АҚШ ПЕН БАТЫС ЕЛДЕРІНДЕГІ ИСЛАМ ДІНІНІҢ ТАРАЛУ ТАРИХЫ


Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Философия және саясаттану факультеті
Дінтану және мәдениеттану кафедрасы
Диссертациялық жұмыс
Тақырыбы: АҚШ және Батыс елдеріндегі ислам дінінің насихатталуы мен проблемалары
АҚШ және Батыс елдеріндегі ислам дінінің насихатталуы мен проблемалары
КІРІСПЕ . . . 3
І АҚШ ПЕН БАТЫС ЕЛДЕРІНДЕГІ ИСЛАМ ДІНІНІҢ ТАРАЛУ ТАРИХЫ . . .
1. 1 Орта ғасырдағы ислам дінінің таралуы . . . 7
1. 2 Крест жорығынан кейінгі араб және Еуропа жауластығы . . . 9
1. 3 Дүние жүзілік соғыстан кейінгі ислам діні . . . 13
1. 4 АҚШ мемлекетіндегі ислам дінінің таралу тарихы . . . 18
ІІ ТАРАЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . 25
2. 1 Батыс Еуропа мемлекеттері мен АҚШ-тағы ислам дінінің қандай ағымдар мен бағыттар таралды және олардың себептері . . . 25
2. 2 АҚШ және Батыс Еуропадағы адам құқығы мен діни бостандық . . . 39
2. 3 Мұсылмандардың құқықтық және ар-ождан проблемалары . . . 41
2. 4 Қазіргі Батыс Еуропадағы христиан мен ислам арасындағы қатынастар . . . 50
2. 4 II Ватикан соборы және христиан конфессияларының ислам дініне қатысты дінаралық диалог мәселелері бойынша ұстанымы . . . 50
III тарау. Ислам, мультикультурализм және оны практикалық іске асыру мәселелері . . . 56
3. 1 Мультикультурализм саясатының дамуы мен дағдарысы . . . 56
3. 2. Мультикультурализм саяси бағдарлама ретінде . . . 57
3. 3. Мультикультурализм аккредитациялау әдісі ретінде . . . 58
3. 4. Батыс Еуропа мемлекеттері мен АҚШ-тағы исламофобия және оның көріну формалары . . . 61
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 68
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 71
ҚОСЫМШАЛАР
Кіріспе
Бұл жұмыстың өзектілігі біздің заманымыздың маңызды ерекшелігіктерінің бірі жаһандану үдерісінің ерекше бөлігі болып табылатын-миграция мәселесінің ауқымды түрде өсуімен байланысты. Яғни Еуропалық Одақ (ЕО) елдерінің экономикалық табысты және тұрақты дамуы
тарихи исламмен байланысты елдерден келетін иммигранттардың үлкен толқынын анықтауда және ЕО мемлекеттерінің демократиялық заңдары мен
ар-ождан бостандығын жариялау иммигранттардың діни сенімдерінің еркін түрде дамуына мүмкіндік береді. Толеранттылыққа негізделген және әр дін өкілдерінің бір мемлекетте емін-еркін және бейбіт өмір сүруі- еуропалық өркениеттің маңызды жетістіктерінің бірі болып табылады, алайда соңғы жылдары бұл жағдай еуропалық қоғамда бірқатар белгілі бір проблемалардың пайда болуы, қарапайым еуропалық азаматардың алаңдаушылығын тудырды. Бұл алаңдаушылық дінге ортақ іс ретінде қарайтын және ислам дінін өмірдің барлық салаларын реттейтін жүйе ретінде қабылдайтын мұсылмандар жамағатының Батыс Еуропа елдеріндегі санының өсуі.
Қазіргі уақытта ислам діні Батыс Еуропадағы ұстанушылар саны бойынша екінші ауқымды дін болып табылады. "Пью рисеч" (Pew
Research Center) зерттеу орталығының деректері бойынша 1990 жылы ЕО елдерінде 12 млн-ға жуық мұсылман болса,
2019 жылы олардың саны 30 млн-ға жеткен болатын. Яғни ислам дінін ұстанушы мұсылмандар еуропалық қоғамдағы барлық публикалық кеңістікте көрініс табуда, сондай-ақ ислам діні еуропадағы саяси күшке де ие болуда. Солайша, Еуропалық астаналардың тарихында алғаш рет болған оқиғаның бірі 2016 жылы Лондон мэрі болып алғаш рет мұсылман Садық Хан тағайындалды. (2) Кейбір мұсылмандар айтарлықтай интеграция үдерісіне қарсы және Еуропа аумағында өздеріне тән діни және мәдени дәстүрлерді дамытуға тырысуда. Еуропаның ірі қалаларының маңы мемлекеттік заңдардың орнына шариғат заңдары қолданылатын ерекше "ішкі қалаларға" немесе "ерікті гетталарға" айналады. Сонымен бірге, мұсылмандардың діни талаптарды орындау мүмкіндіктерін демократиялық жолмен кеңейтуге ұмтылатын мұсылмандық Саяси партиялар көбейіп келеді. Мысалы, бірқатар мұсылман саяси партиялары исламдық білім беру мекемелерінің, халал азық-түлік дүкендерінің санын көбейтуді, тіпті алкоголь дүкендерін қысқартуды жақтайды. Сонымен қатар, Батыс Еуропа елдері үшін маңызды және үрейлі мәселелердің бірі мұсылмандар ортасындағы экстремизмнің өсуі болып табылады.
Осындай проблемалардың пайда болуына байланысты Батыс Еуропадағы
қоғамдық-саяси кеңістікте "байырғы" еуропалықтармен иммигрант мұсылман халқының өзара әрекеттесуі және бірге өмір сүруі мәселелері белсенді талқылануда.
Зерттеудің хронологиялық шеңбері ЕО елдері мен АҚШ мемлекетіндегі мұсылмандар санының белсенді өсу кезеңіне сәйкес келеді, атап айтқанда 1950 жылдардан бастап қазіргі уақытқа дейін.
Зерттеу нысаны - Батыс Еуропа мен АҚШ қоғамының саяси дискурсындағы ислам діні және оның орны.
Зерттеу тақырыбы - Еуропа елдерімен АҚШ мемлекетіндегі исламдық әртүрлі ағымдар мен батыс өркениеттің мұсылмандарға қатысты саясаты,
мультикультурализм тұжырымдамасы және оны жүзеге асыру, еуропалық қоғамның исламды қабылдау, ЕО елдеріндегі христиан діні мен ислам дінінің өзара қарым-қатынасы және исламофобия мәселелері.
Зерттеудің мақсаты - Еуропалық және Америкалық кеңістіктегі ислам дінінің даму және күшейту мәселесі бойынша негізгі ұстанымдарды талдау.
Бұл ғылыми жұмыста бірқатар зерттеу міндеттері анықтады:
1. Батыс Еуропа мен америкадағы Исламның қазіргі жағдайын қарастыра отырып,
оның Батыс өркениетігі негізгі ағымдарын анықтау және олардың қазіргі заманға қатынасын сипаттау.
2. Еуропада мультикультурализм саясатының қалыптасу тарихын, оның практикалық іске асырылуын бақылау мен болашағын дамыту.
3. Жетекші еуропалық саясаткерлердің исламға қатысты риторикасының сипатын талдау.
4. Батыс Еуропа елдеріндегі ислам мен христиан конфессияларының қарым-қатынастық сипатын анықтау
5. Оңшылдардың саяси және әлеуметтік бағдарламаларын талдау
Еуропадағы исламға қарсы ұрандар шығаратын партиялар.
6. Исламофобия сияқты құбылысты қарастырып, оның ауқымы, мақсаттары мен нәтижелері анықтау.
Зерттеу әдістемесі
Жұмыста қолданылатын әдістерді таңдау қарастырылып отырған материалдың ерекшелігіне, сондай-ақ зерттеудің мақсаттары мен міндеттеріне байланысты болғандықтан. Бұл ғылыми жұмыста негізгі әдіс-дереккөздердің мәтіндік талдау(текстологический анализ источников) . Сондай-ақ салыстырмалы әдісті қолдану зерттелетін көздерде қамтылған мағыналарды толығырақ анықтауға мүмкіндік береді. ЕО елдеріндегі исламның даму динамикасын зерттеу және бұл мәселені еуропалық қоғамдық-саяси дискурста көрсету үшін әдіс қолданылды( метод) . Жүйелік әдісті тарту, өз кезегінде, зерттелетін мәселенің әртүрлі аспектілеріне жан-жақты баға беруге мүмкіндік берді.
Зерттеудің дереккөздік базасын құжаттар мен материалдардың бірнеше тобы құрады.
Бірінші топқа британдық ханзада Чарльз [1], Ұлыбританияның Премьер-Министрі Дэвид Кэмерон[2], Ұлыбританияның Еңбек партиясының бұрынғы жетекшісі Тони Блэр[3] , Германия канцлері Англера Меркель[4] және т. б. сияқты еуропалық саясаткерлердің ресми сөздері немесе басылымдары кіреді.
Екінші топқа Еуропалық және мұсылман қоғам қайраткерлерінің еңбектері мен сөйлеген сөздері кіреді, мысалы, идеологтар Евроислам Тарик Рамазан[5], [6] , Бассам Тиби[7], [8] ; Демократиялық мұсылмандар қозғалысының жетекшісі Насер Хадер [9] , Британдық публицист, Британдық қоғам директорының орынбасары Генри Джексон, Дуглас Мюррей [10] , итальяндық жазушы және журналист Ориана Фаллачи[11] және т. б.
Үшінші топқа діни ұйымдардың ресми құжаттары [12] , [13] , христиандық пен Исламның диалогы барысында бірлесіп әзірленген декларациялар, [14] , мұсылман бірлестіктері шығарған хартиялар, сондай-ақ тікелей қасиетті мәтіндер кіреді [15] .
Төртінші топқа Еуропадағы исламның ұстанымымен байланысты әртүрлі прецеденттерді қамтитын еуропалық жаңалықтар ресурстарының мақалалары кіреді [16], исламға қатысты Еуропалық саясатты оң немесе басқа тұрғыдан бағалайтын пікірлері кірді [17] .
Диссертациялық жұмыстың ғылыми даму дәрежесі
Отандық және батыс ғалымдарының көптеген зерттеулері ислам мен Батыс мәселесінің әртүрлі аспектілеріне арналған.
Осы тақырыпқа арналған батыстық зерттеулердің ішінде араб тектес американдық автор Эдвард Саидтің "Шығыстану" еңбегі ерекше орын алады, онда ол батыс зерттеушілерінің Шығыс пен шығыс мәдениетін зерттеу мәселесіне деген көзқарасын сынға алуда. Э. Саид батыс зерттеушілері отаршылдық үстемдікке негізделген деп санайды және шығыс мәдениетін бұрынғыдай көріп және түсіне алмауда деген пікір айтуда. Сондай-ақ олар өздері жасаған модельді ғана зерттеуде. Бұл ұстаным мәдениеттердің дұрыс зерттелуіне де, сәтті өзара әрекеттесуіне де кедергі келтіреді. [18]
Сондай-ақ, американдық және британдық шығыстанушы Бернард Льюистің "Ислам және Батыс"еңбегі ислам мен батыс өркениеттері қатынастарын зерттеу саласында үлкен маңызға ие болып отыр. Льюис әлемді қабылдаудың Шығыс және Батыс тәсілдерінің арасындағы айырмашылықты баса айтады. Егер Батыс адамы үшін "Шығыс пен Батыс" болса, шығыс үшін (ең алдымен Таяу Шығыс туралы) ислам әлемі мен ислам емес әлем болып табылады деген пікір қалдырған. [19]
Мультикультурализм тұжырымдамасын зерттеушілердің ішінде канадалық философ Ч. Тейлордің зерттеу жұмыстары маңызды орын алуда, сонымен бірге ол мультикультурализм теоретигі болып табылады. [20], [21] Сонымен қатар Бристоль университетінің әлеуметтану және саясаттану профессоры Тарик Модудтың, Бристоль университетінің этникалық және азаматтығын зерттеу орталығының директоры, "Мультикультурализм: түсінбеушілікке қарсы күрес" (Multiculturalism: confusions-пен struggling) [22] еңбегін атап өткен жөн, онда автор мультикультурализм саясатының дағдарысының себептерін қарастырады және оны қайта қарастыруға шақырады. Мультикультурализм мәселесін Үнді тектес Британдық саясаттанушы Биху Парех[23] өз еңбектерінде де қарастырған.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы
Қазіргі Батыс Еуропа мен АҚШ мемлекеттерінде ислам мәселесі өте өзекті болғанына қарамастан, біздің отандық дінтану саласында қазіргі еуропалық қоғамдық-саяси кеңістіктегі Ислам проблемасына жан-жақты талдау жасайтын жұмыстардың аз болуы. Бұл жұмыста алғаш рет еуропалықтардың исламды қабылдауының әртүрлі аспектілерін жан-жақты зерттеуге әрекет жасалды.
Қорғауға шығарылатын негізгі ережелер
- ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың басында Батыс Еуропа елдері мен Америка Құрама штатарына мұсылмандардың жаппай көшіп келуі олардың саны мен аймақтағы үлесінің күрт өсуіне әкелді. Алайда мұсылмандардың батыс Еуропа қоғамы мен Америка қоғамына интеграциясын әлі де толық қанды орнады деп атауға болмайды.
- Соңғы онжылдықтың ішінде ислам дініне қатысты еуропалық саясаттың негізгі бағыты мультикультурализм саясаты болды, бірақ бұндай саясат тек оң нәтижелерді ғана алып келген жоқ. Ерікті сегрегация мен алауыздық, параллель мәдениеттің дамуы және "ішкі гетто қалаларының" қалыптасуы, сондай-ақ Ислам және еуропалық, зайырлы мәдениеттердің өзіндік қарама - қайшылығының туындауымен қоса, Еуропалық қоғамдағы исламға қарсы пікірлердің өсуі бар.
- Соңғы жылдары бірқатар еуропалық саясаткерлер мультимәдениеттілік тұжырымдамасының дәрменсіздігі туралы мәлімдемелер жасап, белсенді интеграция бағытын жариялағанына қарамастан, бұл жоспарды іс жүзінде жүзеге асыру өте проблемалы екені анық, ал қазіргі уақытта мультимәдениеттілікке балама жоқ деп айтуға болады.
- Мультимәдениетті насихаттау белсенділігі және Батыс Еуропадағы исламға қарсы риторикасы бар оңшыл партиялардың танымалдылығының артуы өзара байланысты және өзара әсер ететін процестер деп айтуға болады.
І АҚШ ПЕН БАТЫС ЕЛДЕРІНДЕГІ ИСЛАМ ДІНІНІҢ ТАРАЛУ ТАРИХЫ
- Орта ғасырдағы ислам дінінің таралуы тарихы
VII ғасырда араб түбегінде пайда болған Ислам діні уақыт өте келе әлемнің барлық аймақтарына тарала бастады. Алғашқы мұсылмандардың Еуропа аумағына келуі VIII ғасырда қазіргі оң түстік Испания аумағын бағындырумен бағытталған жорықтармен басталды. Нақтырақ айтатын болсақ мұсылмандардың Еуропаны бағындыруы 711 жылы 7000 мың адамнан тұратын Тарика ибн Зияда басқарған әскердің Гибралтар бұғазын Юлиан патшаның кемелері арқылы (негізгі бөлігі бербер тайпасы) жүзіп өтіп Испания аумағына келумен баасталды. Мұсылмандардың Еуропа аумағының оң түстігіне қоныстануы Еуразия тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі болып табылады. Қазіргі уақытқа дейін әлемнің ғалымдары Ислам әлемінің Еуропаның тарихи дамуына тигізген әсері туаралы, ислам өркениеті мен христиан өркенетінің арасындағы байланыс жайлы әртүрлі пікір таласта. Бірнеше ғасыр бойы Испания аумағын билеген арабтарды, орта ғасырдың Еуропа билеушілері мен ғалымдары қауіп ретінде қарастырған. Жалпы орта ғасырдың батыс ғалымдары өз еңбектерінде Христиандық Еуропа мен Таяу Шығыстағы Ислам әлемдерінің арасындағы байланысты, екі өркениеттің арасындағы шексіз жалғаса беретін жауластық, конфликт және күрес ретінде көрсеткен болатын. Расында орта ғасыр тарихы діни негізде болған көптеген әскери қақтығыстар мен конфликтерге толы. Бірақ болған шайқастар мен конфликтерден бөлек Испаниядағы мұсылмандардың тарихын екінші жағынан ашып қарасақ, біз соғыс пен қақтығыстардан да маңызы жоғары аспектерді табамыз. Мысалға мұсылмандар билеген Испания Андалусия аумағы Християн әлемі мен Ислам әлемінің тоғысқан және екі өркениеттің біріккен, толеранттылықтың жоғары көрінісі болған мәдени орталығына айналды. Осы Андалусияда қалыптасқан мәдени орталық уақыт өте келе түгел Еуропа аумағында ғылым, білім, мәдениеттің ілгері дамуына оң әсерін тигізген болатын. Мұсылмандар билеген Кардова секілді ірі қалалардың мектептері мен кітапханаларында ғалымдар өткен дәуірлердің білімдерін қарастыра отырып, сол білімді одан ары ілгері дамытып отырған. Астрономия, математика, география және медецина секілді ғылым салаларында көптеген жаңадан ғылыми жаңалықтар ашыла бастады. Сондай-ақ Ислам әлеміндегі ғылыми жаңалықтарда Еуропа аумағына, христиан әлеміне Андалусия корольдігі арқылы тарала бастаған және көптеген араб трактаттары Еуропа мекмлекеттерінің тілдеріне аударылып ұзақ ғасырлар бойы ғылымды дамытудың негізгі көзіне айналған болатын. Ислам діні мәдениет аралық және экономикалық өркендейдің арқасында қысқа уақыт ішінде Еуропаның барлық өлкесіндегі өміріне де өз әсерін тигізді.
Ислам мәдениетінің Батыс Еуропа елдеріне әсер етудің екінші бір жолы Сицилия аралы арқылы күшейді. Мұсылмандардың ғылыми жетістіктеріне таңқалған христиан өркениетінің адамдары мұсылмандардан білім алғысы келді. Солайша мұсылмандардан ілім алуды қалаған христиандарға медреселерде сабақ алғызып, білімдерін шыңдауына жәрдем ететін еді. Сондықтан, Ислам діні жайылған мемлекеттерде ғылым үйрену мақсатымен келген христиан өкілдері Ислам мәдениетінің дәстүрлері мен ғылымдарын жалғастырушылар қатарына қосылды. Шығыстағы беделді әл-Фараби, Ибн Сина, Ғазали секілді ислам философтарының шығармаларын латын тіліне аудару еңбегімен қатар христиан өкілдері шығыс әлемдегі өзге ғылымдармен де шұғылдану керектігін байқаған болатын. Сол кезеңдерде араб тілі ресми тіл ретінде қолданылып, тіпті араб тілінің дамығаны соншалықты дипломдардың бір бөлігі арабша толтырылатын. Қысқаша айтар болсақ, орта ғасыр кезеңінде Ислам өркениетінің мәдениеті, дәстүрі еуропа мемлекеттеріндегі басқару жүйесінде тағыда басқа қоғам салаларында беделді орын алған болатын.
Батыс өркениетке жататын мемлекеттер, өздеріне тән емес шығыс өркениеттегі мемлекеттерді зерртеу мақсатында ориентализм ғылымын көңіл аудара бастады. " Ориентализм " термині кейінірек "Шығыстану" деп өзгертілген, яғни шығыс өркениетіне жататын мемлекеттердің тілдері мен мәдениеттерін зерттеуге байланысты пайда болған ғылымның саласы. Бастапқыда ежелгі және қазіргі заманғы Таяу Шығысқа назар аударылса да, "Шығыс" термині еуропалықтар өздерінің империялық және отарлық экспансиясында кездестірген барлық азиялық өркениеттер үшін ерекше қолданылды. Бұл термин латынның oriens сөзінен шыққан, күннің немесе шығыстың бағытына қатысты. Еуропада ортағасырлық кезеңде Ислам мен мұсылман мәдениеттерін зерттеу негізінде пайда болған ғылымның бір саласы. Себебі Ислам діні пайда болған соң, араб мәдениеті араб түбегінен асып, әлемнің басқа аумақтарына тарала бастады. Слайша 17 ғасырға қарай университеттерде араб және басқа шығыс тілдері оқытыла бастады. Мысалы, Томас Адамс араб тілі кафедрасын Кембридж университетінде 1632 жылы құрған болатын. Шығыстанушы ғалымдар діни, тарихи және әдеби мәтіндерді араб, парсы, санскрит және қытай тілдерінен аударған, бірақ бұл аудармалардың көпшілігі сыни басылымдар болып саналмайды. Қазіргі ориентализм академиялық мағынада XVIII ғасырдың соңында негізге алына бастады. 1797 жылы Египетке басып кірген Наполеонның экспедициялық корпусына Ежелгі Египет мәтіндері мен ескерткіштерін, сондай-ақ қазіргі ислам сәулетін жазған ғалымдар кірді. Британдықтардың Үндістанда болуы, әсіресе филолог Уильям Джеймстің шығармаларында, ресми түрде "Шығыстану"деп аталатын зерттеу саласына әкелді. "Шығысты зерттеуге арналған алғашқы академиялық қоғам 1821 жылы Францияда құрылған Азиялық қоғам болды. Бұл ұйым Ұлыбритания мен Ирландияның корольдік азиялық қоғамы (1823) және американдық Шығыс қоғамы (1842) болды. 1873 жылы Парижде бірінші халықаралық шығыстанушылар конгресі өтті. Бірнеше ерекше жағдайларды қоспағанда, шығыстанушы ғалымдардың көпшілігі 20 ғасырдың ортасына дейін ислам туралы жағымсыз көзқарастарды ұстанды. 1973 жылға қарай шығыстанушылардың халықаралық конгресі "шығыстанушы" терминінен бас тартып, арнайы пәндер "Шығыс"деген түсініксіз географиялық ұғымнан гөрі маңызды екенін мойындады. ”
1. 2 Крест жорығынан кейінгі араб және Еуропа жауластығы.
Ислам өркениетінің Еуропа аумағына келуінің ең маңызды жолдарының бірі тарихтағы «крестовый поход» деп аталатын христиандық крестшілер жорықтары арқылы да өрбіген. Бұл жорықтарда шіркеу басшыларының тарапынан Ислам дінінің сол кезеңдегі билігі мен күшін жойып, әлсіретіп, христиандықты исламнан жоғары ұстау мақсатында ұйымдастырылған болатын. Себебі 8 ғасырда Еуропа ауғына тарала бастаған Ислам дінін, орта ғасырдағы Еуропа патшалары мен христиандық діни басшылар өте үлкен қауіп ретінде қарастыра бастады. Олардың жорықтары мұсылман түріктер мен арабтардың қарсылығымен тоқтады. Бірнеше рет қайталанған крестшілердің жорықтары еуропалықтардың Ислам өлкелерімен қарым-қатынас жасауларына себеп болды. Ендігі тарихта крест жорығы атымен танымал болған тарихи оқиғаға кеңірек тоқталсақ.
XI ғасырда Христиан дінінің көрнекті орталығы болып есептелетін Византия аумағын селжұқтар жаулай бастады. Осындай тарихи оқиғаларды көріп отырған Еуропа патшалары мен Католиктік шіркеу әкейлері үрейленіп, әлемдік сахнадағы христиан дінінің беделінің төмен түсіп кету мүмкіндігі туралы уайымдай бастады. Жалпы XI ғасырдың 60-жылдарынан бастап Рим папалары Византия аумағын мұсылмандардан азат ету үшін жорықтарды ұйымдастыруды көздеген. Алайда Ислам әлеміне қарсы күресті 1095 жылы Францияның оң түстігінде орналасқан Клермон қаласында екінші Урбан Рим папасы бастады. Екінші Урбан шіркеу жиынында болған мыңдаған дінбасылар мен халықтың алдында сөз сөйлеп, христиан әлемін мұсылмандарға қарсы күресуге үгіттеп, түрік селжұқтармен соғысып жатқан Византия халқына көмектесуге және қасиетті Иса табыты жатқан Иерусалим қаласын мұсылмандардан азат етуге шақырды. Папа осы қасиетті жорыққа қатысқан барлық адамның күнәсі кешірілетіне, шайқаста қаза тапқан жауынгердің бірден жұмаққа кіретініне ант беріп, барша халыққа крест жорығының басталғанын жариялады. Сондай-ақ католиктік шіркеудің басшысы қасиетті жердің құнарлығы мен байлығы жайлы да халықтың және басқа да діни басшылардың есіне салған болатын. Екінші Урбанның әсерліде қуатты сөздерінен жиынға қатысқан халық ерекше әсер алып, барлығы бір сәтте тізерлеп отырып, қасиетті Құдай табыты жатқан жерді азат етуге және осы мақсаттарына жету үшін өз өмірлерін аямайтыны туралы ант қабылдап, «Құдай осыны қалайды» деп ұрандата бастады. Сол жерде қарапайым христиан өкілдері маталардан крест формасын қиып алып, оны киімдеріне тіге бастаған болатын. Бұл оқиға Ислам әлеміне қарсы басталған крест жорықтарының алғашқы көрінісі еді.
Шіркеу басшылары крест жорығының қатарына кірген жауынгерлерге көптеген жеңілдіктер жасаған. Мысалға олардың қандай мөлшерде болмасын кезкелген қарыздарын төлеуден босатты және жауынгерлердің отбасы мүшелерімен қоса дүние-мүліктерінде қорғауға кепілдік беріп, барлығын шіркеу өз қамқорлығына алған. Сондай-ақ кедейлердің Шығыс мемлекеттердің шұрайлы аумағында тез байып көтерілуіне болатынын үгіттеген Екінші Урбанның сөзі қарапайым кедей халық өкілдеріне әлеуметтік жағдайын көтеруге біршама үлкен сенім арттырды. Осындай христиан басшыларының үгіттеуінің нәтижесінде 1096 жылдың көктемінде Франция мен Германия мемлекеттерінен мыңдаған кедей шаруалары тарихта қанды оқиғалармен есте қалған брінші Крест жорығына аттанған болатын. Алайда 1096 жыдың қазан айында Кіші Азия аумағына басып кірген кресшілердің діни ерлік жасап, қысқа уақытта байлық пен даңққа жетуді көздеген кедей шаруалар мен рыцарларды селжұқ түрік әскерлері толықтай қырып жіберген болатын.
Алғашқы жорықтарынан сәтсіздікке ұшыраған крестшілерге Еуропа патшалары мен Христиан әкейлері одан әрі әскери және ақшалай көмек көрсетіп крсет жорығын барынша тоқтатпауға тырысты. Ұзақ уақытқа созылған қанды әскери шайқастардан кейін кресшілер ең алғашқы Антиохияны кейіннен келе армян халқының Эдесса атты бай қаласын өздеріне бағындырып, көптеген кресшілер негізгі мақсаттары қасиетті қала Иерусалимге аттанбай, сол қалаларда қалып өз князьдіктерін құра бастады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz