Ислам діні бейбітшілікті жақтайтын дін



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚҰҚЫҚТАНУ КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Террористік акт: қылмыстық құқықтық сипаттама және біліктілік мәселелері.

5В030100 - Құқықтану мамандығы бойынша

Орындаған : Шалкарова Акбота Танатаровна
Жетекші: Мурсалимова Анель Жомарткановна

___________2021 ж.

Өскемен, 2021ж.

Мазмұны

Кіріспе
1.1
Терроризм қылмысының қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
1.2
Террористік қылмыскердің тұлғасы
1.3
Терроризмнің себептері мен алдын-алу
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі




Кіріспе
Менің тандаған тақырыбымның (Террористік акт: қылмыстық құқықтық сипаттама және біліктілік мәселелері ) өзектілігі: жалпы адамзат пен қоғамның барлық даму кезеңінде жалғасып келе жатқан маңызды әрі шешілмеген мәселелердің бірі. Өткен ғасырдың аяғындағы террористік ұйымдардың санының күрт ұлғаюы және олардың өте тез, қарқынды дамуы әлемдік саясаттың өзгеруімен және халықаралық құқықтық-қатынас субъектілерінің артуымен, олардың арасындағы көптеген шешілмеген даулармен туындаған. Лаңкестік қауіп-қатердің тек қана біздің республика аумағында емес, бүкіл дүние жүзіне жайылу жағдайында, адамдардың қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуіне ешкім де кепіл бере алмайды. Сондықтан, лаңкестік көріністерге қарсы іс-қимыл жүйесін жетілдіру үшін халықаралық қоғамдастықтың өзара бірігіп, заманауи ғылымның мүмкіндіктерін қолдану арқылы шара қолдануы қажет.
Қазіргі қоғамдағы негізгі ерекшелік ол: әлем мемлекеттерінің өзара байланысы, яғни достығы. Интеграция үрдістері ғаламдану құбылысына жол ашып отыр. Бұл факторлар күнделікті өмірге өзінің артықшылықтарымен қатар, кемшіліктерін де алып келді.
Оның ішінде, бүкіл әлемдегі мемлекеттер үшін кейінгі он жылдықта адамзатқа төнген ортақ қауіптердің қатарына терроризмнің келіп қосылуы. Терроризм атаулы бұл дерттің қоршаған ортаға да, адамзат қауіпсіздігіне де тигізер қауіпі орасан зор. Сондықтан да, бүгінгі күні халықаралық қауымдастықтың алдында жедел түрде шешілуі керек мәселелердің бірі, дүние жүзіндегі терроризмді қаржыландыру саласындағы қаржы ағымының алдын алу, яғни тоқтату болып табылады. Көптеген мемлекеттерде терроризмді қаржыландыруға қарсы күресте өздеріне берілген тізімді басшылыққа алып, өз аумақтарындағы сол тізімге ілінген террористік, экстремистік ұйымдарды қаржыландыратын топтарды ұстау бойынша жұмыстар жүргізу жүзеге асырылуда. Дүние жүзінің алға тартар мемлекеттері адамзатқа қауіпті терроризмнің алдын-алуға үлкен қаржы жұмсауға мәжбүр болып отыр.
Осы қылмыстардың алдын-алуын 2001 жылғы 28 қыркүйек күні БҰҰ-ның Кеңесінде әлем елдерінің келісуімен терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі Конвенцияны қабылдануынан көруімізге болады. Аталған конвенцияға біздің еліміз 2002 жылы 2 қазанда ратификацияланды.
Бірақ осыған дейін, біздің елімізде 1999 жылы 13 шілдеде Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы, және де 2005 жылы 26 ақпанда Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы заңдары қабылданды.
Терроризмді қылмыстық құқық бойынша сиппаттасақ, ҚР-ның қылмыстық заңының 10 тарауының (Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар бөлімінің) кейбір баптары, яғни соның ішіндегі: 255, 256, 257, 258, 259, 260 баптары қарастырған.
Мемлекетіміздің тоғыз жолдың торабында орналасуы, геосаяси жағынан қолайлы болуы, бұл лаңкестік қауіптің орын алуына үлкен мүмкіншіліктер тудырады. Оған дәлел ретінде, Орталық Азиялық көршілес мемлекеттердегі Қырғызстан мен Өзбекстанда болған жағдайларды атап өтуге болады. Мысалға Қырғызстандағы Бапкент оқиғасы терроризмнің ушығуына алып келсе, Өзбекстандағы экстремистердің лаңкестік әрекеттері ішкі күштердің тарапынан қолдау тауып, аталған оқиғалардың орын алуына алып келді.
Терроризмнің мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына да тигізер зардабы зор. Ол Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, елдегі саяси, діни, ұлттық-этникалық тұрғыдан қарама-қайшылыққа әкеліп, әртүрлі деңгейдегі қақтығыстардың болуына әкеліп соқтырады.
Қазіргі кезде діни фундаментализм мен лаңкестік бір ғана аймаққа, бір ғана мемлекетке тән нәрсе болмай отыр. Түрлі топтар осыны пайдалану арқылы саяси-экономикалық мәселелерді шешуге тырысуда. Бұл ретте Қазақстан Республикасының бірінші Президенті Н.Ә. Назарбаев былай деп атап көрсетті: Қазақстанда терроризм, сепаратизм және экстремизм проблемалары бар. Әсіресе халықаралық терроризмнің кең қанат жайғанын және халықаралық қауымдастық пен аймақтардың саяси-әлеуметтік және экономикалық мәселелермен ұштасып, саясиланғанын ескерсек, олардың тарапынан туындаған қауіп ойдан шығарылған емес, нақты және шынайы өмірлік қауіп. 2001 жылы 11 қыркүйектегі АҚШ-тағы болған террорлық акт жаңаша сипат алып, терроризммен күрестің бұрын тарихта болмаған халықаралық жаңа кезеңіне негіз болды.
Ал Орталық Азиядағы орын алып отырған дін атын жамылған экстремизм мен терроршылдықтың саяси-әлеуметтік негіздерін зерттеу өте актуалды мәселе - деп ойлаймын. Себебі: біздің мемлекет Орталық Азия елдерімен шекаралас тұрғанын естен шығармауымыз жөн.
Біріншіден, дінге байланысты экстремизм мен терроризм кеше мен бүгін ғана пайда болған құбылыс емес. Оның өзінің ертеден келе жатқан тарихи тамыры бар. Қазіргі лаңкестік әрекеттердің мәнін түсінуде адамзат тарихындағы діни көзқарастар мен саясаттарды ғылыми жағынан зерттеудің маңызы ерекше. Өйткені: ол осы кездегі діни экстремизм мен терроризмнің саяси-әлеуметтік негіздерін анықтауға жәрдемдеседі.
Екіншіден, қазіргі кезде Қазақстан Орталық Азияға қақпа пен кілт рөлін атқарып тұр. Себебі, мұнда негізгі интеллектуалдық және техникалық потенциал, үлкен табиғи ресурс жинақталған. Және де Қазақстан әрі Европалық, әрі Азиялық мемлекет болып саналады. Ал оның Орталық Азиядағы көршілері туралы бұлай айта алмаймын. Қазақстандағы діни ахуалдың да басқа елдермен салыстырғанда өз ерекшелігі болып отыр.
Орталық Азиядағы діни экстремизм мен терроризмнің Қазақстанға тигізер ықпалы қандай? - деген сұрақ туындауы мүмкін. Мәселен Ауғанстандағы талибандарға, Аль-Каеда ұйымдарына соққы бергенімен, Орта Азиялық мемлекеттерде діни экстремизм қаупі сейілген жоқ. Мұнда халықаралық экстремистік ұйымдардың ұялары сақталған. Оған есірткі, қару-жарақ тасымалы, босқындар мәселесі тікелей әсер етуде. Осы жағдайды саяси тұрғыдан салыстырып зерттеудің үлкен маңызы бар.
Үшіншіден, Қазақстанда терроршылдықтың әлеуметтік негізі жоқ дейтін жалған пікірді әшкерелеу де актуалды мәселе болып отыр. Қазіргі кездегі мемлекет басшылары мен саясеткерлердің Орталық Азия аймағында терроршылдықтың ислам дінімен ешқандай байланысы жоқ - деген пікірлері зерттеушілерді ойландырмай қоймайды. Сондықтан бұның сырын ашу ісі де маңызды. Терроризмнің дінмен байланыстырылуы, біздің ойымызша жай құбылыс емес. Өйткені: осы күнге дейін діни фундаментализм идеясының мәні және оның адамдардың психологиясы мен мінез-құлқына әсері толық зерттеліп болған жоқ. Лаңкестік жолға түскен адамдардың іс-әрекеті неліктен дінмен байланыстырылады? Неліктен терроризм мен антитерроризм арасындағы күрес діни белгілеріне қарай жүргізіледі? Діни идеялардың қайта күшейе түсуінің Қазақстанда діни экстремизмнің бас көтеруіне қаншалықты ықпалы бар? Адамның немесе белгілі бір топтың лаңкес екенін анықтаудың критериі неде?
Төртіншіден, алпауыт держава мемлекеттер тарапынан лаңкестікке ғана күресте қарсы кінәлілерді біліп алмай, оның туу себептерін анықтап алмай тұрып, беталды соғыс жүргізу орын алуда. Олай болса діни экстремизм, исламдық терроризм туралы әлемдік ақпарат құралдарындағы мәліметтерге, біздіңше, ғылыми дәлелдемелер жетіспейді, оны бағалауда біржақтылық басым. Оны ашып көрсетпесе болмайды.
Бесіншіден, еліміз тәуелсіздік алғалы діннің дамуына кең жол ашылды. Көп жыл кеңес қысымын көрген мұсылман қауымы Құран-Кәрімді еркін оқуға мүмкіндік алды. Мұсылман дінін басқаратын, оның дамуын реттейтін, ұйымдастыратын, уағыздайтын тәуелсіз басқармалар құрылды. Егер 90-шы жылдарға дейін дінді жаман жағынан ғана қарсатырып келсек, енді діннің рухани жағынан пайдалы екеніне көңіл бөліне бастады. Бірақ, әлі де болса елімізде діннің шынайлығы қалыптасып болған жоқ. Бұл салада бұрмалаушылықтар, діни жағынан жалған ақпарат берушілер жетіп жатыр. Осының негізінде діни фанатизмге байланысты терроршылдық қаупі пайда болуда. Сондықтан оның себептерін зерттеу қажет болып тұр.
Алтыншыдан, көп ретте ислам дінін тек қана мәдениет пен адамгершілікке байланысты қарастыру орын алуда. Турасын айтқанда діни экстремизм қандай жағдайда пайда болады, ол қалай терроршылдыққа айналады, не себептен саяси билікке жету құралына айналады ? - деген мәселе ғылыми тұрғыдан зерттеуді талап етеді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Терроршылдықты және терроризмді зерттеу, оны жүйелі түрде талдау қоғамдық ғылымдар үшін өте өзекті мәселелердің бірі екені анық. Қазақстан Республикасының бірінші Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еңбектерінде терроризмге қарсы күрес жолдары ашып көрсетілген. Осы тақырып бойынша бірнеше дөңгелек үстелдер өткізіліп, ғылыми-практикалық маңызы бар конференциялар, мерзімді басылым беттерінде көпетеген мақалалар жарияланған, әртүрлі көзқарастағы ғылыми еңбектерде жан-жақты сараптау және талдау жасалынған. Әсіресе Қазіргі жағдайдағы терроризммен күрес проблемалары - атты тақырыпта өткізілген ғылыми-практикалық конференцияны ерекше атаған жөн болар.
Дипломдық жұмысты жазуда мен келесі заң ғылымы саласындағы ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып жаздым: Збигнев Бжезинский, Генри Киссинджер, Эдгар Джеймс Кингстон-Макклори, Роберт Конквест, Е.П.Кожушко, М.Азлиев, В.В.Устинов.
Өзіміздің қазақстандық ғалымдарды айтатын болсақ: С.М.Абдулпаттаев, А.И.Артемьев, Ә.Қ.Бақаев, Ғ.Есім, Ж.Х.Жүнісова, Ә.Н.Нысанбаев, М.С.Машан, С.Г.Федосеев, ал криминологиялық ғылым жағынан зерттегендер: Е.І.Қайыржанов, А.Н.Ағыбаев, Алауханов Е.О. еңбектерінің мәні мен құндылығы ерекше пайдаланылды.
Терроризм қылмыстардың ауыр түріне жататын болғандықтан, оның жолын кесуді айқын білмей тұрып, бұл үлкен проблемаға қарсы тұру тиімсіз әрі дұрыс бағыт бермейді. Сондықтан мен терроризмнің ұғымын ашып және терең зерттей отырып, оның пайда болуын, шығу себептерін, психологиясын анықтап шешуге тырыстым. Барлығын байланыстыру арқылы терроризммен күресудің дүниежүзілік методикасын қолдана отырып, мен оған қарсы іс-әрекеттің механизмін жасап, құқықтық реттеудің жолын қарастырдым.
Зерттеудің методологиялық негізі. Зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес ғылыми-танымдық әдістер қолданылды: салыстырмалы-түсіндіру, ғылыми-талдау, сараптау, сипаттау және публицистикалық. Мұның өзі авторға біржақты позиция мен догмалардан арылып, зерттеліп отырған мәселені сыни, объективтік тұрғыдан қарастыруға мүмкіндік берді. Зерттеудің методологиялық негізін анықтағанда, қазіргі кезде ғылымда орын алып отырған зерттеудің ғылыми тәсілдерін, атап айтқанда аналогия және эксктраполяцияны басшылыққа алдық.
Ұсынылған негізгі ережелер. Зерттеліп отырған мәселенің маңыздылығына байланысты мен жаңа идеяларды ендіре отырып, оны қоғам өмірінің даму заңдылықтарымен сәйкестендіріп, негіздеуге тырыстым. Тақырыпты зерттеудің қиыншылығына қарамастан, терроризмнің шығу себептерін, түрлерін, күресу әдістерін ғылыми түрде жан-жақты талдап, терроризм құбылысының мәнін ашуда ғылыми жүйелілікті қолдандым. Жұмыстың ғылыми жаңалығы - бұрын соңды жөнді зерттелмеген терроризм психологиясы болып отыр.
Бүгінгі таңда - бұл құбылыс Камикадзе-Шаһид түрінде етек алып отырғандықтан, мен осы мәселені жан-жақты зерттеуге тырыстым. Сондай-ақ тағы бір жаңалығым - жұмыста теория мен практиканың бір-бірімен арақатынасы, яғни қолданылуы.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы. Диплом жұмысының негізгі практикалық маңызы, оның ой-тұжырымдары, сарапталған мәліметтері жаңаша көзқарастық түсініктердің қалыптасуына үлкен көмек береді және студенттердің өзінің білімдік қажеттігін одан әрі дамытады - деп айтуыма болады. Сондай-ақ, жұмыста көрсетілген бұл зұлымдыққа қарсы күрестің әдістерін іс жүзінде де мемлекет тарапынан қолдануға болады - деген ойдамын.
Диплом жұмысының құрылымы: жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде зерттеу тақырыбының маңыздылығы, яғни өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, методологиялық негізі келтірілген және жұмыстың практикалық қолданбалық сипаты, зерттеу жұмысының құрылымы келтірілген. Мәселенің зерттелу деңгейі анықталып, дерек көздері айқындалды. Еңбектің ғылыми жаңалығы мен практикалық маңызы ашық көрсетілді.
Жұмыстың Терроризм қылмысының қылмыстық-құқықтық сипаттамасы деп аталатын бірінші тарауында терроризмге анықтама бере отырып, оның түсінігі ғылыми түрде талданылды. Жұмыста терроризмнің пайда болу себептерінің түрлі жақтары қарастырылды. Тарауда экстремизм және терроризм туралы айта келіп, олардың түрлері мен айырмашылығына тоқтала отырып, Орталық Азияда және Қазақстанда экстремизм мен терроризмнің таралу жолдары туралы айтылады. Екінші тарау Террористік қылмыскердің тұлғасы деп аталып, террордың және терроризмнің психологиясына түсініктеме берілді. Бірінші және екінші тарау түгелімен теориялық мәселелерге арналса, Үшінші тарау Терроризмнің себептері мен алдын-алу - деп аталып, терроризмнің кримнологиялық сипаттамасымен қатар, еліміздегі терроризмге байланысты соңғы 10 жыл ішіндігі статистика келтірілді, сонымен қатар халықаралық терроризм мәселесі қаралды және терроризм қылмысымен күресудің практикалық жолдары ашып көрсетілді.
Қорытындыда жұмыстың негізгі нәтижелері мен тұжырымдары жинақталған.

1.1
Терроризм қылмысының қылмыстық-құқықтық сипаттамасы

Ең алдымен, терроризм дегеніміз не? - деген сұраққа жауап беру қажет. Әдетте оған тар және кең түсінік беріледі. Әр түрлі терминдер пайдаланылады, және олар бір-біріне қайшы болып келеді.
Бүгінгі таңда терроризмнің толықтай және жалпыға бірдей анықтамасын беру өте қиын. Себебі: әртүрлі ғалымдар оның түсінігін әртүрлі келтіреді. Ал мен болсам бұл құбылыстың қарапайым сипаттамасын берумен шектелемін. Көбінесе мамандар терроризмді құқықтық жағынан емес, құбылыс ретінде қарайды. Бұл құбылысты көптеген ғылымның өкілдері зертттеген, әлі де зерттеу үстінде. Мысалға: әлеуметтану және психология, қылмыстық құқық және криминология және тб. Бірақ әдетте мәселе жалпы деңгейде қаралғанда, әсіресе социологиялық бағытта айқын көрінеді. Алайда, терроризм, ең алдымен оны жеңу үшін зерттелетіндіктен, мамандар құқықтық мәселелерді, соның ішінде қылмыстық құқықты және криминологиялық зерттеу мәселелерін шешуде.
Негізінен терроризм, латын сөздігінен аударғанда қорқыныш, қасірет - дегенді білдіреді. Бұл халықаралық қызметтің түрлі субъектілеріне қысым жасау үшін экстремистік ұйымдар қолданатын саяси күрес әдісі. Осыған байланысты терроризмді - халықаралық лаңкестік ретінде қабылдауға болады. Алайда, бұл құбылыс біздің қоғамымызда қалыптасқан күрделі әлеуметтік-саяси процестердің катализаторы болып отыр [1].
Терроризм зорлық пен күш көрсету арқылы қылмыстық әрекеттер жасаудан тұрады. Және оны жеке азаматтарға қарсы жасалған өлтіру мен басқа да зорлық-зомбылық актілерінде көруге болады.
Терроризм терминi ең алғаш 1930 жылы 111 Брюссель конференциясында қолданылған болатын. Ал қазipгi таңда дүние жүзiндегi көптеген елдердiң қылмыстық заңдарынан осынау қылмысқа арналған баптарды, қылмыс құрамдарын көре аламыз.

Кез-келген террорлық акт - терроризмнің бір түрі. Ол ең алдымен қылмыс, соның ішінде аса ауыр қылмыс. Бұл ереже қазіргі қолданыстағы заңдарда нақты анықталып отыр. Бұл ҚР Қылмыстық кодекс пен Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы ҚР заңында айқын көрсетілген [2].
Терроризм проблемаларын зерттеу барысында, келесі жасалу керек негізгі жұмыстарды айқандап алуымыз керек:
-терроризм феноменінің мәні, тұжырымдамасы, зорлық-зомбылықтың басқа түрлерінен айырмашылығы айқын анықталуы керек;
-олардың әрқайсысының табиғаты мен ерекшелігін анықтау арқылы, терроризмнің түрлі көріністерін терең талдау және ғылыми жіктеу жасау қажет;
-терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі нормативтік-құқықтық базаны, ішкі және халықаралық заңнамалар саласында қатаң санкциялау бағытында әзірлеу және дайындау қажет;
-отандық және шетелдік арнаулы қызметтердің тәжірибесін және практикасын ескере отырып, терроризмге қарсы тиімді стратегияның принциптерін, әдістерін және технологияларын әзірлеу;
- терроризм актілерінің кез-келген ақпаратын және алдағы актілерін жинау, өңдеу және сараптаудың тиімді жүйесін құру және бүкіл халықты осы қызметке толық тарту;
- лаңкестік актілерді жасаушылардың типологиясы мен психологиясын тереңдете зерттеуді ұйымдастыру.

XXI ғасырда терроризм әлемде кең таралған өте қауіпті құбылыс болып отыр. Сондықтан терроризмді зерттеу өте қиын. Ең алдымен, бұл лаңкестік анықтамасының жалпы түсінудің әдістерінің жоқтығымен тікелей байланысты. Біздің ойымызша терроризммен өзін мойындату - тек үрей, қорқыныш арқылы ғана жүзеге асады. Көптеген террор идеологтары мен лаңкестердің өздері де терроризмді - қоғамға өздерінің әрекеттері арқылы резонанс тудыру, күш көрсету екендігін мойындайды. Адамзат күш көрсетуден ешқашан бас тартпаған. Заманауи терроризмнің басты қозғаушы күші - қазіргі заманғы мәселе, яғни шешілмеген көптеген проблемалар. Мысалға: дамымаған елдердің өмір сүру деңгейінің төмендігі, кедейшілік, жұмыссыздық, сыбайлас жемқорлық, сауатсыздық, өз кезегінде әртүрлі елдердің дамуы мұның бәрі терроризмнің пайда болуына қолайлы жағдай туғызады.

Дүние жүзіндегі ғалымдардың арасында да терроризмнің түсінігі жөнінде келіспеушіліктер көп. Оның себебі: әрбір мемлекет терроризмге өз қылмыстық заңы бойынша түсінік беруге тырысуда, бірақ барлық мемлекеттер мойындаған терроризм жөнінде ортақ және біртұтас түсінік қалыптаспаған. Бұл жағдай әрине терроризммен күрес жүргізгенде өте үлкен қиындық келтіреді [3,4].

Қазақстанда терроризмнің пайда болу үрдісін зерттей келе, отандық ғалым Е.Карин оны шартты түрде үш кезеңге бөледі:
1-кезең: 90-шы жылдардың соңы мен 2000-шы жылдардың басы. Елімізге бөтен террористер келген кезең;
2-кезең: 2000-шы жылдардың басы мен соңы. Сырт жақтан келген бөтен террористердің жасырын іске тарту кезеңі;
3-кезең: 2000-шы жылдардың соңынан бастап бүгінгі күн аралығы. Оқшауланған немесе өзімізден шыққан террористер.
Соған қоса, саясаттанушы, егер бұдан 10 жыл бұрын Қазақстан үшін терроризмнің проблемасы көп жағдайда, өзінің территориясында өз мемлекеттерінде әскерилендірілген құрылымдарға қатысқаны үшін қудалануға душар болған - бөтен террористердің жасырынып амал жасауымен байланысты болса, 2000-шы жылдардың ортасынан бастап, Қазақстан азаматтарының Орталық Азиялық елдер мен алыс шет елдерде террористік іс-әрекеттерге тікелей қатысуы жиілей түскендігі анықталды.

Қазақстан зерттеушісі Н.М.Садықовтың айтуынша, Қазақстанда мұсылман діни бірлестіктері мен мешіттердің өсуі кезеңінде халықтың ислам негіздері туралы білімінің таяздығы, оның үстіне, түрлі ағымдар мен бағыттардың, оның ішінде фундаменталистік сипаттағылардың адам еркіндігін шектейтін, шариғаттың нанымдық және құқықтың нормаларын қатаң сақтауға үндейтіндері исламның кез-келген бағытын қолдаушылары арасында ішкі этникалық ахуалды арандатып жіберуге жол беруі ықтимал болды .

1991 жылы Қазақстанда 620 діни ұйым мен конфессия ресми тіркелсе, қазір олардың саны 2500-ден асқан. Бұлардың көпшілігі Қазақстан мен қазақ этносы өзінің мұсылмаңдығымен бейбіт өмір сүрсін деп отырған жоқ. Діни ұйымдардың идеологиясына, іс-әрекеттеріне баға бере келе республиканың жоғарғы соты 14 халықаралық ұйымға лаңкестік деп баға беріп, олардын ендігі қызметтеріне тыйым салды. Діни ұйымдардың идеологиясына, іс-әрекеттеріне баға бере келе Республиканың Жоғарғы соты жеті халықаралык ұйымға террористік - деп баға беріп, елдегі қызметтеріне тыйым салды. Бұл ұйымдар: Асбат-аль Ансар (Мұсылман бауырлары), Талибан, Боз Гурд, Орталық Азия можахедтерінің жамағаты, Лашкар-и-Тайба, Әлеуметтік реформалар қоғамы, Истлах. Кейінрек бұл тізімге Аль-Каида, Шығыс Түркістанның ислам партиясы, Күрдтік халық конгресс, Өзбекстанның исламдық козғалыстары, Халифат солдаттары, Шығыс Түркістанды босату ұйымы сияқты діни экстремистік ұйымдар енгізілді.
Аталған ұйымдардың миссионерлері бұрын Оңтүстік Қазақстанда қызмет етсе, қазіргі кезде олар Батыс Қазақстаңда да белсенді әрекеттер жасай бастаған. Хизб-ут-Тахрир атты діни ұйымының қызметі де заңсыз деп таңылды. Бұл ұйымның 13 мыңнан астам кітапшалары мен үнпарақтары тәркіленген болатын. Осылармен бірге Шығыс Түркістанның ислам партиясы, Өзбекстанның исламдық қозғалысы, Таза ислам (ваххабит) сияқты террористік ұйымдардың мүшелерінің ел аумағында қызметтері байқалуда. Ваххабизмнің салафиттік бағытын ұстанатын топтардың Тараз, Алматы және Ақтөбе қалаларында бірнеше мәрте теракт жасамақ болғандары бізге белгілі. Діни экстремисттік ұйымдардың мақсаты Қазақстаңды тәуелсіздік даму жолынан тайдыру.
Осы тыйым салынған ұйымдардың біздің еліміздің аумағына келуінің себептері мыналар: еліміздің шикізат қорларын әлемдік жаңа мұсылмаңдық халифат құру мақсатыңда жұмсау, әлемдік ислам мен христиан діндерінің күрес плацдармына, яғни аймағына айналдыру. Және Қазақстанның тоғыз жолдың торабында тұруы да үлкен маңызға ие болып тұр. Сондықтан Қазақстанға 21 ғасыр басында әлемдік қауіптердің қыспағынан шығынсыз шығу мәселесін шешу міндеті тұр.
Кейбір сарапшылар терроризмді үшінші дүниежүзілік соғыс деп те жүр. Бұл бағаның мәні де бар. Себебі, терроризм әлемнің көптеген мемлекеттерін қамтып, шекараны білмей жүріп келе жатыр. Кейінгі онжылдықта терроризмді ауыздықтау тіптен мүмкін болмай кетті. Терроризм әлемдік тарихтың жаңа қауіпті феноменіне айналды. Оның шексіз әділетсіздігі көп жағдайда жазықсыз бейбіт адамдардың өмірлеріне қауіп төңдіруінде, өмірлерін қиюында. Соңғы онжылдықта лаңкестік әрекеттер бүкіл әлемге оңдаған мың адамдар өмірін қиып, миллиардтаған доллар материалдық шығыңдар әкелгені даусыз.

Соңғы 5-10 жылда терроризм әлеуметтік мәселе ретінде тек жеткілікті, оперативті мемлекеттік және қоғамдық бақылауды ғана емес, сонымен қатар ғалымдар мен практиктердің антитеррорлық қызмет платформасына бірігуін талап ететін өткір кешенді, жалпы проблемаға айналды. Бұған назар аудара отырып, сарапшылар атап көрсеткендей, лаңкестік - бұл елеулі қорғаныс механизмдері әлі табылмаған қауіп түрі. Қазақстанда терроризмге қарсы жұмыстар соңғы 20 жылдың ішінде қарқынды жүргізіліп жатсада, бұл тұрғыдан әлі осал. Сонымен қатар, біздің елімізде соңғы декадада көптеген қауіпті террористік актілер жасалды. Ал солардың басым көпшілігін ұлттық қауіпсіздік комитеті және т.б. мемлекеттік органдардың бірігіп жұмыс атқаруының арқасында алдын алдық. Сондай-ақ олардың халыққа тигізер әлеуметтік салдарын есте ұстауымыз қажет. Террористік әрекеттер әлемінің түкпір-түкпірінде халықтардың бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүруіне бөгет болуда.

Террористік әрекеттерге бастайтын мотивтер қандай көп болса, лаңкестік әрекеттердің әдіс-тәсілдері де сондай көп. Жекелеген адамдарды тұтқында ұстау немесе өлтіру, ұшақтарды басып алу, үкіметке талап қою, мектептерді, дүкендерді, банктерді ішіндегі адамдарымен бірге кепілдікке алу, өмірлік маңызды объектілерді басып алу арқылы су қоймасын, атом электр станциясын жарамыз деп халық пен билікті шантаж жасау сияқты толып жатқан лаңкестік әрекеттер тәсілдері бар. Әсіресе жарылғыш заттарды түрлі жерлерде пайдалану тіптен етек алып барады. Мысалы: Бағдатта, Стамбулда, Исламабадта, Пекинде, Кабулда жарылғыш заттар қойылған автомашиналар жиі жарылуда. Бүкілхалықтық әлеуметтік қолдауға ие болмаған осындай саяси топтар лаңкестік күрес тәсілдерімен халық назарын өздеріне аударады. Террористік топтардың идеологиясы революциялық экстремистік мақсаттар маңында қалыптасады. Зорлықпен билікке келу арқылы мемлекет пен халыққа топтың мақсатын тану лаңкестер үшін жеңіс болып табылады. Террористік әрекеттердің басты ерекшелігі: оның аса құпия жағдайда дайындалуы және тосыннан іске асырылуы. Террорист әрекеттерін әдетте мұқият конспирацияланған, саны шағын, арнаулы лагерлерде дайындықтан өткен топтар жасайды. Террорист командалар ресми биліктің дәрменсіздігін көрсетуге немесе үкіметке қарсы әрекеттерге қарсы еріксіз барғызуды мақсат тұтады. Террористер халықты шошытып қалыпты өмірін бұзады. Қоғам назарын аударту мақсатында бейкүнә адамдардың өміріне қауіп төндіреді. Елдегі тұрақсыздық пен хаос террорист топтардың мақсаттарын орындауға қолайлы жағдайлар туғызады. Кейде террористтік топтар әрекеттері арқылы мемлекеттік билеуші топқа қарсы қоғамдық пікір қалыптастырады. Террористер шағын топтық ұрандармен қоса жаһандық ұрандарды да көтеріп әрекет етеді.

Қазіргі таңдағы терроризм ұғымы - белгілі бір жоспар арқылы жасалып отырған әлем елдерінің мемлекеттік құрылымын шайқалту үшін жасалып жатқан, қауіпті саяси ұстаным десе болады. Осы тұрғыдан алғанда, біздің ойымызша, лаңкестікке қарсы күрес теориясын айтуға болады, ол тиісті саясаттың бағыттарын айқындайды және еліміздегі практиканы одан сайын байытады. Мұнда терроризмге қарсы күрес тұжырымдамасымен, күрес стратегиясын және тактикасын тығыз байланыстыру керек. Бұл лаңкестікке қарсы күрес теориясына және практикасына үлкен пайдалы үлес қосатын ұғым. Ол оң нәтижеге және осы күрестің тиімділігіне бағытталған.
Терроризмнің тәрбиеленушісі ретінде кез- келген адам болуы мүмкін, тіпті ол бай, уәкілетті адамдармен қатар жай, ешбір қатысы жоқ кедей адамдар да болуы мүмкін. Осыны ұмытпағанымыз жөн.
Осы қылмыс кең масштабты және аса қауіпті қылмыс болғанымен, терроризм ғылымда жетік зерттелмеген болып табылады. Терроризмге байланысты қылмыстық заңда қысқаша түсініктер, жекелеген баптар бар, сондай-ақ терроризм туралы қылмыстық және криминалистикалық зерттеулерде жекелеген бөлімдер, терроризмнің тарихы туралы біраз оқулықтар да жеткілікті, бірақ та әлі күнге дейін қазақ тіліндегі терроризм жөнінде үлкен ғылыми зерттеулер, монографиялар жоқ.
Қылмыстық заң терроризмді қылмыстық қол сұғушылықтың ең қауіпті түрлерінің бірі деп есептейді. Ол жайдан-жай емес. Өйткені: бұл қылмыс түрі кез-келген субъектіні қорқыныш, үрейге, қоғамдық пайдалы қызметтің парализациялауына, үкіметтің және басқарудың қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіру арқылы, қылмыстық мақсаттарға қол жеткізуге ұмтылуына негізделген. Терроризм - көп объектілі қылмыс ретінде қарастырылады. Себебі: ол қоғамдық қауіпсіздікке, азаматтардың өмірі мен денсаулығына, меншікке және т.б. зардап әкеледі. Терроризм азаматтардың белгілі шеңберіне, кейде қалалар мен әкімшілік аудандардың тұрғындарына, билікке аса үлкен қауіп төндіруі мүмкін. Бұл жерде әкелетін ең үлкен зардаптардың бірі адамның өмірі. Терроризм әрқашан қауіпті салдарға әкеледі. Жалпы, бұл қоғамдық мүдде үшін өте ауыр қайғы.
Сарапшылардың айтуынша, террористік актілерді және олардың түрлерін, террористер типологиясын жіктеу кезінде, терроризмнің алдын-алу жөніндегі шараларды дифференциациялау жүйесін негізге алу керек. Қылмыстық заң терроризмнің жіктеу критерийлерін ресми түрде анықтайды, тиісінше кінәлі тұлғаның типологиясын жасайды және терроризмнің жалпы құрамын анықтайды. Соған мысал келтірсек: ол үшін қылмыстық кодекстегі Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар атты 10 тарауының жекелеген баптарының мәнімен, құқықтық тілде айтқанда диспозициясымен танысамыз. Осыған байланысты терроризмнің қылмыстық құрамын анықтап алуымыз қажет.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 255 бабы бойынша, терроризм актісі, яғни жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза табуы, елеулi мүлiктiк залал келтiру не қоғамға қауiптi өзге де зардаптардың туындау қаупiн төндiретiн өзге де әрекеттер жасау, егер бұл әрекеттер қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу, халықты үрейлендiру, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, шет мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның шешiмдер қабылдауына ықпал ету, соғысқа арандату не халықаралық қарым-қатынастарды шиеленiстiру мақсатында жасалса, сондай-ақ аталған әрекеттердi дәл сол мақсаттарда жасау қатерін төндіру - делінген. Бұл жерде қылмыстың тікелей объектісі - қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, оларды реттейтін қатынастар түрі болып табылады. Адамның өмірі, денсаулығы, мүліктік меншігі немесе сезім мүдделері.
Терроризм қылмысының объективтік жағынан ерекшелік белгісі - осы баптың диспозициясында көрсетілген зардаптардың болу қаупінің тудырылуы жеткілікті болып табылады. Яғни, қылмыс зардаптарының нақты орын алуы қажет етілмейді.
Мысалға: өрт қою, жарылыс жасау немесе өзге де әрекеттерді жүзеге асыру арқылы іс-әрекет жасалғанымен, заңда көрсетілген зардап орын алмаса да, қылмыс аяқталған деп танылады. Себебі: мұндай әрекет адамдардың қаза табуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғам үшін қауіпті басқа зардаптардың болу қаупін тікелей төндіріп тұр. Осыған байланысты қылмыс құрамы - формальдық болып табылады.
Қылмыстың субъектісі - 14 жасқа толған, есі дұрыс кез келген адам болып танылады.
Субъективтік жағынан терроризм тек қана тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінәлі адам заңда көрсетілген әрекеттерді істеу арқылы зардаптардың болу қаупін туғызады немесе соны жасаймын деп қорқытудың қоғамға қауіптілігін сезеді және соны жүзеге асыруды тікелей тілейді.
Қылмыстың субъективтік жағынан қажетті белгісіне заңда қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты қорқыту не мемлекеттік органдардың, шет мемлекеттің немесе халықаралық үйымның шешім қабылдауына ықпал ету - деген сияқты арнаулы мақсаттары қосып көрсетілген .
Қылмыстық кодекстің 255 бабының 2 тармағында осы қылмысты ауырлататын түрлеріне: бірнеше рет; азаматтардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіретін қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды, жарылыс заттарын немесе жарылыс құрылғыларын қолдана отырып жасалғаны үшін қатаң жауаптылық көзделген - деп жазылған. Қылмыстық кодекстің 11-бабында бірнеше рет істелген қылмыстың түсінігі туралы анықтама берілген. Атыс қару-жарағының түсінігі туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы желтоқсандағы Жекелеген қару түрлерінің айналымын мемлекеттік бақылау жасау туралы заңында анықтама берілген.

Терроризмнің әлеуметтік зардаптары қоғам өмірінің және қызметінің әртүрлі бағыттарына еніп, өздерінің үрейін тудырады және олардың бәрінің әлеуметтік мәні бар. Терроризм туындатқан кез-келген шығын, зиян, залал сандық эквивалентте есептеп көрсетілуі мүмкін емес. Дегенмен, осыған байланысты жұмыстар жүргізілуге тиіс. Біз барлығын нақты жасауға тырысуымыз керек. Терроризмнің салдарын бағалап әрқашан қоғамның қауіпсіздік деңгейін зерттеп, азаматтарды қорғау және экстремизмге қарсы тиімді күресу, зорлық-зомбылық пен қатыгездікті жою үшін жоспарлы жұмыс жасауымыз қажет.

Бірақ бүгінгі күнге дейін терроризмнің мәселелері толық зерттеліп болды деуге болмайды. Оның саяси-әлеуметтік негіздері, ғылыми зерттеу жағы басқа мемлекеттермен қатар Қазақстан үшін де өзекті болғанымен, тіпті жеткіліксіз, яғни терроризммен күрес мәселелері актуальды күйінде әлі де қалып отыр. Діни радикализмнің, әсіресе ваххабизмнің зиянды салдарлары туралы ғылыми жұмыстар жеткіліксіз. Сондықтан да, исламдық фанатизмге жол бермеу шараларын қарастыру қажет.
Орта Азиядағы діни экстремизм мен терроризм көптеген заңсыз әрекеттермен тікелей байланысты. Мысалы: есірткі, қару сатумен, адамдарды ұрлаумен. Аталған бұл қылмыс түрімен күрес жолдары әлі де болса толық жолға қойылған жоқ. Жоғарыда айтылған елдердің қатарында, соның ішінде Қазақстанда да, халықтың қару саудасында, есірткі бизнесіне сұранысын жоюдың саяси стратегиялық шаралары жеткіліксіз екені айқын көрінуде. Уәкілетті органдар мен министірліктер тарапынан ішкі және сыртқы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жүргізіліп, жыл сайын дамып келе жатыр. Бұл жұмыстың мақсаттары мен міндеттері осы айтылғандардан туындайды.
Терроризм мен лаңкестіктің адамзат тарихында мыңдаған жылдар бойы орын алып, өзгеріп отырғандығы бәрімізге мәлім. Ал оның адам айтқысыз күшейген кезі 20 ғасырдың аяғы мен 21 ғасыр екені тарих дәлелдеді.
Әлемдік АҚШ, Ресей, Германия, Қытай, Жапония, Ұлыбритания, Франция сияқты алпауыт державалар үнемі әлемдік басылымдылыққа ұмтылған, әлі де ұмтылуда, келешекте де ұмтыла бермек. Олардың дамушы елдерге көрсеткен қысымына жауап ретінде қазіргі таңдағы әлемдік терроризм өмірге келді. Сонымен қатар артта қалған елдердің өз ішіндегі билікке жетуді көздеген террористік топтар өз әдістерін белгілі бір мақсаттарға жету үшін пайдаланады. Әлемдік терроризмді С.Борбасов екі топқа бөледі: бірінші топ: дамыған державалар саясатына жауап беру мақсатында әрекет ететін, мемлекеттік шеңберінен шығып, әлемнің кез-келген нүктелерінде әрекет ете алатын интернационалистік байланыстары бар лаңкестер. Ал екінші топ: үшінші әлем мемлекеттеріндегі нақты саяси басшылыққа немесе саяси бағытқа қарсы әрекет ететін, сол елдегі билікті иемденуді немесе бөлісуді мақсат тұтқан топтар болып табылады.
Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес саясаты қазіргі кездегі АҚШ-тың стратегиялық доктринасымен тығыз байланысты болып отыр. Бұрыңғы қорқыту доктринасының орнына, яғни, Американың жауы - деп саналатын елдерге соққы беру саясаты нақтыланып, оның орнына халықаралық терроризм ұялаған елдерге қарсы алдын-ала соққы беру стратегиясымен ауыстырылды. Сөйтіп халықаралық терроризммен күрес көптеген мемлекеттердің тарапынан қолдау тапқан жаңа әлемдік тәртіп орнатуға, немесе басқаша айтқанда, Американдық үстемдік дәуіріне алып келді. Бірақ, сонымен қатар, біраз мемлекеттер оның ішінде БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері, бұл жаңа дәуірде Американың біржақты саясатын шектейтін бұрынғыдан да жаңа стратегиялық саясат керектігін алға тартуда. Ондай идея Араб мемлекеттері Лигасына, сол сияқты, Европалық және Азиялық елдер мен халықтардың көңілінен шығып отыр[11].
Қазіргі кездегі терроризмнің сипатын талдап қарайтын болсақ, олардың көпшілігі құпия ұйымдарға кіретін жасырын жұмыс жүргізетін топтар болып келеді. Сондықтан оларды анықтау, іздеп табу айтарлықтай оңайшылыққа түспейді. Терроршылардың бәрі бірдей өздерін көзсіз өлімге тігетіндер емес. Мамандардың айтуынша, камикадзеге, басқа терминмен айтқанда шахидтікке баратын террористердің үлес салмағы небәрі 1-2% дан аспайды екен. Ондайлардың өз сенімдері бар: яғни, жан қинамай әдемі өлу, содан кейін мәңгі жұмаққа бару. Бұлардан басқа екінші бір тобы тура өлімді қаламаса да, қажет болған жағдайда өлуге де дайын тұратындар екен. Ал олардың үлесі шамамен 20-30% құрайды екен. Террористердің ішінде басым көпшілігін құрайтындар - ол террорист жалдамалылар. Олар - 50% құрайды, теракт жасағандары үшін ақша алады. Террорист-идеологтар болса ешқайда бармай, ешнәрсеге қыстырылмай, жай ғана отырып, террорлық актіге тапсырыс береді. Олардың саны - 10% дан аспайды және олар өте қауіпті.
Ислам діні бейбітшілікті жақтайтын дін. Ол, Құранда басқа діндегі адамдарды өлтіруге шақырмайды. Сондықтан дін атын жамылған террор мен исламды бірдей деп қарауға болмайды. Діни лаңкестік сол дінді саясаттандыру арқылы жасалады. Ол да түрлі идеологиялық әдістер арқылы жасалады. Мысалы, жихад ұғымын пайдалану әдісі. Жихад сөзінің синонимі қайрат, жігер. Яғни ислам дінінде жихад ету - талпыныс көрсету, жігерлендіру, қайрат көрсету мағыналарын білдіреді. Бірақ осыны шектен тыс саясаттандыру негізінде, жихад ұғымы күрделі бұрмаланып, экстремизм мен террорды жүзеге асырады.
Террористердің ойынша, терроризм өз мақсатына жету жолындағы қандай да бір мейірімсіз құрал қолданылса да өзін-өзі ақтайды екен. Шындығында діни терроризм дегеніміз - діни ұрандарды жамылып, саяси және т.б. мақсаттарға жету жолындағы адам айтқысыз қантөгіс арқылы бейкүнә адамдарды жоюға әкелетін құрал. Бірақ осыған қарамастан кейінгі уақытта кез-келген террорлық актіге тек ислам діні кінәлі деген айдар тағылуда. Ал бұл әділетсіз.
Ислам діні мен террорлық актілер не себепті байланысты түрде қарастырылады? Алдымен соны анықтап алу қажет. Біріншіден, идеологиялық мүмкіндіктің бәрі батыс БАҚ-дарының қолыңда болғандықтан. Екіншіден, исламның Батысқа өз қарсылығының күшеюінде. Үшіншіден, қанды оқиғалардың барлығын тек исламистер деп атаудың өзі ислам дініндегілерді одан сайын ызаландыра түседі. Ал турасын айтқанда, Батыс саясатшыларының ислам мен террор біртұтас - деп түсіндіріуі орынсыз. Тек ғана ислам дініндегілердің саясаттандырылған бір бөлігі ғана өлімге құштар террористер. Мұндайлар радикалды исламның атын жамылып, билік үшін терроризмді кәсіп еткендер. Бұл жоғарыда айтқандай, оны саясатқа пайдаланудың нәтижесі. Олай болса бүгінде әлемде болып жатқан жанжалдардың бәріне тек ислам кінәлі деу дұрыс емес. Діни экстремизм тек қана исламдық болмайды. Соны естен шығармауымыз қажет. Ол әртүрлі діни және мистикалық секталар ретінде де бой көрсетуі мүмкін.
М.С. Әшімбаев айтқандай, исламды саясаттандырудың төрт түрлі сценариі белгілі: 1-Тәжікстандағыдай діни-кландық; 2-Шешенстандағыдай сепаратистік; 3-Өзбекстандағыдай оппозициялық-биліктік; 4-Қырғызстандағыдай сырттан болатын қақтығысқа тартылу сценариі. Осыларға қарап Қазақстанға исламды саясаттандырудың кезегі келіп тұр деп алаңдауға болады.
Билікке қол жеткізу мақсатындағы күш қолдану, біздіңше, тікелей саяси террор болып табылады. Ондай терроризм саяси қарсыластар жағын қорқытуға тікелей бағытталады. Бұл жағдай таза күш қолдану саясаты ғана болып қоймай, өз мақсаттарына жету үшін діни астарды да қоса пайдаланады. Сөйтіп саяси террор оппозицияның нағыз радикалды бөлімі ретінде де көрініс табады. Мемлекеттік төңкеріс жасауға ұмтылу оппозициялық терроризмді күшейтеді. Геополитикалық бәсекелестік те, саяси террорға жатады. Яғни ол үлкен саясаттың бір бөлігі. Көптеген діни фундаментальды, экстремистік ұйымдар геополитикалық саясаттың қолшоқпары ғана. Ондай қарулы қақтығыстар географиялық шектеуді және белгілі бір соғыс шекарасын білмейді, құпия түрде жүзеге асырыла береді. Осындай өте қауіпті және болжап болмайтын қарулы террорларды соғыстың жаңа түрі деуге толықтай болады.
Діни экстремизмді көптеген авторлар әлеуметтік немесе саяси қарсылық көрсету түрі мен әдісі десе, екінші топтағылар оны геополитикалық бәсекелестік құралы деп санайды. Қазақстан Республикасының заңында діни-экстремизм - ҚР-ның конститутциялық құрылысын күшпен өзгертуге, тұтастығын бұзуға, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тектік, таптық және рулық араздыққа, сондай-ақ адамның денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруге бағытталған, шектен шыққан көзқарастар мен әрекеттердегі діни сенім бостандығына берілушілік дейді. Ал саяси экстремизм ұғымы - қалыптасқан саяси жүйеге және орын алып отырған саяси қатынастарға қарсы бағытталған радикалды іс-әрекеттерді білдіреді. Бұл ретте ол терроршылдықтан басқа да шараларды, яғни бүлік, революциялар, әскери төңкеріс сияқты түрлі күштеу акцияларын, сондай-ақ конституциялық құрылысты өзгертуге бағытталған ұрандар мен мемлекетке қарсы айтылған пікірлерді қамтиды. Ал саяси экстремизмнің мақсаты - мемлекеттік билікті белгілі бір саяси топтың үстемдігінен жеңіп алу болып табылады. Бұндай экстремистік қозғалысты жақтаушылар түрлі исламшыл партиялар мен ұйымдар құрып, осы арқылы қоғамдық саяси өмірді реттемекші болып әуреленуде.
Мысалы, әскерилендірілген Адолат ұйымы Өзбекстанның Наманган облысында құрылғаны белгілі. Олар өздерінің бұл өлкеде исламдық мемлекет құру жоспарын жасырмайды. Бүгінгі күні бұдан басқа да құрылған Хизб-ут-Тахрир атты ваххабистер бірлестіктері бұл аймақта үлкен қауіп төндіріп отыр. Бұлардың Ташкентте билікке қарсы үлкен террорлық жарылыстар жасағандары белгілі. Бұл терроршыл, экстремисшіл қозғалыс көрші елдерден, мысалы, Пакистаннан, Ираннан, Ауғанстаннан, Түркиядан көмек алып отырғаны ешкімге жасырын емес. Бір қарағанда бұл діни бағыттағы қозғалыс болып сияқты көрінгенімен, оның шынайы саяси-экстремистік бет-бейнесін айқын көрсетіп отыр[13].
Діни экстремизм мен терроризмнің айырмашылықтары мен ұқсастықтары бар. Экстремизм тура өзін алғанда терроризм емес, ол тек соған алып келетін жол. Біздің ойымызша діни бағыттағы экстремизмге итермелейтін келесі факторларды атап айтуға болады: дін жолынан тайғандардың көбеюі; өзге діндердің басымдығы мен қысымы; Қазақстан жағдайында мұсылмандардың түрлі діни секталарға көптеп тартылуы; ұлттық дәстүрлердің бұзылуы; батыстық дәстүрдің демографиялық жағдайға қауіп төндіруі; қылмыстың және сыбайласлас-жемқорлықтың өршуі. Осындай жағдай соңғы жылдары Орталық Азия мемлекеттеріне үлкен қауіп төндіріп отыр. ТМД-ның құрамындағы Орта Азиялық республикаларға діни экстремизм мен терроризмнің ықпалы Ауғанстан жағынан күшті болып отыр. Оның қатерлі қауіпі алдымен Тәжікстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда мықтап орын алды.

Сонымен қатар террорлық актілерді ең алдымен әскери техникалық-тұрғыдан қарағанда: азық-түлікті уландыру, химиялық-биологиялық қаруларды қолдану, ядролық объектілерді бүлдіру, АЭС-тер мен плотиналарды бұзу, компьютерлік және информациялық деп жіктеуге болады. Келесі моральдық-психологиялық тұрғыдан: терроризм ерекше қатыгез, аморальдықтың жоғары түрі, құрал таңдамау және т.б. Осының бәрінде олардың көздейтін ортақ мақсаты - психологиялық қысым көрсету болып отыр.

Террорлық актілерді К.В. Жаринов келесі бес түрге бөледі: 1-диверсия, 2-адамның өміріне қастандық жасау және өлтіру, 3-хайджекинг, 4-аманаттарды ұстау, 5-рейдтер.
1-Диверсиялық акті деп - жарылыс жасау, улы заттарды тарату, сол сияқты транспорт құралдары мен ғимараттарды жарып жіберуді айтуға болады. Ол үлкен адам шығынына әкеледі. Оның психологиялық эффектілігі де басқаларға қарағанда күштірек болады.
2-Адам өміріне қастандық жасау және өлтіру - лаңкестіктің негізгі бір әдісі болып табылады. Көбінесе оны қаруланған топтар жүзеге асырады.
3-Хайджекинг - транспорт құралдарын, яғни ұшақтарды, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі заман ислам философиясының методологиялық ерекшеліктері
Бейбітшілік пен келісім елі
Ислам - әлемдегі бейбIтшIлIктIң кепIлI
Діни экстремизм
«Хизб- ут-Тахри Аль-Ислами» -діни экстремистік ұйым болып қалыптасуы
ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМ ЖАЙЛЫ
Дін адамдардың бірлестігін және ұйымдастығын қалыптастырушы идеологиялық механизм
Діннің тәрбиелік мәні
Египет Араб Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы қарым қатынастың даму тарихы (1992-2003 жылдар)
Араб тілінде Ислам сөзі бойсұну, бағыну, мойындау мағынасын білдіреді
Пәндер