Оқушылардың өзара бағалауы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Көмірсутектер тақырыбын оқытуда критериалды бағалау әдісін қолдану.
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2-3
1.Әдеби бөлім.
1.1 Критериалды бағалау әдісі
1.1.1 Критериалды бағалау әдісін қолдану ұғымы жайлы жалпы сипаттама
1.1.2 Критериалды бағалау әдісін қолданудағы жалпы мақсаттары,принциптері және ғылыми идеялары
1.2 Органикалық заттарды оқып үйрену әдістемесі
1.2.1 Органикалық химия және оның даму тарихы
1.2.2 Органикалық химия пәнінің міндеттері, мазмұны мен құрылымы
1.3 Көмірсутектер класына жалпы сипаттама
1.3.1 Қаныққан көмірсутектер
1.3.2 Қанықпаған көмірсутектер
1.3.3 Қанықпаған көмірсутектер (алкиндер)
ІІ Эксперименттік Бөлім
2.1 Критериалды бағалау әдісін Көмірсутектер тақырыбын оқытуда қолдану.
2.2 Критериалды бағалау әдісін Қанықпаған көмірсутектер тақырыбын оқытуда қолдану.
ІІІ Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе
Қазіргі таңда жалпы мұғалімдердің алдында тұрған негізгі міндет- ұлттық менталитетті жоғары, сана-сезімі дамыған,өзіндік жеке көзқарасы бар жеке тұлғаны қалыптастыру болып саналады.Осы бағытта жоғары мектепте берілетін ғылымның теориялық және әдістемелік негіздерінің,яғни сабақ түрлері мен оның сапасын арттыру жөнінде әр түрлі жұмыстар атқарылуда.Соның негізінде жалпы жаратылыстану пәндерінің ішінде химия ғылымы жоғары санатта оқытылатын негізгі пәндердің қатарында.
Критериалды бағалау-бұл баланың сабақтың мақсатына жетуін бағалайтын өлшемер.Әр мектепте критериалды бағалаудың өз үйлестірушілері болуы керек.Бүкіл бағалау үдерісін сол үйлестірушілер жоспарлайды,ұйымдастырады, және өткізуді басқарады.
Осындай жаңа бағалау жүйесін қолдану,оқып үйрету, меңгеру және өмірге енгізу сабақты дамыту кезеңдері арқылы жүзеге асады.
Тақырып өзектілігі: Қазіргі кезде орта мектептерде органикалық химия курсы терең мағыналы теориялық негізде құрастырылған.Демек, бұл мұғалімнің жан-жақты және тиянақты дайындығын талап етеді.
Біздің елімізде химия және химиялық-технологиялық білімдер мен ғылымдарға деген қызығушылық белең алуда.Оның себебі түсінікті де - елімізде химиялық щикізат көздері,атап айтқанда, мұнай, газ, көмір, металдар т.б кен байлықтары көп.Өкінішке орай, сол байлықтардың көпшілігі сан жылдар бойы шикізат ретінді ғана пайдаланылып келеді, тек қана сырт мемлекеттерге шығарылады. Осығн орай, жер байлықтары шикізат емес, дайын өнім түрінде іске асыру мақсатында, көптеген химиялық өнеркәсіп орындары салынып,біразі іске қосылуда.Бұл тұрғыда органикалық химия пәнінің атқаратын маңызы зор.
Осыған байланысты таңдап алынған зерттеу жұмыстың тақырыбы табиғат байлықтардың іргетасын құрайтын көміртек элементінен тұратын Көмірсутектер тақырыбын критериалды бағалау жүйесі.
Осыдан барлық табиғат шикізат қорларының негізгі көзін құрайтын неге бір ғана көмірсутек деген сұрақ туындайды, осы және басқа да сұрақтар бойынша таңдап алынған зерттеу жұмысының тақырыбы өзекті болмақ.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Жұмысты жазу барысында критериалды бағалау жүйесіне түсінік бере отырып, Көмірсутектер" тақырыбын оқытуда оқушының өз бетінше барынша ізденіп жұмыс істей алу мүмкіндігін саралап дамыту, оқу материалдарын өңдеудің жекелей тәсілдерін қолдану арқылы жұмыс істей білуге үйрету.
Сол үшін төмендегідей міндеттерді орындау қажет.
⪢Тақырып бойынша әдеби материал жинау және жүйелеу
⪢ Критериалды бағалау жүйесіне жалпы сипаттама беру
⪢ Органикалық химия пәнінің шығу тарихы және оны
оқып үйрену әдістемесін зерттеу.
⪢ Көмірсутектердің негізгі үш класына жалпы сипаттама
беру
⪢ Критериалды бағалау жүйесін пайдаланып практика
негізінде өткізген бір сабақ жоспарымен таныстыру.
Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны: Органикалық химия сабағында Көмірсутектер тақырыбын оқытуда критериалды бағалау жүйесінде қолдану.
Дипломдық жұмыстың практикалық маңызы: Берілген зерттеу әдістемесін студеттер және мектеп мұғалімдері,сонымен қатар жоғары оқу орындарында органикалық химия пәнін оқыту барысында критериалды бағалау жүйесін қолдануға мүмкіншілігі бар. Барлық білім алушыларға органикалық химия пәні бойынша білімдерін жүйелі қайталап, нығайтуларына көмектеседі.

І.Әдеби бөлім.
1.1 Критериалды бағалау әдісі
1.1.1 Критериалды бағалау әдісін қолдану ұғымы жайлы жалпы сипаттама
Білім берудің қазіргі заман талабы - шығармашылықпен жұмыc жасайтын, бәcекеге қабілетті, құзіретті тұлға тәрбиелеу.
Оқыту - мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл құзіреттіліктер білім алу үшін оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді. Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек.
Осыған байланысты оқушылар арасында өзара түсіністік және ұжымдық қарым-қатынасты орнатып, оқушылардың сенімсіздіктерін жойып, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын критериалды бағалау болып табылады.
Критерийлер - оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.
Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.
Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді.
Ежелгі уақыттарда үлгерімі төмен оқушыларды әр түрлі жазалау түрлері қолданылған. Ежелгі Грекияда балаларды жазалау дәстүрлі тәрбие процесінің бір бөлігі ретінде қарастырылған. 16-17 ғасырларда Германия мектептерде білімді балдық жүйеде бағалау пайда болды. Оның негізгі мақсаты үлгерімі төмен оқушыларға жазалаудың орынына оның алдын алу шараларын жүргізу болды. Білім алушылар келесіндей санаттарға бөлінді: өте жақсы, орташа, нашар. Әр санат санен белгіленіп отырған. Бір ең жоғарғы көрсеткіш болып табылған. Білім алушылардың басым бөлігі орташа деген көрсеткішті көрсеткен. Сол себепті оларды өз ішінде бірнеше санатшаларға бөлген. Осыдан барып білім алушылардың білімін көпсатылы бағалау қалыптасқан.
Бүгінгі күні мұғалімнің тәжірибесіне оқушының білімін бағалауында бағалау деген ұғымға байланысты әр қилы өзіндік жаналықтыр енгізілуде. Соның бірі - критериалды бағалау. Критериалды бағалау жүйесі заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру, білім сапасын арттыру, тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттауға мүмкіндік беретін бірден-бір бағалау жолы, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізетін, шығармашыл бағалау жүйесі.
Критериалды бағалау - оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін, білім беру үдерісіне қатысушылардың (оқушы, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушының оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс.
Сыныптағы бағалау тек техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзі - өзі бағалау, қабілеттік және күш - жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады. ( Александр 2001) [56 б] (мұғалімге арналған нұсқаулық).
Бағалау термині жақын отыру латын тіліндегі мағынада-бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып,не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы. Критериалды бағалау жүйесінде қолданылатын жалпы ұғымдар -- қалыптастырушы және жиынтық бағалау.
Қалыптастырушы бағалау - оқыту үшін бағалау, жиынтық бағалау - оқытуды бағалау болып табылады. Қалыптастырушы бағалау - бұл білім алушылардың оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен мұғалімдердің қолданатын мәліметтерді іздеу мен түсіндіру үрдісі. Жалпы қалыптастырушы бағалау сабақ жүйесінде жеке қарастырылмайтын, сабақпен қатар жүретін үрдіс. Бағалаудың мәні - бақылау, алынған мәліметтердің интерпретациясы, бұдан арғы іс-әрекеттерді анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау. Ол оқушының жаңа сабақты, тарауды қалай меңгеріп жатқандығын жүйелі түрде бақылап, қадағалап отыру. Жиынтық бақылау жұмысына дейінгі оқушының білім деңгейін қалыптастыру, дамыту, жетілдіру. Қалыптастырушы бағалау жұмысы сабақтың толық бөлігін қамтуы міндетті емес. Ол сабақтың басында , сабақтың ортасында сабақтың соңғы бөлігінде жүргізіледі.Уақыт көлемі тапсырма деңгейіне сәйкес 5-10 минут болуы мүмкін.
Осы тұрғыда айтатын болсақ, қалыптастырушы бағалау оқушыларды оқытуда тұлғалық бағдарлық оқыту тәсілінің негізгі бөлігі. Сондықтан мұғалімнің орны да өзгереді. Тұлғалық бағдарлық технологиялар оқу үдерісін ұйымдастыруда оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас негізінде іске асуына мүмкіндікашады. Бағалау үздіксіз жүріп отырады да, сапалы нәтижеге жылжу үдерісі бағаланады. Тұлғалық бағдарлық оқыту:оқушыларды оқыту мақсаттары мен бағалау критериялары туралы ақпарат береді; критерияларға негізделген оқушылардың өзін-өзі бағалауы; оқушылардың әрі қарай жасайтын қадамдары мен оның іске асыруын анықтайтын кері байланыс қамтамасыз етеді.Бұл жерде бағалау үздіксіз жүріп жатады да, сапалы нәтижеге жететін процестің өзі бағаланады. Оқушылар өздерінің кемшіліктерін өздері түсініп, анықтай алады да, мұғаліммен бірге шешу жолдарын табады. Ең маңыздысы өз оқуын бақылауы мен бағалауы өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі бақылауына ауысады.
Өзін-өзі бағалауы
Қалыптастырушы бағалау оқушының өзін-өзі бағалауы мен сыныптастарының бағалауын қолдануын қарастырады. Бұл тәсілдер қалыптастырушы бағалаудың тиімділігін арттыруын қалыптастырады. Оқушылар өзін-өзі бағалау мен өзара бағалау дағдыларын меңгеріп жатса, онда бағаның әділ қойылғанына күмін болмайды. Бірақ баға сезім негізінде қойылмай, тек белгіленген критерийлер негізінде қойылуын оқушыларға түсіндіргені дұрыс.Өзін-өзі бағалау мен өзара бағалаудың мәні -- оқыту үдерісінде мақсат қойылып, бағалау критерийлер түсінікті болғанда ғана оқушылар өздерін бағалай алады.
Сабақ өткізу барысында тапсырманың мақсаттары мен бағалау критерийлері жөнінде ескеріп отырамын, өзін-өзі бағалауына уақыт қалдырамын. Оқушылар мақсаттарды және критерийлерді анық көру үшін тақтаның бұрышына немесе плакатқа жазып қоямын. Жұмыстарды тексеру алдында оқушыларға бағалау критерийлерін қайта ескертемін және соның негізінде өз жұмысын тексеріп, аяқтап тапсырады.
Мысалы төмендегі кестеде топтық жұмыстан кейін әр оқушы өзінің жұмысын анық көреді. Менін күн тәртібім тақырыбы бойынша постерге сурет салып, күн тәртібін жазған.
Кестеде келтірілген бағалау түрін қолдану кезінде оқушы мен мұғалінің қойған балдарының айырмашылы үлкен болмайды. Өзін-өзі бағалау оқушылардың өз жұмысын бағалауы емес, сонымен бірге туындаған проблемаларды өздігінен анықтау мен шешу жолдары.
Оқушылардың өзара бағалауы
Өзара бағалау барысында оқушы басқа оқушының жұмысын тексереді. Оның жақсы немесе жаман жақтарын көріп, өзінің жұмысын да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының өзін -өзі бағалауын қалыптастырудың теориялық негіздері
Жеткіншектердің жеке бас қасиеттері
Зияты зақымдалған балалардың өзін - өзі бағалау ерекшеліктері
Жасөспірімдік шақтағы оқушылардың өзін - өзі бағалау ерекшеліктері
Мінез - құлықтарында ауытқулары бар жеткіншектердің талаптану деңгейінің ерекшеліктері
Толық емес отбасындағы оқушылардың өзіндік бағалаулары мен білім беру жетістіктері дамуының теориялық негізі
Оқытудың негізгі формасы-сабақ
Формативті бағалаудың әдістері. Топтық жұмыстың бағалануы
Бастауыш мектеп оқушысын әлеуметтендіру арқылы өзін-өзі бағалауы
Мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің өзін-өзі бағалау ерекшеліктері
Пәндер