Қоғам дамуында тәрбиенің тигізетін әсері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ТӘРБИЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Тәрбие түсінігіне сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Тәрбие әдістері, формалары және технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.3 Тәрбие ісіндегі жеке тұлғаның даму мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2 ҚОҒАМ ДАМУЫНДА ТӘРБИЕНІҢ ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.1 Қоғам түсінігі және патриоттық тәрбиенің әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.1 Ұрпақтың тәрбиесі . қоғамды дамытудың басты стратегиялық міндеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
3 ОТБАСЫНДА БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ АТА .АНАЛАРДЫҢ РОЛІН АРТТЫРУ . ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 ТӘРБИЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...5
1.1 Тәрбие түсінігіне сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Тәрбие әдістері, формалары және технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.3 Тәрбие ісіндегі жеке тұлғаның даму мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 15
2 ҚОҒАМ ДАМУЫНДА ТӘРБИЕНІҢ ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІ ... ... ... ... ... ... ... .. 21
2.1 Қоғам түсінігі және патриоттық тәрбиенің әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...21
2.1 Ұрпақтың тәрбиесі - қоғамды дамытудың басты стратегиялық міндеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
3 ОТБАСЫНДА БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ АТА -АНАЛАРДЫҢ РОЛІН АРТТЫРУ - ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 35
КІРІСПЕ
Заманына қарай амалы демекші, қоғам күнделікті дамуда. Техникалық прогресте қарыштауда. Сондықтан әлемдік мәдениеттен қалыспай, олармен бірге жылжып, Елбасы биылғы жолдауында айтқандайын, дамыған елу елдің қатарына қосыламыз десек, өркениетке зор мән бергенде жөн. Ол үшін ұлттық дәстүрді қазіргі дамумен ұштастыра отырып, бала тәрбиесіне де еңгізу керек. Жалпы жоғарыда сөз еткен, тәрбиенің бәрі білім мен ғылымнан бастау алады. Жатпай-тұрмай ендігі кезекте тек оқуға зер салғанымыз абзал. Бұл бүгін ғана күн тәртібіне қойылып отырған талап емес. Ес біліп, етек жиғалы алға қойылған басты мақсаттардың бірі де, бірегейі. Тәуелсіз ел болып, әлемдегі дамыған елдермен қатар терезе теңестіріп, өзге мемлекеттерге үлгі боларлық іс жасап жатырмыз. Бұның бәрі ел тізгінін ұстап отырған азаматтарымыздың абыройы. Саналы ұрпақтың өсіп келе жатқанынан хабар береді. Алайда жайбасарлық танытпаған абзал.
Елбасы өз сөзінде: Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, болашақты білімді ұрпақ айқындайды, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаз қолында деп атап көрсетті.
Қазіргі таңдағы мақсатымыз жаңа кезеңде жас ұрпақты тәрбиелеудегі актуалды мәселелерді тиімді шешілуін ұйымдастыру.
Еліміздің болашағы - ұрпақ тәрбиесінде. Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігі мен білімділігін, іскерлігін арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады.
Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, білім беру және мемлекеттік жастар саясаты туралы заңдардың қабылдануы жастар тәрбиесі мәселесіне жаңаша ойлаумен қарауды талап етеді.
Қазіргі кезде жастарға, олардың тәрбиесіне қай кездегіден болса да зор үміт артылып отыр. Себебі республикадағы 15 миллион халықтың шамамен 5 миллионнан астамы 14 пен 30 жас арасындағы жастар екені мәлім.
Ал аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлы :
Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп жүр.
- Біріншісі балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқамын.
- Екінші немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқамын.
- Үшінші, дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді, содан қорқамын деген.
Атамыздың осы қорқынышын болдырмайтын, бесік жыры үнінің құдіретіне тәнті болып өсетін баланың тәрбиеленуіне, ертегіні құмарта тыңдап, оның қызығына тамсана білетін жеткіншектің көбеюіне, дәстүрімізді сыйлайтын намысты ұл мен қыздың өсуіне тірек болатын тәрбие жұмысы ұлттық мінез, ұлттық қабілетіміздің ажарлануына жол ашады.
Қазіргі кезеңде отандық педагогикадағы тәрбие мақсаты мен тұжырымдалу ерекшеліктерінің маңызы ерекше.
Зерттеудің мақсаты: Тәрбиенің теориялық негізін ашу мен оның қоғам дамуына тигізетін әсерін практикалық тұрғыда негіздеу.
Зерттеу объектісі: тәрбие беру үрдісі.
Зерттеу пәні: педагогикадағы тәрбие әсері.
Зерттеу мақсатына жетуде келесі негізгі міндеттерді орындаймыз:
oo Тәрбие түсінігіне сипаттама беру;
oo Тәрбие әдістері, формалары және технологиясын айқындау;
oo Тәрбие ісіндегі жеке тұлғаның даму мәселелерін негіздеу;
oo Қазіргі балаларды тәрбиелеудегі ата-аналардың ролін талдау.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: тәрбие теориясы; қоғам, мектеп, жеке тұлғаның өзара байланысы, оқу үрдісін басқару теориясы.
Зерттеудің деректі көздері: педагогтардың, психологтардың, философтардың танымдық әрекеттері, таным, білім, тұлға мен оның әрекеті туралы ғылыми зерттеу еңбектері, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2030 Жолдауы, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, оқулықтар, бағдарламалар мен оқу әдістемелік құралдар, озат мұғалімдердің іс-тәжірибелері.
Зерттеу әдістері: тақырып бойынша психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге теориялық талдау жасау, оқулықтарға, бағдарламаларға, оқу әдістемелік құралдарға талдау жүргізу.
Курстық жұмыс құрылымы: кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және ғылыми әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ТӘРБИЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Тәрбие түсінігіне сипаттама
Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдыдтарихи өмірде жинаңталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.
Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардық өмір сүру тәртібін меңгереді.
Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті жағдайларды анықтайды.
Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануға тиіс. Табиғи және әлеуметтік орта оның көзқарасын дамытады.
Тәрбие - бұл адам жанын жетiлдiру өнерi. Тәрбиеде адам табиғатын жетiлдiрудiң ең күштi сыры бар. (Иммануил Кант). Олай болса, тәрбие процессiнде жеке тұлғаның сана-сезiмi мен ақыл-ойына жүйелi түрде әсер етiп,оның дүние танымының дамуына , ерiк-жiгерi мен моральдық бейнесiнiң қалыптасуына ықпал етедi. Сонымен қатар тәрбие - адамдарды қоғамда еңбекке және басқа да пайдалы әрекеттердi орындауға, көптеген әлеуметтiк қызметтердi атқаруға дайындаудың табиғи заңдылық процессi. Олай болса, ,тәрбие көптiң iсi. Тәрбие мәселесiмен қоғамдық ұйымдар , мекемелер және жұртшылық болып айналысқан жағдайда ғана нәтижелi болмақ. Соған сай тәрбие туралы ұғымға тар мағынада емес,кең мағынасында, яғни табиғат және әлеуметтiк ортаның, мектеп пен ата-аналардың жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына мақсатты түрде ықпалы, өзара әрекетiнiң нәтижесi ретiнде қараған жөн.
Сондықтан да тәрбиенiң мәнiсi, бiрiншiден, қоғам үшiн саналы, белсендi, iзгiленген, iскер азаматты қалыптастыру болса, екiншiден, жеке адам үшiн оны өмiр сүре бiлуге, өзiн қоршаған ортамен қарым-қатынас жасай бiлуге үйрету. Олай болса, тәрбие процессi деп - қоғамның талап-тiлектерiне сай әрбiр жеке тұлғаның ақыл-ойын, сана - сезiмiн, ерiк-жiгерiн, мiнез-құлық ерекшелiктерiн жүйелi түрде қалыптастырып, дамытудағы тәрбиешiлер мен тәрбиеленушiлердiң өзара бiрлескен әрекетiн айтамыз.
Тәрбие - көпжақты процесс. Жасөспiрiмдердi азамат етiп тәрбиелеу, қоғамдық пайдалы еңбекке әзiрлеу процессi қоғамның барлық азаматтарының мiндетi, отбасы, мектеп пен жұртшылық әректiн қадағалап, бағыт-бағдар берiп, олардың бала тәрбиесiндегi жұмыстарын бiрыңғай бағытта ұйымдастырып отыратын ол - ұстаздар тобы. Оның орталығы - мектеп[1].
Тәрбие процессiн табысты, нәтижелi ұйымдастыру тәрбиешiлерге, алдымен тәрбие заңдылықтарын жете түсiнуді қажет етедi.
Педагогикалық құбылыстар деп - тұлғаның өмiр сүруi, әркеттерi барысында жеке басында, айналасында кездесетiн, ықпал ететiн табиғи немесе табиғи емес әртүрлі жағдайларды айтуға болады.
Тәрбие процессiнiң негiзiнде тұлғаның табиғатын, әлеуметтiк мәнiн, қоғамдық өмiрдiң обьективтiк қажеттiлiгiн бiлдiретiн заңдылықтар жатады.
Тәрбие принциптерi тәрбие мiндеттерiне сай анықталады. Педагогика тарихының дамуында тәрбие принциптерiнiң төмендегідей жүйесi қалыптасқан:
1.Тәрбиенiң мақсаттылығы;
2.Тәрбиенiң өмiрмен, еңбекпен, қоғамдық құрылыс практикасымен байланыстылығы;
3.Еңбек арқылы тәрбиелеу;
4.Жеке тұлғаға талап қоюшылықпен құрметтей бiлудің бiрлiгi;
5.Балалардың жас және дара ерекшеліктерiн есепке алу;
6.Тәрбиенiң жүйелiлігi, бiрiздiлiгi және үздiксiздiгiн қамтамасыз ету;
7.Жеке тұлғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу;
8.Тәрбие процессiнде мектеп, отбасы, жұртшылық әрекетiнiң бiрлiгi болуы;
Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн оған әлеуметтiк те, сондай-ақ белгiлi бiр материалдық та жағдайлар жасау қажет. Ол үшiн :
1.Халыққа бiлiм беру жүйесiн үнемi жетiлдiрiп, дамытып отыру
2.Оқу-тәрбие беретiн мекемелердiң материалдық-техникалық базасын үнемi жақсартып отыру
3.Мәдени-ағарту мекемелерiнiң жүйесiн құру, клубтар, мәдениет сарайлары, кiтапханалар, лекторийларды ұтымды ұйымдастыру
4.Жастардың денсаулығына қамқорлық жасау, олардың жаппай дене тәрбиесiмен күн сайын айналысуын насихаттау
5.Тәрбие процесiнде халықтық педагогиканы кеңiнен пайдалану, аға ұрпақтың әлеуметтiк тәжiрибесiн меңгерту.
Осы мәселелсердi өскелең өмiр талабына сай ұйымдастыру, жас ұрпақты үйлесiмдi етiп тәрбиелеудiң негiзi болмақ. Қандай қоғам болмасын, оның сәттi болуы болашақ жастарының денсаулығына тiкелей байланысты. Қазiргi нарықтық экономика жағдайында тәрбие процессiнiң тиiмдiлiгiн одан әрi жетiлдiру ерекше маңызға ие болып отыр.
Себебі, жан- жақты үйлесiмдi дамыған адам деп - өзiнiң бойындағы рухани байлықты, моральдық тазалықты және дене жағынан жетiлгендiктi үйлестiре, ұштастыра бiлген, сана-сезiмi жоғары, өмiрдiң түрлi салаларында белсендi қызмет етуге қабiлеттi, iзгiленген тұлғаны айтады[1].
Коменскийдің Ұлы дидактика еңбегінде оқыту проблемалары ғана емес, сонымен бірге тәрбие (адамгершілік, ақыл-ой, дене және эстетикалық тәрбие), мектептану, педагогикалық психология, отбасы тәрбиесі мәселелері де орын алды. Осы еңбегінде ол сенсуалистік педагогикалық принциптерге үлкен мән берді. Бұл принцип, бүгінгі оқыту тәжірибесінде дидактиканың алтын ережесі деп қарастырылады.
Коменский алғашқы болып сынып-сабақ жүйесін құрастырған болатын. Сонымен бірге ол жалпыұлттық мектеп мәселесін, мектеп ісінің жоспарлануы мәселесін, білім беру сатыларының адам жасына сай болуы мәселесін, тіған тілде оқыту мәселесін, гуманитарлық білімнің ғылыми-техникалық біліммен үйлесімділігі мәселелерін өз еңбектерінде көтерді.
Коменский тәрбиеде табиғатпен үйлесімділік принципін, педагогикалық процесті ұйымдастыруда балалардың жас және дара ерекшеліктерін ескеруді енгізді. Коменскийдің дидактикасында табиғатпен үйлесімділік принципі табиғатқа еліктеу идеясына негізделген, яғни педагогикалық заңдар табиғат заңдарына сәйкес болу керек.
Өзінің Выход из школьных лабиринтов еңбегінде, Коменский табиғат пен тәрбиенің заңдарының бірлігіне негізделген оқытудың төрт сатысын қарастырады: бірінші - автопсия (өзбетімен байқау); екінші - автопраксия (практикада қолдану); үшінші - автохресия (меңгерілген білім, іскерлік, дағдыны жаңа жағдайларда қолдану); төртінші - автолексия (өз әрекетінің нәтижелерін өзбетімен баяндау).
Коменскийдің педагогикасының фундаментальді идеясы - пансофизм идеясы болып табылады, яғни өркениеттің жинастырған барлық білімді жалпылау және осы білімді қоғамдық, нәсілдік, діни белгілерге қарамастан барлық адамдарға туған тілдерінде жеткізу.
Өзінің Лабиринт света и рай сердца (1625) еңбегінде Коменский адамды өмір лабиринтімен келе жатқан жолаушы ретінде қарастырды. Бұл лабиринтті сәтті өту үшін, адам қоғамға пайда әкелетін білімді меңгеруі керек деп көрсетеді. Жиырма жылдан кейін өзінің О развитии природных дарований трактатында ол былай деп жазады: Кім білімді болса, сол әрдайым пайдалы болады және әруақытта қандай да бір тосын жағдайларға төтеп бере алады.
Законы хорошо организованной школы трактатында мектеп мұғалімдеріне қойылатын талаптарды, оқушылардың тәртібіне қойылатын талаптарды, мектепте жүріс-тұрыс ережелерін ұсынды[1].
Қорыта айтқанда, тәрбие - қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан туатын объективтік процесс.
1.2 Тәрбие әдістері, формалары және технологиясы
Оқыту әдістерінің барлығы ретімен білім, білік, дағдыны қалыптастыруға бағытталған. Тәрбие әдістерінің олардан айырмашылығы, мұғалім мен оқушы арасындағы өзара байланыс іс-әрекеттерінің соңғы нәтижесінде тәрбиелі тұлғанының сапалы даму деңгейін анықтайды. Тәрбие мақсаты жемісті болу үшін тәрбие әдістерін тиімді пайдалану қажет. Әдістердің бірлігі оқушылардың тәрбиелеу деңгейін және әрбір кезде адекватты қойылған мақсатты іске асыруға бағытталған.
Тәжірибелі педагогтың жеке іс-әрекет стиліне байланысты тәрбие әдісі әртүрлі өткізіледі. Педагог жалпы тәрбие әдісін өзінің нақты іс-әрекетінде қолдана білуінде көрініс табады.Жеке жағдайларда тәрбиеші жеке өзінің әлде әріптестерінің әдістерін қолдана отырып жаңа, дәстүрлі емес шешімдерге келеді. Әдістерді жетілдіру тапсырмасы үнемі бар болған және әрбір тәрбиеші өзінің күш деңгейіне сүйене отырып жалпы әдістерге тәрбие процесінің жеке шарттарына сәйкес келетіндей толықтырулар мен өзінің жеке өзгерістерін енгізеді.
Педагогикада тәрбие әдістерінің классификациялық әртүрлі нұсқасы бар. Тікелей және жанама педагогикалық әсердің тәрбиелік әдістерінің тобын шартты түрде бөлуге болады. Тікелей педагогикалық әсердің әдістері оқушының жылдам әлде баяу реакциясын және оның өзін-өзі тәрбиелеуге бағыталған сәйес іс-әрекетін анықтайды. Жанама педагогикалық әсердің әдістемесі осындай жағдайдың ұйымдастыру іс-әрекетінде тәрбиеленушінің бойында өзін-өзі жетілдіруге бағытталған және оның педагогтармен, жолдастаымен және қоғаммен қарым - қатынас жүйесінде белгілі бір позицияның қалыптасуының пайда болуын анықтайды.
Қазіргі заманғы педагогикада оқушыға әсер етуіне сәйкес тәрбие әдістерін сенім, жаттығу, ынталандыру және жазалау деп бөледі. Кездейсоқ мәліметтерде жалпы жіктелу белгісі бойынша әдістер сыйпатын қоса алғанда өзін-өзі бағыттылық, іске асатындық, айрықшалық және басқа даәдістер бар.
Оқушылардың жүріс - тұрысын ынталандыру, іс-әрекетін ұйымдастыру және сенім әдісіннің үйлесуіне сәйкес жіктеледі. И.С.Марьенко келесі тәрбие әдісінің жіктелу тобын көрсетеді: анықтау - репродуктивті, проблемалық - ситуатсиялық, дағдыландыру - жаттықтыру, ынталандыру, тежелу (кедергілеу), жетекшілік және өзін - өзі тәрбиелеу.
Тәрбие әдісінің мақсаттылық, мазмұндылық, іскерлік жақтарын қамтитын дәстүрлі классификация болып табылады. Бағыттаушылық негізіне сай әдістердің үш түрлі тобын көрсетуге болады. Олар сананы қалыптастыру әдістері (әңгімелеу, түсіндіру, анықтау дәріс, этикалық әңгімелесу, иландыру, нұсқау беру, пікірталас, баяндама, өнегілілік); ұйымдастырушылық пен мінезді қалыптастыру әдістері (жаттығу, тапсырма, тәрбиелік жағдаят); ынталандыру әдістері (жарыс, ынталандыру, жазалау)[2].
Профессиялық педагогикада педагогтар мен тәрбиеленушілер негізінде әдістер классификациясы қалыптасқан:
- коллективті ұйымдастыру әдістері.
- сендіру әдістері
- ынталандыру әдістері.
Коллективті ұйымдастыру әдістері. Ұйымдастырылған кәсіпкерлік ұжым мен мүшелерінің тәрбиенің жоғарғы деңгейі мен қарым - қатынас мәдениетін анықтайды. Осыған орай келесі әдіс түрлерін көрсетуге болады: дисциплина (пән,тәртіп), өз-өзіне қызмет көрсету, жарыс және өзін-өзі басқару.
Дисциплина - бұл ұжым мүшесінің қарым-қатынас мәдениетін қамтитын тәрбие әдісі. Сондай-ақ, ол ішкі тәрбие ережелері мен пайдалы дәстүр мен жақсы мінездердің қалыптасуына және олардың бір-біріне деген тең дәрежедегі талабы ретінде ұсынылуы қамтылады.
Өз-өзіне қызмет көрсету - ұжым еңбегі мен өмірінің ұжымдық шарттарының пайда болуын көздейді.
Қазіргі қоғамда өзіне қызмет ету өмір сүру нормасына айналды. Кәсіпкерлер ұжымы мен оқушылар ұжымында өзіне қызмет көрсету мекеме мен жұмыс орнын жинастырудан бастап, оны безендіру дейін жетеді (көгалдандыру, демалыс орындарын жасау, безендіру т.б.). Өзіне қызмет көрсетуге ұжымның барлық мүшелерінің қатысуы маңызды болып табылады.
Өзі - өзіне қызмет көрсету мен оның рационализациясының ұжымдық нормалары педагогтардың бақылауын алатын басты пәнге айналады. Ол қажетті материалдар мен қ ұралдармен қамтамассыздандыру сияқты дайындықты, қызметтердің бөлмесін жұмыс істеуді анықтайтын нақты кестені көрсетеді.
Соревование - жеке және ұжымдық еңбекті ынталандырады және оның қатысушыларының қызғаныштық қатынасын қамтиды. Бұл жерде бірлескен ұжымның нәтижелерді салыстыру мен тіркеу маңызды рол атқарады, сондықтан қатысушыларды ынталандыру, оның ішіндегі жеңімпаздарды ынталандыру да ең маңызды ролді иеленген. Жарысты тәрбиенің нәтижелі тәсіліне айналдыру үшін оның шарттарын орындау қажет. Біріншіден, ұйымның ұжымдық талпынысы шынайы төгіліп тұруы қажет және өндіру мен оқыту қажеттілігімен бекуі керек. Екіншіден, жарыс шарттарын орындаушы педагогтар мен өзін-өзі басқарудың мүшелері сияқты жағдай мен нақты өзекті тапсырмалардың шығуы керек. Үшіншіден, жарыстың негізін ұйымдастырушылық нәтижелердің тікелей тіркелуінен құрылуы тиіс, екінші формалдық көрсеткіштерден емес.
Өзін-өзі басқару - жауапкершілік пен ұйымдастырушылықты қамтамассыз етеді. Бірақ, оның шарттары: ұжым жұмысын басқаруға жұмысқа қабілетті және нақты құқықтары мен мүмкіндіктері анықталады. Органдардың қатысуы қажет.
Нақты ұжымда өзін басқару құрылысы үш түрлі фактормен анықталады: коллектив құрылымы, оның өмір сүру мазмұны, оның мүшелерінің ұйымдастырушылық қабілетімен анықталады. Басқару - бұл күрделі әлеуметтік функция. Ол табысты болуы үшін барлық ұжым мүшелерін жүйелі және бірізді қабілетпен және ұйымдастырушылық икемділігін қаруландыру керек. Сондай-ақ, тіркеу мен бақылауды ұйымдастыруға, жоспарлауға, ұйымдастырылған кеңес пен жиналыстардың өткізуіне есеп беру формасы мен нұсқауды жүргізуге үйрету керек[2].
Сендіру әдістері - конференция, дискуссия, ағарту істеріне қатысушы болашақ мамандардың гуманитарлық көзқарасы мен жеке пікірлеріне негізделеді.
Сендіру бір ұғымның саналы дәлелі мен өнегелі позициясын және орын алған жағдайда бағалауды болжайды. Айтылғандардың шын екендігіне көз жеткізсек оқушы өзінің әлемге, қоғамға, әлеуметке деген көзқарасын қалыптастырады. Сендіру де тәрбие әдістері тәрбие түрлерінің формалары арқылы жүзеге асады. Сендіру көркемдік шығармаларды үздікті оқу, әртүрлі пікір-талас жүргізу формаларынан тұрады.
Сендіру өзін - өзін тәрбиелеу әдісі болып табылады. Сендіру өзін сендірумен тығыз байланысты және бұл тәрбиеленушілердің әлеуметтік проблемасын қабылдауға саналы, өз шешімімен жеке көзқарасын қалыптастырады. Осы құрылым негізінде талқылау мен қорытындылау жатады.
Ақпарат - тәрбиеленушілердің белгілі бір мағұлыматтарымен қамту. Бұл әдісті бастапқы деп санауға болады, себебі ол жаңа идея, теория, ереже, тәрбие мазмұнын құраушы басқа ақпараттармен алғаш танысуда қолданылады.
Ақпарат әдісін қолданудың ең басты тәсілі педагогтың жеке мысалы мен өз сөзі болып табылады. Сондықтан әңгіме, сұхбат, нұсқау, лекция формаларын да қолданады. Мақсатқа лайықты басқа да адамдардың осы іске деген назарын бөледі. Олар маңызды оқиға куәгерлері, оқымыстылар, политиктер және қоғам қайраткерлері т.б.
Поиск (іздеу) - ақпаратты жинау мен зерттеу құндылықтарының бағдарлануына және өздігінен білім алу процесіне тәрбиелеуді бағдарлайды. Іздену барысында өзін-өзін оқыту мен дағдылану қалыптасады. Іздену түрлері - туристтік-краеведтік жұмысты, туған жерінің атақты адамдарының өмірі туралы ақпарат жинау, яғни биографиялық іздеу болып ажыратылады. Бұлар қазіргі заманғы, тұлғалар болуымен қатар тарихи тұлғалар болуы да мүмкін. Бұл өте күрделі тәсіл бола келе әдеттің негізін қалаушылар туралы конспектілеуді жиналған деректі сұрыптауды, видиофильм жасауды т.б. талап етеді.
Дискуссия - тәрбиеленушілердің пікір алмасуына және өнегелік - этикалық ойларының дамуына, сондай-ақ , сынай білуге, сынды қабылдай білуге, қиын бір жағдайлардан шыға білуге үйретеді. Дискуссия барысында серіктесіңе адамгершілік көмек беріп, оны демеу, қиын жағдайлардан көңіл бөлу де маңызды болып табылады. Дискуссия тақырыбының дамуын, қозғалыс үстінде болуы маңызды болмақ. Бірақ бұл зиянсыз сын мен жалған ұсыныстардың ашылмай қалуына кепіл бола алмайды..
Дискуссия достар, оқушылар мен оқытушы арасындағы сенімділікті нығайтуға, жастар мен қамқоршыларының арасындағы бір-біріне деген сыйластықты күшейтуге, ұжым мүшелерінің жақсылық тілеуін болжайды, көрсетеді.
Взаимное просвещение (жауапты ағарту) - өз білімін дәлелдеу қажеттілігіне бағытталып, достарының арасында оқушылырдың білімін дәлелдеудегі оның көзқарасын, сенімін қамтамассыз етеді. Бұл этапта ұжым тәрбие істерінің субъектісіне айналса, педагог , көмекші және консультант қызметін атқару болып табылады. Жауапты ағарту ұжымның тәрбие функциясын күшейтеді және өз білімін басқалармен бөлісуге адамдар санын көбейтеді.
Ынталандыру әдісі - бұл топ өмір сүруге үйренушілердің құрылымынан тұратын формалдық саласына бағытталады. Ынталандыру әдістері талап, ынталандыру, жазалау, болашақ пен көпшілік пікірлерінен тұрады. Педагогика саласында оның басты компоненті ретінде ынталандыру мен жазалау кең таралған.
Ынталандыру - оқушыларыдың жақсы бағалануын көрсетеді. Ол жағымды дағдылар мен әдеттерді бекітеді және қалыпты эмоция мен сенімділікті қалыптастырады. Ынталандыру әртүрлі формада беріледі: мақұлдау, мақтау, мадақтау, марапаттау т.б. Ынталандыру барысында индивидтің жеке қасиеттерін ескеру қажет.
Жазалау - ынталандыру әдісінің бір түрі. Ол оқушыларды ескерту, тоқтату, үшін қателіктері басқа адамдар алдында өзін кінәлі сезіндіруге бағытталады. Жазалаудың әр түрі бар. Мысалы, қос тапсырма беру, кейбір мүмкіндіктерге шектеу қою, талқыға салу т.б. Жазалау әділетті, дұрыс ұйымдастырылған болуы керек. Бірақ, педагог жазалау оқушыға әсер ететініне көзі жеткенге дейін асықпауы тиіс. Ынталандыру әдісі адамдардың өз мінездерін дұрыс бағалауға, өз қажеттіліктерін, өмір мәнін, түсінуге, түрткі мен мақсат таңдауына көмектеседі.
Талап - оқушылардың тәртібіне, олардың іскерлік адамгершілік сапасын ынталандырады және педагог пен оқушы арасындағы жеке контактының басқарудағы ұсыныстарын сақтау нормаларын көрсетеді. Көрсету ұсыну формаларына сай тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей талапқа анықтылық, нақтылық, түсініктілік тән болса, жанама талапқа психологиялық факторлар: уайым, ұмтылыс, қызығушылық тән.
Перспектива (болашақ) - педагогикада ынталандыру әдісі ретінде оқушылардың қалауын арттыратын, ұмтылысын, қызықты мақсат көздеу, қоғамға пайдалы әрекеттерді қамтамассыз ету. Педагогтың шеберлігі оның оқушылар алдындағы маңызды перспективаларды құрудан көрінбек. Өмірлік жоспар мен мақсаттар құратын оқушыларды ынталандырып отыру керек.
Перспективаны: жақын (достармен кездесу, кинотеатрға бару, клубқа бару), орта (дәстүрлі мереке, демалыс т.б.), алыс - оқушылардың өмірлік жоспарының белгілі түрі (алдағы оқу, кәсіптік әрекет, отбасы өмірінің перспективасы.)[2].
Қоғам пікірі - ұжым мүшелерінің адамгершілік бағалау әрекеті, қоғамның маңызды перспективаларының құрылымын және оқушылардың талапты орындауындағы моральдік қасиеттерін таныту мен қоғамның пайдалы әрекеттерді қамтамасыз етеді. Қоғам пікірі адамдардың мінезіне әсер етеді. Қоғамдық пікір болдырмаудың бір тәсілі белгілі бір жұмысты, әлде мерекелік шараны ұйымдастыруға таңданып алынған қауымның қызметі болып табылады. Әрекет етуші болып радиовещание де қызмет жасауы мүмкін.
Тәрбие формалары. Тәрбие практикасында тәрбие процесінің сыртқы тұлғасы қалыптасқан тәрбие формасы деген ұғым жиі ұшырасады. Тәрбие процесінің нәтижесі көбіне оның ұйымдастыру формаларына байланысты екені анықталады.
Тәрбие формасының әртүрлі классификациясы бар Оқушыларды ұстаған тәрбие процестерінің көлеміне қарай тәрбие формалары индивидуалды, микрогруппаға арналған форма, ұжымдық және көптік болып бөлінеді. Тәрбиеленушілер көбейген сайын тәрбиеленушілердің тәрбие сапасы өседі.
Берілген педагогикалық тапсырмаларға байланысты тәрбие жұмысы үш ке бөлінеді:
1). Оқу процесіндегі басқару және өзін- өзі басқару формасы (жиналыс, митингі, апта жаңғырығы, куратор сағаты т.б);
2). Таным формалары (экскурсия, саяхат, газеттершығару т.б.);
3). Көңіл көтеру формалары (кеш, КВН және т.б.);
Әрбір тәрбие формасы педагогика процесінің бір ғана тәрбиелік тапсырманы орындап қоймайды. Осылайша көңіл көтерумен тәрбие формалары оқушылырдың интелектуалдық, рухани сай бола келе, оның денсаулығының нығаюына ықпал етуі керек. Бірақ бұл процесс өткізудің, ұйымдастырудың, дайындықтың жүйелі, дұрыс жасауында ғана жүзеге асады.
Негізгі тәрбие процесінің формасы ретінде басқа классификация: сабақ (лекция, семинар, практика, диспут, саяхат сабақтары); құжаттар (пәндік, техникалық шығармашылық, экономиялық және экономикалық білімдер, өзіндік шығармашылық); қызығушылық тұтастықтары (фото мен киностудия, интернет-клубтар, мәдениет университеттері, стройотрядтары, спорттық секциялары т.б.).
Тәрбие жұмысындағы ең кең таралған формасы сынып сағаты болып табылады. Бұл тәрбие формасы оқушыны адамгершілік, эстетикалық, құқықтық, әлде басқа тәрбие түрлерін үйрету қажеттілігінен туындаған. Сынып сағатының басты компоненті болып оқушының алдын - ала жоспарланған тақырыбының оқушылырмен бөлісуі болып табылады. Сабақтан тыс қызығушылықтары, оқу процесіндегі жүргізілген жұмыстар болып табылады.
Жиі қарастыратын тәрбие жұмысының бір формасы - жиналыс. Жиналыс оқушының өзін-өзі басқарудың жоғарғы формасы түрінде қарастырады. Жиналыс мәселесі алдын-ала анықталады және талқыланатын сұрақтар саны 1-3 тен аспауы керек. Әрбір сұраққа қатысты доклад оқылып, ол талқыланып, шешім қабылданады. Жиналысты таңдаулы мүше немесе оқушының өзін - өзі басқару ортасының басшысы өткізеді. Талқыланған мәселелер тізбегі мен қабылданған шешім жиналыс протоколына тіркеледі.
Тәрбие технологиясы.
Тәрбие технологиясы - бұл педагогтардың тәрбиелік іскерлігі. Тәрбие технологиясы жобаланған қорытынды мен жетістіктер тәсілінің жоспарымен, сол тәсілдерді моделдеумен, жасалған жоспар мен моделдің жүзеге асырылуымен, басқару іскерлігімен және осы жоспарды орындаушы адамдар тәртібімен байланысты.
Тәрбие технологиясымен жұмыс жасау барысында келесі ерекшеліктерді ескеру қажет.
Тәрбие процесі біртұтас және оны бөліктерге ажыратуға болмайды. Тәрбие әсері бірізді-паралельдік түрде емес, комплексті түрде жүзеге асырылады.
Тәрбиелі технологиялық процесті басынан аяғына дейін жеткізу қажеттілігінен қойылған. Аталмыш жағдайда жалпы тәрбие технологиясында сүйенетін индивидуалды шеберлік ескерілуі қажет. Тәрбиелеу технологиясының төңірегінде дамып келе жатқан тұлға жолында кездесетін барлығына ортақ жалпы этаптар кездеседі. Технологиялық шешім қабылдау барысында әрбір тәрбиеші алдын-ала анықталған белгілеріндегі шығармашылық мүмкіндіктері арқылы қорытындысын коррекциялап, бақылау арқылы мақсақа қол жеткізу жолынан өтуге міндетті.
Тәрбие процесінің тұтастық идеясы практикалық технологияда комплекстік тұрғыдан жүзеге асырылады. Комплекстік әдіс формасының ықпалы мен өзара әрекеттің және әдістердің мазмұн, тапсырма, мақсаттың бірлігін білдіреді[2].
Қазіргі тәрбиелеу технологиясы комплекстік әдістемеге міндетті түрде тіркелген талаптар тұрғысынан келуді көздейді:
1. Тәрбиеленушілерге үш бағыттағы: сана, сезім, тәртіп арқылы ықпал ету.
2. Тұлғаның өзін-өзін тәрбиелеуі мен сыртқы педагогикалық ықпалдың шектеулі түрде бірігуі арқылы қол жеткізілген оң қорытындылар.
3. Ұжымдық топ, провалық тәртіп-органдары, жанұялар, әдебиет пен өнер, бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік институттар мен бірлестіктер тәртібіне қатысты бар барлық күштер кординациясы мен бірлігі.
4. Тұлғалық қасиеттер нақты тәрбиелік жұмыстарының жүйесі арқылы құрылады.
5. Комплекстік әдіс тәрбие процесін және оның басқарылу жүйелілігін көздейді. Өзара байланыс пен сыртқы және ішкі факторлардың тәрбиеге әсері ескерілгенде ғана, басқару нәтижелі болмақ. Басты факторлар қатарына мыналар жатады:
oo Берілген қабілеттерінің дамуына оң әсерін немесе кері әсерін тигізетін оқушының қалыптасқан өмір сүру әдісі.
oo өмір шарттары
oo бұқаралық ақпарат құралдары және пропаганда
oo оқушының тұлғалық қасиетіне әсер ететін ұжымның өмір сүру шарттары мен даму деңгейі (тәрбиелік жүиелер, бағалау құндылығы, өнегелік нормалары, психологиялық климат)
oo қарым-қатынас нормалары.
oo Тәрбиеленушілердің тұлғалық және индивидуалдық ерекшеліктері.
Тұлғаны қалыптастырудағы комплекстік әдісте көрсетілген шарттардың жиынтығы ескерілуі керек. Тұлғаға ықпал еткен жағымды әсер сыртқы шарттардың өзгеруіне себебін тигізуі мүмкін. Тәрбиенің жүйелілігі, бірізділілігі, комплекстілілігі мен үздіксіздігі практиканттар қолдануды жөн көретін тәрбиелік іс деген ұғымға жақын келеді. Тәрбиелік іс - бұл тәрбиеленушілердің нақты дамуының жүзеге асуы мен ұйымдастыру формасы. Тәрбиелік істің ең басты ерекшеліктері - бұл қажеттілік, пайдалылық және іске асырушылық. Тәрбиелік прцесс тоқтамайтын тәрбиелік істер тізбегінен тұрады.
Тәрбиелік істер ұжымдық, шығармашылық, қасиетке ие бола келіп, ұжымдық тәрбиелік істер деп аталады. Егер тәрбиелік істі оқудың жекеленген жүйесі ретінде қарастырар болсақ, онда олар этаппен құрылатындығын байқауға болады:1). Мақсатты болжау (ситуация анализі, тәрбиелік мақсаттардың құрылысы); 2). Жоспарлау ; 3). Ұйымдастыру және дайындық; 4). Әрекеттің орындалуы; 5). Қол жеткізілетін қорытындыларға анализ жасау.
Тәрбиелік мақсат нақты әрекет тапсырмасын анықтайды. Көрнекілік әрекет барысында тәрбиенің жалпы бағыттарының бірімен сай келетін өзекті мәселе дараланады. Мақсаты мен бағытына қарай тәрбиелік істердің көптеген түрлері ажыратылады: әлеуметтік - хабарлаушылық, эстетикалық, танымдық, спорттық, еңбектік т.б. Әлеуметтік- хабарлаушылық деп - қоғамдық белгіленген сапалы тәрбиелеудің басты мақсаты ретінде жұмсалатын тәрбиелік істі атаймыз. Аталмыш бағыттың тәрбиелік ісінің басты мақсаты - қоғамға және тәртіп сақшыларына деген оқушылардың қалыптасуындағы әлеуметтік қатынастағы жүйесі. Тұлғаның өзекті сапаларының мазмұнына, орын алған жағдайға жеке қатынасын таныту арқылы құрылған азаматтық позиция жатады. Тәртіптілік тәрізді тұлғалық қасиет те паралельді түрде құрылады.
Мақсатқа бағытталған және жүйелілік әсер барысында тәрбиелеушінің санасы, сезімі, тәртібінде өнегелік қабілет құрылымы жүзеге асады.
Адамгершілік тәрбиесінің негізгі тапсырмасы болып:
oo адамгершілік сана құрылымы
oo адамгершілік сезімдердің дамуы мен тәрбиесі
oo адамгершілік жүріс-тұрысындағы әдеттер мен қабілетті сараптау
Адамгершілік тәрбие адам санасының қоғам мен байланыстың құрылымын, соған сай өз мінез-құлұын қоғам қызығыушылығымен келістіру қажеттілігін, үлгі идеалдарымен танысуды, қоғамдағы талапты, өнегелік білімнің өнегелік сенімге айналуын, адамгершілік, сезім мен сапа тұрақтылығын, жүріс-тұрыстың жоғары мәдениеттілігімен қамтиды[1].
Эстетикалық жұмыстар эстетикалық құрылымның өмірге деген қатынасын көрсетеді. Олар: еңбекке, қоғамдық қызметке, табиғатқа, өнерге, мінез-құлыққа машықтандыру. Эстетикалық мәдениеттің басты критериі болып табылады.
1.3 Тәрбие ісіндегі жеке тұлғаның даму мәселелері
Тәрбиенің негізгі мақсаты жеке адамды қалыптастыру және оны жан-жақты дамыту. Ал бұл міндеттердің нәтижелі болуы жеке адамның қалыптасуына қандай жағдайлардың ықпал ететінін білумен байланысты. Тәрбие қоғамдық өндірістік және мәдени өмірдің белсенді қатысушысын даярлауды мақсат етіп қойған жеке адамды қалыптастырудың жүйелі үрдісі.
Педагогика үшін мәнді мәселенің бірі - "жеке тұлға" түсінігінің өзін айқындап алу. Адамның дамуында бір-біріне байланысты екі өзек байқалады, оның бірі - биологиялық, екіншісі - әлеуметтік. Шетел педагогикасы мен психологиясы жеке тұлғаның даму мәселесін үш негізгі бағытта қарастырады, яғни олар: биологиялық, әлеуметтік және биосоциологиялық. Осы бағыттар адамның дүниеге келген күнінен бастап оның дамуы мен қалыптасуында көрініс бере бастайды. Адам туғанда тек биологиялық тіршілік иесі болып танылады, жеке тұлғалыққа жету әлі ерте. Биологиялық нышандар мен қасиеттердің дамуы адамның өмір бойы мүшелік пісіп жетілуі және қалыптасуы үрдісінің сипатын көрсетіп отырады. Адамның биологиялық кемелдену және өзгеру үрдісі, оның дамуының жастық сатылары мен мінез-құлығында көрініп, осыдан балалық, жасөспірімділік, ересектік және қариялық табиғи бітістерін ажыратамыз. Жеке адам қоғам өмірінің өнімі болғанымен, оның тірі организм екенін ұмытпау керек. Әлеуметтік және биологиялық қатынастар жеке адамның қалыптасып дамуына әртүрлі әсер етеді.
Адамның табиғи дамуы сан алуан әлеуметтік сапалар мен қасиеттерді қабылдауымен тығыз байланыста бірге дамып отырады, бұл адамды қоғамдық тіршілік иесі ретінде сипаттайды. Мысалы, нәрестенің жақын адамдарды танып, күлімсіреуі, кейін тілге келуі, тік жүру қабілетін игеруі, үйдегі және көпшілік арасындағы қалыптары, еңбектеуі және т.б. Өсе келе ол білім игереді, моральдық қалыптар мен ерекшеліктерді орындайды, әртүрлі жұмыс істеу арқылы ептіліктер мен дағдылары қалыптасады және олардың барлығы да өмір барысында адамда пайда болып, дамып отырады.
Баланың қабілетін дамытуда оның өзінің белсенділігі маңызды және қажетті жағдай болып табылады. Бұл белсенділік баланың кез-келген әрекетінде: ойында, оқуда, еңбекте көрінеді. Әрине бұл жағдай ересектердің бағыт-бағдар беруі арқылы жүзеге асады. Баланың қабілеті оның өз қолдауы табылған іс-әрекетінде қалыптасады және дамиды. Бала тек белсенді іс-әрекетте ғана жан-жақты дамиды да, жеке тұлға ретінде қалыптасудың реті туады.
Тұлға дамуы туралы ізденістегі психологтердің айтуы бойынша әр адамның дамуы өз қолында, оны сырттан әсер етер күшпен дамытуға болмайды, тек оңтайлы ықпал жасауға болады. Осы пікірден туған білім беру мақсатының басқа да тұжырымы бар. Оқушы тұлғасын дамыту, ол оның толық өзіндік өсуінің, өзіндік қалыптасуының, өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады. Сондықтан, мектеп мақсаты баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ол үшін оқушы тұлғасының дамуын көздейтін білім беру үрдісін ұйымдастырудың түрлі әдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет.
Сонымен, адам баласы тұлға ретінде өмір сүру барысында өзінің қоғамдық мәнін сипаттайтын көптеген әлеуметтік сапалар мен қасиеттерді қалыптастырады, әрі дамытады. Міне, осыдан ол ғылымда биоәлеуметтік тұлға, субъект, яғни тарихи-қоғамдық қызмет пен таным иесі деп танылады. Демек, "адам" түсінігі осыдан биологиялық және әлеуметтік (қоғамдық), сапа мен қасиеттердің бірлігін білдіреді.
Ал "жеке тұлға" түсінігін алатын болсақ, ол тек қана әлеуметтік сапа мен қасиеттерді игерген тұлғаны танумен байланысты. Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша: "Жеке тұлғаның негізгі функциялары қоғамдық тәжірибені шығармашылықпен меңгеру және қоғамдық қатынас жүйесіне қосылу" [1]. Бұл тұлға қоғамдық тіршілік иесі сипатында көрініп, тіл игеруі, санасы, әртүрлі әдеттермен ерекшеленеді. Жеке адамдық қасиетке ие болу, оның табиғи биологиялық болмысына емес, қоғамдық қасиеттерге тікелей байланысты. Сонымен "жеке тұлға" дегеніміз адамның қоғамдық сипатын танытып, оның өмір барысында өзіне топтаған әлеуметтік сапалар мен қасиеттер жиынтығын білдіреді.
Жеке адамдық сапалар өмір барысында қалыптасқандықтан, олар біреулерде айқын көрініп, басқаларда күңгірттеу болады. Олай болса, жеке адамдық дәреже деңгейін қалай білеміз және оның өлшемдері қандай деген сұрақтар туындайтыны сөзсіз.
С.Л. Рубинштейн зерттеуі бойынша жеке адам өз қылығы мен іс-әрекетін саналы басқаруға мүмкіндік беретін психикалық даму деңгейімен сипатталады, яғни өз әрекетін ойластыра біліп, жауапкершілікті сезіну қабілетінің болуы, өз бетінше дербес іс-әрекетін жасай білуі - жеке адамның мәнді белгілері. Белгілі философ-ғалым В.П. Тугаринов жеке адамның сапалық көрсеткіштері ретінде төмендегілерді атайды:
- саналылық;
- жауапкершілік;
- еркіндік;
- жеке басының қадірі;
- даралық;
- қоғамдық белсенділік пен бекіген саяси-идеялық бағыттылық.
Жеке адамдықтың критерийлерін (өлшемін) белгілеумен В.П. Тугаринов бұл түсінікті адамның жастық әрі психикалық кемелденуімен байланыстырды.
Егер жеке адам өз сапа және іс-әрекетін қоғамдық прогресс бағытымен үйлестіре алса, өз бойына игерген сапа мен қасиеттерді неғұрлым айқын көрсете алса, өз іс-әрекетіне ерекше жасампаздық сипат бере алса, оның құндылығы арта түседі. Бұл тұрғыдан "адам" және "жеке тұлға" түсініктерінің сипаттамасы "даралық" түсінігімен толықтырылады.
Даралық бір адамның екіншісіне ұқсамайтын, өзіндік ерекшелігі мен өзгешелелігін сипаттайды. Даралық әдетте, мінез бен темпераменттің айрықша бітістері (салмақты, сабырлы, ашушаң), шығармашылық іс-әрекет және қабілетінің ерекшеліктерінің (ойлап тапқыш, ұқыпты) өзіндік көріністермен бөлектенеді. Аталғандар сияқты мұғалімнің де даралық белгілері оның терең білімдарлығында, педагогикалық ой-өрісінде, балаларға жайлылығы мен еңбектегі шығармашылығында танылуы мүмкін. Даралық түсінігі бір адамды екіншіден айырып, оған өзіндік қайталанбас сән беретін жалпылық және жалқылық қасиеттерді білдіреді.
Адамның қоғамдық тіршілік иесі сипатының толықтығы үшін "индивид" түсінігін де білген жөн. Бұл латын сөзі қазақша "жекелік" дегенді білдіреді. Түсінік ретінде одан адамзат тегінің әрбір бөлек өкілін, оның сапа-қасиеттеріне қатысынсыз танимыз. Бұл тұрғыдан әрбір адам "индивид" бола алады. "Жеке тұлға" түсінігінің және онымен байланысты ғылыми категориялардың мәні осында.
Жеке адамдық сапалар адамның өмір барысында дамиды және қалыптасады. Сондықтан, педагогикадағы "даму" және "қалыптасу" категорияларының мәнін ашып беру маңызды.
Даму - бұл жеке адам сапалары мен қасиеттеріндегі сандық өзгерістер жүйесі. И.П. Подласый даму ұғымын былай түсіндіреді: "Даму дегеніміз адам организміндегі сандық және сапалық өзгерістер" [2]. Адамның туған күннен бастап дене құрылымы мен әртүрлі мүшелері ұлғаяды. Ол сөйлей бастайды, сөздік қоры молая түседі, көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және рухани ептіліктер мен еңбектік дағды және әдеттерді игереді. Бірақ адамның жеке адам болып дамуындағы басты белгі, ондағы сапалық өзгерістер. Оны мына мысалдардан түсінуге болады: тілдік қызметтің жіктелуі адамның танымдық қабілетін арттырады, сезімдік аймағын кеңейтеді. Танымдық қызмет барысында абстракт ойлау, логикалық ес дамиды, өмірге деген көзқарас пен наным-сенімдер орнығады. Еліктеушілік мінез-құлық бірте-бірте белсенді - жасампаз, шығармашылық іске ауысады, өз қылық әрекетін басқара алу мен өзіндік билік қабілеті көркейеді. Бұл өзгерістердің бәрінен адамның анатомиялық-физиологиялық кемелденуіндегі, жүйке жүйесі мен психикасының және танымдық пен шығармашылық іс-әрекетінің жетілуіндегі, дүниетанымдық, имандылық, қоғамдық-саяси көзқарастары мен нанымдарындағы бір-біріне кіріге байланысқан сандық және сапалық өзгерістер үрдісін білеміз.
Қалыптасу түсінігіне келетін болсақ, ол жеке адам дамуының нәтижесі ретінде оның кемелденуі мен тұрақты сапалар мен қасиеттерді иемденуін білдіреді.
Адам жөніндегі басқа ғылымдардағыдай педагогика үшін де ең басты мәселе - жеке адамның дамуы және сол дамудың көзі мен ықпал күштері. Идеалистік ағымдар бұл туралы әртүрлі тұжырымдар пайымдауда. Ғылымда ежелден бір-біріне қарама-қарсы келе жатқан теориялық пікірлердің дұрыс-бұрыстығына баға беруді оқырманныың өзіне қалдырып, оларға тек қана объективті сипаттам беруді өз міндетіміз деп есептейміз.
Идеализм өкілдері, қай бағттағы болмасын, жеке адамның қалыптасуын алдын-ала болжастырылған бағдарламаға теліп, ол бағдарламадағы сапа мен қасиеттер өз беттерінше өріс алатынын уағыздайды. Ал тәрбие олардың ойынша, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz