Минералды бюджет қамтамасыздандыру деңгейін теңестіру
КІРІСПЕ
Бюджет сөзі ескі нормандық мағынада (bougette) әмиян, сөмке дегенді білдіреді . Белгілі бір уақыт кезеңіне. әдетте бір субъектінің (отбасы, бизнес, ұйым, мемлекет және т.б.) қаржылық жоспары. Жалпы айтқанда бюджет орталықтандырылған ақша қорының құралу көздері мен жұмсалу бағыттарын сипаттайтын экономикалық категория, ақшалай кіріс пен шығыстың балансы.
Мақсат: Барлық деңгейдегі бюджет қаражатын нысаналы және тиімді пайдалануын қамтамасыз ету.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Қағаз түріндегі құжат айналымын болдырмайтын мемлекеттік органдардың бюджеттік өтінімдерін қалыптастыру процестерін автоматтандыру бөлігіндегі бюджеттік жоспарлау процедураларын толық автоматтандыру.
жаңа әдістер мен принциптерді қолдана отырып біріңғай бюджетік жіктелімді жүргізу;
әрбір мемлекеттік органдардың шығындарын есептеу үшін қажетті коэффициенттер мен нормативтерді орталықтандырып енгізу;
жаңа бастамаларға арналған шығыстар лимиттері мен лимиттерін орталықтандырылған қалыптастыру және әрбір мемлекеттік органға дейін жеткізу;
үш жылдық жоспарлау кезеңіне арналған штаттық кесте болжамын орталықтандырылған қалыптастыру;
шығыстардың әрбір түріне түсіндірме құжаттар мен негіздемелерді бекіту;
бюджетті қалыптастырудың кез келген кезеңінде жоғары деңгейдегі деректерге орталықтандырылған қол жеткізу;
бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері бойынша қорытындыларды автоматтандырылған қалыптастыру;
жұмыс органының қорытындысын дайындаудың автоматтандырылған процедуралары;
Заң жобасын қалыптастырудың кірістері мен шығыстарын теңдестірудің автоматтандырылған процедурасы;
аналитикалық және регламенттік есептілікті автоматты түрде қалыптастыру;
бюджетті қалыптастырудың әрбір кезеңінде ЭЦҚ тетіктерін қолдану есебінен қағазсыз құжат айналымы және соның салдарынан бюджетті қалыптастыру және бекіту мерзімінің төмендеуі.
Қаржы жүйесінің ең маңызды саласы - мемлекеттік бюджет.
Бюджет дегеніміз - мемлекеттің заңмен немесе жергілікті өкілді органның шешімімен бекітілетін, мемлекеттің өз міндеттерін қамтамасыз етуіне арналған және салықтың, міндетті төлемдер, алымдар капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер, салыққа жатпайтын және заң актілерінде көзделген өзге де түсімдер есебінен орталықтандырылған ақша қоры. Ал қысқаша айтқанда, бюджет дегеніміз - ақша қорларының нысанын айтамыз. Мемлекеттік бюджет - Қазақстан Республикасындағы қаржылық қызмет үшін тағайындалатын бюджет қаражатын қалыптастыру және бөлу және тиісті қаржылық жылға сәйкес негізгі қаржылық заңның мәртебесіне ие мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары, қаржылық ресурстары орталықтандырылған қорын білдіреді. Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық-заттай түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында - бюджеттік қорында ақшалынады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процесстер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақшаның ағынында өзінің көрінісін табады. Бюджеттерге және салықтарға байланысты бюджеттің жаңа түрі мемлекеттің қоғам мүшелеріне, салық төлеушілерге ұсынылатын қоғамдық игіліктер категориясының негізінде құрылады. Бұл бағыт негізгі өмірдегі бюджетке, оның қызметтеріне нарықтық көзқараспен қарайды. Мемлекет бюджетті ерекше игіліктерді, қоғамдық өнімдерді, ұстауға мүмкіндік болуы үшін құрайды. Қазақстанның қазіргі экономикалық дағдарыстан шығу жолын іздеу қоғамның қаржылық жүйесінің жаңаруын қажет етеді. Дағдарыстан шығу жолының құрамдыс бөлігі Қазақстан Республикасының 24.02.1996 жылы Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі туралы заңын қабылдауы болды. Бұл заң Қазақстан Республикасының бюджеттік процесс және бюджеттік жүйенің қалыптасуының құқықтық негіздерін және бюджеттік заңдылықтың негізгі принциптерін қалыптастырады. Осыған байланысты бюджеттік жүйені, бюджеттік процесті, бюджеттік механизмнің қалыптасуының теориялық және заңдылық негіздері жан-жақты қарастырылады.
1.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІ
1.1.Бюджеттің мәні мен мазмұны
Бюджет - мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры болып табылады. Бюджет - ағылшын тілінен бастау алған, budget- сома, оның мазмұны, қосалқы қоры деген мағынаны білдіреді. Бюджетті мемлекеттің, отбасының немесе жеке адамның белгілі бір уақыт кезіндегі ақшалай кірісі мен шығысының тізімі, сметасы деп білуге болады. Бюджетке ең алдымен қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қоларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді.
Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды.
Бюджет мынадай өзгеше белгілерімен сипатталады:
бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады.
Құнды қайта бөлуге арналған
Қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгелі үзілісте жүзеге асырылады
Тауар-ақша қатынастарымен тығыз байланысты
Әрбір мемлекеттің өзіндік бюжеттік бағдарламасы болады. Бюджеттік бағдарлама бюджеттің мемлекеттік басқару функциялары мен мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі шығыстары. Ол осы шығыстарды бюджеттік бағдарлама шеңберінде бағыттарын нақтылап, ішкі бағдарламаны қалыптастырады.
Мемлекеттік меншікке түсуі мен жұмсалуы бюджетте ақша нысанында көрсетілетін мемлекеттің ақша және өзге де активтері бюджет қаражаты н құрайды. Бюджет қаражатын алушы және игеруші тұлғалар бар. Бюджет қаражатын алушы тұлғаларға - бюджет қаражатын игерудің барлық деңгейінде бюджет қаражатын пайдаланатын орталық және жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік мекемелер, жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ қаржылық қызмет көрсететін, соның ішінде азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде қызмет көрсететін тұлғалар жатады. Ал, бюджет қаражатын игеру дегеніміз бюджет қаражаттарын, оларды алушылардың бюджеттік бағдарлама паспортында, мемлекеттік мекемелер жасасқан азаматтықө-құқықтық мәмілелерде және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, соларға сәйкес жүзеге асырылатын нормативтік-құқықтық актілерде көзделген мақсаттарға пайдалану іс-әрекетімен анықталады.
Сондай-ақ бюджет қаражатын тиімді пайдалану барлық бюджеттік іс-шараларды атқаратын орталықтар мен органдарға қатаң ескертіледі.
Бюджеттік мазмұнда бюджет тапшылығы деген ұғым кездеседі. Бюджет тапшылығы дегеніміз-таза бюджеттік кредит беруді және қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдоны шегеріп тастағандағы операциялық сальдоға тең тапшылық. Теріс белгімен алынған шама-бюджет тапшылығы, оң белгімен алынған шама бюджет профициті болып табылады. Бюджет тапшылығының жол берілетін шекті мөлшері әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарымен белгіленеді.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.
Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады:
-мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық мемлекеттің бюджеті;
-федерация мүшелерінің бюджеті (АҚШ-та - штаттардың, ГФР-да жерлердің, Канадада-провинциялардың, Ресейде-федерация субъектілерінің бюджетері);
-жергілікті бюджеттер.
Унитарлық мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер.
Бюджеттердің және Қазақстан республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттік процестер мен қатынастардың жиынтығы-бюджет жүйесін құрайды.
Бюджет құрылымы бұл бюджеттің әр-түрлерінің құрамдас бөлігінің өзара әрекетінің және мемлекеттің бюджет жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымын анықтайтын институт. Бюджет қызметінің нәтежесінде мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры құрылады. Бюджет жоспарын ұйымдастыруды мемлекет ақшасынан түсетін және мемлекеттік звено құрылысының басқа да ақша қаражатын алушылар арасында бөлінуін есептеуге мүмкіндік береді. Бюджет нақты анықталған мақсаттарға бағытталған ақша қаражатын ұсыну болып табылады. Мемлекетіміздің бюджет жүйесі әр деңгейде және әртүрлі орын алады. Олар республикалық бюджет, қала-аудандық бюджеттер және т.б. болып бөлінеді. Негізінен бюджет жүйесі күрделі құрылым болып табылады және көптеген құрамдас элементтердің жиынтығынан тұрады. Сондықтан бюджет жүйесі деп мемлекетіміздегі бюджеттердің, оларды қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру әдістерінің, бюджеттерді әзірлеу қарау бекіту және атқару тәсілдері мен жолдарының бюджеттік қатынастарының тиісті қаржылық құқықтық актілерді бюджеттік қызмет аясындағы қаржылық және басқа мемлекеттік өкілетті органдарының бюджеттік бақылаудың нысандары мен әдістерінің жиынтығын айтамыз. Бюджет құрылымы жүйесінің ұйымдастыру құру принциптері бюджет құқығының екі элементінен тұрады: 1.бюджет жүйесі; 2.бюджет жүйесін құру қағидалары. Кез келген елдің бюджеттік құқығы мемлекеттік және әкімшілік аумақтық бөліністеріне байланысты анықталады ҚР-ң бюджет жүйесі республикалық және жергілікті бюджеттен тұрады осы екеуі бірігіп мемлекеттік құрылысын құрайды. Бюджет жүйесi мынадай принциптерге негiзделедi: 1) бiрлiк принципi - Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бiрыңғай бюджеттiк заңдарының қолданылуын, соның iшiнде бiрыңғай бюджеттiк сыныптауды, бюджет процесiн жүзеге асырудың бiрыңғай рәсiмдерiн пайдалануды қамтамасыз ету; 2)толықтық принципi - Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық түсiмдер мен шығыстарды бюджеттерде және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында көрсету, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке алуға, сол сияқты бюджет қаражаты бойынша талаптар құқықтарынан шегiнуге жол бермеу; 3)реалистiк принципi - бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджет көрсеткiштерiнiң орта мерзiмдi фискалдық саясатқа және Қазақстан Республикасы мен аймақтарды әлеуметтiк-экономикалық дамытудың орта мерзiмдi жоспарының бекiтiлген (түзетiлген) өлшемдерi мен бағыттарына сәйкес келуi; 4) транспаренттiлiк принципi - мемлекеттiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңдары саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджеттердi және олардың атқарылуы туралы есептердi, мемлекеттiң фискалдық саясатына қатысты басқа да ақпаратты мiндеттi түрде жариялау; бюджет процесiнiң ашықтығы, мемлекеттiк қаржы бақылауын жүргiзу; 5)дәйектiлiк принципi - бюджеттiк қатынастар аясында бұрын қабылданған шешiмдердi мемлекеттiк басқару органдарының сақтауы.
1.2. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі және оның элементтері.
Бүгінгі таңда Қазақстан дағдарыс деңгейінен шыққан кезеңде мемлекеттің индустриалды дамуы үшін белгілі стратегия құру мәселесі пайда болды. Бұл жердегі мағына мемлекеттің әлеуметтік конъюнктурадан тәуелсіз болуы үшін белгілі бір деңгейде тұрақты экономикалық өсу трактовкасын жасау болып табылады. Егер әлеуметтік конъюнктура стандарты болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы өзінің артық валюта қоры жинақталған ұлттық қорымен қорғана алады.
Мемлекеттің әлеуметтік экономикалық өмірдегі көптеген өзгерістер бюджеттік заңдылықтардың едәуір өзгеруіне әкеледі.
Мемлекет парламенті бюджеттік сферадағы заңдық қатынастарды реттейтін және заң нормаларын жүйелендіретін заңдық актілерді талқылауға жібереді. Берілген құжаттар негізінде мемлекеттік бюджеттік тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2001 жылдың 3 қырқұйегіндегі халыққа әржылдық жолдауында жасалған. Бюджеттік тұжырымдама Қазақстан Республикасының 2010 стартегиялық даму жоспарында бекітілген. Бюджеттік тұжырымдама қараушыларымен көптеген ұсақ жұмыстар нәтижесінде заңдық құжат ретінде екі бөлім, 48 тараудан және 221 баптан тұратын жоба пайда болды. Бірінші жалпы бөлімі 3 бөлімнен, 10 тараудан, 67 баптан тұрады. Оларға Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі қатынастарымен түсімдері және шығыстары бюджет деңгейлері арасында тарату, бюджеттік қатынастарды реттеудің облыстық, мемлекеттік басқару жатады.
Екінші ерекше бөлімі: 9 бөлімнен, 38 тараудан, 154 баптан тұрады. Оларға: бюджет жобасы мен бекітілуі, бюджеттік орындалуы мен бекітілуі, бюджеттік есеп және есеп беру, мемлекеттік гранттар, бюджеттік несиелер, мемлекет және мемлекетпен кепілденген міндеттеме және қарыз қорытынды және жағдайлар жатады.
Бюджет жүйесі дегеніміз бұл - елдің, аумақтық бірліктердің және бюджет жөнінен дербес мекемелердің барлық бюджеттерінің жиынтығы.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан-федералдық емес, басқарудың Президенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет. Қазақстан Республикасында жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын бекітілген, атқарылатын және дербес болып табылатын мынадай бюджеттер жұмыс істейді.
респуликалық бюджет
облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті
ауданның бюджеті.
1991 жылдың 1 сәуірінен Қазақстан Республикасының Бюджеттік тұжырымдамасы Бюджеттік жүйе туралы заңында келесі қорытындылар келтіріледі:
Қазақстан Республикасының бюджеттік кодексі жобасында құрамында ұлттық қор бюджеттік үрдістер мен бюджеттік қатынастар болғандықтан бюджет жүйесінің анықтамасы өзгерді;
Ұлттық қордың Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесіне ену белгісі ретінде маңызды жаңалық құралу көзі болып бюджеттік құралдар болып табылады.Осылайша ұлттық қор Қазақстан Республикасының Үкіметінің Ұлттық Банкіндегі шотындағы шоғырланатын қаржылар және басқа да мемлекеттік активтерді көрсетеді;
Бюджеттік тұжырымдамадағы тағы бір маңызды мезет ол бюджеттік аралық қатынастар анықтамасының енгізілуі. Ал бұл бұрынғы бюджет үрдісі туралы заңында көрсетілмеген. Бюджет аралық қатынастардың болашақ үлгісінің принциптері келесідей көрініс табады:
Мемлекет басқару деңгейлері арасындағы қызметтердің нақты шекарасының анықталуы.
Бюджет деңгейлері арасында түсімдер мен шығындардың біркелкі бөлінуі.
Бюджет аралық қатынастар бірлігі мен көрнектілігінің әдістерін анықтау.
Жергілікті бюджеттерден жғары тұрған бюджеттер мен қатынастарының тең болуы.
Минералды бюджет қамтамасыздандыру деңгейін теңестіру.
Мемлекеттік қызмететрдің біркелкі жеткізілу деңгейін қамтамасыздандыру.
Алушыларға көрсетілген қызметтердің максималды тиімділігі мен нәтижелілігі.
Ресми трансферттер мен алынған қызметтерді мақсатты қолдану мен тиімділігіне жергілікті орындаушы органдардың жауапкершілігі.
Бюджеттік тұжырымдама бюджеттің мақсатты шығындарында жағымды сипаттайды. Себебі мемлекет әлеуметтік-экономикалық сферадағы салымдар жасай отырып нақты саланың позитивті дамуына сенімді болуы керек.
3. Бюджеттік тұжырымдамада бюджеттік үрдіске маңызды анықтама береді. Себебі ол мемлекеттік қаржылық бақылау, мемлекетпен байланысты гранттарды жоспарлау мен орындалуын жүзеге асырады.
4.Жергілікті бюджеттер мен жергілікті бюджеттік бағдарламалар анықтамаларының орнына әкімшілік территориялық бірлік бюджеті мен аудандық бағдарламалар деген түсініктемелер енгізілді.
5.Бюджеттік тұжырымдама жобасында бюджет артықшылығы мен тапшылығына байланысты жана терминалогия енгізіледі. Берілген салым қаржылық активтер және операция сальдосы мен бюджеттікнесиелеудің операциялық сальдосынан алымына тең болады;
6.Сонымен қатар,жобаға бюджеттік бағдарламалар тиімділігін бағалау түсінігі енгізілді. Мемлекеттің бюджеттік саясаты елдің халқы мен олардың өмір сүру темпімен бағаланады.
7.Бюджеттік тұжырымдама жобасында бұрыннан 4 бөлім бар бюджеттікқұрылымы да өзгертілді:
- Түсімдер: кірістер, ресми алынған трансферттер, несиенің қайтарылуы;
- Шығындар: жұмсаулар, несиелер;
- Бюджеттің артықшылығы;
- Тапшылықты қаржыландыру(артықшылықты қолдану)
Қазіргі ұсынылатын бюджет құрылымы 7 бөлімнен тұрады:кірістер, шығыстар, операциялық сальдо, таза бюджеттік несиелеу,қаржылық активтер бойынша операция сальдосы; бюджет тапшылығы (артықшылығы), тапшылықты қаржыландыру (артықшылықты қолдану).
8.Бюджеттік тұжырымдама бойынша Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесіндегі 5 принцип өзгеріп (бірлігі, толықтылығы, нақтылығы, мәнділігі, дербестігі) орнына 8 принцип қойылды (бірлігі, толықтығы, ақиқаттық, жариялық, ауыспалылық, кезектілік, тиімділік нәтижелілігі, дербестігі).
9. Бюджетік тұжырымдама жағымсыз кезең, оның мемлекеттік әлеуметтік стандарттарды қамту болып табылады.
10.Бюжеттік сферада өмір сүретін заңға байланысты, Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі 2 деңгейден тұрады: мемлекеттік бюджет және жергілікті бюджет келесі деңгейлерге бөлінеді: мемлекеттік бюджет, облыстық бюджет, мемлекеттік мағынадағы қала бюджеті.
11. Бюджеттік жүйе туралы заңда субвенциялар ресми трансферттер ретінде көрсетілген, яғни олар жоғары тұрған бюджетпен төлемдерге беріледі.
Қызмет етуші заңды субсидиялар бюджетке қайтарылмайтын төлем. 18 бапқа сәйкес субсидиялар бюджеттік шығысқа кіре отырып келесідей түрге бөлінеді: жалпы сипаттағы субсидиялар, заңды тұлғалардың шығындарын жабу үшін; мақсатты субсидиялар, заңды тұлғаман нақты шығыс түрін жабу үшін беріледі.
1.3. Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің қоғамда алатын орны.
Қоғам дамыған сайын және онда болып жатқан өзгерістер мен жағдайларға қарап, әлеуметтік экономикалық өрлеу үшін мемлекеттік органдардың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құрылады. Бюджет қоғамға қажетті атрибут, және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және мунипицалдық құрылымдарының ақша қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарының шоғырландыру мемлекеттің қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет.
Елде бюджеттің басты бөлігі республикалық бюджетте шоғырланады. Республикалық бюджетте салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомствовалық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры жинақталады. Ал жергілікті бюджетте облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, аудандардың бюджетінің ақша қорлары жатады. Бюджет кодексімен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, оларға ведомствовалық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры облыс бюджеті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті болып табылады.
Қоғамда соғыс болған жағдайда немесе басқа да адам өмірімен байланысты сұрапыл жағдайларға, табиғат апаттарына арналған төтенше мемлекеттік бюджет құрылады. Онда төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған шараларды қаржыландыру басты мақсат болып табылады. Төтенше мемлекеттік бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген мерзім ішінде қолданыста болады. Бюджет жүйесінің бірлігі бірыңғай қаржы саясатын қамтамасыз етуге бағытталған және ең алдымен Қазақстан Республикасы егеменді мемлекетінің жалпы экономикалық және саяси негізін тірек етеді. Ол реттеуші кіріс көздерін пайдалану арқылы барлық деңгейдегі бюджеттердің өзара іс-қимылына, төменгі деңгей бюджеттерінің теңгерімділігі үшін оларды қаржылық қолдауға, сондай-ақ ішінара қайта бөлудің мақсатты және аумақтық бюджет қорларын жасауға да негізделген.
Бюджет іске асатындай болуы тиіс, нақты экономикалық және саяси ахуалды, өндірістің даму тенденциясын, жалпымемлекеттік қажеттілікті есепке алу қажет. Дүниежүзілік практикада бұл қағидат қазіргі кезде оны дәл қолдану бюджетке кірістерінің дербес көздері бар автономды түрде бөліп көрсетуге болатын аса көп шығыстарды жүктейтіндіктен орынды деп есептелмейді.
Бюджеттік саясатта маңызды орынды экономиканы реттеу алады. Мемлекеттік бюджетті экономиканың реттеушісі, әлеуметтік, өндірістік үрдістердің ынталандырушысы ретінде қолданылады.
Бюджеттік қайта бөлудің арқасында қоғамдық өндірістің құрылымын жаңартуға болады. Сол уақытта мемлекет экономикаға әсер етудің әртүрлі формаларын қолданады: кәсіпорынды субсидиялау, мемлекеттік инвестициялар, қорғаныс салаларын бюджеттік қаржыландыру.
Қоғаның дамуында бюджет жүйесі үлен роль атқарады. Бөлу және қайта бөлу процестерінде қоғадық өндірістің құрылымын жаңартуға болады.
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖАҒДАЙЫ
2.1.Мемлекеттік бюджеттің мазмұны мен қызметі.
Мемлекеттің ақша қаражатының негізгі орталықтандырылған қоры-мемлекеттік бюджет қаржы жүйесінің басты буыны болып табылады. Мемлекеттің кәсіпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен және халықпен болатын қаржы қатынастары бюджеттік деп аталады. Бүл қатынастардың қаржының бөлігі болу себебі: біріншіден, қатысушы мемлекет болып табылатын бөлу процесімен; екіншіден, жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған, орталықтанған ақша қаражат қорын құру және жұмсаумен байланысты. Бюджет қатынастары объективті сипатта болады. Жалпы қоғамдық масштабтағы ұдайы өндірісті ұлғайту қажеттілігі мен азаматтарды ң әлеуметтік мәдени шараларын қанағаттандыруға, мемлекеттік басқарудың жалпы шығындарын жабуға арналған, мемлекет қолында жыл сайын шоғырланатын ұлттық кірістің аныкталған бөлігінен көреміз. Бюджет қатынастарының жүруі мемлекеттен тыс болуы мүмкін емес, бірақта олар мемлекетпен байланысты бола отырып, базистің элементі болып табылады. Бюджет қатынастары-қоғамның эномикалық құрылымының орталық бөлігі, өйткені мемлекет өз қызметтерін жүргізу үшін материалдың-қаржылық базасы болуы керек.
Елдің бюджет қорының құрылуы мен жұмсалуындағы бюджеттік қатынастардың жиынтығы бюджет түсінігін құрайды, экономикалық мәні бойынша мемлекеттік бюджет дегеніміз халық шаруашылығының, әлеуметтік мәдени шаралардың дамуының қажеттілігін, мемлекеттік басқару орындарын ұстау, еліміздің қорғанысын қаржыландыру үшін бюджеттік қорды құру жәнә жұмсау мақсатындағы ұлттық кірісті қайта бөлу кезінде болатын, мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасында қалыптасатын ақша қатынастары. Мемлекеттік бюджет көмегі арқылы экономикалық және әлеуметтік дамудың басты орындарында қаржы ресурстарын шоғырландыру мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік бюджет-қаржы жоспары ретінде үкімет арқылы экономиканы дамытуға және әлеуметтік мәселелерді шешуге қолданады. Ол қаржы жоспары бола отырып: заң күшін иемденеді, үкімет мәсесін анықтайды(жергілікті бюджет-мемлекеттің қаржы саясатының жол серігі); жоғары бюджеттің орындалуы мен құрылуы жергілікті бюджетпен есептесуі керек.
Мемлекеттік бюджет құндық бөлудің ерекше бөлігі ретінде келесідей сипатталынады: 1) ерекше экономикалық бөлу қатынасы, яғни мемлекеттің жалпы ұлттық өнімнің құндық бөлігі мен қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру мен байланысты; 2) шаруашылық ұлттық салалары арасында, территориялар, экономика секторлары арасындағы құндық қайта бөлу үшін тағайындалған; 3) құндық( бөлу кезіндегі тауарлытүрдегі қоғамдық өнімінің жылжуымен байланыссыз кезеңді қамтиды.
Мемлекеттік бюджет басқа да экономикалық категория сияқты өндірістік қатынастарды білдіре отырып, сәйкесінше материалды-затты түрде жүзеге асады және бюджеттік қатынастар мемлекетің ақша құралдарының орталықтанған қоры-бюджеттік қормен қызмет етеді. Осының нәтижесінде қоғамда жүргізілетін экономикалық үрдістер мемлекетпен қолданылытын ағымдар түріне ие болады. Бюджеттік қор-бұл қорғаныс пен басқару, халықты әлеуметтік мәдени қамтамассыздандыру және қажеттіліктерді қанағаттандыруға қайта өндірісті кеңейтуде белгілі кезеңдерден өткен қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың объективті шартталған экономикалық қозғалыс түрі. Бюджеттік қордың құрылуы мен қолданылуы құнның бөлінуі мен қайта бөліну үрдісімен байланысты.
Мемлекеттік бюджет экономикалық катигория ретінде, мемлекеттің ақшалық құралдарының орталықтанған қорының қалыптасуы және оның ұдайы өндіріс және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында қолданылу жолымен қоғамдықөнімнің құнының бөлінуі және қайта бөлінуі жөніндегі мемлекет және қоғамдық өндірістің басқа да қатысушылары арасындағы қатынастарды көрсетеді.
Бюджеттік мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары ретінде сипаттау үкіметтің бюджетті экономика дамуында және әлеуметтік мәселелерді шешуде дұрыс қолдана білуінде деп түсінуге болады. Мұндай объективті қаржылық катигорияны мемлекеттің реттеуі орталықтанғанг ақшалай қорды жоспарлау арқылы жүзеге асырады. Бұл жоспарлаудың нәтижесінде мемлекеттік бюджет деп аталатын елдің негізгі қаржылық жоспары пайда болады. Негізінен мемлекеттің қаржылық жоспарында мемлекеттік бюджеттің барлық мазмұны, яғни барлық бөлу үрдістері көрініс табады. Кез келген қаржылық жоспар сияқты, мемлкеттік кіріс пен шығыс бөлімінен құралады. Өз кезегінде бюджеттің бөлу бөлімдері әртүрлі баптардан құралады. Бюджет шығысының спецификалық бабы оның құралу көздері мен қолдану бағыттарын көрсетеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті өз бетінше мемлекеттік және жергілікті бюджеттен тұрады. Мемлекеттік бюджет қаржылық жылға жасалынып, құқықтық тәртіпке бетіледі.
Мемлекеттік бюджет жоспар ретінде келесі сипаттарға ие: 1) заң күшін иемденеді; 2) үкімет директиваларын көрсетеді; 3) негізделген; 4) оның құрылуы мен қолданылуы жергілікті инициативамен орталықтандырылған сәйкестігіне негізделеді.
Барлық қаржы жүйесінің құрамды бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет қаржыларымен ортақ белгілерге ие және сол қызметтерді атқарады. Сонымен қатар, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz