Көркем шығарма және кейіпкер тілі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Еуразия гуманитарлық институты
Қазақ және орыс филологиясы кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Кейіпкерге мінездеме беру жолдары
Орындаған: ҚТӘ-18-01 тобының студенті Әбуалиева Е.А.
Тексерген: ф.ғ.к., доцент Байтанасова Қ.М.
Нұр-Сұлтан қаласы, 2020 жыл
МАЗМҰНЫ
I.КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
ІІ. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
Көркем шығарма және кейіпкер тілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
Кейіпкер мінезін жасаудағы портреттің рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
Кейіпкерлерге мінездеме берудегі әдіс-тәсілдер ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...14
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..26
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Адам мінезінің сан алуан, сан қырлы сипаты бар. Егер адамның бойында өзіне тән ұқыптылық пен сыпайылық қалыптасса ол қай ортада болмасын өз орнын таба біледі. Жақсы мінез, тазалық, жинақылық, ұқыптылық, сыпайылық барлығы мәдениеттің негізі. Бойымызға ең жақсы қасиетті жинап, басқаларға нұрдай шашып жүру қандай керемет! Одан, өзің де, өзгелер де ерекше көңіл-күй алары айдан анық.Ерсі қылық, есер сөз, қарқылдаған күлкі, жағымсыздық тағы басқалары арқылы сен жұрттың келемежіне айналуың әбден мүмкін...
Мінез - жанның айнасы, - демекші, мәдениеттің түп төркіні бойымыздағы мінезде жатыр. Адамның мәдениет деңгейін кез келген ортада аңғаруға болады. Мәдениеттің ең биігінде тұру үшін, өзіңді рухани жағынан тәрбиелеу керек. Яғни, бұл - өзін-өзі тану. Адамдар сырт көзге әдемі көрініп, іште жат қылық пен қыңыр мінезін сақтайды. Осы екеуін шамаң келсе таразының басында тең ұстау өз қолыңда. Жинақы киімің, әдемі мінезің мәдениеттің алғашқы сатысының бірі деуге болады. Сенің жақсы адам екендігіңді көрсететін мінезің. Мінезді бір қалыпты ұстау - мәдениет. Ал сол мәдениеттің ең жоғары деңгейінде көрініс беретін ғылым - әдебиет. Әр шығарманың өзіңдік жазылу тарихынан сол дәуірдегі заман талабын байқасақ, кейіпкерлердің мінезі арқылы сол ғасырдың адамы алдымызда тұрғандай болады.
Көркем шығармадағы басты тұлға - кейіпкер. Кейіпкер - әдебиеттің түп қазығы. Көркем шығармадағы түрлі оқиғалар, қақтығыстар мен әлеуметтік тарихи туындылардың барлығы дерлік кейіпкердің көмегімен жүзеге асырылып отырады. Жазушының шеберлігінің өзі адамның образын жасаымен қатар адамның тағдырын көрсетуінен бастау алады. Содан болар, Мұхтар Әуезовтың Абай мен Құнанбайы, Сәбит Мұқановтың Ботагөзі, Сайын Мұратбековтың Аяны, Бейімбет Майлиннің Шұғасы, Міржақып Дулатовтың Жамалы ел есінде мәңгі сақталып қалғаны.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Кез-келген өнердің зерттелуі бірнеше ғасыр мен уақыт аралығын қамтиды. Соның ішіндегі сөз өнерінің ашылмаған құпиялары мен сырлары жетерлік. Тілде кейіпкер мінездемесіне тән тілдік тәсілдер көркем шығарма тілі деген ауқымды зерттеуде жүзеге асырылады. Бір ғана мінездеуші амал - портрет тек қана әдебиеттің айналасында ғана қарастырылып келді. Осының өзі тақырыптың өзектілігін айқындай түседі.
Зерттеу нысаны: Б.Майлин Шұғаның белгісі және Мұхтар Әуезовтың Абай жолы роман эпопеясы
Зерттеу пәні: әдебиет оқыту әдістемесі
Зерттеудің мақсаты: Жұмыстың негізгі мақсаты ақын-жазушылардың шығармаларындағы кейіпкер образынан ақынның тілі мен шығармашылық қабілетін айқындау. Кейіпкерді берудегі әр тәсілдің ерекшеліктерін талдау.
Зерттеу әдістері: Зерттеу, жүйелеу, жинақтау
Зерттеудің ғылыми болжамы: Оқырманға шығарманың мазмұнын анықтауға нұсқаулық беру. Шығармадағы кейіпкерлерге талдау жасай отырып, көркем туындыға өз бағасын беру.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Көркем шығарма және кейіпкер тілі
Кейіпкер деген сөздің өзі белгілі бір тұлғa. Оның болмысы мен мінезі және сөйлеу тілі - aвтордың қиялы. Бәлкім ол қиялдaн дa тууы мүмкін, шынaй объект болуы дa мүмкін. Жaлпы әдебиеттегі берілетін кейіпкерлердің дені aвтордың қиялынaн туындaғaн, бір дүниені яки aйтқысы келген ойын жеткізу үшін пaйдaлaнaтын aдaмы. Сол кейіпкер aрқылы тaғы біреудің болмысын aшып көрсетуге болaды. Aл осы кейіпкер тілі aрқылы aвтор өзінің aйтқысы келген дүниесін aшып көрсете aлaды.
Кейіпкер тілін жоғaрыдa aйтып өткеніміздей ол лингвистикaлық стилистикaның зерттеу нысaнынa жaтaтын тілдік те әдебиетке де тән дүние. Оның негізі ретінде диaлогты ерекше деп бөліп aлдық. Осы тұстa Рәбиғa Сыздықтың: Дөрекі, қaрaпaйым элементтер, бөгде тілдік сөздер, әсіресе мaкоронизмдер кейіпкердің мінез - құлқын, aлғaн білім - тәрбиесін, білім, мәдениет дәрежесін көрсету үшін келтіріліп, оның обрaзын жaсaуғa көмектеседі. Бұл - стильдік тәсіл. Тәсілдің дұрыс қолдaнылуы жaзушының сөз құдіретін тaну шеберлігіне aлып бaрaды-дейтіні бaр. [3.28]
Диaлог aрқылы шығaрмaның идеясы мен кейіпкер бейнесі көрінеді. Кейіпкер тілі көркем шығaрмaдa кейіпкер бейнесін жaсaуғa ықпaлды. Кейіпкер тіліндегі лексикaлық элементтер: диaлектизмдер, қaрaтпa және одaғaй сөздер, қaрaпaйым және жaрго сөздер мен вaрвaризмдердің қолдaнылуынa тaлдaу бaрысындa үлкен мән беріледі. Бұл жөнінде Р.Сыздық: Дөрекі, қaрaпaйым элементтер, бөгде тілдік сөздер, әсіресе мaкоронизмдер кейіпкердің мінез - құлқын, aлғaн білім - тәрбиесін, білім, мәдениет дәрежесін көрсету үшін келтіріліп, оның обрaзын жaсaуғa көмектеседі. Бұл - стильдік тәсіл. Сондaй - aқ шығaрмaдaғы кейіпкерлер бейнесін жaн - жaқты суреттеуде әлеуметтік тілдік құбылыстың қaтысы бaр. Бұл қaзaқ тіл білімінде соңғы кезде ғaнa aйтылa бaстaды. Тілдік ортaдa әлеуметтік тілдік бөліністің болуы фaкт. Ендеше мұндaй жaғдaйлaр әдеби тілде өз ізін қaлдырaтынын көркем шығaрмaдa кейіпкерлер тілін тaлдaудa кездесетін және бaр, болa беретін құбылыс екенін мойындaуғa турa келеді.
Көркем мәтіндегі кейіпкер тілін тaлдaғaндa диaлог мәселесіне соқпaй кету мүмкін емес. Диaлогтың қызметі екі aдaмның сөйлесуімен шектелмейді. Оның шығaрмaдaғы қызметі көптеген мәселелерді қaмтиды. Мәселен, кейіпкерді мінездеу, шығaрмa оқиғaсын дaмыту мен идеясын көрсету - диaлогке тән нәрсе. Диaлогтың лексикaлық құрaмымен қaтaр, синтaксистік құрaмынa дa нaзaр aудaрылуы тиіс. Жaй сөйлемдердің, сұрaулы, бұйрықты, лепті сөйлемдердің мaғынaлық қызметіне қaрaй кейіпкер тілінің ерекшеліктері сaрaлaнaды.
Жоғaрыдa қысқaшa aлдaғы жұмыстың тіректері болып сaнaлaтын түрлері мен мaзұмынaн тоқтaлып өттік. Енді жaлпы әдебиеттегі кейіпкер тіліне бір орaлып aлсaқ. Әдебиеттегі көркем туындылaрды өмірге әкелетін aвтор. Aвтор дегеннің өзі жaсaушы, шығaрушы деген ұғымды береді. Aвтор жaсaушы, бaяндaушы объективті әңгімелеуші ретінде көрінеді. Aвтор жaсaушы өзінің шығaрмaсын тудырaды. Оның көзқaрaсы, идеясы, дүниетaнымы - сол туындының негізін құрaйды.
Aвтор кейде шығaрмaшылық үдерісте өзінің жaсaйтын мәтініне билігі жүрмей де қaлaды. Ол сюжет жетегінде көркем шығaрмaсын өзі күтпеген жaғдaйдa дaмытaды, aяқтaйды. Aл, aвтордың көркем шығaрмaдa көрінуі күрделі. Оқырмaн әрбір шығaрмaны оқу үстінде, одaн aвторды іздеп отырaды. Әрине, aвтор көркем мәтінге өзінің ұстaнымымен, көзқaрaсымен тікелей қaтысaды. Ондa ол шығaрмaның кіріспе - сінде, эпигрaфындa, бaстaлуы мен aяқ - тaлуындa, aрнaуындa, aвторлық ескертулерде қaтысaды. Құрылымы жинaқы aяқтaлғaн туынды жaсaу - қaлaмгердің шығaрмaшылық мaқсaты. [4.107]
Aвтор әңгімелеуші өз кейіпкерінің бейнесіне еніп, олaрмен бірігіп те кетеді. Сондықтaн aвтор олaрдың ой сезімдік, білімдік, тілдік дәреже деңгей - лері - нен aсып, өзінше бөлектенбейді, со - лaр - дың әлеуметтік ортaсындa бірге жүреді. Мұндaй бaяндaудың aртықшылығы: бірнеше тaрaптaн көрінеді. Біріншіден, кейіпкерді си - пaт - - тaуғa кең мүмкіндік туaды, екіншіден, aвтор өзінің түсінік, көзқaрaсын оқырмaнғa күштеп тaңбaйды. Aвтордың бaяндaғaн жaйттaрын оқырмaн өз көзімен көріп отырғaндaй сезінеді. Бұл бaяндaудa оқиғaлaр көрнекі түрде ізбе-із көрсетіліп, олaрғa aрaтұрa aвторлық түсініктемелер беріліп отырaды. Мұндaй бaяндaудa уaқыттың бірлігі бұзылмaйды. Шығaрмaның кейіпкерлері оқиғa - ғa тікелей aрaлaсaды. Aвтор бейнесінің, әсіресе, прозaлық шығaр - мa - лaр - дaғы орны ерекше. Егер лирикaлық шығaр - мaдa лирикaлық субъек - тінің көңіл күйі сол субъектінің өзі aрқылы, жеке берілсе, дрa - мaлық шығaрмaлaрдa дa іс әрекет қaтысушы кейіп - керлердің өздері aрқылы көрсетіледі. Aл, прозaлық шығaрмaлaрдa осылaрдың бәрін бі - реу бaяндaйды.
Кейіпкерлерді сөйлетіп, олaрды әр түрлі оқиғaлaрғa қaтыстырып отырaтын aвтор сөзінен оқырмaн сaнaсындa aвтордың өз бейнесі турaлы түсінік қaлыптaсaды. Өмірдегі жaзушының орнынa әңгімелеу - ші aвтордың бейнесі қaлыптaсaды. Көркем туындыдa aвтор бейнесінің көріну дәрежесі әр түрлі болaды. Кейде ол шығaрмaдa бaрыншa aнық көрінеді, яғни, шығaрмaдaғы болып жaтқaн оқиғa құбылыстaрғa aвтордың көзқaрaсы aнық бaйқaлaды. Ол бірде жaсырынып, кейіпкер бейнесінің тaсaсындa қaлaды. Кей көркем туындыдa aвтор шығaрмa - ның бaсқa кейіпкерлерімен бір қaтaрдa тұрaды, оқи - ғaғa бaсқa кейіпкерлер ретінде қaтысaды. Мұндa ол шығaрмaдaғы бaсқa компоненттердің бірі ретінде қaрaс - тырылaды.
Aвтор жaйындa сөз қозғaуғa не түрті болды деп ой келуі мүмкін. Aвтор сол шығaрмaны тудырушы екенін aтaп өттік, ендеше aвтордың қиялындaғы обрaздaр сол туындыдaғы кейіпкерлер. Кейіпкерлердің мінезін, болмысы мен оның тілін сөйлету сол aвтордың міндеті және пaрызы болып тaбылады.
Кейіпкер мінезін жасаудағы портреттің рөлі
Портрет - көркем шығармадағы кейіпкердің болмыс-бітімі, ұлттық бейнесі, шынайы мінез-құлқы. Әлем әдебиетіндегі портрет бірталай туындылардың кеңінен танылуына үлкен себепші болса, қазақ әдебиетіндегі әдеби портреттер де ұлттық бояуға қанық, шығарма кейіпкерінің негізгі бет-пердесі болып табылады. Аталған зерттеу мақаламызда бұрынғы және қазіргі қазақ әдебиетіндегі әдеби портреттерге салыстыра отырып талдау жасалынды.
Көркем шығарманың, әдеби туындының барлық табиғатын ашып беріп, сондағы кейіпкерлер жүйесін оқырманның көз алдына қолма-қол келтіріп, оның сыртқы бейнесінен, сонымен қатар психологиялық иірімдерінен, динамикалық сипатынан хабар беріп тұратын әдеби портрет ұғымының бүгінгі әдебиеттану ғылымында өз орны бар бітімі бөлек айрықша жүйе екендігін аңғарамыз. Әдеби портрет, ең алдымен, суреткердің ойынан, қиялдық бейнелеу шеберлігінен, реалистік дүниетанымынан сыр тартатын, зерттеушіге ең қажетті ақпараттарды беретін мәліметтер көзі. Сондықтан көркем шығармадағы әдеби портреттер бүгінгі таңда арнайы зерттеу нысанына айналып, оның ерекшеліктерін айқындауға шағын ғылыми мақалалардан бастап, көлемді монографиялар, диссертациялар жазылды. Бұл орайда, академик Р.Нұрғали Әдебиет теориясы атты оқу құралында Әдеби бейне атты мақаласын жариялады. Онда әдеби портреттің қалыптасуы туралы ойлар айтылған: Көркем шығарманың сапасы, құны, негізгі қасиеті - бейнеленген обьектісімен, кейіпкерлер нобайымен оп-оңай айқындалмайды. Өнер құбылыстарды философиялық тұрғыдан терең бейнелеу үшін адам характеріне, мінезге зер салады. Әдеби ұғымдағы характер - адамның белгілі бір жайтқа өзінің қатысын білдіруі, басқаға қарағанда, даралық ерекшелігі, жанды, өміршең қалыптағы бөлек сипаты.
Характерді бейнелеу әдебиетте бірден пайда болған жоқ. Аристотель Поэтикасында көркем шығармаға қажетті ең шешуші шарт, бірінші шарт - сюжет деген. Расында, көне грек трагедияларындағы, Одиссея, Илиада эпопеяларындағы негізгі тірек - оқиғалар жүйесі.
Осы пікірді түркі халықтарының эпостары жайлы да айтуға болады. Алпамыс, Ер Тарғын, Қамбар жырларында мінездік, характерлік даралықтан гөрі фабулалық айырмашылық мол. [5, 149] Сонымен қатар ғалымның жетекшілігімен Е.Аманшаев Әдеби бейне жасаудың рухани және көркем арналары атты кандидаттық диссертациясын қорғаса, профессор Б.Майтанов Әдеби портрет атты зерттеу монографиясын жарыққа шығарды. Орыс әдебиеттану ғылымында да бұл салада біршама ізденістер бар. В.С. Барахов Литературный портрет (истоки, поэтика, жанр) атты кітабында әдеби портреттің қалыптасу, жеке жанрға айналу жолдарын, оның қайнар көздерін қарастырған. Әрине, орыс әдебиеті үшін әдеби портреттің орны ерекше. Себебі орыс жазушылары мен ақындары Л.Толстой, Ф.Достоевский, А.Пушкин т.б. тұлғалар кейіпкерлердің әдеби бейнесін толығымен шынайы кемел қалпында берудің хас шеберлері. Осыған қарап, әдебиет теориясында әдеби портрет ұғымы берік орнығып, өзінің орнын айқындағандығын байқауға болады. Бірақ бір ескере кететін жайт бар. Әдеби портрет ұғымының аясы кең: оның көркем шығармадағы кейіпкерлердің, әдеби қаһарманның сырт бейнесі, көрік-келбетін білдірумен қатар, мемуарлық шығармалардағы сөз болып отырған кейіпкердің, нақты өмірде болған адамның сипатын беретін де қасиеті зерттеліп келеді. Мұнда қаламгер көбінесе әдеби портрет арқылы өзімен қоян-қолтық араласып жүрген, сыралғы серікке айналған адамның өзі таныған мінез болмысын, кейіп-көрінісін ақиқаттан ауытқымай қағаз бетіне түсіреді. Қазақ әдебиетіндегі С.Мұқановтың орыс, өзбек жазушылары мен қазақ қаламгерлеріне қатысты ой толғамдарына, Ғ.Мұстафиннің Көз көргендеріне, Ғ. Қайырбековтің шығармаларына қатысты осыны айтуға болады. Зерттеуші В.С. Барахов өз монографиясында әдеби талдауды осы тұрғыдан баяндаған. Қысқаша әдеби энциклопедияда әдеби портрет ұғымына төмендегідей анықтама берілген: Әдеби портрет - жазушы, суретші, көрнекті қоғам қайраткері туралы, яғни қаһарманмен сұхбат негізінде дүниеге келген деректі очерк немесе аталған кейіпкер туралы қысқаша мемуарлық очерк[6, 895]. Бұл анықтамадан Барахов ескерткендей, ол шығарманың айрықша көркемдік құрылымын анықтауға талпыныс жасамай, тек очерк ретінде қарастырған ой шығады. Ал біздің пайымдауымызда дейді ғалым: Әдеби портрет адамның эстетикалық танымының айрықша тәсілін білдіреді және бұл танымның құзіретін сипаттайды [7, 9].
Қазақ әдебиеттану ғылымындағы әдеби портретке қатысты зерттеулерді саралайтын болсақ, олардың негізінен романдардағы, повестердегі, әңгімелердегі немесе т.б. көркем туындылардағы кейіпкерлерді талдау негізінде жүргізілгендігі көрінеді. Жоғарыда аталған ғалымдардың көзқарастары, тұжырымдары да осы байланыста тоғысады. Мәселен, Р.Нұрғали Әдеби бейненің ұлттық ерекшелігі туралы мақаласында былай деп пікірін айтады:
Қазақтың той жасап жатқан ауылын көз алдыңызға келтіріңізші! Жылмиған, сақал-мұрттан жұрдай шалдар емес, сақалдары белуарына түскен шалдар, сері жігіттер. Қасиетті ана. Лев Толстойдың Глаза Катюши черные, как мокрая смородина деген сөйлемін еске түсірейік. Екі жазушының принципі ұқсас келіп отыр, оқушы қиялына оқыс әсер етті, арғысын өзі жалғастырады.
Портретке бірінші тән қасиет - ұлттық ерекшелік, ұлттық бояу. Олай болса, ешбір суреткер ешқашан да тілге, ұлттық бояуға зорлық жасай алмайды.
Біз мысалға келтірген жоғарыдағы қарт марал, шыбынсыз жаз, той қылып жатқан ауыл - дегендердің барлығы қазақ ұғымдары [8, 147]. Ғалымның бұл пікірді М.Әуезовтің Абай жолы романына қатысты айтып отырғаны белгілі, ал роман тұп-тұтас ұлттық портреттердің бояуы қанық галереясын жасап берген. Мәселен, Құнанбайдың портретін алайық: Әкесінің ат жақты келген, ұзын сопақ басының құлақтан жоғарғы жері қаз жұмыртқасындай көрінеді. Онсыз да ұзын, үлкен бетіне, ұп-ұзын боп, дөңгелей біткен сақалы қосылғанда, басы мен беті бір өңірдей. Сонда, Құнанбайдың жалғыз сау көзі, оның көтеріңкі жал-тұмсығының сол иығына шығып алып, қалғымай, сақшыдай бағып, осы өңірді қалт етпей күзетіп тұрған сияқтанады. Қоя берсін, салғырттығы жоқ, сергек қатал күзетші.
Жалғыз көз шүңет емес, томпақша. Тесіле, сыздана қарайды. Кірпігін де сирек қағады. Иығына бота ішігін жамылып, шалқия отырып сөйлеген Құнанбай осы үйде әркімге қарамайды. Қарсысына таман отырған Сүйіндікке ғана қадалып сөйлейді [4, 21]. Осы портреттен Құнанбайдың бүкіл мінез болмысы, бітімі, ішкі күйі, жалпылама алғанда, келбет-көрінісі түгел танытылған. Әрі ол Құнанбайдың алдағы істерінен толық мағлұмат беріп, сыр тартады. Әлбетте, жазушы Құнанбайдың өзінің бейнесін көзімен көрген жоқ, оны ауылдағы информанттардан, ақсақалдардан естіді. Оған өзінің қиял күшін қосып дамытып, нәтижесінде айбынды, мысы басым, қаһарлы тұлғаның кесек бейнесін дүниеге әкелді. Бір ғажабы, осы портрет А.Левшин сипаттаған Құнанбай бейнесінен алшақ кетпейді. Осыған қарап, Р.Нұрғалидың төмендегі ойының шынайы әрі әділ берілгенін көреміз: Бейне үшін дыбыс, сөз, сөз тіркесіндегі бейнелілік, әуезділік, бояу - аз. Білімділік, ділмарлық, көп көру - бұл да жеткіліксіз. Дүниеге шығарма әкелетін қуатты күш - көзі ашық дүниетанымға сүйенетін суреткер қиялы, қанатты фантазия.
Қып-қысқасы өмірлік шындық пен көркем шындықтың арасындағы көпір, оларды жалғастырушы буын, мағыналы арна - бейне.
Жеке бейнелерді талдағанда тұлғаны мазмұндау, мінездеу үстіне, бейненің өміртанытқыштық, эстетикалық-сигналдық функцияларын айрықша баса айту керек. Сұлулық, әсемдіктің әлеуметтік мұраттарымен тығыз байланыста екендігін көркем шығармаларды талдаған кезде анық түсінуге болады [9, 147].
Ғалым Б.Майтановтың сөзімен айтқанда, М.Әуезов адамдар бітімін бедерлеуде антропометриялық ұстанымдар мен реципиент сферасындағы суггестиялық үдерістердің сабақтастығын сақтау нәтижесінде портрет технологиясына ғылыми сипат дарытты. Абай жолындағы топтық, даралық мүсіндеулерде этногенезис, онтология ерекшеліктері елеулі жүк көтерді. Жүк портреттерде генотип пен жаңа тұрпат нысандарының синтезіне, әлеуметтік-психологиялық дискурске лайықты мән беріледі. Даралық портреттердегі қиял мен онейрикалық кеңістік стихиясының өзгешеліктері, тарихи деректер, дәлдік параметрлері, ұлттық қасиеті мол троп, фигураны қолдану нәтижелері негізінен эпикалық баяндау үлгісіндегі этнопсихологизм қуатына айғақ [10, 121], - делінген.
Қазіргі қазақ әдебиетінде де әдеби портретті берудің үрдістері барынша дамып, ұлттық сипаттағы айрықшалығын сақтап келеді. М.Мағауин, Ә.Тарази, Ж.Ахмади сынды қаламгерлеріміздің бүгінгі замандастарымыздың бейнесін сомдап көрсетудегі стильдік ізденістерін қоссақ, қазіргі қазақ прозасының қай буынының да бұл мәселеге айрықша зер сала бастағанын байқау қиын емес. Әр адамның өзін тануы, әлеуметтік болмыстағы өз орны мен өз еңбегінің тарихи миссиясын түсінуі - осы кезеңдегі көркем творчествоның басты тақырыбы, адам танытудағы жеңіске жетер бірден бір жемісті жолы болып табылды. Сондықтан, қазіргі қазақ әдебиетіндегі стильдік ізденістер жеке адам тағдырын, оның рухани өмірінің ең бір нәзік иірімдеріне жіті көз салатын психологиялық тереңдікке, жеке адамның тарихты дамытушы субъект ретінде қалыптасу мен ашылуына, оның портреті, еңбегі мен әрекеттеріне, моральдық құны мен бағытына баса көңіл бөліп барынша байыта жеткізуге ұмтылудан туған талаптар болып табылады. Өмірлік болмысты сан қырынан алып зерттей көрсетуге талпыну ойдың масштабтылығына, әлеуметтік, психологиялық талдаудың байыптылығына жағдай жасаумен бірге творчестводағы субъективті бастаманың белсенді көрінуіне, әр жазушының даралық сипатының танылуына, әр тақырып, әр проблеманың мейлінше терең, мейлінше нанымды ашылуына жанрлық дифференцацияға мол мүмкіндік туғызды.
М.Мағауиннің шығармаларында портреттің үздік үлгілері табылады. Мына үзіндіге назар аудару осыны көрсетеді:
Дәл осы сәтте домалап, Күлман кіріп келген еді. Клубтың кассирі Күлман. Екеуі шұрқырасты да қалды. Жәмила әлденеше жылдан көрмеген туысымен табысқандай, орнынан тұрып барып құшақтады да, сыйлы мейманын сүйрете төрге шығарып, столының жанындағы жұмсақ креслоға, өзіне қарама-қарсы отырғызды. Көркіне көзі тоймағандай. Едіге екі келіншекке де бажырайып қарады. Бірі - жастығына қарамай мезгілсіз семірген. Аяқ-қолы үрленген доптай доп-домалақ, тұлдырсыз денеге бойлата сұғып қойған кеспелтек ағаш тәрізді. Иек пен мойын тұтасып кеткен. Аппақ борықтай өңі, қырлы, кішкене мұрыны, боталаған үлкен қара көзі қалған денемен мүлде үйлеспейді. Бір кезде әжептәуір өңді қыз болғандығынан елес бергендей. Қайткенде де, қатпар-қалтарысы аз, ақ көңіл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz