Бастауыш сынып оқушыларында ұжымдық тәрбиені ұйымдастыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ҰЖЫМДЫҚ ІС ӘРЕКЕТ ЖАҒДАЙЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН САНАЛЫ ТӘРТІПКЕ ТӘРБИЕЛЕУ

Орындаған:
Тобы:
Мамандығы:
Біліктілігі:
Ғылыми жетекшісі:

Семей, 2020

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I. БӨЛІМ. ҰЖЫМДЫҚ ЖАҒДАЙДА БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТӘРБИЕЛЕНУІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.1. Ұжым туралы түсінік, ұжымның даму кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ..6
1.2. Ұжымдық тәрбиенің дамуына атсалысқан ғалымдар ... ... ... ... ... .8
1.3. Бастауыш сынып оқушыларында ұжымдық тәрбиені ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.4. Бастауыш сынып оқушыларына ұжымдық іс-әрекеттері арқылы саналы тәрбие берудің әлеуметтік жєне педагогикалық алғышарттары ... ... .11
II. БӨЛІМ. ҰЖЫМДЫҚ ЖАҒДАЙДАҒЫ САНАЛЫ ТӘРБИЕ ... ... ... ... ... ..17
2.1. Бастауыш сынып оқушыларын саналы тәртіпке тәрбиелеу жұмысының мазмұны мен формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.2. Ұжымдық іс-әрекеттер арқылы саналы тәртіпті жетілдірудің қазіргі мәселелері мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
2.3. Ұжымдық іс-әрекет жағдайында бастауыш сынып оқушыларына саналы тәрбие беру барысында оқушыға заманауи бағыт-бағдар беру ... ...26
ҚОРТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Әлемдегі кез-келген халықты алып қарасақ та ең алдымен тәлім-тәрбиеге, білімге, адамгершілікке үндейді, болашақ ұрпақтың өн бойына рухани азық сіңіруге тырысады. Өйткені тәлім-тәрбиенің, адамгершілік қасиеттердің адам өмірінде алар орны ерекше. Атақты ғұлама ғалым, әлемнің екінші ұстазы Әл Фарабидің де Тәрбиесіз берілген білім -- адамзаттың қас жауы деген аталы сөзі бар. Осыдан-ақ тәрбиенің адам өміріндегі маңызын көруге болады.
Мектептегі сынып жетекшісінің тәрбие жұмысындағы негізгі міндеті- оқушылардың жеке басын қоғамның талабына сай тәрбиелеу.Бұл міндетті орындау, әдетте оқушылар ұжымын қалыптастырудан басталады.Мектеп құрылымындағы ең тұрақты ұжым болып- сынып ұжымы есептелінеді. Соның негізінде оқушылардың негізгі оқу әрекеті жүзеге асады. Тек сынып ұжымында ғана оқушылар арасында өзара байланыс және қарым- қатынасытң алғышарттары пайда болып, берік қалыптасады. Соның шеңберінде жалпы мектеп ұжымының іргесі қаланады.
Олай болса, оқушылар ұжымы деп - ортақ әлуметтік маңызы бар мақсатқа біріккен, соған сай белсенді әрекет ететін және ортақ сайланбалы ұйымы бар, барлық мүшелерінің құқықтары мен міндеттері бірдей және өзара жауапкершілікке негізделген оқушылар тобын айтамыз.
Сынып жетекшісі оқушылар ұжымын құруда, олардың сапалы білім мен саналы тәртібін қамтамасыз етудің маңызы ерекше. Саналы тәртіп болмаған жерде сапалы білім алу болмайды. Бұлар бір- бірімен өзара тығыз байланысты болып келеді.
Саналы тәртіп- мақсатты тәртіп. Ол қоғамның мақсатымен ұштасады. Саналы тәртіпке тән сипат- өз мақсатын қоғам мақсатына, жеке бастың мүддесін, оқушылар ұжымының мүддесіне бағындыра білу.
Оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеудегі негізгі міндет - білім алу мен оқу әрекетінің сапасын үнемі арттырып отыру. Сынып жетекшісінің шеберлігі дегеніміз- оқушылар ұжымының алдына қызықты мақсат қойып, ұжымдық іске ұйытқы бола білуінде, әрі оны ұйымдастыруда ғы білімі мен қабілеті.

Бастауыш сынып оқушысының психологиялық дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін, ең алдымен білім берудің мақсат приоритеті түбегейлі өзгеруі керек, бірінші кезекке б+-рынғыша оқушыны пєндік білім біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу єрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғасын тєрбиелеу мақсаты қойылады. Оқушылар жеке пєндік білім, білік дағдылардың белгілі бір жиынтығын меңгерумен шектелмей, б+-ған қоса оқу мен сөйлеу єрекетін, өзін-өзі +-стаумінез-қ+-лық мєдениетш, этикалық, эстетикалық, адамгершілік нормаларын оқушылардың тєрбиелік деңгейін сипаттайтын жєне қалыптасуында єр пєн белгілі роль атқаратын құндылық қатынастарды меңгереді. Сондықтан, білім берудің басты міндеттері оқушының өзі қоршаған, өзі өмір сүретін жаңа табиғи жєне єлеуметтік ортаға үйренуіне, онда жаңа єлеуметтік мєртебе оқушы мєртебесінің қалыптасуын: - оқу, ойын, еңбек, қарым-қатынас сияқты єрекет түрлерін қажетті деңгейде меңгеруін, айналадағы дүниемен дара тулғалық қатынасының қалыптасып, эстетикалық, этикалық адамгершілік нормаларды меңгеруін қамтамасыз етуі тиіс.
Зерттеу жұмысының болжамы: егер, ұжымдық іс-әрекет жағдайында бастауыш сынып оқушыларын саналы тәртіпке тәрбиелеуде, замануи тұрғыда оқушыға бағыт-бағдар берер болсақ, саналы тәрбиеленген ұрпақ қалыптасуына ықпалын тигізері анық.
Зерттеу жұмысының мақсаты: ұжымдық іс-әрекет жағдайында бастауыш сынып оқушыларын саналы тәртіпке тәрбиелеуді оқыту.
Зерттеу міндеттері:
oo ұжымдық іс-әрекет жағдайында бастауыш сынып оқушыларын саналы тәртіпке тәрбиелеуде оқу процесіне енгізу жағдайында тұжырымдамалық негізін жасақтау және оны жүйелеу;
oo болашақ педагог мамандарды даярлау барысында ақпарттық технологияны қолдана отырып, саналы тәрбие беруге оқытуды ұйымдастыру;
oo бастауыш сынып мұғалімдерін саналы тіртіпке тәрбиелеу барысында біліктіліктерін арттыру;
Зерттеу пәні: педагогика
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: ұжым, ұжымдық тәрбие, оқушылар ұжымы, педагогикалық ұжым, саналы тәрбие, оқушының

ұжымда өзін-өзі ұстауы оған әсер ететін факторлар, психологиялық-педагогикалық ілімдер, педагогикалық технология.
Зерттеу кезеңдері:
Бірінші кезеңде зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық-педагогикалық әдебиеттер қарастырылды, жалпыланды, ғылыми-әдістемелік жұмыстар талданды. Зерттеудің ғылыми аппараты (болжам, мақсаты, міндеттері, нысаны, пәні) қалыптасты, базалы ұғымдар нақтыланды.
Екінші кезеңде оқытуды ұйымдастырудың педагогикалық шарттар жүйесін қолдану және енгізу тиімділігі бойынша қалыптастырушы эксперимент өткізілді, алынған эксперимент берінділері талданды және өңделді. Алынған нәтижелер салыстырылды және жалпылама қорытындылар, ұсыныстар жасалды, дипломдық зерттеу материалдары рәсімделді.
Зерттеу жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

I. БӨЛІМ. ҰЖЫМДЫҚ ЖАҒДАЙДА БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТӘРБИЕЛЕНУІ.
1.1. Ұжым туралы түсінік, ұжымның даму кезеңдері.
Ұжым - бір-біріне әсер ететін, өзара әлеуметтік негізделген мақсаттармен, мүдделермен, өзін ұстаудың нормалары мен талаптарының қажеттілігімен, бірге атқарылатын қызметпен, қызмет құралдарының ортактығымен, басшылық білдіретін еріктің ортақ болуымен біріккен адамдар тобы. Ұжым жай топқа қарағанда дамуы жағынан жоғары. Ұжым белгілеріне адамдардың саналы түрде бірігуі, оның тұрақтылығы, анық белгіленген ұйымдастыру құрылымдары, қызметті реттейтін органдардың болуы жатады.
Ұжым және жеке адам проблемасы қазіргі заманның ең өзекті әлеуметтік проблемаларының бірі болғандықтан педагогика ғылымының да басты мәселесі болып отыр.
Педагогика оқушылар ұжымын ұйымдастыруды және тәрбиелеуді жан - жақты тәрбиенің теориясы мен практикасының негізгі, жетекші проблемалары ретінде қарайды.
Тәрбие теориясының негізгі бір принципі - "ұжымда ұжым үшін, ұжым арқылы тәрбиелеу" деп анықталған.
Тәрбиенің ең негізгі құралы мектеп ұжым, ол - ортақ мақсатпен, іс - әрекетпен, гуманистік қарым - қатынаспен және жоғары жауапкершілікпен біріккен балалар мен ересектердің одағы.
Тұлғаны ұжымда тәрбиелеу идеялары қоғамның даму заңдарына жауап береді. Ол заңдылықтар адамның шынқарыштап дамуының бірден -- бір көзі -- адамдар арасындағы өзара қатынастарды ұжым негізінде құру болады деген дұрыс ұғымға негізделген.
Ұжым проблемасын бірнеше қоғамдық ғылымдар зерттейді. Әлеуміттік ғылымдар саласында "ұжым" ұғымы ең бір маңызды категория болып есептеледі. Әлеуметтік психология адамдардың бір - бірімен қарым - қатынасының барысын анықтайды. Сонымен қатар педагогиканың негізгі категориясы -- тәрбиленуші ұжым, ол ұжымның ерекше типі - өскелең ұрпақты тәрбиелеу болып табылады. Сондықтан ұжым және оның проблемасы, әлеуметтік, күрделі әрі маңызды проблема болған және болып келеді.
Оқушылар ұжымы - тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет.

Оқушылар ұжымы баланың өмірін, оқуын, еңбегін, жасампаздығын, күш - қуат мәдениетін, ойын ұйымдастырудың ең тимді құралы.
Оқушылар ұжымы үш кезеңнен өтеді. Ұжымның даму кезендерін айқындаған А.С.Макаренко. Ол балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс - әрекеттің мазмұнына, тәртібіне, балалардың ара -қатынасы тәуелділігіне байланысты ажыратты.
Бірінші кезенде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап іс - әрекетінің барысында орындалуға тиісті нақты міндеттер. Талап қою балаларды мінез - құлық нормасын үйрету, әлеуметтік тәжірибеге тарту. Бұл кезеңде балалар ұжымы сирек кездесетін құбылыс. Мұндай жағдайларда бастауыш сыныптарда және әр мектептен біріктірілген оқушылардың жоғары сыныптарында болуы мүмкін.
Бірінші кезең аяқталуы үшін мына мәселелерді еске алған жөн:
* ұжымды нығайтуға бағытталған мақсаттарды анықтау;
* ұжым іс - әрекетінің дамуы;
* жеке адам арасындағы қарым - қатынас іскерлік және
гуманистік қатынастардың пайда болуы;
* барлық ұжым мүшелері қолдайтын белсенділер тобының
бөлінуі;
Бұл кезеңде мұғалімнің негізгі қызметі оқушылардың ұжымдық іс - әрекетін ұйымдастыру, оларды әртүрлі іс - әрекеттеріне қатыстыру, ұжымды балаға педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру.
Екінші кезенде ұжым өзін - өзі басқаруға, яғни сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметінен тұрақты ұжым органдарына көшеді. Сондықтан бұл кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор. Мысалы, жұмысты бірігіп жоспарлау, әр түрлі оқу, қоғамдық еңбек тапсырмаларын орындау, әрбір ұжым мүшелеріне көмектесу, іс - әрекеттерін бақылау т.б.
Мұғалімнің қызметі -- коммуникативті, яғни балалармен байланыс жасау, ұжымның өмірі үшін оқушылардың ынтасын қуаттау жалпы міндеттерді орындауда барлық оқушылардың күш қуатын нығайту.
Ұжымның бұл даму кезеңінде параллельді ықпал жасау принципі қолданылады, яғни тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге асырылады.
Үшінші кезең - бұдан былай белсенді топтың және ұжым іс -әрекетінің дамуымен сипатталады, онда қоғамдық өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауда қоғамдық (ұжымдық) пікір пайдаланылады. Бұл саты ұжымның
өрлеу кезеңі. Ұжым өмірінде, оқушылар арасында жалпы істі бірлесіп орындаудың арқасында ұжымдық, гуманистік қатынастар дамиды, демек, ұжымда тілектестік, бір -- біріне ілтипатты болу сияқты болымды қасиеттер пайда болады.

1.2. Ұжымдық тәрбиенің дамуына атсалысқан ғалымдар
Ұжым проблемасын педагогика ғылымының қайраткерлері және халық ағарту органдарының озат өкілдері А.В.Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский аса зор көңіл аударып зерттеді.
* А.В.Луначарский жаңа адамды қалыптастырудың негізгі жағдайы ұжым болады деді. Оның айтуынша, адамды тәрбиелеу, демек, ол, адам біздің заманымызда ұжымшыл, қоғамдық мүддені жеке басының мүддесінен жоғары санайтын болуы тиіс. Тұлға ұжым негізінде ғана дамиды.
* Н.К.Крупская тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы ұжым деп атады. Мектептегі қоғамдық ұйымдарға, олардағы балалардың қарым - қатынастарына үлкен мән берді. Балаларды ұжымда өмір сүре және жұмыс істей алатындай етіп тәрбиелеудің қажет екенін ескертті. Ол балалар қозғалысына байланысты бірсыпыра мәселелерді атап көрсетті. Олар: балалардың ұжымдық іс - әрекетінің формалары мен әдістері, өзін - өзі басқару және оны ұйымдастырудың әдістері т.б.
* А.С.Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің бірізді педагогикалық теориясын жасады. Оның идеялары осы уақытқа дейін құндылығын сақтауда және іс - әрекеті, қарым - қатынас, дәстүр сияқты тәрбие проблемалары ұжым өмірінде шығармашылық дамудың негізі болды.
АС.Макаренко ұжымда жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығын ерекше атады. Ұжымда тек жай ғана мейірімді адам болу жеткіліксіз, ол ұжым мүддесімен өмір сүре білуі қажет. А.С.Макаренко жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір сапасын, яғни белгілерін көрсетті.
1. Ұжым тәрбиенің мақсаты және объектісі, жеке адам ұжымнан тыс дамымайды.
2. Ұжым адамдарда жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті
ұйымдастыруға біріктіреді.
3. Ұжым барлық ұжымдармен табиғи байланысты қоғамның
бөлігі.
4. Ұжымның өзін - өзі басқару органдары және өкілдері -
ұйымдастырушылары болады.
Әрбір ұжым -- бұл топ, бірақ әрбір топ ұжым бола алмайды. Ұжым контактылы ұжым -- бұл ұжым белгілері бар бастауыш топ. Негізгі ұжым --
бұл контактылы ұжымдардың бірлестігі, Мысалы, контактылы ұжым -- бұл студенттер тобы, негізгі ұжым -- факультет т.б.
Қазіргі кезеңде А.С.Макаренко идеясын дамытуда И.П.Ивановтың "Коммунар әдісі" игі әсер етуде. Коммунар әдісінің мәні, ұжым өмірінің айқын бейнесін ұйымдастыру. Онда барлығы өнегелік принципіне, шығармашылыққа негізделеді. Ұжымдық шығармашылық біріккен іс - әрекетінің әдісіне ұжымдық жоспарлау және жүзеге асыру, күнделікті іс - әрекеттері, ұжымдық талқылау, шешім қабылдау және баға беру кіреді. Бұл мәселелер И.П.Ивановтың "Коллектившілдерді тәрбиелеу" атты еңбегінде қарастырылған.
Сонымен ұжым - бұл көзделген мақсатқа жетудегі ұйымшылдық пен мақсаттылық, іс -әрекетімен сипатталатын адамдар тобы.
В.А.Сухомлинский балалар ұжыммын дамыту теориясына айтарлықтай үлес қосты. Оның терең ойлары бірсыпыра ғылыми еңбектерінде "Мудрая власть коллектива", "Коллективтің құдіретті күші" т.б баяндалды.
ВА.Сухомлинский пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымда негізгі тәрбие құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым - қатынас ұжымдық қатынастың даму процесі, В.А.Сухомлинскийдің қарым - қатынас жайындағы идеясы жаңашыл мұғалімдердің идеяларымен ұштасып жатыр. Демек, ынтымақтастық балалармен қарым - қатынас жасаудың нәтижесінде туды. Ынтымақтастық идеялары жаңашыл мұғалімдердің еңбектерінде ғылыми - әдістемелік тұрғыдан қарастырылған.
Біздің елмізде қазіргі қоғамның маңызды ұясы - мектеп ұжымы баланы дамытуда және қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Мектептегі оқушылар ұжымы -- бұл іс - әрекеттермен (оқу, еңбек т.б.) бірігіп топтасқан балалардың мақсатқа бағытталған тұрақты бірлестігі.

1.3. Бастауыш сынып оқушыларында ұжымдық тәрбиені ұйымдастыру
Оқушылар ұжымы-тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы.Жеке тұлғаның дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет.Тұлға жан-жақты даму мүмкіншілігін ұжымнан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт болып табылады.
Адамгершілік нормалары мен ережелерін игеру дегеніміз- тұтастай алғанда адамгершілік ойлау қабілетін қалыптастырудың басты шарттарының бірі болып табылады. Оқушылар ұжымы - ортақ мақсат және қоғамдық іс- әрекет арқылы біріккен тұрақты бірлестік. Жақсы ұйымдасқан оқушылар ұжымының белгісі- дұрыс қоғамдық пікір, жоғарғы жауапкершілік , өзара сенім. Жақсы ұйымдасқан ұжым ғана саяси, адамгершілік, мәдени жағынан
өседі, ұйымдастырушылық дағдыға ие болады. Ұжымда шығармашылық, белсенділік, достық, жолдастық байланыс нығаяды. Сондықтан тату, мақсатшыл оқушылар ұжымы тәрбиені ұйымдастырудың негіді болып табылады. Бала ұжымда жеке тұлға ретінде қалыптасады. От басы балабақша, мектеб, класс, спрот секциясы, көркемөнер студиясы т.б. ұжымдар. Бұлардың да барлығында да балалардың әлеметтенуі, қоғамға бейімделуі жүреді. Ұжымда өмір сүре білу, қоршаған ортамен санаса білу - адамның әлеуметтік дамуының жоғарғы сатысы. Тәжірибелі ұстаздар ұжымда тәрбиелеумен жеке оқушыны тәрбиелеуді табиғи түрде үйлестіреді. Себебі сыныпта да ерекше Назар аударатын, жекелеп тәрбиелейтін оқушылар болады. Бұл тәрбиеші жұмысындағы әртүрлі желі емес, тұтас процестің екі жағы.
Оқушылар ұжымы әр түрлі шараларды ұйымдастыру жағдайына құрылады, өседі,нығаяды. Ол шаралар ұжым өмірін мазмұнды әрі қызықты етеді. Кез-келген жерде бірлескен іс болмас, онда ұжымды топтастыру мен дамыту үшін адамгершілік тәрбиесін жинақтаудың қажетті жағдайлары болмайды.
Оқу жылы алдындағы класты жабдықтауға, гүлдендіруге, мектепауласын көгалдандыруға қатынасу т.б. осының бәрі өзіңнің ұжыммен байланысыңды сезінуіңе және оның алдындағы жауапкершілік сезімін мойындауыңа көмектеседі. Ұжымдық істер неғұрлым қызық болған сайын оқушылар ортақ іске өз күштерін соғұрлым қуана аранйды, оқушылар ұжымы соғұрлым мықтырақ болады., берік топтасады.
Ұжымның топтасуына оқу жағдайы тиімді түрде ұйымдастыру көмектеседі. Оқу міндеттерін шешуге бірлесе іздестіру, жолдастық өзара көмекті ұйымдастыру, оқудағы ортақ табыс үшін күрес балалар ұжымын топтастыруға негіз болады.
Ұжымның топтасуына түрлі қоғамдық тапсырмаларды орындау көмектеседі. Тапсырмалар класқа, мектепқажеттеріне қызмет көрсетумен байланысты. Ұжымның топтасуына саяхат, жорық ұйымдастырудың да маңызы зор. Мысалы, Жайық өзеніне саяхат ұйымдастыратын болса, балалар
Жайық өзені жағасындағы өсімдік, жануарлар дүниесімен ғана танысып қоймайды, олардың бір-бірімен жақын жолдастық сезамі қалыптасқанды , өздерін ер кін сезінеді.
Бос уақыттарында театрларға бірге бару, мектеп мекемелері мен кештеріндегі пікірталас, дебат, олимпиадалар мен сайыстар ұжымдық қасиеттердің қалыптасуының маңызды құралы.Өзара жауапкершілік қатынас жүйесінде қабылданған мақсатқа сәйкес жалпы істі орындау үшін ұжым мүшелерінен жауапкершілік және өзара тәуелділік талап етіледі.

1.4. Бастауыш сынып оқушыларына ұжымдық іс-әрекеттері арқылы саналы тәрбие берудің әлеуметтік және педагогикалық алғышарттары
Саналы тєртіп пен жоғары жауапкершілік барлық тєрбие жүйесінің нєтижесі болып табылады. Олар тєрбие ж+-мысының, барлық м+-ғалімдер мен балалар +-жымы органдарының бірдей талап қоюының процесінде бірте-бірте қалыптасып, бекиді. Б+-л істе сынып жетекшісінің ролі зор. Кейбір м+-ғалімдер сыныптағы тєртіпті жөнге келтіру - бір ғана сынып жетекшінің ісі деп ойлайды. Ал тєртіп үшін жауапкершілікті түгелімен м+-ғалімге артқысы келетін сынып жетекшілері де бар. Тєртіпке тєрбиелеу жұмысына мұндай көзқарас қате. Тек педагогикалық +-жымының, оқушылардың өзін-өзі басқаруының, ата-аналардыњ біріккен күш-жігері ғана сыныпта саналы тєртіп болуын қамтамасыз етеді. Н.К. Крупская бір мақаласында былай деп көрсетіпті: "Әрбір оқушыны саналы тєртіпке, өз еркін +-жымның еркіне бағындыруға, өзін-өзі +-стай білуге тєрбиелемейінше... Қазақстан елінің саналы азаматын өсіру мүмкін емес".
Тәртіп - б+-л єрі мақсат, әрі ойдағыдай тәрбиелеу мен оқытудың қажетті қ+-рамы, єрі барлық оқу-тєрбие процесінің нәтижесі.
Қазақ халқының ќаћарман батыр +-лы Б. Момыш+-лының "Тәртіпке бас иген қ+-л болмас, тєртіпсіз ел болмас" дегендей єдеп сақтау халықтың рәсімге, жол-жоралғыға, тєртіпке құлдық етіп, амалсыз бағыну емес, сол заңдылықтарды қ+-рметтеу, қастерлеу, адамгершілік, борышты өтеу болып табылады .Тєртіп пен жауапкершілік сезім болмайынша оқуға д+-рыс көзқарас тєрбиелеуге, сабақта үйге берілген тапсырмаларды орындау кезінде тєртіп сақтауға үйретуге болмайды. Тєрбие ж+-мысында оқушыларды
тєртіптендірудің, сыныпта тєртіпті нығайтудың єр түрлі формалары мен єдістері қолданылады. Солардың ішінде неғ+-рлым кең тарағандары мінез -- қ+-лық нормалары мен ережелерін түсіндіру, тәртіпті мінез - құлыққа үйрету, оқушыларға арналған ережелерді сақтау. Сонымен қатар, тәртіптілікке тєрбиелеу ісінде мадақтаудың єр түрлі формалары, ал қажет жағдайда жаза да қолданылады.
Саналы тєртіпке тєрбиелеудің жолдарын көрсете келіп А.С. Макаренко былай деген: "Тєртіп бүкіл тєрбиелік әсер жиынтығының жемісі болып табылады, б+-ған білім беру процесі де, саяси білім процесінде,
мінезді +-йымдастыру процесі де, қақтығысу, тартыс процесі де, тартысты +-жым да, достық процесі де шешу де, өзара сенім де, бір сөзбен айтқанда, тәрбиелеу процесінің барлығы да жатады".
Оқушыларды саналы тєртіпке бір ғана єдіспен тєрбиелеу мүмкін емес. Саналы тєртіпке тєрбиелеу мєдениетті мінез - қ+-лық дағдылары мен әдеттерін қалыптастырумен тығыз байланысты. Тєртіпті оқушы єдетте адамға сезімталдықпен жєне қамқорлықпен қарайды.
Саналыққа тєрбиелеу - ойын оятып, баланың "ойлануын ұйымдастыру" керек. "Білімнің санын қумай... саналы түрде ойланып,белгілі бір мәселелерге саналы түрде қарай білуге жету қажет." -деп жиі айтып отырады Н. К. Крупская.
Бастауыш сынып оқушыларының бойында саналы тєртіпті, өзінің еркін ұжымының еркіне бағындыруды, өзін-өзі меңгере білуді қалыптастыруда дүниетану сабақтары арқылы тәрбиелеуге болады. Оқушыларды саналы тєртіпке тєрбиелеу проблемалары педагогика теориясында кеңінен жазылып, тєжірибеде қолданылуда. Тєртіп ең алдымен +-жымнан талап етіледі: Кіші мектеп жасындағы оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеуде оқу жылының алғашқы күндерінен бастап сабақ үстінде өздерін тєртіпті +-стаудың берік дағдылары тез қалыптасады. М+-ндай тєрбие ж+-мысы үстінде, ұжымдық қарым-қатынаста, іс-єрекеті барысында жақсы нєтиже береді. Саналы тєртіпке тєрбиелеу жөніндегі жұмыстың маңызды жолдары - оқушыларға арналған ережелерді жүйелі түрде насих-
аттау жєне мінез-қ+-лықтың жекелеген ережелерін жєне біріңғай педагогикалық талаптарды оқушыларға +-сыну. Мектеп жасындағы балаларға арналған ережелерді үш топқа бөлінген. 1-4 сыныптар; 5-9 сыныптар; 10-11 сыныптар.
Б+-л топтар санымен қатар оқушылардың есеюіне, санасының өсуіне қарай мінез-қ+-лықтың жекелеген нормаларының сабақтастығын сақтайды. Саналы тєртіпке тєрбиелеудің маңызды шарты жєне қ+-ралы -педагогтардың және оқушылардың өзара қарым-қатынасының дұрыс арнауы. Б+-л қарым-қатынастардың жоғары маральдық талаптар мен тєрбиеленушілерге жолдастық қ+-рмет көрсетудің нормасын А.С. Макаренко нақты белгілеп берген.
Оқушыларды саналы тєртіпке тєрбиелеу өздігінен ж+-мыс істейтін жалпы мектептік +-жымды қ+-рмойынша, оны +-йымдастыру жағын нығайтпайынша, онда өзін-өзі басқаруды және д+-рыс қоғамдық пікірді дамытпайынша мүмкін емес.
Оқушыларды саналы тєртіпке +-йымдастыруда сынып жетекшісінің, пєн м+-ғалімдердің ролі ерекше жауапты жєне күрделі. Саналы тєртіпті оқушы, өте сезімтал, қамқорлықпен ұжымдағы іс-єрекетке ынта ықыласымен көңіл қаяды. Сондықтан ұжымдық іс-әрекеттерді тиімді, орнымен қолданған жақсы нєтижесін көрсетеді.
Оқушылар ұжымының күнделікті ісі белгілі бір сыныпта балалардың басым көпшілігінің мінез-қ+-лқына, аңсары ауып тұратын ісіне жауап беретіндей +-йымдастырылуы қажет. Тєрбие ж+-мысын осылай құру оқушының дүние тануын, рухани байлығын, моральдық тазалығын, дене тєрбиесінің жетілуіне, бір сөзбен айтқанда жас +-рпақтың жан-жақты үйлесімді қалыптасуын қамтамасыз ететін тєрбиелік шаралардың белді саласы болап табылады. Сынып жетекшісі оқушылар +-жымын қ+-руда, олардың сапалы білім алуы мен саналы тәртібін қамтамасыз етудің маңызы ерекше. Саналы тєртіп болмаған жерде сапалы білім алуға болмайды. Б+-лар өзара тығыз байланысты. Саналы тєртіп мақсаты тәртіп, ол қоғамның мақсатымен +-штасады. Саналы тєртіпке тән сипат - өз мақсатын қоғам мақсатына, жеке бастың мүддесін, оқушылар +-жымының мүддесіне
бағындыра білу. Оқушыларды саналы тєртіпке тєрбиелеудегі негізгі міндет - білім алу мен оқу єрекетінің сапасын үнемі арттырып отыру.
Бүгінгі таңдағы демократиялық жағдайда жєне єлеуметтік жаңарып-жанғыруында қоғамның болашақ жеткіншектерін өмірге жєне іс-әрекетке даярлауды қажетсінуі қоғамдық тєрбиенің, соның кіші мектеп жасындағы оқушыларды саналы тєртіпке тәрбиелеу салаларының сапалы т+-рғыда қатадан қ+-рылуын талап етіп отыр. Оқушыларды саналы тєртіпке тєрбиелеу ісін тек мектеп пен семья бірлесе отырып, келісіп ж+-мыс істеген жағдайда ғана ойдағыдай жүзеге асыруға болады. Оқушыларды саналы тєртіпке трбиелеу ісі негізінде оқу процесінде жүзеге асырылады. Саналы тєртіптің қажет екеніне балалардың єбден көзін жеткізу үшін қажырлы жєне дєйекті түрде көп жұмыс істеу керек болады.
Саналы тєртіптің нығаюында балалар +-жымының ерекше роль атқаратынын ашап көрсету қажет. Оқушылар +-жымы балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеудің маңызды қ+-ралы. жымшылдық адам мүддесінің +-жым және қоғам мүддесімен мызғымас байланыстылығын көрсетеді. Саналы тєртіп оқушылардың тағайындалған белгілі талаптарға бағынуын керек етеді. Бағындыру м+-ғалімнің беделімен тығыз байланысты болады. Әр м+-ғалімнің сабақтарында оқушылардың мінез-қ+-лқының єрқилы болуы да єдетте, м+-ғалімнің беделіне байланысты болады. Оќу пєндерінің мазм+-нын пайдалана отырып, м+-ғалім мектеп пен мемлекеттің оқушылардың мінез-қ+-лқына қоятын талаптарын балалардың толық +-ғыну жағын қарастырады.
Бастауыш сынып оқушыларының өздері де кітап оқу жєне өздеріне түсінікті єңгімелер арқылы нақты фактілерден тєртіпке қатынасы бар мынадай ережелерді меңгеруге қабілеті болатындығын озат м+-ғалімнің тєжірбиесі көрсетіп отыр. Ол ережелердің басшылары мыналар: еңбек, еңбектің табысты болуы үшін тәртіп болу керек, белгіленген тєртіпті қашан қолданып отыру керек, өз міндетін адал орындап отыру керек. оқуды жақсы жєне үздік оқу-єрбір оқушының өз отаны алдындағы ең бірінші борышы, оқуды ойдағыдай оқу үшін тєртіп болу қажет, мінез-құлық ережелерін, оқу жөніндегі міндеттін оқушылар мүлтіксіз орындап отыру қажет; мектепке
арналған оқу кітаптарында балалардың сезімдері мен санасында м+-ғалімнің белсенді түрде єсер етуіне мүмкіндік беретін мақалалар аз емес. Бұл мақалалардың оқу жєне оқылған мақалалар бойынша єңгімелер жасау балаларға қажетті адамгершілік қасиеттер мен тєртіпті мінез-қ+-лық сапаларын қалыптастыруға жәрдем етеді.
Саналы тәртіптің қажет екеніне балалардың әбден көзін жеткізу үшін қажырлы жєне дєйекені түрде көп ж+-мыс істеу керек болады. Кейбір м+-ғалімдер оқушылардың жас ерекшелігін ескермей, олардың санасына аз уақыттың ішінде тєртіп атаулының барлық нормаларын қалыптастыруға тырысады, сөйтіп, оларға адамгершілік жайындағы ұғымдарды жалаң түрде, ертелі-кеш бір сарынды ақыл айту түрінде түсіндірмекші болады. Оқушыларды саналы тәртіпті оқу ж+-мысын д+-рыс ұйымдастырып жєне оның методикасын ойлана отырып жүргізген жағдайда ғана ойдағыдай тєрбиелеуге болады.
Саналы тєртіпті тєрбиелеудің басты шарты балалардың мектепте жєне семьяда өткізетін барлық уақыты мен істейтін істернің нақты режимі болып табылады. М+-ғалімнің мақсатқа жету жолындағы қажырлылығы оқушының түзелетіндігіне сенімі, оқушыларды саналы тєртіпке тєрбиелеудің жоғарыда көрсетілген жалпы методтары негізінде ойланып дәйекшілікпен жүргізілген тєрбие ж+-мысы б+-л жөніндегі ж+-мыстың табысты болуының кепілі осылар болады. Оқушыларды саналы тєртіпке тєрбиелеу ісін тек мектеп пен отбасы бірлесе отырып, келісіп ж+-мыс істеген жағдайда ғана ойдағыдай жүзеге асыруға болады. Саналы тєртіпті тәрбиелеу ісі оқушыларды адамгершілік рухында тєрбиелудің бүкіл системасымен тығыз байланысты. Балалардың бойына +-жымды дұрыс қарым-қатынас жасай білуді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары
Мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру үлгісі
Мектептегі оқу тәрбие үрдісінде оқушыларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу
Бастауыш білім беру сатысында қазақ халық дәстүрлерін тәрбие құралы ретінде пайдаланудың педагогикалық шарттары
Дидактика-педагогикалық ғылымдар жүйесінде
Балалардың эстетикалық тәрбиесінің маңызы және дамуы
Оқу процесіндегі экологиялық тәрбие
Бастауыш мектепте тұлға - аралық қатынасты қалыптастыру тәжірибелері
Пәндер