Қомсыну демеулік шылауы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Филология факультеті

Қазақ тіл білімі кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Шылау, оның түрлері және грамматикалық ерекшеліктері

Орындаған: КФ-21 тобының студенті Копбаева Г. С

Қабылдаған: ф. ғ. к., доцент Саменова С. Н

Қарағанды - 2021

Жоспар:

Кіріспе

  1. Шылаудың жалпы сипаттамасы

Негізгі бөлім

  1. Шылаудың түрлері туралы
  2. Демеулік шылаулар
  3. Септеулік шылаулар
  4. Жалғаулық шылаулар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Кіріспе. Шылаудың жалпы сипаттамасы.

Шылау сөздер - өзіндік қыры мен сыры ашылмаған күрделі сөз табы. Олар әуел баста толық лексикалық мағыналы сөздер болып, уақыт өте келе біртіндеп алғашқы мағынасынан айырылып, жаңа лексика-семантикалық топ құраған. Оған ең басты дәлелдері саналатын көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі шылау сөздер болмақ. Олардың V-VІІІ ғасыр жазба ескерткіштер тілінде дербес категориялық мағына дәрежесінде қалыптасқандығы анықталып отыр. Нақтылап айтқанда, шылаулану үрдісі көне дәуірде емес, одан ертерек болған да, категориялық мағынада топтасуы Орхон-Енисей жазбаларынан қалыптаса бастаған. Тілдегі өзге сөз таптары шылаулардың пайда болуын немесе алғашқы қалыптасуын шартты түрде «шылаулану» деп атаймыз. Шылаулану - өзге сөз таптарының шылаулар қатарына ауысуын білдіретін бірден-бір үрдіс. Шылаулардың пайда болуы, шығу тегі мен дамуында есім, етістік сөз таптарының рөлі ерекше.

Олардың әуелгі лексикалық мағыналары жоғалынқырап, өздеріне тән бастапқы дербестіктерінен айырылып, көмекші сөздер қатарына ауысуына грамматикалық абстракция тікелей әсер еткен. Сол себепті шылаулардың грамматикалық мағыналары лексикалық мағыналарынан әлдеқайда басым түсіп отырады. Жалпы қай тілдің болмасын сөздік қоры байып, түрлі сөздермен толығып, әрбір сөз жеке лексикалық, грамматикалық ұғымдарға ие болуы - тіл дамуындағы қалыптасуының негізгі белгісі. Тілдің даму барысында сөздер бір сөз табынан екінші бір сөз табына өтіп, өзінің бастапқы мағынасынан айырылып, өзге сөз табына тән лексика-грамматикалық мағынаға ие болуы - тілдің тарихи заңдылығы.

Шылау сөз табы - даму барысында мыңдаған ғасырлар бойғы тілдік процестерді басынан кешірген туынды тарихи категория. Олай дейтін себебіміз, қазіргі түркі тілдеріндегі кейбір шылау сөздердің құрамындағы аффикстер шығу тегі жағынан алып қарағанда, сөздің түбірінен ажыратып алуға келмейтін дәрежеге жеткен де, түбірге сіңісіп бір тұтас бөлінбейтін бөлшек болып келеді. Осындай түбір мен қосымшаның жымдасуынан, яғни транспозициялық тәсілдің нәтижесінде шылаулар қалыптасқан. Тарихи шығу төркіні жағынан қарағанда, шылау сөздердің барлығы дерлік атауыш сөздерден, яғни бастапқыдағы дербес мағыналы есімдерден, етістік формаларынан шыққан. Бұл үрдіс тілдің белгілі бір даму тарихында кейбір есім, етістік формаларынан бастапқы лексикалық мағыналары бірте-бірте қолданыста солғындап, әр алуан грамматикалық мағыналарға ие болуының нәтижесінде қалыптасады. Жалпы шылаулардың дамуында көне түркі, орта ғасыр, қазіргі түркі тілдеріне тән негізгі ортақтық - етістіктің көсемше формалары мен есімдерге тән формалар арқылы көнеленіп шылаулану процесіне өтуі. Содан барып, біртіндеп тіл дамуында өзінің қолданылу аясына байланысты шылау сөз табының құрамына енген.

Орхон-Енисей жазба ескерткіштер тіліндегі шылаулар туралы жазылған ғылыми еңбектердің бары жайлы және көне түркі мен қазіргі түркі тілдеріндегі шылау сөздер жайлы ой-пікірлерін қосқан тілші ғалымдар: Томсен В. «Insriptions de I' Orkhon Deshiffrees», Радлов В. «Die Altturkischen inschriften der Mongolei», В. М. Носилов «Язык орхон-енисейских памятников», Р. Әміров «Жалғаулықтардың шығу тарихы», Ә. Н. Нұрмаханова «Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы», А. Габэн «Ескі түрікшенің грамматикасы», В. Г. Кондратьев «Грамматический строй языка памятников древнетюркской письменности VІІІ-ХІ вв», А. Н. Кононов «Грамматика языка тюркской рунических памятников VІІ-ІХ вв», А. М. Щербак «Очерки по сравнительной морфологии тюркских языках», Н. Хаджыеминоғлы «Түрік тіліндегі шылаулар», Е. Ағманов «Қазақ тілінің тарихи синтаксисі», Ф. Зейналов «Служебные части речи в современных тюркских языков», К. Ертаев «Лингвистический статус послелогов в трудах В. В. Радлова» т. б. Бұл ғылыми еңбектердің қайсысында болмасын көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі шылау сөздердің жалпы сипаттама ретінде лексика- грамматикалық қызметі мен негізгі мәні түсіндірілгенімен, морфологиялық, синтаксистік құрылысы, мағыналық түрлерінің құрамы мен этимологиясы және басқа да қасиеттері жан-жақты зерттелмеген.

Негізінен, шылау сөздер деп сөз бен сөзді және сөйлем мен сөйлемді байланыстыру, құрастыру үшін қолданылатын, өздері тіркескен сөздердің ұғымдарына әртүрлі реңктер беріп, оларға ортақтасып, тұлға жағынан тиянақталған, лексика - грамматикалық мағынасы бар сөздер деген анықтама - қазіргі түркі тілдерінің көпшілігіне ортақ. Бұл анықтама сөз табы ретінде қалыптасқаннан бері айтылып келе жатқан теориялық тұжырым болса, көне түркі тіліндегі шылау сөздерге қатысы жоқ дей алмаймыз.

Шылаудың басқа сөз таптарынан мынадай айырмашылықтары бар:

  • Шылаудың толық мағынасы болмайды.
  • Сөйлем ішінде шылау сөздер сөйлем мүшесі бола алмайды.
  • Шылаулар сөз бен сөзді не сөйлем мен сөйлемді салаластыра, сабақтастыра байланыстырып немесе толық мағыналы сөздің жетегінде оған қосымша мəн үстей қолданылады.
  • Шылаулар түрленбейді жəне басқа сөз таптарынан жұрнақ арқылы жасалмайды. Шылаулар - лексикалық мағынасынан айырылу нəтижесінде туған көмекші сөздер. [1//328]

Тіл ғылымында ғалымдар тарапынан шылау жайында шылау ұғымы категориялық мағынаға ие болғанға дейін өзіндік болжамдары болды. Оларды жалғау және жұрнақ деп қарастырушылар өз алдына дербестігі жоқ, лексикалық мағынасы болмайтын, қолданыста ғана белгілі бір грамматикалық мағынаны иеленетін және басты байланыстырушылық қасиетін негіз етіп, дербес сөз деп танымай тек морфема, жұрнақ ретінде қарастырған ғалымдар бар, олар: А. Х. Востоков, Ф. Ф. Фортунатов, И. И. Мещанинов, т. б. Осы сияқты бағытты түркітану саласында А. Казем-Бек, М. Терентьевтер де қолдаған. Екінші бір топ ғалымдар шылауларды арнайы сөз табына жатқызады. Ф. Буслаев, П. Давыдов, А. Потебня, А. Шахматов, А. Боровков шылауларда өзіндік лексикалық мағынасы болмағанмен аффикстен ерекшеленетін белгілеріне және сөздерді топтастыру шарттылықтарына байланысты жеке сөз табы болу керектігін түсіндіреді. Ал түркітанушы ғалымдар А. Н. Кононов, Н. А. Баскаков, Н. П. Дыренкова, Н. К. Дмитриев, И. М. Мелиоранскийлердің зерттеу еңбектерінде шылауларды арнайы сөз ретінде санап, олардың көбін сөз табы қатарына жатқызады. Н. Дыренкова өз еңбегінде алғаш қосымшаларды шылау деп қарауға болмайтындығы туралы айтылады. Шылауларды жеке сөз табы ретінде қарау керек деген маңызды нұсқаулық А. Доблаштың еңбегінен кейін ғана іске асты деп қырғыз ғалымы А. Т. Карымшакова өз зерттеуінде атап көрсеткен. [2//192 б. ] .

Қазақ тіл білімінде «шылау» атауымен сөз табы болып қаралуы А. Байтұрсыновтың «Тіл құралы» атты еңбегінен басталады. Мұнда шылау сөздер аффикс деп қаралмай, сөз таптары қатарында болған.

Қазақ тіліндегі жалғаулықты шылау сөздерді арнайы зертеген Р. Әміров «Жалғаулықтардың шығу тарихы» деген мақаласында шылау сөздердің осындай өзіндік ерекшеліктерін айта келе, бұл сөз табының атқаратын қызметтерін басқа категориялардың бірде-біреуі атқара алмайтындығын және басқа да қасиеттерінің барын көрсетеді.

Профессор Р. Әміров 1959 жылы жарық көрген «Қазақ тіліндегі жалғаулықтар» деген еңбегінде былай деп жазады: «Шылау сөздер өздерінің мағынасы, қызметі жағынан грамматикалық категорияға жуық болғанымен, олар сөз қатарына жатуға тиіс. Өйткені, біріншіден, шылаулар басқа сөздер сияқты дара тұлғаға ие. Сөйлем ішінде бөлек тұрады. Екіншіден, грамматикалық мағыналар да, басқа сөздер сияқты, дүниедегі құбылыстарды танудан туады . . . шылау сөздер де белгілі бір ұғымға ие. Ол ұғым - атаулы сөздер білдіретін ұғымнан абстрактылау, дерексіз, дегенмен, ол - адамның дүние тану, ойлау жұмысы негізінде туған ұғым» [3//7 б. ] .

Шылаудың түрлері туралы

Өзінің «Тіл - құрал» еңбегінде шылауларға сөп табы статусын берген А. Байтұрсынов шылауларды былайша үшке бөледі: 1. Үстеу. 2. Демеу. 3. Жалғаулық. Ғалым шылаулардың қатарына үстеулерді де жатқызады. Демеуліктерге да, де, ма, ме, әлде не, немесе, әйтпесе де т. б. жалғаулықтарды жатқызады. Ал жалғаулықтарға қазіргі күнде септеулік шылау делініп жүрген біраз сөздер енгізілген. Ол туралы А. Байтұрсынов былайша түсінік береді: «Кей сөздер жалғау орнына жүреді жаңа жалғаулар сияқты басқа сөздердің шылауында тұрмаса, өз алдына мағына шықпайды. Сондай сөздерді жалғаулық дейміз. Жалғаулық сөздер қазақ тілінде тіпті аз, мәселен: мен, үшін, арқылы, тақырыпты, туралы». [4//194-196] .

Профессор С. Аманжолов шылауларға: «Сөйлемдегі сөздердің басын қосуда ерекше орны бар дәнекерлік қызмет атқаратын нәрсе . . . » - деп анықтама береді де, бөлінуін екі түрлі деп көрсетеді: жалғаулық, демеулік. [5//42 б. ]

Қ. Жұбанов «Қазақ тiлi жөнiндегi зерттеулер» атты еңбегiнде шылауларды қосалқылар және жалғауыштар деп бөлiп, қосалқылардың өзiн iштей дәйек және аяқ қосалқы деп бөлген.

Профессор Қ. Жұбанов шылауларды қосалқылар, жалғауыштар деп атаған. Қосалқыларға: «Түбірше, оңаша жұмсала алмай, басқа бір түбір сөз, үстеулі сөз, жалғаулы сөздердің біріне қосалқы болып ғана жүре алады. Ондай сөздерге жаңадан көбінесе үстеу де, жалғау да жалғанбайды. Осындай сөздерді қосалқы сөз дейміз» - деп анықтама береді . [5//162-163 бб. ] .

Шылаулар морфологиялық жағынан сөз тіркесі тұрғысынан сөз болып жүр. Алайда шылаулар сөз тіркесі аясында қарастырылды дегенімізбен, олардың өзінше қызметі мен өзінше ерекшеліктері сөз болып қозғалған емес. Тілімізде шылаулар деп аталатын топқа мыналар жатады: дейін, шейін, қарай, əрі, бері, таман, шамалы, мен, гөpi, басқа, үшiн, туралы, арқылы, шақты, сайын, себептi, қаралы, да, немесе, я болмаса, бiрақ, өйткенi, сондықтан, ал, əлде, мейлi, бiресе, кейде, ғана, ой, сол жайында, бекер, егер, онда, сияқты, бойы, ғұрлы, бетер, салым, тарта, жуық, таяу, я, яки, құй, -ау, -ай, -ақ, демек, -мыс, -мic, тұрсын, т. б.

Бұлардың сөйлемде атқаратын қызметi бiрдей емес, сондықтан сол қызметтерiне қарай үш топқа бөлiнедi:

1. Жалғаулықтар.

2. Демеулiктер.

3. Септеулiктер

Профессор М. Балақаев шылауларға көмекшi eciмдердi де жатқызады. Шылаулардың осы түрлерiнiң сөйлемде өзiндiк орны бар. Жоғарыда көрсетiлгендей демеулiктер, жалғаулықтар сөйлемнiң iшiнде көп қолданылғанмен, олардың мүшелiк қызметiне немесе байланысу формасына ешқандай əсер етпейдi . [8//32 б. ]

XIX ғасырдың екінші жартысындағы орыс түркоглогтары мен XX ғасыр басындағы А. Байтұрсынов еңбектерінде шылау сөздер түрлерінің жеке-жеке сөз таптары ретінде танылулары зерттеу авторларының қазақ тілі сөздерін таптастыру барысында семантикалық принципті ғана басшылыққа алуының нәтижесі болды. Ал, XX ғасырдың 30-жылдарынан бастап, қазақ тілі білімінде сөз таптастырудың семантикалық, морфологиялық, синтаксистік принциптерінің енуіне байланысты жалғаулық, демеулік, септеуліктердің ортақ морфологиялық, синтаксистік белгілері анықталып, бір сөз табы аясында біріктірілді.

  1. Демеулік шылаулар

Демеулік шылаулар - модальдік категориясына енетін, дербес сөздерді айқындайтын, түрлі сөйлем құрылысында алуан түрлі реңк қосатын, қалтарыстағы ойды ойды анықтайтын шылау түрі. Олардың демеулік деп аталуы осы тұжырымға байланысты, олар логикалық ойды демейді. Демеулік шылауларынсыз сөйлем құрылымдарының мағыналық бояуы, өңі танылмауы да мүмкін. Демеулік шылаулар сегіз негізгі мағыналық топқа жіктеледі:

  • Күшейткіш демеулік шылаулар- да/ де, та/те, -ай, -ақ, -ау;
  • Сұраулық демеулік шылаулар -ма/ме, ба/бе, па/пе, ше;
  • Шектеу демеулік шылаулар- ғана/ қана;
  • Тежеу демеулік шылаулар- тек;
  • Нақтылау демеулік шылаулар қой/ғой, -ды/ді, -ты/ті, -тын/тін;
  • Қомсыну демеулік шылаулар- екеш;
  • Салыстыру демеулік шылаулар- түгіл, тұрсын, тұрмақ;
  • Болжалдық демеулік шылаулар- мыс/ міс;

1. Күшейткіш демеуліктері: -дағы/- тағы және осы демеуліктен қалыптасқан да/де, та/те демеулігі үнемі күшейткіш мәнде жұмсалады: Жігіттікті кәрілік қуып жетіп, Ажал дағы кешікпей жетесің-ау (С. Т) . Сөйлемдерде демеулік зат есім, сын есімге күшейткіш мән үстеген, сондай-ақ қалау райлы етістікке, есімшеге, сан есім, есімдікке де күшейтуді қосады. Кейде, керісінше, да/де-нің күшейткіш мәні бәсеңдейді: Оны әу баста Гүлзар байқаған да сияқты. Мысалда «да» шылауы есімшемен айтылған, бірақ «сияқты» сөзінің қатысуымен жұмсақтау естіледі. Мына сөйлемде де «емес» көмекшісінен күшейткіш мән солғындаған: Тіпті Сұлтанның бұл іске баратынын ол білген де емес. Да/де жалғаулық, септеуліктерге де күшейту мәнін үстейді. Да/де қыстырма сөздермен келіп сөйлем модальдығын арттыра түседі: Қарияның, шынында да, жаны шығып кете жаздады. Бұл жерде қостау мәні күшейтілген.

- Ақ шылауы абстрактілі демеулік, тіркескен сөздерінің бәріне күшейткіш мән келтіреді: Қазақтың-ақ баласысың. Мұнда түрленген зат есімдермен келген; сын есімнің сапалық, қатыстық түрлеріне, олардың түрлі тұлғаларына, есімдік, етістіктің жедел өткен шақ, қалау рай, - ғанша/ генше, -ар/- ер, -р; -атын/, -етін тұлғасындағы есімшеге, тұйық етістікке, -дай/-дей тұлғалы есімге, күрделі етістік құрамындағы-ып/ іп, -п көсемшеге, ауыспалы осы шақ етістіктерге тіркескенде күшейткіш мәні нақты аңғарылады: Әжеме ұқсағым-ақ келеді. Екеуі бір-бірімен келісіп қойғандай-ақ қол ұстаса кетті. Егер шартты, бұйрық райлы, болымды- болымсыз, -а/-е/-й тұлғалы көсемше етістіктерге тіркессе, күшейткіштігі бәсеңдейді: Осы жігітті көрсем-ақ күлкім келеді. Үстеумен келгенде де күшейткіштігі солғындайды, әсіресе, қимыл-сын үстеуінде: Жаяу-ақ жетіп қалам ғой.

Септеуліктің «кейін, дейін, соң» түрлері модаль, қыстырма сөздерге үстейді: Бағана үйге кіргеннен соң-ақ, дайын тұрған астан ауыз тимей кетпейтінін білген. Бағдаттарды самолетке мінгізіп жібергеннен кейін-ақ Нұрайдың жағдайы күрт нашарлай бастаған болатын.

-Ай, -ау демеулігі жайында ғалымдар пікірі түрліше болғанмен, олардың мағыналы сөздерге тіркесуінде күшейткіш мәні басым: Қарғыс атқыр пендешілік-ай десейші (Ад. Мек. ) . Сөйлемдерде -ай демеулігі зат есімді сөздерге ой екпінін түсіріп, ерекшелеп тұрса, олардың алдындағы «шіркін, бейшара» сөздері сөйлемге эмоциялық реңк беріп, демеулікпен қосарланып, тұтас фраза кею, аяу мәнінде айтылған. Күшейткіштік етістікке де үстеледі: Уақыт шіркіннің зымырауын-ай!

Заттанған сын есімдермен келіп, оларды күшейте түседі: Өй, осы байғұстың тілінің ащысын-ай! Қаратпа сөздерді: Гүлімнің көкесі-ай, көзіме қарамашы, үрейленемін. Өкініш, байбалам салу одағайларын: Ойбай-ай, бауырым-ай.

- Ау демеулігінде дәл осы ерекшелік: Сабазсың-ау, Асылжан, сабазсың. Бұл демеулік жорамал, қостау мағынасындағы модаль сөздерді баса көрсетеді: «Өлі арыстаннан тірі мысық» деген рас екен-ау. Сілтеу есімдігін күшейтеді: Қартайғанаңды кейінгі жастардан білесің деген осы-ау. - Ай демеулігі де осы тәріздес.

2. Сұраулық демеулік шылаулар: ма/ме, ба/бе, па/пе, ше, демеулік шылаулары сұраулық мәнін береді. Ол негізінде предикаттық қолданыстағы демеулік болып табылады, яғни баяндауыш қызметіндегі сөздермен келіп, сұраулық мәнін жамайды. Ма/ме сұраулық демеулігі жіктелген сөздермен келгенде, оның сұрау мағынасы нақты келеді: Сіз Қонаевсыз ба? Бізбен бірге серуенге шығасың ба?

Модаль сөздермен келіп сұраулық мағынасы білінеді: Менің сонда үндемей кетіп қалуым керек пе? 2-ші жақта айтылған сөздермен кірігіп, жіктік жалғауынан бұрын қолданылғанда да сұраулық мән қалады: Майормысың? Аман-саумысың?

Сұраулық қатарындағы -ше демеулігі - ауызекі тілде жиі қолданысқа түсетін шылау б. т. Жай сұрауды емес, әр қызметтегі зат есім, етістік, үстеулерге тіркесіп, айтылған ойды толықтыру үшін, қайталай сұрау мақсатында әрі анықтап білу, жетек мәнінде жұмсалады: Жері ше? Халыққа көмек көрсетеміз дегендерің ше? Ал қалаға ше?

-Ше демеулігі шартты райлы етістікпен келіп жете сұрауды білдіреді: Ерсұлтан ағаң ылғи Шәмші әндерін айтады, ішіп алса ғана. - Ішпесе ше? Бұл айтқаным шыным болса ше? Септеулік шылаудан кейін келіп, жетек сұрауды көрсетеді: Одан соң ше?

3. Шектеу демеулігі сын шектеу мағынасын үстейді. Есімдіктің сілтеу түріне шектік мәнін басым үстейді: Ғалия өзінің кемсеңдеп отырғанын сонда ғана аңғарды. Осы ғана - менің айтарым.

Үстеудің көбіне қимыл-сын түрімен айтылып, шектеуді білдіреді: Ол енді ғана үн қатты; . . . жай ғана жымиып күлді.

Кейде тежеу мәнді «тек» демеулігімен қатар келіп, күшейте шектеу мағынасын қосады: Тек қана оқуменен өнер білмек керек.

4. Тежеу демеулігі: - «тек» демеулігі сөздердің алдынан тежеу мағынасында жұмсалады. Тежеу мағынасын бірде өзінен кейін келген сөзге, бірде бүкіл, тұтас сөйлемге қосылады. Тұтас сөйлемге тежеулікті үстеуде сөйлемнің басында қолданылады: Тек ішінен сезеді, біледі бәрін . . .

5. Нақтылау демеулік шылаулары : Бұл демеуліктің бірі- қой/ ғой, өте жиі қолданылатын демеулік, барлық сөз табына, олардың түрлі тұлғасына нақтылау мағынасын береді: Өмір, шіркін, тәтті ғой. Ол үшін, айттым ғой, қаражат, тым болмаса таныс-тамыр қажет. «Емес», «екен» көмекші етістігімен тіркескенде іс-әрекет нақтылана түсіп, сенімдірек көрінеді: Бұл дәл сіз айтатын әңгіме емес қой. Модаль «мүмкін» сөзімен болжалдылықты нақтылай түседі: Оның енді ұстатпай кетуі де мүмкін ғой. Қой/ғой өзінің табиғи мағынасымен бірге контекске қарай қосымша реңктерді қосады: нақтылы болжау, нақтылы сенімділік т. б.

Нақтылау -ды/-ді, -ты/-ті демеулігі өткен шақтық мәнде емес, өткен шақтағы сөздерді, әсіресе, есімшелерді нақтылап көрсетеді. Өткен шақтық мағына -ды/- ді демеулігінің қатысуынсыз беріледі: Аралбай мырза көпке дейін үндемей, тынып қалғанды. Мұнда «қалған» есімшесі өткенді білдіреді, -ды демеулігі оны тек нақтылаған.

-Ды/-ді демеулігінің өткен шақтағы іс-әрекеттерді, оқиғаны, құбылысты нақтылап көрсету үшін қызмет жасайтынын оның өткен шақты баяндауышты зат есімге, көмекші есім, сын есім, есімдік, жалғаулықтарға тіркесіп жұмсалуынан тануға болады: Қар кетіп, жер дегди бастаған кез-ді (З. Ақ) .

Осы тәрізді қызмет атқаратын демеулік- тын/ -тін. Бұл демеулік жайында ешбір еңбек, оқулық, зерттеуде пікір, көзқарас-болжамдарда кездеспейді. Бірақ көркем шығармаларда сирек болса да қолданылады. -Тын/-тін демеулігінің -ды/- ді шылауымен мағына үстеуде бірдей қызмет атқаруы олардың бір-біріне туыстас екендігін білдіреді. Мысалы: Ақылыма көркім сай болу да көкейімде жүрген арман-тын.

Егер сөйлемдерді - тын/-тін демеулігінсіз қолдансақ, нақтылау мәні жойылып, қимыл-әрекет, оқиға жалпы осы шақта көрінеді. -Тын/-тін демеулігі жатыс септікті сөздерді нақтылайды: Бағана мен кеткенде ол үйде-тін.

6. Болжалдық демеулік шылауы. Жіктелген етістікке ғана тіркесіп келіп, ылғи да сөйлем аяғында қолданылатын -мыс/-міс демеулік шылауы тек болжалдық мағынаны үстейді. Ол баяндауышты етістіктердің қай-қайсысымен болсын қолданылып, болжалдылықты үстейді. Кездестірген сөйлемде - мыс/-міс көбінесе, өткен шақ көсемшені, ауыспалы осы шақ, келер шақ, нақ осы шақ етістіктерді болжай көрсетеді: Бұл әңгімені бұрын соңды естіпті-міс.

7. Қомсыну демеулік шылауы. «Екеш» шылауы - үнемі қомсыну мәнінде жұмсалатын демеулік. Алайда осы мағынасын тек зат есіммен қолдануда көрсетеді: Жан рахатын мал екеш мал да біледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салыстыру демеулік шылаулары
Демеулік шылаулардың қолданылуы (Д.Исабеков «Қарғын» романы негізінде)
Демеулік шылаулардың семантикалық түрлері
ШЫЛАУЛАР
Түрік және қазақ тілдеріндегі шылаулар
Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыруы
Қазақ тіліндегі демеулік шылаулардың қызметі
Ескі қыпшақ жазба ескерткіштері тіліндегі шылау сөздердің қолданысы
Көне Түркі тіліндегі шылау сөз табының мағыналық түрлері
Түркі тілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz