Физика сабағында ойын элементтерін тиімді пайдалану арқылы коммуникативті құзыреттіліктерді дамыту



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Тұтынушылар Одағы
Агробизнес және экономика колледжі

ӘДІСТЕМЕЛІК БАЯНДАМА

Тақырыбы: Физика сабағында ойын элементтерін тиімді пайдалану арқылы коммуникативті құзыреттіліктерді дамыту

Дайындаған оқытушы: Утельбекова А.Б.
физика пән мұғалімі

Қазтұтынуодағы агробизнес және экономика колледж мекемесі

"БЕКІТЕМІН"
Директордың оқу ісі
бойынша орынбасарының м.а.
Кабдолланова А.Е.

Әдістемелік баяндама
Тақырыбы: "Физика сабағында ойын элементтерін тиімді пайдалану арқылы коммуникативті құзыреттіліктерді дамыту"

Оқытушы: Утельбекова А.Б.

Жалпы және арнайы пәндер әдістемелік кеңесінде қаралып бекітілді

Хаттама № " "
ПЦК төрайымы: Оспанова Д.Т.

Семей 2017 ж
Жоспар:
І Кіріспе бөлім
1) Ойын туралы түсінік
ІІ Негізгі бөлім
1) Ойын-пәнге қызығушылықты арттырудың тиімді жолы
2) Ойындардың мақсаты мен міндеттері, ерекшелігі
4) Сапалылығы
5) Түрлері және қолданылуы, теориясы
6) Ұлттық ойын түрлерін физика сабағында қолдану
ІІІ Қорытынды
1) Ойынның маңызы
IV Пайдаланған әдебиеттер

І.Кіріспе бөлім
Ойын өмірде пайдасыз көрінгенмен аса қажетті көрініс-құбылыс. Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері -- мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез, әрі қызығып орындайтын болады.Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды. Ал мұғалімнің міндеті -- балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету.
Педагогика ғылымы оқу процесінде ойындарды ұйымдастыруда келесі талаптарды қояды:
● Ойын оқушылардың еркін шығармашылықтары мен өзіндік әрекетіне
негізделуі керек.
● Ойын оқушылардың тек оң эмоцияларын шығару керек.
● Ойында міндетті түрде оқушы топтарының арасында немесе ойынға жеке
қатысушылардың арасында сайысу элементі болу керек.
● Ойынды ұйымдастыруда оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру қажет.
Тәжірибелер оқушылардың ойынға деген іс-әрекеттерінің жауапкершілігі оқуға немесе еңбекке деген іс-әрекеттеріне қарағанда әлде қайда артық екенің көрсетті. Ойын мақсаты қол жетімді, ал безендірілуі түрлі-түсті және әр түрлі болу керек. Ойын оқушының өзін-өзі басқаруын, белгіленген ойын тәртібін бұзбауын, ең бастысы шығармашылықтарын жақсы дамытуға ықпал ету керек. Жеңіс немесе қандай да бір ұтыс оқушының одан кейінгі іс-әрекеттерін оятады.
Өз сабағында ойын элементтерін пайдаланудың мақсаты:
● Оқушыны тұлға ретінде дамыту, оны қоғамда өз бетінше жемісті
шығармашылыққа дайындау
● Өткен сабақты немесе тарауды оқушы бойына, санасына мықтап бекіту
● Оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейін, байқампаздығын жан-жақты
арттыру.
● Оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, дүние және білім танымын
кеңейту, эстетикалық тәрбиелеу.
● Дербес жұмыс жасауын жетілдіру, экспериментальді-ізденушілік іс-әрекетін
жүзеге асыру дағдысын дамыту
● Оқушыларды ұжымдылыққа баулу, дұрыс шешім қабылдай білуді және
қиын жағдайдан шығудың әр-түрлі жолдарын таңдай білуді қалыптастыру
● Оқушылардың өзін-өзі басқаруын, бағалауын, өзіне деген сенімің арттыру.

ІІ. Негізгі бөлім
Ойын - оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі.Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті - ойын болса, оқу - тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланатын түрлі ойындар арқылы жүзеге асады.
Мақсаты - ойын арқылы оқушылардың білім-білік, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Оқытудағы ойынның міндеті:
* Ойын арқылы оқу мен тәрбиені ұштастыра отырып, білім деңгейімен дағдыларын жетілдіру.
* Ойната отырып, жаңа білімді меңгерту.
* Танымдық қызметі мен ой-өрісін кеңейту.
* Оқушының өзіне деген сенімін арттыру, оқуға деген қызығушылығын, белсенділігін дамыту.
* Оқушыларды адамгершілікке бір-бірін сыйлай білуге, көмектесуге үйрету.
Балаларды оқытудағы ойынның ерекшелігі:
* Ойын барысында оқушының ой-өрісі дамиды, сөйлеу қабілеті жетіледі, қарым-қатынас жасауға үйренеді, көңіл-күйі көтеріледі, оқушы жалықпайды, сөздік қоры көбейеді.
*
* Сабақ сапасы жақсарады, пәнге деген қызығушылығы артады, логикалық ойлай білуге ұмтылдырады, тәртіп сақтау қабілеті, есте сақтау қабілеті қалыптасады.
Ойындардың сапалылығы:
Ойын барысында грамматикалық анықтамаларды, тілдік нормаларды игерту мүмкіндіктері мол болады. Сабақта мұғалімнің диктаторлық рөлі жойылып, оқушылар серіктестікке, ынтымақтастыққа, бірігіп жұмыс істеуге деген қызығушылықтары артады. Ойын барысында баланың адамгершілік қасиеттері, өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады. Ойын арқылы сыныптағы нашар оқитын оқушыларды да сабаққа нәтижелі тартуға болады.
Пәнге танымдық қызығушылықты дамытудың үш шарты бар:
Біріншісі-мазмұнның жаңғыртылуы, бұрын жария етілген фактілерді жаңаша сипаттау, хабарланып отырған материалға тарихи бағдар беру, ілімнің практикалық мәнін ашып көрсету және ғылымның соңғы жаңалықтарын, табыстарын жүйелі баяндау;
Екіншісі-өз бетінше жұмыс істеудің әрқилы түрлерін,оқытудын проблемалық тұрғыда қолға алған материалды зерттеу негіздеріне және оқушының шығармышылық, практикалық жұмыстарына бағытталған оқу тәсілдері.
Үшіншісі-оқушының қабілетің ұштау, мұғалімнің оқушыға көмек беруге дайын тұруы, олардың мүмкіндіктеріне қолдау көрсету қабілеті, талап қоюшылдығы мен адалдығы, балаларды көтермелей білу, сондай-ақ оқушылырдың өз ара бәсекелесіне көмек көрсете білу қасиеті.
Оқушы назарын аударатын,ойына түрткі болатын физика туралы қызықты материалдар, әртүрлі тартымды қызықты есептер,ойындар сабақ үстінде өзінің орнын табу керек.
Ойын-шығармашылық, ойын-еңбек және тәрбие. Ойнау барысында оқушының дербес ойлау мүмкіндігі,зейін қоя білу қабілеті дамиды.Ойын-мектеп оқушыларын тәрбиелеудің тиімді жолы, олардың қуанышты дүние және білім танымын қалыптастыруды қамтамасыз етеді, нақты өмір жағдайында өзіне тапсырылған міндетті-оқуда, еңбекте, қоршаған ортамен қарым-қатынаста болсын алға қойған мәселерді дұрыс шешуге жәрдемдеседі.
Ойын элементтерін физика сабағында пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:
● пән бойынша базалық білімді меңгеру;
● алған білімді жүйелеу;
● өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
● жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;
● оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде
әдістемелік көмек береді.
Ойын элементтерін өз тәжірибемде қолдануымның тиімділігі.
Балаларға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседідеген Питер Клайн сөздерін басшылыққа ала отырып оқушылардың шығармышылық қабілеттерін ойын арқылы дамыту мақсатында, оқушыларға теориялық білімді тиісті дәрежеде меңгерту үшін оларға эксперименттік есептер, шығармашылық жаттығулар, зерттеушілік зертханалық жұмыстар, тапқырлыққа баулыйтын қызықты үй тапсырмаларын (бақылау жүргізу, модель жасау, конструкциялық схемалар салу, реферат жазу т.б.)орындатамын. Физика сабақтарында және үйірме жұмыстарында ғалымдардың, конструкторлардың, өнер тапқыштардың, бизнесмендердің өмір жолы мен шығармашылық іс-әрекеті жайлы әдістемелік журналдардан, мысалы Алгорифм журналындағы Ғылымға құштар жас өрен, Ғылыми техникалық ақпараттар, Білгенге маржан деген рубрикаларды үнемі оқып, олардың шығармашылық ерекшеліктерімен таныстырып отыруды дағдыға айналдырғанмын.
Өз сабағымда ойын элементтерін көбіне үй жұмысын тексеру барысында, мысалы викторина, физикалық диктант,графикалық бақылау т.б. , дидактикалық ойындарды жаңа материалдарды бекіту мақсатында қолданамын, мысалы Дискуссиялық карта, тест,тақырыпқа байланысты үйлестірмелік материалдар т.с.с.. Сыныптан тыс немесе үйірме жұмыстарында ойынның сайыс түрін көбіне қолданамын,яғни оқушыларды топқа бөліп сайыстырамын. Топтау әдістерінің тиімділігі:
● оқушылардың бір-біріне жолдастық, достық қарым-қатынасы арта түседі;
● бір-біріне бар ынта-жігерімен көмектеседі,үйретуге бейім болады, үйрете
жүріп өзі де үйренеді;
● оқушының үйымдаструшылық қабілеті арта түседі және бағалау жұмысын
салыстырмалы түрде жүйелі жүргізуге мүмкіндік туады, өз беттерімен
ізденістері туындайды, жүйелі түрде жұмыс жүргізуге дағдыланады.
● өз білімі мен жолдастарының білімін саралай, бағалай білуіне толығырақ
мүмкіндік туады.
Өз сабағымда үйлестірмелік материалдарды өзім жасаймын, онда логикалық есептерді, қызықты тәжірибелерді, тақырыпқа байланысты физикалық мағынасы бар жұмбақтарды жасырамын. Мысалы 8-сыныпта Заттың агрегаттық күйлері тақырыбын өткен кезде пәнаралық байланысты жүзеге асыру мақсатында мынадай тапсырмасы бар таратпа беремін: Өзен, Бу, Жер сөздерін физика, биология, әдебиет, химия тілдерінде түсіндір. Күтілетін жауап жобасы мынадай болуы мүмкін, мысалы: өзен-су заттың сұйық агрегаттық күйі,-физика тілінде; биология тілінде: өзенде балықтар болады, су түбінде өсімдіктер өседі; әдебиет: Жер - қазына, су-алтын! Сақтай біл ата ел салтын! Су ішкен құдығына түкірме; химия: 2Н2+О2=2Н2О. 9 сыныпта Дененің шеңбер бойымен қозғалысы тақырыбын өткенде мынадай жұмбақ қоюға болады: көк лағым көғен сүйреді (Ұршық) ,7 сыныпта қысым тақырыбын өткенде: Табаныма байладым,қос таяқпен айдадым. (ж. шаңғы) т.с.с.
Сабақта ойын элементтерін пайдалану оқушыны қызықтырып, сабаққа ынталандырып, жауапкершілігін арттырып,шапшандыққа, тез есептеуге, талдау мен салыстыруға, зейін мен есті дамытуға, тапқырлыққа,жігерлікке тәрбиелейді және шаршатпайды.
Сабақта ойын элементтерін пайдалану мынадай нәтижелерге жеткізеді:
● Оқу материалының тиімді меңгерілуіне мүмкіндік береді, сабақтың өнімділігі
артады
● Оқушының пәнге деген қызығушылығы мен зерттеушілік қабілетің
туғызады
● кері байланыс тиімді жүзеге асырылады
● оқушы мен мұғалім арасында сенім, қолдау және демократиялық қарым-
қатынас орнатуға мүмкіндік береді
● оқушының өз-өзіне деген сенімділігін қалыптастырып, өзінің қабілетін
ұштауға мүмкіндік береді
● өзара пікір алмасу қатынасы жүзеге асады,өздерін басқарады, бағалайды
● өз идеяларын жүзеге асырады
● сөйлеу қоры, сөйлеу мәдениеті қалыптасады
● эксперимент жасап, дәлелдеуге үйренеді
● ынтымақтастыққа, ұжымдылыққа үйренеді
● жүйелікке, нақтылыққа, логикалық ойлауға бейімделеді
● басқа пәндерден алған білімдерін бекітуге көмектеседі
● танымдық қабілетінің дамуына әсер етеді
Сонымен, қорыта айтқанда, физика сабағында оқушылардың құзіреттілігін арттыру мақсатында ойын элементтерінін атқаратын рөлі ерекше.Сондықтан физика сабақтарында ойын элементтерін неғұрлым жиі пайдалансақ, соғұрлым сабағымыз қызықты, тартымды өтеді.
Мектеп пәндерінің ішінде физиканың алатың орны ерекше.Физика оқушыларға ғылыми әлемді суреттейді. Физика әлемде болып жатқан түрлі құбылыстарды, жаңалықтарды дұрыс қабылдап, түсінуге көмектеседі.Ғылыми техникалық прогресстің негізі бола тұрып,физика оқушылардың шығармашылық қабілеттілігің қалыптастырады,әлемге деген көзқарасын кеңейтеді, әлемге деген қызығушылығын оятады. Білім беру-оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі.Қазіргі кездегі білім берудегі мақсат-оқушы құзіреттілігін дамыту, яғни жан-жақты,білімді, өмір сүруге бейім,өзіндік ой толғаны бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту,істеген ісіне тұжырым жасап,қорытындыға келу, ойлауларын кеңейтіп, ой еркіндігіне жол ашу.
Қоғамымыздың саяси, мәдени, экономикалық дамуына үлес қосатын, әлемдік талапқа сай келетін білімді, мәдениетті азамат дайндап, тәрбиелеп шығару біздің міндетіміз.
Оқушыларды ғылымға қызықтырушылығының көптеген жолдарының бірі сабақта ойындар ұйымдастыру.
Оқу , ойын және еңбек адамның негізгі қасиеттерінің түрлері.Ойын оқу мен еңбек бола тұрып,оқушыларды оқуға, еңбектенуге бейімдейді. Ойын процесінде оқушы пән туралы және қоршаған әлемнің таңғажайып құбылыстары туралы әр түрлі білім алады. Ойын баланың бақылампаздығын дамытады. Сонымен ойын оқушылардың ойын қозғай отырып, олардың жетіле дамуына,шығармашылық қиялдарының дамуына көмектеседі. Француз ғалымы Луи де Бройль айтқандай, барлық ойындарда, тіпті ең қарапайымында да ғалымның жұмысымен көптеген ортақ элементтері бар.
Ойында оқушыны алдымен берілген есептің немесе мысалдың күрделілігі қызықтырады, өйткені оны шешуге болады, содан сон оқушы жаңалықты ашып және қоыйлған кедергіден өте алғанына қуанады. Дәл осы себепті адамдардың барлығын жасына қарамастан ойын қызықтырады.
Кез келген ойын сабақтың негізгі мысалдарын шешуге ықпал ету керек, мысалы білімдерін бекіту мақсатында, есептерді шығаруды жақсы игеруі үшін т.б.. Тек осы жағдайда ғана ойын сабақты оқытудың элементі болады. Дидактикалық ойындарды құрастыру барысында сабақтың таңымдық элементі мен ойын элементтерінің үйлесімі қиындық келтіреді. Алдымен сабақта оқушының назары ойын әрекетіне бағытталады, содан соң ойын процесінде оқушы өзі байқамай белгілі бір материалды игеру процесіне көшеді.Сөйтіп оқушылардың ойынға қызығушылығы бірте-бірте сабақты оқуға алмасады.
Физикалық ойын ол тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат беретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі.
Көрнекті педагог В.Ф. Сухомлинский Егер мен сабақ беруші ғана болсам, педагогтік деңгейге көтеріле алмас едім, шәкірттерімнің жүрегі мен үшін қақпасын мәнгі ашпас тас қамалдай болып қала берер еді., деген сөзін өз санамызға сіңіріп, бұл тұжырымға көп мән беруге болады. Ойын барысындағы қарым-қатынаста педагог басты назарды достық, жолдастық қарым-қатынас пен өзара түсінікке аударады. Топтық ойындағы оқушының алар орны күнделікті өмірден айтарлықтай өзгеше. Ол ойындағы атқаратын роліннен туындайтын мазмұнымен сипатталады.
Жас ұрпаққа жан-жақты білім беру әрбір ұстаздың басты міндеті. Қай әдісті пайдалансақта алға қойған мақсат біреу. Ол оқу бағдарламасының материалдық мазмұнын оқушы бойына сіңіру. Сыныптағы оқушылардың қабілеті әр түрлі, сондықтан физика сабағында әр сыныптағы оқушының жас ерекшеліктеріне қарай және білім деңгейіне сай сабақтын түрін тауып, сол тақырыптарды игеруді мақсат ету керек. Бұған оқушылардың қызығушылығын арттырудын бір көзі - физикалық ойын элементтерін қолдану. Бұл айтып отырған мәселе оқушылардын ойлау қабілеттерін арттырады, олардың арасында саналы жарыс істеуге дағдыландырады, есте сақтау қабілетін нығайтады, сабаққа белсенділігін арттырады.
Физикалық ойындар-сыныпта жүргізілетін жұмыстардың ішінде ең қызықтысы. Ойынның қандай түрі болсада балаларды өзіне тартады.Мұнын өзі мұғалім үшін өте қажет жағдай.Мұғалім де әрбір ойын жөнінде терең толғанып, оның оқу және тәрбиелік маңызын түсіне білуі керек. Оқушыларға қойылған сұрақ қысқа әрі түсінікті болуы шарт.Ойын процесінде мүмкіншілігінше ойынның бірнеше түрін кезектестіріп отыру керек.
Оқушылардың физика ғылымын игеру құштарлығын арттырып белсенді жұмыс істеуін, тез ойлану қабілетің арттыруға дидактикалық ойындар, қазақтың ұлттық ойындары, логикаға бағыттайтын ойындар орны ерекше. Физикалық ойындар оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады және пәннен алған білімін шыңдай түседі. Ойындар ұйымдастыруда оқушыларды қызықтыратын тапсырмалар таңдай білу-мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді.
Ұлттық ойын түрлерін физика сабағында қолдану
Халқымыздың тарихи - мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Олардың қай - қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі - ұлттық ойындар.
Адам ата - анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, татып ескерсе, дүниедегі жақсы - жаманды таниды - дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады, - дейді Абай Құнанбаев.
Абайдың бұл пікірі ойынға да толық қатысты. Ұлттық ойындар - ата бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз. Сондықтан оны үйренудің, білудің маңызы зор.
В.А. Сухомлинский ойын туралы былай деген: Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жорық іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жеңімпаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз - ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты.
Міне, ойын дегеніміз - тыныс кең, алысқа меңзейтін, ойдан ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат беретін ғажайып нәрсе, ақыл - ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.
Қазақ халқының ұлттық ойындарын физика ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
PISA зерттеуінің математикалық сауаттылық бағыты
Оқушылардың кейспен жеке өзіндік жұмысы
Биология сабағында жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыру
Функционалдық сауаттылықтың түрлері
Жобалық оқытудың мақсаты мен ерекшеліктері
Ақпараттық технология бойынша сабақ өткізу
Информатика пәнін оқытуда ойын технологияларын қолдану
Кәсіптік оқыту саласындағы педагогикалық технологиялар
Ағылшын тілі сабағында оқу - танымдық құзыреттілікті қалыптастыру тәсілдері мен түрлерін ашу
Пәнді шет тілі арқылы зерделеу
Пәндер