Сыбайлас катысып жасалған кылмыстық кұкык бұзушылык үшін жаза тағайындау


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ЗАҢ ПӘНДЕРІНІҢ КАФЕДРАСЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пән: ҚР қылмыстық құқығы (ерекше бөлім)

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығындағы сыбайлас қатысудың ұғымы

Орындаған: Аман Ұлбала ЮҚ 19-01

Тексерген: Мусынова Гаухар Еслямбековна

Нұр - Сұлтан, 2021

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .

1 Қылмысқа сыбайлас қатысу туралы түсінік және оның белгілері . . .

1. 1 Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу ұғымы . . .

1. 2 Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлері . . .

2 Қылмыстык күқык бұзушылыкка сыбайлас катысушылардың жауаптылыгы . . .

2. 1 Қылмыстық құкык бұзушылыкка сыбайлас қатысушыныц шектен шығуы.

2. 2 Сыбайлас катысып жасалған кылмыстық кұкык бұзушылык үшін жаза тағайындау . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .

КІРІСПЕ

Жеке бір адамның қылмыстық əрекетімен салыстырғанда, қылмыстық əрекеттерді біріге отырып жасау криминалды жүріс-тұрыстың ең қауіпті нысаны болып табылатыны бəріне мəлім. Жүзеге асырылуы қиын, яғни, аса ауыр немесе ауыр санаттағы қылмыстар қатарына жататын ауыр қылмыстарды іске асыру үшін сыбайлас қатысушылардың күштерін біріктіруге итермелейді, оларға қылмыстық мақсатқа жету үшін кедергілерді жеңіл айналып өтуге жəне криминалды əрекеттің ізін мықты жасыруға мүмкіндік береді.

Сыбайлас қатысу институты қылмыстық заңнама институтының жəне нормалар жүйесінің ажырамас, органикалық бөлігі болып табылады, сондықтан оның мақсаттары жəне міндеттері жалпы қылмыстық заңнаманың мақсаттары мен міндеттеріне сəйкес анықталады. Бірақ оның өзіне сəйкес міндеті бар, ол келесі сипатқа ие: біріншіден, оның заңда бекітілуі тікелей қылмыстық құқық бұзушылық жасамаған, бірақ белгілі бір дəрежеде оның жүзеге асырылуына себептес болған адамдардың жауаптылығын заңмен негіздеуге мүмкіндік береді; екіншіден, сыбайлас қатысушылардың əрекетін саралаудың ережесін анықтауға мүмкіндік береді; үшіншіден, заңмен бекітілген сыбайлас қатысушылардың нысаналары, сыбайлас қатысушылардың жауаптылығын жіктеу үшін маңызды құрал болып табылады; төртіншіден, олармен өңдірілген өлшемдер сыбайлас қатысушылардың жауаптылығын жəне жазасын жеке дараландыруға мүмкіндік береді.

1997 жылғы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бірнеше адамдардың біріге күш салу арқылы жасалатын қылмыстардың қоғамға аса қауіптілігін ескере отырып, жалпы қабылдады жəне кеңес қылмыстық құқық ғылымымен құрастырылған сыбайлас қатысу теориясының доктриалды қағидаларын дамытты. Сыбайлас қатысудың реттемелеу түсінігі, сыбайлас қатысу нысаны, сыбайлас қатысушылардың түрлері, олардың жауаптылығының негізі жəне шекарасы, сыбайлас қатысушының бұзақылығы, сыбайлас қатысу арқылы жасалған қылмыс үшін жазаны тағайындау түрі атты нормалары бекітілді.

Бірақ сыбайлас қатысуды саралау барысында пайда болатын мəселелер, топпен жасалатын қылмыстар санының өсуі жəне бірінші кезекте ұйымдасқан қылмыстардың трансұлттық деңгейге шығуы, сыбайлас қатысушылардың жауаптылығын бекітетін нормаларды жетілдіру қажеттілігін өзектендірді.

1 Қылмысқа сыбайлас қатысу туралы түсінік және оның белгілері

1. 1 Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу ұғымы

Екі немесе одан да көп адамның қасақана қылмыстық қуқық бүзушылық жасауга қасақана бірлесе қатысуы қылмыстық қуқық бузушылыққа сыбайлас қатысу деп танылады. Қылмыстык кұқық бұзушылық - бір адам аркылы немесе бірнеше адамның бірле- суі аркылы істелуі мүмкін. Бірнеше адамнын кылмыстык кұкык бұзушылық істеуінін нәтижесінде істелген қылмыстың мэні, одан туындайтын зиянның мөлшері де жеке дара адам істеген қылмыстық құқық бұзушылыкка қарағанда едэуір өзгереді және мұндайда кылмыстық кұқық бұзушылық істегені үшін жауапты болатын адамдардың санын тура анықтау қажеттілігі туындайды. Сондай-ақ бұл адамдардың жауаптылығының негізі мен шегін, олардың әрқайсысының бірлесіп қылмыстық құқық бұзушылық істеудегі кінэсінің мэні мен дәрежесіне карай салыстыру, әрбір қылмыскердің жеке тұлғасының ерекшеліктерін анықтаудың маңызы зор. Қылмыстык кұқық бұзушылыққа қатысу институты гана осы мәселелерді анықтауга толық мүмкіндік тугызады. Жаңа қылмыстық заңда қылмыстық құкык бұзушылыққа бірлесіп сыбайластықпен қатысудың 107 ұғымы, оған катысушылардың (орындаушылар, ұйымдастырушылар, айдап салушылар мен көмектесушілер) жекелеген іс-эрекетін сипаттайтын белгілер және оларға жаза тағайындаудың негізгі қагидалары, сондай-ақ қылмыска қатысу нысандарының аныктамасы берілген (ҚК-нің 27, 28, 29, 31-баптары) . Қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысу қылмыстық құқық бойынша қылмыс істеудің ерекше нысаны ретінде қарастырылады, өйткені жеке-дара қылмыстык құкық бұзушылықты жасауга қарағанда, кылмыстық құкықбұзушылыкты осы нысанда істеудің қауіптілік дэрежесі жэне келтіретін залалы да зор. Бірнеше адамның күш біріктіріп бір немесе бірнеше кылмыстык құқық бұзушылықты істеуі олардың - қатысушылардың өзара бірін-бірі қолдауы, қылмыстық құқық бұзушылықты істеуді жеңілдетіп қана қоймайды, сонымен бірге қылмыстық заң қорғайтын қогамдық қатынастарға үлкен қауіп келтіреді немесе соны келтіру қаупін туғызады. Қылмыстық кұкык бұзушылық істеу- ді осылай жүзеге асыру қылмысты іс-әрекеттің өзін жоюға, кайсыбір жағдайларда бір адамның қолынан келмейтін кылмыстық құқық бұзушылықты істеуді дайындауға немесе жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Көптеген ауыр қылмыстык құқық бұзушылықтарды, атап айтқанда, бөтен біреудің мүлкін өте көп мөлшерде талан-таражға салу, валюталық операциялар жөніндегі ереже- лерді бұзу, паракорлық, әйел зорлау, кісі өлтіру сияқты қылмыстык құкық бұзушылық бірлесіп істеу арқылы жүзеге асырылады. Қазакстан Республикасында қылмыстык құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысудың ұғымы Қазақстан Республикасының 2014 жылы қабылданған Қылмыстық кодексінің 27-бабында «Екі немесе одан да көп адамның касақана кылмыстық құкық бұзушылық жасауға қасакана бірлесе қатысуы қылмыстық кұқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу деп танылады», - делінген. Қылмыстық құқык бұзушылық істеудің ерекше нысаны болып табылатын кылмыстық кұқык бұзушылыкка қатысудың өзіндік объективтік жэне субъективтік белгілері бар. Қылмыстық кұкық бұзушылыққа қатысудың объективтік жағының бір белгісі бір қылмыстық кұқық бұзушылыкка екі немесе одан да көп адамдардың сыбайластықпен қатысуы болып табылады. Бұл жерде қатысушылардың бәрінің есі дұрыс, қылмыстық заң бойынша жауап беретін жасқа толған болуы кажет. Есі дұрыс емес адамды немесе қылмыстык жауап беру жасына толмаган жасөспірімдерді қылмыс істеуге пайдалану қылмыс жасаудың құралдары болып саналады, сол себептен ол қылмысқа сыбайластықпен катысу болып саналмайды. Ондай адамдарды қылмыс істеуге пайдаланғандардың өздері қылмыстык кұқық бұзушылықты тікелей орындаушы ретінде жауап береді. Ал кәмелетке толмаган адамды қылмыстық құқык бұзушылыққа тарту Кодекстегі 132-бап бойынша жеке қылмыс құрамы болып есептеледі. Қылмыстық құқықбұзушылык істеуге сыбайластықпен қатысуда екі немесе одан да көп адам қылмысты бірлесіп істейді. Объективтік жағынан алғанда қылмыстық құқық бұзушылык істеуге сыбайластықпен бірлесіп қатысу дегеніміз оны істеуге бірге қатысқан әрбір қатысушылардың әрекеті белгілі бір кылмысты, іс-әрекетті істеуге және соның орындалуын жүзеге асыруға бағытталуы. Өзінің мәні жөнінен жекелеген адамдардың қылмысқа қатысуы әр түрлі болуы мүмкін. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптарда көрсетілген қылмыстарды тікелей орындаушымен бірге, сыбайластықпен қатысушылар санына қылмыс істеуге бі- реуді көндірген (айдап салушы), қылмыс істеуді үйымдастырган немесе оған басшылық етуші (үйымдастырушы) немесе қылмыс жасауга жағдай тугызган (көмектесуші) адамдар да кіруі мүмкін. Қылмысты ұйымдастырушылардың; айдап салушылардың; комектесушілердің әр түрдегі және әр түрлі дәрежедегі сыбайластықпен қылмыстың істелуіне мүмкіндік туғызумен бірге уақыты жағынан істелген қылмысты орындаушының әрекетінің алдын алуы немесе сонымен тұспа-тұс келуі және олардың барлығының осы қылмысты әрекетті істеумен себепті байланысты болуы шарт. Әрбір қатысушының әрекеттерінің өзара себепті байланысы мен шарттарының болуы істелген кылмыстық катысушыларының сыбайластықпен бірлескен қылмыстық кұкық бұзушылыкты іс- әрекеттерінің салдары екендігін дэлелдейді, барлык қатысушылардың бірдей жагдайда жауаптылыкқа 108 тартылуының алгы шарты екендігін көрсетеді. Қылмыстык құкык бұзушылыққа қатысуда іс-әрекет пен қылмыстық құқық бұзушылықтың зардабының озара байланысының жеке адамның істеген қылмыстық қүқык бұзушылыгына қараганда өз ерекшелігі бар. Қылмыстық кұқық бұзушылыққа қатысуда қылмыстық кұқық бұзушылыктың зардабы мен орындаушылардың немесе бірге орындаушылардың іс-әрекеттері ғана байланысты болады. Айдап салушы, көмектесуші, кейде ұйымдастырушы тікелей зиян келтірмейді. Олар тек қана кылмыстық кұқық бұзушылықтың зардабының тууына себепші болады. Мұндай себепші болу қылмыстық құқық бұзушылықты тікелей орындаушыға оның қылмыс істеуге деген шешімін қоздыру арқылы жүзеге асырылады. Субъективтік жагынан алганда қылмыска қатысу барлык қатысушылардың кылмысты қасақана істегенін білдіреді. Бұл жерде екі немесе одан да көп адамдардың касақана қылмыс жасауга қасақана қатысуы ұиымдастырушының, азғырушының, көмектесушінің, орындаушының істеи- тін қылмысының мәнісінен хабардар болатындыгы және олардың өз іс-әрекеттерімен орындаушыга қылмыс істеуге мүмкіндік туғызатыны немесе соған түрткі болатыны туралы сөз болып отыр. Қылмыстык кұқык бұзушылыққа сыбайластықпен қатысу тек касакана істелетін қылмыстык құқық бұзушылықтағы гана болады. Абайсыздықпен істелетін қылмыстык құқык бұзушылықтағы қылмысқа қатысушылық болмайды. Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайластықпен қатысуда барлық қатысушылар іс- әрекетті касакана, оның ішінде тек қана тікелей қасақаналықпен жасайды. Бұл жерде бұл қылмыстық құкық бұзушылықты істеуді тілеу бірнеше адамдарды қылмыстык құқық бұзушылық іс-әрекетке біріктіреді. Кейбір жагдайларда қылмыстық құқық бұзушылыққа катысу нақтыланбаган тікелей қасақаналықпен де болуы мүмкін. Л., Н. деген азаматтар төбелеске бірге қатысып, қарсыластарының біріне екеуі де пышақ салган. Нәтижесінде бір адам ауыр жарақаттанган. Бұлардың әрекетін аудандык сот нақтыланбаған тікелей касақаналықпен істелген қылмысты әрекет деп бағалап, оларды Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3- бөлігі бойынша саралаған. Себебі олар пышақ жұмсаудан кез келген ауыр зардаптың немесе кісі өлімінін болуы мүмкіндігіне саналы түрде жол берген.

Қылмыстық құқық бұзушылықты ұйымдастырушы, кылмыстык кұкық бұзушылыкка көмектесуші немесе айдагі салушы қылмыстық құқық бұзушылықты орындаушының істейтін қылмыстық құкық бұзушылығының мәнін, ниетін, және өздерінің орындаушының қылмыстық құқық бұзушылықты істеуіне жағдай туғызатынын сезінуі кажет. Ал кылмыстық құқық бұзушылықты орындаушы қылмыстык құқық бұзушылыққа басқа сыбайластықпен катысушылардың өзіне қылмыстық құқык бұзушылыкқа дайындалғанына немесе жасауына жәрдем жасағанынан әр уақытта да хабардар болады. Оның үстіне, қылмыстық құқық бұзушылыкты орындаушылардың арасында бірлесіп қылмыстық құқық бұзушылық жасауға деген өзара келісім болады, мұның өзі барлық қылмыстық құқық бұзушылықка қатысушылардың өз әрекеттерінің келісушілікпен жүзеге асырылатындығын және мұның қылмысты іс-әрекеттің тиімді түрде жүзеге асырылатындығын көрсетеді. Қылмыстық құқық бұзушылык катысу - барлық қатысушылардың бірыңғай қылмыстық құқық бұзушылықты нәтижеге жетуі үшін бағытталған, ортақ қылмыстық құқық бұзушылық ниетінің болуын білдіреді. Қатысушылардың мінез-құлқының, ниеті мен мақсатының бір-біріне сай келуі де, келмеуі де мүмкін. Мысалы: кісі өлтіруге қатысушылардың біреуі кызғаныштан, екіншісі кек алушылықпен, ал басқа біреуі пайдакүнемдік ниетпен әрекет жасауы мүмкін. Қылмыстық құқық бұзушылық қатысудағы басты шарт - барлық сыбайластықпен қатысушылар қылмыстык құқық бұзушылықты орындаушының істейтін қылмысының мәнін сезе отырып, әр түрлі ниетпен соның болуын тілеп, қылмыстык кұкык бұзушылықты жүзеге асыру үшін өздерінің кылмыстық кұқық бұзушылық әрекеттерін біріктіреді.

1. 2 Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлері

1Ұйымдастырушы, айдап салушы және көмектесуші орындаушымен бірге қылмыстық қуқық бузушылыққа сыбайлас қатысушылар деп танылады. 2. Қылмыстық қуқық бузушылықты тікелей жасаган не оны жасауга басқа адамдармен (бірге орындаушылармен) бірлесіп тікелей қатысқан адам, сондай-ақ жасына, есінің дұрыс еместігіне немесе осы Кодексте көзделген басқа да мән-жайларға байланысты қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын басқа адамдарды пайдалану арқылы, сол сияқты іс-әрекетті абайсызда жасаған адамдарды пайдалану арқылы қылмыстық қуқық бузушылық жасаган адам орындаушы деп танылады. 3. Қылмыстық қуқық бузушылық жасауды ұйымдастырган немесе оның орындалуына басшылық еткен адам, сол сияқты қылмыстық топты қурган не оган басшылық еткен адам уйымдастырушы деп танылады. 4. Басқа адамды азғыру, параға сатып алу, қорқыту жолымен немесе басқа да тәсілмен қылмыстық құқық бузушылық жасауға көндірген адам айдап салушы деп танылады. 5. Кеңестерімен, нусқауларымен, ақпарат, осы іс-әрекетті жасайтын қару немесе құралдар беруімен не оны жасауға кедергілерді жоюымен қылмыстық қуқық бузушылықтың жасалуына жәрдемдескен адам, сондай-ақ орындаушыны, қылмыстық құқық бузушылық жасау қаруын немесе өзге де қуралдарын, осы іс-әрекеттің ізін не қуқыққа қарсы жолмен қол жеткізілген заттарды жасыруга күні бұрын уәде берген адам, сол сияқты осындай заттарды иемденуге немесе өткізуге күні бурын уәде берген адам көмектесуші деп танылады. Қылмыстық құкықта қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайластықпен қатысушылар орындаушылар, ұйымдастырушылар, айдап салушылар жэне көмектесушілер деп бөлінеді. Оларды бұлай бөлуге қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайластықпе қатысудағы агқаратын іс-әрекетінің мәнісі мен дәрежесі негіз бола алады. Қылмыстық құкық бұзушылыққа сыбайластықпен қатысушыларды осылай бөлудің олардың жауаптылыгын негіздеу, іс-әрекеттерін дұрыс саралау жэне жаза тагайындағанда әрқайсысының ерекшеліктерін еске алу үшін маңызы өте зор.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқық бұзушылыққа тағайындалатын жаза түрлері
Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысу ұғымы
Қылмысқа қатысу түсінігі
Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы
Қылмыстық жауаптылық және жазаны жеңілдететін мән-жайлар
Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлері
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 2013 жылдың 10 қаңтардағы жобаның жай-күйі
Еңбек құқығы саласындағы тәртіптік жауапкершілік
Әділет органдарының актілері
Экономикалық қылмыстың жалпы түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz