінде жеке адамның моральдық-еріктік қасиеттері жатады.
Жеке адамға не адамдар тобына тән өзіндік қарым-қатынастар, мінез-құлық пен қимыл қозғалыстардың тәсілдері - кісінің танымы мен іс-әрекетінде, тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу үрдісінде қалыптасады[1].
Балалардың мектепке дейінгі кезеңнен оқушы лық өмірге көшуі психология ғылымында кеңінен қарастырылған келелі мәселелердің бірі. Бала психологиясын зерттей келе, оның жаңа білімдерді игерудегі қызығушылықтарын қалыптастыру үшін баланы үнемі жаңалықтармен қамтамасыз ету керектігін дәлелдейді.
Баланың мектепке даярлығы - оқи білуінен,санай білу іскерлігінен,сызу деген секілді қарапайым әрекеттерді игеруінен, танымдық белсенділігінен, көңіл-күйінің тұрақтылығынан, оқуға деген дұрыс қатынасынан құралады.
Баланың жақсы оқуы үшін мектептегі өмірге деген құлшынысы, жауапты тапсырмаларды орындауға ниеті мен ынтасы болуы керек.
Баланың мектептегі оқу іс-әрекетінің жемісті болуына айналасындағы адамдармен өзара дұрыс қарым-қатынас орната білуі, мінез-құлықтың ырықтылығының жоғары деңгейде болуы, ұжым өміріне араласып кете білуі, бірлескен әрекетті орындауды қамтамасыз етуінің қалыптасуы мектепке бейімделуіне үлкен әсер етеді.
Мектепке дайын болу жағдайы бірнеше түрге бөлінеді: дене-бітімінің дайындығы, зиятының дайындығы, әлеуметтік-психологиялық дайындығы және ерік-аясының дайындығы[2].
Дене бітімі дайындығына баланың салмағының, бойының өз жасына сай болуымен қатар 12 мүшесі де сау болуы керек. Егер баланың дене бітімінің дамуы төмен болса (салмағы, бойы) ол әлжуез болып, 35-45 минуттық сабақты толық меңгеруге қабілеті жете бермейді де, денсаулығына нұқсан келеді (сүйегі қисаяды-сколиоз, көз жанары төмендейді, жүйкесі жұқарады), жиі ауырып қалатын болады.
Зиятының дайындығына баланың ой-өрісінің, есте сақтау қабілетінің, тілінің, зейінінің, өз еркімен тапсырма орындай алуының, мақсат қоя білуінің, қателігін түсіне білу қаблеттілігінің өз жасына сай болуы жатады. Ал зияты төмен болған жағдайда балалар жалпы мектеп бағдарламасын толық меңгере алмайды. Оларды өз қабілетіне қарай жеңіл бағдарламамен оқытып, арнайы психологиялық және педагогикалық түзетулер жүргізу арқылы ғана қатарға қосуға болады[3].
Әлеуметтік-психологиялық дайындыққа баланың жаңа ортаға деген көзқарасының, оқушының жауапкершілігінің, өзін-өзі ұстай білуінің, үлкен-кіші адамдармен қарым-қатынасының өз жасына, мектептің талабына сай болуын меңзейді. Егер де балада әлеуметтік-педагогикалық дайындық байқалмаса ондай балада қарым-қатынас қиындығы, жалпы түсінігінің төмендігі, ерік-аясының, көңіл-күйінің төмендігі байқалады. Сондықтан бұл балаларға психолог маманның көмегі өте қажет. Психолог ол баланың өзімен қатар ата-анасымен де, ұстазымен де жұмыс жүргізгенде ғана оң нәтиже шығады.
Ерік-аясының дайындығы баланың өз іс-әрекетін мақсатты түрде қалыптастырып, өз кемшіліктері мен жетістіктерін дұрыс қабылдап, әрекет ете білуін көрсетеді... Ерік-аясы бұзылған бала өз-өзін ұстауы, шыдамдылығы, төзімділігі, әр сипаттағы жағдайларды қабылдауы ерекше болады да, содан айналамен қарым-қатынасы бұзылады. Ол баланың танымдық қызметіне кері әсерін тигізеді.
Балалар мектепке келген кезде осы жоғарыда атап өткен дайындық түрлерінің толық қалыптаспағаны немесе бір түрінің дамымағандығы анықталады.
Аталған дайындық түрлерін ескерусіз мектепке бару және баланың ерекшеліктерін ескермей ерте жастан (5-6 жас) беру баланы қинаумен тең. Ондай балалар бағдарламаны қажетті деңгейде меңгере алмай, 1-ші сыныпты қайта оқуға мәжбүр болады. Көп жағдайда мектепке дайындықсыз келген балалар өз сыныбында қала беріп, педагогикалық артта қалғандардың қатарын көбейтеді[4].
Міне, құрметті ата-аналар мен ұстаздар бала бес жастан асты екен деп, маманның кеңесінсіз баланы бірден мектепке берген жағдайда оның мектеп өміріне дайын еместігі ары қарайғы оқу үлгеріміне нұқсан келтіретінін білген жөн. Егер де балаңыздан жоғары да аталған дайындық түрлерінің төмендігін байқасаңыз ПМПК (психологиялық-медициналық-педагоги калық консультация) мекемесінің мамандарынан кеңес алуыңызға болады.
Тәрбиелеу жағдайлары дұрыс ұйымдастырылған кезде мектеп жасына дейінгі балалық шақта балалардың тәртіптілігі едәуір өседі. Мәселен, сәбилер тобындағы кездің өзінде-ақ олар педагог әдейі жасаған жағдайға мүдделі болу ықпалымен ұстамдылық, ұйымшылдық көрсетеді (қуыршақты оятып алмас үшін серуенге шығар алдында орындықтардан ақырын тұрып, ойыншықтарды жинайды, Петрушканы киіндіруге ұмтылады және т. б.).
Балалардың мінез-құлық ережелеріне сай келетін қылық тәжірибелерінің жинақталуына көмектесе отырып, педагог бұл қажетті мінез-құлық әдістерінің нығаюына, неғұрлым саналы түрде, орнықты болып, педагогтың бақылауымен, сондай-ақ өз бетінше көрінуіне қол жеткізеді. Мектепке дейінгі ересек балалар тәртіпті мінез-құлықтың қалыптасуы нәтижесінде қажетті іс-қимылды іріктеп алуға, мынадай пікірлер туғызуға қабілетті болады: Қалаймын, бірақ істеуге болмайды, сондықтан да өз ойымнан бас тартуға тиіспін, Қаламаймын, бірақ осылай істеу керек, сондықтан да тапсырылған істі орындауға тиіспін.
Педагогика жеке адамның адамгершілік сапаларының қалыптасуында, олардың сыртқы көрінісі мәнерінде, қарым-қатыс және мінез-құлық мәдениетінде бірыңғай позицияда тұрады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды тәртіптілікке және мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеудің жаңа әдіс-тәсілдерін қарастыру.
Зерттеудің міндеттері:
- Мектепке дейінгі балаларды тәртіптілікке, мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеу шарттарының маңызын ашу.
- Мектепке дейінгі балалардың мінез-құлық нормаларын және әдіс-тәсілдерін қарастыру.
Зерттеу пәні: Мектепке дейінгі педагогика.
Зерттеудің объектісі: Мектеп жасына дейінгі балаларды тәртіптілікке және мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеудің жаңа әдіс-тәсілдері.
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттер, оқулықтар, баспасөз жиынтығы, озат тәжірибені қолдану.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттерден тұрады.

1 Мінез туралы жалпы ұғым

1.1 Мінез туралы жалпы ұғым

Адамды сипаттағанда алдымен мінезін ескереді. Егерде қасында жақсы мінезді адам болса, өз басында үлкен жеңілдікті сезесің.
А.С. Макаренконың айтуынша "адамның жаман мінезі басқаларға тікенектей қадалып, жаралса, оның өзін де шөңге кіріп кеткендей сыздатып, қинайды деген болатын. Күнделікті өмірде адам мінезінің қарама-қарсы бітістері көрініс береді: қайырымды - сараң, батыл солқылдақ, жүректі - қорқақ, еңбекқор - жалқау, табанды -тұрақсыз т.б. Психологиялық әдебиетте мінезді характер деп атайды. Бұл гректің сөзі, аудара келгенде баспаға басу, суреттеу, мәнерлеу деген мағынада. Шынында да қоғам тәрбие арқылы адамның мінезін баспаға басқандай қылып, керекті көрінісін жасайды. Мінез дегеніміз адамның іс-әрекетінде пайдаланатын амал-тәсілдерінен көрінетін оның жеке психикалық қасиеттерінің жиынтығы. Мінез адамның өзіне үйреншікті жағдайларда жасалатын мінез-құлқының бағдарламасы іспеттес. Ол өмірлік әсерлердің күрделі жиынтығының бейнесі бола отырып, жеке адамның сыртқы ортамен белсенді қарым-қатынасы ретінде қалыптасады.
Мінездің көрінісі көптеген тұрақты бітімдерге айналып, адамның қоршаған дүниеге, басқа жандарға, психикалық процестерге деген қарым-қатынасын аңғартады. Сондықтан мінездің интеллектуалдық, эмоциялық.Түрлері белгіленген Совет замандағы өзгерістер оның басында жағымды да жағымсыз да бітістерді пайда қылды. Жағымдысына мәселен бүкіл елге деген сүйіспеншілік интернационалистік, ұжымдық сезімдер, ал жағымсыздарына ана тіліне, ата-мұра дәстүрлеріне деген немқұрайлық жұмыстағы жантақтық т.б. Сонымен қатар солардың ішінде жасаған қызметіне, тұрмыстық ортасына байланысты мінездің нақты типтерін де ажыратуға болады. Мәселен педагогтардың, мұғалімдердің, дәрігерлердің, инженерлердің т.б. мінез бетістерінің ұстамдылығы, байсалдығы, шыдамдылығы, байқағыштығы айрықша көрініс беруге тиіс. Сондай-ақ адамның мінезінің құрылымында өзіне ғана тән индивидуалдық өзгешеліктері де болады, өйткені әр адамның талғамы, талпынысы жалпы өмір тәжірибесі әр түрлі болып келеді.
Адамдарды жоғарыда көрсетілген белгілі бір типке жатқызған болсақ, біз олардың мінездерінің бітістерін үйлесімді, жарасымды деп есептейміз. Демек, мінездің үйлесімділігі, жағымдылығы болып қалатын шәлкестерде түгелдей жоққа шығарылмайды. Мәселен адамның ақкөңілділігі кейде оның принципшілдігімен шәлкес келіп қалуы мүмкін. Мінездің бітістерін адамның өмірге деген сенімдеріне, көзқарастарына беталысының басқа да ерекшеліктеріне жатқызуға болмайды. Мәселен ақжарқын және көңілді адамның бірінің адамгершілік қасиеті өте жоғары болса, осындай мінез бітістері бар басқа біреу өз басындағы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін арамдың жасаудан да тайсалмайды. Сонымен қатар мінездің кейбір бітістері адамның жеке басының беталысымен анықталып отырады. Мәселен отанға деген орасан зор сүйіспеншілік адамның жеке басында қайтпас қайсарлық, ерекше батылдық және ерлік туғызып отырады.
Адамның тәжірибесінен көрініс беретін мінез бітістері өте көп, әйтеуір мыңнан артық деп есептеледі. Олардың бәрін атап шығудың пайдасы жоқ, бірақ сан жағынан біреудің мінезінде белгілі бір бітістер басым болуы мүмкін. Мысалы, адамдардың ішінде жомарттығы, әлде адалдығы мен олардың ашықтығы азды көптілері кездесіп отырады. Егерде мінездің осы әлде басқа бітістерінің сандық көрсеткіші шегіне жетсе, мінез акцентуация көрінісін береді. Бұл кейбір бітістердің күшею нәтижесінде асып шегіне жеткен мінез көріністері индивид стресс сезімін пайда қылатын факторлардың бірінен тез күйзеліп қалса, енді біреулеріне шыдамдылық көрсетеді. Адам мінезінің әлсіз жағы жиі осы жақтың белсенді қызметін керек ететін қиын жағдайларда ғана байқалады.
Мінездің акцентуациясы өте қолайсыз жағдайларды психологиялық күйзелістер мен адамның мінез-құлқының өзгеруіне, психопатияға соқтырады (адамның әлеуметтік тұрмысқа кедергі жасайтын мінез паталогиясы). Акентуация проблемасының күн тәртібіне көптеген психиаторлар мен психоневрологтар байланысты. Сондықтан да олар осы проблемаға бар мінез бітістеріне классификация бергенде, психиаторлық терминологияны қолданған (шизоиттік) бітістер, эпилептоитдік бітістер кейбір ғылым педагогтар (К. Леонгард, А. Личко) осы терминологияның кейбір жақтарын пайдаланып, педагогтардың түсінігіне жақын акцентуациялық мінез бітістердің классификациясын берген.
Сөйтіп мінез акцентуацияның өте маңызды типтері
ажыратылған. 1. Мінездің интраверттік типі. Бұл типке жататындар тұйық келеді.
Олар өздері мен өздері болып, басқалармен тіл табысуды, жақындасуды қиынсынады. Келесі ІІ.- эктраверт типтегі адамдар көтермелі сезімді, басқалармен араласуды және әрекет жасауды тіпті олардың керектігін, мәнін жиі елемей ақ жаңың құмартып. тұрады. Мұндай адамдар сөзуар, көрсе қызар, кейде мақтаншақ, үстіртісенгіш келеді. ІІІ.Жүгенсіз типке жататындар күйгелек, ұрысқақ, жанжал қой, қарсылық пікір айтылса шыдамсыз, кейде арам ойлы келеді. Мінезінде неврастеникалық анцентуациясы бар жетіншектердің негізгі ерешеліктері көңіл күйінде есерліктің басым болуы, ашуланшақтық, тез шаршауы, шамдануға жақын тұруы. Басқаларға деген ашуы өзіне деген, аянышы, долылыққа соқтырады. Бірақ нерв жүйесінің әлсіздігі оны тез тоқтатып, жасаған қылығына өкініш туғызып, жылаумен аяқталады. Сензитив типтестер қорқақ, тұйық, ұялшақ келеді. Мұндай жеткіншектер үлкен, әсіресе жаңа ұжымдарға қосылудан аулақ болады, тентектікке және жолдастарының қауыпты ойын-дарына қатыспайды, кішкентай балалармен ойнауды жақынырақ көреді. Оқуда сын жұмыстарынан қорқып, жиі класстың алдында жауап беруге ұялады, өйткені балаларға күлкі әлде оларда күндестік туғызамын ба деп қауіптенді. Сензитив жеткіншектерде өздерінің жарымдылықтарының сезінуі ерекше көрініс беретін гиперкомпенсация реакциясына итермелейді. Олар өздеріне бекімдік жасайды қабілеттері ашылатын саладан емес, әсіресе өзін жарамсыз сезетін жақтардан іздейді. Қыздар өздерінің көңілділігін көрсеткісі келеді. Жасқаншақ және ұялшақ балалар жалған дөрекілік, тіпті шеттен тыс қылықтар жасап, сөйтіп өзінің күшімен жігерін көрсетуге тырысады. Бірақ батылдық пен өжеттілікті керек ететін жағдайлар мен кездесе қалса, сол сәтте дәрменсіздік танытады. Егерде осындай балалармен жақындасып, сенімді қарым қатынас құрып, соларды ұнайтындығын және қолдайтұғының аңғартқан адамға, олар ашылып, өздерінің жасап жүрген қылықтарының жалған екенін сезімдерінің өте нәзік екенін, өздерін қатты сөгетінің және өздеріне тым жоғары талаптар қоятынын ақиқаттайды. Күтпеген жылы шырай және жанашырлық оларды қатты жылатып, дөрекілік пен сотқарлықты басады[5].
Мінез акцентуациясының демонстративтік типіне жататындар эюцентрист (ойлайтыны қара басы) болып, өздеріне ғана басқалардың әрдайым көңілі бөлініп, жаны ашып, тамашаласа екен деген қажеттіліктерді керек етеді. Жалғандық көзге түсетін тұрпат пен сиқын көрсетуге тырысу, жасанды мінез-құлық (өзін-өзі өлтіру көрінісін жасауға дейін бару)- осылардың бәрі құрбыларының арасынан ерекше болып көрінуге қандай болмасын амал-тәсілді қолдануға бағытталады. Мысалы: жоғарғы класста оқитын 3, деген қыз бала өзін қорқытқан және балағаттаған анонимдік хаттар ала бастаған. Ол жылап, осы хаттарды мұғалімдерімен құрбыларына көрсетіп, олардан көмек сұраған. Тексере келгенде бұл хаттарды өзінің кара басына бүкіл мектептің назарын аудару үшін жазған өзі болады. Сөйтіп мінез акцентуациясының бірнеше типін атап, олардың ерекшеліктерімен таныстық. Тәрбие жұмысы дұрыс жолға қойылса мінез акцентуациясының жағымсыз көріністеріне тосқауыл жасауға болады. Педагогтармен ата-аналар балалар мен жеткіншек- тердің мінездерінің әлсіз жақтарын, осы жақтарын жаралайтын стрессогендік ситуацияаларды болдырмауға тырыссады. Осындай көпшілікпен бірлесіп жасаған жұмыста ұялшақ пен көңілдеп ауыртпалықтан арылу жеңіл түседі[6].
Темперамент қасиеттеріндегі көптүрлілік даралық ерекшеліктер кешенін тұтастай сипаттай алмайды. Адамдар арасындағы айырмашылықтардың көптүрлілігі соншалық, олар өмірдің барлық қырларынан көрінеді. Адамдар тек сырт бейнесімен ғана емес, күллі психикалық құрылымымен, яғни басқа адамдар мен зеттаға қатысты әрекет-қылық мәнерімен, қарым-қатынасқа түсу тәсілдерімен ерешеленеді. Әр адамның психикасы мен тұлғасына қайталанбастық тән. Бұл адамның даралығын көрсетеді. Мінез - даралықтың негізгі құраушы бөлігі.
Мінез сөзі өмірде және көркем әдебиетте кеңінен қолданылады. Басқа адамдармен қатынаса отырып әр адам өз мінезі танытады және өзгенікін бағалайды. Күнделікті өмірде қауым мінезді жақсы, жаман, ауыр, жеңіл деп сипаттайды. Ара қатынасымыз бұзылған жағдайда, әдетте: Мінезіміз келіспеді,- деп жауап береміз. Түрліше мінез иелері ұқсас жағдайларда әр-түрлі ірекет етеді, күйзеледі. Егер біз келесі адамның мінезін жетік білетін болсақ, онда бізге оның әрекеттерін түсіну де оңайға соғады, ендеше, ол адаммен қатынасудың тиімді стильін таңдап, белгілі жағдайлардағы әрекет-қылықтарын болжай аламыз.
Мінез ерекшеліктері жайлы білім мамандарды жұмысқа қабылдауда, жауапты қызметке тағайындауда, бірлескен әрекетті орындауды тапсыруға байланысты топтарға біріктіруде маңызды. Сонымен қатар, шиеденістерді шешуде, ұжымда жағымды психолгиялық ахуалды орнатуда, қарым-қатынас тиімділігін арттыруда мінез жайлы түсінік аса қажет.
Мінез туралы алғашқы ғылыми түсініктер ерте заманнан келеді, ол әр адамның өзіндік адамгершілік қасиеттерінің мен ойларының боларын сипаттаған Аристотельдің есімімен байланысты. Оның шәкірті, ежелгі грек философы Теофраст (б.э.д. 372-287) адами ерекшеліктерді жүйелеп, оның 30 қасиетін көрсеткен, мысалы: сайқал, жасапмаз, сөзшең, т.б. Теофраст өзінің Этические характеры тракты арқылы ғылымға мінез (грек. сharacter - қасиет, сапа) терминін енгізген. Кейіннен, француз жазушысы Ж. Лабрюйер (1645-1696) ұзақ уақыт бойында зиялы қауымның қылықтарын бақылай келе, мінездің мыңнан аса типтік қасиеттірін сипаттаған. Психологияның басты мақсаты тұлға мен мінезді зерттеу деп есептеген А.Ф. Лазурский (1874-1917) мінездің мәнін, құрылымын, типтерін және дамуын қарастыратын психология ғылымының бір саласы - мінезнаманы жасады.
Бүгінгі күні мінез тұлғаның тұтастай көрінісі ретінде, зерттеу пәні адамдар арасындағы даралық ерекшеліктер болыпп табылатын, дифференциалды психологияда қарастырылады. Мінез дегеніміз адамның белгілі жағдаяттарда жасайтын типтік әрекеттерін сипаттайтын тұрақты даралық ерекшеліктердің бірлігі.
Темперамент тума факторларға, анатомо-физиологиялық ерекшеліктерге және, ең бастысы, жүйке жүйесінің қасиеттеріне тәуелді болса, мінез адамның заттық әлем және басқа адамдармен қатынасудың көптүрлі жүйесіне араласуына қарай, әлеуметтенуі мен тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Адам мінезі оның шынайы өмірмен қатынасуына тәуелді қалыптасатындығы туралы теорияның негізін В.Н. Мясищев пен Б.Г. Ананьев қалаған. Қатынас, алғашында, тек нақты-эмоциональді деңгейде жүреді. Олар адамның күйзелістерін, шынайы өмірді қабылдау ерекшеліктерін, сыртқы әсерлерге жауап қылықтарын анықтайды. Адамдармен жағымды не жағымсыз қарым-қатынас тәжірибесі тұлғаның сәйкесінше ішкі қатынастар жүйесін орнатады. Қайталанбалы эмоциональді оңтайлы және кері әсерлер біртіндеп бекіп, тұрақты тұлғалық қасиетке, мінез сапасына айналатын әлдеқайда ұзақ мерзімді психикалық күйге ұшыратады.
К.К. Платонов мінез сапаларының үш басты ерекшелігін анықтаған: олар айқын көрінуі керек, басқа қасиеттерімен тығыз байланыста болуы тиіс және әрекеттің әр түрінде жүйелі көрініп отыруы қажет.
Тұлға сипаты және мінез сапалары ұғымдары, көбінекей синонимдер ретінде қолданыады, алайда оларды айыра білуіміз керек. Психологиялық түсінік ретінде тұлға, өзінің бір ғана құраушы бөлігі болып табылатын, мінезге қарағанда әлдеқайда ауқымды. Тұлғаның өзегі - қажеттілікті-мотивациялық аймақ. Жетекші мотивтер, құндылықтар және мақсаттар тұлға бағыттылығын анықтайды. Тұлға сипатының құрамына оның бағыттылығын анықтайтын қасиеттері енеді. Өзінің басты құндылықтарына қол жеткізу үшін адам түрліше мінез сапаларын таныта не оларды өзгерте алады. Сондықтан, тұлға мінезге қарағанда әлдеқайда жоғары инстанция.
Адам өмірі қарым-қатынасқан адамдарымен, тәрбие алу жағдайларымен ерекшеленеді. Сонымен қатар даралық дамудың табиғи алғышарттары да әр түрлі. Сондықтан, әр адамда тек өзіне ғана тән, қайталанбас мінез бітістері мен сапаларының бірлігі қалыптасады. Алайда, мінез даралық ерекшелік көрсеткіші болуымен қоса, басқа адамдармен ортақ қырларымен танымал. Ұқсас жағдайларда, бір ортада өмір сүретін адамдар үшін типтік мінез бітістері тән. Мәселен, бұрынырақта еліміздегі адамдарға нұсқаумен жүру, енжарлық, тәртіптілік тән болса, қазірде өзбетті, тәуелсіз, бастамашыл адамдар жиі кезігеді. Осыған қоса, қоғамның әр мүшесі басқа нақты бір топтың мүшесі болып табылады, ол: отбасы, оқу тобы, өндіріс ұжымы, түрліше ресми емес топтар. Олардың әрқайсы адамның мінезінде өзіндік рең қалдырады. Мінездің мәні - даралық және типтік ерекшеліктердің бірлігінде. Кез-келген қатынас мінезқалыптастырушы болмайды, тек өмірлік маңызды қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты, материалды және рухани қажеттіліктермен байланыстылары ғана. Ең алдымен бұл қоғамға, басқа адамдарға, еңбекке, өзіне, заттарға қатынасы.
Қоғамға және өзге адамдарға қатынас адамгершілік қасиеттерді қалыптастырады. Ізгіліктілік, шыншылдық, әділеттілік - адамгершілік дамудың жоғары сатысын сипаттайды. Өзімшілдік, қатігездік, жалғандық, керісінше, мінездегі адамгершіліктің таяздығына көрсеткіш. Басқа адамдармен қатынаста коммуникативті қатынастар ерекше орын алады: мейірмандық, елгезектік, сезімталдық, ашықтық, шыншылдық, сыпайылық. Мұндай мінез сапаларының иегері түрліше жағдайларда тиімді қарым-қатынаста бола алады: отбасында, жұмыста, әрәптестерімен, достарымен. Олар әлеуметтік-мәдени айырмашылықтарға қатысты туындайтын психологиялық бөгеттерді, не қарым-қатынас барысында пайда болған негативті сезімдерді, мысалы, сенімсіздік, қызғаныш, жаратпаушылықты, оңай жеңеді.
Адамгершілік және коммуникативті мінез сапалары мұғалімдердің кәсіби маңызды қасиеті болып табылады. Мұғалім үшін пәндік білім мен педагогикалық дағдылары игеру қаншалықты маңызды болса, кәсіби мәнді мінез сападарын өз бойында қалыптастыру да саншалықты мәнді. Адамның еңбекке қатынасынан еңбексүйгіштік, жауапкершілік, тәртіптілік қалыптасады. Қарсылықтарды жеңуден тұратын еңбек пен оқу әрекеті ерікті мінез сапаларының дамуын қамтамасыз етеді, ол: мақсатқа бағыттылық, табандылық, өзбеттілік, шыдамдылық[10].
Адамның өзіне деген қатынасы өзіндік таным құрылымында когнитивті, эмоциональді, бағалаушы компоненті ретінде қалыптасады. Ерте балалық шақтан бастап, бүкіл өмір бойы қоршаған адамдар баланың әрекет-қылықтарын бағалап өтеді. Бұл қатынас адамның өз-өзіне деген ішкі психологиялық қатынасына, мінез сапасына айналады. Балаға деген қатынас типінің басымдылығына қатысты мінезде қарапайымдылық не масаттанушылық, өзіндік сыншылдық не өз-өзіне сенімділік, намысшылдқ не бәсеңдік, өз-өзін бағалау немесе толымсыздық сезімі пайда болады. Адамның заттарға қатынасы да аса маңызды. Нәресте туғанынан басқа адамдардың еңбегімен жасалған заттарды қолданады. Жасы өскен сайын баланың заттарға деген қажеттіліктері арта түседі. Заттар дегеніміз - ойыншықтар, кітаптар, киімдер, ыдыстар, т.б. Бір бала ойыншығын сындырса, оған ұрысады, ал екіншісіне келесіні сатып әпереді. Бір бала жолдасына өз ойыншығын бермесе, келісі бірі өз ойыншықтарын таратып салады. Осыдан біртіндеп балада ұқыптылық, ашықтық не негативті қасиеттер жинақталады.

1.2 Мінез-құлық формалары және оның жүйелілігі

Мінез-құлық ережелері әрқашанда гигиена талаптарын бейнелеп келді және бейнелеп отыр. Мінез-құлықты билейтін әдет-ғұрыптардың басым көпшілігі психогигиенамен тікелей байланысты. Әрбір адам өзінің айналасындағылармен қарым-қатынасын бірінші кезекте психогигиена талаптарына сүйеніп, саналы түрде реттеп отыруға тиіс. Үстел басындағы мінез-құлық ережелерінің едәуір бөлігі және жалпы мінез-құлық ережелерінің де көпшілігі гигиена талаптарына бағынады. Мысалы, біреудің түсіп кеткен қол орамалын көтеріп алып бермей-ақ иесіне ескерте салса жетеді: басқа біреудің қол орамалын қолға ұстаған жағдайда қайсыбір ауруды жұқтырып алуың немесе өз қолың арқылы ондай ауруды орамалға жұқтыруың мүмкін. (Бірақ қартайған немесе ауру адамға жас және неғұрлым дені сау адам, әрине, орамалын жерден алып береді.) Сыпайылық ережесі біздің шу көтеруімізге айналадағылардың мазасын алып, шамына тиюімізге тыйым салады. Сыпайылық сөйлегенде және іс-әрекет жасағанда ұстамды болуды талап етеді[11].
Академик И.П.Павлов 1883 жылдың өзінде-ақ ағзаның бүкіл қызметін жоғары нерв жүйесі басқарады деп жазған болатын. Медициналық зерттеулер ми қабығындағы қозу мен тежелу әр түрлі ауруларға шалдықтыруы мүмкін екенін көрсетті. Дәрігерлер тіпті біздің өзіміз де байқай бермейтін кез-келген шу миымыз бен бүкіл денемізде қозу толқынын туғызады дейді. Уақыт өте келе бұл тітіркенулер ағзада ізін қалдырып, жүйке, қан тамырларының ауруы, асқазан ауруы, қан қысымының артуы және т.б. сияқты аурулардың асқынуына себепші болады.
Адамның ішкі жан-дүниесі, оның интеллектісі, парасаты мен сезімі сыртқы келбетінен, көздерінен, бет-әлпетінен, сондай-ақ мүсіні мен мінез-құлқынан көрініс табады. Ішкі жан-дүниесі бай болса, оған мінез-құлқының жоғары мәдениеті сай келеді.
Еуропа халықтарында сәлемдескенде бір-бірінің қолын қысатын болған. Бүгінгі таңда бұл дәстүр құрметтеу белгісі деп түсініледі. Ал бұл ғұрыптың тууына басқа себеп: татулық бейбіт ниетті дәлелдеу себеп болған еді. Алақанын жазып, ілгері созылған оң қол онда тас, пышақ және басқа қару жоқ екенін дәлелдеуге тиіс болатын. Егер екінші жақ та бейбіт ниетте болса, шын пейілімен қол қысып, сәлемдесетін болған. Нақ сол ойды Шығыста арабтар кеудесіне қолын қусырып, түрікмендер қолдарын ұзын жеңіне тығып білдірген, қытайларда бас игенде қолдары екі жағында салбырап тұратын болған.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропаны тұмау сүзек індеті жайлаған кезде, дәрігерлердің бастамасымен, Сәлемдесуді оңайлату одағы пайда болды. Көптеген қалалардың көшелерінде кеудесіне ерекше белгі таққан, қол алыспай және қалпағын көтермей амандасатын адамдарды көруге болатын еді.
Бұл - өзіңді әр түрлі жағдайда жалпылама мінез-құлық ережелеріне сәйкес қана емес, сонымен қатар эстетикалық және этикалық талаптарды да қанағаттандыратындай етіп ұстай білу. Шын жүректен шыққан әдептілік сезімі адамның өзге біреудің жанына бататынның немесе қуаныш әкеле алатынның бәрін түсінуін және басқа біреудің қажеттері мен уайым-қайғысына ортақтаса білуді талап етеді. Әдепті адам ыңғайсыздық тудыратын жағдайды болдырмауға тырысады.
2. Адам бойында ең алдымен өзіне-өзі сын көзбен қарай алатындай сыншылдық негіз не үшін дамуы керек деп ойлайсың?
Адамдар және олардың мінез-құлқы жөнінде пікір түйместен бұрын өзіңе сын көзбен қарай білу қажет. Сынаушы өзі айыптап отырған кемшіліктер оның өзіне де тән екенін көбінесе аңғара бермейді. Сезім мен парасат билейтін әдептілік іс-әрекеттен де, сөзден де көрінеді. Әдепті адам ешкімнің мазасын алмай, ешкімді ренжітпей, қарапайым жүріп, өзін қарапайым ұстайды.
3. Табиғилықты сақтау дегеніміз не?
Өзің қандай болсаң, сондай болу деген сөз. Бұл үшін адалдық пен шыншылдық қажет. Екіжүзділіктен, қылымсудан және қулық жасаудан асқан жаман ештеңе жоқ. Қыз сияқты аңғал болып көрінуге тырысатын ересек әйел қандай күлкі келтіретін болса, ересек болып көрінуге тырысатын жас қыздар да сондай күлкі келтіреді. Өз қалпыңда көріну, мінез-құлқыңда табиғи болу, шама-шарқыңды сезіне білу - нағыз әдемілік, міне, осында, жақсы талғам деген де осы.
Мінездің жағымсыз жақтары. Мінездің ең жиренішті жақтары - өзімшілдік, күншілдік және жағымпаздық. Өзімшілдің, күншілдің және жағымпаздың мінез-құлқын жеке басының пайдасы немесе адамдардың шағын топтарының (мысалы, отбасының) пайдасы билейді. Жағымпаздың мақтауы мен жарамсақтануы оның нақты қалыптасқан жағдайда дұрыс бағдар алуына одан сайын көбірек кедергі жасайды. Мақтау - ақымақтарға қазылған ор деген нақыл сөз бар. Өзінің де, өз жақындарының да мінезінің жағымсыз жақтарына қарсы күресіп, оңды жақтарын дамыта түсу - әрбір адамның міндеті.
Өзін-өзі тәрбиелеу дегеніміз - мінезді қалыптастыруға бастайтын жол, өз бойындағы бағалы адамшылық қасиеттерді саналы түрде дамыту. Академик И.П.Павлов адам дегеніміз өзін-өзі кең көлемде реттей алатын, яғни өздігінен жетіле алатын бірден-бір жүйе деп атап көрсетті. Өзін-өзі тәрбиелеу үшін өзіне сын көзбен қарап, өз қателерін мойындауға батылы жетуі қажет. Мінездегі кемшіліктерді жойып, жақсы сипаттарды жетілдірмейінше, өзін-өзі тәрбиелеу мүмкін емес. Өнердегі сияқты, адамның бойында да форма мазмұнға сай болуы қажет. Әдетте, адамның сыртқы келбеті ішкі мәдениетін бейнелейді.
Адамның бес саусағы қалай біркелкі болмаса, олардың мінез-құлығы да әрқилы. Содан, ең жоғарғы ақыл-парасат иелерін жақсы мінезді, жаман мінезді, мінезі түсініксіз деп те бөледі. Мұның бәрі адамдардың мінезіндегі ізгілігі мен міндеріне байланысты. Әркім оны танып, біліп, отбасына, ортасына, қоғамымызға зиянды әсер ететінінен өзін-өзі тәрбиелеу арқылы арылып отыруға тиісті.
Адамның тұрақты психи-калық ерекшеліктерінің жи ынтығын мінез-құлық деп атайтыны белгілі. Ол тірілер дің барлығына ортақ қасиет. Адамдардың мінез-құлығын қылықтары арқылы анық-тап, сол бойынша бағалай-ды. Өйткені, әркімнің тұрмыс-тағы, еңбектегі, өзгелермен қарым-қатынасындағы қы-лықтарынан өмірлік бағыт-бағдары, талғам-танымы, ой өрісі, мақсат-мұраты, жан-дүниесінің байлығы, сезімі айқын байқалып тұрады.
Психолог мамандар әрбір адамның өз мінез-құлқына бақылау жасауы арқылы он дағы міндерін түзей алатын-дығын айтады. Адам баласы-ның мінез-құлқының көрініс бермейтін кезі жоқ. Ол өзіне тапсырылған іске, отбасына, жеке басына деген жауапкершілігінен де, туған-туыс, көрші көлеміне, дос-жолдастарына деген пиғылынан да аңғарылады, бүкіл тыныс-тіршілігіне әсер етіп, сыртқы ортамен байланысын сан қилы сатыға көтереді. Өмірдің кез-келген жағдайында адамның іс, қимыл жасауы оның мі нез-құлқының ауанына қа-рай болады. Мінез адамға жеке өзі үшін ғана емес, өмір сүріп отырған қоғамы үшін де қажет. Кейде үйдегі, жұмыс-тағы, қонақтағы, сапардағы, мәжілістегі бір адамның кө ңіл-күйі көптеген замандас тарына жақсы, жаман әсер етіп, моральдық-психология-лық ахуалды қатты өзгерте-ді. Сондықтан да біз ең алдымен, мінездегі міндердің сипаттамасын жан-жақты біл геніміз абзал.
Ұлы ойшыл Теофраст өзі нің Мінез трактатында мыл жыңдық, өресіздік, әдепсіз-дік, дөрекілік, өсекшілдік ту ралы мынандай анықтама берген:
Мылжыңдық - ... сөз саптауындағы ұстамсыздық. Мылжың жолай кездесе қал ған кісінің әр сөзіне қыс-тырылып, өзі бәрін білетіндей, жұрттың бәрін ақымақ қа санайды. Ол кісіні мынандай сөздермен бөле береді: Мұнда осыны айту ды ұмытпа, Есіме салға-ның жақсы болды, Мінеки, әр нәрсені айтудың пайдасы, Мынау есімнен шығып кетіпті-ау!, Сөз төркінін тү сіне қойдың, Сен мен ой-лаған қорытындыға келер ме деп, баяғыда-ақ күткем. Ол осы тектес сөздермен кісіге тыным бермейді...
Егер әңгімелесуші қайтуға асығыс екенін айтса, мыл-жың оның үйіне дейін еріп баруға әзір. Ол Тілде сүйек жоқ дей отырып, сөзден тиылудың азап екенін мойындайды, ол қарлығаштан бетер сайрап, бөспеліктен еш жалықпайды.
Өресіздік - ұсақ пайда күнемдік... Дос-жарандары-ның бірі арзанға берген затына көңілі толмай, оның қажетсіздігін айтады. Алда-жалда зайыбы бір бақыр тиынды жоғалтып алса, ол үй-мүлік, төсек-орын, сан дықты қопарыстырып, бүкіл еденді тіміскілей іздеуге
бар. Егер бірдеңе сата қалса, бағасын көтеретіні сонша, сатып алушы сырт айналуға мәжбүр. Ал базаршылап шықса, үйге құрқол келе беретіні де бар.
Әдепсіздік - қолайлы сәт ті талғай алмаушылық, ара-ласқан адамға жайсыз әсер қалдырады... Үйлену тойында әйел қауымын балағаттайды... Қолы тимей жатқан адамнан кеңес сұрай кетеді... Жиында істің жай-жапсар, мәнін елдің бәрі түсінгенде, ол орнынан тұрып, бәрін басынан қайта айтуға кіріседі... Біреу бастаған ісін аяқтағысы келіп тұрса, ол көмек бергісі келіп өршелене түседі[12]...
Дөрекілік - адамның кө-ңілін қалдыратын әдепсіздік. Ол сен жайыма қалдыр, дейді. Сәлемге жауап бермей ді. Біреу абайсыз соқтығысып қалып, не аяғын басып кетіп кешірім сұраса, қабылдамай-ды... Көшеде тасқа сүрініп кетсе, оны да қарғап-сілеуге әзір. Біреуді ұзақ күтуге шыдамы жетпейді.
Басқа пәле-тілден. Бұл - теріс ниеттің сөздегі көрінісі... Егер Пәленше қандай адам? деп сұрай қалса, бейне оның ата-тегіне қанық адамдай қаз балай жөнеледі... Бұл оң-баған, асылып өлгір туралы мен бәрін білемін ғой, - деуге де тайынбайды. Жұрттың көзінше жаңа ғана шығып кет кен адамды жамандай жөне-луге бейім, ал бір бастаса ол адамға қоса туыстарын да ба лағаттаудан тартынбайды. Үй іші, дос-жарандары, тіпті, аруақ тар туралы ол тарататын сұм-пайылықты санап болмайды [13].
Қазақтың ғұлама перзент-терінің бірегейі Жүсіпбек Аймауытов Жан жүйесі және өнер таңдау жөнінде өз заманында көрікті ойлар толғаған-ды.
Сонда ол адамдардың мінезін дегі бір айырмашылықтың өзіне өзінің сену сезімінің әртүрлі болуында, дейді. Иә, адамдар-дың өзіне-өзінің қатты сенетіндігі, сенбейтіндігі бірден көзге түседі. Олардың арасында қо лынан келсін, келмесін кез-келген іске араласа кететіндер, өн бойында міні тұнып тұрса да басқаларға ақыл ай туға шеберлер аз емес. Кері-сінше, білімі мен таланты, ақыл-ойы, тәжірибесі мол кейбір кісілер өзіне-өзінің сенімі нің аздығынан оны жарқыра-тып тұрып көрсете алмайды. Өмірдің тағы бір жұмбақ сыры, осындай адамдардың арасында бойындағы әлгіндей жақсы қасиеттерін мейлінше тиімді пайдалана алатындары да бар шылық.
Жалпы, бір адамның мінезін жақсы білсең, оның белгілі бір жағдайларда не істей алатынын алдын ала аңғарып, пайымдауыңа мүмкіндік мол.
Оған жол ашатын бұл психи-калық қасиеттерді мінездің бітісі деп атайды. Осы мінез-дің бітісінің түрлі сипаттары: ержүректілік, адалдық, жігерлілік, еңбексүйгіштік, адал ниеттілік, қорқақтық, жалқаулық, тұйықтық, көрсе қызарлық, күншілдік, мақтаншақтық жә-не тағы да басқалар. Адамдар мінезінің айырмашылығын біз сөз етіп отырған мінездің бі-тісі арқылы анықтауға болады. Әсіресе, мінездегі міндерді ашып көрсетуде, баға беруде
психолог мамандар оған кеңі-нен арқа сүйейді.
Тарихи тұлғалар мінез-құлық
туралы
Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде - бұлар адамшылық қа сиеттер болып табылады.
Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақ сы мінез-құлқына байланысты.
Мен егер закон қуаты қо-лында бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім.
Жағдайдың өзгеруі мінез ді де өзгертеді.
Жүсіпбек Аймауытов.
1. Есер. Орынсыз лепіретін немесе аяқ астынан ашуланатын шапшаң, шодыр мінезді, басқаларға ұқсамайтын өзгеше қылықты адам. Оның күтпеген жерден лып етіп шыға келетін шайпау мінезі жұртшылықты таң қалдырады. Ол кейде Қо-жанасырға да ұқсап кетеді. Бо-йындағы оғаш мінезден туған іс-әрекеттері қисынсыз, ретсіз әрі ақылға қонымсыз.
2. Өктем. Қаймықпайтын ба тыл, тәуекелшіл, дегеніне жетпей тынбайтын адуынды жан. Оның ашық мінезі, тез тіл табыса алу қасиеті, қолы ашық жомарттығы көбінесе өктемдік пен билікқұмарлықтың құра-лына айналады. Ол сондай-ақ, топ жаратын шешен, көңілді, жұрттың ыстық ықыласын тек өзіне аудару мақсатында қоғам ның ұйтқысы бола жүріп, бас қалардың мысын басуға ұмты-лады. Негізінен қызыл сөзге бейім, онысымен қоймай іске араласа кететін қызбалау адам. Ол құласа нардан құлайтын үлкен әрекетке құмар. Уысына түскенді ұршықша үйіреді. Көшбасшы болуға деген ұмты лыс оның табиғатында бар қа сиет. Өйткені оның бойына ұйымдастыру мен басқаларды соңынан ерте жөнелетін қабі лет дарыған. Дегенмен, олар-дың басты ерекшелігі парсы поэзиясында көрсетілгендей Менменсіген жезтырнақ, азу лы арыстан, жапырағы үлбіре-ген гүлдей өкпешіл. Өктем тұл ғалардың маңайын үнемі жәбір леп жүруінің бір себебі осында.
3. Аяр. Өз басына қажет пайдалы нәтижеге жету үшін
күрделі жоспар ойлап табуға және сол мақсатын жүйелі түр де іске асыруға бейім жан.
Өмірдегі барлық тосқауылдар-дың арасынан қисын тауып,
бұлтарып, бұраңдап, орағытып айналып өтіп, әртүрлі қулық істермен алдына қойған мақ-сатын іс жүзіне асыруға аса мүдделі әккі адам. Мұндай пен де пиғылын жұртқа сездірмейді, өмірлік тәжірибесі мол. Сондықтан оның ішкі жан-дү-ниесін (ішкі есебін десек те болады) көптің түсінуі өте қиын. Басқалардың аузын аңқитып кетуге, сандарын соқтырып, құрған қақпанына түсіруге шебер, қулық-сұмдықты ерек ше меңгерген кісі. Болмысы: әмбебап.
4. Жалтақ. Тұлғаның мұн-дай түрі жанжалсыз. Басқаның етегінен ұстамаса да, соларға ұқсап, еліктеп бағады. Тұлға аралық кикілжіндерді сылып тастау арқылы кез келген күр-делі ортаға жарасып, жұғысып қана қоймайды, сонымен қатар
өзіне қолайлы жағдай жасап алады. Басқалармен жақында суға, олардың мінез-құлықта-рының ұнамды белгілерін бо-йына дарытуға дайын тұрады. Өзара тиімді шартқа жүгініп, барлық адамдармен бейбіт өмір
сүру - оның өмірінің мағынасы болып табылады. Болмысы: арашашы.
5. Көнбіс. Ол кез келген дағдарысты ахуалға ғажайып шыдамдылық көрсете біледі. Кешірімді. Төңірегіндегілерге сеніммен қарайды. Жүйкесіне салмақ түскенде абыржымайды. Байсалды. Жеке тұлға ретіндегі ерекшелігі - өзін-өзі ұстай білуінде, төзімділігінде, шыдамдылығында. Болмысы: қолбала.
6. Табанды. Бұл адам өзі-нің де, өзгенің де кісілігін қа-дірлейтін, дара тұлғаны бүкіл дүниетанымның өзегі деп та нитын және сенім артатын көз қарасты ұстанады. Оқшау ой лардан туындайтын адал және
әділ түсінікті сыйлайды. Кейде бұл өзін-өзі тым жақсы көре-тін, қара басына жоғары баға беретін адам. Өз мүддесіне бар
ынтасымен ұмтыла отырып, өз көзқарасын қасарыса қорғай біледі. Ойлы әрі ұқыпты, көбі-несе жеке дара жүруді ұна тады. Жеке бастың мәселе-леріне де, қоғамдық проблема-ларға да оның өз пікірі, өз көзқарасы болғандықтан бел гілі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі бала
Мектеп жасына дейінгі баланың сезімі мен эмоциясының өзгеруі
Мектеп жасына дейінгі балаға сипаттама
Мектеп жасына дейінгі балалардың рухани - адамгершілік дамуын талдау
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мектеп жасына дейінгі балалардың мінез құлқының ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балаларда коммуникативтік дағдыларының ерекшеліктері
ЕРКІН ОЙЫН МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭМОЦИОНАЛДЫ ДАМУЫНЫҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ
Мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғааралық қатынастары
Мектеп жасына дейінгі балалардың топтағы әлеуметтік мәртебесі мен өзін-өзі бағалауына тұлғааралық қатынастардың әсері
Пәндер