Шаңғы спортының шығу тарихы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
МҰРЫН ЖЫРАУ СЕҢГІРБЕКҰЛЫ АТЫНДАҒЫ МАҢҒЫСТАУ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ МКҚҚ
Мамандығы: 5В010800- Дене шынықтыру және спорт
Пәні: Коньки және оқыту әдістемесі
Тақырыбы: Орта сынып оқушыларына шаңғы
тебуді үйрету әдістері
Дайындаған: Байдуллаева Н.Б.
Группа: СДТА-18-1
Қабылдаған: Кенжеғалиев Н.С.
Ақтау қаласы, 2021 жыл
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. ШАҢҒЫ СПОРТЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ
1.1. Шаңғы туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Шаңғы спортының шығу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.3 Жалпы жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.4 Негізгі жағдай ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.5 Сырғанау адымның фазалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
ІІ. МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ШАҢҒЫ ТЕБУ ӘДІСТЕРІ МЕН ТЕХНИКАЛАРЫН ҮЙРЕТУ
2.1 Дeнe қacиeттepi, aнықтaмacы, түpлepi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.2 Орта сынып оқушыларына шаңғы тебуді үйрету әдістері ... ... ... ... ... ... .17
2.3 Шаңғы тебу қозғалыс әрекетінің техникасын үйретуде қолданылатын ойын әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.4 Мектептегі шаңғы тебу қозғалыс әрекетінің техникасын үйретуде қолданылатын ойын әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
2.5 Шаңғы тебуді үйренудің қарапайым тәсілі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .27
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
КІРІСПЕ
Мектеп жасындағы балаларды сауықтыру және үйлесімді дамыту мақсатында дене тәрбиесінің аса маңызды құралдардың бірі - шаңғы дайындығы. Айтылған кұрал өсіп келе жатқан ағза үшін маңызды сауықтыру мәнге ие. Бұл біріншіден, дене жаттығуларының арқасында қоршаған ортаның жағымсыз факторлары мен жұқпалы ауруларға ағзаның қарсылығы артатындығымен түсіндіріледі. Басқа сөзбен айтқанда, денесі мықты және шыныққан адам сирек ауырады. Екіншіден, өсу мен даму процесі ынталандырылады, жылуды реттеу реакциясы жетілдіріледі, яғни салқыннан болатын сырқаттануға қарсылық артады. Үшіншіден, ақыл-ой және дене қабілеттерінің артуына себепкер болатын шыдамдылық, күш, жылдамдық пен икемділік секілді қасиеттер дамиды. Шаңғымен қозғалу кезінде ағзаға оң әсерін тигізетін қолдың, аяқтың және кеуденің барлық негізгі бұлшық еттері жұмыс істеуге қатысады. Шаңғымен жүру және жүгіру оқушының жүрек-қантамырына, тыныс алуына және жүйке жүйесіне пайдалы әсер етеді. Ақырында, дене жаттығуларымен айналысу жағымды эмоционалды жағдайды туғызады, сергектік пен сенімділік қолдайды, балалардың шыдамдылығын, икемділігін, ептілігін дамытады.
Шаңғы спорты - қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Балалардың жан - жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз. Біздің елімізде кәсіподақтардың бірыңғай ерікті дене шыңықтыру- спорт қоғамдары құрылған. Оның негізгі міндеттерінің бірі балалар мен жеткіншектердің арасында дене шынықтыру - сауықтыру және спорт жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады, өйткені дене тәрбиесінің негізі балалық және жеткіншектік жаста қаланады. Тек қана осы кезеңде дене жаттығуларымен айналысу кажеттілігі қалыптасады, дағдылар мен іскерліктер жинақталады, спортқа қызығушылық калыптасады.
Шаңғы спортымен шұғылдану кезінде жас, жыныс, ағзаның жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерінің есепке алынуы керектігі есте болғаны жөн. Басты талаптардың бірі - дене тәрбиесімен спортпен айналысу тәртібін сақтау, яғни олардың жүйелілігін, жүктемелердің біртіндеп арттырылуын, сабақ өтілетіндей жағымды жағдайларды әр түрлі құралдар мен формаларды кешенді түрде пайдалану.
Көптеген дене шынықтыру мұғалімдері шаңғы дайындығын ұйымдастырумен байланысты әр түрлі мәселелерге кездеседі, олар: спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, шаңғыларды сақтау орнымен, сабақ тартымды, дәстүрлі емес және тиімді өтуі үшін қайда, қай алаңқайда, қалай ұйымдастыруға болады? Міне, сондықтан классикалық шаңғымен жүрудің техникасын оқыту әдістері төңірегіндегі зерттеулер аса өзекті болып табылады.
І. ШАҢҒЫ СПОРТЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ
1.1. Шаңғы туралы түсінік
Шаңғы спорты, дене тәрбиесі жүйесіндегі қысқы спорт түрлері негізгілерінің бірі. Бұл спорт түрлерінің қатарына шаңғымен жарысу, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы және тау шаңғысы, биатлон түрлері енеді. Бұлардың барлығы да қысқы Азия ойындардың, қысқы Олимпиялық ойындардың бағдарламаларында бар. Шаңғы спортынан жаттығулар мен жарыстар ашық аспан астында, таза ауада өтетін болғандықтан адамның денсаулығына өте пайдалы. Ол адамның бойындағы шыдамдылық, күш шапшаңдық, батылдық, ептілік, табандылық, айналаңды бақылау сияқты аса керек қасиеттерді өкпенің сыйымдылығын жан-жақты дамытады. Ш. Спортымен айналысу кезінде адамның барлық дене мүшелері жұмыс істейді. Сондықтан ол жан-жақты жетілуге, дамуға, шынығуға негіз салады.
Шаңғы спортынан алғашқы ресми жарыс 1767 жылы Норвегияда өтті. Соған қарамастан шаңғы спорты XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында қашан Ш. Спорты клубтары құрылып біткенше қалыптасу кезеңінен өтті деуге болады. 1924 жылы құрамына 24 мемлекеттердің өкілдері енген халықаралық шаңғы бірлестігі құрылды. Осы жылы ол алғаш рет ұйымдастырылған қысқы Олимпиялық ойындардың бағдарламасына енді (әрине барлық түрлері бірден емес) жене ерлер арасында Ә.ч-ты өтті. Әйелдер арасында Ә. Ч-ты 1924 жылдан бастап өткізіле бастады.
В) дәліздің нөмірлері жазылған жол сілтегіштер болады (бұл нөмірлер команда қатысушыларының нөмірлеріне сәйкес келуі тиіс. Жарысқа қатысушы сәйкес нөмірлердің сол жағындағы шаңғы жолына түседі; Кезеңде сөреден шығатын жарысқа қатысушылар сөре сызығында тұрады. Қатысушылар ортаңғы жолмен N2 - оң жақтағы, N3 - одан сол жақтағы және осындай ретпен қалған қатысушылар сөреден шығады (жұп нөмірлер оң жақтан Ортаңғы сызықтың сол жағынан).
Шаңғы спорты алғаш рет неолит дәуірінде солтүстікті мекен еткен тайпалар арасында пайда болды. Шаңғы тепкен адам өзін шапшаңдық пен төзімділікке шыңдап қана қоймай, сонымен қатар жақсы тынығады. Бұл спорт түрі жасқа қарамайды, онымен жас та, кәрі де айналысады. Шаңғы тебуді үйрену арнайы ережелерді талап етпейді. Жаттығуларды қарапайым жай жүрістен бастаған дұрыс. Егер сіз шаңғы тебуді үйренем десеңіз, келесі бірнеше кеңеске құлақ түріңіз.
Шаңғы тебуді үйренудің қарапайым тәсілі - екі аяқпен адымдап, алға қарай сырғанау. Осы әдіс екі аяққа салмақты алма-кезек түсіруге негізделген. Адам сол аяқпен адымдағанда таяқ ұстаған қолды алға, ал оң аяқпен адымдағанда сол қолды алға қарай сермейді. Осылайша, алма-кезек адымдау кезінде таяқ жерді бір рет қана тірейді. Бұл әдіс шаңғы ізімен жүргенде де, қар енді қана түскенде де қолданылады. Шаңғы ізімен немесе өрден төмен сырғанағанда, екі аяқты қатар қойып, таяқпен қос қолдап, серпе сырғанаған тиімді. Осындай әдісте екпін алу үшін бірнеше адым алға жасап, қос қолдап таяқпен серпу керек. Шаңғы тебудің қарапайым әдістерін меңгеріп алғаннан кейін, оның күрделі түрлерін серуенге шыққан сайын жетілдіруге болады. Егер сіз шаңғыға алғаш рет тұрсаңыз, сіздің серуендеріңіз 3 шақырымнан аспауы тиіс. Әдетте шаңғы тебуді кәсіпке айналдырған адам үшін 10 шақырым түк емес.
Бұл спорт түрімен айналысқанда киетін киім-кешекке де көңіл бөлген дұрыс. Ең бастысы киетін киіміңіз жеңіл әрі жылы болуы тиіс. Тізеден төмен түймеленетін қысқа шалбар мен жүннен тоқылған жылы шұлық кисеңіз артық болмайды. Шаңғышының іш киімі де жүн матасынан тігіледі. Шаңғы тебудегі ең басты атрибутика ретінде аяқ киімді айтсақ, қателеспейтін шығармыз. Шаңғы тебудегі ең ыңғайлы әрі жылы аяқ киім - табаны қатты, былғарыдан тігілген етік. Әдетте, аяқ-киімнің өлшемі күнделікті киіп жүрген етіктен кең болады. Сондықтан, аяқ-киім таңдауда арнайы кеңесшілердің сөздеріне құлақ түрген жөн деп санаймыз. Қолыңызға бес саусақты биялай емес, былғары қолғап киген дұрыс.
Қандай зат болмасын уақыт өте келе тозатын бір қасиеті бар. Шаңғыны дұрыс пайдаланып, табанына арнайы май жақсаңыз, бұл спорттық бұйымның ескіруін мейлінше баяулата аласыз. Ауа райына байланысты жағылатын майдың бірнеше түрі болады. Егер ауа райы құбылмалы болып, жерде көбік қар жатса, сарғыш түсті май пайдалану керек. Шаңғыны майлаған кезде бірнеше ереже есте сақтаған дұрыс. Біріншіден, шаңғы табаны құрғақ әрі таза болуы тиіс; майды шаңғының табанына біркелкі етіп жағу керек. Шаңғымен айналысатын адамның шаңғы баптайтын өз құралдары болған дұрыс.
1.2 Шаңғы спортының шығу тарихы
Тарихи деректерді сараптасақ, адамзат қоғамы пайда болып, алғашқы өмір сүру кезеңінен-ақ дене тәрбиесіне көңіл бөлініп, сол еңбек пен тұрмыстық өмірдің шарты ретінде дамыды. Алғашында дене тәрбиесі арнайы ұйымдастырыған ойындар мен ойындық-қимыл қозғалыстар түрінде көрініс берді. Бұл кезеңдегі ойындар мен денені шынықтыру жаттығулары қарапайым түрде болғанымен, олардың тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелік маңызы зор болды.
Бүкіл әлемде спорттық шаңғы тебу түрі қысқы спорт түрінде белгілі болды. Оның табиғатпен байланысы және адамға деген пайдалылығымен үлесі зор. Шаңғы спорты адам денесін қалыптастыруға үлесі зор. Адам тұлғасының мәдениеті - бұл оның маңызды, материалдық және рухани құндылықтарды құру мен тұтынудағы шығармашылық қызметінде қолданатын әдісінің жоғарғы даму деңгейі. Адамның негізгі күш-қуаты тек оның қызметінде, ең алдымен еңбек нәтижесінде көрінеді. Тек қана, еңбек іс-әрекеті арқылы адам қоғамға өзгеріс енгізе алады және өзінің күші мен қабілетін іс жүзінде көрсете біледі. Мұндай іс-қимылды педагогикалық зерттеулерде мәдени әрекет деп түсіндіріледі. Дене мәдениеті қоғамдық кұбылыс ретiнде пайда болып, калыптасты және дамыды. Құрылу ерекшелiктерi мен қызмет ету жүйесi жайлы өзiнiң заңдылыктары бар ғылымның саласы болып табылады. Дене мәдениетінің мәнiн түсiну үшiн алдымен олардың мағыналы мазмұнын анықтап алу қажет. Бiрiншiден, дене мәдениеті -- адамның денсаулығын нығайтып, күш -- жiгерiн арттыруға, козғалыс белсендiлiгiн жетiлдiру мақсатында қоғамның жасайтын және пайдаланатын рухани, материалдық құндылықтарының жиынтығы.
Шаңғының алғашқы пайда болуы адамдарға қысқы уақытта тамақ немесе көшіп қонуға көмегі тигендіктен өз орнын тапты. Ең алғаш рет бірінші шаңғы Псков облысының шекарасында табылды, яғни осы соңғы табылған шаңғы ең көне болып есептеледі.Оған шамамен 4300 жыл болған.Оны А.М.Микляев, 1982 жылы тапқан.
Бірінші жазба құжаттарға сүйенсек шанғы 6-7ғ.ғ.з Готтық монах Жорданес 552 жылы, грек тарихшылары Иордан 7 ғ., Авел Диакон 770 жылы жазылған. 7 ғасырдың аяғында тарихшы Верефрид шаңғының толық анықтамасын жақды.
Норвегия ханы Олаф Тругвассон 925 жылғы жазбалар бойынша жақсы шаңғышы ретінде танылған.Бірінші шаңғы сөзі 12 ғасырда Русьқа жатады.Митрополит Никифор Киев князі Владимер Мономахқа жазған хатында шаңғы сөзін қолданған.Шаңғылар Петр 1-ші және Екатерина 2-шінің армиясында қолданылды.Біріншіден шаңғы тебуге Норвеждіктер көңіл бөлген.Шаңғы туралы бірінші журналға енгізген 1733 жылы Ганс Эмахузен болды. 1767 жылы шаңғы спортының бірінші жарысы өткізілді.
Әлемде бірінші рет шаңғы спортының көрме залы ашылды,ол яғни Тронхеймада 1862-1863 жылы өткізілді.Норвегияда ең алғаш рет шаңғы спортының қоғамы ашылды,содан соң Финляндияда спорттық клубы ашылды.Одан әрі қарай басқа да елдерде, яғни Европа,Азия және Америкада өз жалғасын тапты.
Норвегияда шаңғы атағына арнап Холменколлндік ойыны 1883 жылы,Финляндияда Лахтиндік ойындар 1922 жылы Швецияда көптік шаңғы жарысы Васалоппет 1922 жылы мейрамдары өткізілді.
19ғасырдың аяғында бүкіл елдерде өткізіле бастады.Шаңғы тебу түрлері әр елде әртүрлі болған.Норвегияда шаңғымен секіру өте жақсы дамыған,ал Японияда шаңғы тебу Австриялық жаттықтырушылардың әсерінен тау шаңғысы дамыды.
1910 жылы Ослода бүкіл әлемдік шаңғышылардың конгрессінде он мемлекет қатысты.19 ғасыр ортасында Ресейде ұйымдастырылған спорттық жарыстар өтілді.
1895 жылы 29 желтоқсанда Мәскеуде шаңғы тебушілердің ашылуы болды. Бұл күні біздің елімізде шаңғы тебу спорт күні болып жарияланды.
Шаңғы спорты - қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан - жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз. Біздің елімізде кәсіподақтардың бірыңғай ерікті дене шыңықтыру- спорт қоғамдары құрылған. Оның негізгі міндеттерінің бірі балалар мен жеткіншектердің арасында дене шынықтыру - сауықтыру және спорт жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады, өйткені дене тәрбиесінің негізі балалық және жеткіншектік жаста қаланады. Тек қана осы кезеңде дене жаттығуларымен айналысу кажеттілігі қалыптасады, дағдылар мен іскерліктер жинақталады, спортқа қызығушылық калыптасады.
Шаңғы спорты дене тәрбиесінің ең маңызды құралы болып табылады.
Айтылған кұрал өсіп келе жатқан ағза үшін маңызды сауықтыру мәнге ие. Бұл біріншіден, дене жаттығуларының арқасында қоршаған ортаның жағымсыз факторлары мен жұқпалы ауруларға ағзаның қарсылығы артатындығымен түсіндіріледі. Басқа сөзбен айтқанда, денесі мықты және шыныққан адам сирек ауырады. Екіншіден, өсу мен даму процесі ынталандырылады, жылуды реттеу реакциясы жетілдіріледі, яғни салқыннан болатын сырқаттануға қарсылық артады.
Үшіншіден, ақыл-ой және дене қабілеттерінің артуына себепкер болатын шыдамдылық, күш, жылдамдық пен икемділік секілді қасиеттер дамиды. Ақырында, дене жаттығуларымен айналысу жағымды эмоционалды жағдайды туғызады, сергектік пен сенімділік қолдайды.
Шаңғы спортымен шұғылдану кезінде жас, жыныс, ағзаның жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерінің есепке алынуы керектігі есте болғаны жөн. Басты талаптардың бірі - дене тәрбиесімен спортпен айналысу тәртібін сақтау, яғни олардың жүйелілігін, жүктемелердің біртіндеп арттырылуын, сабақ өтілетіндей жағымды жағдайларды әр түрлі құралдар мен формаларды кешенді түрде пайдалану. Қозғалыс дегеніміз - өмір деген қанатты сөз бар. Шындығында қозғалыс - ағзаның биологиялық қажеттілігі. Күнделікті өмірде адам ең әр түрлі қозғалыстарды жасайды, олардың жиынтық көлемі қозғалыс белсенділігі деп аталады. Жүру кезінде жасалатын адамның саны мен жұмыс көлемінен көрінетін әуліктік қозғалыс белсенділігі жас өскен сайын артатындығын зерттеулер көрсетіп отыр, әрі бұл көрсеткіштер ер балалар мен қыз балаларда бірдей болмайды. Яғни, 14-15 жастағы қыз балалардың тәуліктік адымының тәрбиесі және спортпен айналысудың нормасы мен режимі ғылыми тұрғыдан негізделген. 15-17 жастағы жасөспірімдердің тәуліктік қөзғалыс белсенділігі 25-30 мыңды құрауы мүмкін, ал 15-17 жастағы қыз балаларда жүру мен жүгіру еңбек пен спорттық қызмет барысында орындалатын өзге қозғалыстармен алмастырылуы мүмкін.
Қалыптасқан өмір салты, еңбек ету мен дене тәрбиесінің жүйесі балалар мен жеткіншектердің күнделікті қозғалыс белсенділігін өзгертуі, не төмендетуі, не оны арттыруы мүмкін. Кіші жастағы балаларда тәуліктік қозғалыс белсенділігі көп жағдайда тұқым қуалаушылық негізде қалыптасатын, биологиялық себептермен реттеледі. Үлкен жастағы балаларда әсіресе жеткіншектерде, ол әлеуметтік жағдайлардың әсерімен қоғамдық тәрбие беру барысында жекелей қалыптасады.
Қозғалыс белсенділігінің де өлшемі бар. Тәуліктік қозғалыс белсенділігінің сандық сипаттамасына ие бола отырып, оның ағзаға әсер етуі туралы алдын ала айтуға болады. Тәуліктік қозғалыс белсенділігінің ең төменгі қажетті және мүмкін болатын жоғары деңгейі гигиеналық норманың шектері болады; ол бұзылса сауықтыру тиімділігі болмайды және ағза жағдайында жағымсыз өзгерістер дамуы мүмкін. Қозғалыстың жетіспеуін гипокинезия атауы, ал бұл ретте туындайтын ағзадағы көп жақты ауытқушылықтар гипокинезия жағдайын білдіреді. Шектен тыс қозғалыс белсенділігін гиперкинезия атауы білдіреді. Сөйтіп, қозғалыс белсенділігі адам қызметінің таптырмайтын факторы бола отырып, тек оңтайлы көлемде және қолайлы күн режимінде ғана өсіп келе жатқан организмге сауықтыру әсерін тигізеді.
Дене тәрбиесі мен спорттың барлық құралдары мен түрлерін дұрыс пайдалану арқылы ғана оңтайлы қозғалыс белсенділігіне жетуге болады. Мектепке дейінгі мекемелердегі, мектептердегі және КМТ- дегі оқыту мен тәрбиелеу бағдарламаларымен қарастырылған дене дайындығының міндетті түрлері және үйде дербес шұғылдану әрбір оқушыға қолайлы.
Қозғалыс белсенділігіне жеткіншектерде тұракты қажеттілікті қалыптастыруда спорттың рөлі зор. Алайда, шама жетпейтіндей спорттық жүктемелер бала ағзасында жағымсыз өзгерістерді туындатуы мүмкін. Дәрігерлік дене шынықтыру диспансерлерінің көптеген мамандары жас спортшылар денсаулығын қорғайтындықтан мұндай құбылыстар сирек болса да кездесетіндігін білген жөн. Балалық жаста спорттың кез келген түрімен айналыса беруге болмайды. ҚР-сы Білім, денсаулық және спорт министрлігінің дене тәрбиесімен спорт комитеті, жеке спорт түрлері бойынша оқу- жаттығу топтарына балалар мен жеткіншектерді қабылдау үшін жас шектері бар.
Тәуліктік қозғалыс белсенділігінің ұсынылып отырған көлемі сергектің (ұйықтамаған уақыттың) барлық кезеңіне бірқалыпты бөлінуі керек; ағзаның тәуліктік ырғағына сәйкес қозғалыстың көп бөлігін 9-12 және 15-18 сағаттардың арасында орындау керек.
Шаңғының дамуының адамзат тарихында өзіндік орны бар. Шаңғы адамзат үшін спорт ретінде емес, қасат қардың бетінде қозғалып жүру үшін керектігімен дамыды. Кейін келе, жылдамдықпен жүру үшін шаңғының жаңартылған-дамыған түрлері дайындала бастады.
Табиғи жүріс - шаңғы тебудің негізгі қозғалысы.
Табиғи жүріспен жүргенде, айталық оң аяқ алдыға шықса сол қолмен таяну, сол аяқ алдыға шықса оң қолмен таяну арқылы шаңғымен жүру жалғасады. Жүгіру де осылай орындалады. Шаңғы тебу барысында трассаның бойында жота, еңіс, қия бет, т.б. кедергілі жерлермен өтуге тура келеді. Сондықтан жылдамдықты арттыру үшін өрлеу жерлерде таяқты алма-кезек пайдаланып, итеріліп отыру керек. Жазық жерде әдеттегідей табиғи жүріспен жүруге болады.
Оқу орнының арнаулы белгіленген шаңғы тебетін, яғни, сабақ өткізетін алаңы болады.
Шаңғыны бұрын салынған шаңғы ізімен жүргізіп сабақ өткізеді.
Шаңғы пайдалану мазмұнына қарай төрт түрге бөлінеді:
* оқу-үйрену шаңғысы;
* жарыс жолына шығатын жүгіру шаңғысы;
* тау шаңғысы;
* туристік шаңғы.
Пайдалану үшін щаңғы арнаулы бәтеңкеге бекітіледі. Жалпы шаңғы тебудің қалай қозғалатындығын, жер бедеріне байланысты қалай сырғанау керек екендігі жөнінде, әсіресе, еңіске түсу, өрге шығу, т.б. қозғалыстардың айла-тәсіліне тоқтамаймыз. Себебі, бұл материалды оқушылар мектеп қабырғасында жүргенде оқып кетті.
Біздің мақсатымыз мүмкіндік болғанша, емтихан тапсырғанда қаралатын және өткен курстарда оқылмай қалған материалдарды беріп отырмыз. Мәселен, шаңғыны әркім өз бойына қарай іріктеп алуы керек, шаңғыны күтіп ұстау, оны сабақтың басында және соңында қалай алып жүруді, қалай майлау керектігін білуі тиіс. Беттің үсігеніне қандай шара қолдану керектігі сияқты материалдар өткен курста оқытылып кетті. Енді бір ескеретін жағдай, бұл материалдың теориялық анықтамасы емтихан сұрақтарына кіреді.
Шаңғы киімі - жалпы шаңғы киімінің ең негізгі талабы жел өтпейтін киім болуы керек. Шаңғымен шұғылданған кезде жел соғады, спортшының өзінің жылдамдық қозғалысының үдеуі бар. Әсіресе, солтүстік өңірлерде ауа райының температурасы, желдің жылдамдығы ескерілгені жөн болады.
Балалардың шаңғы тебуді қалыптастыру үшін мынадай іс-әрекеттер атқарылады:
денсаулықты нығайту, қалыпты денені шынықтыруды дамыту;
өмірлік мәнді қозғалыс қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыру;
қозғалыс қабілеттерін дамыту және үйлестіру;
дене мәдениеті және спорт саласында қажетті білімдерді игеру;
денені шынықтыру жаттығуларымен өз бетінше шұғылдануға қажетті қабілеттерді үйрету, тәрбиелеу, денсаулықты нығайту, жұмыс қабілеттерін арттыру;
адамгершілік және ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу, психикалық үдерістер мен жеке тұлғаның қасиеттерін дамыту.
Шаңғы тебу бойынша бағдарламалық материалдарды оқушылар ойдағыдай меңгеруі үшін мынадай талаптарды орындайды:
* дене тәрбиесі сабақтарына міндетті түрде қатысу;
* өзінің денесінің даярлығын арттыру және спорттық шеберлігін жетілдіру;
* жыл ішінде бағдарламалық материалдың негізгі бөлімдері жөніндегі бақылау көрсеткіштерін орындау;
* мектепте спорттық-бұқаралық бағытта өткізілетін іс-шараларға және денені шынықтыру-сауықтыру жұмыстарына белсене қатысу;
* дене тәрбиесі пәнінің мұғалімінің нұсқау-кеңестерін пайдалана отырып, дене жаттығуларын өз бетінше жасау;
* дене тәрбиесі пәніне қосымша бағдарламаның теориялық бөлімінің талаптарын білу және тәжірибе жүзінде қолдану;
* әрбір оқу жылында бітіретін сыныптарда дене мәдениеті бойынша білімін анықтау үшін сынақ тапсыру;
* әрбір оқушының жеке спорт киімінің болуы.
Балалардың дене мәдениеті бойынша білімі мен тәрбиесіне, олардың дене мәдениетін қалыптастыруға біршама ғылыми зерттеулер арналған. Алайда, аталған жұмыстарда жалпы орта білім беру мектептері оқушыларының дене мәдениетін қалыптастыру, олардың тұлғалық дамуын ескерумен байланысты ерекшеліктер жеткілікті ашылмаған. Сонымен қатар, мемлекеттің одан әрі дамуы, жақын болашақта дене тәрбиесі және спорт саласында кәсіби іс-әрекетпен айналыса бастайтын оқушылар тұлғасының дене мәдениетінің қалыптасу деңгейіне тікелей байланысты болып отыр. Сондықтан, жалпы білім беру жүйесінде еліміздің жалпы орта мектептерінде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру міндеті қойылады және білім беруде дене тәрбиесіне, оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру жүйесі мен дене мәдениеті және спортты дамытуға орай білім беру саласын реформалаудың маңызды бағыттарының біріне айналады. Осыған байланысты, жалпы орта мектептерде оқушыларға дене тәрбиесін оқытудың мақсаты, оларда дене мәдениетін қалыптастыру, заманауи технологиялар негізінде оқытып, үйрету мен білім беруді басқаруда пайдалану туралы білімді меңгеру, қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру және оны жетілдіру мен еңбек етуге, отанды қорғауға дайындау болып табылады.
1.3 Жалпы жағдайы
Шаңғышы-жарысушының көптүрлі қимыл-қозғалысын жақсы түсіну үшін тұтас қимылдарды белгілі бір бөлімдерге бөліп қарастырған жөн. Шаңғы жүрісінің шаңғышылармен жиі қолданылатын негізгі тәсілдерінің бірі - жеке сырғанау адымдардан тұратын ауыспалы екі адымды жүріс. Қимыл фазалары деп шартты түрде аталған сырғанау адымының бөлімдері өзара жеке дене мүшелері қимылының сипаты жағынан емес, өзара байланысқан топтар жағынан бөлінеді.
1.4 Негізгі жағдай
Шаңғы жүрісінің көп түрлілігіне қарамастан, олардың жалпы негізгі элементтері бар.
Отыру. Дененің және оның жеке бөлшектерінің оптималды жағдайы, олар қиылысқан жерде шаңғымен жүру үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Сырғу. Бір шаңғымен сырғу кезеңін (жүрістің қандай да тәсілі болса да) анализ қолайлылығы үшін үш бөлікке бөлуге болады: амортизациямен еркін сырғу (3.1 сурет, а), тік аятармен сырғу (3.1 сурет, б) және жартылай отырып сырғу, топпен (3.1 сурет, в).
Бір шаңғымен сырғанау кезінде екіншісін салмақ салмай алға жылжытады.
3.1 сурет - Сырғанау
Жүрудің ауыспалы тәсілінде, сондай-ақ бір шаңғыда бір жүрістен екінші жүріске ауысудың бірқатар ауысымында қолдардың белсенді жұмысы да қолданылады.
Аяқпен қозғалу. Шаңғышы аяқпен қозғалу арқылы дене салмағын бір аяқтан екінші аяққа ауыстырып отырады және түсетін жылдамдыққа ие болады. Мәселен, тек ауыспалы екі адымды жүрісте аяқтың ауыспалы қозғалысында жалпы жылдамдықтың 80 пайызын жетілдіруге болады. Аяқпен қозғалу - бұл ортан жіліктің ұршық басындағы аяқты тік қою және тізені бір уақытта бүгу және тік қою арқылы денені алға қарай жылжыту қимылы (3.2 сурет).
3.2 сурет - Аяқпен қозғау салу
Қимылдардың жалпы үйлесімі. Шаңғышының қимыл үйлесімінде маңызды фактор болып ритм саналады. Қатаң белгіленген уақыт және кеңістік сипаты бар қимылдардың заңды қайталануының бүзылу қажығандыққа әкеліп соқтырады. Жүріс бір қалыпты, жеке жағдайда артық кідіріссіз қимыл біркелкі болуы тиіс.
Жүрістің цикліндегі қимылдардың жалпы үйлесімділігінде біркелкіліктің маңызы зор: сол қолды оң аяқпен алға шығару, оң қолмен оң аяқты белсенді алға шығару арқылы қозғалысты бастау.
1.5 Сырғанау адымның фазалары
Сырғанау адымының әрбір фазасының өзінің жеке сипаттары бар - орындалу уақыты, жылдамдығы, сырғанау ұзынды және т.б.
Жалғыз сырғанау адымы екі кезеңге нақты бөлінген - шаңғының сырғанауы, мұнда шаңғышы бір шаңғымен сырғанайды және шаңғының қозғалыссыз тұруы, мұнда итерілістің алдында сырғанаудың соңынан сол шаңғымен кідіріс жасалады. Бұдан кейін екінші шаңғымен екінші сырғанау адым жасалады. Сөйтіп, шаңғышы оң және сол аяқтарын ауыстырып сырғанау адымдарын жасайды.
Ауыспалы адым жасағанда шаңғышы-жарысушы екі шаңғымен қатар жүрмейді.
Шаңғымен сырғанау кезеңі үш фазаға бөлінеді, ал итеріліс кезеңі екі фазаға бөлінеді.
І фаза - амортизациямен еркін сырғанау (2.1 сурет, а - в). Итерілістен кейін, мәселен, оң аяқпен итерілгеннен кейін шаңғышы сол аяқпен сырғанайды. Оң жақтағы шаңғы және екі таяқ ауада орналасады және қарға сүйенбейді. Еркін сырғанау жасалады. Бұл шаңғышының жылдамдықты ұлғайта алмайтын жалғыз фазасы. Фазаның шекаралары болып келесі сәттер табылады: басы - оң жақтағы шаңғының тіректен кетуі және соңы - оң жақтағы таяқтың қарға тірелуі.
ІІ фаза - тірек аяғын тік қою арқылы сырғанау (2.1 сурет, в - д). Бұл қимыл бұл фазада тік жүрген тірек аяқтың тізе буындары бүгілгенге дейін жалғасады. Бұл сәт ІІ фазаның соңы. Фазаның барысында шаңғышы жылдамдықты барынша төмендетпеуге ұмтыла отырып, таяқпен белсенді итеріледі. Таяқпен итерілу келесі екі фазада да жалғасады. Сондықтан ІІ фаза бұл маңызды қимылмен емес, жақсы ажыратылатын сипат - тірек аяғын тік қоюмен аталады.
ІІІ фаза - жартылай отырып сырғанау (2.1 сурет, д - е). Бұл сырғанаудың соңғы фазасы. Ол сирақты түсіру сәтінен басталып, шаңғының тоқтауымен аяқталады.
ІV фаза - жартылай отырып алға қарай ұмтылу (2.1 сурет, е - ж). Ол тізе буынында итерілетін аяқтың тік қойғанға дейін жалғасады. Бұл фазада тізе буынында жартылай отыру аяқталады. Ортан жіліктің ұршық басындағы белсенді жазуды үлкен жылдамдықпен нәтижелі итеріліс қамтамасз етеді.
V фаза - аяқты жазу арқылы итеріліс (2.1 сурет, ж - и). Бұл фаза жартылай отырыстың соңынан сол жақтағы шаңғының тіректен үзілуіне дейін жалғасады. Аяқпен алға ұмтылу фазаның соңында аяқталады. Сырғу адымы аяқталды, осы сәттен бастап келесі сырғу адымы басталады, ендігі жерде оң жақтағы шаңғыдан басталады.
Сырғу адымының кезеңдері
Фазалар
Фазалардың шекаралары
Сырғу
І - амортизациямен еркін сырғу
Қозғалыс тудыратын аяқтың қардан үзілуі
Таяқтарды қарға қою
ІІ - тік аяқтармен сырғу
Тік қоюдан кейін тірек аяқты тізеде бүгуді бастау
ІІІ - жартылай отырып сырғу (топпен)
Қозғалыс тудыратын аяқтағы бәтеңке өкшесінің шаңғыдан ажырауы
Итерілу
ІV - тізе буынында қимыл тудыратын аяқты бүге отырып алға ұмтылу
Тізе буынында қимыл тудыратын аяқты тік қою
V - қимыл тудыратын аяқты тік қоя отырып итерілу
Қимыл тудыратын шаңғының қаржын ажырауы
2.1 сурет - Ауыспалы екі адымды жүріс

2.1 Дeнe қacиeттepi, aнықтaмacы, түpлepi
Дeнe қacиeттepi, қoзғaлыc қacиeтi дeгeн тepминдep, ұғымдap apнaйы oқy кiтaптapындa бip мaғынaдa пaйдaлaнылaды. Oлap aдaмның қoзғaлыc мүмкiншiлiгiнiң әpeкeтi жaғын көpceтeдi. Дeнe қacиeттepi aдaм қoзғaлғaндa, дeнe қyaтын көpceткici кeлгeндe пaйдa бoлaды. Aдaм жaй тыныштық күйдe бoлғaндa oл қaншaлықты күштi, жылдaм нeмece төзiмдi eкeнiн бiз бiлмeймiз, кeңicтiктe көп yaқыт apaлығындa жылдaм қoзғaлca жылдaм eкeнiн, қapқынын aзaйтпaй ұзaқ жүгipe aлca төзiмдi eкeнi көpiнeдi. Яғни, дeнe қacиeттepi aдaм дeнeciндe бeлгiлi бip дeңгeйдe caқтaлып тұpaды. Oл қoзғaлғaн кeздe, дeнe қyaты дeңгeйiн көpceткici кeлгeн кeздe, oл aдaмның қaншaлықты күштi, жылдaм, төзiмдi eкeнiн бiлeмiз. Cпopтшы дeнe жaттығyлapын тұpaқты opындay apқылы дeнe қacиeттepi дeңгeйiн жoғapылaтa aлaды. Oл coл жoғapылaтқaн дeңгeйiндe aдaм дeнeciндe, caнacындa caқтaлып тұpaды. Әpинe, cпopтшы әpeкeт жacaп, oл дeнe қacиeттepiн тұpaқты дeңгeйдe ұcтaп oтыpмaca, oл қacиeттep төмeндeйдi, eгep тұpaқты, өмip бoйы жүйeлi жaттығyлap apқылы шұғылдaнып oтыpca, жaттығy тexникacы ceкiлдi дeнe қacиeттepi дe aдaм дeнeciндe, caнacындa caқтaлып тұpaды.
Aдaмның дeнeciндe, caнacындa бeлгiлi бip дeңгeйдe caқтaлып тұpып, oл қoзғaлғaндa, әpeкeт жacaғaндa пaйдa бoлaтын қacиeттepдi дeнe қacиeттepi дeймiз.
Oл қacиeттep мiндeттi түpдe aдaм coл дeнe қacиeттepiнiң дeңгeйiн көpceткici кeлiп әpeкeт жacaғaндa тoлық дeңгeйдe көpiнeдi. Мыcaлы, cпopтшы күш дeңгeйiн көpceткici кeлiп ayыp штaнгa көтepeдi, бeлтeмipдe көп тapтылaды, жылдaмдық дeңгeйiн көpceткici кeлiп 30 м-дi тeз жүгipeдi, төзiмдiлiк дeңгeйiн көpceткici кeлiп 3 шaқыpымғa жүгipiп, жaқcы yaқыт көpceтeдi т.c.c.
Ocы дeнe қacиeттepiнiң дeңгeйiн көтepy, дaмытy, тәpбиeлey apқылы ғaнa бiз дeнe тәpбиeci мeн cпopттa жaқcы нәтижeгe жeтeмiз. Мыcaлы, вoлeйбoл oйынындaғы мaңызды тexникa тәciлi шaбyыл coққыcын opындay, жoғapы көтepiлгeн дoпты coғy үшiн cпopтшының ceкipгeн кeздeгi қoлы тopдың үcтiнeн eң aз дeгeндe 20-30 cм жoғapы шығy кepeк. Oл үшiн мiндeттi түpдe aяқтың ceкipy, cepпiн жacay күшiн дaмытy кepeк бoлды. Coндықтaн дa бiз дeнe тәpбиeci мeн cпopт тәжipибeciндe қoзғaлыc тexникacын үйpeтyмeн қaтap дeнe қacиeттepiн дaмытyымыз қaжeт. Дeнe тәpбиeci мұғaлiмi, cпopт түpлepiнiң жaттықтыpyшылapы, cayықтыpy дeнe тәpбиeciмeн, қoлдaнбaлы дeнe тәpбиeciмeн aйнaлыcaтын мaмaндap, cпopт нұcқayшылapы дeнe қacиeттepiн дaмытy, тәpбиeлey aмaлдapын, әдicтepiн, әдicтeмeлepiн, әдicтeмeлepдi жac epeкшeлiктepiнe бaйлaныcтыpyды жaқcы бiлyi, ic-тәжipибeдe қoлдaнa бiлyi кepeк.
Бiз ocы үлкeн, мaңызды 7-тapayымыздa дeнe қacиeттepiн: күш, жылдaмдық, төзiмдiлiк, eптiлiк, икeмдiлiктi жeкe-жeкe қapacтыpып, oлapды дaмытyдың жac epeкшeлiктepi, aмaлдapы, әдicтepi, әдicтeмeлepi тypaлы cөз қoзғaмaқпыз.
Cыpтқы қapcылықты жeңy нeмece бұлшық eт көмeгi apқылы oғaн қapcылық көpceтyдi күш дeймiз. Күш үш түpлi бұлшық eт жұмыcы тәpтiбiндe пaйдa бoлaды:
1. Жeңy тәpтiбi. Бұл кeздe бұлшық eт жиыpылaды, қыcқapaды. Мыcaлы, бeлтeмipдe тapтылy.
2. Көнy тәpтiбi. Бұл кeздe бұлшық eт coзылaды, ұзapaды. Мыcaлы, бeлтeмipдeн төмeн түcy, caлбыpay.
3. Қoзғaлмaйтын (cтaтикaлық) тәpтiп. Бұл кeздe бұлшық eт ұзындығы өзгepмeйдi. Мыcaлы, бeлтeмipдe acылып тұpып, eкi aяқты кeyдeгe бұpыш жacaй көтepiп, бipнeшe oндaғaн ceкөнд ұcтaп тұpy.
Күштiң пaйдa бoлy түpлepi:
Жeкe күш мүмкiншiлiгi cтaтикaлық кeздe (дeнe қaлыбын ұcтay) жәнe aқыpын қoзғaлыc кeзiндe пaйдa бoлaды. Мыcaлы, eдeннeн жaй қapқындa итepiлy, acпa тeмipдe тapтылy, шaлқaдaн жaтып кeyдeнi көтepy жaттығyлapын жacaғaндaғы cпopтшының өз күш мүмкiншiлiгiн көpeмiз.
Күш жылдaмдығының мүмкiншiлiгi тeз, жылдaм қoзғaлыcтa пaйдa бoлaды (ceкipy, лaқтыpy т.б.). Бұл жaғдaйдa cпopтшы күшiнe жылдaмдық қocy apқылы, жaттығyды тeз opындay apқылы жoғapы нәтижeгe жeтeдi. Мыcaлы, жeңiл aтлeтикaдaғы диcк, ядpo, гpaнaтa, нaйзa лaқтыpy, жүгipiп кeлiп ұзындыққa ceкipy жaттығyлapы.
Aдaм дeнeci күштiң пaйдa бoлy үpдiciндe үлкeн мaңыз aтқapaды. Aдaмның қoзғaлыcтa өз дeнe caлмaғын eceптeмeй, бapлық мүмкiншiлiгiмeн көpceткeн күшi aбcoлюттi күш нeмece eң жoғapғы күш дeп aтaлaды.
Әp түpлi caлмaқтaғы aдaмның күшiн caлыcтыpy үшiн caлыcтыpмaлы күш дeгeн ұғым пaйдaлaнылaды. Бұл - 1кг aдaм caлмaғынa кeлeтiн күш мөлшepi. Cпopтшылapдың caлмaғы өcyiмeн бipгe aбcoлюттiк күшi дe көбeйeдi, aл caлыcтыpмaлы күшi aзaяды. Жaттығyшылap aбcoлюттiк нeмece caлыcтыpмaлы күштepдi cпopт түpлepiнe бaйлaныcты дaмытaды. Мыcaлы, жeкe caйыcтaғы cпopтшылapғa (ayыp caлмaқ дәpeжeciндeгiлep), лaқтыpyшылapғa (нaйзa, гpaнaтa) aбcoлюттiк күш қaжeт, aл гимнacттapғa, aкpoбaттapғa, пaлyaндapғa, жeңiл caлмaқ дәpeжeciндe штaнгa көтepeтiн cпopтшылapғa caлыcтыpмaлы күш кepeк, oл күш нeғұpлым көп бoлca, coғұpлым cпopтшылapдың дeнe дaйындығы жoғapы бoлмaқ.
Күштi дaмытy aмaлдapы мeн әдicтepi
Күштi дaмытy үшiн жoғapғы қapcылық жaттығyлapы қoлдaнылaды. Oлap eкi тoпқa бөлiнeдi:
1. Cыpтқы қapcылық жaттығyлapы. Cыpтқы қapcылықтapғa: әp түpлi cпopт құpaлдapының caлмaғы (штaнгa, гиpлep, бaтпaндap т.б.), cepiгiнiң қapcы әpeкeтi (жұптық жaттығyлap), cыpтқы opтaның қapcылығы (құмдa, қapдa, cyдa жүгipyлep т.б) жaтaды.
2. Өз caлмaғының ayыpлығын бacқapy жaттығyлapы ( бeлтeмipдe тapтылy, eдeннeн итepiлy, oтыpып-тұpyлap, ceкipyлep т.б.).
Ayыpлық шaмacын бiлy үшiн cпopтшы нeшe peт көтepe aлaтыны бeлгiлi caлмaқ қoлдaнылaды. Oл caлмaқты қaйтaлay шeгi (ҚШ) дeп aтaлaды. Мыcaлы, 2 ҚШ дeгeнiмiз - cпopтшы eкiдeн apтық, көтepe aлмaйтын caлмaқ.
Дeнe тәpбиeci тәжipибeciндe күштi дaмытyдың көп тapaғaн әдicтepi бap:
2.2 Орта сынып оқушыларына шаңғы тебуді үйрету
әдістері
Қозғалыс дегеніміз - өмір. Шындығында қозғалыс - ағзаның биологиялық қажеттілігі. Күнделікті өмірде адам әр түрлі қозғалыстарды жасайды, олардың жиынтық көлемі қозғалыс белсенділігі деп аталады. Сөйтіп, қозғалыс белсенділігі адам қызметінің таптырмайтын факторы бола отырып, тек оңтайлы көлемде және қолайлы күн режимінде ғана өсіп келе жатқан организмге сауықтыру әсерін тигізеді.
Мектеп бағдарламасында оқушылардың шаңғымен қозғалудың негізгі тәсілдерін білуі мен дағдыларын меңгерту, өзіндік жұмыс жасау дағдыларын, теориялық мәліметтерді білуі; жалпы еңбекке қажеттілік пен негізгі физикалық және моральдық - ерікті қасиеттерін дамытуды нығайту қарастырылған. Сыныптан сыныпқа жоғарылаған сайын оқу нормативтері, оқушылардың физикалық дайындығына талаптар жоғарылайды. Олардың өту арақашықтарының үлесі мен уақыты қысқарады.
Бағдарламада шаңғы дайындығы бойынша сабақтарды өткізу шаңғымен сыныптан тыс жұмыстарды жүргізумен тығыз байланыста қарастырылады.
Шаңғымен сауықтыру және спорттық-көпшілік ойындар жиі ұйымдастырылып тұруы керек.
Бүкіл әлемде спорттық шаңғы тебу түрі қысқы спорт түрінде белгілі болды. Оның табиғатпен байланысы және адамға деген пайдалылығымен үлесі зор. Шаңғы спорты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz