ӘДЕБИЕТТЕН СЫНЫПТАН ТЫС ОҚЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Еуразия гуманитарлық институты қазақ және орыс философиясы кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Әдеби үйірме және сыныптан тыс оқуды ұйымдастыру

Ғылыми жетекші:
аға оқытушы Абдрашева А.Қ.

Қостанай, 2017
МАЗМҰНЫ

І. ӘДЕБИЕТТЕН СЫНЫПТАН ТЫС ОҚЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ ... ... ... ... 5
1.1 Әдебиеттен сыныптан тыс оқытудың маңызы мен мақсаты ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Сыныптан тыс оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... 9

ІІ.ӘДЕБИЕТТЕН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.1 Әдебиеттен сыныптан тыс жұмыстардың түрлері мен оны оқытудың әдіс-тәсілдері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.2 Сыныптан тыс оқыту - тәрбие жұмысының негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .21

ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..37

Кіріспе

Қазіргі кездегі қоғамның барлық даму кезеңінде және бүгінгі білімді жаңалау, білім берудің ұлттық үлгісін жүзеге асыру жағдайында мектеп мұғалімдері өз үлестерін қосып отыр. Мұндай мектептердің жұмысы бүгінгі таңда заман сұранысын болашақ талаптарымен ұштастыра отырып, қазіргі жаһандану жағдайында жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға бағытталған.
Қазріг кезде оқыту мен тәрбие беру үдерісінде сабақтан басқа сыныптан тыс жұмыстардың орны ерекше.
Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны - оқушының теориялық білімін кеңейтіп, толықтыра түседі және оқушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.
Оқушылардың сыныптағы және сыныптан тыс әрекеттерінің күрігуі қоршаған орта туралы біртұтас түсінік қалыптастыруға, теория мен практика арасындағы байланысты қамтамасыз етуге, оқу-тәрбие үрдісін құруда және оқушы тұлғасын қалыптастыруда үйлесімдікке жетуге, мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің педагогикалық шеберліктерін жетілдіруге, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы ынтымақтастықтың дамуына ықпал етеді.
Қазіргі мектептердегі оқу мен тәрбиенің кіріктірілуі мына төмендегі жұмыстар арқылы жүзеге асады:
oo базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, мұражайларда мектептен тыс сабақтар ұйымдастыру;
oo оқушыларды дамыта оқыту үшін әртүрлі жастағы дарынды балалар топтарын құру;
oo таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен олимпиадалар жүргізу;
oo оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу;
oo кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу.
Оқушылардың сыныптағы сабақ үстіндегі және сыныптан тыс әрекеттерін кіріктіру біріңғай педагогикалық жүйе құруға бағытталған, ондағы әр құралдар тәрбиелік және білімділік міндеттер кешенін шешуге көмектеседі.
Мектеп басшыларынан, мұғалімдерден кәсіби икемділіктері мен шығармашылық қызметте, басқаруда ақпаратты қамтамасыз ету, талдау, жоспарлау, ұйымдастыру әрекетінде біліктілікті талап етеді. Яғни, мектеп жағдайында егер мұғалімдер оқушылардың қызығушылықтары мен сұраныстарын ескеруді көздеген болса, онда атқарылатын жұмыстардың түрлері оқу пәндері мен сыныптан тыс жұмыстың мазмұнын, мақсат-міндеттерін кіріктіре алатын болады. [1;45]
Курстық жұмыстың өзектілігі: оқушылардың сыныптан тыс уақыттағы ақыл-ой, танымдық сипаттағы әрекеттерін күшейту - пәндік үйірмелер, бірлестіктер, қызығу бойынша клубтар, оқушылардың ғылыми қоғамдары желісін құру, ұжымдық танымдық шығармашылық істерді жүргізу арқылы жүзеге асады. Жалпы алғанда, сыныптан тыс әрекеттер оқушылардың білімдерін кеңейтіп, жан-жақты ізденулеріне мүмкіндік жасайды, өзіндік таным іс-әрекеттердің қорытындысы шығады және сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылар тылсым дүниенің әртүрлі сырларын ұғынады.
Курстық жұмыстың теориялық негізі: мектептердегі бүгінгі сыныптан тыс сабақтардың сипатына көз салсақ, мұғалімдердің сыныптан тыс жұмыстар туралы қазіргі ойлары, сондай-ақ оларды қолданудың практикасы көп жаңалық, өзгерістер болып жатқанын көрсетеді. Практикада жиі кездесетін көптеген жаңалықтарды ғалымдар оқыту процесінде шығармашылықты дамытудың алгоритмі, яғни шығармашылықты дамытудың тәртібі мен ережесі.
Курстық жұмыстың мақсаты: мектепте жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар туралы жалпы сипаттама бере отырып, оның мақсатын, маңыздылығын, әдіс-тәсілдерін айқындау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Әдебиеттен сыныптан тыс оқытудың маңызы мен мақсатына сипаттама беру;
2. Сыныптан тыс оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктерін айқындау;
3. Әдебиеттен сыныптан тыс жұмыстардың түрлері мен оны оқытудың әдіс-тәсілдерін көрсету.
Курстық жұмыстың пәні: қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, екі негізгі тарау, қорытынды, практикалық бөлім және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. ӘДЕБИЕТТЕН СЫНЫПТАН ТЫС ОҚЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ
1.2 Әдебиеттен сыныптан тыс оқытудың маңызы мен мақсаты

Әдебиет - өнер, сөз өнер пәні. Мектепте әдебиетті оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Бағдарламада берілетін арнаулы сағаттарда мұғалімдер білім негіздерін қалыптастыру жұмыстарымен айналысады. Сөз жоқ, икем - дағдысын дамыту, тәрбиелеу, қабілеті, дарынына әсер ету, оны ары қарай мәпелеу істері білім берумен қоса жүреді. Бірақ осы жұмыстардың барлығын сабақ процесінде жүзеге асыру мүмкін нәрсе емес. Оқушыларды сөз өнеріне тарту, көркем шығармаларға деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын, сезімін дамыту сияқты білім мен тәрбие беруде сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Ол жұмыстардың қандай түрі болмасын, оның негізгі мақсаты - оқушылардың түсінігін арттыру, халықтың салтын, мәдениетін, өнерін бойына сіңіре отыру рухани ұлтжандылық тәрбие беру. Сөйтіп, бұл - әдебиеттен оқушылардың алған білімдерін одан әрі тиянақты ету, дамыту, жинақтау, оларды өмір тәжірибелерінде дұрыс пайдаланып, сөз мағынасын терең ұғынып, сауатты жазуға баулитын жұмыстардың бірі.
Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты:
- оқушылардың шығармашылық ізденістерін дамыту.
- өзіндік қабілеттерін дамыту
- қоғамдық қарым - қатынасты қалыптастыру.
Міндеті:
- алған білімдерін әрі қарай жетілдіру
- өз білімін тереңдету қабілетін шыңдау
- оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыру
- оқушылардың өзара қарым - қатынасын қалыптастыру
Күтілетін нәтиже:
- жұмыстарын өз бетінше жоспарлауға үйренеді
- орындау тәртібін түсінеді
- мұғалімнің нұсқауын тыңдап, дұрыс орындауға үйренеді
- өз жұмысына қорытынды жасауға үйренеді
- тіл байлығы мен ойлау қабілеті артады.
Сыныптан тыс оқыту нәтижесінде мектеп бітіруші оқушылар әдебиет пәнінен шығарма жазуда, ауызша емтихан тапсыруда өздерінің терең білімділігін, саналылығын көтереді. Оқушылардың бос уақыттарын пайдалы, тиімді өткізуде, инабаттылық, имандылық, адамгершілік сияқты биік қасиеттерге баулуда, ұлттық өнерді, халық өнерін қастерлеу, қорғауда да сыныптан тыс оқытудың жас ұрпаққа берері көп.
Жас өскіндердің сөз құдіретіне деген сезімін оятуда, әдеби дүние танымын кеңейтуге,өз беттерімен көркем шығармалар оқуға баулуда, оқырмандардың дағдысын қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстардың маңызы,рөлі ерекше.Әдебиет сабағы,сабақ процесіндегі жұмыстар мен сыныптан тыс жұмыстар тонның ішкі бауындай қабысып, бірлікте жүріп отыруы керек. Оқу бағдарламасындағы оқып, талдауға ұсынылатын шығармалардың барлығын сабақ процесінде игеріп біту мүмкін нәрсе емес. Көркем шығарманы оқудың басты-басты кезеңдері сыныптан тыс мезгілде жүзеге асырылады.[2; 15]
Тәрбие - отбасынан басталады. Әр ата - ана өз баласын ақылды, білімді, ойлы, рухани жан - -дүниесі бай болып өсуін қалайды. Тәрбиені не арқылы береді? Әрине, кітаптар арқылы баланы тәрбиелейді. Бала кезінен кітап оқыған бала ер жеткенде алысқа барады. Кітап оқу арқылы ой, тіл, дүниетанымы дамиды. Ұлы педагог А. С. Макаенко баланың оқуына отбасындағы басшылықты жоғары бағалап, ата - ана жас күнінен - ақ кітапты сүйе білуіне тәрбиелеуге тиіс дей келе: Жақсы айтылған ертегі - ол тәрбие берудің алғашқы қадамы және осы жағдай әр отбасында болса екен - деп, ең алдымен ертегі оқудан бастау керектігін ескертеді.
Оқушылармен сабақтан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмыстары көбіне сабақтан тыс немесе сыныптан тыс жүргізіледі. Бұл жұмыс мұғалімнің сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыратын және тереңдете отырып, ең алдымен оқушылардың талаптары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың, олардың белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын оятудың құралы ретінде қызмет атқарады. Сыныптан тыс оқытудағы жұмыстар оқушылардың бос уақыттарын ұйымдастырудың формасы ретінде олардың адамгершілік мінез-құлық тәжірибесін қалыптастырудың негізі болып саналады. Оқыту сабақтарына қарағанда сыныптан тыс оқыту ерікті негізде өткізіледі. Оқушылар ынта мен бейімділіктеріне байланысты өз беттерімен әр түрлі үйірмелерге жазылады, сабақтан тыс уақытта өз қалаулары бойынша көп болып атқаратын жұмыстарға қатысады. Демек, еріктілік ең алдымен сыныптан тыс жұмыс түрлерін еркін таңдап алуды білдіреді. Оқушылармен мектепте өткізілетін сыныптан тыс жұмыстарға салтанатты кештер мен мерекелер, тақырыптық кештер, мектепке шақырылған атақты адамдармен әдеби кештер, әдеби диспуттар, байқаулар, конкурстар, олимпиадалар мен жарыстар, демалыс кештері жатады. Сыныптан тыс жұмысты өткізудің формасын таңдағанда, ең әуелі тәрбие жұмысының нақты мақсаттары мен міндеттерін есте ұстаған жөн. Мектептерде сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырушы мұғалім ең алдымен сабақтан тыс тәрбие жұмысын жоспарлайды. Мектеп директорымен және оның оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарымен бірігіп алдағы оқу жылындағы тәрбиенің негізгі міндеттерін анықтайды, оқушылар айналысатын іс-әрекеттердің түрлерін қарастырады және мектеп көлеміндегі негізгі тәрбиелік шараларды белгілейді. Сондықтан да сыныптан тыс жұмыстар мектеп мұғалімдерінен көп ізденісті, білімділікті күтеді. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, олардың білімін тереңдете түсуде, тәрбие жұмысында мектептерде ұйымдастырылатын әдебиетке арналған сыныптан тыс жұмыстардың формалары да сан алуан болып келеді. Мысалы, әдебиет апталығы әр түрлі тақырыптарға арналған. Абай мен Пушкин байланысын қарастырғанда екі елдің мәдениетімен, салт-санасымен танысамыз. Абай шығармашылығындағы барлық тәрбиелік байлықты бойымызға сіңіреміз. Екі елдің тарихын байланыстырып, жақсы танып, қазіргі достыққа сүйсініп елбасымыздың әрекетін бағалаймыз. Сыныптан тыс оқытудың қай жұмысы болмасын оқушыларға тәрбие берелік үлесі мол. [3; 32]
Сыныптан тыс оқу сабағы - әдебиет сабағының жалғасы. Ол арқылы мұғалім оқушылардың өздігінен кітап оқуына бағыт береді, оқыған шығармаларды есепке алады, қадағалайды, тексереді, оқушылардың қабілетін арттырады. Сыныптан тыс оқуға арналған сабақтарда оқушылар бірде сабақта аяқталмай қалған көркем шығарманы оқыса, бірде кейбір үстірт түсіндірілегн мәселеге қайта оралып, оны нақтылай, дәлелдей түседі, енді бірде оқушыларды алда болатын әдебиет сабағына дайындайды. Бұған қарап сыныптан тыс оқу сабағын қалыптағы дәстүрлі әдебиет сабағы деуге болмайды. Себебі, сынып сағатына қарағанда, мұнда оқушылардың дербес жұмысына, өзіндік ізденуіне, пікір еркіндігіне мол мүмкіндік беріледі. Сондай - ақ баланы жеке адам ретінде қалыптастыруға қажетті тәрбие жұмыстарын іске асыруда сыныптан тыс оқудың маңызы зор.
Оқу бағдарламасында сыныптан тыс оқылатын әдебиеттер тізімі, әр сыныпқа нақтылы сағаттар саны көрсетілген. Бұған қатып қалған нәрсе деп қарауға болмайды. Мұғалім өз қалауы бойынша ішінара оны өзгертіп, керекті деген шығармаларды өз қалауымен ұсына алады. Кітап тапшылығы, қағаз тапшылығы алға жібермей тұрған бұл заманда бағдарламадағы авторлардың табылуы да қиын болуы мүмкін. Сондықтан оның орнына басқа шығармаларды оқытудың қателігі жоқ. мысалы, 5 - сыныпта Ыбырайдың Бай баласы мен жарлы баласы әңгімесі оқуға, талдауға ұсынылады. Ол әңгімені оқып болған соң, оның Бақша ағаштары, Мейірімді бала, Талаптың пайдасы, Әкесі мен баласы атты әр түрлі тақырыптарда жазылған әңгімелерін сыныптан тыс оқу сабағында талқылауға болады. Сыныптан тыс оқуды жоспарлағанда мына мәселелерді негізге алудың да тиімділігі бар. Мысалы, 5- сыныпта М. Әуезовтың Әжемнің әңгімесін өткеннен кейін, Ана тақырыбына жазылған Ғ. Мүсіреповтің Ананың арашасы, Ананың әңгімесі, Ер ана әңгімелерін сыныптан тыс оқуды дұрыс болып келеді.
Бағдарламада Әжемнің әңгімесінен кейін Ғ. Мүсіреповтің Жаңа достары тұр, онда да Қайраттың анасы сөз болады. Жүйелілік, үндестік, байланыс - сыныптан тыс оқу сабақтарына да басшылыққа алатын маңызды оқу принциптері. Тақырып үндестігі ғана емес, жанрын негізге алуда маңызды. Халық ертегілерінен кейін әдеби ертегілерге орын беру, лирикалық шығармалардан кейін оны жалғастырып, басқа тақырыптағы басқа автордың лирикалық шығармаларын оқыту - сыныптан тыс оқу сабақтарын ұйымдастырудың келесі мәселелерінің бірі.
Сыныптан тыс оқу сабақтарын өту әдістемесіне ерекше назар аудару керек. Оны әдебиеттегі сабақтардан мүмкіндігіне қарай басқаша ойластырып өткізген жөн. Сабақ бойы сұрақ беріп мазалау, талап ету сияқты әдістерден қашқан жөн. Әсіресе, 5 - 8-сыныптарға арналған сабақтан тыс оқу сабақтары қызықты, оқушыларды тартатындай, жалықтырмайтындай болып жоспарлануы керек. Бірізділікпен өтетін сабақтардан оқушылар жалығады, ал оның зияны ұшан-теңіз, себебі ондай сабақтар баланың кітапқа деген қызығушылығын тежейді, жояды. 5 - 8 сыныптардағы сабақтан тыс оқудың ең басты мақсаты - оқушылардың кітапқа деген ынтасы, қызығушылығын арттыру, оқырмандар әзірлеу. Концерт сабақ, әдеби ойын сабақтары, жарыс сабақтары, жәрмеңке сабақ, сабақ - викторина, саяхат сабағы, Бізде ертегі кейіпкерлері қонақта атты кездесу сабағы немесе Алақай, Тазша баланың ертегісін тыңдайық! атты әңгіме сабақтары балаларды көңілдендіріп жіберетіні сөзсіз. Мектепте сыныптан тыс оқу жұмысын мектеп кітапханашысы мен сынып жетекшісі басқарады. Оқушыларға кітапты ұсынбас бұрын әр түрлі дайындық жұмыстары жүргізіледі.
1. Оқушыны балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты түсініктерін байқайды.
2. Әрбір оқушы қандай дәрежеде оқи алатынын тексеріп біледі.
3. Әңгіме, мақала, өлең, ертегі сияқты көркем шығарма жанрларын оқу үстінде оқушыларға әңгіменің я мақаланың ой түйінін, негізгі идеясын анықтай білуге үйретеді. Мектеп кітапханасы оқушыларды керекті шығармалармен қамтамасыз етуге тиіс. Алайда керекті кітаптар мектеп кітапханасында табыла бермейді. Осыны ескеріп, тәжірибені мұғалімдер сыныпта Кітапхана бұрышын ұйымдастырады. [4; 13]

1.2 Сыныптан тыс оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері

Сыныптан тыс оқуды белсенді ұйымдастырушы және оны басқарушы да мұғалім болуға тиіс. Сондықтан мұғалім өз оқушыларының кітапқа деген ынтасын үнемі арттырумен бірге, олардың қандай кітап оқуға тиіс екендіктеріне де бағыт беріп отырады. Балалар бастауыш сыныпты бітіргенде, кеңес ақын-жазушыларының белгілі шығармаларымен таныс болулары қажет екенін де үнемі ескертіп отырады
Сыныптан тыс жұмысын балалар мектепке келген кезден бастаған жөн. Өйткені сауат ашу кезінде оқушылардың ақыл-ойын, тілін дамыту жұмыстары балаларға түрлі түсті суретті кітапшаларды көрсету арқылы дауыстап, мәнерлеп оқи отырып жүргізіледі.
Сыныптан тыс оқулардың басты мақсаттарының бірі-кітаппен жұмыс істеуге үйрету,өз беттерімен оны тыңдай білу,оқығандарының ішінен ең негізгі,басты мәселелерді еске ұстау дағдыларын қалыптастыру.Сыныптан тыс оқу сабақтарын ізденіспен өткізетін мұғалімдер кабинетте,кітапханада арнайы Сыныптан тыс оқу бұрышын ұйымдастырады.Ол мынадай бөлімдерден тұрады.
Мұғалім еркіне қарай:
1.Оқу бағдарламасында ұсынылатын кітаптар тізімін сынып бойынша көркем етіп жазып қою:
Үлгі: (5-сынып)
1.Авторы.
Кітаптың, шығармалардың аты.
Баспасы,шыққан жылы.
Кітапты қайдан алуға болады
І тоқсан:М.Әуезов.
ІІтоқсан: Ғ.Мүсірепов.
Жетім
Жапон балладалары
Таңдамалы, І т.
Мектеп кітапханасы.
Мектеп кітапханасы №...
.

2.Өз беттерімен кітап оқудың көмекші-нұсқауын беру.Кітап оқығанда, мына мәселелерді есте ұстау: кітапты жатып оқыма, денеңді тік ұстап, дұрыс отырып оқы, басты кейіпкерлер, негізгі оқиғалар есіңде қалу үшін,арнайы күнделік-дәптер ашып қой.
Мына үлгіні пайдалануына болады:
Автор
Кітаптыңаты
Қашан оқыдым
Басты оқиғалар
Негізгі кейіпкер
Өзіме ұнағандары

3.Сүйінші айдарымен басылымдардан шығып жатқан кітаптар тізімін жасап,оқушыларды таныстырып отыру.(Аннотация беру-тұжырымды түрде.)
4.Әлем әдебиетінің алтын қорына жататын ұлы туындыларды оқу (әрине,оқушылардың жас ерекшелігіне қарай,сыныбы бойынша).
5.Осы Сыныптан тыс оқу бұрышына Оқырмандар экранынемесе Кітап сүйгіштер жеңімпазы,Кітап білгірлері,т.б.тақырыппен көрсеткіш-тақта жазып қоюға болады.Қай сыныпта, кім қанша кітап оқыды (тоқсандық),соны дәріптеп, мадақтап,үлгі ретінде іліп қоюдың маңызы ерекше.Ең басты мәселе,мұғалім оқушылардың сыныптан тыс оқуын,сыныптан тыс оқу сабақтарынғылыми түрде,тиімді,қызықты ұйымдастыра білуі керек.
Сыныптан тыс оқуларда ата-аналар мен кітапхананың да атқарар рөлі зор.Әдебиет мұғалімі сынып жетекшілерімен,ата-аналармен байланыса отырып,әр баланың жеке кітапханасы болуына,үйде оны қалай құру керек екеніне көңіл бөледі, ақыл-кеңес береді. Бұл жұмыс нәтижелі болуы үшін, тоқсанына бір рет Кітап-рухани байлық, Менің кітапханаммен танысыңыз атты әңгімелер өткізіп тұруға болады.Ата-аналардың осындай әңгімелерге қатысуы да артық болмас еді.Мектеп кітапханашысының жұмыс жоспарына да назар аударып, әдебиет мұғалімі онымен тығыз байланыста еңбек етуі керек.Мүмкіндігіне қарай кітапханашы әдебиетші мұғалім берген тізімдер бойынша балаларға кітап оқытуды қамтамасыз етеді,кітап оқудың ережелерімен таныстырады, сөйтіп, сыныптан тыс оқу жоспарлы, мақсатты, жүйелі түрде, әрі бірлікте ұйымдасты.
Сыныптағы оқу сабақтарында оқушылар көркем тілмен жазылған шығармалардан басқа тарих, дүниетану т. б. пәндерінен мағлұмат беретін материалдармен танысады. Осындай сыныпта алған ұғым сыныптан тыс оқу кезінде нығая, жетіле түседі.
Сыныптан тыс оқу сабақтарында мұғалім балалардың қандай кітаптарды оқығандарын біліп отырумен қатар, алдағы уақытта не туралы оқығылары келетінін де есепке алуы қажет.[5; 53]
Бастауыш мектептердегі сыныптан тыс оқудың мазмұны мен ұйымдастыру жолы жөнінде жаңа бағдарламаның жобысында былай делінген: Сыныптан тыс оқудың мақсаты: баланың сыныптан тыс оқуы арқылы барлық пәннен алған білімін тереңдете түсу, кітаптан өзіне қажетті материалды, кітапханадан керекті кітапты іздеп тауып алуға көмектесу; өз бетімен жұмыс істеу дағдысын нығайта түсу; оқиға, білуге ынтасын, құштарлығын арттыра түсу; баланың эстетикалық және дүниетану құмарлығын арттыру.
Сыныптан тыс жүргізілетін оқуды ұйымдастырудың ең негізгі қағидасы - оның сыныпта жүргізілетін оқумен тығыз байланысты болуы. Оқушының сыныптан тыс оқитын кітаптары сыныпта өтілетін сабақтардың жалғасы түрінде ұсынылады. Оны мұғалім күнделікті оқу, дүниетану, бейнелеу өнері, еңбекке баулу т.б. сабақтарында және оқу бойынша жүргізілетін қорытынды сабақтарда сұрап, сыныпта оқығандарына байланыстырып отырады...
Сөйтіп, сыныпта оқу сабағы жақсы ұйымдастырылса, онда көп мәселелер жөнінде әңгімеленсе, балаларды мұғалім осы мәселелер жайында тағы да біле түсуге қызықтыра алса, сыныптан тыс оқу сабағы да нәтижелі өтеді. Оқушыларға қандай кітаптарды оқу керектігі, олардыңтізімі беріледі. Мысалы, сыныпта М.Әлімбаевтың Ұқыпты бала және Ұқыпсыз бала өлеңдері оқылды делік, оның жалғасы ретінде Ұқыпты оқушы өлеңін оқытуға болады. Немесе Совет Армиясы бөліміндегі Т.Бигелдиновтың Қаһарлы күндерде әңгімесін оқығаннан кейін, сөз жоқ, оқушылар Кеңес Одағының Батыры атағын екі рет алған, ұшқыш Т.Бигелдиновтың балалық шағы жөнінде білгілері келеді. Ол үшін мұғалім С. Бақбергеновтың Талғат атты кітабынан үзінді беруіне бо - лады.
Сыныпта оқушылар жазушының бір шығармасынан үзінді оқыса, сол шығарманы толықтыра оқу сыныптан тыс оқуда іске асырылады. Кейде белгілі ақын-жазушылармен балаларды толығырақ таныстыра түсу мақсатында оның сыныпта оқылғаннан басқа шығармаларымен сыныптан тыс таныстыруға болады. Мысалы, Ы.Алтынсаринның Әдептілік әңгімесін оқығаннан кейін, оның Баланың айласы, Аурудан аяған күштірек, Өтіріктің залалы т. б. әңгімелері сыныптан тыс оқуға беріледі.
Кейбір жекелеген шығармаларды сыныптан тыс оқу сабағында да талдауға болады. Онда талданатын шығармалардың тәрбиелік жағы күшті болуы қажет.
Оқушылардың кітап оқуға қаншалықты ынталы және бейім екендіктерін білу үшін мұғалім олардың әрқайсысымен оқыған кітаптары жөнінде жеке әңгімелеседі; салған суреттерін, жазып алғандарын қарап, -- бүкіл деректермен жеке танысады. Кейде кітапханадағы карточкасын қарап көруге де болады. Осындай ыждағатты тексерудің нәтижесінде, балалардың қайсысы қандай тақырыпты жақсы көретіндері байқалады. Кейбір бала ертегілерді, кейбіреулері ерлік жайлы шығармаларды, ал бірсыпырасы қиял-ғажайып ертегілерін т. б. ұнатады.
Осыдан кейін мұғалім балаларды бір жақтылықтан сақтандыру мақсатымен, оларды басқа тақырыптарға қызықтыру жолдарын іздестіреді.
Балаларға сыныптан тыс оқуға арналған тартымды кітаптарды іріктеп немесе жаңадан шығып жатқан шығармалардың ішінен іріктеп ұсынады, әдемі суреттермен безендірілген кітап жаймаларын, түрлі әдеби ойындар ұйымдастырады т. б.[6; 25]
Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда ескеретін жайттар:
1. Сыныптан тыс жұмыс оқушының сабақта алған білімдері мен дағдылары негізінде ұйымдастырылады.
2. Сыныптан тыс жұмыс оқушы инициативасынан басталып, олардың жеке қажеттіліктерін өтейтіндей бағытта жүргізілуі керек.
Сыныптан тыс оқылуға тиісті кітаптардың тізімі бір тоқсанға арналып әр тоқсан сайын ұсынылып отырады. Балалардың оқуға ынтасын арттыру мақсатымен мүғалім ұсынып отырған кітаптарының ішінен кейбір оқиғаларды бастап айтып, одан әрі не болатынын осы кітапты оқып білесіңдер деп аяқтайды. Кейде кітаптың сыртындағы немесе ішіндегі кейбір әдемі суреттерді көрсету арқылы да қызықтыруға болады. Ал енді бір жағдайларда шығарманың, кітаптың атын, авторын ғана айтып, оның осылайша неге аталғанын білуді тапсыруға болады.
Оқу жылы аяғында балаларға жазғы демалыс кезінде оқитын кітаптарының тізімі беріледі де, оқу жылының басында сол көрсетілген кітаптардың қайсысын оқыған-оқымағандарын тексереді. Олардың оқыған кітаптары туралы жазғандарын, әсерлерін, пікірлерін, кейбір үзінділерді, кейіпкерлердің аттарын, суреттерін т. б. қарайды, оқытады.
Міне, осындай жұмыстардан кейін қосымша оқуға тиісті кітаптардың тізімі беріледі. Мектептерде ана тілі сабақтарының өтілу жайы мен сыныптан тыс оқудың мазмұнына сай, бастауыш сынып оқушыларымен мынадай жұмыстар орындауға болады:
1) Көркем шығармаларды (бір шығарманы немесе тақырыбына қарай топталған бірнеше шығарманы), ертегілерді, мақалаларды талдау.
2) Күнделікті баспасөздегі (Балдырған, Ақ желкен, Зерде журналдары мен Ұлан газетінен) мақалаларды оқу.
3) Кітаппен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру. Көркем шығармаларды талдау үшін сюжетті әңгімелер қолайлы.
Оқушылардың өз беттерімен оқитын шығармаларын сұрай берудің қажеті жоқ, олар өз беттерінше қорытынды шығарғандары жөн, яғни әркімнің өз оқығандары жөнінде өз көзқарастары болғаны дұрыс. Кейде оқығандары жөнінде жолдастарынан сұрау, пікір алысу т. с. с. тыйым салынбайды.
Сыныптан тыс оқу сабақтарында көрнекі құралдар қолданудың да пайдасы мол. Мұнда да шығармада кездесетін қиын сөздер түсіңдіріліп отырғаны жөн.
Сыныптан тыс оқуда бір жазушының шығармасын талдауда сол жазушының өмірі мен қызметінен толығырақ мағлұмат беруге болады. Мұндай сабақ шамамен былай ұйымдастырылады:
а) мұғалім немесе балалардын, бірі жазушы жөнінде қысқаша әңгімелеп береді;
ә) жазушының балаларға таныс кітабы я шығармасынан үзінді оқылады, кейде бір шығармасынан әдеби монтаж, ойын ұйымдастыруға да болады.
Бірінші сабақта сол жазушының өмірбаяны туралы айтылып, оның балалар оқыған шығармасы жайлы қысқаша әңгімеленеді де, басқа бір шығармасы тағы оқуға тапсырылады.
Екінші сабақта оқуға берілген шығарма талқыланады, ал үшінші сабақта қорытындыланады.
Жоғарыда бастауыш сыныптарда балалар ертегі оқуға өте құмар келеді дедік. II-III сыныптарда көбіне жануарлар туралы ертегілерді жақсы қөреді. Мұндай сабақтарға көрнекі құралдарды балалардын, өздеріне жасатуға болады. Бірқатар ертегілер жөнінде шыққан суреттер де бар (Түлкі мен бөдене т. б.), ал көптеген ертегілер бойынша диафильмдер жасалды.
II-III сыныптарда оқу үшін ұсынылатын материалдарды мұғалім өзі іріктейді , ал IV сыныпта балалар өздері іріктеп алады.
Оқушыларды газетпен таныстыру сабағын мына сияқты жүйемен жүргізуге болады:
а) балаларды өздерінің Ұлан газетіне қызығатындай етіп, газеттегі басылған мақалалардан үзінді келтіре отырып (балалардың, мектептегі, үйдегі іс-әрекеттері мен еңбектері, өз мектебіне, ауылына, қаласына, ата-анасына қандай көмек көрсеткендері т. б.), әңгіме ұйымдастыру (балалар газетті оқи ма, ондағы мақалаларды түсіне ме, қандай мақалалар ұнайды т. б.).
ә) газетті кімдер шығаратынын, қай жерде, қай күндері шығатынын, қай кезден бастап шыға бастағанын айту.
б) Ұлан атты газетінің кезекті номерінің құрылысымен (макетімен) және мазмұнымен таныстыру. Мұндай сабақтарда қажет жерлері болса, географиялық карта, кітап жаймасы т. б. болғаны жөн.
Балдырған журналымен таныстыру сабағында журналдың қітаптан айырмашылығы (ай сайын шығып тұратыны, тақырыптарының алуан түрлілігі) айтылады. Балаларды өз беттерімен кітап оқуға үйреткен кезде мұғалім оларға кітаптың маңызы, оқу мәдениеті, оқу ережелері т.б. жөнінде үнемі ескертіп отыруы қажет.
Қосымша, оқыған кітаптары жөнінде оқушыларға күнделік жаздырып үйретудің де орасан зор тәрбиелік мәні бар екенін еске сала кетудің артықтығы болмаса керек. Бұл - балаларды ойларын жинақы, өз сөздерімен жаза білуге дағдыландырады, жазу қабілетін жетілдіреді. Күнделікке кітаптың аты, авторы, шыққан жылы, оқығаны қандай мақала екені және ол жөніндегі өзінің пікірі жазылуға тиіс.
II-III сыныптарда балалар оқыған кітаптарының авторы мен атын, шыққан жылын жазып, өздеріне ұнаған кейбір оқиғаларға сурет салып қояды, ал IV сыныпта осыларға қосымша, өз пікірін жазып отыруы керек.[7; 32]

ІІ. Әдебиеттен сыныптан тыс жұмыстардың түрлері мен әдістері
2.1 Әдебиеттен сыныптан тыс жұмыстардың түрлері мен оны оқытудың әдіс-тәсілдері

Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың қабілеті, икемі, дарыны, жеке ынтасы негізінде ұйымдастырылады және бірнеше салаға бөлінеді. Олар:
-үйірме;
-сыныптан тыс оқу;
-конференциялар;
-викториналар;
-апталықтар;
-әдеби кештер т.б;
Үйірме жұмыстары - сыныптан тыс жұмыстардың күре тамыры. Оқушылардың пәнге қызығуы мен қатар белсенділігін көтеру үшін мектептерде әдебиет үйірмелері мен драмма үйірмелері жұмыс істейді. Бұл үйірмелерді көбіне әдебиет пәнінің мұғалімдері, өнерпаз ұстаздар, сынып жетекшілері жүргізеді. Үйірме жұмыстарының арнаулы органы - қолжазба журналы, газеті болады. Жұмыс жоспары жасалады. Мұндай істерге кейде жергілікті ақын - жазушылар да көмектесіп, белгілі бір секцияны басқарады. Әдеби - шығармашылық үйірмелерінің жас ақын - жазушылармен бірігіп жүргізуі нәтижелі болмақ. Әдеби - шығармашылық үйірмелердің, сонымен қатар, Шешендік өнер, Айтыс, Термеші сияқты фольклорға негізделген түрлері соңғы кездерде тәжірибеге енгізілуде.Әдеби үйірмелердің бір түріне Кітап достары немесе Кітап - білім бұлағы деген үйірмені жатқызуға болады. Әсіресе, V - VIII сыныптарда мұны мектеп кітапханасымен бірігіп жүргізудің маңызы ерекше. Үйірме мүшелері кітапханада арнайы көрме ұйымдастырып өткізеді. Мысалы, Құрметтейік те көтерейік ананы! (8- наурыз қарсаңында), Менің Қазақстаным (Республика күніне). Олар жаңа кітапты үнемі насихаттап, балаларға таратып, төменгі сынып балдырғандарына әңгімелеп береді. Жұмыс нәтижелі болу үшін, жоспарлы, жүйелі жүргізілуі керек. Кітапты күтіп ұстау, ұқыпты болу, оны қалай оқудың мәдениеті туралы да тартымды әңгімелер осы үйірме міндетінде. Олар осы мәселеде неше түрлі бәйге өткізеді. Мысалы, Ұқыпты бала, Кітап жанашыры, Білгір (кітап көп оқитын), Шапшаң немесе Алғыр (кітапты тез әрі қатесіз оқитындар үшін) т.б. тақырыптарда. Жеіңмпаздарға қоғамдық ұйымдар, үйірме, мектеп әкімшілігі алғыс айтып, оларды мектеп газетінде мадақтап отырғаны дұрыс. Үйірме мүшелері оқушыларды кітапханадан кезекті кітапты қалай алуға болады, каталогпен жұмыс түрлерін қалай жүргізу керек.
Үйірмелердің тағы бір түрі - мәнерлеп оқу, драма үйірмелері. Үйірмені осы өнерден хабары бар, сауатты маманның жүргізгені дұрыс. Оқушылар драматургия жанры, оның ерекшелігі туралы хабар алады, театр өнері, оның өзіндік сипаттарымен, ұлы артистер өмірі, өнерімен танысады. Драма үйірмесіне мектеп оқушыоары ішінен өнерге бейімі бар балалар өз еркімен тартылады. Үйірмеде кемінде он бес мүше болады. Оқу жылы басында үйірме жетекшісі мектептің оқу - тәрбие жоспарын негізге ала отырып, жұмыс жоспарын құрады. Үйірменің мақсаты - жекелеген оқушының сан қырлы көркем дамуын, оның рухани қажеттілігінің арта түсуін қамтамасыз ету. Сол арқылы өнерге құлшынысын тәрбиелеу. Үйірме жұмысын жоспарлау көбіне жетекшінің жеке басының біліміне, өнеріне, режиссерлік қабілетіне байланысты. әрбір жетекші ең алдымен оқушының жас ерекшелігін ескеріп, оның табиғи дарынын байқап, жас өнерпаздың қызығушылығын баулып, шығармашылық еңбекке йретеді. Үйірме сабақтарында мектеп бағдарламасына байланысты шағын пьесалардан үзінді, әдеби монтаж қойылымдары даярланады. Үйірменің жұмысы әр оқушының көркем білімін дамытуға әсерін тигізеді. Ал көркем білім ізгілік пен адамгершілікке негізделіп, оқушының нысанасы биік идеясын тәрбиелейді. Ендеше драма жанры бойынша әр сабақта оқушының алған білімі, драма үйірмесінде практикалық істермен ұласып, көркем білім негізін қалыптастырады. Мектептегі әдебиет үйірмесі - әдебиетке жақын, бойында сөзге, өнерге талпынысы бар талантты жастарды тәрбиелейді. Әдебиет үйірмесі де жыл басынан жоспарланып дайындалады. Әдебиет үйірмесін ұйымдастырғанда ұйымдастырушы жетекшілері алдына әртүрлі мақсат қоюы мүмкін. Әдебиет пәнімен оқушылардың үлгерімін арттыру, пәнді игеруге қызықтыру, білімдерін кеңейту, ақын-жазушылардың шығармаларын тереңірек білу мақсатында едәуір жұмыстар атқарып, қазақ әдебиеті тереңдете оқытуға үлес қосады. Сонымен қатар ұлттық негіздегі тәрбиеге халықтың педагогикаға сүйене отырып мынадай жоспар құруға болады.

Әдебиет үйірмесінің жұмыс жоспары

рс

Жүргізілетін жұмыстардың тақырыбы

уақыты

Кім жүргізеді?

1
І тоқсан
Кіріспе

қыркүйек
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

2

Жұмыс түрлерімен таныстыру

1

Қазақстан Республикасының ақын жазушылары

қазан

2
Кітаптар көрмесі

1
ІІ тоқсан
Әдебиет пен өнер
қараша

2
Әдеби шығармалардағы кейіпкерлер

1
Қазақтың әдет-ғұрпы мен тұрмыс-салты
желтоқсан

2
Ұлттық ою-өрнектер

1
ІІІ тоқсан
Қазақтың сөз зергерлері мен шешендері

қаңтар

1
Қазақтың хандары мен халық батырлары
Ақпан

2
Ұлттық киім үлгілер

1
ІV тоқсан
Ұлттық аспап музыканың түрлері

Наурыз

2
Халық композиторларының ән-күйлері

1
Көркемөнерпаздар өнерінің байқауы
Сәуір

[8,45]

Сыныптан тыс кітап оқуды жүргізудің бірнеше әдіс-тәсілдері бар:
1. Сабақтан тыс уақытта мұғалімнің дауыстап кітап оқуы.
2. Ұйымдасқан түрде кітап оқу.
3. Топқа бөлініп кітап оқу.
4. Өз таңдаулары бойынша кітап оқу.

Оқушыларға ұсынатын шығармаларды алдымен мұғалім өзі оқып, оның мазмұнымен танысып алады. Сыныптан тыс оқу сабақтары бағдарламаның талаптары бойынша жүргізіледі, сонда көрсетілген қосымша оқуға және сыныптан тыс оқуға ұсынылған шығармалар негізге алынады. Сыныптан тыс оқуға раналған сабақтарда оқушылар, бірде сыныпта аяқталмай қалған көркем шығарманы оқып, бірде кейбір үстірт түсіндірілген мәселеге қайта тоқталып оны нақтылай, дәлелдей түседі.Көркем шығармаларды оқыту ғана емес, әдеби әдістер дәстүр мен жаңашылдық, жанрлық, стильдік ерекшеліктер, поэтикалық таңдаулар сияқты мәселелерге ерекше көңіл бөлінеді. Сыныпқа, кітапханада жоғарғы сыныптар үшін Әлем әдебиетінің асылдары, Адамзаттың Айтматовы, М. Әуезов әлемді аралап кетті сияқты кітап көрмелерін жасап қоюға болады. Сондай- ақ осы кітап көрмесінің әр тақырыбына сабақ өткізу, оны баяндама, пікір, аннотация, дәріс оқу әдістерін пайдалану арқылы жүзеге асыру тиімді болып келеді. Мысалы, Адамзаттың Айтматовы тақырыбын (бір сабақ емес, бірнеше сабақ болуы мүмкін) конференция, семинар түрінде өткізуге болады.
1. Айтматов Адамзаттың Айтматовы - осы бір атаудың мәні ашылады. Неге қырғыздың Айтматовы адамзаттың Айтматовына айналды?
2. Бетпе бет повесі. Повестің осылай аталу себебі? Көтерілген адамзаттың проблемалар. Жазушы шеберлігі, қол жеткен табысы неде?
3. Әлемді дүр сілкіндірген Жәмила. Жәмиланың әлемді таңқалдыру сыры неде?
4. Ақ кеме. Жазушы көрегендігі, абыздығы неде? Повесть неге осылай аталған? Қандай әлемдік проблемалар көтерген?
5. Жазушы шығармаларындағы миф, қиял, фольклор үлгілері, ұлттық бояу.
6. Жазушы еңбектеріндегі экология, мораль, дін, сенім, гуманизм мәселелері.
7. Жан пида романы. Романның осылай аталу себебі? Қалай ойлайсыңдар, Шыңғыс неге өз заманы, қоғамынан көш ілгері жүреді, көрегендік жасайды? Дала қасқыры. Адам қасқыры. Роман көтерген адамзаттың көкейкесті проблемалар.
8. Айтматовтың әлемнің адамзат әдебиетіндегі орны.
Шығармаларды еркін танданып, сүйіп оқуға сыныптан тыс оқыту мүмкіндік береді. Сыныптан тыс оқу мектептің оқу-тәрбие жұмысына қосатын үлесі айтарлықтай.
Мектепте сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстың көлемді түрі - факультативті сабақтар. Оқытудың бұл формасы оқушылардың факультативтік сабақтар арнайы оқу бағдарламалары бойынша жүргізіледі, оқушыларға білім терең беріледі. Сыныптан тыс оқу сияқты факультативтік сабақтарда оқушыларды өз бетімен кітапты пайдалана білуге үйретеді, олардың білімдерін кеңейтіп, әдеби талғамдарын ұшқырлай түседі, тілін байытады. Ең бастысы - кітап оқуға құштарлығын арттырады. Факультатив сабақтары әдебиетке байланысты, жалпы мектеп бағдарламасында қарастырылған мәселелерді қамтуы керек. Осыған орай Ы. Алтынсарин атындағы ғылыми топтың мүшелері М. Қ. Оразбаев, М. Ж. Смағұлова халқымыздың салт - дәстүріне жас жеткіншектерді тәрбиелеу ісіне пайдалану мақсатында қазақ орта мектептерінің V - VI сыныптарына бір сағаттан Қазақ халқының салт - дәстүрлері курсының бағдарламасы жобасын ұсынады.

1. Қазақтың дәстүр - салттары туралы түсінік - 1 сағат.
2. Бала тәрбиесіне байланысты салт - дәстүрлер - 13 сағат.
3. Тұрмыстық салт - дәстүрлер - 20 сағат.
4. Әлеуметтік - мәдени салт - дәстүрлер - 24 сағат.
5. Жаңа заман салт - дәстүрлері - 10 сағат.
6. Қорытынды. Салт-дәстүрлер - халақ тәжірибесі - 2 сағат.Барлығы - 70 сағат.
Қорыта айтқанда, факультатив сабақтарының оқушылардың ауызша, жазбаша тілін дамытуда, өзіндік ой дербестігін қалыптастыруда тигізер әсері мол.
Оқушылардың меңгерген білімін шыңдап, оларды тексеру үшін, әдебиеттен ұйымдастырылатын олимпиадалар жетекші роль атқарады. Олимпиадалар - мектеп ішілік, аудандық, облыстық, республикалық түрде өтіледі. Мектеп олимпиадасы 5 - 10 сынып оқушылары аралығында жүргізіледі. Олимпиаданы өткізу үшін 1 - 2 ай бұрын ұйымдастыру мүшелері құрылады. Олимпиадаға дайындық әдістемелік бірлестікте өтіп, онда олимпиаданы өткізудің жоспары жасалып талқыланады. Республикалық олимпиада екі жылда бір рет наурыз айында өткізіледі. Ал мектеп, аудан, облыста әр жыл сайын өткізіп отыру дәстүрге айналған. Олимпиада ауызша және жазбаша түрде өтіледі. Олимпиаданы өткізуде оқушылардың пәнге деген қызығуын арттыру, белсенділігін көтеру, ауызша, жазбаша білімін сыныптан тыс жұмыстың маңызды түрі - оқушылар конференциясы. Оқушылар конференциясының негізгі мақсаты - көзқарасты кеңейту, көркем талғамды қалыптастыру, оқырман мүдделерін дамыту. Оқушылар конференциясы өз ішінен көптеген түрлерге бөлінеді. Мәселен, нұсқау конференцияы. Мұнда оқушылар оқыған кітаптары туралы қысқаша хабарлама - баяндамалар жасайды. Мұндай конференцияның міндеті - оқушыларды қажетті шығармалармен қызықтыру.
Қорытынды конференцияларда оқылған шығармаларды талқылау үшін тоқсанның немесе оқу жылының аяғында өткізіледі. Кейде ол бір жазушының шығармашылығына арналады. Тақырыптық конференцияларда әдетте оқылған кітаптар талқыланады. Мектепте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдебиеттен сыныптан тыс жұмыстарының зерттелуі
ӘДЕБИЕТТЕН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР
Әдебиет бойынша сыныптан тыс жұмыстардың ерекшеліктері
Мектептегі әдебиет сабағын ұйымдастыру және оның маңызы
Сабақтан тыс жұмыс түрлері
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Сыныптан тыс жұмыс
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің зерттелуі
Қазақ тілінің жазба жұмыстардың маңызы
Мектеп оқушыларында салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастырудың ерекшеліктері
Пәндер