Ғабит Мүсірепов шығармаларының маңыздылығы
Курстық жұмыс
Н111-1.53-2020
1 баспа 25.06.2020
Қазақстан Республикасының білім жӘне ғылым министрлігі
М.Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
ҰСТАЗ ИНСТИТУТЫ
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
КУРСТЫҚ Жұмыс
Тақырыбы: Ғ.Мүсірепов шығармашылығы және ұлттық прозаның дамуы
Студент: Муратов Сардар Тобы: ҚЯ-19
қолы
Жетекші: аға оқытушы . Әбдімомынов Е.Б.
аты-жөніқызметі аты-жөні
Қорғауға жіберілді 19_______________2021ж.________ _____________
қолы
Жұмыс қорғалды 23___________2021ж.бағасы______ ____________
жазбаша
Комиссия мүшелері: Шормақова С.М.
аты-жөніқолы
Саламатова Р.М.
аты-жөніқолы
Тараз 2021

Ұстаз институты
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
ҚЯ-19-1 тобындағы Муратов Сардардың курстық жобасы (жұмыс)
ТАПСЫРМА
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша
1.Тақырыбы:Ғ.Мүсірепов шығармашылығы және ұлттық прозаның дамуы
2.Тапсырма бойынша арнайы нұсқаулар-Университеттің Курстық (жоба) жұмыстарды жазу туралы Ережесі мен кафедраның бекіткен Курстық (жоба) жұмыстарды жазуға арналған әдістемелік нұсқаулықта көрсетілген талаптарға сәйкес жұмысты орындау.
3.Жұмыстың негізгі бөлімдері
Орындау кестесі
Көлемі, %
Орындау мерзімі
Тапсырма Кафедра отырысында бекітілді 05.02 2021 ж. хаттама №
Жетекшісі:аға оқытушы ______Әбдімомынов Е.Б.
қызметі қолы аты-жөні
Тапсырманы орындауға алдым 08. 02. 2021 ж. студенттің қолы
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І БӨЛІМ. ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ
1.1.Ғабит Мүсіреповтың өмір жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2.Ғабит Мүсірепов еңбек жолы, және атқарған қызметтері ... ... ... ... ..7
1.3.Ғабит Мүсірепов шығармаларының маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... 8
ІІ БӨЛІМ. ҒАБИТ МҮСІРЕПОВТІҢ ТҰЛҒА РЕТІНДЕГІ ҚАСИЕТТЕРІ
2.1.Мүсірепов туралы жазушы замандастарының ой-пікірлері ... ... ... 12
2.2.Ғ.Мүсіреповтың Қазақ солдаты романының маңыздылығы ... ...14
2.3.Ғ.Мүсірепов әңгімелерінің көркемдік ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. .17
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 20
КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі: Ғабит Мүсіреповтың шеберлігін таныта отырып, қызмет жолын кеңінен оқыту және оқушы бойында патриоттық сезімді тәрбиелеу. ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі аласапыран тұсында қазақтың бір тұтас тұлғаларының саяси белсенділік танытқаны белгілі. Солардың қатарынан ұлттың рухани көсеміне айналған жазушы, мемлекет қайраткері-Ғабит Мүісреповтің қазақ әдебиетінде алатын орны ерекше. Осы уақытқа дейін қайраткердің негізгі туындылары бір жүйеге түсіріліп, оның қоғамдық-саяси қызметіне арнайы ғылыми талдау жасалды деуге болады. Нәтижесінде Ғабит Мүсірепов мемлекеттік жүйелердің қайсысында (патшалық, алаштық және кеңестік) қызмет жасаса да, ең алдымен, жалпыұлттық мәселелерді көтеріп, оларды туған елінің мүддесі тұрғысынан шешуге ұмтылғандығы дәлелденді.
Ана тілдің тұнып тұрған бейнелеу, бедерлеу, суреттеу, зерлеу құдіретін, пластикалық икемді қасиетін кеңінен танытқан, зеріне зер, зердесіне зейін қосқан, туған халқының асқақ рухын әспеттеген Ғабит Мүсірепов-ұлттық мәдениетіміздің тарихындағы үлкен тұлға. Жазушының кейінгі ұрпаққа қалдырған бай мәдени мұрасы туған әдебиетімізді әлемдік өреге шығарды.
Зерттеу мақсаты: Қазақ сөз өнерінің майталман шебері, сирек талант иесі, көркем сөз зергерінің еңбектеріне жүйелі зерттеу, әйгілі және танылмаған еңбектерін нақтылау.
Зерттеу міндеттері:
1)Ғабит Мүсіреповтің шығармашылық мұраларын, қазақ әдебиетіне қосқан үлесін зерттеу;
2)Жазушының еңбек жолын және шығармаларының маңыздылығына көз жеткізу;
3)Мүсірепов туралы басқа да жазушылардың ойын бағалау.
Зерттеу нысаны: алты Алаштың атын айдай әлемге паш еткен халқымыздың біртуар перзенті ретінде Ғабит Мүсіреповтің шығармашылық мұраларының маңыздылығын айқындау.
Зерттеу пәні: Қазақ тілі және әдебиеті.
Зерттеу әдістері: Көркем әдебиет әдістемелік әдебиеттерді талдау, көркем әдебиет оқу құралдарын пайдалану, библиографиялық оқулықтарды қолдану.
Зерттеу құрылымы: Курстық жұмыс кіріспе, 2 тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған.

1.1.Ғабит Мүсіреповтың өмір жолы
Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы (1902-1985)-қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, әдеби сыншы, аудармашы, Социалистік Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ КСР Ғылым академиясының Абай атындағы және Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты.
Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген. Алғашқыда ауыл молдасынан арабша хат таныған. Ғабит жастайынан әуелі екі жылдық ауылдық орыс мектебінде, кейін төрт жылдық жоғары басқыш орыс мектебін бітірген. Қазақ төңкерісінен кейін үстемдік алған Кеңес өкіметінің жұмысына әжептеуір орысша сауаты бар адам ретінде араласып, түрлі қызмет атқарған. Орыс мектебінде жүргенде орыстың атақты ақын жазушыларының шығармаларын оқып білуі, ауыл мектебінде өзін оқытқан әдебиетші мұғалім Бекет Өтетілеуовтың әсер ықпалы болашақ жазушының әдебиетке ерекше ықылас аударуына септігін тигізеді. 1923-26 жылдары Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетіне (рабфак) оқуға түсіп, оны бітірісімен Омбыдағы ауыл шаруашылық институтында оқыған.[1, 5 б.]
1927-1928 жылдары - Бурабай орман шаруашылығы техникумында оқытушы, 1928-1933 жылдары Қазақ мемлекеттік баспасының бас редакторы, 1934-1938 жылдары Социалистік Қазақстан (Егемен Қазақстан) газетінің редакторы, Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты өнер секторының меңгерушісі, Қазақ өлкелік комитетінің баспасөз бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Компартиясы саяси-ағарту бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1938-1955 жылдары бірыңғай шығармашылық жұмыстармен айналысқан.
1956-1957 жылдары-Ара-Шмель журналының бас редакторы, 1957-1985 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы, КСРО Жазушылар одағы басқармасының хатшысы қызметтерін атқарған. 1958 жылдан КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы әдебиет, өнер және сәулет салалары бойынша Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комитеттің мүшесі болған. Ғ.Мүсіреповтің тұңғыш повестерінің қатарына Тулаған толқында мен Американ бидайығы шығармалары жатады. Жас жазушының болашағынан үміт күттірген бұл туындылар азаматтық тақырыпты толғайды. Ғ.Мүсірепов әңгіме жанрының өркендеуіне үлкен үлес қосты. Алғашқы шығармаларынан-ақ жазушылық шеберлігімен танылған. Қос шалқар, Көк үйдегі көршілер, Шұғыла, Үздіксіз өсу, Жайлау жолында, Тұтқын қыз, Жеңілген Есрафил тағы басқа әңгіме, повестерінде еңбек адамдарының қиындыққа толы қажырлы өмірі мен азамат соғысы, ұжымдастыру кезіндегі дүрбелең оқиғалар легі суреттеледі. Талпақ танау әңгімелері мен Бір адым кейін, екі адым ілгері повесі жыл аралатып барып, бірінен кейін бірі жарық көреген. Оның бұл шығармалары қазақ әдебиетіне жазу стилі қалыптасқан, көркемдік шеберлігі ерекше жаңа суреткердің келгенін жария еткен еді.[1, 6 б.]
Шығармашылық жолының бір белесін аналар туралы әңгімелер топтамасымен түйіндеген жазушы енді кең тынысты туынды жазуға кіріседі. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғын ала ол өзінің тұлғалы туындысы Қазақ солдаты романын жазған. Роман тың тақырыбымен, образдарының көркем бейнеленуімен, сюжет құру шеберлігімен, тартымды тамаша тілімен таңдаулы қазақ романдарының қатарына қосылады. Бұдан кейін ол араға біраз уақыт салып барып, өзінің ең ірі салалы да салиқалы шығармасы Оянған өлке романын жариялайды бес алты жыл салып барып, прозадағы соңғы елеулі туындыларының бірі Ұлпан повесін жариялайды. Сонау отызыншы жылдарда ақ үлкен драматург екенін танытып, Қыз Жібек операсының либреттосын, Қозы Көрпеш Баян сұлу пьесасын берген Ғ.Мүсірепов кейінгі жылдарда да бүкіл қазақ драматургиясының тамаша туындысы болып табылған Амангелді, Ақан сері-Ақтоқты,болашаққа аманат, Қыпшақ қыз Аппақ, Қайран Майра атты драмалық шығармаларын жазған. Сценариін Б.Майлин, В.Ивановпен бірігіп жазған Амангелді фильмі (1938) қазақ кино өнерінің алғашқы баспалдағы саналса, Махаббат туралы дастан, Қыз Жібек (1970) фильмдері қазақ кино өнерінің алтын қорынан орын алған туындылар. Көркем аудармада О.Генри, С.Тагарао, М.Горький, М.Шолохов, У.Шекспир, К.Симонов, А.Штейн, Ж.Мольер, тағы басқа қаламгерлер пьесаларын қазақ тіліне аударған.[1, 7 б.]
Ғ.Мүсірепов көрнекті қоғам, мемлекет қайраткері. 1932 жылы шілде айында ол республикаға танымал адамдармен бірлесе отырып, халықтың басына төнген аштық нәубеті жайында БКП(б) қазақ өлкелік комитетіне-Бесеудің хатын жолдаған. Қазақ прозасының шоқтығы биік туындысы саналған осы романынан кейін жазушы қайтадан шағын жанрға ойысады. Сөйтіп әңгіме жанрында зергер суреткерлігімен танылған ізденімпаз жазушы, көркемдік шеберлігін барған сайын шыңдап, әр әңгіме, повесі сайын жаңа бір белеске көтеріліп отырады. 1968 жылы Кездеспей кеткен бір бейне кітабы үшін Абай атындағы республикалық сыйлық алады. Араға Ғ. Мүсірепов өзінің қоғамдық, публицистік, журналистік, сыншылдық қызметімен де туған халқының мәдениетінің дамуына зор еңбек сіңірді. Алайда қазақ халқы оны үлкен суреткер жазушы деп таниды, көркем сөздің хас шебері деп біледі, құрмет тұтады. Ол бірнеше мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, бір рет КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болып сайланған. Үш мәрте Ленин орденімен және екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, Октябрь Революциясы орденімен және көптеген медальдармен марапатталған. Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрына жазушының есімі берілген. 1991 жылы қайраткер тұрған үйде Ғ.Мүсірепов атындағы әдеби-мемиоралдық мұражай үйі ашылған. 2002 жылы 100 жылдық мерейтой қарасаңында Солтүстік Қазақстан облысындағы бір ауданға, Астана қаласындағы көшелердің біріне Ғ.Мүсіреповтің есімі беріліп, Алматыдағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры алдына қоладан ескерткіш мүсіні қойылған.[1, 8 б.]
1956-1961, 1964-1966 жылдары Қазақстан Жазу шылар Одағы басқармасының бірінші секретары міндетін атқарды.
1959 жылдан 1958 жылға дейін СССР Жазушылар Одағы басқармасының секретары болып сайланды. 1972 жылы 18 қаңтардағы Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының ІІІ пленумында Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының секретары болып сайланды. 1958 жылдан СССР Министрлер Советінің жанындағы әдебиет, өнер және архитектура саласындағы Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтары жӛніндегі комитеттің мүшесі. Ғ.Мүсірепов 1958 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі. Ғ.Мүсірепов-көрнекті қоғам, мемлекет қайраткері. Қазақстан Коммунистік партиясының І (1937 ж), Х (1960 ж), ХІ (1961ж.) сьездерінде КП Орталық Комитетінің мүшесі болды, 1963, 1967, 1971, 1975, 1980, 1985 жылдардағы сайлауларда Қазақ ССР Жоғары Советінің депутаттығына сайланды.
1958-1962 жылдары СССР Жоғары Советінің депутаты болды. Ғ.Мүсірепов бүкіл халықтар жетістіктерін жер жүзіне насихаттап, танытуға белсенді еңбек сіңірген даңқты жазушы. Ол Азия және Африка жазушыларымен байланыс жөніндегі Советтік Комитет председателінің орынбасары, Европа мәдениеті қоғамының мүшесі ретінде шет елдің прогрессивті, демократ жазушыларымен мәдени, достық қарым - қатынасты күшейтіп, нығайтуға да үлкен үлес қосты. Совет әдебиетін ӛркендетудегі аса елеулі еңбегі үшін Ғ.Мүсірепов Ленин (үш рет), Октябрь революциясы (1972), Еңбек Қызыл Ту (екі рет) , Халықтар достығы (1982) ордендерімен, СССР медальдарымен және Қазақ ССР Жоғары советінің Құрмет грамоталарымен марапаттаған . 1970 жылы Ғ.Мүсірепов Кездеспей кеткен бір бейне кітабы үшін Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты болды.Оған 1974 жылы Социалистік Еңбек Ері, 1984 жылы Қазақ ССР Халық жазушысы атағы берілді. 1977 жылы Суреткер парызы кітабы үшін Қазақ ССР Ғылым Академиясының Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Бірінші дәрежелі сыйлығы берілді. Жазушы дүние жүзі әдебиетінің классиктерінен, әсіресе орыс халқы әдебиетінің классиктерінен үйрене жүріп, өзі де өсті. Ғабит Мүсірепов-шеберлігі шығарма сайын ширығып, шыңдала берген, бірден - бірге өрлеп, ең шырқау биіктерге көтеріле берген жазушы. Оның әрбір шығармасы-көркемдік жаңалық, тың сөз, өнеге үлгісі. Оның өзіне қояр, көркем шығармаға қояр талабы өзгеше. Ол-өз шығармашылығының елең - алаңындағы көркем сөздің алыбы, кеңес әдебиетінің атасы ұлы Горькийден, әлем әдебиетінің басқа да ұлыларынан үйренген. Солардың дәстүрін қазақ әдебиетіне дамытушылардың бірі болған қаламгер.[2, 5 б.]
1.2.Ғабит Мүсірепов еңбек жолы, және атқарған қызметтері
Мүсірепов 1928 жылдан бастап Қазақстанның партия, совет баспа орындарындағы әр түрлі жауапты қызметтерде болды.
1928-1932 жылдары Қазақстан мемлекеттік баспаның бас бас редакторы міндетін атқарады.
1933 жылы Қазақ КСР оқу халық комиссариатының өнер секторының меңгерушісі, 1934-1935 жылдары алдымен Қазақ әдебиеті кейін Социалистік Қазақстан газетінің бас редакторы болып қызмет атқарады.
Жазушы 1936 жылы ВКП (б) қазақ өлкелік комитетінің баспасөз бөлім меңгерушісінің орынбасары, 1937 жылы Қазақстан компартиясы саяси-ағарту бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс жасады. Қазақстан орталық партия комитетінде түрлі жауапты қызметтер атқарды. Бірақ шындықтың бетіне тіке қарай алатын Ғабиттің іс-әрекеті кеңес идеологиясына кереғар бола бастайды.
Сталиндік репрессияның зияны Ғабит Мүсіреповке де тиді. Профессор Шериаздан Елеукенов бұл жағымсыз оқиға 1937 жылы болғанын айтады.
Онда Ғабит Мүсірепов орталық партия комитетінде мәдениет бөлімін басқаратын. Ол жазушылар одағында жиналыс болып жатыр дегенді естіп, сонда барады. Онда отырған адамдар оған Бейімбет деген жаудың досы келді деп айтқан. Сонда Ғабит Мүсірепов Бейімбет жау болса, мен де жаумын деп, жиналыстан кетіп қалыпты, - дейді ғалым.
Жазушы мұның соңы жақсы болмайтынын түсінеді. Алайда 1932-1933 жылдардағы ашаршылық Ғабит Мүсіреповтің жадында өшпес кезең болып қалды. Қазақтың бір уыс бидайға жарымай қалғаны елінің ертеңін ойлаған қаламгердің жанына қатты батты. Осылайша, бар шындықты бұрмалап, жоғары жаққа бәрі кереметә деген Голощекиннің саясатын сынағандардың қатарында Мүсірепов те болды.
Тіпті, БК (б) П қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Филипп Голощекиннің жайдарлы отырысын алдына түскен Бесеудің хаты өзгертіп жіберген көрінеді. Хаттың авторлары-Ғабит Мүсірепов, Мансұр Ғатаулин, Емберген Алтынбеков, Мұташ Дәулетқалиев, Қадыр Қуанышев.
Салдарынан НКВД-ның офицерлері бесеудің ізіне түсіп, ұстауға себеп іздей бастайды. Ғабит Мүсіреповке де қауіп төнеді. Ғабитке Тулаған толқында мен Шұғыла шығармаларының мазмұны да елдің колхоздандыру саясатына тікелей қарсы бағытталған деген айып тағылды. 1938 жылдан Ғ.Мүсірепов қызметтен де алынды, партиядан да шығарылды. Алайда ол абақты мен ажалдан аман қалды.
Осылайша, қаламгер 1938 жылдан 1955 жылға дейін бірыңғай жазушылық еңбекпен шұғылданып, өзінің кінәсіз екенін дәлелдеуге кіріседі.[3]
1.3.Ғабит Мүсірепов шығармаларының маңыздылығы
Ғабит Мүсірепов-қазақ әдебиетінің үлкенді-кішілі бірнеше жанрларын өркендетуге кезінде белсене араласқан көркем сөздің зергері. Мәселен, оның қаламынан шыққан көркем әңгіменің қай-қайсысы да идеялық мазмұны терең, жазылу шеберлігі көзтартарлық әсем де мінсіз шығарма ретінде есте сақталып отырады.
Жазушы өзінің сүйікті тақырыбына үзбестен қайта-қайта оралып, қалам тербеумен болғаны жұртшылыққа мәлім. Бұған қалың оқырман қауымның жылы ықыласына, үлкен ілтипатына бөленген Атақты әнші Майра атты 1981 жылы жазылған әңгімесі толық дәлел. Бұл әңгімесінде жазушы тарихи факт, тарихи адамның өміріне сүйене отырып, қазақ әйелінің өнерпаздық тұлғасын оның адамдық қасиетімен ұштастыра тұрып әдемі суреттеп берді.
Өнерді, өнер адамын жырлаудың қазақ совет әдебиетінде қалыптасқан белгілі бір көркемдік дәстүрі бар. Майра туралы жазушы әңгімесі-туған әдебиетіміздегі сол көркемдік дәстүрді тереңдете, байыта түскен кемел шығарма. Бұл шығармасында жалпы көркем өнердің, соның ішінде ақындық, әншілік өнердің дүниеге келу процесіндегі өзіндік ғажайып сырларын жазушы әрі шынайы, әрі әсерлі етіп тебірене жыр еткен. Бұл әңгімедегі өнер жұлдызы Майраның көрікті портреті, ішкі өмірінің жарығы сөз құдыретімен оқырман зердесіне нұр болып құйылып жатады. Әдемі де әсерлі суреттеулер арқылы жазушы Майраның жан дүниесінің тазалығын, адамгершілік-моральдық қасиетінің асылдығын көңілге ұялатып отырады.
Ұрпақтар сабақтастығы казіргі кезеңнің озінде де өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Ғабит Мүсіреповтің Жеңілген Есрафил, Тарландар, Бірінші фонтан сияқты әңгімелерінде жазушы еліміздегі еңбек адамдарының қажырлы кейпін жақсы танытып, өз замандастарының үлкен мұрат-сезімін биік шабытпен толғап берді. Өмір жорығы, Қыран жыры әңгімелері терең ойлы сез шеберінің қолынан шыққан бөлек туындылар. Бұлар-барлық адамзат атаулыға ортақ ізгі мақсат-ұрпақтар сабақтастығын түйіндеп берген терең мағыналы символикалық кемел шығармалар. Бастанаяқ салиқалы ойға, философиялық толғаныстарға негізделген бұл әңгімелердің кім-кімге де берер ғибратты тағылымы, эстетикалық нәрі мол. Мәңгілік өмірді лайықты түрде жалғастыру үшін табанды күреске, жалынды жігерге баулитын өршіл, өміршең идея-аталған шығармалардың зергерлікпен өрілген негізгі арқауы.
Ғабит Мүсіреповтің жазушылық жолы-бірте-бірте сатылап өсу жолы. Проза саласында жазушы ең алдымен шағын жанрларда қалам тербеп, машықтанғаны белгілі. Әңгіме, новелла, очерк, публицистика, повесть жанрларын еркін меңгеріп барып, ол кейінірек романға ауысты.Сӛз зергерінің творчестволық жолындағы белесті туындылардың қатарына қосылған оның Ұлпан романы еді. Өзінің бар ерекшелігімен, көркемдік бітімімен, эстетикалық әсер күшінің молдығымен романда көрінетін Ұлпан-бүкіл қазақ әдебиетіндегі оқшау тұрған әдеби образ. Романдағы Ұлпан бейнесін суреттеуге Ғабит Мүсірепов бүкіл өмір бойы іштей дайындалып, көп ізденіп, толғанғаны мәлім. XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының әлеуметтік-тарихи өмірін терең зерттей келіп, жазушы тарихи фактілерді өмірде шын болған оқиғаларды, адамдарды шығармасына негіз етіп алған. Ұлпан өмірінің хикаясын шерте отырып, автор сол тұстағы бүкіл халық, қоғам өмірінің айқын суреттерін жасап берді. Ұлпанның екінші басты қасиеті-өз заманындағы көне ескілікке, әсіресе, әйелдерді қорлап, кемітетін феодалдық әдет-ғұрыпқа қарсы батыл күресуі, халық өміріне ауадай қажет жаңашылдыққа, прогреске ұмтылып, елге айтарлықтай үлгі-өнеге көрсетуі Ұлпан образының әлеуметтік бітімін әрі көріктендіре, әрі биіктете түскен. Үшінші, үлкен адамгершілік, зеректік, ақылдылықпен қатар Ұлпанда қайраттылық, өткірлік, қаһармандық мінез бар. Ел, халық намысы үшін оның жалындап жарқ еткен тұсы да шығармада қапысыз бейнеленген. Романдағы Ұлпан-сол негіздегі халық өмірінің шынайы сипатын танытатын, жинақтаушылық күші әдебиетіміздегі шын мәніндегі типтік образ. Ұлпан бойындағы барлық, абзал қадір-қасиеттер ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ әйелінің, қазақ халқының адамгершілік, ерлік, азаматтық, батырлық тұлға-бітімінің айқын да жарқын көрінісі екені кәміл.
Жазушы шеберлігін танытатын очерктерінің бірі-оның Қазақтарым, достарым атты туындысы. Жазушының бұл шығармасында еліміздегі туысқан халықтар ақын,жазушыларының қасиетті достығы әрі қарапайым, әрі әдемі суреттелген. Тіпті қаламгердің бұл очеркін достық жыры деп атаса да артық емес. Еліміздің атақты жазушысы Михаил Александрович Шолоховпен (1905-1984) кездескен бірнеше эпизодтарды сөз өнерінің күшімен тартымды да айқын көрсете отырып, автор орыс халқының ұлы жазушысының адамгершілік абзал қасиеттерін тамылжыта сипаттаған. Қазақтарым, достарым атты жазушы очеркі-тек осы жанрдағы ғана емес, бүкіл қазақ әдебиетіндегі халықтар достығы тақырыбындағы көркем шығармалардың таңдаулыларының бірі. Бұл тақырып осымен шектеліп қалған жоқ. Халықтар достығы әлі күнге дейін жалғасын табуда.
Мысалы, Ғабит Мүсірепов өзінің жанашыры Б.Майлин туралы әлсін-әлсін мақалаларын жазып, сөздерін айтып жүрді. 1957 жылы Бейімбет ақталардан бұрын ол туралы пікір жазып берген де тек Ғ.Мүсірепов. Бұл оның айнымағандығы. Бүкіл өмір бойы бақилыққа кеткенше Б.Майлинді қорғау өз алдына, құрмет тұтып, қастерлеп өтуінің не себебі, не мәні бар? Тек алғашқы кезде жазушы болуына қол ұшын, жәрдемін бергені үшін десек, ол ұшқарылау, келте қайырғандық болар еді. Үңіле қарасақ, екеуі бір тұтас адам сияқты. Олардың ең алдымен табынған кредосы, пір тұтқан асылы-адамгершілік ар мен намыс, жан сұлулығы. Бұл қасиеттерді ешқандай алтынға айырбастамайтынын дәлелдеп, нақты достық қарым-қатынастарымен, дүниетанымдық істерімен көрсете білді. Екеуінің мұраты азамат бола білу болды. Адамгершілік биік дәрежеге көтерілген адам ғана нағыз азамат. Жоғарыдағы жиналыста Ғ.Мүсіреповтің ар-инабат, намыс қайда деуі сол азаматтықтың белгісі. Ол Б.Майлинді осындай жағынан жақсы білген, үлгі-өнегесінен үйренген.
Жазушы шығармашылығын осылай бағалай келіп, оның баға жетпес адамгершілік, азаматтық бітім-бейнесін төмендегіше сипаттайды: оның қарапайымдылығы, қолының кіршіксіздігі, жүрек лүпілінің қалтқысыз, қаяусыз пәктігі, талантымен тең тізе қосқан еңбекқорлығы..., бірдемеге бастық болуға жоламау... ерекше мінезі еді, газет, журнал беттерінде қымқиғаш айтыстар болып жатқан күндерде... бір жазушы туралы жаман сөз айтқан емес, бет тырнаса, кеудемсоқ сынға ренжіп қарайтын еді..., жиналыстарда сондай ыңғай, белгі білінсе-ақ кетпейміз бе? деген бірауыз сөз жазған бір жапырақ қағаз жібереді маған, өзі сытылып шығып, есік алдында күтіп тұрады..., бір қасиеті-ғажайып табиғилығы..., ол жүріс-тұрысы сабырлы, салқынқанды мінездің адамы, біреуге сен деп керілдесіп жатқанын көрген емеспін. Бас қатырар тобыр жиыннан аулақ жүретін. Сонымен қоймай өзі де қонақжай болды. Қазақтың сол кездегі көптеген өнер, әдебиет адамдарымен Би-ағаның үйінде таныстым десем артық емес деген пікір калдырды Б.Майлин.
Жазушының адамдардың идеялық көзқарас өзгешеліктерін дөп басьп, шебер суреттеген әңгімесі Талпақ танау (1934). Бұл әңгімеде де қазақ ауылындағы колхоздастыру кезеңінің шындығы баяндалған. Онда еңбекшілерді ұжымдастыру мәселесіне байланысты колхоз төрағасы Сәденнің көрші совхоздан шошқа сатып әкеліп, бесінші түлікті өсіруі, қазақ ауылына жаңа әкелінген бесінші түлікті қазақ шалы Есеннің бағуы, ауыл адамдарының оған шошына, жиіркене қарауын суреттеу арқылы адамдар психологиясында орын алған ескі түсінік пен жаңа көзқарастың қақтығысы сипатталады.
Отызыншы жылдардың орта шенінде жазушыны М.Горькийдің ана тақырыбына жазған романтикалық әңгімелері қызықтырады. Гуманист жазушы М.Горькийдің адам деген ардақты атты жоғары бағалауы, өмірге рух себуші, тіршілік иесі аналардың қоғамдағы рөлі Ғ.Мүсіреповке үлкен ой салды. Ол М.Горькийдің Адамның анасы және Өлімді жеңген ана атты екі новелласын аударып, өзі де Ананың анасы, Ашынған ана, Ананың арашасы (1934), Ер ана (1942), Ақлима (1944) атты әңгімелерін жазды. Ескішілдіктен есіркеп, жаңашылдыққа, прогреске умтылу Ғабит Мүсірепов шығармаларымен шектеліп қана ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz