Жаһандық жаңалық таратудың бастауы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

Қуантаев Н. Қ

ҒАЛАМДЫҚ ТЕЛЕДИДАР ЖЕЛІЛЕРІНДЕГІ ЖАҢАЛЫҚТАР ТАРАЛЫМЫНЫҢ НЕГІЗГІ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы 5B050400 - «Журналистика»

Алматы, 2020

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

Менеджмент және халықаралық қатынастар факультеті

Халықаралық қатынастар кафедрасы жіберілді»

«__» 2020 жыл

Кафедра меңгерушісі: Ким О. Я

ҒАЛАМДЫҚ ТЕЛЕДИДАР ЖЕЛІЛЕРІНДЕГІ ЖАҢАЛЫҚТАР ТАРАЛЫМЫНЫҢ НЕГІЗГІ ДАМУ ЖҰМЫС

Мамандығы 5B050400 - «Журналистика»

Орындаған Г. Қорғасбаева

Ғылыми жетекші,

ф. ғ. к., доцент Ғ. Майкотова

Норма бақылаушы,

РhD А. Әлімжанова

Диплoм жұмыcының тaқыpыбы: Ғаламдық теледидар желілеріндегі жаңалықтар таратылымының негізгі даму тенденциялары

Диплoм жұмыcының көлeмi: 40 бет

Диплoм жұмыcындa пaйдaлaнылғaн әдeбиeттep caны: 20

Жұмыcтың құpылымы: Диплoм жұмыcы кipicпeдeн, нeгiзгi бөлiмнeн, қopытындыдaн тұpaды. Жұмыcтың бipiншi бөлімінде жалпы ақпараттық журналистика дегеніміз не? Бүгінгі күні әлемде жаңалық таратушы ең танымал телеарналар қарастырылды. Екінші тарауда еліміздегі республикалық және аймақтық телеарналардың белді журналистерінің қазақ телевизиясының жаңалық таратуы жайында қозғаған ойы қосылды. Шетел журналистикасы жайында жазылған мақалалар, ғылыми жұмыстар талданды.

Жұмыcтың ныcaны: Ғаламдық теледидар желілеріндегі жаңалықтар таратылымының негізгі даму тенденциялары. Отандық және шетелдік телеарналардың ақпарат таратудағы айырмашылығы. Дүниежүзілік журналистика саласының саңлақтары. Қазіргі теледидардан ақпарат таратудың бүгінгі қоғамға қажеттілігі.

Диплoм жұмыcындa қoлдaнылғaн тipeк cөздep: жаһандық журналистика, ақпарат, телевизия.

Диплoм жұмыcының мaқcaты мeн мiндeттepi: зерттеу жұмысының тaқыpыбына қатысты жaзылғaн пyблициcтикaлық тyындылapды, мақалалар мен журналистік зерттеулерді ғылыми тұрғыда жүйeлey; журналистика саласындағы зерттеуші-ғалымдардың талдаулары мен шетелдік сарапшылардың ғылыми еңбектерін салыстырып, баға беру

Диплoм жұмыcының дepeккөздepi: телевизиялық ақпараттық журналистика туралы ғылыми еңбектер, оқу құралдары, интернет материалдар.

Жұмыc нәтижeлiлiгi: шетелдік және отандық телеарналардың жаңалық тарату ерекшеліктері салыстырмалы түрде анықталады.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

1 ЖУРНАЛИСТ ДЕГЕНІМІЗ КІМ? АҚПАРАТТЫҚ ЖУРНАЛИСТИКА ДЕГЕН НЕНІ БІЛДІРЕДІ?

1. 1 Ақпараттық журналистика қоғамда ерекше сипатқа ие … . . . 8

1. 2 Жаһандық жаңалық таратудың бастауы . . . 18

2 ОТАНДЫҚ ЖӘНЕ ШЕТЕЛ ТЕЛЕВИЗИЯСЫНДА ЖАҢАЛЫҚ ТАРАТУ

2. 1 Қазақ қоғамындағы телевизияда жаңалық берудің ерекшелігі . . . 24

2. 2 Қазіргі таңда шетел теледидарында жаңалық таратуда үлкен ілгерілеулер . . . 30

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 38

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 39

ҚОСЫМША . . . 40

Қазыналы да сан салалы тарихымыздың тамыры, әрине, тереңде жатыр. Бірнеше ғасырлық белгісіз күш тең, , сыры көп тарих та өзінің бұлыңғыр әлеміне сені де тарта отырып, ой түбіне әкетеді. Халқымыздың жүріп өткен өмір жолында өнер есімді ұлылықтың орныныңшоқтығы биік әрі ерекше мөлдір. Айта кетсем, ауыз әдебиеті мен жазбасы да, термешілігі, поэзиясы мен прозасы, әлемдік мәдениетке өз дауысы таласа келіп қосылды. Осы орайда, сонау ауыз әдебиетінен бастау алып, сан алуан өнер тармақтарына сеп болған,, оның өркендеуіне, мәуелі бәйтерекке айналуына өлшеусіз үлес қосқан замана тұлғаларына айтар алғыс өлшеусіз. Әрине, кешегісіз бүгіннің, бүгінсіз ертеңнің жоқ екені о бастан белгілі бола тұрса да, барымызды түгендеп, бағалап,, етек-жеңімізді жиып,, жоғалғанымыз бен жоғалтқанымызды іздей бастағанымыз да кеше ғана. «Барға қанағат, өткенге салауат» айтып қана қойсақ, болашақ ұрпақ алдындағы өтелмеген парыз бен мойындағы қарыз сияқты болып тұратыны да жасырын емес. Ерте туып, кеш жетілгенімізге өкінгенімен ешнәрсе ұтпасымыз анық. Барды бағалап, жоқтың орнын толтыра отырып, ғасырлар додасына қосылған қалың көпір ішінен өз жолымыз бен орнымызды табу да заман талабы. Арман-қиялдың мақсатқа айналып, есейе ержетіп, ақыл-ойдың толысып, кемелдене кернеуленіп, биікке шыңдалып, қанаттаса қауымдасып, шоғырланған кезеңінде, мөлдір бұлақтың тұма көзінің тым тереңде екендігі де айқындала түсіп, анық байқалады.

Халқымыздың кешегі жүріп өткен өмір жолы тарих атты ұлы көштің сарғайған беттерінде сайрап жатыр. Қуаныштары мен күйініштері де, шарықтаулары мен төмендеулері де айна -қатесіз. жазылуы. Олардың бәрін де уақыт кезеңінің өн бойындағы ұлы істермен бірлікте саралай отырып, салмақтау да бүгінгі заман талабы. Сол себепті, қилы уақыт кезеңге сай өз перзенттеріне «ғасыр кереметтерін» сыйға тартуда. Десек те, ХХІ ғасырдың адамзат баласы ұрпағының өміріндегі орны тым қомақты. Жаңалыққа жаны құмар пенделер адам жанына керекті дүниелерді күнделікті өмірдің бір бөлшегіне айналдырды. Солардың бәрінен дерлік шоқтығы биік әрі «ғасыр жаңалығы» аталған -теледидар. Өмірге келу мерзімін ғасырмен салыстырсақ, оның тарих қойнауынан шығып, көпшіліктің қажетіне айналғанына да жарты ғасырдан сәл-ақ астам. Замана керуеніне көз қадап, айналаңа зер сала қарасаң қас-қағым ғана сәт. Алайда «көгілдір экран» уақыт уысынан шыға, әлем атты үлкен дүниеге әр қиырдан көз сала, өзіне өзгені табындыра, әрі таң қалдыра белгісіз биіктерге бет алуда. Құпиясы мол, сыршыл да сыншыл дүние «адами пендені» ағысы адуынды, иірімді дария сияқты өз тереңіне тарта жөнеліп, ой-қиялына кіріге орнығып, өз уысында тұтқындап ұстауда. Шығамын деп шамырқанғаныңмен шыға алмасың да анық. Жан-жүрегіңді баурай, ой-теңізіне үйіре тартып, шымырлана шиырланып, ширыға түскен сайын сені өз әлеміне тарта береді, тарта береді. Сыршыл әрі құпиялы, көгілдір экранның қазақ топырағындағы тарихына небәрі қырық жыл.

Жаһандық және аймақтық жаңалықтар желілері байланыс технологиялары дамыған сайын жаңа ақпараттық ресурстарды ұсынатын медиа нарықтың бәсекелестік ортасына байланысты. Сол оқиғаларды жариялай отырып, жаңалықтар телеарналары көрермендерді жарықтандырудың түрлі аспектілерімен тартуға тырысады: Си-эн-эн жаңалықтардың бірінші жеткізушісі болуға тырысады; "Би-би-си Дүниежүзілік" сарапшылар деңгейіне жеткізілген аналитиканың жоғары деңгейіне және журналистердің құзыреттілігіне сүйенеді; "Еврооньюс" еуропалық перспективада көп тілді хабар таратуды және оқиғаларды түсіндіруді ұсынады; "Аль-Джазира "түрлі мәдениеттер мен идеологиялар өкілдерінің оппозициялық пікірлерін білдіруге тырысады; Си-эн-би-си және Блумбергти-ви іскерлік ақпаратқа мамандандырылған.

Бүгінгі таңда телевизия - ең көп таралған ақпарат көзі десек қате пікір болмайды. Оның аудиториясы ауқымды және әртүрлі жас санаттарымен ұсынылады. . Теледидар түрлі функцияларды атқарады - ақпараттық, танымдық, білім беру, ойын-сауық, демалыс сынды. Сонымен қатар, қазіргі уақытта теледидар жанрларының шекаралары жойылып келеді. Жаңа форматтағы журналистиканың артықшылығы-мәтіннің ақпаратқа барынша қанықтығының жоғары деңгейі және ақпарат арналарының алуан түрлілігі. Көрермендердің көпшілігі көбінесе ақпараттық қызметтердің кешкі бағдарламасына назар аударып жатады.

Журналист - жаңалық жаршысы. Журналистер сіз бен біз тұратын ақпараттық өрісті қалыптастыратын маман иесі. Таңертең радиодан таңғы бағдарламаларды тыңдаймыз, күндіз телефонымыздан мақалалар оқып, бейнематериалдарды көреміз, ал кешке, әрине, теледидардан әр арнадан болатын жаңалықтар бағдарламаларын тамашалаймыз.

Журналистік жұмыс арқылы біз байланыс шеңберінен тыс ақпаратты білеміз - мысалы, ертеңгі ауа-райы болжамын, жаңа гаджет сатып алу керек пе, тіпті планетаның кез келген нүктелерінде не болып жатқанын үйде жатып-ақ білеміз. Сондықтан, сөзсіз, журналистің еңбегінсіз әлемде үлкен үнсіздік пен надандық пайда болады десек артық бола қоймас.

Журналистика мамандық ретінде ежелден белгілі. Қоғамда, әрине, бұл мамандыққа деген көзқарас әлі де екіұшты. Бір жағынан, еркін баспасөз қоғамдағы мәселелерді әшкерелейді. Наполеон: «Журналист - қаламмен жұмыс істейтін көше тазалаушы» десе, Британдық драматург Том Спопппар «Егер сіздің мақсатыңыз әлемді өзгерту болса, журналистика бұл үшін ең тиімді және жылдам қару екеніне терең сенімдімін», - дейді. Бір жағынан, баспасөз ешқашан толықтай еркін болмайтынын ескерген жөн.

Әрине, журналистика, атап өткеніміздей, ең алдымен, жаңалық дегенді білдіреді. Ал ақпараттық (жаңалықтар) журналистика дегеніміз не?

Жалпы жаңалық дегеннің өзі -бұл аудиторияға өзінің жаңа ақпаратпен қоса, саяси, әлеуметтік немесе экономикалық қызығушылық тудыратын жедел ақпарат, яғни жақында болған немесе қазіргі уақытта болып жатқан оқиғалар туралы хабарламалар.

Ақпараттық (жаңалықтар) журналистика туралы айтқанда, оның өзіндік ерекшеліктері еске түседі. Ең алдымен, тың жаңа ақпараттардың халық арасында жылдам таралуы - журналистиканың басқа түрлерінен ең үлкен айырмашылығы деп айта аламыз. Бұл салада, яғни жаңалықтар бөлімінде жұмыс істейтін журналист алдымен көрерменге анықталған, нақты ақпаратты жеткізуге тырысады. Есіңізде болсын, жаңалық - бұл аудиторияның қабылдауын ескере отырып, шығармашылық тұрғыдан өзгертілген фактілер, яғни күтпеген, сенсациялық әлеуметтік бағдарлануға көмектесетін маңызды нәрселермен біріктіріледі. Қазіргі уақытта қарқынды дамып келе жатқан журналистика саласында ең алдымен ақпараттық сипаттағы жаңалықтарға беріледі. Теледидар қазір идеяларды емес, жаңалықтарды тарату құралы ретінде түсініледі. Бұл түсінік бұрыннан қалыптасқан. Телевизия коммерциялық ақпарат көзі ретінде қалыптасқан елдерде қазіргі заманғы бұқаралық коммуникация жүйе ретінде түсіндіріледі, тіпті, одан да көп полемика талап етілмейді. Бұл Голландияда, Ұлыбританияда, АҚШ-та, Канадада, Австралияда болды . . . Капитализмнен бұрын ұзақ уақыт бойы саяси күрес болған басқа елдерде журналистика әдеби-саяси полемикаға айналды. Сол себепті Италия, Испания, Германия, Франция, Ресей сынды басқа да Шығыс Еуропа елдері аналитикалық журналистикаға негізделген зияткерлік басылымдарды дамытуда басымдық беру қажет деп санайды. Бұқаралық коммуникация құралдарын перспективалық дамытуда екі бағыт осылай қалыптасты. Бүгінгі таңда БАҚ-ты американизациялауға деген ұмтылыс, ең алдымен, жаңалықтар журналистикасының дамуына әсер етеді. "Телевизия жаңалығы" - бұл постиндустриалды қоғамда үлкен сұранысқа ие арнайы әдеби өнім, мұндағы негізгі тауар ақпарат десек, жаңсақтық болмайды. Егер өткен ғасырдың индустриалды қоғамында негізгі құндылықтар еңбек пен капитал болса, қазіргі кездің ақпараттық қоғамында олар ақпарат пен білімге айналған.

Бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттық функциясы төрт компоненттен тұрады:

- қоршаған ортаның, қоғамның, жалпы әлем жаңалықтары мен өмір сүру жағдайлары туралы ақпарат табу;

- Көрерменге ортақ мүдделер мен қызығушылықтарды қанағаттандыру;

- Инновациялық процестерді ақпаратпен қамтамасыз ету, оқыту және өздігінен білім алуға талпыныс;

- Тың дүние даярлау үшін қажетті ақпаратты іздеу

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Телевизиялық жаңалықтар қызметі: жылдамдық және шынайылық
Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдары
ТҮРКИЯ ДАУЫСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РАДИОСЫНЫҢ ҚАЗАҚША ХАБАРЛАРЫ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНТЕРНЕТ ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ АКПАРАТТЫҚ КЕҢІСТІКТЕ ҚАЛЫПТАСУЫ
Интернет журналистиканың дамуы және қалыптасуы
Озат педагогикалық тәжірибе
Педагогикалық процесте озык
Онлайн көрсетілімдерді дамыту
Қазіргі заманның жаһандық мәселелері.
Ақпарат құралдарының тәрбиеге ықпалы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz