Қазір оба микробынан жасалған, вакциналар барлық елдерде осы ауру пайда болар алдынан кеңінен қолданылып жур



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Адам және жануарлар патогенді микроорганизмдері. Патогенділік және вируленттілік. Патогенділік факторлар. Микроорганизмдердің токсин түзуі. Иммунитет туралы түсінік. Гнотобионттар, алу және ғылыми зерттеулердегі маңызы
Орындаған: Каткенова Майда, Бг-33 топ.

Нұр-Сұлтан қаласы
2020 жыл
Жоспар
Адам және жануарлар патогенді микроорганизмдері. 3
Патогенділік және вируленттілік. 7
Патогендік факторлары (вируленттілік). 9
Микроорганизмдердің токсин түзу қабілеті 12
Иммунитет туралы түсінік. 12
Гнотобионттар, алу және ғылыми зерттеулердегі маңызы 18

Адам және жануарлар патогенді микроорганизмдері.
Жұқпалы аурулардың қоздырғышы -- патоген микробтар. Әрине жұқпалы ауру адамға иемесе жануарларға таралуы үшін белгілі бір жағдай қажет. Оларға адам және мал организмдерінің осы ауруларға бейімділігі, яғни қабыл алғыш қасиеті жатады. Мәселен, топалаңнан өлген малдың етінен бөлініп алынған микробтардың сау организмді тез арада қатты ауруға шалдықтыратын касиеті бар. Осындай микробтардың болмашы мөлшері үй қоянын сеспей қатырады. Ал осы микробты лаборатория жағдайында бірнеше уақыт бір қоректік ортада сақтағаннан кейін қоянға жұқтырса, ол ауруға шалдықпайды, өйткені қолайсыз жағдайда топалаң микробы өзгеріп, әлсізденіп қалады. Жұқпалы аурулардың таралуы адам мен жануарлар организмінің беріктігіне, яғни сол ауруға қарсы тұра алатындық қасиетіне байланысты. Мәселен, тауық топалаңмен мүлде ауырмайды, тіпті оларға топалаң микробын қолдан жұқтырсаңыз да ауырмайды. Егерде Л. Пастер жасағандай етіп, тауық аяғын салқын суда ұзақ ұстап, содан кейін топалаң микробын жұқтырсаңыз, ол тез арада ауыра бастайды. Мұнда тауықтың топалаң микробына төзімділігі нашарлайды. Мәселен, адам өкпесіне туберкулез микробы енді делік, бірақ денсаулық күшті болса бұл адам ол аурумен мүлде ауырмайды. Егерде, басқа бір аурумен ауырып, адам денесі нашарласа, онда туберкулез микробына организмиің қарсы тұрарлық қасиеті әлсірейді де, адам туберкулезбен ауырады. Жұқпалы ауру қоздырғыштары біздің организмге түрліше зиянды әсер етеді. Зиянды микробтардың көпшілігі организмді улайтын, нерв жүйесін, жүрек қызметін, қан тамырларын және ішкі органдардың барлығын зақымдайтын түрлі улар бөліп шығарады. Ауру қоздырушы, яғни патоген микробтар бір адамнан екінші адамға тікелей жұғуы мүмкін. Мәселен, мерез ауруын қоздырушы гонококк микробы, әсіресе әйел мен еркектің жыныстық қатынасы кезінде, ал әр түрлі іш аурулары кір қол немесе заттар арқылы таралады. Мәселен, оба және іш-сүзегімен ауырған адамдардың төсек орны және баска да заттары арқылы сау адамдарға жұғады. Көптеген зиянды микробтар науқас адамдар тыныс алғанда ауаға тарайды. Осы ауамен дем алған сау адамның науқастануы да ықтимал. Әрбір патогендік микробтар тек бір ауруды ғана қоздыруы мүмкін, яғни олардың атқаратын қызметі жекеленген болады. Кейде адамдарға белгілі бір аурулар тек жануарлардың бір түрінен жұғады. Мәселен, маңқа ауруы адамға жылқы немесе мысыктан жұғады. Ал кейбір ауру адамға қауіпсіз. Мысалы, ит, шошқа және ірі қара обасы адамға қауіпсіз. Сібір жарасы -- біздің дәуірден мың жылдай бұрын белгілі болған. Атақты Гомер IX ғасырда малды және адамды қырғынға ұшыратқан қасиетті от, яғни Сибирь жарасы туралы өз еңбектерінде жазған болатын. Бұл ауру әуелі Италияда етек алып, содан кейін Еуропаға ауысты. Шығыс елдерінде оны Парсы оты деп те атаған. Ресейде 1865 жылы болған осы аурудан он мыңдаған адамдар кырғынға ұшыраған. Санитариялық және ветеринариялық шаралардың мешеулігіен патшалы Ресейде бұл ауру малдардан адамдарға жұға бастады. Сібір жарасы жұққан мал бір-екі күн ғана ауырып өледі. 1896 жылдан бастап жиырма жыл ішінде Ресейде бұл ауру жарты миллиондай бұғыны қырып салды.
Сібір жарасын қоздырғыш бациллус антрахис, ірітаяқшалар, қозғалмайды, ауалы жерде спора түзеді. Сондықтан оларды бацилдарға жатқызады. Клеткаларын қоршап тұратын капсулалары бар. Грам әдісімен оялады. Бацилдар бір немесе қос-қостан, көбіне қысқа шынжырша тәрізденіп орналасады.Спора тек оттегі бар жерде ғана түзіле бастайды. Егерде +12°-тан төмен, Сибирь жарасы микробтары+ 42°-тан жоғары болса да спора түзілмейді. Споралары сопақша, клетканың орта шеніне орналасады. Өніп-өсуі үшін ең қолайлы температура +30°, +37°. Жалпы физикалық және химиялық факторларға олардың вегетативтік клеткалары төзімсіз +50 +55°-та олар бір сағатта-ақ қырылады, ал споралары +110°-та 10 минуттай қыздырса да тіршілігін жоймайды. 140° құрғақ ыстықта споралар үш сағаттан соң өліп кетеді. Топырақта Сібір жарасы микробының споралары бірнеше жылдар бойына сакталады. Күн сәулесі де клеткалар мен спораларға жойқын әсер етеді, олар бір процентті формалинде және 10 % -ті күйдіргіш натрийде екі сағат-тан, 5%-ті фенолда бір тәуліктен кейін қырылады. В. В. Архипованың мәліметіне қарағанда жоңышқа, сиыржоңышқа, бидай, қара бидай, сарымсақ және рауғаштардың тамырынан бөлінетін заттар бұл микробтарға зиянды әсер етеді екен. Ауыл шаруашылық малдарында Сібір жарасына қарсы активті иммунитет жасау мақсатында оларға Ценковский вакцинасын егеді. Оларда 12 -- 13 айға дейін иммунитет жақсы сақталады. Сарысудан даярланған вакцинаны адамға да егіп, онда иммунитет жасауға болады. Әрине тиісті санитариялық және гигиеналық шаралар жүзеге асырылмаса, аурудан біржолата құтылу қиынға соғады. Өйткені Сибирь жарасы микробының таралу көзі тым көп. Бұл жөнінде мынадай қызық уақиғаны еске сала кетейік. 1904 -- 1905 жылдары болған орыс-жапон соғысында патшалық Ресей өз солдаттарын шолақ тондармен қамтамасыз еткен. Бұл тондар Сібір жарасымен ауырған мал терісінен тігілгендіктен әскерлер арасында ауру тараған. Сібір жарасымен ауырған малдардың терісін илегенде фабрика жүмысшылары да зақымдануы мүмкін. Сондықтан Совет үкіметінде терілерді тексеретін арнаулы лабораториялар бар. Қазақта шындығында Сібір жарасы деген ауру жоқ, Бұның ол ғылыми аты. Ол ауруды қойда -- топалаң, сиырда -- қараталақ, қарасан, жылқыда -- жамандату, түйеде -- ақшелек, адамда -- түйнеме деп атайды. Бірақ аурудың ғылыми аты да, оны ұоздыратын микробтары да біреу. XVIII -- XIX ғасырларда Орта Азия елдерінде оба ауруы етек алды. Тіпті сол XIX ғасырдың өзінде Ресейде, соның ішінде Волга жағалауында, Ставрапольде, Одессада, Қырымда обадан бірқатар адамдар құрбан болды. 1894 жылы Гонконг қаласында өте зор оба эпидемиясы байкалады. Дәрігерлер обадан өлген адам денесін тексергенде, онда оба ауруын қоздырушы өте ұсақ микробтарды байқаған болатын. Бұл микробты бактериум пестис деп атайды. Ауру әдетте организмнің өлуімен аяқталады. Адам, кемірушілер және түйе обасының бәрінің де қоздырушысы біреу. Ол жоғарыда керсетілген микроб. 1910 жылдары араб елінде обамен ауырғаы түйенің етін жеген 100-дей адам лезде қырылған. Бұл ауру өте тез таралып, шапшаң өтеді. 1896 жылдан бастап обаның етек алып таралған жері сол кездегі ағылшын колониясы Индия еді. Мұнда жыл санап мыңдаған адамдар қырылды. Обаның бір түрі өкпе обасы 1910 -- 1911 жылдары Манчужурияда ұшқындап, бірқатар адам өмірін жойды. Оба бактериясы -- қысқа таяқшалар, кейде бір-бірден, кейде тіркесіп, ұзынша шынжыр тәрізденіп орналасады. Қоректік ортада олар капсула түзеді, спора түзбейді, қозғалмайды. Олар пастерелла туысына жатады. Оба микробы аэроб, әдеттегі қоректік ортада жақсы өседі, қолайлы температура +28, +30°. Маннит, салицил, глюкоза, мальтоза және арабиноза углеводтарын ыдырата алады. Аурудың инкубациялык кезеңі 1 -- 5 күн шамасында. Әдетте ауырған адамдар мен малдардың барлығы дерлік өледі.Обаны таратушылар кемірушілер және олардың паразиттері -- бүргелер. Ауыл шаруашылық малдарынан түйелер қауіпті. Оларда аурудың инкубациялық кезеңі 2-ден 8 күнге созылады. Обадан өлген түйе етін мүлде қолдануға болмайды. Қазір оба микробынан жасалған, вакциналар барлық елдерде осы ауру пайда болар алдынан кеңінен қолданылып жур. Әдетте оба микробы ұзақ уакыт сақталып қалады. Сондықтаи болса керек анда-санда болса да кейбір мемлекеттерде бұл ауру байқалып қалады. Оба микробтарының биологиясын және оның таралу кезеңдерін көрнекті ғалымдар Д. К. Заболотный мен И. А. Деминский дәйектілікпен зерттеген болатын. Оба микробы адам денесіне ене калса, көбінесе олар лимфалық тамырлар арқылы бездерге ауысады, ол жерлер ісініп, іріңдейді де, төмпешіктер пайда болады. Оны бөртпе оба деп атайды. Ол көбінесе қан тамырлары арқылы таралады. Егер оба микробы өкпеге ене қалса, оба пневмониясын қоздырады. Бұнда кәдімгі өкпе ауруы сияқты адам қан түкіреді, егерде қақырыкты микроскоппен қараса миллиондаған оба микробын көруге болады. Әдетте бөртпе обамен ауырғандардың 40-тан 90%-ке дейіні қаза болса, өкпе обасынан іс жүзінде адам тірі қалмайды. Совет елінде оба түп тамырымен жойылды. Қазір оба вакцинасы әлсіретілген оба микробынан жасалады және адамға міндетті түрде егіледі. Осының нәтижесінде обаның жеңіл түрімен адам ауырып тұрады да, онда иммунитет пайда болып, ол екінші рет ауырмайтын болады. Азиялық холера (тырысқақ). Тырысқақ ауруының отаны Индиядағы Бенгалия және Ганга өзенінің төменгі ағысынын жағалаулары. Сондықтан оны Азия тырысқағы деп те атап кеткен. Жалпы тырысқақ ауруы Иидияда ертеден белгілі болған. Тарихта Александр Македонский әскерлерімен бірқатар жерлерді жаулап алып, Индияға таялғанда, онда адамдар арасында тырыскақ ауруының көп таралғанын естіп, кейін оралғаны жөнінде деректер бар. Әрине ұзақ уақыт езілуде болған Ағылшын колониясы Индияда аурудың етек алуы таңқаларлық жәй емес. Әдетте адамдар тырысқак микробы таралған су арқылы зақымдалады. Ерте кезде Индияға көршілес Араб елдерінде де тырысқак ауруы көп байқалған. Әрине қатынас жолдарының ұзақ уақытқа дейін болмауы және болғанның өзінде де керуеншілердің үзақ уақыт сапар шегуі тырысқақ ауруының Еуропа елдеріне таралуын тежеген болатын. Міне, XIX ғасырдың бас кезіне дейін Еуропада тырыскақ ауруының болмауы да осыған байланысты болса керек. КСРО-да тырысқақ ауруы 1925 жылы мүлде жойылды. Бұл аурудың нағыз қоздырушысы -- тырысқақ микробы, яғни холера вибрионы екені 1880 жылдары белгілі болды. Оның пішіні кәдімгі үтір тәріздес (вибрио -- латынша үтір деген сөз). Алғаш рет оны 1883 жылы Р. Кох тапкан болатын. Ол Египетегі осы тырысқақ ауруынан өлген адамдардың нәжістерінен микробты бөліп алып зерттегеи. Ауру тым ауыр өтеді, кейде 40 -- 50%-ке дейін аурулар қаза табады. Ауру тек адамнан жұғады. Табиғи жағдайда ешбір тірі организм бұнымен ауырмайды. Лаборатория жағдайында жануарларға тырысқақ жұқтыру аса қиынға соғады. Тырысқақ үтіршесі қозғалғыш, шеттерінде жіпшелері бар, спорада, капсула да түзбейді. Көбінесе екі-екіден 5 пішіндес болып орналасады. Тырысқақ вибрионы тым өзгергіш келеді. Крахмал, гликоколь бар коректік ортада таяқша тәрізденіп, бүйраланып, жіпшеленіп, шар тәрізді болып, тіпті ашыткы саңырауқұлақтары сияқтана да өніп-өседі. Әдеттегі қоректік ортада олардың түрі қайтадан үтір тәрізденеді. Тырысқақ вибрионы қоректік ортаны талғамайды, аэроб, +16-дан +40° аралығында өніп-өседі. Дегенмен оған тым қолайлысы -(-37°. Ортада азғана мөлшерде қышқыл болса, ол өсіп-өне алмайды. Жалпы орталықка жеке улар бөлмейді. Организмде вибрион өніп-өскенде ғана адамды улайды. Сонда олар эндотоксиндер бөлетін болады. Тырысқақ ауруымен ауырғаннан кейін адамда иммунитет пайда болады да, ол екінші қайталап ауырмайды. Организмде мұндайда вибрионды ірітіп жіберетін антителалар. Қазіргі кезде өлтірілген тырысқақ вибрионынан жасалған вакцинаны қолданады. Ол құрғақ және сұйық күйінде шығарылады.Тырысқақ микробынан даярланған вакцинаның бір миллилитрінде 4 миллиондай вибриондар бар.Осындай вакцинамен аралығын 7 -- 10 күннен ала отырып үш рет егеді. Әрине тырысқак ауруы біліне басталған қаупі төнгенде басқа да сақтандыру шараларын қолдану қажет. Қайнатылмаған суды, жуылмаған жемістерді, овощтарды қолдануға болмайды, жеке бастың гигиенасын сақтау қажет. Ұзақ адам баласыиа қауіп төндірген аурулардың бірі дифтерия.Өткен ғасырдағы атақты француз жазушысы Мопассан Суда деген әңгімесінде дифтериядан аса қиналып, яғни дифтерия жарғақшаларының жұтқыншақта тығылып, одан адамдардың тұншығып, өлетінін аса шеберлікпен жазған болатын. Әрине, Мопассан сол кезде етек алған ауруды бақылап содан алған әсерін ғана баяндаған болатын. Дифтериядан адам баласы көп зардап шекті. Бұл аурудың жалиы жағдайын XV -- XVII ғасырлардағы Испания дәрігерлері жазған болатын. Дифтериядан адам тұншығып өлетін болғандыктан оны гаротилло, яғни қылғынушының тозағы деп атады. Дифтерияны жіңішке, шында дөңгелекше дәншіктері бар, ерекше таяқша бактериялар қоздырады. Оны алғаш рет 1883 жылы ауру адамнан Клебс бөліп алған болатын. Ал 1894 жылы Леффлер таза микробты зерттеді. Дифтерия таяқшасы, тек адамда ғана ауру қоздырады. Табиғи жағдайда жануарлардың қайсысында болмасын дифтерия байқалмайды. Дифтерия таяқшалары жіңішке, кейде түзу, кейде иілген, шетінде дәншіктері бар. Бактериялар қозғалмайды, жіпшелері жоқ, капсула және спора түзбейді. Грам әдісімен боялады. Кейде олар қосақтала орналасса, кейде латынның V, О, һ әріптеріне ұқсап, бірнешеуден жиналады. Дифтерия таяқшалары аэробтар, кейде олар факультативті анаэробтар да болып тіршілік етеді. Өсуі үшін қолайлы температура 36 -- 37°. Барлық қоректік ортада, әсіресе сарысуда, қаннан жасаған орталарда жақсы өніп-өседі. Олар глюкоза, мальтоза және галактозаны ыдырата алады. Онда газ түзілмейді де, орта қышқылданады. Дифтерия таяқшалары өскен кезде у түзеді. Оны алғаш рет 1888 жылы Ру мен Иерсен тапқан болатын. Дегенмен ол түрақсыз у, 60°-қа қыздырғанда немесе сәулемен әсер еткенде ол у тез ыдырап кетеді. Дифтерия таяқшалары 30° суықта да тіршілігін жоймайды. Бірақ химиялық заттар бұл таяқшаны лезде өлтіріп жібереді. Бұл ауру, әсіресе жас балаларда көп байқалады. Сондықтан оларға алғашқы жылдың өзінде-ак вакцинаны егіп, иммунитет туғызады. Қазіргі кезде бұл аурумен күресудің біздің елімізде дәйекті шаралары белгіленген. Сондықтан да дифтерия ауруы бізде жөнді байқалмайды.
Патогенділік және вируленттілік.
Патогендік термині микроорганизмдердің ауру шақыру қабілетін білдіреді. Ол екі грек сөзінен құралған: pathos-қиналу, ауыру және genes-тудырушы. Барлық бактериялар патогенді, яғни ауру тудырушы болмайды. Сондықтан патогендік қалай туып, анықталады? деген сұрақ заңды. әр түрлі бактериялардың птогендігі олардың ерекше қасиеттерімен сипатталтындықтан бір жауап қана болуы мүмкін емес. Патогенді бактериялардың пайда болуын мынамен түсіндіруге болады: бактериялар паразиттік тіршілікке бейімделіп, макроорганизмдердің қорғаныш механизмдеріне қарсы тұру қабілеттілігін қамтамасыз ететін биологиялық қасиеттер пайда болуымен.
Айтылғандай, макро және микроорганизм арасындағы симбиоздың бірнеше формалары бар: мутуализм, комменсализм және паразитизм, комменсализмнен паразитизмге өту де болуы мүмкін. Бұл тұжырым табиғатта егіз микробтардың болуын түсіндіреді. Мысалы, адам мен жылықандыларға патогенді микобактериялар бар. Патогенді микобактериялар организмнің сәйкестігіне байланысты бейімделу нәтижесінде әр түрлі топтарға біріктірілді. Сонымен қатар батулизм мен сіреспе сияқты аурулардың қоздырғышы сыртқы ортада тұрақты болады: олардың табиғи тіршілік ортасы - топырақ. Олардың адамға және жылықандыларға патогенділігі қуатты токсиндерді бөлу қабілетімен байланысты. Бірақ токсин өндіру бұл бактериялардың тіршілігі мен экологиясына қандай әсер ететіні белгісіз. Патогенсіз бактериялардың патогендіге айналуының басқа механизмі бактериофагтар мен плазмидтардан алғашқы қосымша гендерді қабылдаумен байланысты. Мысалы, адамда дифтерияны тек патогенді Corynebacterium diphtheriae шақырады, ал дифтерийлі экзотоксин синтездеу қабілетіне олар лизогенді конверсия нәтижесінде ие болады. Басқаша айтқанда бұл бактериялардың ауру тудырғыштығы токсигенді коринефагтардан оларға токсигенділік гендердің берілуіне тәуелді. Патогенсіз коринебакиериялардың хромосомасына интеграцяланып, бұндай фагтар патогенсіз коринебактерияларды дифтерия қоздырғышына айналдыратын гендерді алып келеді.
Өз кезегінде, диареегенді ішек таяқшаларының көп түрлері құрамында патогенсіз E.coli-ді, эшерихиоздың әр түрлі формаларын тудыруға қабілеті бар патогенді E.coli-ге айналдырытын гені бар плазмидтер пайда болуы нәтижесінде туды.
Ақырында, табиғатта сенсорлы - реттеуші жүйе көмегімен өз метаболизмдерін қандай жағдайда тіршілік етуіне байланысты - сыртқы ортада немесе жылықанды жануарлар организмінде, өзгерте алатын бактериялардың көптеген түрі тіршілік етеді. Бұндай бактериялар (легионеллалар, иерсиниялар және т.б.) тіршілік ету ортасы топырақ пен өсімдік организмі болғандықтан сапронозды деп атады. Бірақ адам немесе жануар организміне түскеннен кейін олар осы жағдайда көбеюді қамтамасыз ететін жағына өз метаболизмін өзгертеді.
Патогенділік немесе ауру шақыру қабілеттілігі абсолютті болмайды. Оның шарттылығы келесі фактілерде көрінеді:
Микробтардың патогенділігі жануардың белгілі түріне қатынасты көрінеді. Адамға ғана патогенді бактериялар, жануарларға ғана патогенді бактериялар, сондай-ақ адамға да, жануарға да патогенді бактериялар бар (оба, бруцеллез, туляремия қоздырғыштары).
Кейбір жағдайларда макроорганизм үшін патогенсіз қоздырғыш басқа өзгерген жағдайларда патогенді болады. Мысалы, табиғи жағдайларда тауықтар сібір түйнемесімен ауырмайды, ал егер олардың температурасын жасанды түрде төмендетсе, олар ауырады.
Физиологиялық сау организмдер үшін шартты-патогенді немесе патогенсіз микроорганизмдер олардың табиғи резистенттілігінің, әсіресе радиациялық сәуле әсерінен әлсіздеуінен патогенді болады.
Патогенділік - ауру тудыру қабілеті - түрге толық тән тірлік қасиет болғанымен, берілген түрдің әр түрлі өкілдерінде әр түрлі дәрежеде көрінеді. Сондықтан патогенділік дәрежесін бағалау үшін вируленттілік терминін қолданады. Патогендік пен вируленттілік бірдей мағына береді (virulentus-улы) яғни, ауру тудыру қабілеттілігі, бірақ вируленттілік дегенде мөлшерлік бағалауды түсінеді. Вируленттілік күшеюі (жоғарлауы) және әлсіреуі (төмендеуі) мүмкін. Бұл қоздырғышқа әр түрлі әдіспен әсер ету арқылы болады. Патогендік белгілерінің барлығы гендермен бақыланады, сондықтан вируленттілігі жоқ немесе жоғары вирулентті қоздырғыштар штамдарын алу олардың таңдау үшін қолайлы жағдайлар жасалып, бұндай варианттарды селекциялайды. Л. Пастер сібір түйнемесіне қарсы вакцинаны оның қоздырғыштарын 42 С-де өсіріп олардың патогендігін анықтайтын плазмидтерді жоғалтуы арқылы алды. Құтырмаға қарсы вакцинаны адам үшін қатерсіз, қояндар үшін жоғары вирулентті құтырма вирусының штаммасы.
Л. Себин полиомиелитке қарсы тірі вакцинаны полиовирустың үш типінің вирулентсіз варианттарын селекциялау арқылы алды.
Микроорганизмдердің вируленттілігін мөлшерлік анықтау үшін үш әдіс қолданады: Dlm, Diso, Del анықтау. Dlm (Dosis letalis minima) белгілі уақыт аралығында (жануар түріне қатынасты өлшем) жануар өлімін тудыратын микроорганизм немесе оның токсиндерінің минимальді дозасы. Dlm қоян, ит, теңіз шошқасы үшін әртүрлі. Dcl (Dosis certa letalis) - кез-келген жануардың өлімін тудыратын шартсыз өлім дозасы, ол да қатысты. Сондықтан статистикалы дәлелді летальді доза деп зақымдалған жануарлардың 50%-н өлімін тудыратын дозаны есептейді - DL 50. Ол Рид және Менч әдісімен статистикалы өндеу нәтижесінің негізінде анықталады.
Патогендік факторлары (вируленттілік).
Патогенділік бактериялардың биологиялық көрсеткіші ретінде олардың үш қасиетімен көрсетіледі: инфекциондылық, инвазивтілік, токсигенділік.
* Инфекциондылық деп қоздырғыштардың организмге еніп, ауру шақыру қабілетін, сондай-ақ микробтардың тасымалданудың бір механизмі арқылы көшіп, беткейлік кедергілерді (тері және кілегей) өтіп өзінің патогенді қасиеттерін сақтап қалу қабілетін түсінеміз. Ол қоздырғыштарда олардың организм жасушасына бекіп, колонизациясын қамтамасыз ететін факторлардың болуымен түсіндіріледі.
* Инвазивтілік деп қоздырғыштардың организмнің қорғаныш механизмдерін өтіп, көбейіп, жасушаларына еніп, онда көбею қабілетін айтады. Бұл қасиет патогенді микроорганизмдерде жасушаға еніп, көбеюін, фагоцитозды әлсіретіп, оған кедергі жасайтын агрессия мен қорғаныш ферменттерінің көп болуын қамтамасыз ететін патогенділік факторларының болуымен түсіндіріледі.,
* Токсигенділік олардың экзотоксин өндіруімен сипатталған. Улылығы эндотоксиндердің болуымен сипатталған. Экзо және эндотоксиндер өзіндік әсермен сипатталады және организм тіршілігінде терең бұзылыстар туғызады.
* Инфекционды, инвазивті, токсигенді қасиетттер бір-бірімен байланыспаған, олар әртүрлі микроорганизмдерде әртүрлі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам ауруын қоздырушы дрожжилар
Патогенді микроорганизмдердің таралуы
Балаларға салынатын екпелер
Тырысқақ ауруының отаны Индиядағы Бенгалия және Ганга өзенінің төменгі ағысынын жағалаулары
«Микробиология және вирусология» пәні бойынша дәрістер жинағы
Вирустық аурулар туралы түсініктер
Иммунитет теорияларының дамуы
Микробиологияның даму кезеңдері
Микробиология туралы түсінік
Аурудың қоздырғышы - сүзгіленуші вирус
Пәндер