Мектеп мұғалімдерінің интернет - ресурстарды пайдалануға даярлығының критериалды моделі
БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕ САЙТ ҚҰРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Орындаған: Қажетова Еркежан Санатқызы
Тобы:404
Мамандығы: 0111000 Негізгі орта білім беру
Біліктілігі: 01111093 Информатика пәнінің мұғалімі
Ғылыми жетекшісі: Мусаев Қуат Ғалымжанұлы
Семей, 2021
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-4
I тарау. Педагогикалық үдерісте Интернет-ресурстарды пайдаланудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5-35
0.1 Педагогикалық үдерісте Интернет-ресурстарды пайдалану саласындағы педагогикалық зерттеулер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..5-10
0.2 Мектепте интернет-ресурстарды пайдаланудың әдістемесі қарастырылмаған ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11- 17
0.3 Мектеп мұғалімдерінің интернет-ресурстарды пайдалануға даярлығының критериалды моделі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 18- 35
II тарау Мектеп мұғалімдерінің интернет-ресурстарды пайдалану
даярлығының әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 36- 41
2.1 Мектепте интернет-ресурстарды пайдаланудың әдістемесінің кезеңдеріне сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36-38
2.2 Бағдарламалардың практика жүзінде қолданылу аясы. ... ... ... ... .39-46
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .47
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Білім беруді ақпараттандыру білім беруді реформалаудың маңызды факторы болып отыр. Білімді ақпараттандыру маңыздылығы компьютер мен қарым-қатынас құралдарының көмегімен білімді өңдеу ақпараттық қарым-қатынас технологиясы негізінде ақпараттық білім ресурстарын құру өндірісін дамытуда.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына деген тақырыпта оқыған лекциясында: Осы заманғы әлем жаһандану кезеңін - адамзаттың біртұтас ақпарат және коммуникациялар кеңістігінде жан-жақты бірігу, бүкіл планетаның біртұтас экономикалық рынокқа айналуы дәуірін бастан кешіруде деп көрсеткен болатын.
Қазіргі қоғамдағы ақпараттану жағдайында мектеп оқушысының жеке тұлғасын қалыптастырып, ақпараттық қоғамда өмір сүруіне, оның ақпарат ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім табуына, оларды пайдалану қабілеттілігін қалыптастыруда мектепте ақпараттық-қатынастық технологияларды, соның ішінде Интернет-ресурстарды пайдаланудың маңызы зор.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында білім беруді ақпараттандыру мәселесі бойынша төмендегідей негізгі ғылыми мектептер қалыптасып, кешенді және нақты зерттеулер жүргізілуде:
− профессор Е.Ы.Бидайбековтың мектебі студенттерді ақпараттық технология құралдарын пайдалануға әдістемелік тұрғыдан дайындау, информатика пәнін оқыту және соған сәйкес информатик-мамандарды дайындау мәселелері [Ш.Шекербекова, Г.А.Абдулкаримова, Е.А.Вьюшкова, А.Ибашова және т.б.], − профессор Ж.А.Қараев және көптеген ғалымдар [М.Б.Есбосынов, С.В.Рах, К.З.Халикова, Ж.С.Сардарова, С.Т.Мұхамбетжанова, Б.К.Төлбасова, Б.Абыканова, О.К.Ахметова және т.б] ақпараттық-қатынастық технологияны жалпы орта білім беретін мектептің оқу үрдісінде, кәсіби дайындықта және жоғары оқу орындарында информатиканы оқытуда қарастырған.
Бастауыш білім беруді ақпараттандыру мәселелері бойынша педагогикалық зерттеулер жеткіліксіз. Жүргізілген зерттеулердің көбінде бастауыш сынып мұғалімдерінің ақпараттық-қатынастық технологияларды оқу үрдісінде пайдалану әдістемесі қарастырылған [Г.А.Абулкаримова, Ж.К.Ахмадиева, К.З.Хамитова, Б.А.Изиева, Е.С.Саватеева, О.В.Синявина, Д.Т. Рудакова т.б.].
Ғылыми зерттеулерді, психологиялық-педагогикалық, әдiстемелiк әдебиеттердi және мектеп жұмысының тәжiрибесiн талдау нәтижелерi қазiргi кезде Интернет-ресурстардың мектепте бiлiм беру мiндеттерiн шешу мүмкiндiктерiнің ғылыми жетiстiктерге негiзделмей пайдаланылып отырғаны және оның iске асырылуының ойдағыдай емес екенiн көрсеттi.
Мектепте Интернет-ресурстарды пайдалануға болатыны анықталмаған және оны тиiмдi ұйымдастыруда сәйкес келетiн керi байланыс құралы ретінде қажеттiлiгi қарастырылмаған. Жоғарыда жасалған талдаулар дипломдық жұмыстың зерттеу тақырыбының көкейкестiлiгiн көрсетедi.
Зерттеу нысаны: ақпараттық-қатынастық технологиялар негізінде білім беруді ақпараттандыру.
Зерттеу пәні: Информатика оқытудың әдістемесі.
Зерттеудің мақсаты: мектепте Интернет-ресурстарды пайдаланудың әдістемесін теориялық тұрғыда негіздеу, тәжірибе жүзінде сынақтан өткізу және жасалған әдістеменің тиімділігін дәлелдеу.
Зерттеудің міндеттері:
− педагогика ғылымы мен жалпы білім беретін мектептердің тәжірибесіндегі Интернет-ресурстарды пайдалану тенденциясын талдау;
− бастауыш сынып мұғалімдерінің Интернет-ресурстарды пайдалануға даярлығының критериалды моделін жасау;
Зерттеудің ғылыми жаналығы: мектеп мұғалімдерінің Интернет-ресурстарды пайдалану әдістемесінің теориялық негізіндері ашып көрсетілді, мектеп мұғалімдерінің Интернет-ресурстарды пайдалануға даярлығы ұғымына толық анықтама берілді.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы: Қарастырылған әдістерді білім беру үрдісінің субъектілері күнделікті тәжірибесінде пайдалана алады. Жаһандық Интернет желісі жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерінің әртүрлі іздеу жүйелері мен мамандандырылған порталдарды, Интернет-ресурстарды іздеу әдістерін меңгеру; кіші мектеп жасындағы оқушылардың дербес және жас ерекшеліктеріне сәйкес Интернет-ресурстарды бағалау және таңдау әдістерін меңгеру; интернет-ресурстарды сабақ өткізуге проекциялау әдістерін меңгеру.
Курыстық жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I тарау. Педагогикалық үдерісте Интернет-ресурстарды пайдаланудың теориялық негіздері
1.1 Педагогикалық үдерісте Интернет-ресурстарды пайдалану саласындағы педагогикалық зерттеулер
Педагогикалық іс-әрекеттер, кез-келген әрекет сияқты мақсат, құрал және нәтижемен анықталады.
Құралдар мәселесі мақсатты іс-әрекетке байланысты негізгі мәселе болып табылады [1, 15 б.].
Оқу іс-әрекетінің құралдары мен педагогикалық іс-әрекеттің құралдарын ақпараттандыру жағдайында анықтау бүгінгі күннің мәселесі болып табылады.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында мұғалімдердің іс-әрекетіне жаңа талаптар қойылады. Кәсіби іс-әрекетті жаңалау талабын орындаудың бірден бір жолы ақпараттық технологияларды пайдалану.
Білім беруді ақпараттандырудың қазіргі жағдайын сипаттайтын ғылыми еңбектер мен әдебиеттерге жасалған мынадай талдаулар, шетелдік [Р.Вильям, К.Маклин, Г.М.Клейман, Ж.П.Арно, М.Рокли, Б.Сендов, Т.Хифайед және басқалар], ресейлік [Б.С.Гершунский, Е.И.Машбиц, В.М.Монахов, И.В.Роберт, В.В.Рубцов, И.Е.Вострокнутов, И.И.Трубина, И.Г.Белавина, В.А.Захарова, П.В.Беспалов, М.М.Букеев, Н.А.Власенко, В.В.Колос, С.П.Кудрявцева] және отандық ғалымдардың [Б.Б.Баймұханов, Е.Ы.Бидайбеков, Д.М.Жүсібалиева, Г.Қ.Нұрғалиева, С.С.Үсенов және басқалар] білім беру ортасын қалыптастырудың мынадай ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік берді:
1) оқушылар мен мұғалімдердің бірлескен жан-жақты дамуы;
2) білім беру үрдісіне барлық қатысушылардың даму деңгейі мен жылдамдығын үйлестіру;
3) ақпараттық-қатынастық технологиялар көмегімен жалпы білім беретін сабақтардың пәнаралық моделі;
4) үнемі өзгеріп отыратын еңбек шарттарына жас ұрпақты дайындау үшін оқушылар мен мұғалімдердің АҚТ-ны пайдалану дағдыларын қалыптастыру;
5) білім беру траекториясын таңдауды қамтамасыз ету.
Қоғамның күрделі тіршілік әрекеті компьютерлік ақпараттық технологияның пайда болуына ықпал етіп, Интернет ұғымын өмірге енгізді. Интернет сөзі тікелей мағынасында халықаралық желі дегенді білдіреді (INTERnational NETwork). Интернет - бұл дүниежүзіндегі компьютерлер мен серверлер жиынтығы, ал қол жеткізуге болатын ақпарат көлемін тіпті бағалаудың өзі қиынға түседі. Бір немесе бірнеше мемлекеұттің аумағында орналасқан желілер ғаламдық деп аталады. Интернет - миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі.
Интернет-ресурстарға талдау жасағанымызда Ресейде бастауыш мектептер http:www.ed.gov.ru, http:www.kic.ru, http:ioso.narod.ru, http:som.fio.ru, www.nachalka.com, http:www.altai.fio.ru, www.tehnologiya.ucoz.ru, www.openclass.ru, www.web-resurs.ru, www.рonyatovskayaucoz.ru, Өзбекстанда http:nachalka.uz, Қазақстанда https:onlinemektep.org, https:daryn.online сияқты Интернет-ресурстармен қамтамасыз етілгенін анықтадық.
Бұдан біз ақпараттық қарым-қатынас жасау мүмкіншілігі бар білім беру порталдары мен сайттарының басым бөлігі ресейліктердің үлесінде екенін аңғарамыз. Ресейлік Интернет-ресурстарға сараптама жасау барысында олардың Интернетті пайдаланушылармен әрекеттік байланыста болатынын анықтадық. Мысалы, www.nachalka.com сайтында мұғалімдер: математика пәні бойынша қоғамдастық және форум, конкурстар арқылы; ата-аналар: блог, оқушылар: конкурстар, викториналық ойындар, әдеби марафондар, тест тапсырмаларын орындау арқылы байланыста болады т.с.с.
Ал, қазақ тіліндегі сайттардың жағдайы өз дәрежесінде емес.
Оның себебі, тұтынушы іс жүзінде ғаламтор желісінде қазақ тілінде ақпаратты толық алуға мүмкіншілігі жоқ. Сұраныстың мардымсыздығы ұсыныс сапасының қажетті деңгейге көтеріле алмайтындығын көрсетеді. Мұндай тығырықтан шығаратын жолдың бірі ретінде елімізде білім беру порталдарын жасаудың, пайдаланылуының аясын кеңейтуге көңіл бөлуіміз керек. Білім беруді ақпараттандырудың маңызды факторы Интернетке шығу болып саналады. Қазіргі уақытта республика бойынша мектептердің 98 %-ы Интернет желісіне әлдеқашан қосылған. Оның ішінде Алматы облысы (100 %), Солтүстік Қазақстан облысы (100 %), Шығыс Қазақстан облысы (99,1 %), Оңтүстік Қазақстан облысы (94 %), Батыс Қазақстан облысы (99,1 %), Қызылорда облысы (94 %), Атырау облысының (98,9 %) мектептері алда келеді.
Көптеген сайттар хабарландырушылық сипатта, мектептің тарихын, жетістіктерін көрсетумен ғана шектеледі. Білім беретін материалдар сирек кездеседі, оқушылардың өздері жасаған материалдар тіпті аз.
ХХ ғасырдың аяғы жалпы білім беретін мектептердің оқу үрдісінде пайдаланылған техникалық оқу құралдары түрлерінің көбеюімен және ауқымдылығымен мазмұндалады. Білім беру саласы түбегейлі жаңа ақпараттық құралдармен қамтамасыз етілді. Оқу үрдісінде компьютерлік ЭЕМ-ның пайдаланылуы, ғылыми техникалық ақпарат көлемінің қауырт өсуі және оған байланысты көп ақпараттың тез ескіруі, ақпаратты машина арқылы өңдеудің және басқарудың тиімді тәсілдерін жасау қажеттілігі туды.
Электронды есептеуіш машиналарды оқу үрдісінде пайдалануды зерттеу ісімен
Қазақстан Республикасының белгілі ғалымдары мен көптеген жоғары мектептің мамандары айналысуда [Ж.С.Сарыпбеков, Е.Ы.Медеуов, Е.У. Бидайбеков, Г.К.Түкеев, Ғ.З.Қазиев, А.М.Тәтенов, Н.Т.Ермеков және т.б.].
Ақпараттандырудың тиімді түрлеріне аудирование (тыңдалым), бейнеқолдау сынды бейнетехникаларды пайдалану жатады. Оқу үрдісінде ақпараттық технологиялар мен жаңа ақпараттық желілердің пайда болып, телеарна орталықтарында мұғалімдердің, арнайы мамандардың жетекшілігімен оқу телебағдарламалары даярланды.
Мұнда қашықтан оқыту құралдары мен қашықтан оқытудың жерсерік арнасының (ҚОЖА) маңызы ерекше. Бұл жүйе оқу үрдісін ұйымдастырудың тиімділігіне және білім сапасының артуына мүмкіндік беретін жаңалық болды. Компьютерлік бейнеконференциялар, техникалық құрал-жабдықтар арқылы алынған мәліметтерді өңдеп, білім алушыларға жеткізуді қамтамасыз етудегі жоғары деңгейімен сипатталады.
Демек, әрбір білім алушы мамандар компьютерлік желі арқылы қосылатын әр түрлі электрондық мұрағаттар мен Интернет-ресурстарды жан-жақты меңгеру негізінде көптеген ақпараттарға өз орнында отырып-ақ қол жеткізеді. Электрондық кітапхана, электрондық оқу басылымдары, электрондық оқулықтар және т.б. мүмкіндіктер пайда болды. Бұл әрине, оқу үрдісін ақпараттандырудағы үлкен жетістіктер болып табылады.
Ғылыми әдебиеттерді талдау ғалымдардың [Г.Г.Воробьева, Ю.А.Шрейдер т.б.] жеке адам мен ақпараттың арасындағы байланысқа зор көңіл бөлетіндігін көрсетеді. Олар ақпаратты игеру жеке адамның ақпараттық мәдениетін сипаттайтын белгілі бір білімдер, дағдылар жиынтығы сол адамның бойынан табылған жағдайда ғана мүмкін деп есептейді.
Білім жүйесін ақпараттандырудың ерекшеліктері [Л.Я.Беляев, Л.И.Бережной, В.В.Васильева, Б.К.Гершунский, М.П.Золотухина, Г.В.Иванова, Л.Д.Квиртия] еңбектерінде қаралған. Бұл еңбектерде педагогикалық қызметті ақпараттандырудың негізгі бағыттары, мұғалімдерді ақпаратпен қамтамасыз етудің оперативті жүйесі, ақпаратты қорды құрудың, сақтаудың және пайдаланудың, теориялық аспектілері сипатталған.
Ақпараттандыру жағдайында мұғалімдердің ақпараттық технологияларды құрал ретінде пайдалану көптеген ірі ғылыми жұмыстарда қарастырылған [4]- [12] және т.б.
Ақпараттық қоғамның критерийлері ретінде келесі үш жағдайды алуға болады:
oo компьютерлердің болуы;
oo компьютерлік желінің даму деңгейі;
oo күнделікті өмірінде іс-әрекетінде ақпараттық технологияны пайдаланатын және ақпараттық салада еңбек ететін тұрғындардың саны.
Ақпараттандыру үрдісі келесі өзара байланысқан үш үрдісті біріктіреді [14]:
1) интеллектуалдандыру - адамдардың (қоғам мүшелерінің) ақпаратты қабылдау және жасау қабілеттерін дамыту, тудыру;
2) компьютерлендіру - ақпаратты іздеу және өңдеу құралдарын жетілдіру үрдісі;
3) медиостизациялау - ақпаратты жинау, сақтау және тарату құралдарын жетілдіру үрдісі.
Е.С.Полаттың пікірінше жаңа технологиялардың оқыту тәжірибесіндегі ролін, оның оқушылардың интеллектуалдық, шығармашылық және адамгершілік даму үрдісі ретінде қарастыру қажет. Даму педагогикалық үрдісте оқыту ұғымының альтернативасындай кілттік сөз ретінде қалыптасты [14, 5б].
Д.М. Жүсібалиеваның іргелі зерттеуінде ара қашықтықта оқыту мәселелері ұсынылған. Педагогикалық технологияларға сәйкес ара қашықтықта оқытуды жүзеге асырудың негізгі құралы болып Интернет - қиындылар түрінде жинақталған оқу фильмдері, электрондық оқулықтар және ақпараттар саналады.
Ара қашықтықта оқытудың қатысушылары үшін белгілі ғалымдар мен тәжірибешілердің еңбектері, мұражайлардың, кітапханалардың, мұрағаттардың қорлары қол жетерлік дүние болып табылады. Ара қашықтықта оқытудың сипатты жағы болып иілгіштік, модульдік және экономикалық тиімділігі табылады. Ара қашықтықта білім алу жүйесінде оқушы лекция, семинар түрінде өтетін сабақтарға күнделікті қатыспайды, өзіне ыңғайлы уақытта, ыңғайлы жерде жұмыс істейді.
Ара қашықтықта оқыту бағдарламасының негізіне модульдік принцип жатқызылған. Әрбір жекелеген курс белгілі пәндік сала туралы бүтін бір түсінік береді. Бұл тәуелсіз курс - модульдердің ішінен жекелген немесе топтық қажеттілікке сай оқу бағдарламасын құрастыруға мүмкіндік береді.Оған танымдық процесін үйлестіру, оқытылып отырған курсты дұрыстау, жекелеген оқу жоспарын құру барысында кеңес беру, оқу жобаларына басшылық жасау сияқты функциялар жүктеледі. Ол оқу топтары арасындағы өзара қолдау көрсетуді басқарады, оқушыларға олардың кәсіби өзін-өзі анықтау жолында көмектеседі.
Г.Б.Ахметованың Болашақ мамандардың желілік даярлығын қалыптастыру әдіснамасы мен технологиясы тақырыбында жүргізген іргелі зерттеу жұмысында студенттердің желілік даярлығын қалыптастыру мәселелері қарастырылған. Бұл жұмыста бәсекелестіктің шарты ретінде болашақ мамандардың желілік даярлығын қалыптастырудың әдістемелік қамтамасыздық пен жүйелік компоненттерінің тұтастығы арқылы ақпараттық-қатынастық технологиялар негізінде жоғары білімді ақпараттандырудың теориялық-педагогикалық негізі анықталған.
Халықаралық индекстер мен ғылыми педагогикалық жетістіктерді ескере отырып желілік даярлықтың мәнін анықтау және болашақ мамандардың желілік даярлығын қалыптастырудың критериалды үлгісі жасалған.
М.Б.Есбосыновтың Орта мектепте дистанциялық оқытуды ұйымдастырудың дидактикалық шарттары атты еңбегі орта мектепте дистанциялық оқытуды ұйымдастыру, оны жүргізудің ғылыми-педагогикалық, әдістемелік, ақпаратты-бағдарламалық шарт-талаптарын анықтауға арналған.
Дистанциялық оқыту - республикамыздағы орта білім беретін мектептердің жартысына жуығын құрайтын шағын комплектілі мектептердің оқу жұмысын тиімді ұйымдастыру мен білім сапасын көтерудің басты жолдарын құрайды. Зерттелген жұмыстың басты жаңалығы - орта мектепте жаңа ақпарат құралдарын пайдалана отырып, ізгілендіру парадигмасы негізінде дистанциялық оқытудың дидактикалық негізін жасау болып табылады.
Бұл жүйе өзіндік оқытуға арналып құрылған, дистанциялық оқыту құралдарының дидактикалық мүмкіндіктерін ескере және оларды пайдаланудың дидактикалық мақсаттарын айқындай отырып, дистанциялық оқытудың әдісіне, формасына, технологиясына және оқу үрдісін басқаруға қойылатын талаптар анықталған.
Дистанциялық оқыту оқушы мен мұғалімнен алғашқы кезекте компьютерді пайдаланушының дағдыларын қажет ететін болғандықтан зерттеуші Интернет пен компьютерлік локальды жүйелерді пайдалану жөніндегі әдістемеліктер жасаған [17].
Интернет оқушыларға ақпараттық кеңістікте еркін қозғалу мүмкіндігі мен ақпаратты іздеу және өңдеу жолдарын таңдау еркіндігін береді. Бұл, өз кезегінде, ақпаратты интерактивті беру құралымен жұмыс істеуге ынталандырады. Интернетті білім беруде пайдалану оқушылардың ақпаратты ойша құрылымдау мен түсінуінің жаңа қабілеттерін игеруіне әкеледі.
Мұндай оқытудың барысында оқушылардың экрандағы ақпаратты қабылдау, көрнекі бейнелерді ауызша жүйеге түрлендіру, сапаны бағалау және ақпаратты тұтынуда тапқырлық таныту, сонымен қатар, хабарламаларды кең мағынада талдау - ақпараттың жасырын мағынасын түсіну қабілеті дамиды.
С.М.Кеңесбаевтың Жоғары педагогикалық білім беруде болашақ мұғалімдерді жаңа ақпараттық технологияны пайдалана білуге даярлаудың педагогикалық негіздері тақырыбындағы жүргізілген іргелі зерттеу жұмысында жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланып оқытудағы негізгі мақсаттарға мыналар жататындығын анықтады:
1. ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру, коммуникативтік қабілетін дамыту;
2. ақпараттық қоғамның жеке тұлғасын дайындау;
3. берілетін оқу материалының көлемін оқушы меңгере алатын деңгейге дейін өсіру;
4. болашақ педагогтың зерттеу іскерлігін, тиімді шешім қабылдай білу іскерлігін қалыптастыру.
Жаңа ақпараттық технологияларды білім беру үрдісінде пайдаланудың негізгі артықшылықтарын төмендегідей атап көрсетті.
Олар оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиісті мәліметтер көлемін ұлғайтады.
Бір-бірінен үлкен ара-қашықтықта орналасқан әртүрлі оқу орнында отырып білім алуға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Оқыту жүйесін көп деңгейлі жетілдірілуі олардың таралымдалуы мен оқу материалының сапасын арттырады.
Компьютердің көмегімен оқушы өз бетінше, сондай-ақ өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
1.2 Мектепте интернет-ресурстарды пайдаланудың әдістемесі қарастырылмаған
Н.Ғ.Даумов Оқытуды ақпараттандыру үрдісінде оқушылардың зерттеу қызметін дамыту тақырыбындағы еңбегінде Ұлттық гимназияда оқушылардың зерттеу қызметінің қалыптасу нәтижелігі ғаламдық Интернет жүйесі мен электронды оқулықтармен жеке зерттеу тақырыбы бойынша ақпарат жинау, мәлімет базасын жасау арқылы пәнді-бағдарлы жұмысқа бағытталуды қамтамасыз етсе, ұсынылған әрекеттің қызықты және жаңа формалары арқылы мотивтердің айқындалу негізінде тұлғаның зерттеу үрдісінің субъектісі ретінде жеке позициясы белсенді болатындығын дәлелдеп көрсетті.
А.Ө.Байдыбекова Бастауыш сынып математикасын оқытуда компьютерді пайдалану атты диссертациялық жұмысының мақсаты - бастауыш мектептің математика пәндерін оқыту үрдісін жетілдірудегі дербес компьютердің мүмкіндіктерін ашу және компьютерлік құралды пайдалану арқылы төменгі сынып оқушыларының оқу іс-әрекеттерін қалыптастырып, одан әрі дамытуға арналған.
Білім беруге телекоммуникациялық технологияларды енгізуді талдау нәтижесі көрсеткендей, ішкі ақпарат алмасу үшін қомпьютер желілерін пайдаланатын көптеген ұйымдар бас компьютерден ақпаратты іздеу мен ақпараттың желі компоненттерінде шашыраңқы жағдайында интерфейс унификациясының қиыншылықтарымен кездеседі.
Дегенмен, ұйым ішіндегі ақпараттық құрылымды Интернет желісіне ұқсас, ақпараттық қызметі бар (Web-қызмет), концептуалды негіз ретінде пайдалануға болатын технология бар. Мұндай жағдайда түрлі типтегі (мәтін, сурет, дыбыс, бейне) мәліметтерді компьютерлік желінің аймақта таралған түйіндерінде орналасқан ақпаратты байланыстыру механизмдерімен үйлестіре сақтау мүмкіндігі пайда болады. Осы кезде, ақпарат жасалу мен пайдалану тәртібі бойынша таралады, оған бірыңғай рұқсат алу жүзеге асырылады.
Зерттеу жұмыстарын талдау нәтижесінде білім беру жүйесінің даму бағыттарының бірі ретінде ақпараттық технология құралдарын, соның ішінде Интернет-ресурстарды оқыту үрдісінде пайдалану болып табылатыны анықталды.
Ғалымдардың зерттеулері бойынша қоғамды ақпараттандырудың теориялық-әдіснамалық екі амалы белгілі : оның біріншісі - технократтық, яғни ақпараттық технологиялар еңбек өнімділігін арттыру құралы ретінде қабылданып, өндіріс және басқару салаларымен шектеледі, екіншісі - гуманитарлық, мұнда ақпараттық технология адам өмірінің негізгісі болып, өндіріс үшін ғана емес, әлеуметтік сала үшін де мәні бар болады.
Білім беру жүйесі қоғамды ақпараттандыру үрдісінің негізгі базасы болып табылады. Сонымен қатар, адамның ақпараттық мәдениетін қалыптастыру ортасы болып табылады. Сол себепті, білім беруді ақпараттандыру және компьютерлендіру мәселесі толыққанды ақпараттық қоғамды қалыптастырудағы бастапқы мәселелердің бірі болып табылады.
Компьютердің көмегімен оқыту мәселесі 80-ші жылдардың соңынан бері зерттелуде.
Ақпартаттық технологияны оқыту құралы ретінде пайдалану келесі жағдайлардың болуына ықпал ететіні [24] жұмыста анықталған:
* оқушының тұлғасын дамытып, ақпараттандырылған қоғам жағдайында өмір сүруге дайындайды, мысалы ойлау қабілетін дамыту (көрнекі-әсерлі, көрнекі-бейнелі, интуитивті, шығармашылық, ойлаудың теориялық түрін); эстетикалық тәрбиелеу; қатынастық икемділіктерін дамыту, оңтайлы шешім қабылдау білігін қалыптастыру, эксперименттік зерттеу әрекетін жасау білігін дамыту, ақпараттық мәдениетін қалыптастырып, ақпаратты өңдеу икемділігін қалыптастыруға;
1. қазіргі заманғы қоғамды ақпараттандыруға байланысты әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға;
2. оқу-тәрбие жұмысының барлық деңгейлерін үдетіп, оқыту үрдісінің тиімділігі мен сапасын ақпараттық технологиялар құралдарының мүмкіндіктерін пайдаланып жүзеге асыруға;
3. танымдық іс-әрекетін белсенді болдыруға, ақпаратты өңдеу құралдарын пайдаланып, пән аралық байланысты тереңдетуге.
4. Сонымен ақпараттық технология оқыту мазмұнын өзгертіп, оқыту жүйесіне жаңа элементтер енгізеді. Мысалы, ақпараттандыру жағдайында мектепке компьютерлік коммуникацияның болуы:
5. пәндердің интеграциясын;
6. оқушылардың өздік іздемпаздық және зерттеу жұмысының әдістерін жасауды;
7. мәселені оқушыларға бірігіп шешу жолдарын үйретуді;
8. оқушылар мен мұғалімдердің фронталь, топтық және жеке жұмыс жасау әдістерін үйлестіруді;
9. оқушылар мен мұғалімдердің жұмысында компьютерді белсенді пайдалану;
10. оқу үрдісінде ақпараттық технологияны тиімді жаңа мазмұнмен, жаңа әдіспен және жаңа ұйымдастыру түрлерін пайдалануды мұғалімдерден талап етеді.
Компьютерлік байланыстың дамуы, Интернеттің пайда болуы мұғалімнің қызметінде, іс-әрекетінде жаңа қырлар ашады. Интернетті:
- кітаптары интерактивті, каталогтары орасан зор кітапхана...
-көптеген кітапханалары бар университет... [25] ретінде қарастыруға болады.
Интернет бұл ақпараттар әлемі, барлық елдердің ақпараттар қорының шексіз санына тікелей жол ашатын әлем. Ақпаратты беру шапшаңдығы оның жаңару шапшаңдығымен табысты үйлесетін әлем.
Барған сайын мектептердің көпшілігі оқу үрдісінде Интернетті пайдалана бастады, ал осындай жұмыстың қосымшаларының саны мен сапасы соңғы уақытта барынша өсті.
Интернетте бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларына және мұғалімдерге есептелген арнайы ресурстар бар.
Олардың ішінде:
AskEPIC - Educational Resourse and Information Center оқу қорлары мен ақпараттар Орталығымен басқарылады, бар нәрсе туралы (сұрақтар мен жауаптар, әртүрлі пәндер бойынша сабақтар жоспары және де білім алуға байланысты басқа ақпараттар) мәлімет алуға мүмкіндік береді.
Knoxville - электронды класта газетті пайдалану.
MicroMUSE - болашақтың электронды қаласы.
NASASpaselink - Алабама штатындағы Хантсвилде NASA-ның жүргізетін жүйесі, NASA туралы есептер мен барлық түрдегі мәліметтерді, оның тарихы мен бұрынғы және болашақ әртүрлі мәселелерін көрсетеді.
Newton - ұлттық Аргон лаборатоиясы (Argonne National Laboratory ) жүргізеді, оқушылар мен мұғалімдерге конференциялар, оған қоса Ask & Scientist ғалымнан сұраңыз атты конференцияны ұсынады. Биологиядан геологияға дейін әртүрлі саладағы ғалымдарға сұрақтар қоюға мүмкіндік береді.
OERI - білім беру ресурстары мен оларды жетілдіру бойынша АҚШ Оқу министрлігінің бөлімі (US.Departement of Educaftion`s Office of Educational Resources and Inprovement ) білім алу үшін көптеген ресурстарды көрсетеді.
Интернеттегі мәліметтер ресурстарына кіру клиентсервер моделіне негізделген бағдарламалар көмегімен жүзеге асырылады.
Интернет пайдаланушысы клиент - бағдарламасын орындауға жібереді; Интернеттегі керекті ақпаратты беруге дайын компьютерлер сервер - бағдарламасын орындайды. Серверлік бағдарлама белгілі бір бекітілген форматта берілген керекті ақпарат бойынша сұранысты күтеді. Клиент - бағдарламасы сервер үшін сұранысты қалай қалыптастыруды және бұл сұраныстар мен ақпаратты қай форматта көрсетуді білдіреді.
Интернет төмендегідей қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді:
* электронды почта (E-mail);
* Usenet телеконференциялары;
* ақпараттық қорларға (FTR, Gopher, www) кіру;
* алыстан (Telnet) кіру;
* желідегі (Chat) сөйлесу.
Интернеттегі ресурстармен жұмыс істей отырып көптеген салалар бойынша төмендегідей мәліметтер алуға болады:
1. үкімет бойынша (компьютердің міндетінен бастап экономикалық статистикаға дейін үкімет ақпараттарының барлық түрі; әскери ғимараттардың конверсиясы туралы; қазіргі және бұрынғы федералдық бюджеттің заң актілерінің көшірмелері);
2. күнделікті оқиғалар бойынша (барлық елдер мен дүниежүзілік ұйымдар бойынша, елдің негізгі өкімі туралы, үкімет түрі мен олардың басшыларының аттары туралы, бұл ақпараттарды Мершенд университетінің мәліметтер қоры береді);
3. білім бойынша (Мершенд штатындағы Гейтесбургтегі ақпарат алмасудың федералдық қызметі зерттеулер бойынша, мектептегі білім бойынша ақпаратты ұсынады);
4. тарих бойынша (мысалы Стэнфорд университеті Мартин Лютер Кингке немесе Израильге қатысты құжаттар бойынша мәліметтер қорын жүргізеді);
5. Жапония немесе басқа ел бойынша (Жапондық өмір мен мәдениет немесе басқа туралы құжаттар);
6. ғарыш бойынша (галактикалар және басқа объектілер туралы мәліметтерді қамтиды; квазарлар, жаңа және соған ұқсас басқа объектілер туралы Кембридждегі Смитсан Астрофизика обсерваториясы жүргізетін жүйенің көмегімен көбірек білуге болады);
7. өнер бойынша (туындылар, Ватиканның жұмыстарын, кезіндегі құпия болған совет құжаттарының көшірмелерін, 1492 жылғы Колумб саяхатына қатысты жасалған заттар бейнелерін қамтиды);
8. сәулет өнері бойынша (әртүрлі сәулет бейнелерін беруді жүзеге асырады);
9. музыка бойынша (музыка жаңалықтары мен танымал әншілер бойынша күнделікті есепті қамтиды);
10. денсаулық бойынша (АҚШ азық-түлік өнімдері мен дәрілер бойынша басқармасы, денсаулық мәселелеріне қатысты ақпараттар бойынша мәліметтер қорын жүргізеді);
11. қоршаған орта бойынша (қоршаған ортаны қорғау агенттігінің кілттік сөздер арқылы іздеуге болатын жүздеген химикаттар бойынша көшірмелері және т.б.);
12. ауа-райы бойынша (Мичиган университетінің метеорология, океанография және космология факультеті ауа-райы болжауларын, сонымен қатар дауылдар бойынша есептерді көрсетеді);
13. астрономия бойынша (Англияның, Кембридждегі Гринвич корольдік обсерваториясының Астрономиялық институты жүргізеді);
14. геология бойынша (мысалы, соңғы кездердегі жер сілкінулер бойынша ақпарат алу үшін);
15. география бойынша (Мичиган университетінің географиялық атаулар сервері арқылы көптеген мәліметтерді алуға болады);
16. жан-жануарлар бойынша (жануарлар белгілері мен оларды қорғау заңдары туралы ақпарат);
17. табиғат бойынша (Беркли палентология Музейінің жанындағы Калифорния университеті өсімдіктер мен жануарлардың бірнеше электронды көрмелерін жүргізеді);
18. энтимология бойынша (жорғалайтын жәндіктер туралы) [27].
Жоғарыда келтірілген Интернет ауқымды желісіндегі мәліметтер қорын мұғалімдер кәсіптік мәселелерін шешуде пайдалану тиімді.
Талданған әдебиеттер көрсеткендей Интернет-ресурстар оқушылардың ақпараттар алу дағдысын қалыптастыру, олардың ақпараттық қызметтің маңызды біліктерін игеру қабілетін арттырады.
Тек мұғалім оқушыны Интернет-ресурстармен жұмыс істеуге дайындау, білімді жалғастыру мақсаттарын шешумен тікелей байланысты болғанымен, Интернет-ресурстардағы болатын керегі жоқ материалдардан оқушыларды арытып, ақпараттандыруға байланысты болашақ қоғамда қажетті мәліметтерді іздеу, сақтау және берудің негізгі заңдылықтарын, мақсаттарына жетудің кезеңдеріне көзқарасын қалыптастыруда тек білімділіктендіруді көздейтін ресурстарды пайдалану қажет. Осыған байланысты мұғалімнің іс-әрекеті оқу материалын іріктеу мен оқыту құралдарын таңдауға байланысты болады.
Мұғалімнің іс-әрекеті білім беруді ақпараттандыру жағдайында оқу үрдісін жаңа тұрғыда ұйымдастыруға бағытталады.
Ақпараттандыру жағдайында бастауыш сынып мұғалімінің іс-әрекеті ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін толыққанды орынымен пайдалануды көздейді. Бұл келесі жағдайларды іске асыруды талап етеді:
- мультимедиа мүмкіндіктерін (дыбыс, қозғалыс) пайдаланып оқу материалының көрнекілігін күшейту;
- көңіл-күйдің қалыптасуын ескеріп, сабақтың барысын тиімді жасау;
- әртүрлі пәндердің байланысын көрсете білу;
- мұғалімнің өз әдістемесін дамытуы;
- тірек құралдарды ақпараттық технология мүмкіндіктерімен білім беруді оңтайландыру мүмкіндіктеріне байланысты іріктеп, оларды дәстүрлі оқытумен үйлестіру.
Оқыту үрдісінде ақпараттық технология құралдарын пайдалану жаңа оқу демонстрациялық және көмекші құралдарды пайдалануға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, пәндік аймақты ақпараттандыру оқу іс-әрекетін интеллектуалдандыруды білім беру құрылымын дамытуды, ақпараттық, экологиялық және әлеуметтік орталарды тану үрдісін интеграциялау, басқару механизмдерін дамытуды алып келеді.
Оқыту үрдісінің тиімділігін арттыру мақсатында ақпараттық технологияны білім беруде пайдалану мәселесін кешенді қарастыруды қажет етеді. Себебі, оқу-тәрбие үрдісінде ақпараттық технология оқыту құралдарына ғана әсер етпейді, сонымен қатар, оқу-тәрбие үрдісінің қалыптасқан құрылымына да әсер етеді [28, Б. 117-118].
Ақпараттық технологиялар құралдары мұғалімдер мен оқушыларға ғылыми және оқу-әдістемелік ақпаратқа оперативті қол жеткізу құралдары болып табылады.
Ақпараттандыру жағдайында бастауыш сынып мұғалімдері пәнді білу, яғни, бастауыш сыныптағы пәндерді оқытудағы шеберлігі.
Екінші технологиялық білім, яғни, педагогикалық информатика, ақпараттық технологияларды білу. Ақпараттық технологиялар педагогикалық іс-әрекеттің психология мен информатиканың интеграциясын талап етеді.
Бастауыш сынып мұғалімі ақпараттық технология құралдарын пайдаланып оқу құжаттарын, дидактикалық материалдарын дайындап, педагогикалық бағдарламалық құралдарды пайдаланып оқушылардың білімін бекітіп, бақылауда, компьютерлік моделдеу көмегімен әртүрлі құбылыстарды және үрдістерді оқытуға пайдаланып, дайын бағдарламалық кешендерді пәнді оқытуда пайдалануларына болады.
Оқыту технологиясының ақпараттық технологияның үнемі даму үстінде болуына сәйкес оқыту технологиясының жаңарып отыруына байланысты жоғарыда келтірілген кәсіби іс-әрекеттердің үнемі жетілдіріп отыру қажеттігі туады.
Бұл үшін мұғалім келесі іс-әрекеттерді меңгереді, олар жаңа ақпараттық технологияны ендіруге байланысты:
1. педагогикалық бағдарламалық және техникалық құралдардың педагогикалық және технологиялық құжаттарын салыстырмалы талдау;
2. сабақтың логикалық мазмұнын моделдеу;
3. межеленген оқыту нәтижелеріне жетудің әдістемелік және ұйымдастыру шарттарын анықтау;
4. дидактикалық сәттерді модельдеу;
5. оқу-тәрбие үрдісінің аяқталғандығын тексеру және бағдарламалық құралды апробациялау;
6. таңдап алынған ақпараттың технология негізіндегі педагогикалық технологияны түзету;
7. ақпараттық технологияны нақты пәнді оқытудағы мүмкіндіктерін бағалай білу;
8. ақпараттық технологияны әртүрлі пайдалану амалдарын;
9. ақпараттық технологияны пайдаланып әртүрлі кәсіби іс-әрекеттер атқару.
Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде мұғалімнің іс-әрекетінің құрылымы әртүрлі тұрғыда қарастырылған.
Гностикалық, жобалық, құрылымдық, ұйымдастырушылық, комуникативтік, сараптық іс-әрекеттер алынған.
Қазіргі кезде осы айтылған талаптар, ерекшеліктер ескерусіз қалып, оқу үрдісінде ақпараттық технологиясын ендіру мен ақпараттық ресурстармен жұмыс істеуге байланысты мәселелерді шешу қазіргі ірі педагогикалық мәселелердің бірі болып табылады.
1.3 Мектеп мұғалімдерінің интернет-ресурстарды пайдалануға даярлығының критериалды моделі
Қазіргі кезде ақпараттық - қатынастық құралдарын қолданудың үш технологиясы белгілі:
* кейс - технология;
* TV - технология;
* желілік технология.
Кейс-технология - оқу әдістемелік материалдың бір жиынтыққа-кейске біріктіріп, оқушыға өз бетімен оқуға жіберуді, ал жергілікті жерде арнайы оқытушы-тьютордың кеңесін арнайы құрылған жергілікті оқу орталықтарында алуды көздейді.
TV-технологиясы - теледидар арқылы дәрісті алып, оқытушы-тьютордан кеңес алуды көздейді.
Желілік технология - Интернет желісін пайдаланып, оқушыларды оқу- әдістемелік материалмен қамтамасыз етіп, мұғалім мен оқушы арасында интерактивті өзара байланысты көздейді.
Осы технологиялардың ішінде бізді қызықтыратыны желілік технология.
Желілік технологияға тән интерактивтілік ұғымына тоқталайық.
Интерактивтілік - interactivate - ағылшын тілінен аударғанда әрекеттестік ұғымын білдіреді.
Әрекеттестіктің келесі түрлері болады.
Тәлімгер мен оқытылатын пән арасындағы әрекеттістік
Интерактивтіліктің бірінші түрі - бұл тәлімгер мен мазмұн, не оқытылатын пән арасындағы әрекеттестік. Бұл оқытудың анықтаушы мінездемесі. Бұл мінездемесіз білім беру мүмкін емес, себебі ол пәнмен интеллектуалды әрекеттестікті анықтайды, соның нәтижесінде тәлімгердің білім деңгейі өзгереді, оның перспективалары кеңейеді не оның интеллектуалды деңгейінің жоғарылауы жөнінде айтуға болады.
Қазіргі кезде тәлімгер электронды оқыту бағдарламалары секілді құралдарды көп қолданады. Олардың мақсаты пәнді оқытуда тәлімгерге көмек көрсету. Ондай оқыту өзіндік оқыту болып табылады. Көбінде адамдар оларды өз білімін кеңейтуде пайдаланады.
Тәлімгер мен оқытушы арасындағы әрекеттестік
Интерактивтіліктің екінші түрі педагогтардың көзқарастары бойынша біріншісі секілді қажетті және тәлімгерлердің көбі соған ұмтылады. Интерактивтіліктің бұл түрі тәлімгер мен оқытушы роліндегі адам немесе оқытылатын материалдарды дайындаған маман арасындағы әрекеттестік болып табылады. Педагог ролі әсіресе тәлімгерлердің жаңа білімді пайдалануын бағалағанда өте қажетті.
Тәлімгер пәнді өзі игеріп, өз мәселесін өзі анықтай алса, онда алған ақпаратты қолдану деңгейінде оған көмек қажет болады. Оның пән туралы білімі, оны дәл және жан - жақты қолдану үшін әлі де терең емес. Тәлімгер және оқытушы арасындағы әрекеттестік білімді аппробациялау және кері байланыс кезеңінде маңызды болады.
Тәлімгерлер арасындағы әрекеттестік
Бұл нақты уақытта оқытушымен не оқытушысыз топ құрамында не құрамында емес тәлімгерлер мен басқа тәлімгерлер арасындағы әрекеттестік. Бұл жерде оқыту стратегиясы тәлімгер әрекеттестігін белсендіру үшін таңдалады. Онда тәлімгерлер бірігіп, мәселелерді шешеді және алынған шешімдерді шығарады. Оқытушы негізгі ережелерді жасайды, шектеулер қояды және тәлімгерлермен кері байланысты орнатады.
Зерттелінетін тақырып бойынша әрекеттестіктің бірінші түрі қарастырылады - тәлімгер мен оқыту жүйесі арасындағы әрекеттестік.
Оқыту жүйесі - training system қолданушы оқытуын автоматтандыруға арналған жүйе. Оқыту жүйесі жасанды интеллектті және білім базасын қолдануға негізделген. Онда кеңінен гипермәтін, мульти және гипермедиа технологиялары қолданылады. Бұл білім обектілерін көрсетуге және оларды бір - бірімен ассоциятивті байланыстыруға мүмкіндік береді. Жүйе бір объектіден басқасына көшіп, білім базасы бойынша қолданушының навигациясын жүзеге асырады.
Оқыту жүйесінің міндеті - қолданушының дайындық деңгейіне және алынатын ақпаратты қабылдау мүмкіндігіне байланысты білімді тиімді түрде беру. Жүйелер автономды және желілік болуы мүмкін. Автономды оқыту жүйелері индивидуалды және жеке компьютерде жұмыс жасайды. Желілік оқыту жүйелері коллективті және олар серверлерде орналасқан, ондағы қолданушылар клиент ретінде жұмыс жасайды [Интернет glossary].
Тәлімгер мен оқыту жүйесі арасындағы әрекеттестік интерактивті сұхбат жүргізу арқылы жасалады. Интерактивті сұхбат - бұл қолданушының программалық (программалық-ақппараттық) жүйемен әрекеттесуі. Ол тек мәтіндік командалармен (сұраныстырмен) және жауаптармен (шақырулармен) алмасуды ғана орындамай сұхбатты жүргізудің өте дамыған құралдарын пайдаланады (мысалы, маңызды сөзді пайдаланып, кез келген формада сұрақтарды қою мүмкіндігін).
Сұхбаттың келесі түрлері болады:
* Сұрақ-жауап түріндегі сұхбат. Интервьюға ұқсас құрылым. Жүйе қолданушыға сұрақтар қойып, жауабынан ақпарат алады. Бір сұрақтан бір жауап алынады. Сұрақ-жауап түріндегі сұхбатты көбінде символды интерфейсі бар жүйелерде қолданады. Графикалық интерфейс құралдары пайда болған соң бұл құрылым ескірді.
* Мәзір негізіндегі сұхбат. Жүйе қолданушыға шешілуі иерархиялық, ұйымдастырылған меню түрінде береді.
* Экрандық форма негізіндегі меню. Қолданушыдан бірден формадағы мәліметтерді алуға мүмкіндік береді.
* Командалық тіл негізіндегі сұхбат. Ол жүйелерде көбінде қолданылады.
Интерактивті сұхбатты жобалау барысында алдымен оның сценарийін жасап, сұхбат графын құру қажет.
Сұхбат графы - бұл сұхбат сценарийінің графикалық ұсынылуы.
Графты жүйе қалыптарының жиыны ретінде қарауға болады. Сұхбат барысында олардың арасында анықталған шарттарда көшулер жасалады. Сұхбат сценарийін жасау мақсаттары:
* мүмкін болатын тұйық жағдайларды анықтау және жөндеу;
* жүйені ағымды жағдайдан қажетті жағдайға көшірудің рационалды жолдарын таңдау;
* қолданушыға қосымша көмек қажет болғандағы жағдайларды анықтау.
Сұхбат сценарийін қарапайым жасауға болады. Ол үшін:
* қолданушымен таңдауын қажетінше шектеп, сұхбаттың аралас құрылымын пайдалану (мысалы, мәзірді қолдану арқылы).
* қолданушымен енгізілген ақпаратты бақылау және тек қажетті мәліметтерді қабылдау, сұхбатты сипаттау үшін әдістердің екі түрін қолдануға болады:
* формальды әдістер. Ол қолданушы мінездемелеріне сәйкес сұхбатты жобалауды және модификациялауды автоматизациялауға мүмкіндік береді.
* формальды емес әдістер. Сұхбаттың тиімді, бірақ әмбебап құрылымын құруға мүмкіндік береді.
Оқыту жүйесіндегі сұхбаттың педагогикалық бағыттылығына үлкен назар аудару қажет, яғни, оқу мақсаттарына жетуге бағытталғанына. Тәлімгер - компьютер сұхбатына қойылатын талаптар бұлар жауапты енгізуге кететін уақыт аздылығы және қарапайымдылығы.
Сұхбатты құрғанда мынаны ескеру қажет: тәлімгерлер өз жауабын компьютерге қалай енгізетінін ойламай, тек жауабы туралы ойлау керек.
Қолданушы мен оқыту жүйесінің арасындағы сұхбатта тиімділікті және анықтылықты қамтамасыз ету үшін қолданушы интерфейсі рационалды ұйымдасқан болу қажет. Оқыту жүйесімен жұмыс істеу ережелерін кез келген қолданушы тез жаттап алуға тиіс, оқыту құралы өз функцияларының құрамдық тізімін ұсыну, өз жағдайын және әрекеттерін түсіндіре алатындай болу қажет. Сұхбат ұйымдастырылуы қолданушыға түсінікті, қарапайым, көрнекті және логикалық болу қажет.
Қолданушы интерфейсінің ұйымдастырылуы тәлімгердің оқыту құралымен сұхбаттың сыртқы, ішкі жақтарын көрсетеді.
Қолданушының оқыту жүйесімен сұхбат қалай ұйымдастырылса, оқыту үрдісінің тиімділігі соған байланысты болады.
Білім беру жүйесінде Интернет желісіндегі қызметтерді (сервистерді) қолдануды қарастырайық.
Ең кең тараған желілік қызметке WWW - технологиясын жатқызуға болады. Бұл технология гипермедиалық құжаттардың жүйесінен тұратын гиперортаны береді.
Компьютерлік оқыту жүйелерінде интерактивті әрекеттестікті қарастыру үшін, алдымен бұл әрекеттестікті жүзеге асыратын технологияларды қарастырып алу қажет.
Гиперорта (не гипермедия деп аталады) бұл - гипермәтін және мультимедиа жиыны, бұл бір-бірімен ассоциативті байланысқан кішкентай блок түріндегі кез-келген түрдегі ақпаратты ұсыну технологиясы. Ол әртүрлі қасиеттердің, мінездемелердің, параметрдің жиынтығы - ассоциациялар бойынша мәліметтер блоктарының әрекеттесу моделі болып есептеледі. Бұл блоктар ретінде мәтін, бейне, сурет, бейнефильм, файлдар, программалар, дыбыс фрагменттері бола алады [glossary Интернет].
Гиперортада ақпарат кішкентай блоктарға бөлінген, олар граф төбелерімен ұсынылған. Гиперортамен жұмыс істегенде жүйе әр төбе мазмұнын монитор экранында көрсетеді. Қабырғалармен байланысқан төбелер пернетақта, жарық қауырсыны не тышқан көмегімен белсенділігін жүзеге асырады. Қолданушы гиперортамен жұмыс істегенде навигацияны жүзеге асырады және білім облысының желісі бойынша қозғалып бір төбеден басқаға көшеді. Гиперортаның ең маңызды мінездемесі оның ақпараттық кеңістігі.
Ақпарат блоктарының тізімі, олардың арасындағы байланысты орнату гиперортаны жасайтын адамдарға байланысты. Соның нәтижесінде арнайы Білім Базасы қалыптасады. Олардың кейбіреуінде маршрут схемалары болады. Оларға сәйкес бір блоктан басқаға көшу жасалады.
Гиперортаны білім беру жүйелерінде қолдану оқытушылардың және тәлімгерлердің сауаттылығының жаңа деңгейін қажет етеді.
Педагогтарға өзінің концептуалды оқыту моделін гипермедиа құрылымында сипаттауға тура келеді. Соған қоса олар дидактикалық талаптарды және семантикалық талаптарды - мультимедиа ортасында және қолданушы интерфейсінде дизайн талаптарын ескеру қажет.
Оқу курсын құру және қолданушы интерфейсін жобалау теориясына Ж.Пиаже, Л.С.Выгодский жұмыстары әсер етті. Олардың айтуынша, оқу - бұл әр индивидуумның ішкі әсері. Тәлімгер тек фактілер түріндегі білімді ғана алмай, сол білімді құрылымдау қажет.
Тәжірибеге негізделген білімді ұсыну оқу үрдісін жетілдіруге мүмкіндік береді. Гипермедиа ортасында тәлімгер тиімді жұмыс жасау үшін, ол жүйені өз түсініктерімен, аналогияларымен және шығармашылықпен толтыру қажет.
Қазіргі кездегі гипермедиалық оқыту жүйелерін үш түрге бөлуге болады:
* білімді презентациялау;
* білімді ұсыну;
* білімді құру.
Білімді презентациялайтын оқыту жүйелерінде тәлімгер оқу материалын қарайды және навигацияны жүзеге асырады. Ондағы білім статикалық, ол ақпараттық блоктарда сақталады.
Білімді ұсынатын оқыту жүйелерінде ақпарат арасында байланыс болады. Білім байланыстарда және ақпараттық түйіндерде сақталады. Тәлімгер байланыстармен де әрекеттесе алады.
Білімді құру оқыту жүйесі тәлімгерге білімді құруға және ақпарат блоктары арасында өзі байланысты орнатуға мүмкіндік беретін құралмен қамтамасыз етеді. Тәлімгерге білімді құру құралдары тағы сценарий құруды, модельдеуді, саяхат жасауды, интеллектіні жаттықтыруды қамтамасыз етеді.
Гипермәтін - бұл түйіндері бір-бірімен байланысқан жүйелі түрінде сақталынатын ақпаратпен манипуляциялар және сақтау тәсілі.
Гипермәтін ақпаратты өңдеу бойынша іс-әрекетті автоматтандыру жүйесіне жатады және қажетті ақпаратты іздеуді жеңілдетуге қызмет етеді.
Гипермәтіндік жүйелер есептеуіш техника құралдары көмегімен ақпаратты ұсынудың ассоциативті желісін қамтамасыз етеді. Олар адам интелектінің үлкен көлемді ақпаратты сақтау қасиетін және комуникация және ойлау үрдісінде ассоцация арқылы оны іздеу қасиетін имитациялайды.
Гипермәтін адамға қажетті ретпен ақпаратты қабылдау мүмкіндігін береді. Қазіргі кезде гипермәтіндік құжатты бір желілік құрылымға қосылған көптеген ақпарат бөліктері ретінде қарастыруға болады.
Ақпарат бөліктері ретінде мәтін, графикалық бейне, анимация, видеороликтер, программа да болу мүмкін. Гипермәтіндік құжаттар электронды баспаларда кең қолданылады. Гипермәтіндік жүйелер нашар құрылымданған пәндік облыстарда ақпараттық жүйелерді құру үшін арналған. Бұл технологияларды қолдану ақпараттың қажеттіліктерін ақпаратты іздеу барысында тапқанда тиімді болады.
Ақпараттық іздеудің дәстүрлі әдістері (маңызды сөздер бойынша), үлкен ақпараттық массивтерге тиімді қол жеткізуді қамтамасыз етіп, қолданбалы гипермәтіндік жүйелерде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz