Араб - парсы тілінен енген сөздер


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Қазақ филологиясы кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі м. а., аға оқытушы, магистр
А. Б. Ақболатов
« ___» 2018 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
С. МҰҚАНОВТЫҢ «ӨМІР МЕКТЕБІ» ШЫҒАРМАСЫНЫҢ ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы
Орындаған:
/ Қазақ тілі мен әдебиеті,
күндізгі бөлім,
02401 - топ студенті/ Г. Е. Төрәлиева
Ғылыми жетекшісі:
ф. ғ. д., профессор Ғ. Қ. Хасанов
Орал, 2018
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 С. МҰҚАНОВ ПРОЗАСЫНЫҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. 1 С. Мұқановтың өмірбаяны мен шығармашылығы . . . 5
1. 2 Метафоралардың қолданылуы . . . 8
1. 3 Теңеулердің қолданылуы . . . 12
1. 4. Кірме сөздер
1. 4. 1 Араб-парсы тілінен енген сөздер . . . 19
1. 4. 2 Орыс тілінен енген сөздер . . . 23
1. 5 Көнерген сөздер . . . 29
1. 6 Лингвомәдени бірліктердің қолданылуы . . . 30
2 С. МҰҚАНОВ ПРОЗАСЫНЫҢ СТИЛЬДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2. 1 Антонимдер, синонимдер, фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, эмоционалды-экспрессивті сөздердің стильдік ерекшеліктері . . . 45
2. 2 Диалог, полилог, монологтардың қолдану ерекшеліктері . . . 55
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 61
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 63
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі
Қазақтың әйгілі жазушысы С. Мұқанов - классик жазушылардың қатарындағы шебер прозаик, сыншы, публицист, көркем шығармаларды аударған аудармашы. С. Мұқанов - кеңестік буынның көрнекті өкілдерінің бірі, ол - ҚазССР мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, прозаик, ақын, сыншы, публицист. Оның бірқатар туындылары көптеген шетел тілдеріне аударылып, ұжымдық жинақтарға енген. Ғұлама жазушы С. Мұқановтың тілдік көркемдігінің басты ерекшеліктерін ашу оңай іс емес, сондықтан бұл зерттеу жазушы тілінің кей тұстарын ғана қамтиды. Қазақ әдебиетінің дамуына ерекше үлес қосқан С. Мұқанов сияқты заңғар жазушының тілдік ерекшеліктерін айқындау бір күннің шаруасы емес екені бәрімізге мәлім. Дейтұрғанмен, С. Мұқанов тілінің көркемдік жағын айқындау біздің осы кішкентай зерттеу жұмысында алға қойған басты мақсатымыз. С. Мұқановтың көркемдік ерекшеліктерін ашу оңай іс емес, сондықтан бұл зерттеу жазушы тілінің көптеген қырларын қамти алмайтынын ескеру керек. Бұл зерттеуде ақын тіліндегі ішкі сезім мен мұңды дәл басу үшін күшті экспрессиядан гөрі әрқилы метафоралар мен антонимдік қолданыстарды зерттегенде тым тәуір нәтижеге жетеріміз анық. Жазушы тілінің көркемдігін және оның тілдегі көрінісін теңеулер мен олардың семантикалық топтарға бөлінуінен байқаймыз. Осыған байланысты жазушының тек атақты «Өмір мектебі» трилогиясының тілдік, стильдік ерекшеліктерін қарастыру таңдап алынды. Жазушы тілінің лексикалық құрамын аңғару үшін күрделі сипаттағы зерттеу жұмысын жүргізу қажет екені түсінікті дегенмен де жазушының тілдік ерекшеліктерін қарастыру, оның ішінде, нақтылағанда, сөздердің лексика-семантикалық топтары бойынша бөліп қарастыру осы мәселенің мәнін ашады. С. Мұқановтың шығармалары тілінің ерекшеліктерін айқындау көкейтесті мәселе деп есептейміз. Шығармалардағы лексикалық бірліктерді, яғни метафора, теңеу, эмоционалды-экспрессивті сөздер, фразеологизмдер, кірме сөздер, лингвомәдени бірліктер т. б., диалог, монологтарды жан-жақты ашу, олардың көрінісін де қарастыру тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Зерттеу нысаны
С. Мұқановтың «Өмір мектебі» трилогиясының тілдік ерекшеліктерін ашу, лексикалық құрамдағы сөздердің лексика-семантикалық топтарын зерттеу.
Зерттеудің дереккөздері
С. Мұқановтың «Өмір мектебі» трилогиясы.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері
Бұл жұмыстағы мақсатымыз жазушы тіліндегі сөздердің сипатын, оның ерекшелігін айқындау болып отыр. Зерттеудің басты міндеті жазушы шығармалары тілінің басты ерекшеліктерін айқындау. Жазушының стильдік ерекшеліктерін тілдік мысалдар арқылы талдау да міндеттердің бірі.
Алға қойған мақсатымызға байланысты мынадай міндеттерді шешу қажеттілігі туындайды:
- метафоралар, теңеулердің қолданылуының басты ерекшеліктерін ашып, өлшемдерін көрсету;
- араб-парсы тілдерінен енген сөздер мен орыс тілінен енген сөздерді мысалдар арқылы жүйелеу;
- көнерген сөздер, лингвомәдени бірліктердің қолданылу ерекшеліктерін көрсету;
- антонимдік, синонимдердің стильдік қолданыс ерекшеліктерін мысалдар арқылы талдау;
- фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, эмоционалды-экспрессиялы сөздердің стильдік ерекшеліктерін мысалдармен айқындау;
- диалог, монологтардың стильдік ерекшеліктерін мысалдар арқылы талдау.
Қорғауға ұсынылған тұжырымдар:
- Қазақ әдебиеті классигі С. Мұқанов тілінде метафоралар орнымен қолданылып, жазушының көркемдік қуатын арттырып, әсерлендіріп тұрады. Теңеулер өз орнымен, мағыналық бірлікте, тіліміздің лексика-семантикалық жүйесін сақтап, адамдардың ерекше мінездерін ашу үшін қолданылған;
- С. Мұқанов тілінде араб-парсы сөздері көптеп қолданылады, ал орыс тілінен енген кірме элементтер әскери сала, саяси-әкімшілік басқару жүйесі, оқу-ағарту, киім, мал, ойын т. б. атаулары болып бөлінеді;
- Жазушы тіліндегі лингвомәдени бірліктер «1) Ыдыс-аяқ атаулары; 2) Қазақтың ұлттық тағамдары; 3) Құрал-жабдық, бұйым атаулары; 4) Киіз үй, оның жабдықтары атаулары; 5) Төрт түлік мал атаулары; 6) Киім атаулары; 7) Салт-дәстүрлер атаулары; 8) Ұлттық ойын атаулары; 9) Саятшылыққа қатысты лингвомәдени атаулар; 10) Бақсылық, халық еміне қатысты лингвомәденибірліктер» деген семантикалық топтарға бөлінеді;
- Стильдік антонимдер жасалуы үшін сөздер сапалық ұғымдарды білдіретін сөздермен тіркесіп, мағына қарама-қарсылығын күшейтеді. Синонимдер мағына жағынан бірдей болмайды, сондықтан жазушы оларды тек орнымен ғана қолданып, тілінің көркемдігін арттырады;
- Жазушы тілінде идиомалар мен фразалар өзара бір-бірімен орайлас деңгейде жұмсалып, шығарманың көркем әдебиет стилін нақыштайды және мақал-мәтелдер өте көп қолданылады және олардың әртүрлі стильдік мақсатқа сай қолданылғаны байқалады;
- Сөз зергері С. Мұқанов тілінде диалогтар мен полилогтар жиі қолданылып, кейіпкерлердің ішкі жан-дүниесін ашуда көркемдік тәсіл болады. Сонымен бірге, бас кейіпкерлердің ішкі ойы монологтар ды жазушы көркемдік құрал ретінде қолданып отырады.
Зерттеудің әдістері
Бұл зерттеу жұмысында зерттеу әдістері ретінде компонентті талдау әдісі, салыстырмалы-сипаттама әдістері қолданылды.
Зерттеудің құрылымы
Диплом жұмысы екі тараудан, қорытынды бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Т. НҰРМАҒАНБЕТОВ ПРОЗАСЫНЫҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. 1 Т. Нұрмағанбетовтың өмірбаяны мен шығармашылығы
Сәбит Мұқанұлы Мұқанов (13 сәуір (26 сәуір) 1900, Ақмола губерниясы, Қызылжар уезі - 18 сәуір 1973, Алматы) - қазақтың әйгілі жазушысы, ақыны, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, 1936-1937 және 1943-1952 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы.
Сәбит Мұқанов қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар (бұрынғы Ақмола губерниясы, Қызылжар уезі, Таузар болысына қарасты екінші ауыл) деген жерде кедей отбасында 13 сәуір (26 сәуір) 1900 жылы туған. Сәбит жеті жасқа келгенде әкесі - Мұқан, сегізге толғанда шешесі өледі де, Мұстафа деген ағасының қолында қалады. Жетімдіктің ауыр қасіретін тартқан Сәбит он жасынан бастап өз бетінше еңбек етеді. Жоқшылық зардабынан Сәбит әркімнің есігінде жүріп, әртүрлі жұмыстар атқарады. Ол отыншы, сушы, қойшы, жылқышы болып, мұғалімдік қызмет жасап, күн кешіреді. Тапқаны тамағына жетпей, мұқтаждық қолын байлаған ол - жасында оқи алмайды. Бірақ, оқысам, білсем деген арманы ойынан бір кеткен емес. Өз бетінше ұмтылып, ауыл молдаларынан хат таниды, 15 жасында қисса, дастандар оқи алатын халге жетеді. Татар молдаларынан сабақ ала жүріп, «Шәкір - Шәкірат», «Зылиха - Жүсіп», «Зарқұм», «Сал-Сал», «Зейне - Зайнап», «Ләйлі - Мәжнүн», «Сейфул - Мәлік», «Бадүғұл - Жамал», «Алпамыс», «Ер Тарғын» жырларын, Ғабдолла Тоқаевтің шығармаларын тауып алып оқиды. Бұл дастандардың көпшілігін Сәбит ауыл ішінде көбінесе жатқа айтып жүреді. Өлең шығаруға талаптанады, ел аузына ілігеді, ауыл ішінде өлеңші бала атанады. Абай Құнанбаевтың 1909 жылы басылған өлеңдері жинағымен танысқан ол Абайдай ақын болуды аңсайды. Абай поэзиясы Сәбиттің ақындық талантына зор қозғау салады. Жасынан ел аузындағы жыр-толғауларды, қисса-дастандарды жаттап, мақамдап айтып үйренген. Қазан социалистік төңкерісінің жеңісі арқасында Сәбит Мұқанов та жалшылық қамытын біржола үзіп, аңсаған арманына жетті, жаңа өмір үшін күресушілердің алдыңғы қатарына саяси-әлеуметтік, қоғамдық істерге белсене қатынасты. Ол 1918 жылдың күзінде Омбы қаласындағы мұғалімдер курсына түсіп, онда бір жыл оқиды. Осы жылдары «Көңілім» (1917), «Зарығу» (1918), «Жоқшылыққа» (1918) өлеңдерін жазды. Білім ала жүріп, М. Жұмабаевқа хатшылық етті‚ оның педагогика тарихы курсынан оқыған лекцияларын қағазға түсірді. Өзі де алғашқы өлеңдерін Мағжанға оқып беріп‚ ақындық өнерін шыңдады. Сәбит курсты бітіргеннен кейін ауылда мұғалім болады, жергілікті «Совдеп» жұмысына белсене араласады. Совет үкіметіне жан таласа қарсы тұрған бай-кулактардың бандиттік топтарын талқандауға төтенше құрылған әскери бөлім қатарына кіреді. Көкшетау ревкомының төрағасы болып қызмет атқарады. 1920 жылы жаз айында Жұмабаевтың жетекшілігімен оқытушылар курсы қайта ашылып, күзге дейін сонда оқуын жалғастырды. 1920 жылы Бүкілодақтық Коммунист (большевиктер) партиясына мүшелікке өтіп, 1921-1922 жылдары Петропавл қалалық партия комитетінде істейді. Осы тұста Сәбит Мұқановтың өлең, мақалалары «Еңбекші қазақ», «Жас қайрат», «Лениншіл жас» газеттері мен «Қызыл Қазақстан», «Әйел теңдігі» журналдарында жиі басылды. 1922-1924 жылдары Оренбургтегі рабфакта оқып, орыс әдебиеті классиктерінің шығармаларымен де танысады.
Партия орындарында қызмет атқара жүріп ол көп мәселелердің сырын ұғынады. 1921 жылы коммунистік төтенше әскери бөлімнің жауынгері болды. 921-22 жылдары әртүрлі қызметтер атқарады‚ ел арасында астық жинау жұмысын жүргізді‚ Ақмола губерниясы ГПУ-дің Көкшетау болысындағы оперативтік уәкілі және РКП(б) Ақмола губернаторлық комитетінің нұсқаушысы болып қызмет атқарды. С. Мұқанов жиырмасыншы жылдары бірнеше ұсақ өлеңдермен бірге, «Жетім қыз күйі», «Тұлпар жорығы», «Балбөпе», «Батырақ», «Октябрьдің өткелдері», «Қанды көл», «Құланның құны» дейтін поэмалары мен «Сұлушаш» романын жазды.
1922 жылы Орынбордағы рабфакқа (жұмысшылар факультетіне) түсіп, оны 1926 жылы бітіреді. Баспасөз орындарында қызмет атқарды: Республикалық «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің бөлімін басқарды, Қазақстан Мемлекеттік баспасының бас редакторы (1926-28) болды, осы кезде ұлтшылдарды әйгілеуге арналған айтысқа қатынасады. 1928 жылы Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) университетінің филология факультетіне оқуға түсіп‚ аз уақыттан соң отбасы жағдайына байланысты Петропавл қаласына келіп‚ «Кеңес ауылы» газетінің редакторы және жазушылар бөлімінің жетекшісі болды. 1930 жылы жергілікті ақын-жазушылар шығармалары негізінде «Жарыс» атты альманах шығарып‚ Қазақстанның әр жеріндегі шығармашылық ұйымдарға үлгі көрсетті. 1932 жылы Мәскеудегі Қызыл профессорлар институтының әдебиет бөліміне түсіп, оны 1935 жылы бітіреді. 1935 жылы республикалық «Кеңес ауылы», «Қазақ әдебиеті» газеттерінің редакторы қызметін атқарды. Қазақстан Жазушылар одағын (1936-37, 1943-51) басқарды‚ ҚазПИ-де (1937-41, қазіргі ҚазҰПУ) профессор болып, қазақ әдебиетінен дәріс береді. Сәбит Мұқанов әр алуан қызметтер арқауымен қатар түрлі жанрда жаңа шығармаларын жариялады. Поэзияда: «Колхозды ауыл осындай», «Майға сәлем», «Сөз-советтік армия»; драматургияда: «Күрес күндерінде» (1938), «Алтын астық» (1939) ; прозада: «Жұмбақ жалау» (1938), «Менің мектептерім» (1940), «Балуан Шолақ» (1941) сықылды шығармалар осы жылдардың жемісі. Екінші Дүниежүзәлік соғысы күндерінде ақын азаматтық, саяси лириканы өткірлей түсті. 1943-1951 жылдары Сабит Мұқанов Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы болып істеді. Бұл тұста да ол жас ақын-жазушыларды баулып, үнемі көмек көрсетіп отырумен қатар, өз творчествосын да байытып, «Сырдария», «Тыңда туған байлық», «Мөлдір махаббат», «Есею жылдары» атты романдары мен «Саяхаттар» (1945), «Туған жердің тыңында» (1955), «Адам Атаның шоқысында», «Алыптың адамдары» тәрізді очерктерін жазды. 1950 жылы Сәбит Мұқановтың шығармашылық қызметінің 30 жылдығы, жасының 50-ге толуына арналған мерейтойына республика жұртшылығы салтанатпен өткізді. Қазақ совет әдебиетінің туып, қалыптасу процесінде үздіксіз сіңіріп келген еңбектері үшін Сәбит Мұқанов екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталды. 1960 жылы жазушының 60 жасқа толуына байланысты оның совет әдебиетіне қосқан зор үлесін атап, КСРО Жоғарғы Кеңесі Сәбит Мұқановты Ленин орденімен марапаттады. Сәбит Мұқанов қазақтың 19 ғасырдағы ойшыл-ғалымы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармаларын ұзақ жылдар бойы терең зерттеді. Омбының, Ленинградтың (Санкт-Петербор) мұрағаттары мен кітапханаларында болып, Шоқан өміріне қатысты материалдар жинаған. Соның нәтижесінде оның қаламынан «Шоқан Уәлиханов» пьесасы мен «Жарқын жұлдыздар» атгы зерттеу еңбегі туды. Сәбит Мұқанов өмірінің соңғы жылдарында Шоқан өмірінен «Аққан жұлдыз» романын жазып, оның екі кітабын шығарған. Жазушы 4 том ретінде жоспарлаған бұл роман аяқталмай қалған. Сәбит Мұқанов драматургия саласында да көп еңбектенді. Кезінде театр сахнасынан тұрақты орын алған «Шоқан Уәлиханов», «Қашқар қызы», «Сәкен Сейфуллин» пьесалары - көрермендер тарапынан жоғары бағасын алған шығармалар. Сын, әдебиеттану саласына жазушы көп еңбек сіңірді. Ол өз ұлтының көркем мұрасын терең игерумен бірге, поэзия теориясының қағидалары мен ережелеріне, өлең құрылысына жіті көңіл бөлді. Ол сонымен қатар қазақ ауыз әдебиетін зерттеді, фольклор және көне жазба мұраларды жинап бастырды. Қазақтың батырлық және ғашықтық жырларының жанрлық ерекшеліктері мен композициялары, сюжеттік ұқсастықтарын салыстыра отырып, олардың халық шығармындағы орнын анықтады. Эпикалық жырлардың жанрлық тарихи сипаттары мен әдебиеттегі орнын белгілеуде фольклорлық мұраны жариялау, зерттеу ғылымына өзіндік үлес қосты. 18-19 және 20 ғасырлардағы әдебиет тарихы және ақын-жыраулар шығармалары туралы зерттеу еңбектер жазды. Сәбит Мұқановтың қазақ әдебиеті туралы зерттеу нысандарын, негізінен, 18-19 ғасырлардағы қазақ әдебиеті, Шоқан Уәлиханов пен Абай Құнанбайұлы, 20 ғасыр басындағы қазақ әдебиеті деп бөлуге болады. Оның «20 ғасырдағы қазақ әдебиеті» (1932) атты кітабы сол кезеңдегі қазақ әдебиетінің шындығы мен дамуы жайында жарияланған бірден-бір дұрыс еңбек болды. Еңбекте Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Ғұмар Қараш, Мағжан Жұмабаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев, Мұхтар Әуезов, Жүсіпбек Аймауытов, тағы басқа ақын-жазушылар шығармаларына кезеңнің саяси талабына сай сыншылдық көзқарас тұрғысынан келгенімен, көркемдік тұрғыдағы озық үлгілерін шынайы бағалады. Оның «Өсу жолдарымыз» (1960), «Жарқын жүлдыздар» (1964), «Халық мұрасы» (1974, Қазақ қауымы, 1995) атты монография, зерттеулері қазақ халқының мәдениеті, тілі, өнері, материалдық тұрмысы, тағы басқа туралы жазылған сүбелі еңбек болып саналды. Сәбит Мұқанов сонымен қатар қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көркеюі, өсіп-өнуі жолында көптеген қазақ қаламгерлерінің қадамдарына қолдау көрсетіп, қарапайым халықпен тығыз байланыс орнатты. Сәбит Мұқанов есімі қазақ әдебиетінің «алыптар шоғыры» қатарында аталады. Оның шығармалары әлемнің 46 тіліне аударылған. 1956-1966 жылдары Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің мүшесі болды. 28-нші сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, КСРО Жазушылар одағының басқарма мүшесі болып сайланған [1, 170 б. ] . 100 жылдық мерейтойы қарсаңында қаламгердің есімі Алматы қаласындағы көшеге, туған ауылына, ондағы мектепке, облыстық кітапханаға, облыстық драма театрына берілген. Алматы қаласында Сәбит Мұқанов атындағы көшеде ескерткіш мүсіні орнатылып, әдеби мемориалдық мұражай-үйі жұмыс істейді.
1. 2 Метафоралардың қолданылуы
Метафора тілде ерекше танымдық қасиеті бар құбылыс. Метафораны зерттеу тарихынан қозғасақ атақты ғалым Аристотельдің түсінігінше: «Метафора сөз мағынасының тектен түрге, түрден текке, немесе түрден түрге, я болмаса ұқсату негізінде өзгеруі» [2, 66 б. ] . Негізінен көне эллин дәуірінде метафораны психологиялық тұрғыда қарастырудың алғашқы қадамдары жасалған. Ол туралы Рим шешені Цицерон метафораны екі түрге: лингвистикалық және әдеби деп бөліп қарағанын айтуға болады [3, 55 б. ] . Метафора мәселесі барлық тілші-әдебиетшілер еңбектерінде сөз болды десек, артық болмас. Қазақ тіл білімінде соңғы кезде шетелдегі метафораны зерттеген ғалымдардың еңбегіндегі пікірлер де есепке алынғаны байқалады. Ағылшын тіл білімінің өкілі А. Ричардс: «Ойлаудың өзі метафоралы, ол ұқсату негізінде дамиды, соның нәтижесінде тілде метафоралар пайда болады» - деген пікір айтады [4, 47 б. ] . Қазақ тіл білімінде метафора туралы көлемді, сүбелі еңбек жазған профессор Б. Хасанов «Қазақ тіліндегі сөздердің метафоралы қолданылуы» атты еңбегінде: «Тіл тарихын зерттеуде метафораның мәні зор, оны сөйлеу мәдениетіміздің бір көрінісі ретінде, образды ойымыздың дамуы мен қалыптасуын көрсететін элемент түрінде арнайы қарастыру қажет, »- дейді [5, 4 б. ] . Ғалым метафораның заттың белгілері, қасиеттері (түр, түс, иіс, дыбыс) ұқсастығы негізінде туындайтынын көрсетеді. Зерттеуші тура мағынадан ауыспалы мағынаның туындауы да көбінесе метафораның негізінде пайда болатынын айтады. «Метафора - екі зат пен құбылысты салыстырудың негізінде ауыс (мағынада) қолданылуы» [5, 8 б. ] . Метафорасыз көркем шығарма болмайды, себебі метафора автордың көркем ойын дәл анық беретін көркемдік тәсіл. Метафора бір ауыспалы мағынадан туатын тілдік құбылыс. Ауыспалы мағынаның туындауына тура мағына себепші болатынын Б. Хасанов былай түсіндіреді: «Тура мағынадағы сөздерге жалпылық қасиет тән болса, метафоралық мағынадағы сөзден алдымен нақтылық пен образдылық байқалады, өйткені тура мағынадағы сөзде зат пен құбылыстың жалпы белгілері сақталса, метафораландырғанда, көбінесе олардың ең қажетті, дәл сол сәтте керекті белгі, қасиеті алынады» [5, 168 б. ] . Күрделі сөздердің жасалуындағы метафора құбылысының маңызын Б. Қасым: «Метафора - тілде әмбебап құбылыс. Оның әмбебаптығы тілдің құрылымында және қызметінде көрінеді. Ол тілдің түрлі аспектісі мен қолданыстық қызметін қамтиды. Тілдегі сөзжасам мен аталымды метафора тұрғысынан зерделеу тілде кенжелеу, назардан тыс қалып келеді. Метафораны зерттеушілер көбінесе бейнелеу, көркемдеу құралы, тәсілі ретінде қарастырады»- деп аталымдағы маңызын айқындайды [6, 255 б. ] . Метафора қолдану сипатына қарай негізінде екі түрге бөлінеді: а) тілдік (сөздік) метафора; ә) поэтикалық (сөйлеу кезінде туындайтын контекстік) метафора. Тілдік (сөздік) метафора сөзге жаңа мағына қосып, оның семантикалық шеңберін кеңейтіп, әрдайым үздіксіз дамытып отырады. Тілдік метафораны жалпыхалықтық сипатына қарап дәстүрлі метафора деп де атайды. Дәстүрлі метафоралық тәсіл бойынша қазақ тіліндегі көп мағыналы сөздер ұқсату заңына сүйеніп, шыққан. Дәстүрлі метафоралардың мағынасы халықтың таным-түсінігі, ой-өрісі, тіршілігі мен тұрмысына байланысты. Олар - мағынасы көпшілікке түсінікті, жиі қолданысқа түсетін бейнелі метафоралар.
Метафоралар ерекшеліктерін өз зерттеуінде арқау еткен профессор Б. Қасым: «Тіл білімінде метафора процесс ретінде және де сол процестің нәтижесі ретінде қарастырылады. Осы жолмен жасалған аталым түрлері процестің өту сипатына және атау берілер нысанға, оның қасиетіне байланысты. «Метафораның лингвистикалық теориясы тек оның лексика-семантикалық ерекшелігін ғана емес, бұл құбылыстың функциональды-семантикалық сипатын да есепке алуы қажет», - деп жазады [6, 148 б. ] .
С. Мұқанов тілінде метафоралар мол қолданылады, әртүрлі мақсатта тұрақты түрде кездесіп отырады. Мысалы: «Әлі күнге көз алдымда: қараңғы түн . . . Аспанда қоршаған бұлт . . . Ішін тарта ышқынып соққан жел . . . Алыста дөңгелене өрттің қызыл құрсауы жер жүзін түгел орап алған сияқты. . (1, 17 б. ) . Құлашын кең жазып алған өрт, сол жүздіктерден түк тастамай, ұйпа-тұйпа қылады да кетеді (1, 17 б. ) . «Кейін естісем, манағы өлген баласын құшақтап орнында жалғыз Мұқан, қасында жалғыз шешем қалады да, Күрілдектің шабармандары қаптап келген бетінде қолдарының уын соған төгеді . . . Жауған қамшының астында әкем талып қалады . . . (1, 18 б. ) . Тамырлықтың аяғы , шын мағынасындағы достыққа айналып, олар бір-біріне егін мәселесінде ғана емес, тіршіліктің барлық жағдайында да жәрдемдеседі (1, 29 б. ) . Қысқы қардың қаймағы апрельдің ортасына дейін бұзылмай тұрады да, апрель орталана, «жақсылық» аталатын бір жылы жел кенеттен есе жөнеледі (1, 31 б. ) . Бұл қимыл жұмсақ желдің лебімен ақырын ғана бүлкілдеп жатқан ұшан-теңіздің бетіндегі қимылға ұқсайды (1, 35 б. ) . - Көрдім, - деді Мәшік, - біздің араның « жел жетпес» атанған жүйріктері . . . » (2, 206 б. ) . Мынау жылқы емес, құс шығар!, - деді Таспай» (1, 206 б. ) . Қолыңнан салған өртің. Қалай сөндірсең мейлің» (1, 223 б. ) . Кейбір метафоралар синекдохалық сипатта қолданылады. Мысалы: - Сары текені сұлату керек, бүгін, - деді ол Шериге» (1, 227 б. ) . Сондай қайғыға қарсы тұра алатын жігіт болуға, жігіттің гүлі - жігіт болуға тырыс!» (1, 233 б. ) . Күтімді арғымақтар маған, кітаптан оқитын жұмақтағы пырақ сияқтанды» (1, 236 б. ) . «Ол - Нұрғожаның «қолшоқпары » (1, 341 б. ) . Жадидтың «туын» русия мұсылмандарының ішінде өзге ұлттардың буржуазиясынан бұрынырақ татар буржуазиясы көтерді"(, 73-75 бб. ) . Мал түлігі болып қалдың (1, 283 б. ) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz