Азот және Фосфор элементтерін және олардың қосылыстарын жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша оқыту әдістемесі


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша V (A) тобы элементтерін және олардың қосылыстарын оқыту әдістемесі.
Орал - 2021ж
МАЗМҰНЫ
- ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
- Жаңартылған оқу бағдарламасының мазмұны мен ерекшеліктері
- V(A) топ элементтеріне және олардың қосылыстарының қасиеттеріне жалпы сипаттама
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі:
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек» - деп атап көрсетті [1] .
Елбасымыздың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс», - деп атап көрсетіп, білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту керектігін айтты [2] .
Жас ұрпақты тәрбиелеп, ХХІ ғасыр талабына сай біліммен қаруландыру - бүгінгі таңдағы басты мәселелердің бірі болғандықтан, білім беру ұйымдарында жаңартылған оқу бағдарламасына көшу - бұл заман талабы болып отыр. Жаңартылған оқу бағдарламасының негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс - тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Бүгінгі таңда білім беру жүйесі түбегейлі жаңаша ойлауға негізделген іргелі реформалар кезеңіне қадам басты. Білім беру жүйесінде жасалып жатқан реформалар барлық деңгейлердегі білім мазмұнын жаңартуға және өсудің тұрақты даму кезеңіне өтуге бағытталған. Білім мазмұнын жаңарту аясында «Химия» оқу пәнін оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдамада жаңартылған білім мазмұны жағдайында пәнді оқытуды ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көрсетілген [3] . Осыған сәйкес елімізде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «Химия» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы» әзірленді [4] .
Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары - бүгінгі күннің талабына сай болашақ ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Алғаш рет оқу жоспары белгілі бір білім беру материалын беруге емес, күтілетін нәтижелер жүйесіне бағытталғалып отыр.
Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы - оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қолдану болып табылады. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі.
Бұл жаңартылған бағдарлама оқушылардың жаңа білімді меңгеруіне де, сондай-ақ алған білімін әрі қарай дамытуына да мүмкіндік береді. Қоғамның толыққанды мүшесі болу үшін айтарлықтай маңызды болып табылады. Бұл бағдарламалар оқушылардың оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым дағдыларын дамытуға көмектеседі. Оқушылар әр жылы келесі сыныпқа ауысқан сайын ақпаратты бағамдау, дәлелдерді қабылдау және өз дәлелдерін ұсыну шеберліктері арта түспек. Олар алған білімдерін кез келген ортада, іскерлік ортада бәсекеге қабілетті болуға, қарым-қатынас кезінде тиімді қолдануға мүмкіндік беретін білім алады. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдана білу міндеті тұр
Сондықтан дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша V(А) тобы элементтерін және олардың қосылыстарын оқыту әдістемесі» деп таңдалды.
Зерттеудің мақсаты : V(А) топ элементтерін жаңартылған білім мазмұны жағдайында оқытуды ұйымдастыру.
Зерттеудің міндеттері:
- Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігі бекіткен құжаттарды, педагогикалық-әдістемелік әдебиеттерді, «Химия мектепте», «Химик анықтамалығы» журналдарын талдау арқылы зерттеліп отырған мәселені қарастыру;
- Оқушылардың химиялық элементтер және олардың қосылыстары туралы қалыптасқан білім деңгейін анықтау;
- Жаңартылған оқу бағдарламасы негізінде V(A) топ элементтерін оқытуға арналған сабақтар жүйесін құрастырып, оны оқыту процесінде қолдану;
- Жұмыс мазмұнының мақсатқа сәйкестілігін педагогикалық эксперимент арқылы тексеріп, негіздеу.
Зерттеу әдістері:
- Қарастырылып отырған мәселесі бойынша педагогикалық-дидактикалық және әдістемелік әдебиеттерді теориялық талдау;
- Нормативті құжаттарды (стандарт, бағдарламалар, оқу жоспары, оқулықтар, әдістемелік нұсқаулар), озық педагогикалық тәжірибелерді сараптау;
- Оқу үрдісіндегі оқушылардың өзіндік жұмыстарын бақылау және зерделеу;
- Жұмыс мазмұнының мақсатқа сәйкестігін педагогикалық эксперимент барысында тексеру.
Зерттеу обьектісі: химияны оқытуды ұйымдастыру барысында оқытушы мен оқушының іс-әрекеті.
Зерттеу пәні: негізгі мектеп химиясын жаңартылған оқу бағдарламасы арқылы оқыту әдістемесі мен мазмұны.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Білім жәнем Ғылым министрлігінің оқу-тәрбие процесіне байланысты ұсынған құжаттар жиынтығы, педагогикалық-әдістемелік еңбектері, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, педагогикалық-әдістемелік баспасөз көздері, мектепте жүргізілген педагогикалық зерттеу материалдары.
Зерттеу жұмысының базасы: Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы ауданы, Ұялы ауылы, Ш. Жексенбаев атындағы Жалпы Орта білім беретін мектеп-бөбекжай кешені.
- ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУЖаңартылған оқу бағдарламасының мазмұны мен ерекшеліктері
Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Елбасы Н. Назарбаев өз сөзінде: «Біз қазір «білім-ғылым-инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз», - деген болатын.
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдерімен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Бағдарламаның міндеттері:
- Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру;
- Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;
- Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету;
- Мұғалімдердің бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру.
Оқудан күтілетін нәтижелер:
- Мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, ондағы материалдардың күрлелілігінің өсу ретін, мазмұнын және мақсаттарын біледі және түсінеді;
- Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана алады;
- Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсінеді және қолдана біледі;
- Мұғалімдердің орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті біліктері мен дағдылары қалыптасады.
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы - заман талабына сай, болашақ ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың, болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы.
Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы мұғалімнің қабілетіне және құзыреттілігіне байланысты. Мұғалім оқушылар үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың оқудағы еңбегін қызықты, тиімді ұйымдастыра алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға. Жаңа заман мұғалімнен күнделікті оқушылармен қарым-қатынас барысында әрбір жағдаят үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап етіп отыр. Қазіргі заманның мұғалімі жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек.
Әр сабақта әртүрлі тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру ең басты мәселе. Ахмет Байтұрсынов «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек», - деп айтқан болатын. Тиімді әдіс-тәсілдер - сапалы сабақ кепілі. Пәндерді оқытуда тиімді әдіс - тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты қызықты да тартымды өткізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Қазіргі таңда пәнді жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс-амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы.
Білім алушылардың күтілетін оқу нәтижелері жетістігін бағалау жүйесі білім беру мазмұнының ажырамас бір бөлігі болып табылады. Жаңартылған орта білім беруді енгізу кезінде білім алушылардың оқу жетістігін анықтауда критериалды бағалау жүйесі қолданылады. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Критериалды бағалау жүйесіндегі ең маңызды нәрсе - оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін - өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны бағаланады. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Бұл бағалау түрлері баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Критериялық бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдерде пайдаланылады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады.
Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім асындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін, ортақ тақырыптарын және белгілі оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Қалптастырушы және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады.
Сонымен қатар, жаңартылған білім беру бағдарламасы оқушының сөйлеу әрекетінің төрт түрін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды жетілдіруге бағытталған. Бұл сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша түйінді дағдылар оқу жоспарында «спиральді» тәсілмен берілген. Қарапайымнан күрделіге қарай, бірте-бірте білім, білік пен дағдылары кеңейтіліп қалыптасады. Оқу мақсаттары оқушылардың зерттеу дағдыларын, қарапайым бақылауға тәжірибе арқылы білімі қалыптасуына, алған білімін қайта өмірде қолдана білуіне бағытталған. Оқушы бойында әлеуметтік дағдылар, жалпы білімнің іргетасы, танымдық белсенділігі, жүйелі оқу әрекетінің қалыптасуы оқу бағдарламаларында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, тез өзгеріп жатқан әлемнің жағдайында зияткер, рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру» деп атап көрсеткендей бүгінгі таңда білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді талап етеді. Білім беруді жаңаша ұйымдастыру - оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев жылдар бойы білім және ғылым саласына ұдайы көңіл бөліп келеді. Биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында да бұл мәселе назардан тыс қалған жоқ. «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз - білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын оқушылардың сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет», - деген жолдар соның дәлелі.
Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері:
- пән мазмұнын жобалаудың спиральділік ұстанымы, яғни білім мен біліктерді арттыруда оқу материалын тігінен, сондай-ақ көлденеңінен біртіндеп кеңейту (білімді тақырыптар бойынша және сыныптар бойынша күрделендіру) ;
- таным заңдылығы мен пәндік операциялардың неғұрлым маңызды түрлері бойынша ойлау дағдысының деңгейлік жіктелімдеріне негізделген Блум таксономиясы бойынша оқыту мақсаттарының иерерахиясы;
- білім беру деңгейлері және тұтас оқыту курсы бойынша педагогикалық мақсаттардың пәнішілік байланыстарды барынша ескеруге мүмкіндік беру;
- бір білім саласы пәндері арасында, сондай-ақ пәнаралық байланысты жүзеге асыру барысында «ортақ тақырыптардың» болуы;
- бөлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының уақыт талабына сәйкес болуы, әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назар аудару;
- оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспар түрінде технологияландыру болып табылады
Жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктері:
Ең бірінші ерекшелігі пән мазмұнының спиральді қағидатпен берілуі. Спиральділік қағидаты бойынша құрылған білім беру бағдарламасы Джером Брунердің «Блім беру үдерісі» (1960) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. Браунердің жұмысына негізделген спиральді білім беру бағдарламасының негізгі ерекшеліктері:
- оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды, тақырыптар әртүрлі деңгейде қайталанады;
- қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі. Тақырыптардың күрделілік деңгейі алдыңғыға қарағанда анағұрлым күрделі әрі тереңдетіліп оқылуы тиіс;
- жаңа білім алдығы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады;
Екінші ерекшелігі Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы. Оқу үдерісінде білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау сатыларында оқушылар әрекет етеді (кесте 1, 2) .
Кесте 1 - Блум токсономиясының иерархиясы
Кесте 2 - Блум таксономиясы арқылы сұрақ қоя білу шарттары
Бұл жақсы ма және неліктен?
Бұл қисынды ма және неліктен?
Үшінші ерекшелігі білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптардың» берілуі. Яғни, тақырыптар бір-бірімен тығыз байланыста, сабақтастықта өтуі тиіс.
Төртінші ерекшелігі оқу мазмұнының ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарларының құрылып, құрылған жоспарлардың жүйелі іске асуы (кесте 4) .
Кесте 4 -
• Оқу бағдарламасы
• Пәннің мазмұны
• Жұмыс сызбасы
• Тізбектелген сабақтар
Бесінші ерекшелігі оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының бойында адамгершілік-рухани қасиеттердің қалыптастырылуы (кесте 5) .
Кесте 5 -
Алтыншы ерекшелігі білім беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қойылуы.
Жетінші ерекшелігі бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сай келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударуы (кесте 7) .
Кесте 7 - Білім алушының әлеуметтік үдерісіне пайдалана алатын негізгі құзыреттіліктері
Басқарушылық
(проблеманы шешу қабілеті)
Сегізінші ерекшелігі оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұсыным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысуы) .
Жаңартылған білім мазмұны мен дәстүрлі білімді салыстыратын болсақ, ерекшеліктерді терең байқауға болады (кесте 7) .
Кесте 7 -
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz