Авторлық құқықтың субъектілерінің түсінігі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасы

Еуразия гуманитарлық институты

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні:Азаматтық кұқық

Тақырыбы: Авторлық құқық

Орындаған:

Дютк 20-01 тобының студенті

Маратова А. Қ

Жетекшісі:

Азаматтық құқық пәннің оқытушысы

Альмухамбетов Ж. Н

НҰР-СҰЛТАН 2021ж

ЖОСПАР:

КІРІСПЕ . . . ………3

1. АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ . …4

1. 1 Авторлық құқықтың ұғымы және қағидалары . 4

1. 2 Авторлық құқықтың субъектілерінің түсінігі. . …… . 8

1. 3 Авторлық құқықтың объектілері . . . 9

2. САБАҚТАС ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК. . 13

2. 1 Сабақтас құқық субъектілері мен объектілері 13

2. 2 Сабақтас құқықтардың қолданылу мерзiмi . . 18

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АВТОРЛЫҚ ЖӘНЕ САБАҚТАС ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУ . . . 19

3. 1 Авторлық және сабақтас құықтарды қорғау. 19

3. 2 . Авторлық және сабақтас құқықты қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік орган және оның құзырлары. 22

Қорытынды. 24

Пайданылған әдебиеттер тізімі . . . ………25

Кіріспе

Менiң курстық жұмысымның тақырыбына арқау болып отырған негiзгi мәселелер Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес авторлық және сабақтас құқықтар субъектiлерiнiң құқықтық жағдайын теориялық және құқықтық тұрған қарастыру болып табылады. Бұл мәслеге жалпы авторлық құқыққа қарастыры тұрғыдан мән берер болсақ ол тiптi әлемдiк денгейде әлi күнге дейiн, өз шешiмiн таппай отырған үлкен бiр өзектi проблемалар қатарында тұр десек артық айтпағандық болар едi. Сонымен бiрге менiңше осы қарастырылатын мәселелердiң өзектiлiгiн сондай-ақ мына мән жайлардан-ақ байқап көруге болар едi. XXI ғасырдың басында ғылыми-техникалық прогресстiң өте қарқынды iлгерлеп дамуы авторлық және сабақтас құқықтардың жаңа объектiлерi мен субъектiлерiн өмiрге алып келуде, соның бiр мысалы ретiнде тек интернет жүйесiн алып қарар болсақ құқықтық тұрғыдан әлiде өз шешiмiн таппаған қыруар мәселелердiң барына көз жеткiзу мүлдем қиын емес деп ойлаймын.

Мiне бүгiнде бiздер осы жайларға және өзге де мәселелерге жете мән берер болсақ Қазақстанда авторлық құқық саласын үнемi әрi үздiксiз жетiлдiрiу қажеттiлiгiн аңғару қиын емес деп бiлемiн.

Сондай-ақ мен өзiмнiң курстық жұмысымда Қазақстан Республикасының заңдары бойынша авторлық құқықтың субъектiлерi болып табылатын тұлғалардың құқықтық жағдайына жалпы теориялық тұрғыдан талдау жасауға және сондай-ақ осы авторлардың мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтарын қорғауға байланысты қазiргi кезде тәжрибеде жиi кездесетiн өзектi теориялық және тәжрибелiк мәнi бар сұрақтарды қарастырылады.

Мен өзiмнiң курстық жұмысымда ең алдымен авторлық және сабақтас құқықтардың субъектiлерiнiң түсiнiгi мен түрлерiн қарастыра келiп авторлардың құқықтарын қорғау мәселесiне теориялық және құқықтық тұрғыда мүмкiндiгiнше тереңрек қарастыруды өзiме мақсат етiп қойдым. Сондай-ақ Қазақстан Республикасында авторлық құқықтық қатнастарды реттейтiн заңнамаларға теориялық тұрғыдан сараптама жасап кеткiм келедi әрi сонымен бiрге шетелдердегi авторлық құқықтарды қорғау мәселелерiнеде бiраз талдау жасап кетудi жөн деп шештiм.

1 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ

1. 1Авторлық құқықтың ұғымы және қағидалары

Халықаралық деңгейде авторлық құқық туралы идея көптеген зерттеушілердің (отандық та, шетелдік те) айтуынша кітап басу ісімен жəне техниканың пайда болуымен тікелей байланысты XVI ғасырда пайда болды. Бұрын баспа ісі жоқ кезде қолжазбаны көбейту өте қиын болатын да, автор мүлкіне қол сұғу сирек кездесетін. Кейіннен, XVI ғасырда Иоганн Гутенберг жылжымалы литерді ойлап тауып, кітап басатын станок дүниеге келісімен кітап шығару күрт өсіп, шығарма иесіне пайда түсіре бастады. Шығармашылық еңбек саудаға айналды. Бұл авторлардың осындай туындыларды еркін пайдалануына тежеу бола тұрса да, осы туындыларды пайдалануды реттеуге байланысты сауалдар авторлардың құқықтарын қорғау негізінде емес, кəсіпкерлердің - баспашылар мен кітап сатушылардың мүдделерінің қозғалуымен пайда бола бастады. Яғни, жақсы кітапты ұрлап шығаратындар, біреудің шығармасын екіншілердің жөнсіз пайдаланып кетуі, кітап басу арқылы пайда табатындардың арасындағы бəсекелестік алғашқы «əдебиет қарақшыларын» тудырды. Баспа өнімдерінің экономикалық пайдасымен қоса, саяси жəне əлеуметтік күш-қуатын тани білген билік иегерлері XV ғасырдың аяқ шенінде ыңғайлы жеке баспагерлерге ғана ерекше мүмкіндік тудырып, қалғандарын патшалар мен корольдердің жарлығы арқылы тежеп реттеп, басқарып отырды, яғни Англия мен Францияда корольдермен, германдық князьдықтарда - князьдармен, т. б. берілетін құзіреттер жүйесі орнықтырылды.

Англо-американдық құқық жүйесі елдерінде авторлық қарым-қатынастарды реттеуде сот прецедентімен қатар маңызды рольге заңнама ие болады. Тарихқа үңілетін болсақ, Еуропадағы осы аядағы алғашқы Заң XVII ғасырда дүниеге келді. Ағылшын баспагерлері мен кітап саудагерлері компаниясының автор құқығын қорғауға байланысты талаптарына сəйкес əзірленген заң жобасы 1709 жылы талқыланып, ол 1710 жылдың сəуірінде «Королева Аннаның Статуты» деген атпен күшіне енді. Бұл заң, басында тек баспагерлердің ғана мүддесін қорғап, кейіннен басқа буржуазиялық мемлекеттермен қабылданып, туындыға айрықша құқықтарды қорғаудың фундаменталды қағидаларын бекітті. Қазіргі кезде Англияда 1956 жылғы заңның орнына келген 1988 жылғы Авторлық құқық туралы заң жүзеге асуда жəне бұл заңның күші алғашқысы сияқты бүкіл Ұлыбритания территориясында таралады. Ал суретшілердің авторлық құқығы туралы заң Англияда 1735 жылдың өзінде қабылданған еді [2, 13-15б. ] .

Əдеби меншік туралы ұғым Францияда бұрыннан пайда болғанымен, ол 1977 жылы XVI Людовиктің күш салуымен бір жүйеге келтіріліп, автордың өз шығармасын басып шығаруын жəне сатуына деген құқығы заңдастырылды. Ал 1791 жəне 1793 жылғы декреттерде автор өз шығармасын қалай пайдаланып, қанша рет басып шығарамын десе де еркі бары айрықша айтылған [3, 21б. ] .

Германияның əртүрлі аймақтарында автордың құқығын мойындайтын құжаттар 1686 жылдан бастап қабылданғанымен, Бүкілгерманиялық алғашқы Заң 1837 жылы жарық көрді.

Ал Дания мен Норвегияда 1741 жылы қабылданып, 1814 жылға дейін күшін сақтаған декретте автор мен оның мұрагерінің құқығы өмір бойы сақталды. 1762 жылы Үшінші Карлдың патшалығы кезінде Испанияда қабылданған Заң кітап шығаруға тек автордың айрықша құқы барын бекітті.

Санаткерлік меншікті қорғауда өз жүйесін қалыптастырған Америкада авторлық құқық туралы заң тұңғыш рет 1790 жылы қабылданған болатын. Авторлық құқықты қорғаудың американдық жүйесі қазір əлемнің қай еліне болса да өз ықпалын тигізіп отырғаны ақиқат. Өйткені жыл сайын мемлекет бюджетіне 350 миллиард доллар пайда келтіретін санаткерлік меншікке иелік жасап, азаматтарының шығармашылық қызметінің табыстарын қорғау арқылы ел байлығын еселей түсуге болатындығы əркімге ақиқат. Сондықтан бұл елдің осы аяны дамытуға күш-жігерді де, қаражатты да аямайтындығы сөзсіз [4, 17б. ]

Ресейге келетін болсақ, əдеби туындыларды қайта шығару жəне таратумен байланысты қарым- қатынастарды реттеу баспашылар мен кітап сатушылар құқықтарын да, авторлар құқықтарын да қорғау үшін пайда болған жоқ. Ресей авторлық құқығының негізгі ерекшелігі оның цензуралық заңнамамен байланысы болып табылады. 1771 жылға дейін кітап шығарушылық қызмет Ресейде мемлекеттік монополиялар қатарына жатқызылып келді. 1771 жылы Петербургте шет тілдерінде кітап басып шығаруға байланысты құзіреттер енгізіліп, сол кезде шетел əдебиеттеріне цензура енгізілген еді. Орыс тіліндегі кітаптарды басуға мүмкіншілігі бар жеке типографияларға келетін болсақ, оларды құруға рұқсат тек 1783 жылғы 15 қаңтардағы жарлықпен ғана беріліп, ол 13 жылдан кейін өте либералды нормативтік акт ретінде күшін жойған еді. Мемлекеттің кітап шығару аясындағы үстем ролі Ресейде XIX ғасырдың ортасына дейін сақталып келді. Ең бірінші авторлардың өз əдеби туындыларына құқықтарын бекітетін заң тек 1828 жылы Цензуралық жарғының арнайы бір тарауы ретінде пайда болды жəне оның бастау көзінде орыстың ұлы драматургтері А. Н. Островский, А. К. Толстой, И. С. Тургенев, Н. С. Лесков сияқты алыптар тұрды. 1875 жылы оған Н. А. Римский-Корсаков бастаған композиторлар келіп қосылды [5, 36-37б. ]

Қазіргі кезде Францияда жүзеге асып отырған авторлық құқық туралы негізгі

заң 1957 жылы 11 наурызда қабылданған Əдебиет жəне көркемөнер меншігі туралы заң (соңғы өзгерістер 1985 жылы жасалған), ал ГФР-дегі авторлық құқық туралы негізгі заң болып 1965 жылы 9 қыркүйекте қабылданған Авторлық жəне сабақтас құқықтар туралы заң (соңғы басты өзгерістер 1972-1974 жылдары енгізілген) жəне осы заңмен қатар қабылданған Авторлық құқықтарға билік ету туралы (авторлық қоғамдар туралы) заң танылады [6, 366б. ] .

Авторлық келісім шарттар германдық Азаматтық Ережелерде көрініс тапқан келісім-шартты құқық нормаларымен, 1922 жылы 7 желтоқсанда қабылданған швейцарлық Əдебиет жəне көркемөнер туындыларына авторлық құқық туралы федералдық заңымен (соңғы өзгерістер 1955 жылы енгізілген) реттеледі. АҚШ-та 1976 жылы Авторлық құқық туралы жаңа заң қабылданып (титул 17 «Авторлық құқық» Құрама Штаттардың заңдар Бостандығы), ол 1978 жылы 1 қаңтарда күшіне енді. 1988 жылы АҚШ-тың Берн конвенциясына қосылуымен байланысты оған өзгерістер енгізілген еді. Авторлық қарым-қатынастар АҚШ конституциясына сəйкес жекелеген штаттардың заңнамаларымен емес, федералдық заңнамамен реттеледі, сол себепті, 1976 жылғы заң да, оған дейінгі заңдар сияқты федералдық болып табылады [7, 471б. ] .

Сонымен, Еуропа елдерінде де, Ресейде де авторлық құқық алғашында əдеби туындыларды пайдалану құқығы ретінде көрініс тапқан еді. Кейіннен, авторлық құқықпен қорғалатын объектілер шеңбері кеңіп, өз қатарына музыкалық, көркемсурет жəне басқа да туындылар түрлерін қоса түсті.

Тарихи түрде авторлық құқықтың жүзеге асуы - автордың азаматтығы немесе қай елге бағыныштылығына байланысты анықталып келген еді. Бұдан қазір де орын алып отырған авторлық құқықтың территориалдық қағидасын көруге болады. Уақыт өтісімен, бір мемлекет азаматтарының өз туындыларын пайдалануға байланысты құқықтарының басқа мемлекеттер территорияларында да қорғалуы аса қажет етіле бастады. Бірақ, бұл мəселе терең түрдегі ізденіс пен шешімді қажет етті. Яғни, халықаралық байланыстың дамуы санаткерлік меншік иесін анықтап, оны тудырушы ел мен пайдаланушылар арасындағы қарым-қатынасты реттеудің, яғни, осы саланы бір жүйеге келтіретін халықаралық заңдарды қабылдаудың қажеттігін тудырды.

Бүгінгі таңда Қазақстан авторлық құқықтар жөніндегі мынандай халықаралық жəне аймақтық келісімдер мен конвенциялар талаптарын орындауға міндеттенуде:

Бір ғасырдан астам тарихы бар Əдеби жəне көркем туындыларды қорғау туралы тұңғыш конвенция 1886 жылы 9 қыркүйекте Бернде қабылданды. Берн Конвенциясына бірнеше рет толықтырулар, өзгертулер енгізілгенімен оның жалпы қағидалары толық сақталған жəне ол барлық қатысушы елдерге ортақ болып саналады. Республика Президенті «Қазақстан Республикасының Əдеби жəне көркем туындыларды қорғау жөніндегі Берн Конвенциясына қосылу туралы» Заңына 1998 жылдың қарашасында қол қойды. Осы арқылы Қазақстан өзінің шығармашылық еркіндігін, санаткерлік потенциалды қорғау қағидаларының жолын берік ұстай отырып, əлемдік қауымдастыққа лайықты орын алуға ұмтылысын дəлелдей түсті. Авторлық құқық - программалық бұйымды әзірлеуге қатысты автордың құқықтық жағдайын анықтайтын заң шығаратын нормалар жиынтығы.

Авторлық құқық ғылым, әдебиет, өнер шығармаларын шығару және пайдалануға байланысты қатынасты реттейтін азаматтық құкық тарауы; ол ұлттық құқық пен авторлық құқықты қорғау жөніндегі халықаралық конвенциялармен реттеледі.

Ғылым, әдебиет және өнер шығармаларын жасаумен және пайдаланумен (басып шығару, орындау және т. б. ) байланысты қатынастарды реттейтін азаматтық құқық бөлімі. Авторлық құқықты қорғау жөніндегі ұлттық құқықпен және халықаралық конвенциялармен реттеледі. Құқықты калпына келтіру, сондай-ақ келтірілген залалды өтеу туралы талап арыздың көмегімен, бұзылған құқықтарды қорғау, сотта істі қарау тәртібімен жүзеге асырылады.

Авторлық шарт Автор(немесе оның мұрагерлері) мен баспа, театр, киностудия және т. б. арасында әдебиет, ғылым немесе өнер шығармаларын қолдану жөніндегі шарт. Авторлық шарт жағдайы азаматтық заңнамалармен айқындалады.

Автор - шығармашылық еңбегімен ғылым, әдебиет, өнер туындысын жасаған жеке тұлға. Авторлық құқық автордың мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтары болып табылады. Авторлық құқықтың жаңа кезеңі еліміздің тәуелсіздігімен тікелей байланысты, 1992 жылы бүкілодақтық агенттіктің Қазақ бөлімшесі негізінде Қазақстанның авторлық құқық және сабақтас құқықтар жөнінде Мемлекеттік агенттігі құрылды.

Сабақтас құқықтар - орындаушының, фонограмма жасаушының, эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының мүліктік құқықтары және орындаушының жеке мүліктік емес құқықтары. Сабақтас құқықтар авторлық құқықпен қорғалатын шығармалар төңірегінде қалыптасады. Сабақтас құқықтың авторлық құқықтан айырмашылығы дайындау, жазу, тарату, барысында делдал қызметін атқаратын адамға тиесілі болады. Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау ісінде елімізде біршама жұмыстар жасалуда. Сабақтас құқық саласындағы заң бұзушылықтар үшін азаматтық, әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктер көзделген. Айталық, интернет желісінде туындыларды заңсыз пайдалану фактілерін болдырмау мақсатында ҚР Қылмыстық кодексінде, және әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте авторлық құқықты бұзғаны үшін жауапкершілік туралы көрсетілген. Авторлық құқық объектілерін заңсыз пайдалану мақсатында интернет ресурсын ұйымдастыру және жасау арқылы авторлық құқық объектілерін заңсыз пайдаланғаны үшін тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде туындыларды заңсыз пайдаланғаны үшін ӘҚБтК-нің 129-бабында интернет желісінде пайдалануды қоспағанда, авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін заңсыз пайдалану, сол сияқты өткізу мақсатында авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактілік даналарын сатып алу, сату, тасымалдау және дайындау, авторлықты иеленіп алу немесе тең авторлыққа егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде лауазымды адамдарға жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға бір жүзден бір жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салынатыны көрсетілген.

1. 2. Авторлық құқық субъектілерінің түсінігі.

Авторлық құқықтың субъектілері болып туындыға қатысты субъективтік авторлық құқықтар жататын тұлғалар табылады . Қазақстандық заңнамаға сәйкес субъективтік авторлық құқықтарды қазақстандық азаматтар, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар, олардың мұрагерлері мен құқық мирасқорлары иеленеді. Субъектілердің әр санаттары үшін туындыға құқық әртүрлі заңды фактілерге байланысты - туындыны тудырумен, мұра бойынша авторлық құқықтардың өтуімен, т. б. туындайды.

Авторлық құқықтың негізгі субъектілері болып туындының авторы табылады. Автор - туындыны шығармашылық еңбегімен тудырған жеке тұлға ("Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" ҚР Заңының 4-бабы) .

Сөздіктерде "автор" түсінігінің талқылауына келесідей түсіндірмелер беріледі.

"Автор - тудырушы, құрастырушы, жазушы… Авторлық - жағдай, міндет немесе жазушының іс-әрекеті" .

"Автор (латын тілінен - au (c) tor) - кез келген туындының, ғылыми зерттеудің, өнер табыстың және т. б. тудырушысы" .

"Автор - туындыны тудырушы тұлға" .

Автордың құқықтық мәртебесі кез келген тұлғада авторлық құқықпен қорғалатын туындыны жасау сәтінен бастап анықталады. Сонымен қатар, заң осыған қатысты ешқандай шектеулерді авторлық құқықтың субъектілеріне қоя алмайды.

Ғылым, әдебиет және өнер туындыларына авторлық құқық оны тудыру фактісіне орай туындайды. Авторлық құқықтың пайда болуы және жүзеге асырылуы үшін туындыны тіркеудің, өзге рәсімдеудің немесе шарттылықтың сақталудың қажеттілігі міндетті емес. ["Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" ҚР Заңының 9-бабы] .

Авторлық құқық субъектілерін жіктеудің келесідей топтамасы бар: "Субъектілер алғашқы және туынды болып бөлінеді" .

Сонымен қатар, алғашқы субъект ретінде "автор - шығармашылық еңбегімен туған туындының жеке тұлғасы" танылады .

Мәні бойынша субъектілерді "алғашқы және туынды" деп бөлу дұрыс деп саналады. Заңда кездесетін "туынды шығармалар" терминінің бар болуына байланысты кейбір терминологиялық келіспеушіліктер болуы да мүмкін. ["Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" ҚР Заңның 12-бабында] .

Авторлық құқық субъектілері жөніндегі мәселе жалпы цивилистикалық әдебиеттерде, сондай-ақ авторлық құқыққа арнайы арналған еңбектерде орын тапқан. Революциялық кезеңге дейін әдебиеттерде осы мәселеге С. А. Муромцевтің, В. В. Спасовичтің, И. Г. Табашниковтың, К. П. Победоносцевтің және басқаларының еңбектері арналған.

И. Г. Табашников әдеби меншіктің субъектісін зерттей отырып, мынандай қорытындыға келді: авторлық құқықтың субъектісі болып ең алдымен туынды өзінің пайда болуына міндетті болатын тұлға табылады.

Қалған барлық тұлғалар авторлық құқықтың субъектілері болып "одан мирасқорлыққа байланысты ғана күшіне еніп" табылады.

Заңды байланыстың күшіне қарай үшінші тұлғалар авторлық құқықтың субъектілері болып әртүрлі жағдайларда және шарттық қатынастарда пайда болатын заңда тікелей көрсету түрінде болады.

К. П. Победоносцевтің "Азаматтық құқық курсында", "Құқық иеленуші" рубрикасында ("иеленуші" мағынада "осы құқыққа иеленуші" табылады) келесідей түсіндірме беріледі: "Авторлық құқық белгілі тұлғаға беріледі, яғни сол тұлғамен байланысты: бұл туынды авторы, тудырушы. Бірақ кей кезде бір туындының бірнеше тудырушылары болуы мүмкін, және осындай жағдайда тудырушылардың өзара қатынастары мен туындыға қатысу деңгейі әртүрлі болуы мүмкін" . Бұл жерде назарды автор мен туынды арасындағы үзіліссіз байланысқа бөлу қажет.

Әрекет етуші заңның терминологиясы бойынша "өндіруші - сабақтас құқықтардың ғана субъектісі". ["Авторлық құқық және сабақтас құқықтар

туралы" ҚР Заңының 38-бабы "Фонограмма жасаушының құқықтары"] .

Г. Ф. Шершеневич авторлық құқықтың субъектілері мен объектілерінің мәселелерін құқыққа сәйкес: әдеби туындыларға; мерзімді басылымдарға, көркем әдебиеттерге; музыкалық туындыларға орай жеке қарастырады.

Әдеби туындыларға авторлық құқықтың субъектісі болып "әдеби туындыны тудырған автор мен оның мұрагерлері, құқықмирасқорлары және өзінің құқығын басқаға берген тұлғалар да" табылады . Көркем туындыларға құқықтың субъектісі - "туынды өзінің бар болуына міндетті жағдай ретіндегі ой мен өнердің суретшісі, мүсіншісі, сәулетшісі немесе гравері".

Сонымен, музыкалық туындының субъектісі - "музыкалық ой мен оның сыртқы нысанын айқындаған сазгер" . Бұл жерде мынандай сұрақ туындайды: бұл музыкалық туындыны орындаушы бөтеннің туындысын орындады ма? Біздің көзқарасымыз бойынша бұл жерде орындау кезіндегі шығарма, яғни импровизация туралы сөз болып отыр.

1. 3 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ

1. Мыналар авторлық құқық объектiлерi болып табылады:

1) әдеби туындылар;

2) драмалық және музыкалық-драмалық туындылар;

3) сценарий туындылары;

4) хореография және пантомима туындылары;

5) мәтiнi бар немесе мәтiнi жоқ музыкалық туындылар;

6) дыбыс-бейнежазу туындылары;

7) кескiндеме, мүсiндеме, графика және бейнелеу өнерiнiң басқа да туындылары;

8) қолданбалы өнер туындылары;

9) сәулет, қала құрылысы, дизайн және бау-саябақ өнерi туындылары;

10) суретке түсiру туындылары және суретке түсiруге орайлас әдiстермен жасалған туындылар;

11) карталар, жоспарлар, нобайлар, безендiрулер және географияға, топография мен басқа ғылымдарға қатысты үш өлшемдi туындылар;

Авторлық құқық объектiлерiне мыналар да жатады:

туынды шығармалар (аудармалар, өңделген дүниелер, аннотациялар, рефераттар, түйiндер, шолулар, инсценировкалар, музыкалық өңдеулер және басқа да ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын өңдеулер) ;

жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары) және материалдарының iрiктелуi және (немесе) орналасуы жағынан шығармашылық еңбектiң нәтижесi болып табылатын басқа да құрама туындылар.

Туынды және құрама шығармалар, өздерiнiң негiзге алынған немесе өздерiне енген туындылардың авторлық құқық объектiлерi болу болмауына қарамастан, авторлық құқықпен қорғалады.

Мыналар авторлық құқық объектiлерi болмайды:

1) ресми құжаттар (заңдар, сот шешiмдерi, заң әкiмшiлiк, сот сипатындағы және дипломатиялық сипаттағы өзге де мәтiндер), сондай-ақ олардың ресми аудармалары;

2) мемлекеттiк нышандар мен белгiлер (жалаулар, елтаңбалар, ордендер, ақша белгiлерi және өзге де мемлекеттiк нышандар мен белгiлер) ;

3) халық шығармашылығы туындылары;

4) оқиғалар мен фактiлер туралы ақпараттық сипаттағы хабарлар.

Туындыны автордың немесе өзге де құқық иеленушiнiң келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы төлемей пайдалану

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Авторлық құқық субъектілері, түрлері
Авторлық құқық субъектілері
Авторлық құқық жайлы
Авторлық құқықтың түсінігі туралы
Авторлық құқықтың обьектісі мен субьектісі
Авторлық құқық негiзгi жағдайлары
Авторлық құқықтың түсінігі
Авторлық құқықтың объектілері
Заңдық фактілердің мағынасына ие фактілерді анықтау
Авторлық құқық тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz