Адамгершілікке тәрбиелеудегі қазақ ертегілерінің әсері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғарғы колледж

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» ПЦК-сы

Курстық жұмыс

Тақырыбы:

Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды дұрыс әрекет құндылықтарының қасиеттеріне тәрбиелеу

Орындаған: Тілеуқұл Алтынай Қанатқызы

Жетекшісі: Серикова Забира

Тараз қаласы

2020 оқу жылы

Мазмұны:

Кіріспе . . . 3

І тарау. Мектеп жасына дейінгі балаларға ертегіні түсіндірудің теориялық негіздері

1. 1 Адамгершілікке тәрбиелеудегі қазақ ертегілерінің әсері . . . 4

1. 2 Ертегілер мен аңыздар адамгершілікке тәрбиелеу құралы . . . 6

ІІ тарау. Мектеп жасындағы балаға ертегі арқылы адамгершілік тәрбиесін қалыптасытру әдістері.

2. 1. Ертегі арқылы балалардың бойында дұрыс мінез-құлықты қалыптастыру . . . 16

2. 2 Мектеп жасындағы балаларға ертегіні пайдалану әдіс-тәсілдері . . . 18

Қорытынды . . . 24

Пайдаланылған әдебиетттер . . . 25

Қосымша беттер

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі.

Мектеп жасына дейінгі балалар әрдайым өздерін қалыптастыру процесі үстінде болатыны анық. Яғни, балалар өздерінің ойларын тұрақты қалыптастырып үйгермегендіктен, ересектердің әрекеттерінен, сөйлеген сөздерінен белгілі мөлшерде үлгі алады. Осы себепті ересектер тұрғысынан балаларға оңтайлы әсер етуге болады. Үлкендер балаларға адами құндылықтарды борйларына қалыптастрыу үшін оларға ең қарапайым жолы сендіре және түсіндіре алулары керек. Кішкентай бала сенген нәрсесіне байланысты әрекет жасайтындықтан, оларды дұрыс адами құндылықтарды көрсете алатын әртүрлі кейіпкерлердің қызықты оқиғаларына сендіруге болады. Ал мұндай жарқын оқиғаларға бірден-бір қанық жанр түрі ол-ертегі. Ертегі-халық ауыз әдебиетінің бір түрі. Кішкентайынан ертегінің сусынына шөлі қанып өскен бала, тек қана әр алуан оқиғалармен таныс болып қана қоймайды. Ол өз кезегінде балаларды жақсы мен жаманның айырмасын анықтауға, жағымсыз кеіпкерлердің әрекетін қайталамауға үгіттейді. Балалар өздері жақсы деп тапқан кейіпкерлерді өздерінің бойындағы қасиеттермен салыстыра отырып, бұрынғыдан да жақсырақ көрінуге, кейіпкер сияқты батыл немесе қайырымды болуға тырысады. Яғни, бұл жағдайдан аңғарарымыз ертегі арқылы тек балалардың фантазиясын дамытып қана қоймай, бірнеше мәселенің басын шешуге әбден болады. Ертегі көмегімен жақсы және жаманның ара-жігін ажыратып, жақсы қасиеттерге баулу, сөздік қорын байыту, ертегі жанрларына байланысты танымдық қасиеттерін дамыту.

Зерттеу мақсаты: Балалармен бірге ертегілерді оқып-талдау арқылы, адам бойындағы ең асыл қасиеттердің қандай болатынын ұғындыру. Ертегідегі жағымды кейіпкерлердің жақсы өмір сүретіндігі сияқты, өмірде де жақсы мінез-құлыққа ие адамдардың өмірлері ертегідегідей шуақты болатынына балаларды сендіре отырып, жағымды қасиеттерді бойларына сіңіру. Адамдармен жақсы қарым-қатынас жасауға, мейірімді болу сияқты құндылықтарға тәрбиелеу, өмірлік оң көзқарастарды түсіндіру. Баланың қиялын есте сақтауын шығармашылық қабілетін дамыту, ойдан әңгіме, ертегі шығарып айтуға дағдыландыру. Театрлық іс - әрекетті ертегілерді пайдалана отырып ойын дамыту. Баланы қоршаған ортаға, адамдарға, құрбыларына, өзіне деген қарым - қатынас мәдениетін қалыптастыру.

Зерттеу міндеттері: -Жұмыстың теориялық мәнін ашу; -Адамгершілік тәрбиесіне қалыптастыру жолдарын анықтау; -Мінез-құлық тәрбиесін дұрыс қалыптасу жолының маңыздылығын дәлелдеу; -Тақырыптың мағынасын арттыратын материалдар жинақтау; -Эксперименттер арқылы қорытынды шығару.

Зерттеу әдістері: Әдебиеттерді талдау; Қолданылған әдебиеттерді салыстыру; Ой қорытыныдысын жасау; Эксперименттер ұйымдастыру : 1. Анықтау эксперименті 2. Қалыптастыру эксперименті 3. Тексеру эксперименті Сахналау (атрибуттар, қуыршақтар арқылы) Түсіндіру, әңгіме құру Сұрақ-жауап (ТРИЗ технологиясы)

Зерттеу нысаны: № 26 «Нұрай» бөбекжай-бақшасы

Зерттеу пәні: Психология

Зерттеу болжамы:

Балалардың ертегіге деген қызығушылықтары артып, жалықпай тыңдап, топ балаларымен бірге талдап, саралай білулерін, бір-біріне өздері білетін жақсы ертегілерді айтып беру арқылы өз араларында жаңа ертегі оқып келіп, бір-бірін жаңа нәрсе білуге шабыттандыруды жоспарлаймын. Өздері айтқан ертегі кейіпкерлері сияқты адами құндылықтарға бай болып өсуді армандатып, оның мүмкін екендігін түсіндіру. Және соған сай әрекет жасайтын балалардың дұрыс мінез-құлық құндылықтарын меңгеруін болжаймын.

  1. Мектеп жасына дейінгі балаларға ертегіні түсіндірудің

теориялық негіздері

  1. Адамгершілікке тәрбиелеудегі қазақ ертегілерінің әсері

Қазақ халқының патриоттық тәрбие берудегі тиімді құралдарының бірі-ертегі. Сондай-ақ, ертегіден халқымыздың ертеңге деген сенімі мен арман тілегін, қиялын, даналығын, ғасырлық өмір тәжірибесін көреміз. Ертегінің қай түрін алсақта ол баланың ой-қиялын ұштайды. Мінез-құлқын, ерік-жігерін, сөйлеу қабілетін, сөздік қорын қалыптастырады. Ертегіні оқытуда оның жанрлық ерекшелігін ескеріп, тәрбиелік мақсатына айырықша көңіл бөлгеніміз жөн. Б. Момышұлы «Ұшқан ұя» мемуарлық кітабында «Ертегісіз өскен бала-рухани мүгедек адам. Біздің қазіргі балаларымызға ертегіні ата-аналары айтып бермейді. Ал бесікте жатқанда құлағына анасының әлди үні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең болып қалмаса деп қорқамын»-деген екен. [7] . Әсіресе, ертегінің мектеп жасына дейінгі балаға тигізер әсері мол. Бала тұлғасының интелектуалды-шығармашылық және креативті әлеуметін дамыту мәселесі ғаламдық білім беру кеңестігінің басты міндеттері болып табылады. Қиял-біздің өміріміздің бір қыры. Көз алдымызға елестетіп көрейікші, адамда қиялдау қабілеті болмаса, ғажайып өнер туындылары, түрлі ғылым жаңалықтары тумаған болар еді. Балалардың даму үшін ең алдымен оның қиялдай білу қабілетін дамыту керек. Ал ертегі баланы төзімділікке, шыдамдылыққа, тапқырлыққа, еңбекқорлыққа шақырып, мақтаншық пен сараңдықты табалайды. Әділеттілікті қолдап, сезімтал ұяң мейірімді жандарды алдау мен арбаудан қорғайды. Ертегі түрлерін әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып балаға жеткізе білу керек. Ертегіні баяндай отырып, мұңаюға, шаттануға үйрету, балаларды қызықтырып ой-қиялын дамыту оны баяндауға жетелеу, сөздік жұмыстар арқылы сөздік қорын байыту, ертегі кейіпкерлерін талдау барысында жағымды мен жағымсыздықты ажыратып, кішіпейілділікке, адамгершілікке, қамқорлыққа тәрбиелейміз. Ертегілердің мазмұнында халықтың тыныс-тіршілігі, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері, бақыт жолындағы күресі, адамдардың өзара қарым-қатынастары мен мінез-құлықтары, адамдардың еңбексүйгіштігі, өз халқына, Отанына, туып-өскен табиғатқа деген сүйіспеншіліктері бейнеленген. Т. Барласұлы ертегінің адам баласына тәлім-тәрбиелік, рухани маңызы жөнінде айта отырып: «Ертегі-рухани тәрбиелік мәні аса зор, көзіміз көріп, құлағымыз ести алмайтын, тек ақылымыз ажыратып, жүрекпен ғана түсіне алатын, материалдық әлеммен бірге шегі жоқ рухани әлем болмысының біртұтас түсінікті баян етілетін көрінісі», -деп анықтама береді. [1] Ерлік тәрбиені қалыптастырудағы өзіндік шыншылдығы мен әлеуметтік мәні жағынан қарағанда ертегілер көрнекті көркем құбылыс болып табылады. Оның маңызды ерекшелігі мынада: ертегілерде жекелеген құбылыстартар фантастикалық бейнелермен әсерленіп көрсетілгенімен, шын мәнінде олардың мазмұны объективті болмыстың көрінісі болып табылады. Мысалы, «Ер Төстік» ертегісінің мазмұнында Ер Төстікке жұт кезіндегі жоғалып кеткен ағаларын іздеп табу үшін жер астына түсіп, Шойынқұлақпен жекпе-жекпе шығып, жыландар патшалығына барып, жолда айнымас достары-Көлтауысар, Таусоғар және тағы да басқа жер асты өнерпаздарының көмегімен кездескен қиыншылықтарды жеңіп отырады [6] . Сонымен қатар Темір хан елінде өз мергендігін көрсетеді, айдаһармен алысады, пері Шойынқұлақты жеңеді. Бұдан біздің түсінетініміз, ертегіде Төстіктің асқан ерлігімен қатар бауырмалдылығы, достыққа берік болуы, мақсатына жету жолындағы қиыншылықьарға төзімділігі әсірелеп беріледі. Және де қазақ хандығының өнердің қай түрін болмасын жоғары бағалағандығын, оларды қадірлей білуге ұл-қыздарын жастайынан үйрететіндігін байқауға болады. «Өнер мұратқа жеткізеді» демекші, ертегілердің кейіпкерлері шығарма соңында мақсат-мұратына жетеді. Мақсат-мұратқа жетудің өзі тыңдаушының психолгиялық әсерленуіне ықпал етіп, қызығушылышғын тудырады. Ертегі-ауыз әдебиетінің ықылым заманнан келе жатқан көне де мол мұрасы. Ертегілер адам баласының еңбек-кәсібі, тұрмыс-тіршілігіне байланысты туған. Онда халықтың ой-арманы, әдет-ғұрпы, мұң-шері, арман-мұраты баяндалады. Ертегілердің қай-қайсысын алып қарасақ та, халқымыздың тарихы мен тіршілігінің сара жолы көрініс табады. Ата-бабаларымыз кейінгі ұрпаққа ауызша қалдырған осынау мол мұраның қаншалықты зор екенін білдік. Алғашқы қауымнан бастап, бала тәрбиесіне ерекше әсер ететін ертегілерді ойлап шығарған адамзат тарихында ертегілердің мәні зор. [2] Қазақ ертегілері сан алуан ( төрт мыңға жуық: -хайуанаттар туралы; -қиял-ғажайып ертегілер; -тұрмыс-салтқа байланысты ертегілер; -күлдіргі ертегілер-деп бірнеше топқа бөлуге болады. Ертегінің ішінде баланың қиялын шарықтататын ертегі-қиял-ғажайып ертегілері. Тұрмыс-салтқа байланысты ертегілер бұл-халықтың жағдайына, сараң бай мен ақылды кедей, жақсы мен жаманның әл-аухаты туралы айтылады. Батырлық ертегілер ел қорғаған батырлар «Ер Төстік», «Керқұлақ атты Кендебай» сияқты қазақ батырларының болмыс-пішіні мен ерліктерін жырлайды. Күлдіргі ертегілер негізінен «Алдар көсе», «Қожанасыр», тағы да басқа кейіпкерлердің әзіл-шындық аралас әрекеттеріне негізделеді. Ертегілер де батырлардың түр-тұлғасын «Жауырыны қақпақтай, бұлшық еті бүлкілдеп, алысқанды алып ұратын» т. б, сипаттамалар арқылы суерттеу көптеп кездеседі. Мұны ертегілердің қоғамдық-әлеуметтік жағдайға байланысты өзгерістерінен байқауға болады. Өте ертедегі архаикалық ертегілерде көбіне батырлар мерген немесе аңшы бейнесінде кездеседі. Мысалы: «Құламерген», «Аламен мен Жоламан», т. б. ертегілерде басты кейіпкелер-батыр жігіт елін аң аулаумен асырайды, осы жолда ол жын-перілермен күреседі. Әдетте мұндай ертегілер батырдың дүниеге келуімен басталады. Мысалы: «Ер Төстік» ертегісінде : «Ол өзгеше бала болып өседі. Бір айда бір жастағы баладай, үш айда үш жастағы баладай, бір жылда он бес жастағы жасөспірімдей болып, екі жасында алысқан кісілерін алып ұратын бала болады. Садақ тартып үйренеді, тартқан садағын тоғыз қабат темірден өткізеді»-дейді. [1] Бұл жерде кейіпкердің тұлғасы елін, жерін қорғайтын ерлік жасайтын батыр кейпінде көрінеді. Шынында кейін Ер Төстік Темірхан елінде өзінің ерлігін көрсетеді. Ал «Керқұлақ атты Кендебай» ертегісінде Кендебайдың сипаты мен ерлігі былай беріледі. «Ай сайын емс, күн сайын өсіпті. Алты күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті, алты жылда жігіт болыпты, сондай күшті болыпты, алысқанда алыпұра беріпті, күрескенде жыға беріпті, шыңырау құдыққа құлаған атанды жалғыз тартып шығара беріпті, аң аулап әкесіне жәрдем беріпті, құралайды көзіне атқан мерген болыпты. Жетібасты дәуді жеңеді, азулы арыстанды жеңеді, мыстан кемпірді өлтіреді, алтын құйрықты, күміс шалды сегіз құлынды алып келеді, Қалмақтарға қолға түскен Мергенбай батырды босатып шығарады». Ал классикалық батырлар ертегілерінде батыр тылсым күштермен емес, елді, халықты жаулаған дұшпандармен күреседі. Оның астарында ел, жер үшін күрес, кек алу жатыр. Ертегінің негізгі құрылымдарында туған-туысқанға көмек беру, шынай ғашықтық, батырдың айнымас серігі-тұлпардың бейнеленуі байқалады. Мысалы, «Әлібек батыр», «Ділдаш батыр», т. б ертегілерінде ерлік көрсету, қаһармандық рух жоғары тұрады. Ал батырлар ерлігінің сипатталуына келер болсақ, мысалы Әлібек батыр «Туғанында алты қарыс селебесімен туылады, ай сайын емес күн сайын өседі, -деп айтылады. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «Селебе» сөзіне «Ұшы үшкір, үлкен өткір пышақ» деп түсінік беріледі. Демек, мұндай сипаттау ертегіге тән қасиет деп ұққанымыз жөн. Себебі, халықтың арман-тілегі бойынша осындай батырлар елді, Отанды қорғайтынын ұғынуға болады.

1. 2 Ертегілер мен аңыздар адамгершілікке тәрбиелеу құралы

Баланың ой-өрісін, тілін, қиялын дамытуда ертегілердің рөлі зор. Бала естіген немесе оқыған ертегі мазмұнына ой жүгіртеді, өз түсінігінше жеткізуге тырысады. Ертегі құрылымыны, тілінің ерекшелігінсезіне отырып ондағы әр қилы оқиғаларды, кейіпкерлердің мінез-құлықтарын, іс-әрекеттерін өз қиялында өрбітеді. Ауызша бейнелі тілмен суреттеліп айтылған немесе қара сөзбен ертегі оқиғасын өз қиялында көркемдеу үшін ертегі мәніне тереңдей мән беріп, ойша талдайды, кейбір көріністерді, суреттеулерді, оқиғаларды еске түсіреді, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқына, қарым-қатынасына өз бағасын береді және мәнді немесе басты деп тапқандарын сұрыптайды, өзіндік көзқарасын білдіреді. Қазақ ертегілірнің алғашқы зерттеулері Диваев Әбубәкір есімімен байланысты. Диваев ұстанған ғылыми бағыттың ерекшелігі: ол қазақтың ертегілерін этнографиялық материал ретінде танып, ұлттық әдет-ғұрыптарды, ұлттық мінез, халықтың дүниеге көзқарасын анықтауды ниет етеді [9] . Өзі жинаған ертегілердің көбісін «Этнографиялық материалдар» деген атаумен жарыққа шығарып жүруі де, ертегілерге қазақтың әдет-ғұрыптарымен мол анықтамалар беруі де-соның нәтижесі еді», -деп жазады Тұрсынов Едіге . Баланы ертегі мазмұнындағы суреттеу, салыстыру, теңеу, ұқсату, әсірелеу сынды халықтың бейнелі тілі қызықтырады. Айтылуындағы реттілік, жүйелілік халықтың ойлау жүйесін білдіреді, яғни халықтың ой саралау мен сөз саптау ерекшелігін түсінеді. Мысалы «Арыстан мен түлкі», «Түлкі мен тырна» «Түлкі мен ешкі», «Ақымақ қасқыр», «Құмырсқа мен бөдене». Әдетте барлық оқиға бір жануардың айналасында өтеді, мысалы түлкі - айлакер, қу [11] . Қазақ ертегілерінде түлкі кейде жеңіліске де ұшырап қалады. Мысалы «Түлкі мен тырна» ертегісінде тырнаға қонаққа келген түлкі одан аш кетеді. « Ақымақ қасқыр» ертегісінде өз ақымақтығынан аңшылардың қолына түседі. Қазақ халық ертегілерінде құмырсқа еңбекқор, төзімді, ақылды болып көрсетілген. Ол тыным таппай еңбектенеді. Өзі кішкентай-ақ бола тұра алып күштің иесі. Бұған мысал: «Құмырсқаның қанағаты», «Бөдене мен құмырсқа» және т. б. Халқымызда қай тақырыпта да табылатын, тілге жеңіл, жүрекке жылы тиерлік ертегілері қаншама?! Ол ертегілер арқылы бала өз халқының тілін, мәдениетін, дәстүрін біледі және ой-өрісі, қиялы дамиды және адамгершілікке тәрбиеленеді. Мысалы: «Жақсымен жолдас болсаң - жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң - қаларсың ұятқа» деген мақалды, «Жаман дос жолдасын жолда қалдырар» деген мақалдарды «Екі дос», «Кедей мен бай» атты ертегі желісінен оқуға болады [10] . «Бай баласы мен жарлы баласы» атты қызықты ертегі арқылы еңбек адамның кез келген қиыншылықты жеңуге үйрететінін және өмірлік тәжірибесі арқылы жеңіске жететінін көреміз және «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақалды дәлелдей түседі. «Мақта қыз бен мысық» ертегісі өте тартымды, қызықты. Бұл ертегіде мақта қыздың досы мысық мақта қыздың тілін алмай қатығын төгеді де, оны қайтарып беру үшін көптеген сынаққа жолығып, көп қиыншылық көріп барып, қатықты төлей алады. Бұл жерде адамды әрбір іс қимылына жауап беруге, үйренуге қателік тәрбиелейді. «Бес ешкі» ертегісі хайуанаттар жайлы ертегіге жатады. Өте қызық, тартымды. Мұнда кедейдің бес ешкісі қарлы боранда далада қалады да, қасқырға жолығады. Сол кезде бәрі бірігіп, береке - бірлік танытып, қасқырдан аман қалады. Бұл ертегі балаларды бір - біріне көмектесуге, береке бірлікке, бауырмалдыққа үйретеді. «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі аңғалдықтың кесірін, шапшандықтың пайдасын айтады. Онда аңқау түйе жыл басынан құр қалады, шапшаң тышқан жыл басы атанады.

«Шық бермес Шығайбай» ертегісі сараң, қайырымсыз байларды қарапайым кедей Алдардың ақылмен алдап кетуін баяндайды. «Зеректік» ертегісіндегі үш жолаушының жол бойында кездескен нәрселерге зер салғандарын баяндайды. «Жақсымен жолдас болсаң-жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң-қаларсың ұятқа», «Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға» деген мақалды осы ертегі желісінен оқуға болады. Яғни, балаларды қағілездікке, зеректікке тәрбиелейді. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Адамгершілік тақырыбы мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілікті сіңіру ертегі арқылы беріледі. Адамгершіліктің қайнар бұлағы-қазақ ертегілерінде десем артық айтпаған едім. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы-өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Қазақ ертегілерінің не үшін керек екендігін әдебиет ғылымының зерттеушісі А. Байтұрсынұлы «Ертегінің қанша деп сұрағанда, керектігіне қарай жауап береді. Ертегінің керек орындары [4] : 1. Халықтың ұмытылған сөздері ертегіден табылмақ. Олай болса ертегі тіл жағынан керек нәрсе. 2. Бала әдебиеті жоқ жерде баланың рухын, қиялын тәрбиелеуге зор керегі бар жанр түрі. Баланы қиялдауға, сөйлеуге үйретеді. 3. «Бұрынғылардың сана-саңылау, қалпы-салты жағынан дерек берумен керек нәрсе», -деп айтқан болатын. Қазақ халық ертегілері - тәрбиенің айнымас көмекші құралы, олар бізге түсінікті тілде өмір туралы, қиын жағдайлардан шығу жолдарын көрсетеді. Ертегілер өмір бойғы тәртібімізді, қарым-қатынасымызды қалыптастырады, шыдамдыққа, қайсарлыққа, болашаққа міндеттер қойып, соған жетуге үйретеді. Ертегі ойлау қабілетін, қиялдауға да көп септігін тигізеді. Оның алдында аталып өткендей, ерте бері заманнан ертегілер үш үлкен топқа бөлінгенін білеміз. Бірақ олардың арасын нақты айырып тастауға да болмайды. Осы тұста М. Әуезов: «Өзге ертегі түрлеріндей, сатиралық ертегілер өзгеше орын алады. Қанаушылық, зорлықшыл, қаскөй күштерге қарсы арналған халықтың ащы мысқылды, аямас ажуасы бұл жөнінде де үлкен қызықты үлгілер тудырады [5] . Тек мұндағы сатираның сықақ нысанасы да, персонажы да астарлы, өзгеше бір сындарлы болып келеді. Ел қиялынан туған ерлерге ұдайы қарсы күресетін, қас күш болып есептелетін-жалғыз көзді дию, жеті басты айдаһар, мыстан кемпір, жезтырнақ». Ең алғаш ертегілерді В. В. Радлов, Ы. Алтынсарин, Потаниндер жинап бастады [3] . Олар ертегілерді халық аузынан жазып сақтап қалуға тырысты. Ертегі жинаушылар халық шығармашылығын өз қалпында жазылуын және басып шығарылуын қолға алды. Кейін келе орыс фольклоріндегі осы тәріздес персонаждар туралы айта келіп, Максим Горкий былай дейді: «Бұлардың бәрі де табиғатқа құдіреті жететін ерекше күш иелері және өздері адамға өзгеше қас, ызалы. Осыларды кім тудырған, бұлар қалайша араласқан, бұларды кім қорытады, оның арасын айыру қиын, бірақ мөлшермен болжағанда жасырын білімнің қуатын билеуші осы арамза кейіпкерлер уақиғаларға араласқанда әдейі қорқыту, шошыту үшін араласатын сияқты», -деп өз ойымен бөліседі. Меніңше, мұның басқа да идеялық сырлары бар. Біріншіден, халық өз ерлерін ерекше бір ақылды, айлалы әрі күшті етіп көрсету үшін олардың қарсы күресер жауларын да шектен тыс керемет, сұмдық та сұмпайы, жан сірі етіп суреттейді. Өз батырларын жалмауыздай ажал, тажалдарға қарсы қояды. Оларды оңай да осал жау етпей, жетіден басы бар, жеті күн ойласаң, ойға келмес алуан айла-амалы бар зымиян етіп көрсетеді. Олар бір басы қалғанша, денесі жеті бөлікке бөлінгенше айқасып бағады. Ертегі ерлері соның бәрін де жеңеді. Сөйтіп, халық өзерлерінің жеңілмес күшті екенін дәлелдейдә, соған сендіреді. Ертегілерде ерте заманнан бастапғ соңғы кезге дейін халық өмірінің әр алуан жақтары қамтылады. Халықтың қоғамдық өмірі, тұрмыс-тіршілігі, дүние танудағы көзқарасы, таптық сана-сезімі, арман-мүддесі суреттеледі де, ертегінің оқиғасы реалистік болмыстан алынады. Егер қиял-ғажайып немесе хайуанаттар жайындағы ертегілерде фантастика басым келіп отырса, тұрмыс-салт ертегілерінде ол азырақ кездеседі. Мұнда дамныі қиялдарынан туғанәігімелерден гөрі өмірде болған, не болуға тиісті оқиғалар басты орын алады. Сондықтан тұрмыс-салт ертегілерінің кейіпкерлері жалғыз көзді дәу, жеті басты жалмауыз, жезтырнақ, т. б. кейіпте емес, нақты адам бейнесінде болады және сол қарапайым адамдар жайлы айтылады. Тұрмыс ертегілерінің оқиғасы ертегінің басты кейіпкері қарапайым адамның адамның өмірін, ісін, тұрмыс-тіршілігін, таптық қоғам жағдайын, әлеуметтік көзқарасын суреттеуге құралдады. Халық ортасынаншыққан кейіпкер болып алынғанеңбек адамы арқылы баяндалады. Неше түрлі қиыншылық, кедергілерді, ауыр халдерді, аңдыған алысқан жау амалдарын жеңеді

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасындағы балаға ертегі арқылы адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру
Елжандылыққа тәрбиелеудегі қазақ ертегілерінің әсері
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ертегілерін пайдалану
ОҚУШЫЛАРҒА ИНТЕРНАЦИОНАЛДЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларын ертегілер негізінде тәрбиелеу
Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халық ертегілерін оқыту процесінің рөлі
Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда ертегілерді пайдалану жолдары
Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру үлгісі
Мектепте халық педагогикасын пайдаланудың теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz