Сызықтық масштаб



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қарағанды техникалық университеті

Маркшейдерлік іс және геодезия кафедрасы

ЕСЕПТІК ГРАФИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
ГЕОДЕЗИЯ
(пәннің атауы)


Қабылдаған: Капасова Айзада Зарлыковна

Әлайдаров Саят Маратұлы
(баға) (студенттің аты жөні)
_____________________
(қолы) (уақыты)

Комиссия мүшелері:

Жумадилова Динара Қуанышбековна
(қолы, аты жөні)

Рымқұлова Арайлым Болатбекқызы ЦАФ-20-1
(қолы, аты жөні) (тобы)

Қарағанды 2020

ҚАРАҒАНДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
БМСК РМК
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОРТАЛЫҒЫ

АНЫҚТАМА
КарТУ БМСК РМК ақпараттық технологиялар орталығында ЦАФ-20-1 тобының студенті Әлайдаров Саят Маратұлы Геодезия пәні бойынша есептік графикалық жұмыстың салыстырмалы талдауын жүргізді.
Барлық мәліметтер Антиплагиат жүйесінің технологиясына сәйкес алынды.
Толық ақпарат алу үшін сарапшымен толық талдау жүргізілуі тиіс.Мәтіннің бірегейлігі -100 %

МІ және Г кафедрасының меңгерушісі Хмырова Е.Н.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5 1. Жeргілікті жер бедерің горизoнтальдармен бейнелеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6 2. Масштаб бойынша есептер шығару ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9 3. Тура және кері геoдезиялық есептер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11 4. Топографиялық карталар бойынша есептер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12 5. Теодолиттік жүріс төбелерінің координаталарын есептеу және план құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
6. Сызықтық құрылыстардың бойлық пен көлденең профильдерін тұрғызу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
Пайдаланылған әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19

Кiріспе
Геодезия пәні Көлік құрылысы, Құрылыс, Тау-кен ісі, Геодезия және картография мамандықтарындағы студенттерінің негізгі сабағы болып саналады, сол себептен Геодезия пәні осы мамандықтардың оқу бағдарламасына кіреді.
Геодезия пәнін оқытудың мақсаты - өндірістік инженерлік-геодезиялық істерге қазіргі заманғы әдістерді қолдана отырып, геодезиялық, фотограмметрлік жұмыстарды, әртүрлі ғылыми-өндірістік мәселелерді шешу барысындағы теориялық білім алумен практикалық дағдылануды игеру болып табылады.
Геодезия өте ерте заманда жер бетін шаруашылық мақсаттар үшін зерттеу қажеттігі туған кезде пайда болды. Әсіресе, Ежелгі Египетте геодезияның пайда болуы мен дамуына ерекше колайлы жағдайлар туды. Онда Ніл өзені алқабындағы егін шаруашылығы өте ерте заманда-ақ пайда болып, кең дамыған еді. Астық өнімінің мол болуы кұнарлы тұнбалардың шөгуімен байланысты болатын. Ол кезде әр жыл сайын Ніл өзенінің су таскыны жер танаптарын шайып кетіп отырды. Египеттіктерге бұл жерлерді қайта-қайта қалпына келтіріп отыруға тура келді. Әрине, бұл жағдай жер танаптарын межелеп бөлу, жерге өлшеулер жүргізу кезінде тәжірибе жинақтауға алып келеді, сөйтіп жерді өлшеу (геометрия) және жерді бөлу (геодезия) саласындағы теориялық білімнің тез дамуына септігін тигізді. Біздің заманымызға дейінгі XIV-XII ғасырларда Қытайда бүкіл жерді зерттеу мақсатында геодезиялық жұмыстар жүргізілді: бұл жұмыстар жер танаптарын елшеуіш тізбектер мен өлшеу шеберліктерінің болғандығын керсетті.
Геодезия атам заманғы (антикалық) Грецияда жоғары дамыған болатын, онда геодезия теориялық жағынан негізделді. Оған бізге жеткен Александриялық Геронның Диоптрия туралы және Ауданды өлшеу атты кітаптары дәлел бола алады. Бұл кітаптарда геодезиялық жұмыстар мен геодезиялық құралдардың сипаттамалары келтірілген. Грек ғалымы Эратосфен (б.з.д. 274-194 жылдар) Египетте жердің келемін анықтады. Ол жер шарының радиусы шамамен алты мың километр екен анықтап берді.

1.Жергілікті жер бедерін горизантальдармен бейнелеу
Геодезия- жер туралы өте ежелгі ғылымдардың бірі. Адамзаттың бағзы заманда жер бетінде қашықтық пен ауданды өлшеудегі ашқан заңдылықтары геометрия мен геодезияның ғылым ретінде дүниеге келуіне негіз болды. Грек тілінен аударғанда геодезия сөзі жерді бөлу деген мағынаны білдіреді. Қазіргі заманғы геодезия-ның жерді бөлу мағынасы шеңберінен әлдеқашан шыққаны түсінікті.
Жер беті-ойлы-қырлылығының жиынтығы жер бедері (рельеф) деп аталады. Оның табиғи көрінісі жазық, тау(төбе), қазаншұңқыр (ойпаң), жота (жон), алқап (қойнау,өзек,жыра), белес сияқты болады.Жер бедері геодезиялық құжатнамада (карта,план,профиль) кескінделу керек. Егер жер бедері геодезиялық құжатнамада кескінделмесе, жер бедерін игеру және оны халық шаруашылығы қажеттілігіне пайдалану мүмкін емес.
Жер бедерін кескіндеудің геодезиялық тәсілі горизонталь иректерін алумен байланысты. Горизонталь деп биікті бір деңгейде орналасқан жер беті нүктелерін өзара тұйықтаудан ирелеңдеп шығатын ирек сызықты атайды. Қабаттас қима жазықтар аралығындағы тіке қашықтық жер бедерінің қима биіктігі, қатарлас горизонталь иректері аралығындағы көлденең қашықтығы салынды, арасындағы сүйір бұрыш еңістік деп аталады.
Биіктіктерді интерполяциялау дегеніміз - биіктігі қима биіктікке еселі нүктелерді табу. Оның екі тәсілі бар: графикалық және аналитикалық.
Профиль - жер бедерінің тіке тіліктегі көрінісі.
Горизонталь иректеріне тән мынадай қасиеттерді анықтауға болады.
1. Әрбір горизонталь белгілі бір биіктікке ғана ие. Горизонталь иректері өзара қима биіктік шамасына өзгешеленеді.
2.Қатарлас жатқан горизонталь иректері өзара неғұрлым жақын орналасса, соғұрлым беткейдің тіке болғаны. Керісінше, олар өзара неғұрлым алшақ орналасса, онда жер бедерін тау, төбе,жота, жон, қырат тұрпаты болғаны.
3.Беткейдің ылдилау бағыты арнаулы еңкеріс (бергштрих) сызықшасымен (ұзындығы 0,3мм) белгіленеді. Топокарта немесе топопланда жер бедері тұрпаты осы еңкеріс белгісі арқылы ажыратылады. Егер ол горизонталь ирегіне сырттай орналасса, онда жер бедерін тау, төбе, жота, жон, қырат тұрпаты болғаны, керісінше, егер ол іштей орналасса, онда жер бедерінің қазаншұңқыр, ойпаң, алқап, қойнау, өзек, жыра тұрпаты болғаны.
4.Горизонталь иректері өзара қиылыспайды. Олардың көрнектілігі қоңыр түспен белгіленеді.
5.Жер бедеріне тән айрықша нүктелер мен сызықтар бар. Төбе басы, қазаншұңқыр түбі, беткей аралық иілу нүктелері болса, суайрық пен суағар-айрықша сызықтары болмақшы. Жотаның ең жоғарғы орналасқан нүктелерін өзара жалғастырушы сызықтар суайрық, ал қойнаудың ең төмен орналасқан нүктелерін жалғастырушы сызық суағар деп аталады.

2.Масштаб бойынша есептер шығару
Карта- белгілі бір топографиялық проекциялар көмегімен Жер бетінің үлкен өлшем бірліктеріне анықталатын аудандардың нақты жазықтықта кішірейтілген кескіні.
Жер бетінің шағын аймағының дәл кескінін, яғни ірі масштабтағы картаны план деп атайды.
Пландағы, яғни картадағы s кесінді ұзындығының жердегі тиісті S кесіндінің горизонталь проекциясына қатынасы планның немесе картаның масштабы (s\S)деп аталады.
Сандық масштаб - алымы бірлік , ал бөлімі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Масштаб және оның түрлері
Масштаб есептерінде GPS навигациясын күнделікті өмірде қолдану
Жердің пішіні және жер беті бейнесінің проекциясы
Маштаб туралы жалпы түсінік
Геодезияның даму тарихы жайлы
Статистикалық көрсеткіштерді графикалық әдіс арқылы бейнелеу
Жер бетінің жазықтықтағы көрінісі
Карталардың ерекшеліктері
Картограмма
КОСТЮМ КОМПОЗИЦИЯНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ МЕН САПАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пәндер