Ғимараттардың құрылыс технологиясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

"Сәулет, Құрылыс және Көлік" факультеті

"Сәулет" кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Орта қабатты секциялы тұрғын үйлер

Орындаған: Шүкурбекова Айсұлу
Тобы: См-18-5к3
Қабылдаған: аға оқытушы Мейрманов М.

Шымкент-2021
Аннотация
Мен См-18-5к3 тобының студенті Шүкурбекова Айсұлу курстық жұмысты орындап, оны жоспарлау барысында Сәулеттік жобалау VII пәні бойынша Орта қабатты тұрғын үйлер жайында негізгі ақпараттарды алып, көптеген жұмыстармен таныстым. Жобаны жасау барысында негізгі нормалар және ережелермен танысып, жобаны барынша нормаға сай жасауға тырыстым.
Ғимарат құрылысы кезінде экологиялық қауіпсіз және қаржылай тиімді етілуін қарастырдым. Жобада кеңінен таралған құрылыс материалдары пайдаланылғандықтан, жетіспеушіліктер болған жоқ. Тұрғын үйдің беріктігі мен тұрғындар үшін ыңғайлы болуы ең басты міндеттердің бірі. Мен жобамда көлемді-кеңістікті шешімнің тиімділігі мен барлық заңдылықтардың сақталуына мән бердім. Курстық жұмыстың графикалық сызбасы А3, А2 форматтарында орындалды. Графикалық сызбаларға М 1:100; М 1:150 масштабтары қолданылды.

Мазмұны
Аннотация
Мөлшерлі сілтемелер
Анықтаулар
Белгілер мен қысқартулар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.Сәулеттік бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Аналитикалы шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Көлемді-кеңістікті шешімдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2.1 Шығармашылық ізденіс кезеңі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2.2 Шығармашылық жұмыс кезеңі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Бас жоспарды орындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.Құрылымдық бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Ғимаратқа қолданылған құрылымдық шешімдер ... ... ... ... ... ..
2.2 Қолданылған құрылыс материалдары тізбесі ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Мөлшерлік сілтемелер:

Курстық жұмысты жасау барысында келесідей мөлшерлі құжаттарға сілтеме жасалынды:

ҚР ҚнжЕ 5.01-01-2002 Негізгі ғимараттар және имараттар.
ҚР ЕЖ 3.02-108-2013 Әкімшілік және тұрмыстық ғимараттар
ҚР ЕЖ 3.01-101-2013 Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және құрылысын
ҚР ЕЖ 3.06-101-2012 Ғимараттар мен имараттарды халықтың қимылы шектеулі топтары үшін қолжетімділіктін есебімен жобалау.
ҚР ЕЖ 5.01-102-2013 Ғимараттар мен имараттардың іргелері.
ҚМ және Е 12-01-2004 Құрылысты ұйымдастыру
ҚМ және Е 11-03-2001 Типтік жобалау құжаттары
ҚМ және Е 35-01-2001 Халықтың аз қамтылған топтарына арналған ғимараттар мен құрылымдардың қолжетімділігі
ҚМ және Е 31-110-2003 Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың электр құрылғыларын монтаждау және жобалау
ҚМ және Е 5-101-2001 Халықтың аз қамтылған топтарын ескере отырып ғимараттар мен құрылымдарды жобалау. Жалпы ережелер.
ҚМ және Е ІІ-4-80 Құрылыстағы қауіпсіздің техникасы

Анықтаулар:
Жасалынған курстық жобада келесідей анықтамалар мен терминдер қолданылды:
Жабын плиталары - ғимараттың ішкі кеңістігін сыртқы ортадан тұйықтайтын конструктивті жабын панелдері.
Жабын (кровля) - ғимаратты атмосфералық жауын-шашыннан қорғайтын төбежабынның жоғарғы элементі. Көтергішқұралымдар үстіне немесе жылуұстағыштар үстіне (шатырсызтөбелерге) төселетін су оқшаулағыш қабаттан және негізден (торламадан, тұтас төсемеден, тұтастырғыштан) тұрады.
Гидрогеология -- жер астындағы сулардың тегін, ағысын, химиялық қасиеттерін және олардың жер бетіне шығуын зерттейтін геология ғылымының бір саласы. Гидрогеология геологияның бір саласы болып табылатындықтан, жер асты суларын тау жыныстарымен, жер қыртысының даму тарихымен тығыз байланыста зерттейді.
Тротуар - көшелердің шеттерінде жүруге арналған арнайы жол. Тротуар үстінде қандай да болмасын ойын ойнауға немесе жүгіруге болмайды. Бұл жаяу жүргіншіге бөгет жасаумен атар, аса қауіпті болып табылады.

Белгілер мен қысқартулар:

1... - бөлмелер атауы.
М - масштаб.
См. - сантиметр.
ГП - бас жоспар.
МЕМСТ - Мемлекеттік стандарт
РК СТ - Қазақстан республикасының
М. - метр.
М² - ауданы.
% - пайыз
мм. - миллиметр.
су - санитарлы түйін.
РК СТ - Қазақстан республикасының стандарты.

Кіріспе

Тұрғын үйлерді жобалау барысында олардың көлемдік жоспарлық және көлемді шешімдері , құрылыс мөлшерлері мен қағидалары СниП 31.01.03 ЗДАНИЯ. ЖИЛЫЕ МНОГОКВАРТИРНЫЕ көрсетілген талаптары атқарады. Тұрғын үйлерді әр түрлі белгілері бойынша топтарғы бөлеміз:
Тұрғын үйлер функционалдық белгілері бойынша: пәтерлі үйлер, қонақ үйлер және де жатахана болып бөлінеді.
Көлемдік жоспарлық шешімдеріне байланысты: бір пәтерлі, блокталған тұрғын үйлер, секциялық, коридорлы, галереялы және аралас композиция түрлеріне жіктеледі.
Қабаттар санына байланысты: шағын қабатты 1-2 қабатты (1 қабат және блокталған тұрғын үй), орта қабатты 3-5 қабат лифті қарастырылмаған тұрғын үйлер), жоғары қабатты үйлер 6-9 қабат, көп қабатты үйлер 10-25 қабат, биік қабатты 25-жоғары.
Пәтер типтері бойынша: 1 бөлмелі, 2,3,4,5,6,7 бөлмелі типтері бар.
Одан бөлек тұрғын үйлердің жазғы бөлмелері болады, олар: лоджия, терраса, веранда, балкон. Бұл бөлмелер бүкіл үйдің жалпы ауданының % болып қосылады.
Жалпы жоба бұл - жасалайын деп жатқан, қайта құрылу немесе қалпына келтірілуге, салынуға тиісті ғимараттар, кәсіпорындар мен қондырғылардың макеттері, есептеулері, дәлелдеулері техникалық құжаттар жиынтығы. Сәулеттік жобалау VII пәніндегі біздің қарастырған негізгі тақырыбымыз Орта қабатты тұрғын үйлер болды. Сабақ барысында орта қабатты тұрғын үйлерге бірнеше клаузуралар жасадық. Клаузура арасынан біреуін таңдап, эскизбен жұмысты бастадым. Курстық жұмыстың құрамына: қабаттар жоспар, бас қасбет, бүйір қасбет, тілік, бас жоспар, перспективалық көрінісі кірді.

Негізгі бөлім
Сәулеттік бөлім

Көп пәтерлі тұрғын үйлер лифтсіз үйлерге жатады, шығу жолдары бар ортақ коммуникациялар арқылы пәтерлер-баспалдақтар, галереялар және дәліздер. Байланысты қабылданған пәтерлерді үйлестіру және олардың қоршаған ортамен байланысын қамтамасыз ету, бұл топтағы тұрғын үйлер секциялық, галереялық және дәліз типтеріне бөлінеді. Әдетте, олардың орташа қабаты бар (үш-бес қабат).
Орта қабатты тұрғын үйлер - қалалар мен елді мекендердің жаппай құрылысының негізгі түрі болып келеді. Олардың құрылыс құны салыстырмалы түрде төменірек болады және қарапайым құрылыс конструкциялары мен материалдарды керек етеды. Бұнда лифтіні орнатуды қажет етпейді. Көбінесе төрт-бес қабатты тұрғын үйлер тұрғызылады, олар экономикалық жағынан да, өмір сүруге де ыңғайлы. Құрылыстың бұл түрі берілген аумақты және жерасты коммуникацияларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Үш, төрт немесе бес қабатты тұрғын үйлер толығымен инженерлік жабдықталған. Олардың жағдайы, жоспардағы пішіні, өлшемдері, сондай-ақ байланысты жағдайлар өртке қарсы және санитарлық-гигиеналық талаптар маңызды рөл атқарады үйді жобалауда. Үй тұрғындарына қызмет көрсету үшін ортақ үй-жайлар болуы мүмкін, кіреберіс вестибюльдер, әр қабатты холлдар, әртүрлі мақсаттағы қосалқы бөлмелер сияқты саны мен мазмұны үйдің түріне, қызмет көрсету сипатына байланысты болады.
Лифтісіз үйлерде баспалдақ тікелей байланыс құрылымы болып келеді. Баспалдақ арқылы адамдар қабаттар арасынан көтеріліп, түседі және үлкен жиһаздар мен заттарды тасымалдайды. Баспалдақтар саны кемінде үш, оннан аспайтындай жасалуы керек. Бұл тұрғындардың баспалдақ арқылы көтерілуін жеңіл, әрі ыңғайлы етеді.
Секциялық тұрғын үйлер бір немесе бірнеше, бірдей немесе әртүрлі қабаттар мен жоспары бойынша ерекшеленеді. Секциялы үйді жоспарлау әдістері, яғни үйдің құрамы, абаттандыру жағдайы, техникалық жабдықтауы әр түрлі болады. Лифтісіз құрылыстарда ең тиімдісі 3-4 пәтерлі секциялы үйлер, 2 пәтерлі үйлер көбінесе кеңірек, әрі бөлмелер саныда көбірек болып келеді.

Аналитикалық шолу

Менің жұмыс жасаған жобам төрт және бес қабатты үш секциялы тұрғын үй. Тұрғын үйдің екі секциясы бес қабаттан, үш пәтерден тұрады. Бір секциясы төрт қабатты, екі пәтерлі болып келеді. Оның бірінші қабаты қоғамдық бөлмелерден тұрады. Үш секциялы үйдің біреуінің ауданы 555.75 м², ал екіншісінің ауданы 243.08 м² құрайды.
Бес қабатты секцияға келер болсақ, онда пәтерлердің құрамына: холл, жатын бөлмелерден, зал, асхана, тазалық түйіні, балконнан тұрады. Мұнда екі пәтері екі бөлмелі, біреуі үш бөлмелі. Жалпы бұл секцияда үш пәтер бар.
Келесі төрт қабатты, қоғамдық бөлмелер мен екі пәтерден тұратын үйге келсек, бірінші қабатта азық-түлік дүкені, дәріхана бар. Екінші қабаттан бастап екі пәтер орналасқан. Пәтерлер құрамына: холл, зал, жатын бөлмелер, тазалық түйіні, асхана, балкон кіреді.
Ғимараттар мен құрылыстардың негізі оның іргетасы болып келеді. Іргетас құрылымдық жүйесіне байланысты: ленталы, блокты, тұтас және дінгекті түрлерге бөлінеді. Негізгі іргетаста қолданылатын материял темір-бетон болып табылады. Іргетастың негізгі міндеті ғимараттан немесе үйден түсетін салмақты көтеру және де бұл салмақты жерге қарай өткізу. Іргетас темір-бетоннан құйылған. Дуал немесе қабырға ғимаратты қоршап, мемлекеті оны сыртқы ортадан келетін күн сәулесі, жел құбылыстардан қорғап, ғимарат ішіндегі бөлмелерді бір бірінен бөлетін құрылым. Дуалдар міндетіне байланысты: сыртқы және ішкі, көтергіш дуалдар және аралық дуалдарға бөлінеді. Әр үйдің бір кірер есігі бар. Тұрғын үйлердің кірер есіктен басқа әр бөлмеге есік жоспарладым.

Көлемдік жоспарлы шешімдері

Мен Сәулеттік жобалау VII пәнінің негізгі тақырыбы ретінде орта қабатты секциялы тұрғын үй жоспарладым. Секциялық тұрғын үйді жобалауда барынша нормалар мен барлық ережелерді ескердім. Тұрғын үйдің бұл түрі жеке-жеке пәтерден тұрады, алайда оларды әр секциясынан бір кіру есігі мен баспалдақ біріктіреді. Секциялық үйді жоспарлауда оның дұрыс жобалануы мен орналасуына аса мән береміз. Себебі бұнда әр пәтерге, үйдің барлық аумағына жылуды жақсы таралуын қарастыруымыз керек. Мені жобалаған үй 4 және 5 қабаттардан тұрады, 3 кіру есігі бар.
Бірінші секция 5 қабаттан, 1 кіру есігінен тұрады. Бұнда 3 пәтер орналасқан, 2 және 3 бөлмелерден тұрады. Жалпы ауданы 555.75 м² құрайды. Екі пәтер ауданы - 117.6 м², біреуінің ауданы - 106.95 м².
Бөлмелердің ауданын айтатын болсам:
Холл - 20.25 м²; 25 м²; 20 м²
Тазалық түйіні - 6.25 м²; 6.6 м²; 6.6 м²
Зал - 30 м²; 32 м²; 32 м²
Лоджиябалкон - 5.4 м²
Жатын бөлмелер - 15 м² - 11.25 м²; 15.75 м²; 16м²
Асхана - 10.5 м²; 12.75 м²; 16 м²

Келесі секция 4 қабаттан, қоғамдық бөлмелер мен 2 пәтерде тұрады. 1 кіру есігі бар. Жалпы ауданы - 243.08 м². Пәтерлердің ауданы болса - 121.54 м² құрайды. Қоғамдық 4 бөлме бар, олар дүкендер мен дәріхана қызыметін атқарады. Ондағы бөлмелер ауданы - 36.25 м²; 51.5 м² тұрады. Екінші қабаттан бастап екі пәтерлер орналасады.
Бөлмелер ауданы:
Холл - 23.1 м²
Асхана - 12.9 м²
Жатын бөлме - 9 м²
Зал - 25.2 м²
Жатын бөлме - 19.2 м²
Балкон - 5.4 м²
Тазалық түйіні - 5.5 м²

Терезелер бөлмелерді табиғи жарықтандыруға және оларды желдетуге керекті, әрбір құрылыстың маңызды бөлшегі. Есіктер болса бөлмелер арасындағы немесе ғимарат пен сыртқы жүргізген орта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғимараттар және оларға қойылатын талаптар
ЦОКОЛЬДІ ТЕМІРБЕТОН ҚАБЫРҒАЛАРЫНЫҢ ЖЫЛУФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ
“ҒИМАРАТТАРДЫ ЖӘНЕ ИМАРАТТАРДЫ ТЕКСЕРІП, СЫНАУ” ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Технологиялық карта құрастыру жұмыстары
Құрылыс құралымдарын құрастыруға нұсқаулар
Құрылыс конструкцияларын монтаждау
Құрылыс салу
Құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру негіздері
Темірбетон өндіру
Құрылыс аланың инженерлік дайындау технологиясы
Пәндер