Балалардың мазасыздану себептерінің негіздері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

Институт Ұстаз Институты
Кафедра Педагогика және практикалық психология

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тренинг психологиясынан
Тақырыбы: Оқушылардың мазасыздығын тренинг арқылы түзету жолдары

Студент: Жарылқасын Айсәуле Тобы ПИП18-1Қолы
Жетекші: Бүйембаева Шынар
Қорғауға жіберілді 20 ж. Қолы
Жоба қорғалды __ 20 ж. бағасымен Қолы
Комиссия мүшелері Қолы
Қолы

Тараз 2020

МАЗМҰНЫ

І МАЗАСЫЗДАНУДЫҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ ҚАЛПЫНА
ЖАЛПЫ ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Мазасыздану туралы психолог-ғалымдардың теориялары ... ... ... ... ... ... . ..5
1.2 Балалардың мазасыздану себептерінің негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .7
ІІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ МАЗАСЫЗДЫҒЫН ТРЕНИНГ АРҚЫЛЫ ТҮЗЕТУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.1 Мазасызданудың қасиеттеріне арналған зерттеулерге шолу ... ... ... ... ... ..10
2.2 Мазасыздануды психологиялық тренинг жаттығулар
арқылы түзету ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 17

КІРІСПЕ

Зерттеу өзектілігі: Қазақстан Республикасының Білім беру Заңының 8 бабында Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау деп атап көрсетілген[1]. Қазіргі таңдағы түрлі өзгерістер, жан-жақты қарқынды дамуға байланысты кез-келген адам үнемі түрлі стресс жағдайларымен соқтығысып отыратындығы жасырын емес. Экономикалық, саяситұрақсыздық адамның өзіне, өзге адамдарға, ситуацияларға сенімділік сезімін жоғалтады.
ХХ-шы ғасырдың басында шетелдік және отандық психологияның өзекті мәселелерінің бірі жағымсыз эмоционалды жағдайларды, яғни ашу, агрессия, кінәлау сезімі, мазасыздану, стресс, дистрессті зерттеу болды. Психология тариында мазасыздануды түсіну ең алдымен жеке тұлға туралы теориялық дамуымен байланысты. Ең алғаш мазасыздануды зерттегендердің бірі З.Фрейд болды. Ол былай деді: мазасыздануды бәсеңсіту үшін, адамның психикасы сублимация, регрессия, проекция, үнемдеу деген сияқты қорғаныс механизмдерін қалыптастырады. Мазасыздық сезімі жеке адамның дамуын тежелтеді, себебі онымен күресу үшін көп энергетикалық күш-қуат жұмсалады. Бірақ, бұл Фрейд бойынша мазасыздануды жоюдың бірінші тәсілі ғана. Екінші, жағдайларға тікелей мойын бұру болып табылады. Фрейдтің оқушылары, неофрейдистер яғни Э.Фромм, К.Хорни, Г.С.Салливан және т.б. мазасыздануды жеке тұлғадағы базалық, яғни негіздік қайта құрылу, түзіліс деп есептеді. Мысалы, Э.Фромм былай деп жазды, мазасыздық сезімі адам табиғаттан қол үзгенде пайда болады деп, оның әлеуметтік аспектілеріне көңіл бөлді. К.Хорни мен Г.С.Салливандар мазасыздануды ана-мен баланың қарым-қатынасы тұрғысында түсіндіреді. Бұл ғалымдар мазасызданудың қайнар көзі деп, Фрейд сияқты биологиялық себептерден емес, әлеуметтік себептерден іздеді.
Мазасыздануды эксперименттік тұрғыда зерттеуді алғаш С.Д.Спилбергер жіне оның тізбасарлары бастаған. Бірақ әлі күнге дейін мазасыздану детерминациясы мен функциясының механизмдері айқын емес. Жекелеген мазасыздануды біздер, жағдайға қатысты субъект әрекеті құрылымының теріс сигналы деп түсінеміз. Мазасыздану негізінен жеке тұлғаның сағымсыз сипаты емес. Әрбір адамда өзіне тән мазасыздану деңгейі болады. Бұл пайдалы, яғни жеке тұлғаның белсенділігінің шарты ретіндегі мазасыздану болады. В.К.Вилюнас мазасыздану табиғаты туралы ұғымын талдай келе былай дейді: Мазасыздану - нақты жағдайда мінез-құлықты басқаратын және түзейтін механизм. Осы себепті курстық жұмысымыздың тақырыбын Оқушылардың мазасыздығын тренинг арқылы түзету жолдары деп алдық.
Зерттеудің мақсаты: Бағдарлану іс-әрекеті ретіндегі оқушылардағы мазасыздану байқалуының маңызды механизмдерін белгілеу, анықтау.
Зерттеу объектісі: Мазасыздану ерекшеліктері бар оқушылардың эмоционалды қалпы болып табылады.
Зерттеу пәні: Эмоционалды қалып ретіндегі мазасызданудың пайда болуының психологиялық ерекшеліктері.
Зерттеу болжамы: Егер мазасыздану деңгейі бағдарлану әрекетінің жоғары деңгейлі дайындықты қажет ететін жеке тұлғалық қарым-қатынас құрылымындағы тұрақсыз ситуациялардың байқалу индекаторы болып табылса, онда, мазасыздану деңгейі мен түрлі жас кезеңдеріндегі субъекті тұрқы арасындағы байланыстың түрлі сипатын болжауға болады.
Зерттеудің міндеттері:
Мазасыздануды оқып зерттеуге арналған әдістемелерді іріктеу және жүргізу.
Эксперименттік тұрғыда мазасызданудың деңгейлерін, бағыттылығын және өзге ерекшеліктерін анықтау.
Мазасызданудың жеке адамның түрліше факторларына (социометриялық статус, жасы) қатысты рөлі мен орынын анықтау.
Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдеби талдау жасау, oйын, жаттығулар.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері: оқушылардың мазасыздық күйлері зерттеліп, мазасыздануды төмендету, түзету жұмыстары негіз болды.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І МАЗАСЫЗДАНУДЫҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ ҚАЛПЫНА ЖАЛПЫ ШОЛУ
1.1 Мазасыздану туралы психолог-ғалымдардың теориялары
Эмоциялық қалып проблемасы адамды әуел бастан-ақ қызықтырды. Өйткені, нақ осы біздің эмоцияларымыз сол немесе өзге істерді орындауға және шешім қабылдауға итермелейді. Психология ғылымының жас ғылым екендігіне қарамастан, психологиялық білімдер төркіні антикалық философтар мен медиктер еңбегінен бастау алады. Әдебиеттерге талдау жасай келе, бүгінгі күні сипаттау ретінде эмоцияның келесі сипаттарын бөліп көрсетуге болады:
а)санада эмоцияның тікелей бастан кешулер ретінде берілуі;
б) эмоцияның психофизиологиялық сипаты бір жағынан аффективті толқу, енді бірі-органикалық байқалуы;
в) эмоцияның айқын берілген бояуы.
В.А.Петровский жеке адамның эмоционалды дамуының екі аспектісін бөліп көрсетеді:
1. эмоционалды күрделілікке адамның тартылуы;
2. өзге адамдармен эмоционалды бірлікті орнату.
Эмоционалды күрделілік ұғымы Когнитивті күрделілік ұғымына жақын.
Эмоциялар саласы бойынша, зерттеулер әлі жеткіліксіз, бірақ дегенмен жалпы сипатта эмоционалды процесстердің пайда болуы және динамикасын анықтайтын басты заңдылықтарды көрсетуге болады:
Эмоционалды процесстер - индивид үшін әрекетке әкеліп жеткізетін психикалық басқару класының ерекше класы.
Эмоционалды процесстер индивид үшін маңызды факторлар арқылы туындайды. Бұл ең алдымен, физикалық тітіркендіргіштер.
Эмоционалды процесстер басқару процесстеріне әсер етеді, ағзаның ішкі қалпына және сыртқы мінез-құлыққа да әсері болады[2].
Бихевиористік бағытқа реакция ретінде ХХ-шы ғасырдың 50-ші жылдардың аяғы, 60-шы жылдардың басында когнитивті психология мектебі пайда болды. Оның көрнекті өкілдері С.Шехтер, Дж Келли, Л.Фестингерлер эмоционалды қалып пен мазасыздануды төмендегідей қарастырды. Яғни, эмоционалды қалыптар субъект бір аспект жөнінде екі түрлі психологиялық білімде болғанда пайда болды. Ал, мазасыздану - теріс эмоция,дискомфарт күйі және оны жағдайды дұрыс шешу жағына өзгерту жолы арқылы, әрі жаңа мәліметті алу жолы арқылы өзгертуге болады.
Физиологиялық көзқарасты ұстанған психологтар Д.Гамбург пен Дж Адамстор мазасыздану қалпын соматикалық аурулар табиғатымен салыстырды. Олар мазасыздық деңгейін адам ағзасының вегетативті функциясын тіркеу әдісі арқылы өлшеуді ұсынды. К.Кеннан мазасыздану кезінде адам қанында адреналин деңгейі жоғарылайтындығын анықтады. Франкенштейн мен Кинг, қанға мехолил құйғанда яғни мазасыздану барысында қан қысымы тез арада және біршама уақытқа төмендейтіндігін дәлелдеді.
Мазасыздануды талдау З.Фрейдтің тұжырымдамасын назардан тыс еш қалдырмайды. Осы проблемманы теориялық тұрғыда зерттеуді бастаған осы З.Фрейд болды. Ғалым бөлген мазасыздануды тудыратын жағдайлар мыналар:
а) қалаған объектіні жоғалту мыс, ата-анасынан немесе жақын досынан айырылған бала т.б.
б) махаббат сезімінің жоғалуы[3].
Э.Фромм, К.Хорни, Г.С.Салливандардың тұжырымдамаларына сәйкес, мазасыздану әлеуметтік құбылыс. Адамдар тумасынан мазасыз болмайды, оларды мазасыз болуға өмірлік жағдайлары себепші болады.
Г.Салливан теориясы бойынша, мазасыздану екі түрлі болады: невротикалық және экзистенциалды.
Мазасыз (қорқақ) адамдар: бастауыш мектеп немесе жалпы бала кезінде қоқыныш сезімі ақырға шегіне жетеді, яғни ол адамдардан,өзге балалардан, ит, найзағайдан т,б қорқады.
Ресей ғалымы А.М.Прихожан өзінің жас өспірімдер арасындағы тұлғааралық мазасыздануға психологиялық талдау деген еңбегін жазды. Ал, ғалым Н.Имедадзе мектеп жасына дейінгі балалардың мазасыздануы жайлы мәселені тын көтерді. Оның пікірінше, мазасыздану Жеке-дара сараланған қалып-күй жеке бастың қасиеті. Әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қауіп туғызатын ситуацияларға эмоционалды тұрғыда көзқарас, қатынасты білдіру.
Н.В.Имедадзенің берген анықтамасына көптеген кеңес дәуірінің психологтары В.Белаус, В.Бакеев, В.Кисловская, Т.Купцовалар келісіп, қолдады.
Сонымен, мазасыздану дегеніміз - қиындық жағдайындағы әлеуметтік қажеттіліктер фрустроциясын бастан кешіру.
Ал, бастан кешулер дегеніміз Л.И.Бажович айтқандай-ақ, ерекше эмоционалды формада қажеттіліктерді қанағаттандыру дәрежесін бейнелейді.
Мазасыздану мен тынышсыздық таламусты тітіркендірген кезде пайда болады.
З.Фрейд ұғымынша, мазасызданулар қорқыныштан бөлек аффектілер мен когнитивті процесстерді қосып алады. Қажеттіліктерді түйсінген адам ізденістік әрекетін әрі қарай жалғастырады.дамып келе жатқан жеке адамның негізгі проблемасы мазасыздануды жою болады. Мазасыздану күтетін немесе алдын-ала болжалған шиеленістің күшеюі немесе қанағаттанбаудан туады, және кез келген жағдайда қауіп төнгенде дамуы мүмкін.
Кейбір тұжырымдама авторлары мазасыздануды мінез акцентуациясы деп санайды да, мазасыз жеке тұлғалар деп типтерге бөледі. Мысалы, ол автордың бірі К.Леонгард ол былай деді: Бала өскен сайын мазасыздануы азаяды.
Гуманистік бағыттағы психолог -ғалым В.Франкл мазасызданудан құтылудың тәсілі ретіндегі логотерапияны қолдануды ұсынды[4].

1.2 Балалардың мазасыздану себептерінің негіздері
Біз мазасызданудың қолайсыздық қауіпін алдын-ала сезумен байланысты, эмоционалды дискомфортты бастан кешу екенін білдік. Балалардың алғаш мектепке білім алуға ұмтылуы оның жеке тұлға ретінде қалыптасуына, ішкі позициясын өзгеруіне әкеліп соғады. Ішкі позиция - баланы оқуға ынталандыратын, мектепке деген оң эмоциясын қалыптастыратын үгіттеуші орталық. Алғаш мектепке қуанышпен барған бала, енді өз алдына үлкен міндеттемелердің бар екенін сезіне бастайды. Ол мұғалімнің оқушыларға қоятын талабы ата-ананың қадағалауы және т.б. еркін ойнап өскен бала бұл талаптарды алып кете алмауы да мүмкін, осындай эмоцияларды сәтсіздікке ұшыраған (өзінің сыныптастарымен қарым-қатынасы, педагог, ата-ананың нашар қатынасы) ішкі позициясы үрейлі, қорқынышты тудырады. Қорқыныш бала өміріне сәттіліктеріне төніп тұрған қауіптің мидағы бейнесі. Мазасыздық - қорқынышты эмоциалды түрде сезіну.
Мазасыздану сезіміне алып келетін қорқу мынадай себептерге байланысты болады: өз қатарларымен дұрыс қатынаста болмау, ата-анасының өзара конфликті болу психикалық травма алуы, ата-ана тарапынан қатал тәртіп т.б. бұл баланың тіпті ортамен араласпай тұйық болуына немесе ызаланғыш, ашушаң болуына әкеліп соғады. Үрей, қорқыныш сезімдерін жою үщін кейбір психологтар баланы мадақтау жоғары бағалау керек деген пікір айтады. Сонымен қатар, мазасыздану типіндегі эмоционалды сәтсіздік өзіндік бағалауы жоғары балаларда бақыланған. Олар ең жақсы оқушы болуға, немесе ұжымда ең жоғары деңгей алуға үміттенеді, яғни өз талаптарын жүзеге асыру үщін шындығында мүмкіндігі болмаса да анықталған сапаларда жоғары талаптанулар болған. Отандық психологтар балалардағы адекватсыз жоғары бағалау бұрыс тәрбие, бала сәттілігін үлкендердің асыра бағалауы, асыра мақтау, оның жетістіктерін асырып айту нәтижесінде қалыптасады деп санайды. Қоршағандардың жоғары бағасы және соған негізделген өзіндік баға балаға ұнайды. Қиындықтармен және жаңа талаптармен соқтығысу оның құралмағандығын аңғартады. Бірақ бала бар күшімен өзінің жоғары өзіндік бағасын ақтап қалуға тырысады, өйткені ол оған өзін сыйлауды, өзіне жақсы қатынасын қамтамасыз етеді. Соған қарамастан, бұл балаға әрқашан сәтті бола бермейді[5]. Оқудағы жоғары деңгейдегі жетістікке үміттене отырып, ол дегеніне жету үшін жеткілікті дағды, білімге ие болмауы мүмкін, мінездің кері сапалары және белгілері сыныптағы, құрбылар арасындағы керекті жағдайды алуына мүмкіндік бермейді. Осы арқылы жоғары талаптанулар және нақты мүмкіндіктер арасындағы қарама-қарсылық ауыр эмоциялық күйге алып келуі мүмкін. Қажеттілігінің қанағаттанбауына бала санасына сәтсіздікті мойындауды және өзін сыйлауды жоғалтуға мүмкіндік бермейтін қорғаныс механизмдерін өндіреді. Ол басқа адамдардан өз сәтсіздігінің негізін табуға тырысады: ата-анасынан, мұғалімдерден, жолдастарынан. Сәтсіздіктің себебі оның өзіне екеніні мойындамауға тырысады, оның жетіспеушілігіне нұсқайтындардың барлығымен қақтығысқа түседі, тітіркендіргіштік, өкпелегіштік, агрессивтілік танытады[6].
М.С.Неймарк мұны адекватсыздық афектісін - өзін өз әлсіздігінен қорғауға өткір эмоциялық ұмтылу, кез келген тәсілмен санада өзіне сенімсіздікке жолбермей, шындықтан қол үзу, баршадан және барлығынан тітіркену және ызалану. Мұндай күй созылмалы болуы мүмкін және айлар жылдарға созылуы мүмкін. Өзін нығайтуға күшті қажеттілік бұл күндердегі қызығушылық тек өзіне бағытталуына алып келеді. Мұндай күй балада үрейді бастан кешу мүмкін емес. Алғашында үрей негізделген, ол бала үшін нақты қиындықтан пайда болады, бірақ үнемі баланың өзіне, өз мүмкіндіктеріне, адамдарға қатынасының адекватсыздығының нығаю шамасына қарай адекватсыздық оның әлемге қатынасының тұрақты белгісі болады, сонда бала өзі үшін кез-келген жағдайлардан қолайсыздық, сәтсіздік күтетін үрей мазасыздыққа айналады.
Т.В.Драгунова, Л.С.Славина, Е.С.Макслак, М.С.Неймарк көрсетуінше аффект тұлғаның дұрыс қалыптасуына кедергі болады дейді, сондықтан оған төтеп беруі қажет. Осы авторлардың жұмысында адекватсыздық аффектісіне төтеп беру өте қиын екенін айтады. Маңызды мәселе баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін сәйкессіздікке алып келу немесе оған оның нақты мүмкіндігін өзіндік баға деңгейіне дейін көтеруіне көмектесуден тұрады. Бірақ нақты жол - бұл баланың қызығуы және талпынуын бала сәттіліккежеткізетін немесе өзін нығайтатын салаға ауыстыру. Славианның аффективті мінез-құлқы бар балаларда меңгеруге арналған зерттеуі балалардағы қиын эмоционалды қайғыруадекватсыздық аффектісімен байланысты екенін көрсетті. Бұл зерттеулерді баланың өмірінде анықталған қолайсыз жағдайларында пайда болатын нақты үрей нәтижесі ретінде, оның әрекеті және қарым-қатынасы процесінде пайда болатын құрылым ретінде қобалжуды түсіну үшін теориялық база ретінде қарастыруғпа болады. Басқаша айтқанда, бұл биологиялық емес әлеуметтік құбылыс[7].
Мазасыздану мәселесі басқа аспектіге де ие - психо-физиологиялық. Алаңдау, үрейді зерттеудегі екінші бағыт берілген уақыттағы деңгейді шарттайтын тұлғаның психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін оқып-білу жолы бойынша жүреді. Көптеген авторлар үрей күшті психикалық қысым стресстің құраушы бөлігі болып саналады деп айқындады. Стресс күйін зерттеген отандық психологтар оның анықтамасына әртүрлі жорамал енгізді. Мысалы, В.В.Суворова лабораториялық жағдайда алынған стресті зерттеді. Ол стрессті адамға қиын және жағымсыз экстрималды жағдайларда пайда болатын күй ретінде анықталады. В.С.Мерлин стрессті аса қиын жағдайдың пайда болатын жүйкелік қысым ретінде емес, психологиялық күй ретінде анықтайды[8].
Стресстің ұғымын жорамалдауын барлық ерекшелігінде барлық авторлар стресс - бұл өткен қиын жағдайларда пайда болатын жүйке-жүйесінің шамадан тыс қысымы дегенде үйлеседі. Стрессті ешуақытта мазасызданумен теңестіруге болмайды, өйткені стресс ешқашан нақты мазасызданудың жоқ кезінде көріне алады. Күні бойынша да стресс және мазасыздану - әртүрлі күйлер. Егер стресс - бұл жүйке жүйесінің шамадан тыс қысымы болса, онда қобалжуға мұндай қысым күші тән емес. Стресс жағдайында үрейдің болуы қауіп немесе жағымсыздықты күтуімен оны алдын-ала сезумен байланысты деп санауға болады. Сондықтан үрей дәл стресс жағдайында емес, ал осы күйдің бастауына дейін пайда болуы мүмкін[9].
Мазасыздық - күй ретінде қолайсыздықты сезу деген сөз. Бірақ үрей субъектінің кімнен қолайсыздық күткенінен байланысты әртүрлі болуы мүмкін: өзінен (өзінің құралмағанынан), объективті жағдайлардан немесе басқа адамдардан. Осы арқылы мінез-құлықтың кері формаларында мыналар жатыр деп шешім шығаруға болады: мазасызданудың көрінуі ретінде қарастырылуы - мүмкін эмоционалдық күйзелу, тынышсыздық, қолайсыздық және өз аман-саулығына сенімсіздік. Қорқыныш, алаңдау, әлсіздік және оңашалану сезімдерінен қорғану мақсатымен индивидте тәжірибе нәтижесінде меңгерілген тұлғаның невротикалық белгілері деп атаған невротикалық, қажеттіліктер пайда болады. Өзіне қоршағандардың дұшпандық және немқұрайлы қатынасын басынан кешіре отырып, үреймен құрсауланған бала өзінің мінез-құлық жүйесін және басқа адамдарға қарым-қатынасын жасап шығарады. Ол кекті, агрессивті, тұйық бола бастайды немесе махаббаттың жоқтығына орын басу үшін басқаларға беделді орнатуға тырысады. Бірақ, мұндай мінез-құлық сәтілікке алып келмейді, керсінше ол қақтығысты одан әрі шиеленістіреді және әлсіздік пен қорқынышты күшейте түседі. Хорни осыны ескере отырып, Біздің уақыттың невротикалық тұлғасы кітабында 11 невротикалық қажеттілікті атады:
Үйірсектік және мақұлдауға, басқаларға ұнауға, жағымды болуға невротикалық қажеттілік.
Барлық тілекті, күтімде орындайтын серіккең невротикалық қажеттілік, жалғыз қалуға қорқу.
Өз өмірін тор шектермен шектеуге, байқаусыз қалуға неврротикалық қажеттілік.
Ойдың алдын-ала көрудің көмегімен басқаларға қарағанда невротикалық қажеттілік.
Басқаларды қанау, олардан жақсыны алуға невротикалық қажеттілік.
Әлеуметтік мойындау және престижге қажеттілік.
Жеке мәпелеуге қажеттілік. Өзінің асыра көрсетілген бейнесі.
Жеке жетістіктерге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МАЗМҰНЫ МАЗАСЫЗДАНУДЫҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ ҚАЛПЫНА
Мазасызданудың эмоционалды қалпына жалпы шолу
Қорқыныш сезімінің психологиялық ерекшеліктері
ЖеткIншектердIң даму ерекшелIктерIнIң кейбIр мәселелерI
Мазасыздану факторлары
Жасөспірімдік шақ психологиясы
Мектеп жасына дейінгі балалардың мазасыздану деңгейін анықтау
Жеткіншек жаста мазасызданудың қалыпты жағдайда және ауытқуда көрініс беруі
Жеткіншек жас кезеңіндегі мінез ауытқулары және оларға көмек көрсету жолдары
Бастауыш сынып жастағы балалардың құрбыларымен өзара іс - әрекет ерекшеліктері
Пәндер