Ауыл шаруашылығы өнімі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л. Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Механика - математика факультеті

РЕФЕРАТ

Пәні: Статистиканың жалпы теориясы

Тақырыбы: «ҚР егін шаруашылығы саласының дамуын статистикалық зерттеу және талдау »

Орындаған: Мадешова А.

Тексерген: Садуакасова К. Ж.

Тобы: Статистика - 11

Нұр-Сұлтан, 2021ж

Мазмұны

Кіріспе

1. Қазақстан Республикасы егін шаруашылығының даму тарихы 4

1. 1 Қазақстан Республикасы егін шаруашылығының дамуын талдау5

2. Егін шаруашылығын дамытуда кездесетін мәселелер және оны шешу жолдары 8

2. 1 Егін шаруашылығын дамыту бағыттары10

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Әр елдің экономикалық даму дәрежесі сол елдегі өнімдердің сатылуының нарығында мол болуымен емес, қайдан, оның қандай технологияның көмегімен, қалай өндірілетіндігімен анықталады. Әрине қазіргі халықаралық интеграцияның даму талаптарына сәйкес, елге керек нәрсенің бәрі өз елімізден өндірілсін деу орынсыз. Халықаралық интеграция дамып отырған жағдайда өнімнің кейбір түрлерін өз елімізден шығарғаннан гөрі, шет елдерден сатып алған пайдалы, бірақ ол жан-жақты зерттелуі қажет.

Бұл жұмыстың басты мақсаты - ауыл шаруашылығы саласында егін шаруашылығының алатын орны мен дамытуда кездесетін мәселелер мен оларды шешу жолдарын қарастырып және сонымен қатар дамыту бағыттарын теориялық негіздеу болып табылады. Ауыл шаруашылығы еліміздің экономикасының маңызды, өзекті салаларының бірі. Халықтың әл-ауқаты оның дамуы мен тұтыну нарығының тұрақтылығына тікелей байланысты. Шындығында, егін шаруашылығын былай түсінуге болады. Біріншіден, елдің азық-түлік қауіпсіздігі. Екіншіден, егін және мал шаруашылығымен айналысатын адамдардың өмірі, мүдделері. Үшіншіден, халық шаруашылығының көптеген салаларын шикізатпен қамтамасыз ету көзі.

1. Қазақстан Республикасы егін шаруашылығының даму тарихы

Қазақстандық тарихнамада XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы қазақ ауылындағы жер пайдалану жүйесі жөнінде арнайы зерттеу жұмысын жүргізген тарихшылар сирек, солардың ішінде П. Галузоның орны ерекше. Ол ерекшелік оның зерттеу тәсілінде ғана емес, ең алдымен өзгелерден ерекшелеу тұжырымында. Мұнымен қатар жер пайдалану мен оны меншіктеу түрлерін айқындаудың ауыл шаруашылығындағы капиталистік қатынастардың дәрежесін анықтаудағы орны үлкен.

Жер пайдалану, әсіресе егіншілік пен шөп шабудың дамуына байланысты тереңдей түсті. XIX ғ. соңына қарай қауымдар арасындағы бөлу басталады. Капитализмнің дамуының демократиялық жол үшін күреске қазақтардың қатысу туралы мәселеге тоқтала келе мынадай тұжырым жасайды: жер пайдалануды бөлектеу процесіндегі жер үшін күресте екі қарама-қарсы таптық бағыт соқтығысты. Бірінші: шабындық және егістік көп байларға, екінші: жер-теңгермешілік жер пайдалану құқымен шаруаларға. Бірінші бағыт феодализмді бекітуді білдірді, екіншісі шаруалардың еркін жер пайдалану үшін күресі, бұл туралы қатынастар жағдайында капитализмнің дамуының демократиялық жол үшін күресті білдірді.

XIX ғасыр соңы мен XX ғасыр басында қазақ даласында егістік шаруашылықтың түрлеріне сай аралап-айырбастау, мерзімді-жәрмеңкелік және тұрақты деп аталатын сауданың үш түрі болды. Мысалға, Батыс Сібір мен Солтүстік Қазақстан аймағындағы ірі сауда орталығы Омбы қаласы болды. Онда негізінен егін шаруашылығы өнімдерін сатып алумен айналысатын орыс, американ, ағылшын, неміс фирмаларының сауда орындары әрекет етті.

Егін шаруашылығының көлемі жөнінен Қазақстан ТМД елдерінің ішінде үшінші орында (Ресей мен Украинадан кейін) . Бірақ астықтың сапасы жағынан бірінші орын алады. Қазақстанның солтүстік облыстарының бəрінде дерлік күшті жəне қатты бидай өсіріледі. Онсыз сапалы нан пісіру мүмкін емес жəне оны шет мемлекеттерге алтынға балап сатуға болады. Қазақстан Республикасында астық дақылдарының көптеген мол өнімді, сапасы жақсы жаңа сорттары шығарылып отыр, олар еліміздің барлық жерлеріне кең таралады. Астық көп өндірілетін солтүстік аймақтарда элеватор жəне астық қамбалары көп салынып, ондағы барлық орындалатын жұмыс механикаландырылған жəне автоматтандырылған.

Республиканың егін шаруашылығына жаңа техника мен озық технология кеңінен енгізілуде. Ол астықты көп өндіріп, оның сапасын жақсартуға мүмкіндік беріп отыр. Қазақстан астық өнімдері 1953 жылдан, яғни тың жəне тыңайған жерлерді игеруден бастап тез дамыды. Қазір республикамызда 21, 5 млн гектардан артық егіс егіледі. [2]

Жалпы ауыл шаруашылығы егіншілігі, соның ішінде қазақтардың шаруашылығының да дамуы, олардың сипаты мен ерекшеліктері туралы мәселелер жаңа көзқарастар негізінде жан-жақты терең зерттеуді қажет етеді.

  1. Қазақстан Республикасы егін шаруашылығының дамуын талдау

Ауыл шаруашылығы - Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің басты саласы. Ол егіншілік пен мал шаруашылығы салаларынан тұрады.

Егіншілік жүйелері - шаруашылықты жүргізудің бір саласы. Сондықтан оларды бір-бірінен бөлек қарауға болмайды. Шаруашылықты жүргізу жүйесі - ауыл шаруашылығы құрылымында егін жəне мал шаруашылығы өнімдерін неғұрлым мол, жоғары сапалы, өзіндік құны төмен өндіру үшін шаруашылық салаларын экономикалық тиімді үйлестірудің нəтижесінде ғылыми тұрғыдан дəлелденген ұйымдастыру-экономикалық, технологиялық (агротехникалық, зоотехникалық), экологиялық шараларлың жəне техникалық құралдардың жиынтығы.

Жүйенің негізгі салалары болып егін жəне мал шаруашылығы саналады. Бұлармен бірге өндірістің негізгі құралдарын ұйымдастыру жүйесі (машиналар мен механизмдер, өндірістік ғимараттар ж. т. б. ) жəне қосалқы (көмекші) өндіріс пен кəсіпшілік орындары да жүйенің құрамына кіреді. Соңғысы шаруашылықтың пайдалылығын арттыру, жергілікті шикізаттарды жəне еңбек қорын толық жəне тиімді пайдалану үшін негізгі салаларға қосымша ашылатын қосалқы жұмыс орындары. Егін жəне мал шаруашылығы өзара тығыз байланысты болып келеді, бірінбірі толықтырып отырады. Егіншілік Қазақстанның аграрлық секторындағы ірі сала. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын егістік жерлердің республикадағы көлемі 222 млн. гектардан асады. Ауыл шаруашылығы жерлері: жыртылатын (31, 9 млн. га), шабындық (5, 1 млн. га) және жайылым (182, 3 млн. га) құрайды. (Сурет 1)

Сурет 1

Республиканың аграрлық секторында көп жақты экономиканы қалыптастыруға бағытталған, меншіктің және шаруашылық жүргізудің бірнеше түріне негізделген тамыры терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жүзеге асып жатыр. Сонымен қатар, ғылыми негізделген аграрлық саясаттың болмауы, ауылдағы халықтың нарықтық қатынастарға тезірек бейімделе алмауы және басқа факторлар ауылшаруашылық экономикасының дамуына кері әсерін тигізеді. Егістік жер көлемі қысқаруда, ауылшаруашылық өндірісінің құлдырауы жалғасуда. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының қаржы жағдайы нашарлауда, соның салдарынан саладағы материалдық техникалық база қысқарып, ұдайы өндіріс процесі нашарлауда.

Кесте 1-Ауылшаруашылық өнімдері және оларды өңдеу арқылы алынған өнімдердің бағасы ( 1 тоннаға-теңге)

Ауыл шаруашылығы өнімі
Сату бағасы (теңге)
Өңделген өнімдер
Өңделгеннен соң сату бағасы (теңге)
Ауыл шаруашылығы өнімі: Бидай
Сату бағасы (теңге): 7820
Өңделген өнімдер: Ұн
Өңделгеннен соң сату бағасы (теңге): 2-3
Ауыл шаруашылығы өнімі: Ет
Сату бағасы (теңге): 60900
Өңделген өнімдер:

Сиыр еті

Қой еті

Өңделгеннен соң сату бағасы (теңге):

2

25

Ауыл шаруашылығы өнімі: Сүт
Сату бағасы (теңге): 18130
Өңделген өнімдер: Сүт өнімі
Өңделгеннен соң сату бағасы (теңге): 25000-35000

Ауыл шаруашылық өнімдері оны өңделгеннен соң алынатын өнімдердің бағасын, өндіру және өңдеуге жұмсалатын шығынға сайма-сай реттеу, бұл салаларда қалыпты жағдайда ұдайы өндіріс процесін ұйымдастырудың экономикалық негізін жасаса болар еді.

Республикада 2019 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының анықталған жалпы егістік алқабы 22 135, 8 мың гектар аумақты алса, 2020 жылы 22 582, 3 мың гектарға әрең жетті. [3]

Биылғы 5 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2, 2%-ға ұлғайып, 934, 4 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар, облыс әкімдіктерінің жедел ақпараты бойынша егіс алаңдары 237, 7 мың гектарға артып, 22, 5 млн гектарды құрады. Нәтижесінде азықтық дақылдарға арналған алаңдар 312, 1 мың гектарға, майлы дақылдар алаңдары 184, 7 мың гектарға, бақша дақылдарына арналған алаңдар 7, 4 мың гектарға, көкөніс алаңдары 3, 9 мың гектарға, картоп алаңдары 2, 5 мың гектарға ұлғайды. [4]

Кесте 2- Егін шаруашылығының негізгі түрлерінің өндірісі (мың га. )

Көрсеткіштер
2015
2016
2017
2018
2019
2020
Көрсеткіштер: Барлық егістік жер, мың га
2015: 28679, 6
2016: 25644, 1
2017: 21843, 7
2018: 18610, 4
2019: 15285, 3
2020: 16195, 3
Көрсеткіштер: Дәнді дақылдар
2015: 18877, 6
2016: 17187, 6
2017: 15651, 4
2018: 13526, 7
2019: 11392, 5
2020: 12438, 2
Көрсеткіштер: Майлы дақылдар
2015: 548. 6
2016: 487. 2
2017: 333. 5
2018: 338. 6
2019: 384. 2
2020: 448, 3
Көрсеткіштер: Бақша дақылдары
2015: 27. 7
2016: 31. 6
2017: 28. 9
2018: 41. 5
2019: 38. 8
2020: 38. 8
Көрсеткіштер: Көкөністер
2015: 75. 1
2016: 79. 8
2017: 87. 1
2018: 96, 5
2019: 96. 1
2020: 102. 7
Көрсеткіштер: Мал азығы дақылдары
2015: 8788, 7
2016: 7526. 0
2017: 5445, 6
2018: 4294. 1
2019: 3050. 8
2020: 2823. 7

Қазақстан астық дақылдарын сыртқа шығару ретінде жеткілікті позициясынан бірте-бірте айырылып қалуға жақын. Егер кеңес үкіметі кезінндегі астықтың жалпы түсімі жыл сайын 22-30 млн тонна болса, бүгінгі таңда бұл 8-14 млн. тонна ғана.

Біздің елімізде - бидай ең маңызды азық-түліктік және сонымен қатар бірден-бір экспорттық дақыл.

Халықтың әл-ауқаты жылдан жылға көтеріліп, келешекте Қазақстан астығының шетелдерге экспортқа шығару потенциалы арта түсер болса, сатып алушылардың оның сапасына қояр талабы күшеймесе азаймайтыны күмәнсіз.

Осыған орай астықтың, әсіресе оның ішінде бидайдың сапасына қатты көңіл бөлу қазіргі уақытта да және келешекте де міндетті түрде есте ұстайтын және іске асыратын шаруа.

2. Егін шаруашылығын дамытуда кездесетін мәселелер және оны шешу жолдары

Егін шаруашылық өндірісінің жоғары қарқынмен тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік деңгейде төмендегідей ұсыныстарды жүзеге асыру қажет:

- отандық азық түлік нарығын дамыту, оның бәсекелестік қабілетін арттыру мәселелерін шешу үшін, алдымен оның импортқа тәуелділігін төмендету қажет;

- маманданған тауар аймақтарын дамыту, аймақаралық өзара қатынастарды қалыптастыру, сонымен қатар сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін қалыптастыру керек;

- егін шаруашылығында тауар өндірушілердің барлық жерде нарыққа жеке-жеке емес, түрлі бірлестіктер құрамында шыққан дұрыс;

- әр аймақ өз жерлерінде техниканы сатып алу және жөндеу үшін жергілікті қорлар құру қажет. Себебі, егін шаруашылығын жүргізудің технологиялық деңгейі де, егін шаруашылығы тауарын өндірушілердің кәсіби деңгейі де төмен. Сондықтан да, елдің техникасы мүлдем ескірген және оны тезірек жаңарту қажет.

Республикамызда егін шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржылық жағдайын нығайтудың маңызды шарасының бірі - баға тепе теңдігінің бұзылмауынан туындайтын шығынды азайту. Бұл тұста төмендегідей екі бағытты бөліп қарау қажет:

  1. Егін шаруашылық және өнеркәсіп өнімдеріне энергетикаға, ауыл шаруашылығына көрсетілетін қызметке баға тепе-теңдігінің жоқтығы.
  2. Ауыл тұрғындарынан сатып алатын шикізат пен сауда кәсіпорындары арқылы сатылатын өнімдердің бөлшек сауда бағасы арасында тепе теңдіктің жоқтығы.

Мемлекеттің қазіргі кезеңдегі қаржылық мүмкіндігі егін шаруашылығының барлық салаларын қажетті деңгейде бір мезгілде қолдау жасауды көтермейді. Сондықтан бірінші кезеңде салалармен өнім түрлерін олардың басымдылық дәрежесіне қарай бөлу қажет.

Екінші кезеңде мемлекеттік мақсатты бағдарламалар жасаған дұрыс, ол табыстың сала бойынша орташа деңгейін қамтамасыз етуге тиіс. Мұндайларға астық, қой шаруашылығы, сүт және суармалы жер сияқты алғашқы кезекте жүзеге асырылуға тиіс бағдарламаларды жатқызуға болады.

Егін шаруашылығы құрылымын және оның қызметінің тиімділігін көтеру үшін келесідей принциптері орындалуы қажет:

  • егін шаруашылық құрылымдарын оңтайлы ұйымдастыру;
  • сенімді техника және өндірістік процестін жоғары деңгейде механикаландырылуы;
  • егін шаруашылығы дақылдарын өсіру мен мал бағудың ғылыми негізделген технологиясын дұрыс таңдау;
  • егін шаруашылық құрылымдарының тиімділігі.

Кесте 3 - егін шаруашылығында шаруашылық қызметін тежейтін факторлар

Факторлар
№: 1
Факторлар: Қаржы құралдарының жетіспеуі
№: 2
Факторлар: Сатылу бағасының төмендігі
№: 3
Факторлар: Материалдық-техникалық жетістіктердің аздығы
№: 4
Факторлар: Сатып алушылардың төлем қабілетсіздігі
№: 5
Факторлар: Өнімге сұраныстың аздығы
№: 6
Факторлар: Табиғи ресурстар мен жер қойнауының тиімсіздігі

Яғни, жоғарыда атап өткен мәселелермен бірге қазіргі таңда негізгі мәселелердің бірі - егін шаруашылық ғылыми жетістіктердің аздығынан да болып отыр. Мемлекет иелігінен алынған кәсіпорындардың көпшілігі ауылдағы егін шаруашылық мамандары емес, кәсіпкер иелерінен қолдау болғандықтан біраз тежеліп қалды. Егін шаруашылық өнімдерін өңдеуде де біраз өндірістік кооперативтер мен жеңіл өнеркәсіптерде де жоғарыдағы аталып өткен келеңсіз жағдайлар белең алды.

  1. Егін шаруашылығын дамыту бағыттары
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы
Ауыл шаруашылығы өнімі әлемдік саудасының либерализациясы және азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі
Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі
Оңтүстік Қазақстан облысында агробизнестің дамуы
Агробизнесті ұйымдастыру және оны жетілдіру жолдары
Бәсекелестікке қабілетті экономиканың маңызды бір бөлігі – ауыл шаруашлығы саласының бәсекелестікке қабілеттілігі
Ауыл шаруашылық саласында маркетингті қолдану
Ауыл шаруашылығына қызмет көрсететін салалар
Оңтүстiк Қазақстан облысының ауыл шаруашылық жағдайы мен дамуы
Қазақстан Республикасының аграрлық - өнеркәсіптік кешені
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz