Әлемнің ұлттық бейнесі және оның мәдени көрінісі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАХСТАН ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СЕМИНАР №12
Кафедра: ВТАиТ
Мамандық: ВТиПО-19-1к
Орындаған: Хамилов А.А.
Тексерген: Нуртазаева А.Б.

Алматы-2021

Тақырыбы: Қазіргі әлемдік үдерістер жағдайындағы қазақ мәдениеті
Жоспар
Жаһандану және этно -аймақтық мәдениеттердің өзін -өзі сәйкестендіру мәселесі 2
Қазақстандағы заманауи жаппай мәдениеті 4
Әлемнің ұлттық бейнесі және оның мәдени көрінісі 5
Әдебиеттер 8

Жаһандану және этно -аймақтық мәдениеттердің өзін -өзі сәйкестендіру мәселесі
Жаһандану түсінігі ХХ ғ. аяғы мен ХХІ ғ. басындағы жер шары кеңістігінде өріс алған әлеуметтік өзгерістер мен шынайылықты мағыналандырудың өзегі болып табылады. 60-70-ші жылдары пайда болып, жаһандану идеясы 80-ші жылдары академиялық мойындауға ие болды. Жаһандану термині ғылыми айналымда бекітілген.
Н.Е. Покровский өзінің жаһандану құбылысын түсіндіруге әрекет ететін әртүрлі концепцияларының типологиясын ұсынды [1, б.5]. ХХ ғ. 90-шы жылдары жаһандық мәдениет үлгісі кең қолданысқа ие болды. Бұл концепцияның басты тезисі адамзат күйінің жаңа бейнесі мәдениет болуында жатыр. Жаһандық өзгерісті көрсететін өзекті нүкте - әлемдік туризм, мәдени гибридтердің пайда болуы, постмодернистік мәдениет, тәжірибе қайта қалыптастырудың жаңа формасы. Маңызды фактор болып адамның ішкі уәжі, оның жаңа жағдайда өзін-өзі анықтау мәселесі қалыптастырылады. Осы үлгіге сай адамзаттық одақтың әртүрлі деңгейіндегі өзіндік сәйкестендірудің басты серігі немесе жаһандану нәтижесі болып табылады [2, б.509].
Жаһанданудың негізгі мағынасы халықаралық бірігу дегенді білдіреді. Ол үрдіс ретінде де сипатталады. Бұл үрдіс - экономикалық, технологиялық, мәдени-әлеуметтік және саяси күштердің қисындасуы. Жаһандану экономикалық, ақпараттық, саяси, экологиялық, мәдени және тағы басқа болуы мүмкін. Мәдени жаһандану дегеніміз мәдени байланыстардың дамуы; жаһандық сияқты мәдени кеңістікті біріктіретін, жаңа технологиялар мен әдістерді үйрене отырып, шет елдік өнімді қабылдап, идеясына ие болуға деген құштарлық және әлемдік мәдениетке қатысу сынды сананың жаңа категорияларының пайда болуы.
Мәдени жаһандануға әлемнің әртүрлі елдерінің іскери және тұтынушылық мәдениетін жақындастыру мен халықаралық қарым-қатынасты өрістету тән. Бір жағынан бұл әлемдегі кейбір жеке ұлттық мәдениет түрлерін танымал етеді. Екінші жағынан әйгілі халықаралық мәдени құбылыстар ұлттықты ығыстырып немесе оларды ұлтаралыққа айналдыруы мүмкін. Көпшілік мұны ұлттық мәдени құндылықтарды жоғалту деп түсініп, ұлттық мәдениеттің жандануы үшін күреседі. Қазіргі заманғы кинофильмдер экранға әлемнің көптеген елдерінде бір мезгілде шығады, кітаптар аударылып, әртүрлі елдер оқырмандары арасында бір уақытта танымалдыққа ие болады. Мәдени жаһандануда ортақ Ғаламтордың таралуы үлкен рөл атқарады. Сондай-ақ жыл санап халықаралық туризм кеңінен етек алуда.
Егерде мәдениетті, ең әуелі, адамдар символикалық қайта қарау тәжірибесі негізінде мағынасын құрастыратын өмірлік салт және тәртіп ретінде қарастыратын болсақ, онда мәдени жаһандану деп мағына құрастыру аясын өзгерту, бірегейлікті, нақты бір жерге тән болуды, жалпы түсініктерді, құндылық, ұмтылыстарды, мифтер мен сенім, қауіпті өзгертуді түсіну керек. Жаһандану үрдісінде мәдениеттің рөлі мәдени-толықтырылған жергілікті әрекеттің потенциалды-жаһандық нәтижесімен шектеледі. Басқаша айтқанда сөз әлеуметтік белсенділіктің рефлексивтілігі жөнінде болып отыр: жергілікті дәстүр мен өмір салты қазіргі заманғы кезеңде жаһандық нәтижеге ие, сонымен қоса жаһандық үрдісте жергілікті интервенция жүзеге асады. Алайда жаһандану аясында идеяға консюмеризм бақылауы жан-жақты екендігін ескеру де маңызды. Жаһандық капитализм өз билігіне бағындыруға, телевидение, жарнама, газет, кітап, фильм және т.б. жинақталған барлық идеялар мен материалды өнімді коммерциялау мен коммодифициялауға тырысады. Осыған сай, мәдени тәжірибені жалғастық үрдісі мен одан кейінгі институционализациялаудың басты фактор-катализаторы сауда экономикасы жағдайында пайда әкелетіннің барлығы коммерциализацияға тәуелді болатын коммерциялық потенциал болып табылады. Бүгінгі әлемде, сондай-ақ Казақстанда, жаһандық мәдениет тәжірибесіне сұраныс пен сән бар деп айтуға болады.
Жаһандану мәдениет аясында мағыналардың көптігі, бағалаулық талдаулардың жетіспеушілігі, барлық таныс заттарды жаңа терминмен жазу перекаталогизация, транскодированиясымен анықталатын қалдық мәдениет (Ж.Бодрийяр термині) - қазіргі мәдениет құбылысының кең спектрінің құрылуы негізінде жатқан үрдістердің интенсификациясына әкеледі. Алайда мәдени гомогендеу немесе әлемде мәдени әртүрліліктің азайуы жаһандану үрдісі нәтижесі бола алмаса да, жаһандану консюмеризм механизмінің көмегін айтпағанда, әртүрлі мәдениеттің униформдығының өсуіне әкелуге толық қабілетті.Мәдени жаһандану батыстық Реформация, Ағартушылық, Қайта Жаңғыру сынды құндылықтар негізінде туындай алады. Бұл құндылықтар әлемдегі бүгінгі дағдарыстық құбылыстарды туындатқан, немесе ол жаңа рухани революция жүзеге асырылатын жаңа құндылықтар жүйесіне әкелуі мүмкін, сол кезде ол жаңа құндылық жүйесінде жүзеге асырылады.
Қазақстандағы заманауи жаппай мәдениеті
Рухани жаңғырудың жолында жүріп жатқан бірнеше жоба бар. Соның бірі әрі бірегейі, елбасының жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет жобасы турасында. Бұл жоба нені меңзейді? Бұл жоба арқылы нені ұтуға болады?
Ең бірінші, Біріккен ұлттар ұйымындағы ең беделді алты тілді меңгеру. Бұл, әрине, міндеттелген үрдіс болмауы да мүмкін, бірақ аталған алты тілді меңгеру арқылы ұлттық жаһандық бәсекедегі қабілетін көрсете аламыз. Ол тілдер: ағылшын, орыс, қытай, испан, араб және француз тілі.
Екіншіден, жаһандық бәсекеге қабілетті болу үшін өз мәдениетіміз қалыптасу керек. Біздің қалыптасқан мәдениетіміз емес, қазір жүріп жатқан, іргесі қаланып жатқан мәдениетті ұсына білуі керек.
Үшінші жағынан, мәдениетті кітап не қағаз түрінде ғана таныстыру емес, түрлі мультимедиалық тұрғысынан да көрсете білу керек. Себебі қазір заман барынша оқудан гөрі көзбен көруге ыңғайлы смарт заттарға назар аудара бастады. Сондықтан мұның атқаратын жұмысы үлкен болмақ.
Ал бұл жобаның іске асуы үшін тек мемлекет басында отырған билік өкілдері ғана емес барлық қоғамдағы азаматтар мен жазушылар, ақындар, шығармашылық адамдар және министрліктер жаппай жұмыс жасауы керек. Елбасы өз сөзінде 2017 жылды қортындылау кезінде осы уақытқа дейінгі жасалған мәдени байланыстар мен мәдени құндылықтарымызға қандай есеп беретінімізді қарастырып алуымыз керек дейді. Яғни қандай шаралар ұйымдастырылды немесе мақтана аламыз, мәдениеттің өсуі қандай, рухани жаңғырудың сатысы қандай деген сұрақтармен жұмыс жасалып болған соң, осы жоба негізінде 5-7 жыл ішінде тұрақты кірісу керек.
Тынымсыз еңбек пен күштің арқасында мыңжылдықтар қатпарында жатқан тарих пен мәдениетімізді жаһан танитын болады. Ал олардың тануы үшін жоғарыда айтылып өткен жұмыстар дұрыс жасалуы керек. Әсіресе БАҚ-тың күші басым болмақ. Медиа саласы, ІТ саласы да бұл қатардан табыла білгені абзал.
Еліміздің мақтанар мәдениеті көп. Оны өзіміз ғана біліп қойғанымыз жеткіліксіз. Себебі елді ел тану үшін оның мәдениетін тану керек. Сондықтан алдағы жылдары жасалатын жұмыстардың жауапкершілігі зор болады.
Әлемнің ұлттық бейнесі және оның мәдени көрінісі
Халықтың ұлттық түсінігі мен тілі арасындағы өзара байланысын зерттеуге деген қызығушылықтың туындағанына бүгінде бірнеше ғасырдың жүзі болды. Аталмыш мәселе, сонау ХІХ ғасырдың өзінде Ф.Ф. Фортунатов, Г. Шухардт сынды орыс ғалымдарының еңбектерінде қарастырылса, кейінірек А.А. Шахматов, К. Фосслер, А. Мартине, У. Вайнрайх, Ш. Балли, В. Матезиус, Б.А. Серебренниковтардың еңбектерінде жалғасын тапты.
Соңғы жылдары әлемнің көрінісі, әлем бейнесі сынды сөз тіркестері ғылымның әр түрлі саласында кеңінен қолданыс тауып жүргені байқалады. Әсіресе, бұл тіркестер психология, мәдениеттану, лингвистика және әдебиеттану сынды ғылым салаларында жиі кездеседі. Алайда, әр сала ғалымдары аталмыш сөз тіркестеріне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қадыр Мырзалиевтің тілдік тұлғасы
Әлемнің тілдік бейнесі – ағылшын және қазақ антропонимдерінде
«Айналайын» ұғымының ассоциативтік өрісі
Ғаламның тілідік бейнесіңдегі қазақтың көркемдік танымының зерделенуі
Концепт ғаламның тілдік бейнесінде көрініс табатын тілдік құбылыс
Жол концептісінің танымдық сипаты және когнитивтік негіздері
Мәдениет морфологиясы мен анатомиясы: олардың мәдниет конфигурациясын зерттеудегі рөлі
«Аққу» концептінің лингвомәдени ерекшелігі
Аңшылық пен саятшылыққа (АС) қатысты атаулардың семантикасы
Қазақ-ағылшын тілдеріндегі гендерлік сипаттағы коммуникативтік бірліктер
Пәндер