Шарт ұғымы және оның түрлері



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Шарттар туралы жалпы ережелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Шарт туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Шарттың мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2. Азаматтық . құқықтық шарттардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.1 Азаматтық . құқықтық шарттарды топтастыру ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.2 Шарттың кейбір түрлеріне сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Шарттар туралы жалпы
ережелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Шарт туралы жалпы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
...5
1.2 Шарттың
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ..9
2. Азаматтық - құқықтық шарттардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.1 Азаматтық – құқықтық шарттарды
топтастыру ... ... ... ... ... ... . ... ... 16
2.2 Шарттың кейбір түрлеріне
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 4
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... 26

Кіріспе

Азаматтық-құқықтық шарт әрекетінің аясы күрделі мәселелердің бірі
болып табылады. Қазіргі құқықта әртүрлі салалардағы шарттар мәселесі
көтеріле бастады.
Мәселе былай қойылып отыр, шарт ұғымы азаматтық құқық шеңберінен шығып
отыр, өйткені азаматтық-құқықтық шарттан басқа еңбек шарты, отбасы
құқығының шарттары, жер қатынастарының шарттары, қаржы шарттары және т.б.
кездеседі.
Бірақ біздің ойымызша мәселені басқаша қоюға тура келеді. Кез келген
жеке құқықтық саланың бәрінде де шарт жасалса ол азаматтық-құқықтық шарт
болып табылады.
Шарт – бұл тараптардың (жақтардың) келісімі. Кез келген келісім
тараптардың тең болуын алға тартады, өйткені теңсіздік орын алған жерде бұл
келісім емес, билік пен бағыныштылық орын алады. Теңдік қатынастар – бұл
азаматтық-құқықтық қатынастар.
Азаматық-құқықтық шарттар азаматтық құқықтық қатынастарда ерекше мәнге
ие болады. Себебі, азаматтық айналымға қатысушылардың құқықтық мәртебесі
олардың өзара теңдігіне негізделеді десек, шарттар осы теңдікті жүзеге
асыру барысындағы басты құрал деуге де болар еді. Шарттар түрлі азаматтық
құқықтық қатынастардың тууына негіз болып табылады. Қазіргі нарықтық
заманда тұлғалардың құқықтары мен міндеттері осы шарт негізінде пайда
болады. Сондықтан да азаматтық-құқықтық шартқа байланысты оның түрлерін,
ұғымын, шарттардың мазмұнын, қорытынды тәртібін, өзгертулер мен бұзу сияқты
сұрақтарды ашып қараудың маңызы өте зор.
Тақырыптың өзектілігі сол бүгінгі таңда нарықтық экономика жолына
көшуге байланысты шарттар қоғамымыздағы ауыстырылмас байланыс құралына
айналды. Себебі, елімізде шағын, орта және үлкен кәсіпкерліктің қалыптасуы
мен дамуы осы саладағы субъектілер арасында тығыз байланыс орнатуға
мәжбүрлейді. Олардың құқықтық жағдайын белгілеуде шарттардың алатын орны да
зор. Бұл бір жағынан. Екінші жағынан, шарт – азаматтық-құқықтық
қатынастарды тудыратын заңдық факт болып табылады.
Тақырыптың зерттелуі. Негізінен отандық заң ғылымында азаматтық құқық
оқулықтарында және ресейлік ғалымдардың еңбегінде шарттардың жекелеген
түрлері қарастырылып, олардың мазмұны ашылған.
Курстық жұмыстың мақсаты. Жоғарыда аталған жағдайларды ескере отырып,
мен өзімнің курстық жұмысымды жазуда алдыма мынадай мақсаттарды қойдым:
1. Азаматтық құқықтағы шарттар институтының ерекшелігіне тоқталу;
2. Азаматтық-құқықтық шарттарды топтастыру негіздерін қарастыру;
3. Азаматтық құқықтағы шарттардың жекелеген түрлеріне жалпылама сипаттама
беру.

Курстық жұмыстың құрылымы. Жұмыстың мақсаттарына сәйкес
менің жұмысым келесідей бөлімдерден: кіріспе, негізгі бөлім және
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлім
Шарттар туралы жалпы ережелер және Азаматтық - құқықтық шарттардың
түрлері деп аталатын екі тараудан тұрады. Шарттар туралы жалпы
ережелерде шарттардың түсінігі және мәні, олардың мазмұны туралы жалпы
ережелер қарастырылады. Ал 2-тарауда шарттарды топтастыру және олардың
жекелеген түрлерінің ерекшеліктері туралы сөз болады.
Курстық жұмысымды жазудағы міндет – алдыма қойған мақсаттарға жету
үшін тақырыпқа қатысты материалдарды іздеп, тауып, олардың ішінен маңызды
әрі қызықты деген ақпараттарды іріктеу. Қазақстан Республикасындағы
Азаматтық құқықтардың арасындағы елеулі роль атқаратын шарттардың түрлерін,
олардың түсінігі мен маңызын ашып көрсету

1. Шарттар туралы жалпы ережелер

1.1 Шарт туралы жалпы түсінік

Шарттың ұғымына анықтама беретін болсақ азаматтық заңдарда
белгіленгендей екі немесе одан да көп адамның азаматтық құқықтар мен
міңдеттемелерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп
танылады.
Шарт термині азаматтық заңнамада әртүрлі мәнде қолданылады: өзінен
міндеттеме туыңдайтын заңдық факты; сол шарттық міңдеттеменің өзі; шарттық
міндеттемені ресімдеген құжат.
Шарт – көне құқықтық құрылымның бірі. Шарттың ғасырлар бойы пайдаланылуы
құқықтың икемді түрі екендігін көрсетеді, ол арқылы әртүрлі қоғамдық
қатынастарды реттеуге болатындығы дәлелденген. Шарттың негізгі міндеті заң
шеңберінде адамдардың әрекетін реттеу. Ал оларды бұзу заң талаптарын
бұзушылықты білдіреді.
Шартты (contractus) рим құқығы әр түрлі мағынада: құқық
қатынастарының туындауы ретінде; құқықтық қатынастың өзі ретінде; ең
соңында тиісті құқықтық қатынастың нысаны ретінде қарастырады.
Рим құқығында шарттың көне түрі – стипуляция ұғымы қолданылған.
Стипуляция – азаматтардың міндеттерін бекітетін, салтанатты сөздерді
жариялап айту нысанында жасалатын формальды және абстрактілі ауызша
контракт (келісім).
Шарт туралы мұндай көзқарастар нақты іс жүзінде Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексіне және басқа да елдердің азаматтық
кодекстерінде тәртіптелген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне түсіндірмеде құқық
саласында шарт терминін бірнеше мағынада қолданылатынын көрсетеді, яғни,
біріншіден, міндеттемелер туындайтын құқықтық факт ретінде; екіншіден,
міндеттеменің өзі ретінде; немесе шарттық міндеттемелер көзделген құжат
ретінде көрінеді. Азаматтық-құқықтық шарттар азаматтық құқықтық
қатынастарда ерекше мәнге ие болады дер едім. Себебі, азаматтық айналымға
қатысушылардың құқықтық мәртебесі олардың өзара теңдігіне негізделеді
десек, шарттар осы теңдікті жүзеге асыру барысындағы басты құрал деуге де
болар еді.
Шарт - құқықтық қатынастың туыңдауына, өзгеруіне немесе тоқтауына
негіз болатын заңдық факт. Сондықтан да, шарт азаматтық құқықтар мен
міндеттемелерді туындататын негіздердің бірі болып саналады.
Жалпы ҚР азаматтық кодексіне жүгінсек 148-баптың 1-тармағына сәйкес
мәмілелер бір жақты және екі немесе көп жақты (шарттар) болуы мүмкін. Сол
себепті, шарт мәміле болып табылады және шартқа екі және көп жақты
мәмілелер туралы (373-баптың 2-тармағы), атап айтқанда, мәміленің формасы
және оны тіркеу туралы, мәмілені заңсыз деп тану туралы және т.б. ережелер
қолданылады. "Бір жақты және көп жақты мәмілелер" ұғымын "бір жақты және
өзара шарттар" ұғымынан ажырату керек. Бір жақты мәміле шартқа жатпайды,
себебі мәмілені жасау үшін тараптардың келісімі керек емес, бір жақтың ерік
білдіруі жеткілікті. Шарттың басқа мәмілелерден және басқа заңдық
фактылардан айырмашылығы сол, шарт дегеніміз тараптардың келісімі.
Сондықтан, азаматтық кодекстің 148-бабының 3-тармағына сәйкес, шарт жасасу
үшін екі тараптың (екі жақты мәміле) не үш немесе одан да көп тараптың (көп
жақты мәміле) келісілген ерік білдіруі қажет болып табылады.
Шарттардың басым көпшілігі екі жақты мәміле болып табылады, себебі
шарттан, әдетте, міндеттемелік құқық қатынастары туындайды, ал міндеттеме
үшін мүдделері қарама қарсы екі тарап болуы керек: біреуіңде талап ету
құқығы (несие беруші), екіншісінде — сол құқыққа икемделген міңдет
(борышкер) болады.
Шарт дегеніміз — азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту
және тоқтату туралы екі немесе одан да көп адамның келісімі. Соңдықтан да
шарт тиісті шарттық міндет-темелік құқық қатынастары туындауына негіз
болатын заңды факті болып табылады. Шарт ретінде тараптардың құкықтары мен
міндеттері жазылып тиісінше ресімделген құжатты да түсінуге болады.Шарт
адамзат тарихында адамдардың арасында туындайтын қатынастарды реттеудің
ежелгі дәуірлерден келе жатқан, кеңінен тараған әдістерінің бірі. Шарт,
заңнамамен қатар, азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеудің маңызды
құралдарының бірі болып табылады. Шартты жасасу оның қатысушылары арасында
заңды байланысты бекітуге әкеп соғады. Жалпы жүріс-тұрыс ережелерін
айқындайтын нормативтік-құқықтық актілердің қабылдануы олар бағытталған
субъектілердің арасында өз-өзінен өзара қарым-қатынастарды тудырмайды. Ал
нақты тұлғалардың арасында шарт жасасу олардың арасында нақты қарым-
қатынастың пайда болуына әкеп соғады.
Ол субъектілердің арасында өзара әрекеттерді тудырып қана қоймайды,
сонымен бірге шарттық қатынастарға қатысушылар жүзеге асыратын барлық
әрекеттердің тәртібі мен кезектілігінің талаптарын айқындайды. Осылайша,
шарт реттеуші функцияны атқарады – тұлғалардың туындаған байланыс
шеңберіндегі әрекеттерінің құқықтық режимін қарастырады.
"Шарттан міндеттемелік, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық
қатынастар туындауы мүмкін" деген ережені Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексіне кіргізу елеулі жаңалық болып табылады. Бұл ереже
бұрынғы заңнамада болмаған. Ол ТМД-ға мүше басқа елдердің Азаматтық
кодекстерінде кездеспейді.
Азаматтық-құқықтық шартты, әдетте, міндеттемелік құқық қатынас-
тарымен байланыстырады. Көбіне солай да. Бірақ, міңдеттемелік құқық
катынастарының ауқымына зорға сиатын құқықтық қатынастар да бар. Мысалы,
бірлескен қызмет туралы шарттан ортақ меншік объектісін бірлесіп иелену
және пайдалану жөнінде оның қатысушылары арасында қатынастар туындайды, ал
олар міндеттемелік емес заттық салыстырмалы құқық қатынастары болып
табылады (ортақ меншіктің қатысушылары мен барлық басқа адамдар арасында
болатын заттық абсолюттікке қарағанда) .
Шарттан авторлық қатынастар (бірлескен авторлар арасында),
өнертапқыштық қатынастар (бірлескен өнертапқыштар арасында) және т.б.
туындаған жағдайда осылай бағалауға болады.
Құқықтық қатынастар кешені (заттық және міндеттемелік) заңды тұлғаның
пайда болуына негіз болатын құрылтай шартынан туындайды.
Шарттан туындайтын міңдеттемелерге міндеттемелер туралы жалпы ереже
қолданылады (268-377-баптар), себебі АК-ның шарттар туралы жалпы ережеге
арналған 22-тарауының баптарында және шарттардың АК-да керсетілген кейбір
түрлері жайындағы ережеде (379-баптың 2-тармағы) өзгедей көзделмеген.
ҚР АК-ның 379-бабының 2-тармағы міндеттеме тек шарттан ғана емес,
басқа заңдық фактылардан да туындайды дегенге сүйенеді. Сондықтан, шарттық
міндеттемелерге міндеттемелер туралы жалпы ережені қолдану АК-ның шарттар
туралы нормаларымен шектелуі мүмкін. Мысалы, талапқа көну және борышты
аудару туралы кейбір ережелер (339-348-баптар) шарттардың кейбір түрлерінде
(лизинг, факторинг) басқаша шешіледі. Демек, шарттардың осы түрлері туралы
нормалар қолданылады. АК-ның 379-бабының 3-тармағына басқа формула
енгізілген: шарттан (бірлескен қызмет туралы шарт, құрылтай шарты, авторлық
шарт және басқа) туындайтын заттық, авторлық немесе өзгедей
(міндеттемеліктен басқа) құқықтық қатынастарға, егер заңнамадан, шарттан
немесе құқықтық қатынастардың мәнінен өзгедей туыңдамаса, онда АК-ның 22-
тарауының баптары яғни шарт ұғымы және оның ережелері қолданылады.
ҚР АК-ның 379-бабы заттық, авторлық немесе шарттан туындайтын өзгедей
құқықтық қатынастарға міндеттемелер туралы ережелерді қолдану туралы
мәселені шешпейді, мұны АК-дағы елеулі олқылық деп санауға болады.
Заңнамада немесе шартта тікелей реттелмеген мәселелер бойынша мұндай
құқықтық қатынастарға заңның ұқсастығы бойынша міңдеттемелер туралы
ережелер қолданылады (5-баптың 1-бабы).
Шарт еркіндігі. Азаматтар мен заңды тұлғаларға шарт жасасуда еркіндік
берілген. АК-да, заң құжаттарында немесе өз еркімен қабылдаған
міндеттемеде, шарт жасасу міндеті көзделген жағдайларды қоспағаңда, шарт
жасасуға мәжбүрлеуге жол берілмейді [1; 380 бап]
Шарт еркіндігі туралы норма ҚР АК-ның 8-бабының азаматтар мен занды
тұлғалар өздеріне берілген азаматтық құқықтарды өз қалауынша пайдаланады
деген ережесіне негізделген.
Шарт еркіндігі АК-да бекімін тапқан кәсіпкерлік қызмет еркіндігімен
және тұтынушылардың тауарлар иеленуге, жұмыстар мен қызметтер пайдалануға
шарт жасасу еркіңдігіне құқығымен үйлестікте болады.
Сатып алу-сату шартын жасасу міндеті жекешелендіру туралы жар-лықтың
14-бабының 6-тармағында және Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 23-бабында
бекімін тапқан. Мемлекеттік мүлікті сатушы мен мемлекеттік мүлікті сату
жөніндегі ашық сауданың жеңімпазы осындай шарт жасасуға міндетті.
Шарт жасасу міндеті еркімен қабылдаған міндеттемеден туындайтын
жағдайларға алдын ала шарт жасасу жатады.
ҚР АК-ның 306-бабының 1-тармағына сәйкес, кепіл ұстаушыға оның
иеленуіне берілген кепілге салынған мүлікті сақтандыру міндеті шартпен
немесе заң актілерімен жүктелуі мүмкін. Кепіл берушінің пайдалануында
қалатын кепіл мүлкін сақтандыру кепіл берушіге жүктеледі.
Шарт еркіндігі азаматтық құқық субъектілерінің келесі мәселелерді
шешудегі еркіндігінен көрінеді:
1) шартты жасасу не жасаспау;
2) шарт бойынша серіктесті таңдау;
3) шарттың түрін таңдау;
4) шартқа қандай да бір ережелерді енгізу.
Шарт еркіндігі принципі сондай-ақ мынаны білдіреді: тараптар кез-
келген шартты – заңда немесе өзге де құқықтық актілерде көзделген және
көзделмеген, бірақ азаматтық заңнаманың жалпы қағидалары мен бастамаларына
қайшы келмейтін шартты жасасуға құқылы. Сонымен қатар тараптар заңда немесе
өзге де құқықтық актілерде көзделген түрлі шарттардың элементтері бар
(аралас шарт) шартты да жасаса алады. Егер тараптардың келісімінен немесе
аралас шарттың мәнінен өзгеше туындамаса, тараптардың аралас шарт бойынша
қатынастарында тиісті бөліктерінде элементтері болатын шарттың ережелері
қолданылады.
Осылайша, шарт еркіндігі тараптардың шарт талаптарын айқындаған
кездегі еркіндігін көздейді. Заңдарда немесе өзге құқықтық актілерде
көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт талаптары тараптардың еркімен
айқындалады. Шарт талаптары диспозитивтік нормаларды қарастыратын
жағдайларда, тараптар өздерінің келісімдерінде оны қолдануды алып тастай
алады немесе онда қарастырылғаннан басқалай ережені белгілей алады.
Тараптар занда көзделмеген шарттарды да жасаса алады. Бұл ереже
туындайтын жалпы ережеде "азаматтық құқықтар мен міндеттер заңнамада
көзделген негіздерден, сондай-ақ, азаматтар мен заңды тұлғалардың
әрекеттерінен пайда болады, өйткені ол әрекеттер азаматтық заңнамада
көрсетілмегенімен, олардың жалпы негіздері мен мәні азаматтық құқықтар мен
міндеттерді тудырады" делінген.
Бұл ереже азаматтық құқықтың жалпы бастауына негізделген, ол
жаратылысынан диспозитивті және бар қатынастарды да, болашақта болуы мүмкін
қатынастарды да реттеуді көздейді.
Бұл қазіргі Қазақстан экономикасының өтпелі кезеңі үшін аса маңызды,
себебі күніге бір жаңа шарттың пайда болатынын көріп отырмыз. Негізінде
азаматтық құқықтың принципі болып табылатын шарт еркіндігі өзінің негізгі
қызметін сақтап қала бермек. Өйткені бұл (шарт еркіндігі) әрбір азаматтың
өзіне тиесілі сбьективтік құқығы болып табылады.

1.2 Шарттың мазмұны

Шарттың мазмұны – жасалған шарт жағдайларының жиынтығы. Жалпы ереже
бойынша, тиісті шарттың мазмұны, заңдармен жазылған жағдайлардан
басқасында, шарт ережелері талаптардың өз қалауы бойынша белгіленеді.[1;
382 бап] Шарттың мазмұны деп – жасалған шарт құрылымын құрайтын және ішкі
мәнін ашатын тараптардың құқықтары мен міндеттерін сонымен қатар, олардың
еркімен айқындалатын талаптардың жиынын айтамыз. Шарттың ережесі заңдарға
сәйкес қолданылатын нормамен көзделген реттерде, егер тараптардың
келісімімен өзгеше (диспозитивтік норма) белгіленбесе, тараптар өздерінің
келсімідерімен норманың қолданылуын жоя алады немесе сол нормада
көзделгеннен өзгеше жағдайды белгілей алады.
Егер шарт жасалғаннан кейін шарт жасалған кезде қолданылып жүрген
ережелерден өзгеше, тараптар үшін міндетті ережелер заңдармен белгіленген
болса, жасалған шарттың ережелері оның күні бұрын жасалған шарттардан
туындайтын қатынастарға да қолданылады деп заңдармен белгіленгендегіден
басқа жағдайларда, өз кұшін сақтайды.
Азаматтық кодекстің 393-бабының 1-ші тармағына сәйкес тараптар
арасында шарттың барлық елеулі ережелері бойынша тиісті жағдайларда талап
етілетін нысанда келісімге қол жеткен кезде шарт жасалды деп есептеледі.
Елеулі шарттар болып табылатындар:
1) шарттың пәні туралы талаптар;
2) заң мен басқа нормативтік құжаттарда елеулі ретінде аталғандар;
3) осы шарттың түрі үшін қажетті ережелер;
4) бір тараптың мәлімдеуі бойынша келісімге қол жеткізуге тиісті
барлық ережелер.
Кәдімгі (дағдылы) жағдайлар заңның диспозитівтік нормаларында
қарастырылған, яғни шартқа енгізу міндетті болып саналмайтын шарттарды
айтады, өйткені, бұлардың шартқа енуі өз-өзінен белгілі. Егер нақ сол
шартқа дағдылы жағдайлар жөнінде айрықша ескертіліп айтылмаса, онда жалпы
белгіленген тәртіп қолданылады. Мысалы, азаматтық кодекстің 223-бабына
сәйкес ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкі, егер бұл мүлік
ерлі-зайыптылардың арасаындағы шартта басқаша көзделмесе, олардың ортақ
меншігі болып табылады. Елеулі деп есептелмейтін нормативтік актілерде
қаралмаған мәселелер бойынша әр жақтың келісімі кездейсоқ жағдайлар
делінеді және осы жағдайлар диспозитивтік құқық нормаларымен реттеледі.
Олар әр жақтың өзімен қалыптастырылады, өздері заңдағы ережеге қосымша
немесе өзгерістер арқылы енгізіледі. Мысалы, әр жақ өзара келісімдер арқылы
мүлікті иеленушінің құқықтарын шартқа енгізеді, бірақ мүлікті
тапсырмайды.[2; 309 б]
Шарттың мазмұны шарттардың үлгі ережелерімен де айқындалуы мүмкін. АК-
тің 388 бабына сәйкес, шарттың мазмұнында үлгі ережелерге сілтеме болмаған
жағдайларда, осындай үлгі ережелер, егер шарттың ережесін тараптар іскерлік
қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтар ретінде қолданылады .
Үлгі ережелер үлгі шарт немесе мазмұнында осы ережелер бар өзге
құжаттар нысанында жазылуы мүмкін.
1. Шарт әр келісімі болып табылатындықтан, ол бір жақтың келісім
жасауға ұсынысы мен екінші жақтың ондай ұсынысты қабылдау нәтижесінде
жасалады. Шартты жасау тәртібі Азаматтық кодекстің 395-400 баптарымен
реттеледі. Оларда шарт жасау кезіндегі екі кезең бекітілген.
Шарт жасасу туралы бір немесе бірнеше нақты жақтарға жасалған үсыныс,
егер ол жеткілікті дәрежеде айқын болып, ұсыныс жасаған жақтың ол
қабылданған жағдайда (акцепт) өзін сонымен байланысты деп есептеу жөніндегі
ниетін көрсетсе, оферта дептанылады. Егер ұсыныста шарттың елеулі ережелері
немесе оларды анықтау тәртібі көрсетілсе, ол жеткілікті дәрежеде айқын деп
табылады.[1; 395 бап]
Жолданған офертаны алған тұлға оны қабылдауға келісім бергенде,
яғни, акцепт болғанда шарт жасалды деп есептеледі. Заңға сәйкес шарт жасау
үшін ержақтың келісімінен басқа мүліктерді де тапсыруы керек, мүліктер
тапсырылған сәттен бастап шарт жасалды деп есептеледі, яғни, сатып алушыға
мүліктерді де тапсыруы керек, мүліктер тапсырылған сәттен бастап шарт
жасалды деп есептеледі, яғни, сатып алушыға мүліктерді жеткізу
ұйымдастырылады. Егер шарт заңға сәйкес мемлекеттік тіркеуден өтеуге
жатса, егер заңда басқаша көзделмесе, ол тіркеуден өтуге жатса, егер заңда
басқаша көзделмесе, ол тіркеуден өткен сәттен бастап жасалды деп саналады.
Шарттың нысаны мәміленің нысаны туралы жалпы ережеге бағынады.
Аталған шарттың түрі заңмен белгіленбеген болса, онда шарт келісім жасау
үшін қаралған кез келген нысанда жасала береді. Егер тараптар белгілі бір
нысанда шарт жасауға уағдаласса, заң бойынша шарттардың осы түрі үшін бұл
нысан талап етілмесе де, шарт уағдаласқан нысан берілген кезден бастап
жасалды деп есептеледі АҚ-тің 394-бабының 1-тармағы.
Әлгінде айтқанымыздай, шарт бір жақтың ұсынысымен оферта, екінші
жақтың оны қабылдауына байланысты жасалады, Бірақта, кез келген ұсыныс
оферата ретінде қарада алмайды, тек заңда бекітілген талаптарға сай келетін
ғана мүмкін болады АҚ-тің 396-бабы.
Азаматтық кодекстің аталған бабына сәйкес, біріншіден шарт жасасу
туралы бір немесе бірнеше нақты жақтарға жасалған ұсыныс жеткілікті
дәрежеде айқын болып, ол қабылданған жағдайда осыны жасаған жақтың акцепт
өзін сонымен байланысты деп есептеу жөніндегі ниетін көрсетсе, оферта деп
танылады.
Екіншіден, оферта шарттың елеулі жағдайлары енгізілуі тиіс, және шарт
жасау үшін сол елеулі жағдайлары енгізілуі тиіс, және шарт жасау үшін сол
елеулі жағдайлармен келісуі жеткілікті.
Үшіншіден, оферта оны жіберген жақ пен алушының қолына
тигеннен бастап оларды өзара байланысты етіп қояды. Офертаны қабылдаған
тұлға оны өзіне жолдаушы жаққа белгілі бір уақыт өткенше басқа біреуге
ұсыныс жасамай тұра тұруды міндеттейді және де офертамен келіскен тұлғамен
оферта жіберуші шарт жасауы тиіс. Егер офертаны қайтарып алу туралы хабар
офертаның өзінен бұрын немесе онымен қатар келсе, оферта алынбаған болып
есептеледі АҚ-тің 395-бабы.
Жарнама және беймәлім адамдар тобына жіберілген өзге де ұсыныстар,
егер ұсыныста тікелей өзгеше көрсетілмесе, оферта жасасуға шақыру ретінде
қаралады.
Жаңа Азаматтық кодексте жария оферта ұғымы беріледі. Жария оферта –
ұысынс жасаушы жақтың кез келген хабарлаушысымен ұсыныста көрсетілген
жағдайларда шарт жасасу еркі көрінетін, шарттың барлық елеулі ережелері бар
ұсыныс АҚ-тің 395-бабы.
Шарт жасасудың екінші кезеңі – акцепт. Акцепт – оферта жолданған
жақтың оны қабылдағаны туралы жауабы АҚ-тің 396-бабының 1-тармағы. Акцепт
толық әрі бұлтарыссыз болуға тиіс. Заң құжаттарында, іскерлік өрісіндегі
әдеттегі құқықтарда немесе бұрынғы іскерлік қатынастарынан өзгеше
туындамаса, жауап қайтармау акцепт болып есептелмейді. Офертаны алған
жақтың оның акцепт болып есептелмейді. Офертаны алған жақтың оның акцепті
үшін белгіленген мерзімде онда көрсетілген шарт ережелерін орындау жөнінде
жасаған әрекеттері тауарлар тиеп жөнелту, қызмет көрсету, жұмыс орындау,
тиісті соманы төлеу және т.б. егер заңдарда өзгеше көзделмесе немесе
офертада көрсетілмесе, акцепт деп есептеледі АҚ-тің 396-бабының 3-тармағы.
Акцепт қайтарылып алынуы мүмкін. Егер акцепті қайтарып алу туарлы хабар
оферта жіберген жаққа акцептің өзінен бұрын немесе онымен қатар келсе,
акцепт алынбаған болып есептеледі АҚ-тің 396-бабы.
Шарттың жасасу сәті мынадай жағдайларға:
1) акцепт үшін мерзімі көрсетлген кезде не онсыз ұсыныс жасалды
ма;
2) оферта ауызша немесе жазбаша нысанда ма, соған байланысты
болады.
Офертада акцептіге арналған мерзім көрсетілген жағдайда, егер оферта
жіберген жақ акцепті онда көрсетілген мерзім ішінде алса, шарт жасалған
болып есептеледі.
Жазбаша офертада акцептіге арналған мерзім көрсетілмеген жағдайда,
оферта жіберген жақ акцепті заңдарда белгіленген мерзім біткенге дейін, ал
егер ондай мерзім белгіленбесе, оны жеткілікті дәрежеде қажетті уақыт
ішінде алса, шарт жасалған жеткілікті дәрежеде қажетті уақыт ішінде алса,
жасалған болып есептеледі. Оферта акцептіге арналған мерзім көрсетілмен
ауызша жасалған жағдайда, егер екніші тарап оның акцепт туралы дереу
мәлімдесе, шарт жасалған болып есептеледі. Егер оферта жіберген тарап
екінші тарапқа акцепті кеш алғаны жөнінде дереу хабарламаса, акцепт туралы
мерзімінде жіберген хабар кеш алынған жағдайда, акцепт кешіктірілген болып
есептелмейді. Егер оферта жіберген тарап екінші тарапқа оның кешіктіріліп
алынған акцепті қабылдағаны туралы дереу хабарласа, шарт жасалған болып
есептеледі.
Офертада ұсынылғаннан өзге жағдайларда шарт жасасуға келіскендік
туралы жауап акцепт болып табылмайды. Мұндай жауап офертадан бас тарту
және сонымен бірге жаңа оферта деп танылады АҚ-тің 397-бабы.
Шарттың еркіндігінен тыс заңда кебір ерекшеліктерімен бөлектенетін
міндетті түрдегі шарт жасасу жағдайы қарастырылуы мүмкін АҚ-тің 399-бабы.
Шарт жасасу міндетті болған жағдайда, әр жаққа арналған заңдарға
сәкес, бір жақ екіншісіне мына талаптарды орындайды:
1) акцепт туралы хабар беру
2) акцептіден бас тарту
3) офертаға шарт жобасына келіспеушілік хаттамасы, егер заңдарда
басқа мерзім белгіленбесе, не тараптар келіспеген болса,
офертаны алған күннен бастап 30 күннің ішінде хабар жіберуі
тиіс.
Офертаны жіберген және шартты жасасуға міндетті тараптан оған өзге
жағдайлармен акцепт жасау туралы хабар шарт жобасына келіспеушілік
хаттамасы алған тарап шарт жасасу кезінде пайда болған келіспеушілікті
осындай хабар алған күннен бастап отыз күн ішінде, не акцептіде
арналған мерзім өткен соң, егер заңдарда шарттардың жекелеген түрлері
туралы өзге мерзім белгіленбесе, соттың қарауына беруге құқылы АҚ-тің 399-
бабының 1-тармағы.
Егер шарт жасасуға міндетті тарап жіберген шарт жобасына отыз күн
мерзімде қарау нәтижелері туралы хабарды алмаған жағдайда келіспеушілік
хаттамасын алған тарап мұндай келіспеушілікті соттың қарауына беруге құқылы
АҚ-тің 399-бабының 3-тармағының 2-ші азат жолы.
Шарт жасасуға міндетті тарап оны жасасудан жалтарса, екінші тарап
шарт жасасуға мәжбүр ету туралы талап қонып сотқа жүгінуге құқылы. Шарт
жасасудан негізсіз жалтаратын тарап екінші тарапқа шарт жасасудан бас тарту
арқылы туғызған залалдың орнын толтыруға тиіс АҚ-тің 399-бабының 4-
тармағы.
Шарт жасасу кезінде туындаған келіспеушіліктер тараптардың келісуімен
соттың қарауына берілген болса АҚ-тің 399-бабы, шарттың тараптар
келіспеген ережелері сот шешіміне сәйкес белгіленеді АҚ-тің 400-бабы.[2;
310 б]
Шартты өзгерту және бұзу заңда немесе шартта өзгеше көзделмесе,
тараптардың келісуімен жүзеге асуы мүмкін АҚ-тің 401-бабы. Тараптардың
біреуінің талабы бойынша шар:
1) екінші тарап шартты едәуір бұзған кезде;
2) заңда немесе шартта көзделген өзге реттерде тек сот шешімімен
өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін АҚ-тің 401-бабының 2-тармағы.
Тараптардың біреуі шартты бұзып, ал екінші тарап шарт жасасу кезінде
үміт артуға құқылы болғанымен едәуір дәрежеде шығынға әкеліп соқса, бұл
шарт едәуір дәрежеде бұзылды деп танылады.
Шартты толық немесе ішінара орындаудан біржақты бас тартқан
ретте, мұндай бас тартуға заң құжаттарында немесе тараптардың келісімінде
жол берілген кезде, шарт тиісінше бұзылған немесе өзгертілген болып
есептеледі АҚ-тің 401-бабының 3-тармағы.
Шартты бұзу кезінде тараптар міндеттемелері тоқтатылады, ал
өзгертілген кезде өзгертілген түрінде қолданыла береді. Егер тараптрдың
келісуімен немесе шарттың өзгерту сипатынан өзгеше туындамайтын болса,
міндеттемелер шартты өзгерту немесе бұзу туралы тараптар келісімге келген
кезден бастап, ал шарт сот тәртібімен бұзылған немесе өзгертілген болып
есептеледі.
Егер заңда немесе тараптардың келісімнде өзгеше белгіленбесе,
тараптардың шартты бұзған немесе өзгерген кезге дейін міндеттеме бойынша
өздері атқарған жұмысты қайтарып беруді талап етуге құқығы жоқ.
Егер шартты бұзуға немесе өзгертуге бір тараптың шартты едәуір
бұзғаны негіз болса, екінші тарап шарттың бұзылуынан немесе өзгертілуінен
келтірілген залалдың орнын толтыруын талап етуге құқылы.
Шарттардың түрлерге бөлінуінің өзіндік мазмұндық ерекшелігі бар.
Мысалға ақылы және ақысыз шарттарды алатын болсақ, ақылы шарттың
мазмұнында шарттың ақысының мөлшері, оны төлеудің тәртібі мен кезеңдері
көрсетілуі тиіс. Консенсуалды және нақты шарттың мазмұнында олардың
объектілері мен күшіне ену мерзімі туралы ережелерге назар аударылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 379-бабына сәйкес,
шарттан мiндеттемелiк, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастар
туындауы мүмкiн. Азаматтық-құқықтық шарттарды әдетте міндеттемелік құқық
қатынасымен байланыстырады. Көп жағдайларда бұл, әрине, солай да. Бірақ
міндеттемелік құқық қатынастарының сызбасына зорға енетін құқықтық
қатынастар да бар. Мысалы, бірлескен қызмет туралы шарттан оның
қатысушылары арасында ортақ меншік объектісіне бірлесіп иелік ету және
пайдалану бойынша қатынастар туындайды, ал бұл қатынастар өз кезегінде
міндеттемелік емес, салыстырмалы түрде заттық құқықтық қатынастар болып
табылады. Шарттан авторлық қатынастар (бірлескен авторлар арасында),
өнертабыстық қатынастар (бірге тапқандар арасында) пайда болғандағы
жағдайда да осылай бағалауға болады.
Шарттан туындаған мiндеттемелерге, Азаматтық кодексте аталған
шарттардың кейбiр түрлерi туралы ережелерiнде өзгеше көзделмегендiктен,
мiндеттемелер жөнiндегi жалпы ережелер қолданылады . Бұл ретте мынаны
ескерген жөн: міндеттемелер тек шарттардан ғана емес, сонымен қатар басқа
да заңдық фактілерден де туындауы мүмкін. Сондықтан шарттық міндеттемелерге
міндеттемелер туралы жалпы ережелерді қолдану Азаматтық кодекстің шарттар
туралы нормаларымен шектелуі мүмкін. Мысалы, талап етуді басқаға беру мен
қарызды аудару туралы жекелеген ережелер (АК 339-348бб.) шарттың кейбір
түрлерінде басқалай шешіледі (лизинг, факторинг). Сәйкесінше, шарттардың
осы түрлері туралы нормалар қолданылады.
Шарттан (бiрлескен қызмет туралы шарт, құрылтай шарты, авторлық шарт
және басқалар) туындайтын заттық, авторлық немесе өзге де құқықтық
қатынастарға, егер заңдардан, шарттан немесе құқықтық қатынастардың мәнiнен
өзгеше туындамаса, Азаматтық кодекстің Шарт ұғымы және оның ережелері деп
аталатын 22-тараудың ережелерi қолданылады. Шарттан туындайтын
міндеттемелік қатынастардан басқа қатынастарға аталған тараудың ережелері
қолданылады, бірақ бұл ережелердің заңнамада немесе шартта белгіленген не
құқық қатынасының мәнінен өзгеше жағдайлар көзделсе, соңғыларының ережелері
қолданылуы тиіс.
Азаматтық кодекстің 379-бабы шарттан туындайтын заттық, авторлық
немесе басқа құқық қатынастарына міндеттемелер туралы ережелерді қолдану
мәселесін шешпейді. Бұл жағдайды АК-тің белгілі бір ақтаңдағы деп санау
керек. Себебі, заңнамамен немесе шартпен тікелей реттелмеген мәселер
бойынша қатынастарға заңның ұқсастығына қарай міндеттемелер туралы ережелер
қолданылуы тиіс деп топшылауға болады .
Шарттың пәні болып әдетте қандай да бір заттар немесе екінші тарап
жүзеге асыруы тиіс болатын белгілі бір әрекеттер танылады. Бұл әрекеттер
заңдық, сондай-ақ іс жүзінде болуы мүмкін.
Заңдарда немесе құқықтық актілерде шарттың белгілі бір түрі үшін
маңызды немесе қажетті деп аталған талаптар қатарына, мысалы, сақтандыру
шарты үшін сақтандыру тәуеккелін жатқызуға болады.
Тиiстi шарттың мазмұны, заңдармен жазылған жағдайлардан басқасында,
шарт ережелерi тараптардың өз қалауы бойынша белгiленедi. Шарттың ережесi
заңдарға сәйкес қолданылатын қалыппен көзделген реттерде, егер тараптардың
келiсiмiмен өзгеше (диспозитивтiк қалып) белгiленбесе, тараптар өздерiнiң
келiсiмдерiмен қалыптың қолданылуын жоя алады немесе сол қалыпта
көзделгеннен өзгеше жағдайды белгiлей алады.
Шарт ережелерін айқындаудың жалпы қағидасы шарт еркіндігінен
туындайды. Тараптар заңдарда тікелей белгіленген жағдайлардан басқа
реттерде шарттың кез-келген ережелерін белгілей алады.
Тиісті шарттың мазмұны, заңдармен жазылған жағдайлардан басқасында,
шарт ережелері тараптардың өз қалауы бойынша белгіленеді.
Шарттың ережесі заңдарға сәйкес қолданылатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы»
МҮЛІКТІ ИЕЛІКТЕН АЛУДАН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТМЕЛЕР
Азаматтық құқық пәнінен лекция тезистері
Азаматтық құқықтағы өтелмелі қызмет көрсету
Азаматтық құқық - дәрістер жинағы
Рим құқығы
Рим құқығының ұғымы және негізгі белгілері
Шарт ұғымы және оның ережелері
Тауар қоймасында сақтаудың түсінігі мен жалпы жағдайлары
Кәсіпкерлік құқық ұғымы
Пәндер