ӘЛЕМДІК ЭТНОМӘДЕНИ ТУРИЗМІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Халықаралық туризм және меймандостық университеті
5В090200 - Туризм мамандығы
РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ:Этнотуризм және оның дамуы жағдайы
Орындаған: Нұрман А
Тобы:ТДМ 20-01
Қабылдаған:Жолманов Н
Туркістан 2020
МАЗМҰНЫ:
1.КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
2.ӘЛЕМДІК ЭТНОМӘДЕНИ ТУРИЗМІНІҢ СИПАТТАМАСЫ ... .4
2.1. Этно-мәдени туризмінің даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .5
2.2 ЮНЕСКО-ның этно-мәдени туризмін дамытудағы рөлі ... ... ... ... 9
3.ҚАЗАҚСТАНДА ЭТНО-МӘДЕНИ ТУРИЗМІН ДАМЫТУ ӘЛЕУЕТІ ... ... ... 12
3.1 Қазақ халқының этно-мәдени құндылықтарын сараптау ... ... ... ... ..12
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... 16
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
1.КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Заманның бет алысына қарай, аса күрделі, қиын кезеңге аяқбастық. Жаңа қатерлері мен тың мүмкіндіктері қатар өрбіген жаһандық ахуал біздің көз алдымызда өзгеруде. Алпауыт елдердің текетіресі мен өзара санкциялар алмасу дүниені тұйыққа қарай бастауда. Біздің басты экспорттық өнімдеріміздің дүниежүзілік нарықтағы бағасы еселеп құлдырады. Бүгінгі ахуал - біздің жетістіктерімізді сынға салып, елдігімізді шыңдай түсетін уақыт тезі. Жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз керек. Біріміз - бәріміз үшін, бәріміз - біріміз үшін деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз.
Елбасы Нұрсултан Назарбаев өзінің Қазақ халқына жолдауында Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз - тәуелсіздік, тілегіміз - тұрақтылық, білегіміз - бірлік! Мен халқыма сенемін. Көк байрағымыздағы алтын қырандай еліміз қанатын кеңге жайып, асқар биіктерден көрінсін! Барды бағалап, жоқты жасай білген жасампаз жұртымыздың көкбайрағы әрдайым биікте желбіресін! Алға Қазақстан! - деді.
Сәт сайын құбылған аласапыран заманға сай амал болуы керек. Ең жақсы жоспар - уақыт талабына бейімделе алатын жоспар. Біз де заманның беталысына қарай межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды жөндеп отырамыз. Біздің мақсатымыз - елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды Мәңгілік Ел ету! [1]
Этномәдени туризмнің пайда болу себептері көп, бірақ ең бастылары ол әлемнің халқы саны аздау мемлекеттердің рухани, діни, салт-дәстүрлерін және тілін сақтау жағдайының күннен күнге нашарлауы, яғни техникалық прогресс пен урбанизациядан елдігін жоғалту алдындағы адам баласының табиғатқа, елін жерін, тілін салт-дәстүрін сақтап, соның арқасында демалып, жүйке жүйесіне түсетін жүктеменің салмағынан құтылуға ұмтылуы.
Этномәдениет - этнографияның құрамдас бөлігі болып табылады. Этнография - белгілі бір халықтың этногенезін, заттық, рухани мәдениетін, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып ерекшеліктерін зерттейтін ғылым
Екінші компоненті мәдениет араб тіліндегі мудун сөзі біздің түсінігіміздегі қала мағынасын берсе , медэни - қала тұрғыны деген ұғымды меңзейді [2].
Осы проблемалардың шешу жолдарын біріктіретін этномәдени туризм болды.
Ішкі және сыртқы туризм саласында этнотуризмнің алатын орны ерекше. Қазақстандағы туризм дамуының болашағын айқындайтын шешуші факторлардың бірі.
Туризмнің ерекше саласы ретінде этнотуризм теориясының аз зерттелуі болып табылады. Туризмнің дамуындағы қазақ халқының салт-дәстүрлеріне деген сұраныс жоғары, сондықтан да Қазақстанның мәдени-тұрмыстық жетістіктері мен ерекшеліктерін, салт-дәстүрлерінің бай мұрасын көрсету туризмнің дамуына әсері мол. Ұлттық салт-дәстүрлерді әлемге насихаттау және сұраныстың ұлғаюы нәтижесінде өнімді әлемдік деңгейге ұсыну мәселесі бар. Осы саладағы зерттеулер маңызды болып табылады.
Жұмыстың зерттелу нысаны: Орталық Қазақстандағы туристік іс-әрекет.
Жұмыстың зерттелу пәні: туристік бағыттың бірі - этномәдени туризмі.
Жұмыстың мақсаты: Қазақстандағы этномәдени туризмнің дамуын зерттеу.
Мақсатқа байланысты келесідей міндеттер айқындалды:
- Этнотуризм туралы түсінік, оның түрлері. Қазақ халқының салт-дәстүрлеріне талдау жасау;
- Қазақстанда этнотуризмнің даму деңгейін қарастыру
- Қазақстандағы этнотуризмнің даму деңгейі, перспективалары
- Туристтерге ұсынуға болатын этнонысандар мен салт-дәстүрлерді, этномұражайлар мен этноауылдардың жұмысын қарастыру.
Алға қойылған міндеттерді шешу үшін зерттеудің келесідей әдістері мен тәсілдері қолданылды: әдеби көздерді сараптау, Қазақстандық этнобағыттағы турөнімді сипаттау, туристік көзқарасты қалыптастыру. Ғылыми ізденіс жұмысындағы ақпарат көздеріндегі басымдық интернет-сайттарда болды. Себебі, туризм - динамикалық көрсеткіш. Нарықта үлгермелі болу үшін, соңғы туристік нарық ақпараттарына ие болып, жаңалықтармен таныс болып отыру қажет. Ал олардың үлкен базасы - интернет көздерінде.
Қазақстандық этнографиялық туризмін дамыту үшін тақырыптық этнографиялық маршруттар мен экскурсияларға: ұлттық тағам дайындауға, салт-дәстүрлермен танысуға байланысты этноауылдарға маршруттар; қазақша күрес немесе көкпар спорттық ойындарының масштабын кеңейту арқылы шетел туристерін тартуға ұсыныстар беріледі.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады. Дипломдық жұмыс 73 беттен тұрады. 4 кесте, 2 сурет, 30-дан астам шетел және отандық әдебиеттер қолданылды, Интернет сайттардың мәліметтерінен тұрады.
2.ӘЛЕМДІК ЭТНОМӘДЕНИ ТУРИЗМІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
Этномәдени туризм саласына қоғамдық құрылымдарда болып жатқан әлеуметтік, әлеуметтік-мәдени өзгерістер әсер етеді. Халықтың өзіндік ерекшелігін сақтау, нығайту және дамыту процессінің фундаменталды негізі болып табылады. Әр халықтың мәдениеттерін өзара алмасуына ықпал болатын этномәдени туризм, осы мәдениеттерінің өзіндік ерекшелігін көрсетсе, оданда құнды болады, және олардың іштей баюына себепкер болады.
Аймақтық, жергілікті этномәдени туризмнің бастауы көне заманға кетеді. Оның алды адамзат өркениетінің арайында деп асыра айтсақ болады. Ол кезде ата-бабаларымыз күн көру үшін, жергілікті өлкені бес саусағындай білу өте қажет еді. Жергілікті табиғатты, оның флорасы мен фаунасын оқу, олар қандай қарапайым болмасын, өзін сақтап қалу үшін ғана емес, сонымен қатар, өзінің ұрпағын ұзарту және сақтауға мүмкіндік береді.
Қоғамның этникалық құрылымын әлеуметтанудың этносоциология деген арнаулы теориясы зерттейді. Бұл теория қоғамның әр түрлі этностарының (яғни, ру, тайпа, халық, ұлт бірліктерінің) пайда болуын, мәнін мазмұнын, олардың қоғамдағы әрқайсысының атқаратын қызметін (функциясын), араларындағы мәнді, тұрақты, қайталанатын, қажетті байланыстарды анықтап, жалпы заңдылықтарын ашады, әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі олардың даму жолдарын анықтайды. Басқаша айтқанда, этносоциология этникалық қауымдастықтың өмірі мен іс-қызметтерінің әлеуметтік жақтарын, ерекшеліктерін зерттейді. Осыған сәйкес этногенез т.с.с. ұғымдарды (категорияларды) терең түсінген жөн.
2.1 Этно-мәдени туризмінің даму тарихы
Этника деген ұғым этнос деген ұғымнан, терминнен шыққан. Этнос грек сөзінен алынған, оның мағынасы ру, тайпа, халық дегендерді білдіреді. Этнос адамдардың тарихи-этникалық тұрақты бірлігі. Бұл термин халық деген ұғымға өте жақын.
Этника немесе этникалық қауымдастық - белгілі бір халықтың өзіндік ерекшеліктеріне тән құрамы.
Бұл табиғи-тарихи қалыптасқан адамдардың қажетті, тұрақты бірлігі. Бұлардың белгілі бір территорияда орналасқан, мәдениетте өздерінің бірлігі, бірін-бірі түсіну т.б. белгілері болады.
Адам қоғамдық әлеуметтік организм ретінде өзінің әлеуметтік-этникалық бамуында алуан түрлі байланыс, қатынастардың бірнеше кезеңдерінен өтеді. Сөйтіп негізінде рудан тайпаға, тайпадан халыққа, халықтан ұлтқа өту процесін өткереді. Жеке адамның белгілі бір тарихи қауымдастықта болуы, оның өзін-өзі білуі, тануы, түсінуі, ұғынуы - әлеуметтік объективтік қажеттілік, ал, бұл қажеттілік алуан түрлі адам топтарының өмір сүру жағдайына, тұрмысына, қызметіне, санына, мүдде-мұқтажына, талап, тілегіне т.б. белгілі бір деңгейде әсер етеді.
Этномәдени туризмін дамыту үшін қажетті ресурс мөлшерінің ең аз көлеміне кез-келген жер мен онда тұратын жергілікті халық жатады деп есептеледі. Алайда этномәдени туризмін кең ауқымда дамыту үшін мәдени және табиғи мұраның ресурстық әлеуетін қажеттілік етеді.
Туристердің ең жоғары қызығушылығын тудыратын халық мәдениетінің элементтеріне жататын, ол - өнер, ғылым, дін және тарихы.
Халықтың өнерін зерттеу, оның ішінде халықтың шығармашылық өнерін оқу этномәдени туризмнің негізгі бөлімі болып табылады. Нақтырақ айтқанда, өнер ескерткіштерінде халықтың өткені мен қазіргі кезі, рухани өмірінің қайталанбас ерекшелігі айқындалады. Халықтың қолөнері мен халықтың өнері туристер үшін ерекше қызығушылық тудырады, өйткені олар халықтың тұрмысымен, өмір және еңбек салтымен, мәдени дәстүрлерімен және халық салт-ғұрпымен байланысты, және олар жергілікті көркем мәдениетінің бастамасын және өзіндік ерекшелігін сезінуге мүмкіндік береді. Халық өмірі қашанда табиғаттың өмірімен тығыз байланыста болады. Табиғат адамға өңдеуге және қолдануға материал береді, өнердің мазмұнына бастау болады. Мотивация және эмоционалдық құрылымына әсер етеді. Халық шеберлерінің қолында қарапайым материалдар: сары топырақ, металл, сүйек, темір, ағаш - өнер туындыларына айналады. Ғасырлар бойы халықтық шығармашылықта, осы елге тән ең жақсы формалар, композициялық сызбалар, ою-өрнектер, түс өңдері шыңдалған.
Этномәдениет сөзінің этимологиясын екіге бөліп қарастырамыз.
Этнос - тарихи қалыптасқан этникалық қауымдастық - тайпа, халық, ұлт. Этно күрделі сөздің бірінші бөлігі мағынасы халыққа байланысты: этногеография, этнодемография, этномәдениет, этнолингвистика, этнопедагогика, этнотілдік, этноәлеуметтік,этномінез - құлық айқындалады.

Екінші компоненті мәдениет араб тіліндегі мудун сөзі біздің түсінігіміздегі қала мағынасын берсе, медэни - қала тұрғыны деген ұғымды меңзейді [4].
Мәдениет орта ғасырлық мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Қазақтар ХХ ғасырға дейін мәдениет сөзін қолданбады. Бірақ, мәдениет терминінің орнына әдет-ғұрып нормаларының ережесі ретіндегі көрсеткіші болып табылатын басқа синонимдер қолданылады.
Мәдениет туралы анықтамаларды былайша жүйелеуге болады:
Мәдениет - тұлғаның мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағыттаушы және жүзеге асырушы әмбебап механизмі.
Заттық және рухани құндылықтардың жиынтығы;
Іс-әрекетті жүзеге асыру тәсілі.
Қоғамның әртүрлі әлеуметтік және рухани саласында тұлғаның өзін-өзі шығармашылықпен жетілдіру әдісі.
Адамның табиғи биологиялық табиғаты, ондағы рухани бастаманың дамуын асқақтату дәрежесі
Мәдениет ұғымына ғылыми тұрғыда нақты түсінікті Ю.Л.Ожегов берген.
Ол мәдениет - әлеуметтік құндылықтарды игеру мен дамытудағы адамдардың шығармашылық қызметінің тәсілі мен нәтижесі, ол арқылы қоғам мен жеке адамның біркелкі дамуы қамтамасыз етіледі дейді. Бұл жағдайды мәдениет өндірістік, саяси және т.б. қызметінің ерекше түрі ретінде қарастырылмайды, олардың кез келгенінің сапалық көрініс ретінде қарастырылады [5].
Философиялық сөздікте:
Мәдениет - адамзаттың болмыс пен санасының барлық салаларындағы әлеуметтік прогрестік шығармашылық қызметі, бұл қызмет адамзат тарихының байлығын жеке адамның ішкі байлығына айналдыруға бағытталған, адамның барлық іс-әрекетін біріктіретін әлеуметтік өмір тәсілі. Мәдениет әлеуметтік болмысты сақтау және жаңарту үшін адам қолданылатын формалардың эволюциясын дәлелдеуде айқындалады, ал формалары дәстүрлер мен инновацияның жиынтығы.
Қазақстан Республикасының Мәдениет туралы заңында:
Мәдениет - адамзат жасайтын және адамдардың рухани қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы деп көрсетілген.
Материалдық мәдениетте адамдардың өндірістік қызметінің барлық салалары қамтылады: өндіріс, өндіріс құрал-жабдықтары, өндіріс тауарлары, сәулет өнерінің мұралары, тұрмысқа қажетті бұйымдар және т.б.
Рухани мәдениетте - тіл, ғылым, білім, өнер, әдебиет, дін, салт-дәстүрлер, мерекелер, ауызекі шығармалары және т.б. құндылықтар ретінде қарастырылады.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде:
мәдениет - адамдардың өмірі мен іс-әрекетінен олардың материалдық және рухани байлықты жасауынан көрінетін қоғам мен адамның белгілі бір тарихи даму дәрежесі делінген.
Сонымен, мәдениет дегеніміз - адамдардың бірлескен түрде ғылыми, моральдық-әлеуметтік, көркем және техникалық құндылықтар жасаудағы қарым-қатынастар жиынтығы.
Мәдениеттің мәні адамның ақыл-ойымен, еңбегімен байланысты туындайтын құндылықтар және іс-әрекет тәсілдері.
Мәдениеттің ең жоғарғы нәтижесі - адамдардың қоршаған ортаға шынайы көзқарастары мен сенімдерін қалыптастырып, мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерін және қарым-қатынасын соған сәйкестендіре бағыттап отыруымен анықталады.
Мәдениеттің көрсеткіші: ой-өрістің даму дәрежесіне; дүниетанымның қалыптасқан бағытына; әлеуметтік белсенділікке; жекелеген мінез-құлық нормаларының қоғамдық маңызына; іс-әрекеттің әртүрлі тәсілдерін меңгеруге; мінездің эмоциялық қабылдануына және интуицияға тепе-тең келуіне байланысты айқындалады.
Этномәдениет мәселесі ерте заманнан түрлі ғылым өкілдерінің қызығушылығын тудырған. Этникалық мәдениет - мәдениеттің базасы және құрамдас бөлігі, ол белгілі бір қызмет атқарады және өзіне тән мазмұндық компоненттері бар.
Этнопедагогикалық мәдениет - этнопедагогикалық білім, адам қарым-қатынасының үлгі-өнегесі және технологиясы [6].
Мәдениет арқылы этностың тарихи, мекендік, мемлекеттік, экономикалық, әлеуметтік, этнографиялық болмыс бейнесі көрініс табады және кез-келген мәдениетті қоғам осы талаптардың мүлтіксіз жүзеге асу тетіктерін заң жүзінде қамтамасыз етуі керек;
Мәдениет өндіріс пен қоғамдық сананың, білім мен тәрбиенің, ғылым мен өнердің белгілі сатыдағы даму дәрежесін бейнелейді;
Педагогикалық мәдениет адам қызметінің тәсілі мен нәтижесі арқылы көрініс табады.
Әтномәдени тәрбиесі адамдардың бойына ізгілікті қабілет сеуіп, әртүрлі халықтардың мәдени сәйкестілігін аңғару, сақтау мәдениетін арттыруға септігін тигізеді.
Этникалық мәдениет - халықтар мәдениетінің жиынтығы, күнделікті өмірлік іс-әрекетіне қатыстылыған іске асыратын нысан.
Әр ұлттың мәдениеті оның жеріне, географиясына, ортасына, әлеуметіне, дәстүріне, қоғамына, өзіндік сана-сезім өрістеріне қатысты дамиды. Қазақ халқының мәдениеті өзінің кәсібі мен шаруашылығының заңдылықтарына қарай өркендеп келеді.
Этносаралық толеранттылық. 1995 жылы 16 қарашада ЮНЕСКО-ның бас конференциясының 5.61 қаулысымен бекітілген Толеранттылық принциптері декларациясында келесі анықтама ұсынылады: Толеранттылық - біздің әлемнің өте бай мәдени көптектілігін, біздің өзіндік анықталу формаларымыз бен даралығымызды көрсету тәсілдерін құрметтеу, қабылдау және түсіну. Оған ашықтық, білімділік, қармы-қатынас, ой, ар-ұят еркіндігі әсер етеді. Толеранттылық - бұл біреуге орын беру, мойынсұну емес.
Этникалық толеранттылық - басқа ұлт өкілдерінің сыртқы түрін, ойлау жүйесін, өзіндік ұлттық, мәдени ерекшеліктерін, іс-әрекетін принципті түрде қабылдай алу [7].
Толеранттылық тәрбиелеу жолдарын қарастыру мәселелері әртүрлі заң шығарушы, атқарушы органдар, дін басылары, дін өкілдері, ғылыми-зерттеу институттары, университеттер және мектептер жүйелі түрде талқылауда.
Ұлттық бірлік доктринасы этносаралық келісімді айқындап, қазастандық біртектілікті одан әрі қалыптастырудың өзекті құжаттарының бірі болып табылады. Доктринаның қажеттілігі өмірдің өзінен, жалпы біздің тағдырымыздан, тарихи логикасынан туындап отыр.
Доктрина халық бірлігін нығайтуға, демократияны, мәдениеттер және өркениеттер сұхбатын дамытуға бағытталған құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, саяси, мемлекеттік басқару шараларының біртұтас жүйесін жасаудың негізі болады.
Доктринаны жүзеге асыру Қазақстанның жедел дамуы үшін, әрқайсымыздың лайықты өмір сүруіміз үшін елдің адами, интеллектуалдық әлеуетін жандандыру мен жұмылдыруға, азаматтардың Қазақстан Республикасының Атазаңында кепілдік берілген құқығы мен бостандығын сақтау және қорғауға бағытталған.
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес, Доктрина қазақстандық қоғамды ұйыстыру үрдесінің басты құралы болмақ [8].
Мәдениет - халықтың мыңдаған жылдар бойындағы шығармашылығы, онда қауым жеке адамның рухани ізденісі, халықтың даналығы мен адамгершілік нышандары жинақталған. Біз, дүниені жай ғана пайымдаушы ғана емес, оны өз қажеттіліктерімізге байланысты өзгертуші тұлғамыз.
Осыған дейін қарастырылған анықтамалардан бір түйінді ой айтуға болады: мәдениет - адам әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық парасат, ақыл-ой, ізгілік пен әдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған. Сонымен бірге мәдениет - адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал.
2.2 ЮНЕСКО-ның этно-мәдени туризмін дамытудағы рөлі
ЮНЕСКО (United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization - UNESCO) - Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы.
Ұйым 1945 жылы 16 қарашада құрылды, штаб-пәтері Францияның Париж қаласында орналасқан. Ұйым құрамына әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан 67 бюро мен бөлімшелер кіреді. ЮНЕСКО қаулысы Лондон конференциясында 1945 жыл қарашасында қабылданып 1946 жыл 4-ші қарашасында, қабылдауы туралы қол қойған 20 мемлекет актілерін сақтауға өткізгеннен кейін күшіне енеді. Бүгінгі күні Ұйымға 193 мемлекет мүше. 1972 жылы ЮНЕСКО 1975 жылы күшіне енген Әлемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғау конвенциясын қабылдайды, дәл қазір 184 елде бекітілген (КСРО -1988 жылы). ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz