Шәкәрім Құдайбердіұлының тәрбие жайлы ойлары



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ЖАЙЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР ... ... 5
1.1 Өмір жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Шәкәрім Құдайбердіұлының еңбектері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6

2 ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ ТӘРБИЕ ЖАЙЛЫ ОЙЛАРЫ ... ... .13
2.1 Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңдеріндегі тәрбие жайлы ойлары ... ..13
2.2 Шәкәрім Құдайбердіұлының прозасындағы тәрбиеге қатысты ой.тұжырымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16

3 ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК КӨЗҚАРАСТАРЫН БІЛІМ БЕРУДЕ ҚОЛДАНУ ЖАҒДАЙЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
3.1 Сабақта Шәкәрім Құдайбердіұлының мұрасына сүйену ... ... ... ... ... ..22
3.2 Тәрбие жұмысында Шәкәрім Құдайбердіұлының тәрбиелік ой . пікірлерін қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ЖАЙЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР ... ... 5
1.1 Өмір жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Шәкәрім Құдайбердіұлының еңбектері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 6

2 ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ ТӘРБИЕ ЖАЙЛЫ ОЙЛАРЫ ... ... .13
2.1 Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңдеріндегі тәрбие жайлы ойлары ... ..13
2.2 Шәкәрім Құдайбердіұлының прозасындағы тәрбиеге қатысты ой-тұжырымдары ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16

3 ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК КӨЗҚАРАСТАРЫН БІЛІМ БЕРУДЕ ҚОЛДАНУ ЖАҒДАЙЛАРЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .22
3.1 Сабақта Шәкәрім Құдайбердіұлының мұрасына сүйену ... ... ... ... ... ..22
3.2 Тәрбие жұмысында Шәкәрім Құдайбердіұлының тәрбиелік ой - пікірлерін қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..33

КІРІСПЕ

Халықтың тәлім тәрбиесінің ғылыми педагогикадан айырмашылығы оның тәжірибелік бағытта екендігіне, сонда халық тәрбиесі дегеніміз - ең алдымен жанұядағы тәрбие тәжірибесі болғанына күмән жоқ.
Ақын ағартушы Шәкәрімнің көзқарастары қыр халқының жас ұрпақты өсірумен оқытып, тәрбиелеудегі талаптарына сүйеніп негізделген.
Туған жұрттың өсіп-өнуін армандаған, келешек ұрпақты тәрбиелеу тәсілімен іздеген, жеке тұлғалардың жан-жақты қамқорлық жасауды көздеген Шәкәрім өзі шыққан отбасының атасы Құнанабайдың тәліми тәжірибесін үлгі тұтты.
Фольклор арқылы ақын қыз бала мен ұл бала тәрбиесіндегі ата-ана ролін, әке-шешеге деген балалардың сүйіспеншілігі, әйелге деген қамқорлықты, адам өмірінің құндылығы мен маңызын тапты. Ауыз әдебиетінде қазақ халхының қоғамдық өмірін қалыптастырудағы, елді бірлікке, жұртшылықты адалдыққа, адамгершілікке баулудағы әсері туралы ол әңгіме етіп тұратын. Шәкәрім таза ұлттық ортадан шығып, дала педагогикасы объектісі болып, ұлттық рухтағы тәлімді өз басынан өткізген кезі келгенде ұлттық пен жалпы адамдық педагогиканың субъектісі мен зерттеулеріне айналды.
Шәкәрімнің тарихи, ғылыми, философиялық, психологиялық, педагогикалық көзқарастары Қазақстан ғылымының негізін салған кәсіби педагогтар, психологтар, философтар, тарихы ойлардың қайнар көзі болады.
Әлемдік өркениетке қадам басқан тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық, мәдени дамуындағы жаңа бастамалар мен түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесіне өз әсерін тигізіп, білім мазмұнын, оқыту әдістемесін жетілдіруде тың ізденістер жасауға мүмкіншілік туғызды.
Елбасының Жолдауымен қабылданған Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы қазіргі Қазақстанның әлемді өркендеуінің дәлелі бола тұра, өткен тарихымызға көз жіберіп, ұлттың баға жетпес құнды дерек көздерін жинақтау, зерттеу, саралау, сақтау қажеттілігін айқындап берді. ...Ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, жүйелеп, келер ұрпаққа аманттау - Мәдени мұра бағдарламасының басты мақсаты болуға тиіс, - деп атап көрсетті. Осының бір айқын дәлелі Ш.Құдайбердіұлы егемендігіміздің арқасында әдебиетіміздің ақтаңгері болып қайта әдебиет алыптарының қатарына қосылды. Ақынның мол мұрасы жайында ашық айтуға, философиялық ой-дүниелерін зерттеп, қарастыруға, насихаттап жазуға мүмкіндік туып отырғаны да ақиқат.
Зерттеу нысаны: Ш.Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы және оның тәрбиелік көзқарастары.
Зерттеу пәні: Ш. Құдайбердіұлы шығармаларын оқытудың әдістемесі.
Зерттеудің мақсаты: Ш.Құдайбердіұлының өмірі мен шығармаларын және оның тәрбиелік көзқарастар мәнін ашу. Көзделген мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
Зерттеудің міндеттері:
* Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығының зерттелуіне шолу жасау;
* Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңдеріндегі тәрбие жайлы ойларын қарастыру;
* Шәкәрім Құдайбердіұлының прозасындағы тәрбиеге қатысты ой-тұжырымдары;
* Сабақта Шәкәрім Құдайбердіұлының мұрасына сүйену;
* Тәрбие жұмысында Шәкәрім Құдайбердіұлының тәрбиелік ой - пікірлерін қолдану.
Зерттеудің әдіснамалық негіздері:
Зерттеуде оқытудың соңғы жылдарда кеңінен қолданылып жүрген озық инновациялық әдіс-тәсілдер, білім беру технологияларының теориялық- практикалық қағидалары басшылыққа алынды; педагогика, психология, ғылыми-әдістемелік зерттеу еңбектер, ғылымдағы жетістіктер, ғылыми жаңалықтар мен еңбектер зерделенді;
Зерттеу жұмысының әдістері: педагогика, психологиялық, ғылыми-теориялық, ғылыми-әдістемелік еңбектерді талдау, сауалнамалар алу, бақылау жұмыстарын жүргізу, әңгімелесу, сараптау, салыстыру, қорытындылау әдістері пайдаланылды. Зерттеу мәселесіне қатысты ұсынылған әдіс-тәсілдертәжірибелік байқаудан өткізілді.
Зерттеу жұмысының құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттердің тізімінен тұрады.

1 ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ЖАЙЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР

1.1 Өмір жолы

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) - ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және өлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күнке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды.
Жеті жасында өкеден жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады. Өскен ортасының аса бай дәстүрлері мен Абай ағасының төрбиесі табиғатынан зерек Шәкәрімнің жетімдік көрмей өсуіне ғана емес, оның таланты ақын, парасатты ой иесі болуына да зор ықпал жасады. Шәкәрімнің өзі кейінірек былай деп жазады: Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза, қазақ ішінде Абай деп атайды, сол кісі мұсылманша Һәм орысша ғылымға жүйрік Һәм алланың берген ақылы да бүл қазақтан белек дана кісі еді, ержеткен соң сол кісіден тағлым алып, әр түрлі кітаптарыноқып, насихатынтыңдап, азғанағылымның сәулесін сездім. Кезінде арнайы оқу орындарында оқып білім алмаса да, ез бетінше ізденіп және Абай ағасының жетекшілігімен жан сарайын байытқан Құдайбердіұлы заманында қазақ арасындағы аса білімдар адамдардың бірі болды. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді. Ол адамдар өмірін жақсартуға тырысқан ғалымдарды мысалға келтіреді. Олардың кейбіреулері адам өмірі жаратқан иесін танумен түзеледі десе, кейбіреулері үкімет жойылса, әркім өз бетімен өмір сүрсе түзеледі деді. Ал, біреулер оку-біліммен, халықты ағартумен адам өмірі түзеледі деді. Біреулері бай, кедейді теңеумен түзеледі десе, біреулері тәрбиемен түзеуге болады деді. Өмірдің өзі -- тіршілік таласы. Сондықтан адам өмірін жаратылыстың өзі солай жаратқан, бірін-бірі жеп, талап, таласып өмір сүрмек дегендер де болған. Шәкәрімнің өзі бұл идеялардың ешқайсысы адам жаратылысын өзгерте алмайтынына сенімді болды.
Туған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 ж. шілденің 11-де дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді.
Шәкәрім бес жасында оқуға беріліп, екі жылдай оқиды. Құдайберді отыз жеті жасында дүниеден өткенде, атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тарта қоймаған. Өзінің Мұтылғанның өмірі атты ғұмырнамалық өлеңінде бес жасында ауыл молдасынан сабақ ала бастағанын жазады. Атасы оның көңіліне қаяу түсірмей, бетінен қақпай, еркелетіп өсіреді: ол жөнінде ақынның өзі: қажы марқұм мені „жетім" деп аяп, қысып оқыта алмай, жетімді сылтау етіп, ойыма не келсе, соны істеп ғылымсыз өстім деп өкіне еске алады. Алайда ақылды бала өсе келе тез ес жиып, жеті жасынан бастап өлең сөзге бейімділігін танытады.
Оның ерекше зеректігін аңғарған Абай Шәкәрімді өз қамқорлығына алады, молда сабағынан басқа орысша үйренеді. Былайғы өмірін ғылым білім қуумен қатар, домбыра тарту, гармоньда ойнау, ән салу, саятшылық құру, сурет салу, т.б. өнерлерге арнайды. Оның өнеге көрген ортасы Құнанбай ауылының зиялы тобы, ұлы Абайдың тағылымы болды. Ол жас Шәкәрімнің азамат және ақын ретінде қалыптасуына ерекше әсер етеді. Абайдың кеңесімен әр түрлі кітаптар оқуға машықтанған Шәкәрім ақылы кемелденіп, ой өрісі тереңдеп өседі. Ақындық өнерін де таныта бастайды.
1988 жылы Шәкәрім ақталып, оның өлмес, өшпес мұрасы халқына қайта оралды. Осы жылы ақынның "Жазушы" және "Жалын" баспасынан өлеңдер, ал "Өнер" баспасынан әндер жинақтары жарық көрді. Тап осы жылы қажының 130 жылдығы Абай ауданы, 1998 жылы 140 жылдығы Семей қаласы көлемінде тойланды. Осы жылдар аралығында Семейдегі бір жоғары оқу орнына қажы есімі беріліп, ескерткіші орнатылды, қала орталығындағы үлкен бір даңғыл ақын есімімен аталды. Мұның сыртында қаладағы байырғы бір қазақ мектебі ақын есімін иеленді.
Бүгінде осындағы екі бірдей жоғары оқу орнында - Семей педагогика институты мен Шәкәрім атындағы Семей университетінде шәкәрімтану ғылыми-зерттеу орталықтары жұмыс істейді. Сол орталықтардың күшімен "Шәкәрім" және "Шәкәрім әлемі" атты екі бірдей журнал жарық көруде.
Семей педагогика институтындағы Шәкәрімтану ғылыми-зерттеу орталығында қазірде Шәкәрімнің тұлғалық экциклопедиясы дайындалуда. Мұның сыртында аталмыш орталықта Шәкәрім мұрасы туралы бүгінгі күнге дейін бес томдық еңбек дайын тұр.

1.2 Шәкәрім Құдайбердіұлының еңбектері

Құдайбердіұлының қаламынан терең ойлы, сыршыл лирик. өлеңдер, Қалқаман-Мамыр, Еңлік-Кебек, Нартайлақ-Айсұлу сияқты оқиғалы дастандар, Әділ-Мәрия романы жөне басқа да прозалық туындылар, аудармалар, тарихқа, философияға қатысты еңбектер, сазды әндер туды. 1911 ж. Түрік, қырғыз, қазақ Һәм хандар шежіресі, 1912 ж. Семей қаласындағы Жәрдем баспасынан Қазақ айнасы, Қалқаман-Мамыр, Жолсыз жаза яки кез болған іс, Енлік-Кебек, Үшанық, Мұсылмандық шарты, Ләйлі-Мәжнүнт. б. шығармалары жарық көрді. 1978 ж. Ленинградта шыққан Поэты Казахстанадеген жинақта Құдайбердіұлының бірқатар өлеңдері орыс тілінде басылды. Үлкен жинағы 1988 ж. Жалын баспасынан жарық көрді.
Әндері. Шәкәрімнің әндерін алғаш рет нотаға түсірген голландық Альвин Эрнестович Бимбоэс. Ол 1919 - 1922 жылдар аралығында Ақмола саяси бөлімінде нұсқаушылық қызмет атқарып жүріп, қазақ әндерін нотаға түсірумен шұғылданады. Соның нәтижесінде 1926 жылы Н.Ф. Финдейзеннің редакциялауымен шыққан Музыкалық этнография жинағында Бимбоэстің қазақ музыкасы туралы жазған көлемді мақаласына қоса қазақтың жиырма бес әнінің нотасы басылады. Осы аталған жинақтың ішінде № 1 Шакарим, № 2 Шакарим деген атпен Шәкәрімнің екі әні жарық көреді. Бірақ, екі әннің де өлеңі нота астына жазылмаған, тек орыс тілінде мазмұны берілген. А.Э. Бимбоэс нотаға түсірген №1 Шакарим әнінің екінші түрі А.В.Затаевичтің 1925 жылы шыққан Қазақ халқының 1000 әні жинағына Тілек - бата деген атпен енген. Ал Шәкәрімнің Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек деген әні А.В. Затаевичтің 1931 жылы жарық көрген Қазақ халқының 500 әні мен күйі деген жинағында Шәкәрім Құдайбердин әні деген атпен жарияланған. Осы жинақтың № 156 анықтамасында А.В.Затаевич: Шәкәрім Құдайбербин - Семей уезінің қарт ақыны, қазір тірі, жасы жетпістер шамасында. Жинақта келтірілген әнін орыс әндерінің үлгісіне еліктеп шығарса керек, - деп жазған.
Шәкәрім әндері қазақ композиторларының шығармаларына да арқау болды. Ахмет Жұбановтың Абай сюитасының бірінші бөліміне, А. Жұбанов пен Л. Хамидидің Абай операсындағы Айдардың ариозосына, Айдар мен Ажардың дуэтіне сазгердің шығармалары пайдаланылды. Ал ақын поэмаларының сюжеті еліміздің ақын-жазушыларының, композиторларының шығармашылығынан кең орын алғанын айтсақ артық болмас. Мысалы, Қалқаман - Мамыр балетіне, Еңлік - Кебек пьесасына, Еңлік - Кебек операсына Шәкәрім туындылары арқау болғаны барша жұртқа аян.
Шәкәрім және Абай. Құдайбердіұлы өмір сүріп, еңбек еткен тарихи кезеңде қазақ әдебиетінде Абай іргетасын қалаған реалистік дәстүр қалыптасып кележатқанды. Шәкәрім осынау өнегелі үрдісті алғашқы жалғастырушылардың бірі болды. Абай мен Шәкәрім арасында тамырластық аса терең. Өз заманының келелі мәселелерін, қоғамдық шындықты қозғауда екі ақын да ерекше қуат танытқан. Абай тәрізді Шәкәрімнің де ақын ретінде ұсақ-түйек міндерді сынаудан бастап, өз кeзінің күрделі әлеуметтік мәселелерін көтеруге дейінгі аралықтағы терең ойлары, парасатты тұжырымдары сайрап жатыр. Шәкәрім айналасындағы құбылыстарды сырттай ғана жырлаушы болған жоқ, ол бар нәрсенің қай-қайсысына да мән бере қарады, жақсылығына қуанды, кемшілігіне күйзелді. Ақындық болмысын да осы ыңғайда қалыптастырды. Ақынның азаматтық үні осы тараптан естіледі. Оның Абай үлгісіндегі реализмі алдымен азаматтық лирикасынан көрінді. Өз заманының көзі ашық, көкірегі ояу азаматы ретінде ол халқының басындағы нақты жағдайды көре білді. Осы бағыттағы барлық ой пайымдарын лирикасына нәр қылып құйды. Ақын лирикасының басты объектісі - адам. Ескіден қалған сөз теріп, Сәнқойлар, Қалжыңшыл қылжақпас, Еріншек, Құмарлық, Бір салмойын сал келер сияқты өлеңдерінде ақын замандастарының бойындағы ірілі-уақты кемшіліктер сыналады. Шәкәрім надандықтың негізін осылардан көреді. Бұл өлендерінің қай-қайсысында да оның реализміне тән шыншылдық пен сыншылдық бар. Қандай кемшілікті болсын, ақын типтендіре суреттеуге күш салады. Сол себепті оның кейбір өлеңдерінде сыналатын кейіпкерлер өзімізбен бүгін де қатар жүрген жандар секілдіқабылданады. Өз халқының мүддесін көздеген ақын оның бойындағы жағымсыз қасиеттерді жұртқа жария етуші ғана емес, солардың үкімін айтушы да бола білді. Әшкерелей отырып, өз үкімін айтады, айналасына ой тастай сөйлейді. Ашу мен ынсап, Шаруа мен ысырап, Анық пен танық, Ер қоспақ пен сөз сөйлемек, Дүние мен өмір, Мақтау мен сөгіс, Міндеу мен күндеу сияқты бірқа- тар өлеңдерінде Шәкәрім айналасына сын көзбен қарай отырып, заманының шынайы суретінжасайды. Халық тағдыры - Құдайбердіұлы жырындағы арналы тақырып. Бұл тұста да ол Абаймен сабақтас, үндес. Абай тәрізді Шәкәрім де өзінің насихат өлеңдері мен жеке өнегесі арқылы жұртшылық санасындағы кейбір кері қасиеттердің тамырын шірітіп, халықтық ар-намысты оятуға күш салады.
Ақын және халық.Ақын әрдайым халықтан қол үзбейді. Оның әшке релейтіні де халық басындағы кемшілік, мақтан тұтары да халықтық қазына. Әр кезеңде жазылған Бай мен қонақ, Партия адамы, Ей, көп халық, көп халық, Өкінішті өмір, Қазақ, Насихат, Тағы сорлы қазақ, Қош!, Қош, жұртым тәрізді өлеңдерінде ұлтының басындағы халді шыншылдықпен бейнелеп береді. Ақыл мысалдары нанымды. Оларда сол көзеңнің тарихи дамуына тән ерекшеліктер белгі береді. Қош, жұртым атты өлеңінде кәрілік кезеңіне аяқ басқан лирикалық кейіпкер - ақынның өзі халқының өткен өміріне көз жібереді, бүгініне үңіледі. Бүгінде патша тақтан құлаған, қазақ даласына айрықша бір сәуленің нүры шашыла бастағандай. Асарын асап, жасарын жасаған ақын қуана тұрып өзіне ендігі мақсатың не? деген сауал қояды да, соған жауап іздейді. Өлеңде оптимизм бар. Ақын мұнда жақсылықты көп көргенін, патшаның тақтан құлағанын айтады. Халқының болашақта тәуелсіз өмір сүретініне үміттенеді. Алайда ақында алаңдаушылық та бар. Ендігі жерде халқының бойындағы күндестік, мақтаншақтық сияқты қасиеттердің жойылуы қажет екенін алғатартады. Әкінішке орай, бұл қасиеттер әлі де болса аяққа тұсау болып отырғанына күйзеледі. Қандай әлеуметтік кеселді болсын ол уақыт ағымынан туған, міндетті түрде түзетуге болатын кемшілік деп біледі. Өзінің осы бағыттағы өлеңдерінде ақын сол көзеңдегі қоғамдық психологияны дәлме-дәл бере біледі. Халық ойына қозғау салу бағытындағы ақынның арқалайтын жүгін де салмақтай отырады. Қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік ең алдымен ақынның жанарына шалынса керек. Бай мен қонақ өлеңінде қазақ тұрмысынан алынған шағын сюжет баяндалады. Бай үйіне келген қонақ пен үй иесі арасындағы диалог сол дәуірдегі қазақ аулының психологиясын, этикасы мен эстетикасын, тұрмыстық ерекшеліктерін, рухани түсінігінің деңгейін сипаттап береді. Мұнда да Абай жырлаған тоғышар кейіпкерлер бар. Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық адам баласын қалай аздыратынын ұлы Абай қандай шебер айтып кеткен болса, Шәкәрімнің мұндағы кейіпкерлері де алдында асы бар, істер ісі жоқ, тойғанына мәз, бірін-бірі кемсітуге құмар мүгедек жандар. Шәкәрім айналасында болып жатқан құбылыстар мен оқиғаларға әрдайым сергек қарады. Ақынның азаматтық сергек үні әсіресе 1917 жылғы төңкeрістер көзінде айқын естілді. Патша тақтан құлатылған сәтте Бостандық таңы атты, Бостандық туы жарқырап деп қуана өлең жазды. Бір қарағанда ұран іспетті көрінетін бұл өлеңдерде жалаң қуаныш, лепірген сезім ғана емес, ақынның лирикасына тән терең философиялық ой бар. Ә дегеннен-ақ, ақын мына болып отырған жаңалықтан өзінше ой түйеді. Қуана тұрып, ол халқының бұдан былайғы өміріне ой жібереді. Ендігі заман еңбек адамынікі болу керектігін айтады.
Ағартушылық лирикасы. Құдайбердіұлы реализмінің айқын керінген ендігі бір тұсы - оның ағартушылық тақырыптағы лирикасы. Ақынның бұл бағыттағы еңбегі 1879 ж. жазылған Жастарға атты өлеңінен басталған. Ағартушылық идея Шәкәрім лирикасының алтын діңгегі болып табылады. Оның Абаймен үндестігін танытатын бір сала да осы. Өзінің Насихат, Сынатар сың өзінді, Үш-ақ түрлі өмір бар, Сен ғылымға..., Ғылымсыз адам айуан, Жасымнан жетік білдім түрік ілін сияқты көптеген өлеңдерінде Құдайбердіұлы Абайдың ағартушылық идеяларын одан әрі жалғастырады. Бұқараны оятуға ұмтылады, ғылымға жетелейді. Еңбек етуге, мәдениетті елдерден үлгі алуға шақырады. Құдайбердіұлы үшін байлықтың ең үлкені - ғылым. Өзінің Үш-ақ түрлі өмір бар атты өлеңінде ол адам өміріне ортаншы өмір деген ұғымды қолданады. Бұл - адамның жастық шақ пен кәріліктің арасындағы белсенді өмірі. Шәкерімнің айтуынша, міне, осы жылдары уақытыңды босқа еткізбей, ғылымға үңілсең, одан өзіңе керек қазынаны тауыпала білсең- өмірлік мұратыңа жеткенің. Бас-аяғы үш шумақтан тұратын өлеңнің идеясы - адам баласын, Абай айтқандай, ержеткен соң тұспеді уысыма деп өткініште қалдырмау.
Шәкәрім және әлем әдебиеті. Абайдың әдеби мектебінентәлім алған Құдайбердіұлы ұстазының қазақ халқын әлемдік мәдениет үлгілерімен таныстыру бағытындағы қызметін жемісті жалғастырды. Шәкәрімнің осы тұрғыдағы еңбегін үш салаға беліп қарауға болады. Оның :бірі ақынның әлем әдебиетінің озық ойлы өкілдерін өз өлеңдерінде насихаттап отыруы десек, :екіншісі оның Н. Толстой сияқты заңғар қаламгермен тікелей хат алысып, шығармашылық байланыста жүруі. Ал :үшінші сала - Шәкәрімнің өзге елдер әдебиетінің үлгілі шығармаларын қазақшаға аударуы. Шәкәрім Шығыстың Қожа Хафиз, Физули, Науаи секілді жарық жұлдыздарын, А. С. Пушкин мен Л. Н. Толстойды қастерледі. Әйгілі Ләйлі-Мәжнүн дастанының Физули жырлаған нұсқасын қазақша жырлап берді. Хафиздің бірқатар өлеңдерін, А.С. Пушкиннің Дубровский, Боран атты шығармаларын, Л. Н. Толстойдың алты әңгімесін, американ жазушысы Гарриэт Бичер Стоудың Том ағайдың балағаны атты романын аударды.
Лирикасы. Құдайбердіұлының лирикалық қаҺарманыда Абай кейіпкерлеріне ұқсас. Оның басынан қуаныш пен күйініш те, үміт пен күдік те өтеді. Кей сәттерде мұңға беріледі. Бірақ, бұл қүрғақ пессимизм емес. Абай өлеңдеріндегі сияқты Шәкәрімде де жүрек, тіл, сөз ұғымдары мол ұшырасады. Лирикалық қаһарманының көңіл-күйін, ахуалын бейнелеу мақсатындаақынжаралы жүрек, улы жүрек, жылы жүрек, ет жүрек, долы тіл, ащы тіл, тәтті тіл, улы сөз деген сияқты ұғымдарды образдылықпен пайдаланады. Көп ретте ақынның лирикалық қаһарманы таза жүрек іздеу жолында ет жүрегін қолына алып, сүм жүректерменайқасады. Заман деңгейінен аса алмай пұшайман болған көздерінде дертті жүрекке айналады. Шығармашылық жолы- ның өне бойында адамгершілік мәселесін, ардың тазалығын, имандылықты бірінші орынға қойып отырады. Арың сатпа, терің сат, адалды ізде, -дейді ақын. Бұл мәселелерге ол өз елінің перзенті тұрғысынан қарады. Ойғабатты, толғанды. Абайға жүгініп отырады. Өзінің алғашқы шығармаларының бірі - Жастарға атты өлеңіңде ақын өзіне де, өзгеге де Абайды бағыт сілтеуші, жолбасшы ретінде ұсынды. Әлеңде жас ақынның сезімталдығы мен керегендігі танылды. Сол кезде небары отыздан жаңа асқан Абайдың кемеңгерлігін, даналығын, парасатын бағалай білудің өзі Шәкәрімнің осы қасиеттерін дәлелдей түседі. 21 жасында жазылған Жастық туралы өлеңінде Абайға тән өлең өрнегі, сезім суреттері мол. Өлеңнің ұйқасы да, өлшемі де өзгеше. Абайдың Сегіз аяғымен тамырлас. Өлеңде қыз сұлулығымен қоса жастықтың алаулаған жүрек бұлқынысын, ыстық сөзім, ар-инабат мәселөлерін ақын әсерлі зерлейді.
Поэмалары. Құдайбердіұлы - поэма жанрында да жемісті еңбек еткен қаламгер. Ол 19 ғасырдың 2-жартысында Абайдан бастау алатын реалистік үлгідегі оқиғалы дастан дәстүрінің дамуына елеулі үлес қосты. Оның қаламынан қазақтың ертеректегі өмірінен алынып жазылған Қалқаман-Мамыр, Еңлік-Кебек, Нартайлақ-Айсұлу атты поэмалар туды. Жаңа тұрпатты қазақ поэмаларының алғашқылары Абайдың Eскендірі мен Масғұты десек, одан кейінгі Ақылбай мен Мағауияның, Әсет пен Көкбайдың, Шәкәрімнің дастандары Ұлы Абайдың ақындық ықпалымен, шығармашылық тәлім-тәрбиесімен жазылған туындылар еді. Абай ең алдымен өзінің айналасындағы Шәкәрім тәрізді жастарды жаңа үлгідегі поэмалық өрісін кеңейту ісіне жұмылдырды. Тіпті кейбіреуіне өз жанынан тақырып беріп, жазғандарын талқыға салып, сынынан еткізіп отырды. Соның нәтижесінде Шәкәрімнің лирикалық поэзияда меңгерген көркемдік шеберлігі мен жетістіктері оның поэмаларының табиғатынан да айқын керініп жатады. Оның дастандарына шыншылдық, суреткерлік, терең психологизм, әлеуметтік астарлылық, философиялық ой-тұжырым кендігі тән болып келеді. Ақынның Еңлік-Кебек дастаны тікелей Абайдың тапсыруымен жазылған. Ұлы ұстаз Еңлік пен Кебек арасындағы оқиғаны өлеңмен жырлап шығуды Шәкәрім мен Мағауия ақынға қатар тапсырады. Соның нәтижесінде ғашықтық туралы екі дастан өмірге келеді. Кeзінде Абай екі дастанды салыстырып, әрқайсысына лайықты баға берген. Құдайбердіұлы көркем проза саласында да елеулі мұра қалдырды. Әділ-Мәрия атты роман (1925) жазды. Онда ғасыр басында қазақ аулында еткен оқиға баяндалады. Әділ мен Мәрия атты ғашық жастардың өмірі арқау болады. Абай бастаған реалистік әдебиетке тек шыншылдық, суреткерлік қасиет бұл шығарманың бойына мол сіңірілген. Абай өлеңдерінде бейнeлеңетін табиғаттың әсем көркі, ауыл мен даланың күнделікті қам-қарекеті романда керкем өрнекпен зерленген.

Шаһкәрім
"Алаш" партиясы үкіметі, мүшесі
Бес арыстың бірі
Ақын, философ
1858 жылы 11 шілдеде
туған
Үлкен мәдениет қайраткері Ойшыл.
Жазушы Бәйшешек бақшасы, Әділ-Мария, Шын бақтың айнасы
Мұтылған-ның өмірі
Араб, түрік, парсы тілдерін
білген
Лирик, эпик ақын.
Абайдың нағыз мұрагерлерінің бірегейі
Аудармашы А.С.Пушкин
Дубровский
1931 жылы 2 қазанда қаза болады.
Ақын
Қазақ айнасы 1912 Семей
20 дан астам әні бар
Ләйлі-Мәжнүн назира үлгісімен жазылған
Тарихшы Түрік, қазақ, қырғыз һәм хандар шежіресі.
1 Сурет - Шәкәрім туралы жалпы мәлімет

Прозалық шығармалары. Құдайбердіұлының прозалық шығармаларында осы тәрізді айқын бояу, айшықты суреттермен қатар, терең философия, халық даналығы, тарих тағлымы қоса еріліп жатады. Құдайбердіұлының философ, тарихшы, ойшыл ретінде танылуына себепкер болған Үш анық, Мұсылмандық шарты, Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі атты еңбектері көзінде жеке-жеке басылып шықты. Олардың жазылуына да Шәкәрімнің Ұлы ұстазы Абайдың ықпалы аз болмаған. Шәкәрімнің бозбала шағында оның білімділігін сөзген Абай оған қазақтың шежіресін жинауды тапсырады. Абайдың осы тапсырмасын жүзеге асыру жолында Шәкәрім ел ішіндегі түрлі әңгіме - аңыздарды жинаумен қатар, Батыс пен Шығыстың әйгілі ғалымдары Әбілғазының, Жүсіп Баласағұнның, Радловтың, Березиннің, Аристовтың, Левшиннің, басқада қытай, араб, парсы зерттеушілерінің еңбектерімен танысады. Оларда айтылатын тұрлі топшылаулар мен тұжырымдарды сараптай отырып, шежіре еңбек жазып шығады. Құдайбердіұлы өз өлеңдеріне арнап ән жазған компoзитор да. Оның сөзімді жүрегінен жиырмаға тарта әсем әуөзді әндер туды. Әсіресе оның Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек, Жастық туралы, Анадан алғаш туғанымда атты әндері нәзік сыршылдығымен, сөзімге байлығымен, компoзициялық тұтастығымен есте қалады. Абайдың тікелей тәрбиесін көрген шәкірт Шәкәрім өзінің көлемді де көркем шығармашылық мұрасын дүниеге әкелу барысыңда қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихындағы, тіпті бүкіл ұлттық мәдениетіміздің тарихындағы өзіндік орны бар көрнекті ақын, тамаша жазушы, білікті аудармашы, ойшыл философ, білімдар тарихшы, сыршыл сазгер дәрежесіне көтерілді.

2 ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ ТӘРБИЕ ЖАЙЛЫ ОЙЛАРЫ

2.1 Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңдеріндегі тәрбие жайлы ойлары

Қазақ халқының тарихы мен мәдениетінде өзіндік із қалдырған, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүрген, ұлы Абай мектебінің дәстүрін жалғастырушы, өзінен кейінгі ұрпаққа сарқылмас мол мәдени мұра қалдырған Шәкәрім Құдайбердиев белгілі гуманист ақын, ойшыл тарихшы-шежіреші ағартушы, ғұлама болды.
Шәкәрім Құдайбердиев халықымыздың қоғамдық ағартушылық, мәдени және әдеби өміріне белсене атсалысқан, ағартушылық-демократиялық, гуманистік идеяларды насихаттаған, Шоқан, Абай, Ыбырай ұстаған ағартушылық дәстүрді ілгері жалғастырушылардың бірі болды.
Шәкәрім жөнінде жарық көрген әдебиеттерді жан-жақты талдай отырып, оның педагогикалық көзқарасын, ағартушылық қызметін, ақынның даралық ерекшеліктерін танытатын қасиеттерін саралай келе ғылыми жүйеге келтіріп зерттеу және болашақ мұғалімдерді даярлау жүйесінде кеңінен пайдалану, мектеп мұғалімдеріне бұл бағытта әдістемелік нұсқаулар беру қажеттілігі туындайды.
Шәкәрімнің ағартушылық-педагогикалық көзқарасы туралы айтқанда, оның өлеңдері мен поэмаларын, ғылыми еңбектері мен аудармаларындағы тәлім-тәрбие мәселелеріне талдау жасалады.
Адам санасына сіңіп, бойына тазалық пен инабаттылық дарытатын көркем шығармалардың тәрбиелік мәні зор. Өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанып, егемен ел болған заманда туған халқымен қайта қауышқан алыптарымыздың бірі Шәкәрімнің шығармаларын оқыту, оқытып қана қоймай, терең сырлы құпиясын ашып, оның адамдық, азаматтық құқық жайында жазған өлеңдеріне талдау жасау мектеп мұғалімдеріне зор міндет жүктейді. Жас ұрпақты адамгершілік биік мұраттарға, адалдық пен ақылдылық, парасаттылық пен азаматтыққа үндейтін Шәкәрім шығармалары бүгінгі күні жоғары және орта оқу орындарында оқытыла бастады.
Шәкәрімнің Кісіге адамшылық неге керек? өлеңінде адамдық пен айуандық бір-бірімен бетпе-бет келіп, адамдық қасиеттің орны белгіленеді.
Кісіге адамшылық неге керек,
Адамдық өзге айуаннан артық демек.
Ит талаған төбеттей қалай дейсің,
Аямай әлі келгенді жұлып жеген жемек, - деп оқырманға ой тастайды, пікір сұрайды.
Мейірім жақсы, зұлымдық жаман дейсің,
Қасқырлыққа қайтасың құр дөңгелеп,
Жаны ашып, жәрдем қылмай өткен адам,
Өсіп, өніп құлаған бір бәйтерек, - деп өзі өлеңінде адамды адам ететін, адалдық пен азаматтыққа жеткізетін амалды, түрлі жолдарды іздестіреді. Адамның түзу жолда жүруіне, ар тазалығы мен жан тазалығына ақылдың ұнемі көшбастаушысы болып отыруын қалайды.
Білімділер сөз жазып зарлағанда,
Ой кзіп, жердің жүщін шарлағанда,
Алдаусыз адам өмірін түзетерлік,
Әділет, ынсап, мейірім бар ма адамда, - деп толғанып, өз заманының, қоғамын сынап, адам бойындағы жағымсыз мінез-құлықтарға жиіркене қарайды, басқаларды да жиіркендіреді.
Ұлы ақынның бұл өлеңдері жақсылық, әділдік, азаматтық сезім, ар-ұят өзін-өзі бағалау, қамқорлық, қарапайымдылық, кішіпейілділік сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастырады.
Шәкәрім Құдайбердиевтің азаматтық рухты жоғары көтеретін, эстетикалық сезімге баулитын өлеңдерінің бірі - Насихат. Бұл өлеңнің идеясы тұнып тұрған өсиет, ақыл мен нақыл. Ақын жастарға өнер, ғылымға жету жолардарын көрсетіп, оқуға шақырды.
Сен ғылымға болсаң ынтық, бұл сезімді әбден ұқ,
Білгеніңнің жақсысын қыл, білмегенді біле бер.
Білген ердің бол шәкірті, білмегенді қыл шәкірт,
Үйренуге қылма намыс, үйретуге болма кер, - деген жолдарында ғылым мен білім, адамдық пен азаматтыққа жеткізетін бірден-бір құрал екенін айтып, шәкірттік пен ұстаздық арасын айшықтап көрсетеді. Шәкәрімнің оқу-білімге, өнерге, еңбекке, биік гуманизм, адамгершілік идеясына көзқарасы үнемі Абаймен үндес келіп отырады.
Қай ғылымды білсеңіз де қазір оны елге жәй,
Құры ішінде кеткенше пайдалансын өзгелер,- деп ғылым мен білімнің көпке ортақ байлық екенін түсіндірді.
Піскен мен шикі мысал өлеңі ақынның замандасы, педагог-жазушы Ыбырай Алтынсариннің Бай баласы мен жарлы баласы әңгімесімен төркіндес, тәрбиелік мән-мағынасы ұқсас.
Шәкәрім поэзиясының биік тұғыры - гуманизм, туған халқына деген махаббат, жан мен тән тазалығы екенін айтып, ұрпақ санасына сіңіру - көкірегі ояу, сезімі сергек, зерделі жастық парызы.
Шәкәрім еңбек тәрбиесіне ерекше мән бере келіп, өз шығармаларында еңбекті адам бойындағы қасиеттердің ең керектісі деп түсінеді. Еңбектің тек жеке адам өмірінде ғана емес, бүкіл адамзат дамуындағы тарихи маңызына көз жеткізе білді.
Жалпы, адам өмірін осылайша жас ерекшеліктеріне қарай кезең-кезеңге бөліп сипаттау қазақ поэзиясында ертеден келе жатқан дәстүр.
Жастық қызығын дәріптеген ақын адам өмірінің осы екі кезеңін шендестірумен шектелмейді, бертін келе ұлғайған жастың өзіндік мәні бар екенін насихат қылды.
Әрине, балаң білсе қадіріңді,
Орындап екі айтқызбай әміріңді.
Жасыңнан жаның сырлас жарың болса,
Қыл өткізбей білетін тамырыңды, - деп, адамның егде тартқан тұсында баланың, жардың қызметіне ерекше мән береді, оның тәлімдік-тәрбиелік тұстарына ерекше көңіл бөледі.
Сонымен бірге Шәкірім мақал-мәтел, жұмбақтарды, шешендік сөздерді өз шығармаларына арқау етіп, оның тәлімдік-тәрбиелік танымдық мәнділігін жоғары бағалаған.
Мақал-мәтелдерді ғасырлар бойы халық өткен ұзақ өмірдің шежіресі деуге болады. Мұның шежірелік құндылығы мен көркемдік даналығын шебер астастырып, көздің қарашығындай сақтап, алмастай асыл аз сөзбен түйіндеуінде.
Сонымен қатар, Шәкәрім мақал-мәтелдерді пайдаланып қана қоймай, кезінде өзі жинап , баспаға әзірлеген, кейін баласы Ахаттың көшірмелерінде қалған оның сондай жүз отыз жеті мақал-мәтелі бар. Бұлар Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының қолжазбалар қорында сақталған.
Шәкәрім шешендік сөздерге де ерекше мән берген. Қазақ халқының, кейбір мақал-мәтелдері мен шешендік сөздерін жинап, газет-журналдар беттерінде бастырады және шежіре жинайды.
Шәкәрімнің құнды еңбектерінің бірі 1911 ж. Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі атты шығармасы жарық көрді. Оның Қалқаман - Мамыр ме н Еңлік-Кебек поэмалары жеке кітап болып баспадан шыққан болатынды. Ол шетел, орыс және шығыс классиктері Бичер-Стоу Гариет, Л.Н.Толстой әңгімелері шығыстың классиктері Хафиз және Физули шығармаларын қазақ тіліне еркін аударған. Ақын шығармаларының толық жинағы 1988 ж. Жазушы, Жалын баспаларынан жарық көрді.
Шәкәрімнің педагогикалық-ағартушылық және психологиялық көзқарастары туралы айтқанда, ұлы ғұламаның ағартушылық-психологиялық мұрасын зерделеуде белгілі педагогика және психология ғылымдарының тарихын зерттеуші көрнекті ғалымдар Қ.Б.Жарықбаев пен С.Қалиевтің Шәкәрім Құдайбердиев туралы зерттеу еңбектерін ерекше атауға болады.
Шәкәрім жөнінде жарық көрген әдебиеттерді жан-жақты талдай отырып, оның педагогикалық көзқарасын, ағартушылық қызметін, ақынның даралық ерекшеліктерін танытатын қасиеттерін саралай келе, ғылыми жүйеге келтіріп зерттеу және болашақ мұғалімдерді даярлау жүйесінде кеңінен пайдалану, мектеп мұғалімдеріне бұл бағытта әдістемелік нұсқаулар беру бүгінгі күннің қажеттілігінен туындайды.
Шәкәрім Ұлы Абайдың жақын туысы, немере інісі. Ақынның мектепті де Абайдан өткен. Сол себепті ақынның шығармашылық жолында Абай есімі кеңінен орын алады.
Ғұламаның жеке басына тән ерекше қасиетін көрсететін терең философиялық еңбегі - Үш анық. Ойшыл ақынның бұл еңбегі мектепте Адам мен қоғам пәнінен ХІХ ғ.бас кезіндегі қазақ ойшылдары деген тарауды өткенде Шәкәрімнің Үш анық еңбегі оқытылады. Шәкәрімге дейін қазақ халқында белгілі философиялық дәстүр, данышпандылыққа баулу мектебі болмағанын, алғаш осындай мектептің есігін ашқан, арнаулы дүниетанымдылық еңбек қалдырған Шәкәрім екенін білеміз.

2.2 Шәкәрім Құдайбердіұлының прозасындағы тәрбиеге қатысты ой-тұжырымдары

Қазіргі кезде қазақ халқының ұлы ойшылдарының шығармаларындағы әлеуметтік-педагогикалық көзқарастарды зерттеп-зерделеудің қажеттілігі туындап отыр. Бұл, әсіресе егемен мемлекетіміздің жастары үшін, таптырмайтын білім бастауына айналды. Себебі бұрынғы өмір сүрген ғұламалардың туындыларында тек өз кезіндегі ғана емес, сонымен қатар келешек заманның мәселелері де қамтылған. Білім мен ғылымға толығымен бет бұрған, ұрпақ тәрбиесіне белсене кіріскен бүгінгі кезеңде даналардың мәнді тұжырымдарын кәдеге жарату алға қойған мақсаттарымызға жетудің кепілі болмақ. Қазақ топырағында өркен жайған тәрбие үрдістерінің негізін салғандар әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Ясауиден басталып, Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы идеялары арқылы жалғасын тауып отырды.
Солардың ішінде Шәкәрім Құдайбердіұлының тәлім-тәрбиеге қатысты идеяларын еліміздің даму жолындағы ізденістеріне тұғыр ететін уақыт келді. Өйткені ол, ең алдымен, өзі өмір кешкен тұстағы әлемдік деңгейде болып жатқан ғылыми-техникалық жаңалықтардың мәнін, сыр-сипатын анықтап, болашақ жастардың ғылым-білімнен үлес алуын аманат еткен. Кемеңгердің өз замандастарынан озық тұрғандығын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті студенттерімен кездесуінде: Қазіргі бәсеке заманында қажыр-қайратың, ынта-жігерің, тынымсыз ізденісің болмаса, көштен қалу оп-оңай. Данышпан ақын Шәкәрім бабаларың Құбылған әлем жарысы. Ақылды жанның табысы деп бекер айтпаған. Ендеше жастарға жүктелетін міндет те үлкен деп, Шәкәрім Құдайбердіұлының пікірін келтіруі дәлелдей түседі.
Шәкәрім еңбектеріне бойлаған сайын бүгінгі ұрпақ ұлы ойшылдың білімге шақырған ұранды үнін ғана емес, оның адамзатты тәрбиелеу саласындағы даналық ақылын терең меңгеріп, нұсқаған тағылымдарындағы теориялық ой-пікірлерге қаныға түседі. Оның педагогика ғылымының дидактика саласына қатысты пікірлері де ұшан-теңіз екендігіне көзіңіз жетіп, өнеге алар тұстары баршылық. Шәкәрім шығармаларының ішкі сырларын терең де, жан-жақты білу үшін жалпылама айтумен ғана шектелмей, ол ұсынған ойларды педагогикалық-психологиялық тұрғыдан өте байыпты да байсалды аңғара білу қажет. Өйткені, Шәкәрім дидактиканың басты принциптері мен ғылымды меңгеру тәсілдерін және оны игерудің амалдарын даналықпен дәл нұсқап, педагогикалық-психологиялық негіздерін терең аша білген.
Шәкәрім Құдайбердіұлының әлеуметтік-педагогикалық идеялары туралы сөз қозғамас бұрын, оның дүниетанымының қалыптасуына ықпал еткен негізгі жайттарды талдап, маңызды шындыққа көз жеткізуіміз қажет. Негізінде дүниетанымның, көзқарастың қалыптасуы - адамның тал бесігінен жер бесігіне дейінгі аралықта толассыз жүретін өте күрделі процесс. Жеке тұлға санатына жеткен әр адам өзінің дүниетанымдық бастауларын ғасырлар бойы жинақталған білім, тәрбие тәжірибесі арқылы игеруі мүмкін. Немесе әлеуметтік-қоғамдық өмірде адамның көзқарасын мүлдем өзгертіп, оның мәдени-рухани тұрғыдан қайта түлеуіне әсер ететін субъективті себептер де болуы ықтимал. Сонымен қатар оның тынымсыз ізденісінен, еңбегінің нәтижесінде меңгеретін шынайы ақиқаттың да болмағы ләзім. Сол сияқты Шәкәрім Құдайбердіұлының адами тұрғыдан жетілуіне, тәлім-тәрбие жөніндегі ой-пікірінің жинақталуын жүзеге асырған жағдайлар болған. Шәкәрім жастайынан өзін-өзі тәрбиелей білген. Оның өмірлік ұстанымы - ешкімге қиянат қылмау, бөгде адамға жаманшылық жасамау, мейлі жан-жануар, жәндіктерге болсын, зәбір көрсетпеу. Яғни адамшылықты, арды бұзатын барлық теріс қылықтардан тыйылуға ерте бастан кіріскен. Ол жас кезінде өзі басынан кешірген жағдайды үнемі есіне алып, ұдайы сол ісінен сабақ алып отырған. Шәкәрім жеті жасқа келгенде, әкесі Құдайберді қайтыс болып, үйіне жан-жақтан көңіл айтып, кісілер жан-жақтан келіп жатады. Бала Шәкәрім сол сәтте сай ішіне ойнауға кетеді. Ойнап отырып, ирелеңдеп бара жатқан жұлдыз құртын езіп өлтіріп тастайды да, кейін оған жаны ашып қатты өкініп жылайды. Ең алғашқы өлеңі Өлтірдің онан таптың қандай пайда? деген атпен осылайша дүниеге келеді. Бұл оқиғаның ақын есінде мәңгі-бақи қалғандығын баласы Ахаттың әкесіне қатысты естеліктерінде кездесетіндігіне қарап топшылауға болады. Өмірінде одан кейін жан-жануар, жәндік атаулыға қиянат жасамауға серт бергендігі оның тырнақалды туындысынан аңғарылады. Жетім қалған баланың ой-санасында атасы Құнанбайдың, өз анасы Ботантайдың берген тәрбиесі мәңгілік із қалдырады. Кеңестік кезеңде жарық көрген жазушы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім шығармаларын оқу – тәрбие жұмысында пайдалану
Шәкәрім поэзиясының негізгі арқауы
Шәкәрім Құдайбердіұлының би ретіндегі қызметі
Қазақ ғалымдарының шежіренің маңызы мен ерекшелігі туралы ойлары
Шежірелердің Қазақстан тарихындағы деректік орнын көрсету
Шәкәрім Құдайбердіұлының философиясындағы адамтану бағыттары
Шәкәрім поэтикасы
Қазақ зиялылары еңбектері
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ДҮНИЕТАНЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ОРНЫ
Ш. Құдайбердіұлының «Әділ-Мария» романындағы басты кейіпкерлер бейнесінің сомдалуы және оны орта мектепте оқыту
Пәндер