Ауыр атлетика



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ
Б. БЕЙСЕНОВ атындағы ҚАРАҒАНДЫ АКАДЕМИЯСЫ

РЕФЕРАТ
Қазақстан Республикасында ауыр атлетика даму тарихы

Орындаған: 302 оқу тобының курсанты
полиция сержанты
Н.А.Орынбасар

Тексерген:

Қарағанды 2021ж.
ЖОСПАР:

Ауыр атлетика.
Ауыр атлетиканың шығу тарихы мен негізгі техникалары.
Қазақстандағы ауыр атлетика.

1.Ауыр атлетика
Ауыр атлетика - зіл темір көтеру әдістерін жинақтаған спорт түрі. Алғашында күш жұмсап орындалатын бокс, күрес, гір көтеру сияқты спорт түрлері де ауыр атлетиканың қатарына жатқызылған, содан ХХ ғасырдың 30-шы жылдары ауыр атлетика атауы зіл темір көтеруге біржола бекіді. 1946 жылы зіл темір үш тәсілмен сығымдай, жұлқи және серпи көтеру болып классикалық үшсайыстың бағдарламасынан сығымдай көтеру алынып тасталды. Салмақ көтеру көптеген халықтарға ерте заманнан белгілі бола тұрса да, ауыр атлетикадан алғашқы жарыстар ХІ ғасырдың 60-жылдары АҚШ-та пайда болды. Алғашқыда бір қолмен салмақ көтеру де жарыс бағдарламасына енген екен. Зіл темір көтеруге үйрететін мектептер ХІХ ғасырдың 70-ші жылдары Париж және Брюссель қалаларында ашылды. 1985 жылы әуесқой атлеттердің Санкт-Петербургте ашылған алғашқы үйірмесі арқылы кейін аур атлетика Қазақстанға тарады. 1912 жылы ұйымдастырылған ауыр атлеттердің дүниежүзілік одағы 1920 жылы бірлестік болып қайта құрылады. 1898 жылдан әлем, 1947 жылдан Еуропа чемпионаты өтіп, 1900, 1908 және 1912 жылдан басқа уақыттың бәрінде Олимпиядалық ойындардың бағдарламасына енгізіліп келеді.

Қазір ауыр атлеттер қоссайыстан зіл темірді еш тоқтаусыз жұлқи және кеудеге қондырып барып, жоғары қарай серпи көтеру сияқты екі жаттығуды орындайды. Осы қоссайыстың қорытындысы бойынша чемпион анықталады. Олимпиада ойындарында әр елдің командасы құрамындағы спортшылардың саны салмақ дәрежелерінің санынан аспауға тиіс. Бірақ халықаралық бірлестіктің рұқсаты бойынша ойындарға халықаралық талаптарын орындаған спортшыдан басқа салмақ дәрежелерінің есебінен бір салмақта екі атлетті қосақтап шығаруға болады. Чемпионаттар мен Олимпиада ойындарында бірнеше атлет бірдей салмақ көтерген жағдайда спортшылар қайтадан өлшеніп, басымдылық өз салмағы жеңіл атлетке беріледі.

2.Ауыр атлетиканың шығу тегі мен негізгі техникалары
Бұл спорт алғашында АҚШ мемлекетінде пайда болып бірте-бірте бүкіл әлемге жайылып кетті. Қазіргі таңда ауыр атлетика біздің мемлекетімізде беделі мықты спорттардың біріне айналған. 2014 жылы ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты Астанада өтеді. Бұл жарыста 2016 жылы РиоДе-Жанейрода өтетін Олимпиадаға жолдама сарапқа салынатын болады. Бұл туралы ҚР Ауыр атлетика Федерациясының төрағасы Қайрат Тұрлыханов мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай шешім Парижде өткен ауыр атлетика Халықаралық федерацияның атқарушы комитетінің отырысында қабылданған. Мұндай шешім жайдан-жай қабылданған жоқ: Қазақстан мемлекеттік аренада саяси беделі артумен қатар экономикасы да қарқынды түрде дамып келед.Сонымен қатар қазақстандық ауыр атлетшілер соңғы олимпиададан өзге де ең жоғары дәрежедегі жарыстарда да жақсы табыстарға қол жеткізді.

Ереже бойынша салмақ өлшеу рәсімі жарыс бір немесе екі сағат алдында өткізіледі. 2008 жылдың желтоқсан айына қара ауыр атлетикадан келесі салмақ категорияларда жарыстар өткізіледі:

3.Қазақстандағы ауыр атлетика
Қазақстанда ауыр атлетика 30-жылдардың алғашқы жартысынан бастап дамып келеді. Алғашқы кездері оның даму барысы баяу болса, арада ширек ғасыр өткенде бұл өнер кең қарқын ала бастады. Сол тұста Степан Ульянов, Владимир Дрекслер, Петр Ким, Александр Колодков, Анатолий Лю-Шин, Бақытбек Мананбаев сынды аға буын өкілдерінің есімдері бүкіл Одаққа кеңінен танымал болды. Тіптен солардың арасынан әлемдік рекордты жаңартуға жараған азаматтар шықты. Бірте-бірте нәтижеміз еселеніп, жерлестеріміз дүниежүзілік деңгейдегі жарыстарда жасындай жарқылдай бастады. 1976 жылы Қазақстанның ауыр атлеттері Олимпиада медалінің сыңғырын естіді. Содан кейінгі жылдары да ғаламдық ойындарда орасан зор табыстарға қол жеткіздік. Олимпиада тұғырына көтерілген тарланбоздарымыздың әрқайсысына жеке-жеке тоқтала кеткен жөн.

1935 жылы алғашқы Республика чемпионаты өтті. 1954 жылдан бастап Республиканың ауыр атлеттері бүкілодақтық, дүниежүзілік рекордтарды жанартып, көзге түсіп келеді С. Ульянов екі рет 1958 және 1960 жылдары КСРО-ның чемпины атанып, дүниежүзілік рекордтарды сан мәрте жаңартты. Сол сияақты П. Ким, В. Дрекслер, А. Колодков, Ю. Зайцев, В. Мазин, А. Храпатый, С. Филимонов, И. Ильиндер өз уақытында бірнеше мәрте Әлемнің рекордшысы атанды. 1975 жылы В. Можайков Джакартада Әлем чемпионының күміс жүлдегері, Ю. Зайцев (1976, Монреаль), В. Мазин (1980, Мәскеу), А. Храпатый (1988, Сеул), И. Ильин (2008, Пекин) Олимпияда ойындардын чемпионы, С. Филимонов (2004, Афина) күміс жүлдегері,
С. Копытов КСРО-ның және КСРО халықтары спартакиадасының (1986), Е. Сыпко спартакиаданың (1986) чемпионы және Еуропа чемпионатының (1987) күміс жүлдегері атанды.
2004 жылы Алматыда Азия чемпионаты өтті. Осы чемпионатта Қазақстан Республикасының құрамасы командалық екінші орынға ие болды.
2008 жылы Пекинде өткен олимпиада ойындарында И. Ильин алтын, И. Некрасова күміс, А. Важенина мен М. Грабовецкая қола медальдарға, В. Седов - төртінші, Б. Ахметов - бесінші орындарға ие болды.
Алдабергенов Жеңіс - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыр атлетиканың Қазақстандағы жагдайы
Олимпиада ойындарының пайда болу және даму тарихы
АУЫР АТЛЕТИКАДАҒЫ ЖАС СПОРТШЫЛАРДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Жеңіл атлетика спортының даму тарихы
Ауыр атлеттердің дене дайындығын дамыту әдістері
Дене тәрбиесі жүйесінде жеңіл атлетика
Жеңіл атлетиканы дамыту
Жеңіл Атлетиканыі Қазақстанда дамуы
Қазақстан қысқы Олимпиада ойындарында
Жеңіл атлетикаға кіріспе
Пәндер