Оқыту әдістерін топтастыру



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Қанша жақсы мұғалім өмір сүрсе,
сонша жақсы әдіс өмір сүреді

Д.Пойя

Жұмысымның барысында жақсы қытай мақалын есіме түсіруге тырысамын Маған айтыңыз - мен ұмытып кетемін, көрсетіңіз - мен есте сақтаймын, қызықтырып, тартыңыз - мен түсінемін! Оқушылар іске шын кірісіп, қатысса даму нәтижелі болады деп есептеймін.
Адам есте сақтайды:
Оқығанның 10%; естігенінің 20%, көргенінің 30%; топтық пікір таластың 50-70%; өз бетінше мәселені тауып тұжырымдау 80%; оқушылар іске шын кірісіп, қатысса 90%, өз бетінше мәселенің қойылуына, шешімді өңдеу және қабылдау, қорытындылар мен болжамдарды тұжырымдау.
Ю.К.Бабанскийдің пікірі бойынша педагогикалық оқытудың технологиялық әдісі - білім беруде тәрбие мен даму мақсаттарын жүзеге асыру бойынша оқушы мен педагогтың арасындағы іс-әрекетті байланыстыратын - әдіс-тәсілдер. И.Ф.Харламовтың пікірі бойынша оқытудың әдісі - үйретуші мұғалімнің жұмыстары және оқушылардың әр түрлі дидактикалық тапсырмаларды орындау барысында оқу-танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыруы, оқыған материалдарын меңгеруге бағытталған әдіс -тәсілдер.
Оқу қызметінде пайдаланатын әдіс-тәсілдер, баланың қоршаған ортаны тануына қызығушылық тудыруы керек, ал оқу мекемесі мектептің қуанышы болады. Таным қуанышы, шығармашылық, қарым-қатынас.
Әр оқытушы оқыту талаптарын сақтауы керек:
Әдістеменің ғылымилығы
Әдістеменің қолжетімділігі, оқушылардың психологиялық -педагогикалық даму мүмкіндігімен сәйкестігі.
Оқыту әдістемесінің нәтижелілігі, оқушыларды тәрбиелеудегі міндеттерді орындауға, оқу материалдарын меңгеруге бағытталғандығы.
Инновациялық әдістемені өз жұмысында қолдану үшін, жүйелі түрде үйрену керек.
Мұғалімнің жұмысында әдістерді дұрыс таңдау және оны талдау байланысты:
* Жалпы және нақты оқыту мақсатынан; нақты сабақтың мазмұнына.
* Уақытқа, оқыған сол немесе басқа материалдарға.
* Оқушылардың жас ерекшеліктеріне, олардың танымдық деңгей мүмкіндіктеріне.
* Оқушылардың дайындалу деңейіне.
* Оқу мекемесінің материалдармен , техникалық жабдықтар мен жабдықталуына, көрнекіліктердің болуына.
* Мұғалімдердің мүмкіндіктері мен ерекшеліктеріне, тәжірибелік және теориялық дайындық деңгелеріне, әдістемелік шеберліктеріне, оның жеке сапасына.
Қазіргі заман сабағы - еркін сабақ, қорқыныш пен салмақ салмайды, ешкімді ешкім қорқытпайды, ешкім ешкімнен қорықпайды.
Қазіргі заман мұғалімдеріне қазіргі заманғы сабақ ерекшеліктерін білу қажет:
* Жақсы орта қалыптасады.
* Жоғары деңгейде мотивация қалыптасады.
* Оқыту жұмысының әдістері үлкен мағына береді.
* Оқушыларды өз бетінше танымдық әрекеттерін дамытуда ерекше көңіл бөлінеді.
Сабақтың ұйымдастыру негізін сақтау керек:
* Бәрі және әрқайсы жұмыс жасайды.
* Әркімнің пікірі қызық және әрқайсының жетістігі қуантады.
* Әрқайсы өзінің білім алуда алға жылжуына және бәріне қатысқанына риза.
* Топ жұмысының жетекшісі ретінде мұғалімге сенім білдіруге, бірақ әрқайсы өз пікірін айтуға құқығы бар.
* Барлығы және әрқайсы өткен сабаққа байланысты өз ойын айта алады.
Осыларға сүйене отырып дипломдық жұмыстың өзектілігі келесі деп алдық: мeктeптe оқyшылapғa химия сабақтары қызықты және түсінікті болу үшін белсенді оқыту әдістерін қолдану.
Дипломдық жұмыcтың мaқcaты: оқyшылapғa химия ғылымын қызықты және түсінікті етіп көрсету.
Диплoмдық жұмыcтың мiндeттepi:
- қaзіpгі тaңдaғы химия сабақтарында қолдана алатын әдістерін сapaлay;
- әдістердің ішінен ең тиімділерін aнықтay;
- белсенді әдістердің ерекшеліктерін қapacтыpy;
- белсенді әдістерді қолдана отырып сабақтар жүйесін өткізу
Дипломдық жұмыcтың зepттey oбьeктici. Жaлпы білім бepeтін мeктeп oқyшылapын oқытy.
Диплoмдық жұмыcтың пәнi: химия пәнiн тepeңдeтe оқытy.
Диплoмдық жұмыcтын зepттey әдicтeмeлepi:
- нopмaтивтi құжaттapды зepттey;
- химия пәнiнe жaлпы cипaттaмa;
- әдicтeмeлiк-пeдaгoгикaлық әдeбиeттepдi тaлдay;
- oзық-пeдaгoгикaлық тәжipибeлepдi зepдeлey;
- oқy-тәpбиe үpдiciн бaқылay;
- apнaйы тәжipибeлiк жұмыc ұйымдacтыpy.
Дипломдық жұмыс маңыздылығы: Зерттеу жұмысында құрған әдістеме мен сол бойынша дайындалған жаттығулар кешенін мектеп мұғалімдері оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау үшін қолдана алады.

Диплoмдық жұмыc кipicпeдeн, 2 бөлiмнeн, қopытындыдaн жәнe пайдаланған ақпарат көздерінің тізімінен тұрaды.

1. Химияны оқыту әдістері
3.1 Оқыту әдістерінің классификациясы

Оқу-тәрбиелік процесс - мұғалімнің оқыту қызметінің және оқушының оқу қызметінің екі жақты үйлестірілген процесі. Сондықтан оқыту тәсілі деп оқушының танымдық және практикалық қызметін ұйымдастыратын, олардың білім мазмұнын игеруі мен оқыту мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін мұғалімнің мақсатты іс-әрекеттер жүйесін айтамыз.
Дидактика мен жеке әдістемелер тарихы көрсеткендей, оқыту әдістемелері оқыту мақсаттары мен білім мазмұнына тәуелді болып келеді.
Әдіс - оқу тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері.
Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері - бұл мұғалім мен оқушылардың оқу тәрбие жұмысының міндеттерін шешуге бағытталған өзара бірлескен іс-әрекет тәсілі.
Оқыту әдісі - бұл қоғамның білім беру мекемесіне деген әлеуметтік тапсырысына тәуелді әлеуметтік категория. Себебі ол қоғамның білім беру ұйымдарының алдына қойған әлеуметтік сұранысына байланысты. Оқыту әдістерінің жүйесі білім мазмұнына да байланысты. Білім мазмұнының кез- келген өзгерісі оқыту әдісін таңдауға әсер етеді. Бәрімізге белгілі, өсіп келе жатқан ұрпақты оқыту мақсаттары үстем еткен қоғам дүние-танымының әлеуметтік мақсатарына сәйкес өзгеріп, толықтырылып отырды. Оқушыларда білімдер, іскерлік мен дағдыларды қалыптастырумен қатар, мектеп алдында өсіп келе жатқан ұрпақты дамыту мен тәрбиелеумен байланысты міндеттер кешені тұр.
Педагогикада әдіс ұғымынан басқа әдістемелік тәсіл деген де ұғым бар. Әдістемелік тәсіл - бұл әдіс бөлшегі, әдіске қатысты жеке түсінік. Әдіс пен әдістемелік тәсіл ұғымдарын бөлу салыстырмалы түрде қолданылады. Іс-әрекеттің сол немесе басқа бір түрі бір жағдайларда оқыту әдістері болып есептелсе, екінші бір жағдайда - тәсіл ретінде қарастырылады. Егер мұғалім сабақтың дидактикалық мақсаты болып табылатын аспап жұмысының ұстанымын түсіндірсе, онда ол көрсету әдісін қолдануда, ал мұғалімнің көрсетуді сүйемелдейтін әңгімесі - әдістемелік тәсіл болып табылады.
Оқыту әдістерін топтастыру.
Дидактика мен жеке әдістерде оқытудың әдістерінің әртүрлі жіктелінуі бар. Қазіргі уақытта дидактикада біршама қабылданған топтастырулардың бірі - И.Я.Лернер ұсынған танымдық іс-әрекет сипаты бойынша әдістерді топтастыру болып табылады. Мұнда оқытудың бес әдісі бөлініп көрсетіледі:
1) Түсіндермелік-иллюстративтік;
2) Репродуктивтік;
3) Проблемалық оқыту әдісі;
4) Эвристикалық;
5) Зерттеушілік.
Көрсетілген оқытудың жалпы дидактикалық әдістерін екі топқа жіктеуге болады:
1. репродуктивтік (1-ші және 2-ші әдістер) бұл әдістерде оқушы білімді меңгеріп, оны таныс іс-әрекеттер арқылы қайталап береді.
2. Продуктивтік(өнімді) (4-ші және 5-ші әдістер) бұл әдісте оқушы жаңа білімді өз бетімен ізденісте шығармашылық іс-әрекеттер нәтижесінде меңгереді. Проблематылық оқытуда әзір ақпаратты меңгерумен қатар шығармашылық іс-әрекеттің элементтері де жатады. Сондықтан бұл әдіс екі топқа да жатады.
Оқу-педагогикалық қызметтегі іс-әрекет тұрғысы негізінде Ю.К.Бабанский оқыту әдістерін үш топқа бөледі:
1. оқу-танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастырудың әдістері;
2. оқу іс-әрекетін ынталандыру әдістері;
3. іс-әрекетті бақылау әдістері.
Әдістердің бірінші тобына сөздік, көрнекілік және практикалық әдістер енеді. Ынталандыру әдістерінің тобына осы топқа тән әдістер: танымдық ойындар, пікірталас, мадақтау т.б. енеді. Бақылау әдістері тобына ауызша және жазбаша тексерудің әр алуан әдістері - жеке және фронтальды сұрау, бақылау жұмыстары, диктанттар, рефераттар, дидактикалық карточкалармен жұмыс т.б. жатады.
Танымдық іс-әрекет сипаты, білім көзі, оқу-педагогикалық іс-әрекетті, ғылымның әдіснамалық тұрғыларының негізінде оқыту әдістерін 1-кестеден көрсетілгендей топтастыруға болады:
Кесте 1.
Топтастыру негіздемесі
Әдіс топтары
Танымдық іс-әрекет сипаты
түсіндірмелік-иллюстративтік репродуктивтік
проблемалы мазмұндау
эвристикалық
зерттеушілік
Білім көзі
сөздік
көрнекілік
практикалық
Оқу-педагогикалық іс-әрекет тұрғысынан
оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру
оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру
оқу-танымдық іс-әрекетті бақылау
Ғылым методологиясы
теориялық
эмпирикалық

Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде оқыту әдістерін топтап, жіктеудің басқа да түрлері көрсетілген. Топтап жіктеудің негізіне оқу үдерісінің кезеңдері, оқушылардың танымдылық белсенділігі мен материалды меңгеру деңгейлері, білім берудің логикалық жолдары т.б. алынуы мүмкін.
Оқушылар ақпаратты әртүрлі білім көздерінен алады (Мұғалімнің әңгімесінен, кітаптан, бақылау кезінде, практикалық іс-әрекет нәтижесінде). Осы тұрғыдан білім көзіне байланысты барлық оқыту әдістерін 3 топқа бөлуге болады:
1. Сөздік
2. Көрнекілік
3. Практикалық
Сөздік әдісте басты білім көзі-сөз. Әңгімелеу, түсіндіру, әңгімелесу, лекция-сөздік әдістер. Сөздік әдіске оқушылардың кітаппен(оқулық, анықтамалықтар, ғылыми әдебиеттер) жұмыс істеуі де жатады.
Көрнекілік әдістер тобына білім көзі-бақылап, зерделеу болатын әдістер жатады. Оқушылар бақылап қарап, оның нәтижесіне эксперименттік фактыларға ой жүгіртіп, талдап, қорытынды жасап, жаңа білімге жетеді. Көрнекілік әдістер тобына демонстрациялық эксперимент пен иллюстрациалық әдіс (суреттер, сызбаларды, кестелерді, механикалық модельдерді, диапозитивтерді, кино-, теле-, видеофильмдерді т.б. көрсету) жатады. Бұл әдіске экскурсияны да жатқызуға болады.
Практикалық әдіс - есеп шығару мен оқушылардың жұмыстары (зертханалық жұмыстар мен химиялық практикумдар, үй эксперименті) Осы әдісті қолдану барысында оқушыларда білімдерін есеп шығару үдерісінде қолдана білу білігі мен белгілі-бір экспериментальдық білім мен дағдылар (өлшеу жүргізе білу, өлшеуіш құралдың шкаласының құнын анықтау, тәжірибе барысын оқып оны құру т.б.) қалыптасады. Бұл жұмыстардың нәтижесі оқушылардың білімдері мен іскерліктерінің негізгі көз болып табылады.
Педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде оқытудың басқа да әдістері көрсетілген. Әдістерді топтастыру негізінде оқыту үдерісінің этаптары, оқушылардың танымдылық іс-әрекетімен оқу материалын меңгеру деңгейі білім берудің логикалық жолдары т.б. алынуы мүмкін. Көптеген әдістер бұрыннан белгілі әдістердің бірігіп қолданылатын әдісін береді. Бұның бәрі оқытудың әр әдісінің көп қырлы екенін көрсетеді.
Сонымен оқушылардың білмеуден білуге өтуі мұғалімнің оқытудың әр түрлі әдістерін қолданып, оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыруына байланысты.
Оқыту әдістерін зерттеу - негізінен дидактиканың міндеті, ал жеке пәнді оқыту, оның ішінде химияны оқыту әдістемесінің мақсаты - химия мазмұнының ерекшелік сипатына лайықты сабақта оқыту әдістерінің тиімді тәсілдері мен әдістемелік амалдарын қолданудың жолдары мен формаларын анықтау.
Оқыту әдістерін сабақта пайдаланудың жалпы әдістемесі педагогика курсында түсіндіріледі. Химия сабақтарында көбінесе оқу материалын ауызша сөзбен баяндау әдістері қолданылады. Бұл тәсілдер сабақтарда әңгімелесу, түсіндіру, лекция түрінде өткізіледі.
Әңгімелесу тәсілі бойынша сабақта мұғалім мен оқушылардың сұрақ-жауабы арқылы оқу материалы ауызша баяндалып, түсіндіріледі. Мұны, әсіресе, эврикалық әңгімелесуді, көп жағдайда төменгі сыныптарда пайдаланған қолайлы.
Диалог түрінде жүргізілетін әңгімелесу тәсілі арқылы:
1) химияның негізгі заңдары түсіндіріледі;
2) химиялық құбылыстардың мәні ашылып, көрсетіледі;
3) химиялық ұғымдар (зат,элементтер, тұнба т.б) қалыптастырылады;
4) оқу матриалдары қайталанып, бекітіледі
5) оқушылардың алған білімдері, ебдейліктері, дағдылары тексеріледі .
Әңгімелесу арқылы өткізілген сабақтарда көбінесе оқушылар тыңдайды, оқу меңгеру процесіне өздері де қатынасады, демонстрацияланған құбылыстарды көріп бақылайды, мұның нәтижесінде олардың сабақтағы белсенділігі жоғары болады және сабақтың үстінде бөтен нәрсемен айналысуға мүмкіндіктері болмайды. Бірақ, бұл тәсіл оқушылардың практикалық ебдейліктері мен дағдыларын дамытуға қажетті жағдай туғызбайды.
Әңгімелеу - оқу материалын сабақта, диалогсыз, тек мұғалімнің өзінің үздіксіз сөзбен ауызша баяндау тәсілі. Мұндай тәсілді өте-мөте мынадай жағдайда пайдаланған ұтымды болады:
1) химияға қатысты заңдар мен жаңалықтың (өнер тапқыштықтың) ашылу тарихымен, химик-ғалымдардың өмірбаянымен оқушыларды таныстыру қажет болғанда ;
2) ғылым мен техниканың жетістіктерімен, даму перспективаларымен мектеп оқушыларын таныстырғанда;
Химияның ғылымда, техникада, өмірде қолданылуын түсіндіргенде (Қазіргі кезде химияның қолданылу аясы одан әрі кеңейді. Химия ғылымы көптеген маңызды ғылыми жаңалықтар мен жетістіктердің қуатты өршіткісіне айналды. Физиктер химиялық әдістердің көмегімен радиоактивті элементтерді таза күйінде бөліп алып, өнеркәсіп қызметіне қосты. Каучуктар, резеңкелер, металдар сияқты материалдардың беріктілігін арттыру үшін радиациялық химия ядролық сәулелендірудің тиімді әдістерін тапты.); табиғатта және техникалық қондырғыларда байқалатын химиялық құбылыстарды баяндағанда.
Бұл тәсіл бойынша сабақта, ауызша баяндауды оқушылар ұзақ уақыт бойы тыңдаудан жалығады, олардың белсенділігі төмен болады, жалпы еңбектік және политехникалық ебдейліктері мен дағдыларын дамыту мәселелері қалыс қалады. Сол себепті әңгімелеу және ауызша түсіндіру кездеріңде оқу материалдары әр түрлі логикалық формада, қызық, көрнекілік жолмен, олардың практикалық маңызы көбірек ашылып керсетілетіндей дәрежеде баяндалуы қажет.
Жоғары сыныптарда оқу материалын түсіндіру кейде лекциялық тәсілмен өткізіледі. Лекцияның ғылыми мазмұны терең, логикалық жүйелілігі басым, түсіндіру ұзақтығы көп, баяндауы шапшаңырақ болады. Бұл тәсіл, оқушылардың дайындығы жоғары болған сыныптарда жақсы нәтиже береді. Мектеп химия курсынан лекцияны кез келген тақырыпта және сыныптарда оқудың мүмкіндігі жоқ, лекцияда оқушылардың белсенділігін көтеру қиын, тек бірыңғай тыңдау оларды жалықтырады. Оған мұғалім күшті дайындалуы керек, оны ірі ғалым-мамандардың оқығаны жөн, оны проблемалық формада құра білу тиімді, оның көрнекілік жағы да тартымды болуы тиіс. Бұл үшін кинолекция, телевизиялық лекциялар түрінде өткізу де маңызды, әрі қызықгы болады.
Оқушылардың логикалық-танымдық және шығармашылық ойлауы мен қабілеттерін дамытуда сабақтарды проблемалық оқыту тәсілімен өткізудің маңызы зор. Мұның негізгі мәні - оқу материалын түсіндіру үстінде проблемалық жағдай (ситуациялар) туғыза білу. Негізінен, химиядан проблемалық оқытудың формасын мынадай 4 деңгейде өткізудің мүмкіндігі бар:
1)проблемалық баяндау - мүғалімнің проблеманы тұжырымдап, оны өзінің шешуі, ғылымда оның қалай шешілгенін көрсету;
2)проблемалық жағдаят туғызып, оны оқушыларды қатыстырып, бірге шешу;
3)проблеманы мұғалімнің өзі тұжырымдап, шешуін оқушылардың өздеріне ұсыну;
4)проблеманы тұжырымдауды және оны шешуді оқушылардың өздеріне беру. Бұл тәсілді көбінесе факультативтік сабақтарда, үйірме жұмыстарында пайдаланған да орынды.
Мысалы, Қаныққан, қанықпаған көмірсутегі тақырыбында негізгі мәселе болып саналатын, ол көміртегі атомдарындағы химиялық байланыстың бағыттасу ерекшеліктері, соған байланысты гибридтенудегі механизмі. Ал, қосымша мәселе болып, бұл тақырыптарда көміртегі атомдардың кеңістіктегі орналасу ерекшеліктері саналады. Барлық сабақтар мәселелік болуы мүмкін емес, дегенмен де тақырыптың мазмұны алдыңғы сабақтарда жасалған мәселелік ситуацияларға негізделіп құрылады.
Қаныққан, қанықпаған көмірсутектер тақырыбында, этилен көмірсутектерінен гөрі қанықпаған көмірсутектерінің болуы мүмкін бе? деген мәселелік ситуацияны айқындаймыз
Проблемалық оқыту тұрғысынан М.И.Махмутов оқыту әдістерінің жүйесі 10 түрге бөлінеді:
1) ақпараттық;
2) орындаушылық;
3) түсіндірушілік;
4) репрадуктивтілік;
5) нұсқаулық-практикалық;
6) нәтижелік-практикалық;
7) түсіндірмелі-оқытушылық;
8) ойланушылық;
9) жартылай ізденушілік;
10) ізденушілік.
Дидактикалық мақсат тұрғысынан М.А.Даниловтың классикасы бойынша оқыту әдістерінің 4 түрін көрсетеді: білім алу әдісі; оқушылардың ебедейлігі мен дағдыларын қалыптастыру әдісі; оқушылардың алған білімдерін практикада және шығармашылық істе пайдалану әдісі; оқушылардың білімдерін, ебдейлігін,дағдыларын тексеру әдісі.
Химия сабақтары бағдарламалап оқыту жолымен де жетілдіріліп келеді. Бағдарламалап оқыту принципінде, оқу материалы жеке элементтерге (порцияларға) бөлініп, сыныптағы оқушылардың қабілетіне қарай әрқайсысының өзіне тән сипатта және жылдамдықта жасайтын оқу әрекетінің реті көрсетіліп, дер кезінде олардың материалды қалай меңгергендігі туралы ақпарат алып тұрарлықтай арнаулы бағдарламамен (алгоритм) оқытылуы көзделеді. Программаланған оқулықтар мен тапсырмалар сызықтық, және тармақтық, принцип негізінде дайындалады. Мұндай тәсілді пайдаланудың нәтижесінде оқу жадыхатын бір оқушы шапшаң, ал басқа біреуі баяу меңгереді, оқушылардың өз бетінше оқуына қолайлы жағдай туғызылады, олардың білімдері машинамен объективті тексеріледі және мұғалімге деген жеке басының наразылығы - күдігі болмайды, сабақта электроникалық техника қолданылады.
Бағдарламалап оқыту мен оқушылардың білімін тексеру арнаулы бағдарлама, тапсырма, программаланған оқулық, "оқытатын" және "тексеретін" машиналар арқылы жүзеге асырылады. Өкінішке орай, бұл тәсілдің оқушыларды сөйлетіп, өз ойын түсіндіре білуге, мұғаліммен қарым-қатынасын дамытып, одан төрбие алуға үйретудегі рөлі төмен.

3.2 Оқытудың белсенді оқыту әдістері және оның ерекшеліктері

Қазіргі таңда әлемдік оқу үрдесінің өзегі - жаңа технологиялар. Әлемнің бірнеше елінде сынақтан өткізілген жаңаша оқыту төрт бағытта қамтиды. Олар:
1) Модульдік технология
2) Рейтингтік жүйе
3) Дамыта оқыту технологиясы
4) Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Оқытудың жаңа технологиясының бірі - жалпы білім беретін мектептерде әр пәнді деңгейлік тапсырмалар арқылу оқыту болып табылады. Деңгейге бөліп оқыту кезінде оқушылардың тәжірибелік-теориялық дайындағын, оқуға деген ынтасын, дара қасиетін, әлеуметтік-психологиялық сұранысын ескеру талап етіледі.
Мектеп оқушыларына берілетін тапсырмалар олардың ойлауына әсер етеді, тапсырманы орындау үшін бала жауапты өзі іздестіреді, оны шешуде ақыл-ойы дамиды, ойлауына жан-жақты әсер етеді. Бірінші деңгейдегі тапсырмалар жаттап алуға лайықты, алдынғы сабақта меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік береді. Екінші деңгей тапсырмалары материалдарды реттеуге, жүйелеуге берілген тапсырмалар болса, үшінші деңгей танымдық-іздену түріндегі заңдылықтар шығару, қорытындылау жұмыстары болып келеді.
Деңгейлік тапсырмалар құрамына мәтіндер, сөзжұмбақ, жаттығу есептері, тестік сұрақтар, іскерлік ойындар, тренингтер жүйесі қамтылады.
Бұлар оқытудың деңгейіне сәйкес оқушыны саралап оқытуға ыңғайлы, әрі оқу бағдарламасы бойынша оқушының жас ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылып, оқушыға қосымша пайдалануға беріледі. Деңгейлік оқыту барысында оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып, шығармашылыққа ұмтылып, біліктілікке жетеді.
Білімді меңгеру нәтижесін Ресей ғалымы В.П. Беспалько мынадай төрт иерархия түрінде сипаттайды:
бірінші деңгей - үйренушілік-репродуктивті іс әрекет деңгей
екінші - алгоритмдік. Оқушы тапсырманы орындарда бұрыннан меңгерген іс қимылдарын өздігінен жаңғыртып, қолдана білуі қажет.
үшінші - эвристикалық - өнімді іс әрекетінің бірінші деңгейі. Бұл деңгей есебінде мақсат қана берілген. Оқушы жағдаятты дәлелдеп, оны шешуі үшін амалдарды таңдап алуы қажет.
төртінші - шығармашылық-өнімді іс әрекетінің ең күрделі деңгейі. Оқушы өзі мақсат қойып, өзі оны тұжырымдайды, нақтылайды, оны орындауға жеткізетін жағдаят пен амалдарды іздестіреді.
Кейбір ғалымдар (В.В.Краевский, И.Я.Лернер, М.К.Скаткин) білімді меңгеру деңгейлерінің мынадай тізбегін ұсынады:
І деңгей-білу(еске сақтау, қайталап айту)
ІІ деңгей-түсіну(түсіндіру, баяндау)
ІІІ деңгей-қолдану(үлгі бойынша, өзгерген жағдаяттарда)
ІVдеңгей-жалпылау және жүйелеу
Vдеңгейді - білімді игерудің шығармашылық деңгейі деп атайды.
Қазақстандық профессор Ж.А.Қараев, американдық ғалым Б.С.Блум анықтаған білімді меңгеру деңгейлері мен мативтің, белсенділіктің және білім сапасы арасындағы байланысты төмендегі ретте ашуға болады:
1. Білу-ақпарат алу, алған білімді стандарты жағдаяттарда қолдану, қайталап айта білу.
2. Түсіну-білімді ішінара өзгерген жағдаяттарға қолдана білу.
3. Қолдану-білімді ішінара ізденіс-зерттеу жүргізуге қолдана білу, өз ісін бағалай және қажетті түзету енгізе білу.
4. Жалпылау-жүйелеу, шығармашылық.
Сондықтан да, оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін, деңгейлеп оқытудың жаңа технологиясы бойынша, дифференциалды және дербес деңгейлік принциптерінің талаптарына сәйкес өткізілетін әртүрлі сабақ түрлеріне арналған жаңа тұрпаттағы оқулыктар мен оқу құралдары қажет. Бұлар: әңгімелесуші-оқулықтар және оларға қосымша төрт деңгейдегі тапсырмалары берілген жұмыс дәптерлері.
Әңгімелесуші-оқулық бойынша (сабақтың 1,2-кезеңдерінде): оқушылар а) жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп: анықтама, ережелерін өзі шығарады. Мұндағы тапсырмалар сұрақ - жауап диалогы түрінде келтіріледі; б) жаңа меңгерген теориялық білімін үлгі ретінде қарапайым жаттығу-мысалдармен бекітеді. Бұл тапсырмалар оқушылардың өздігімен танымдық іс-әрекетін дамытуға бағытталады.
Жұмыс дәптерлеріндегі (3-кезенде): төрт деңгейлік тапсырмалар оқушылардың жаңа тақырып бойынша алған теориялық білімдерін дамытып, тереңдетуге арналады. Оларды барлық оқушы бірдей бірінші деңгейден бастап орындауға келеді де, әркім орындап үлгерген тапсырмаларына сәйкес ұпайларын жинайды.
Аталған екі оқу құралының да мазмұндары кейінгі кезде технология бойынша әр пәннен құрастырылып жүрген оқушылардың арнайы оқу құралдарында, әзірге біртұтас беріліп жүр. Деңгейлік тапсырмаларға, мысалы, арнайы пәннен, төмендегідей талаптар қойылады:
Бірінші деңгейдегі тапсырмаларға:
1. Жаттап алуға лайықталған болуы керек.
2. Алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өзін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс.
3. Тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек.
Жалпы техникалық пәндерде мұндай талаптар жаңа тақырыпты игеру соңында шығарған есептерге ұқсас тапсырмалар құру арқылы орындалады және олар оқушының өзі шығарған ереже, анықтама, заңдарын бекітуге арналады. Мұндай тапсырмаларды құрастырған кезде олардың танымдылығы мен қызықтылық жақтарына ерекше көңіл аударған жөн.
Екінші деңгейдегі тапсырмаларға:
1. Өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұксас, бірақ оларды орындау үшін алғашкы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет болады.
Мұндай іс-әрекетке келтіретін тапсырмалар: мәтінмен берілген кері есептер; кері байланыс функциясын атқаратын тексеру тапсырмалары, т.с.с.
2. Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Оларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп, танымдық қию үйретімділік маңызы болуы қажет болады. Бұлар: логикалық есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар.
Үшінші эвристикалық деңгейдегі тапсырмалар түрлері мыналар: танымдық іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін (заңдылықтар шығару, аныктамалар, формулаларды жаттау, т.с.с.) жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс. Эврика! Мұндай жұмыс - анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді. Мұндай есептерді шешу барысында оқушылар жаңа есептерге тап болады да, проблемалық жағдай туындайды. Оны шешу үшін оқушы жаңа әдістер іздеуі керек.
Әртүрлі әдіс, тәсілдермен шешілетін есептер құрастыру және оны өздігімен шығару, өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма, графиктер салу, жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекі құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар. Ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар.
Төртінші шығармашылық деңгей тапсырмалары:
Оқушылардың жинаған өмірлік тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген (теорема дәлелдеу, заңдылықтарды оқулыққа сүйенбей мұғалімнің көмегінсіз қорытып шығару).
Сонымен, қорытып айтатын болсақ, бұлар 3 кезеңінің бірінші деңгейі үшін - 1,2 кезеңдерде игерілген теориялық материалды пысықтау мен қайталауға, ережелер мен анықтамаларды, формулаларды жаттауға арналған тапсырмалар және олар сынақ арқылы бағаланады.
Жоғары деңгейлер үшін - алған білімдерін өз бетімен қорыту мен жүйелеуге, оларды тереңдетіп дамытуға және тәжірибеде қолдануға арналған тапсырмалар.
Технология бойынша жүргізілетін оқушылардың өз бетімен білім алу процесі басқаруға ыңғайсыз - делініп, сыналып жатады. Сондағы айтатындары: оқушы осы кезеңде өз білгенін істейді, оның іс-әрекеті көбінесе, қате болады дейді.
Мүмкін, дәстүрлі оқу процесінде оқушыларды дәстүрлі оқулықтар бойынша өздігімен оқытуға тырысып, өздік жұмыстарын жүргізген кезде солай болса, болған шығар.
Бірақ, оқытудың жаңа технологиясы жағдайында:
- оқушылардың өздігімен жүргізетін танымдық іс-әрекеті үшін тапсырмалар күрделілігі төрт деңгей бойынша құрастырылып;
- оқыту-проблемалық принциптер бойынша жүргізіліп;
- барлық деңгейдегі тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған болса, оқушыларда ынталану пайда болады.
Сондықтан да, жаңа технология бойынша сабақ беруші мұғалімдер, үзіліс кезінде де оқушылардың сабақтан бас алмайтындығын байқаған. Оларға өзара бәсекелесе отырып жұмбақ, сөзжұмбақ, ребус, математикалық басқатырғыштар сияқты әр деңгейдегі тапсырмаларды шешіп, өтіп жатқан тақырыптан барынша көп ұпай алуға тырысқан, себебі, ертең жаңа тақырып басталады. Нәтижесінде екіліктер жойылуымен қатар, үштік алып жүрудің өзі де ұят саналатын болған.
Осы жерде, үлгерімі кейіндеп қалып, өз құрбыларын, белгілі бір себептермен, қуып жете алмайтын оқушылармен қалай жұмыс істеуіміз қажет? - деген сұрақ туады. Бұл мәселенің де шешуі қарастырылған.
Мұндай жағдайда, барлық тапсырмаларды мезгілінде орындаған оқушылар үлгермеушілерге көмектеседі;
Сыныптың басқа оқушылары өздігімен жұмыс істеп жатқан кезде мұғалімнің де үлгерімі төмен оқушыларға дербес көмек көрсетуіне уақыты табылады. Ол сынып оқушыларының өздік жұмыс іс-әрекеттерін тек ұйымдастырып, басқару, жалпы бақылау жасау және балалардың өз-өзін бағалауын бақылау функциясын атқарады.
Бұл қалайша жүзеге асырылады? Бізге үйреншікті бақылаудан бағалауға қарағанда деңгейлеп оқыту барысындағы бақылау мен бағалаудың ерекшелігі неде?
Деңгейлік тапсырмаларды енгізгендегі басты мақсат - сынып оқушыларын қабілетті және қабілетсіз деп жасанды түрді әртүрлі топтарға бөлуді болдырмау. Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыту принциптерімен қатар, барлық оқушыға қатысты, ізгілендіру принципі де сақталады.
Деңгейлеп оқыту барысында оқушының бірінші деңгейдегі тапсырмаларды дұрыс орындағаны есепке алынып отырылады.
Қандай оқушы болмасын, мысалы өзінің жақсы оқитындығына қарамастан, жұмысын оқушылык, міндетті, I ші деңгейдің, ол үшін жеңіл болса да, тапсырмаларын орындаудан бастайды.
Барлық оқушылар жұмысын бір мезгілде бастап; әрқайсысы білім игерудегі өз қабілетіне қарай, өз билігіне жетеді бұл нақты пән бойынша ең нашар үлгіретін оқушыға тірек білімін ғана меңгеріп, үй тапсырмасын орындау барысында тек сүйікті пәні жоғарғы шығармашылық деңгейге дейін көтерілуіне уақыт үнемдеуіне себеп болады. Нақтырак айтсақ:
Әр оқушының, әр пәннен 100 % үлгеріміне қол жеткізудің кепілі болады және оқу пәнінің барлық тақырыбы бойынша ең болмағанда міндетті бірінші деңгейді игеруін толық жүзеге асырады. Бұл, өз кезегінде, мемлекеттік стандарттардың минималды талаптарының орындалуына кепілдік беріп, Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының талаптарына сай келеді және дәстүрлі оқытудағы оқушылардың артық жүктеме арту проблемасын шешеді.
Есепке алу (зачеттік) жүйесін жүргізу нәтижесінде үлгерімі нашар оқушылар да, кем дегенде, оқушылық деңгейге сәйкес білімді толық меңгеріп алатынын өз тәжірибемізден байқадық (себебі ол осы деңгейдің тапсырмаларын толық және дұрыс орындап, өткізбегенінше, келесі деңгейге көшпейді). Міндеті деңгейді толық меңгергеннен кейін оқушы әрі қарай, ілгері ұмтылады; өзіне өзінің сенімі артады.
Олардың әрқайсысы деңгейлік тапсырмаларды орындауға міндетті және жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындауға құқылы.
Осылайша әр оқушы, әсіресе өзіне ұнайтын пәндерден, бір деңгейден келесі деңгейге өз білімін біртіндеп толықтыра отырып, өз қабілетін де жетілдіреді. Бұл жағдайда жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау әр оқушының күнделікті мақсатына айналады. Басқа пәндерден 1-деңгейлік тапсырмаларды толық орындап отырса жеткілікті. Осы уақытқа дейін дайындалған жұмыс дәптерлерінде тапсырмалар үш денгейде ғана берілген. Төртінші деңгей тапсырмаларын (карточкалар түрінде) бәйгеден озып келген жүйріктерінің жеке қабілетіне сай құрастыру мүмкіншілігін, сабақ беретін әр ұстаздың өз үлесіне қалтырдық.
Әрдеңгейдің барлық тапсырмаларын дұрыс орындағаны үшін оқушылар сол деңгейді игергеніне сәйкес ұпай алады: бірінші деңгей үшін - 5 ұпай, екінші деңгей үшін - 10 ұпай, үшінші деңгей үшін - 15 ұпай.
Әр жаңа тақырып бойынша жасалған деңгейлік жұмыстардың үш деңгейге бөлінуі, үй жұмысын жақсы ұйымдастыруға және реттеуге мүмкіндік береді. Себебі, тақырыпты меңгерудегі төрт деңгейлік тапсырмалар үлгерімі өте жақсы оқушыға есептеліп, соған сәйкес құрылғандықтан, бұл жұмыстарды толық, сабақ үстінде орындап бітіруге, барлық оқушылардың мүмкіндігі жете бермейді. Сондықтан да, олар үйде өз бетімен немесе сабақтан тыс уақытта мұғалімнің көмегімен аяқтауға беріледі:
- бірінші деңгейдің тапсырмаларын орындап үлгерген оқушыларға қалауы бойынша екінші, үшінші деңгейлердің тапсырмалары;
- екінші деңгейдің тапсырмаларын орындаған оқушыларға қалауы бойынша одан да жоғары деңгейлік тапсырмаларды жалғастырып орындай беру;
- т.с.с. деңгейден деңгейге көтеріле беру тапсырылады.
Ең жоғары деңгейдің шығармашылықты қажет ететін тапсырмаларын, әрине, еңбекқор және нақты осы пән бойынша дарынды оқушы орындай алады.
Осылайша, сыныптан тыс уақытта оқушылардың сүйікті және өзінің қабілеті жететін пәндердің әр тақырыбы бойынша жоғарғы деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы көбірек бал жинап, көтеріңкі баға алуына мүмкіншілік туады да, дамыта оқыту принципі орындалады.
Нәтижесінде, оқушылардың табиғи қабілеттері мен дарындылык қасиеттерінің ашылуына және дәстүрлі оқытудағы келесі проблемалардың шешілуіне жақсы жағдай жасайды:
- әр оқушы барлық бойынша 100% үлгеруіне кепілдік алады, әр тақырыптың бір денгейінің тапсырмалары міндетті түрде және дұрыс орындағаны үшін сынақ алуы арқылы жоғарыда аталғандай, артық жүктеме тарту проблемасы шешіледі;
- оқушының екі алып қалу, үлгермей қалу, үрейінің жойылуы; - әр оқушыға үй тапсырмасын саралап беру проблемасы (төрт деңгейлік тапсырмалардын сыныпта орындап үлгермегендерін үйде жалғастыра орындау мүмкіншілігін алу арқылы, сыныпта жинаған ұпай санын толықтырады, сондықтан жаңа тақырып бойынша қорытынды ұпай саны өседі) шешіледі. Бұл жерде: әр тақырып бойынша оқушы тіпті бір емес, екі қайта бағаланып отырады да журналды бағамен толтыру жоспары артығымен орындалады.
- оқушыны бағалаудағы әділетсіздік проблемасы шешіледі (өте жеңіл тапсырмалармен қатар, күрделі тапсырмалардың жауаптары дұрыс болса болады, жоғары беріле беруі);
- оқушыға табиғи жолмен кәсіптік бағдар беру және оны қабілеті жететін саласының дарынын ашу проблемалары шешіледі.
Бұл оқушылар арасында, бір-бірінің үлгерім деңгейлерін бақылап отыра алатындықтарынан, өзара жарыс тудырады. Бірақ, оқушылардың өзара көмегіне және мұғалім тарапынан жасалынатын демеп жіберуге рұқсат етіледі. Сондықтан бақылау мен бағалау ішкі бақылау мен ішкі бағалау болып табылады. Сабақ оқушының дұрыс орындаған барлық тапсырмаларының ұпайларын шығарумен аяқталады.
Сонымен: технологияның принциптері жағдайында, өздігінен даму бағдарын анықтап дамитын және өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп өсіруші, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлға қалыптастыруға болады, өздігінен оқытудың осындай мақсаттарын жүзеге асыру үшін, білім беру жүйесінің алдында тұрған басты мақсат - жаңа технологиясының талаптарына сай жаңа оқулыктар буынын жазу болып табылады. Мұндай оқулықтар мен дидактикалық құралдардың бір ерекшелігі - олардың мазмұнын қысқа мерзім ішінде ешқандай бейімдеусіз-ақ компьютерге енгізуге болады. Себебі, бұл құралдардың құрылымы электрондық оқулықтардың құрылымына ұқсас.
Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегіне орын алады. Сондай техгологиялардың бірі әлемнің 18 елінде сынақтан өткізілген Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы. Сын тұрғысынан ойлау - сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.
Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі. Оны төмендегі сұлбадан көруге болды:

Сұлба 11 - Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту кезеңдері әдістері

Енді осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне толығырақ тоқталып өтейік.
Қызығушылықты ояту.Үйрену процесі - бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін "Топтау", "Түртіп алу", "Ойлану", "Жұпта талқылау", "Болжау", "Әлемді шарлау" т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты - үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену - енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін ісәрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.
Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V - "білемін", -- - "мен үшін түсініксіз", + - "мен үшін жаңа ақпарат", ? - "мені таң қалдырады" белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT - оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну - күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру - аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.
Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады.
Тақырып туралы ой-толғаныс - бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы - ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді. Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған "Бес жолды өлең", "Венн диаграммасы", "Еркін жазу", "Семантикалық карта", "Т кестесі" сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.
Жоба 60-қа жуық стратегиялардан тұрады. Солардың кейбірімен таныстыра кетеміз.
Джиксо - ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты - жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады.
Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен ұжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл "жанұя" топтар деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4 өз алдына "жұмыс" тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2 санын алғандар, 3, 4 нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға "жұмыс тобында" мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті "жанұя топ" оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет.
Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика пәні бойынша СЕМИНАР САБАҒЫ
Машиналық оқыту алгоритмін құжаттарды топтау үшін қолдану
Оқыту әдістерін, құралдарын бастауыш білім беруде пайдалану
Қазақ тілі сабақтарында оқушыларды жаңа сөздерді меңгертуде қолданылатын әдіс - тәсілдер
Оқыту әдістерінің көптүрлілігі, оларды топтастыру
Жоғарғы мектептегі оқыту әдістері
Машиналық оқыту әдістерінің болжау жасаудағы маңызы
Әдіс - оқу тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері
Мектепте биологиядан білім беруден әдіснамалық мәселелері
Әдiстер туралы түсiнiк
Пәндер