Тәрбие және оның мақсаттылығы



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҚСАТТЫЛЫҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

2 ӘР ТҮРЛІ КЕЗЕҢДЕРДЕГІ ТӘРБИЕ МАҚСАТЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

3 ТӘРБИЕ МАҚСАТЫНЫҢ ҰАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҚСАТТЫЛЫҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

2 ӘР ТҮРЛІ КЕЗЕҢДЕРДЕГІ ТӘРБИЕ МАҚСАТЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

3 ТӘРБИЕ МАҚСАТЫНЫҢ ҰАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 26

КІРІСПЕ

Өзектілігі. Ежелгі ойшылдар тәрбиенің мақсаты ізгі, рақымшыл азаматтарды тәрбиелеу деп түсінді. Ал, "рахым" туралы пікірде олардың ойлары бір жерден шықпады. Сократтың түсінігінше, тәрбиенің мақсаты - заттардың табиғатын зерттеу емес, өз-өзіңді тану, аса құлықтылықты жетілдіру. Сократтың шәкірті Платон ақыл-ой, ерік және сезімді тәрбиелеуге көп ықылас білдірді. Ол тәрбиені өкіметтің өзі ұйымдастыруы керек, үстемдік етуші топтар - филосовтармен жауынгерлердің талап тілегіне сай жұмыс істеу деп түсінді. Платонның шәкірті Аристотель, тәрбиенің мақсаты жан рахымы - ақыл-ес пен ерік-жігерді дамыту деп білді.
Қай заманда, қандай қоғамда болсын алдында тұрған зор міндеттердің бірі - болашақ ұрпағын тәрбиелеу. Жан - жақты жетілген, ақыл парасаты мен мәдениеті мол, саналы ұрпақ тәрбиелеуде әр халықтың салт - дәстүрі ен дамуындағы бағалы байлықтың нәрін біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.
Басқа халықтар сияқты қазақ елінің де ұрпақ тәрбиелеуде мол тәжірибесі, жиған - тергені, озық ойлары мен өзіндік ерекшеліктері. Осындай мол мұраның дәнегін мәпелеп екпейінше жастарды ізгілік пен парасаттылықты тәрбиелеу мүмкін емес.
Еліміз егемендігіне қол жеткізіп,тәуелсіздіктің туын желбіретіп отырған бүгінгі күн ұрпақ тәрбиесінде ерекше назар аударуды қажет етеді.Ұлттық сана мен ұлттық рухты тәрбиелемейінше,ұлттық мемлекет қалыптастыру дегеніміз мүмкін емес екендігі баршаға аян.Ұлттық рухты биік бағалайтын мықты ұрпағы бар ел ғана қандай да болмасын мәдени,саяси және экономикалық дағдарыстан мойымай өтері хақ.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстандық патриотизмге,отансүйгіштікке тәрбиелеу ісін мемлекеттік идеологияның аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде алға тартуының сыры осында жатыр.
Қазіргі кезеңде отандық педагогикадағы тәрбие мақсаты мен тұжырымдалу ерекшеліктерінің маңызы ерекше.
Зерттеудің мақсаты: Қазіргі кезеңде отандық педагогикадағы тәрбие мақсаты мен тұжырымдалу ерекшеліктерін теориялық тұрғыда негіздеу.
Зерттеу объектісі: тәрбие беру үрдісі.
Зерттеу пәні: педагогикадағы тәрбие мақсаты.
Зерттеу мақсатына жетуде келесі негізгі міндеттерді орындаймыз:
oo Тәрбие мақсаты туралы түсінік және педагогика классиктерінің тәрбие мақсаты жөніндегі пікірлерін айқындау;
oo Әр түрлі кезеңдегі тәрбие мақсатының тұжырымдалуы;
oo Қазіргі қоғамдагы тәрбиенің мақсатының тұжырымдалу ерекшеліктерін қарастыру.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: тәрбие теориясы; қоғам, мектеп, жеке тұлғаның өзара байланысы, оқу үрдісін басқару теориясы.
Зерттеудің деректі көздері: педагогтардың, психологтардың, философтардың танымдық әрекеттері, таным, білім, тұлға мен оның әрекеті туралы ғылыми зерттеу еңбектері, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2030 Жолдауы, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, оқулықтар, бағдарламалар мен оқу әдістемелік құралдар, озат мұғалімдердің іс-тәжірибелері.
Зерттеу әдістері: тақырып бойынша психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге теориялық талдау жасау, оқулықтарға, бағдарламаларға, оқу әдістемелік құралдарға талдау жүргізу.
Курстық жұмыс құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және ғылыми әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҚСАТТЫЛЫҒЫ

Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдыдтарихи өмірде жинаңталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.
Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардық өмір сүру тәртібін меңгереді.
Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті жағдайларды анықтайды.
Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануға тиіс. Табиғи және әлеуметтік орта оның көзқарасын дамытады.
Тәрбие - бұл адам жанын жетiлдiру өнерi. Тәрбиеде адам табиғатын жетiлдiрудiң ең күштi сыры бар. (Иммануил Кант). Олай болса, тәрбие процессiнде жеке тұлғаның сана-сезiмi мен ақыл-ойына жүйелi түрде әсер етiп,оның дүние танымының дамуына , ерiк-жiгерi мен моральдық бейнесiнiң қалыптасуына ықпал етедi. Сонымен қатар тәрбие - адамдарды қоғамда еңбекке және басқа да пайдалы әрекеттердi орындауға, көптеген әлеуметтiк қызметтердi атқаруға дайындаудың табиғи заңдылық процессi. Олай болса, ,тәрбие көптiң iсi. Тәрбие мәселесiмен қоғамдық ұйымдар , мекемелер және жұртшылық болып айналысқан жағдайда ғана нәтижелi болмақ. Соған сай тәрбие туралы ұғымға тар мағынада емес,кең мағынасында, яғни табиғат және әлеуметтiк ортаның, мектеп пен ата-аналардың жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына мақсатты түрде ықпалы, өзара әрекетiнiң нәтижесi ретiнде қараған жөн.
Сондықтан да тәрбиенiң мәнiсi, бiрiншiден, қоғам үшiн саналы, белсендi, iзгiленген, iскер азаматты қалыптастыру болса, екiншiден, жеке адам үшiн оны өмiр сүре бiлуге, өзiн қоршаған ортамен қарым-қатынас жасай бiлуге үйрету. Олай болса, тәрбие процессi деп - қоғамның талап-тiлектерiне сай әрбiр жеке тұлғаның ақыл-ойын, сана - сезiмiн, ерiк-жiгерiн, мiнез-құлық ерекшелiктерiн жүйелi түрде қалыптастырып, дамытудағы тәрбиешiлер мен тәрбиеленушiлердiң өзара бiрлескен әрекетiн айтамыз.
Тәрбие - көпжақты процесс. Жасөспiрiмдердi азамат етiп тәрбиелеу, қоғамдық пайдалы еңбекке әзiрлеу процессi қоғамның барлық азаматтарының мiндетi, отбасы, мектеп пен жұртшылық әректiн қадағалап, бағыт-бағдар берiп, олардың бала тәрбиесiндегi жұмыстарын бiрыңғай бағытта ұйымдастырып отыратын ол - ұстаздар тобы. Оның орталығы - мектеп[1].
Тәрбие процессiн табысты, нәтижелi ұйымдастыру тәрбиешiлерге, алдымен тәрбие заңдылықтарын жете түсiнуді қажет етедi.
Педагогикалық құбылыстар деп - тұлғаның өмiр сүруi, әркеттерi барысында жеке басында, айналасында кездесетiн, ықпал ететiн табиғи немесе табиғи емес әртүрлі жағдайларды айтуға болады.
Тәрбие процессiнiң негiзiнде тұлғаның табиғатын, әлеуметтiк мәнiн, қоғамдық өмiрдiң обьективтiк қажеттiлiгiн бiлдiретiн заңдылықтар жатады.
Тәрбие принциптерi тәрбие мiндеттерiне сай анықталады. Педагогика тарихының дамуында тәрбие принциптерiнiң төмендегідей жүйесi қалыптасқан:
1.Тәрбиенiң мақсаттылығы;
2.Тәрбиенiң өмiрмен, еңбекпен, қоғамдық құрылыс практикасымен байланыстылығы;
3.Еңбек арқылы тәрбиелеу;
4.Жеке тұлғаға талап қоюшылықпен құрметтей бiлудің бiрлiгi;
5.Балалардың жас және дара ерекшеліктерiн есепке алу;
6.Тәрбиенiң жүйелiлігi, бiрiздiлiгi және үздiксiздiгiн қамтамасыз ету;
7.Жеке тұлғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу;
8.Тәрбие процессiнде мектеп, отбасы, жұртшылық әрекетiнiң бiрлiгi болуы;
Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн оған әлеуметтiк те, сондай-ақ белгiлi бiр материалдық та жағдайлар жасау қажет. Ол үшiн :
1.Халыққа бiлiм беру жүйесiн үнемi жетiлдiрiп, дамытып отыру
2.Оқу-тәрбие беретiн мекемелердiң материалдық-техникалық базасын үнемi жақсартып отыру
3.Мәдени-ағарту мекемелерiнiң жүйесiн құру, клубтар, мәдениет сарайлары, кiтапханалар, лекторийларды ұтымды ұйымдастыру
4.Жастардың денсаулығына қамқорлық жасау, олардың жаппай дене тәрбиесiмен күн сайын айналысуын насихаттау
5.Тәрбие процесiнде халықтық педагогиканы кеңiнен пайдалану, аға ұрпақтың әлеуметтiк тәжiрибесiн меңгерту.
Осы мәселелсердi өскелең өмiр талабына сай ұйымдастыру, жас ұрпақты үйлесiмдi етiп тәрбиелеудiң негiзi болмақ. Қандай қоғам болмасын, оның сәттi болуы болашақ жастарының денсаулығына тiкелей байланысты. Қазiргi нарықтық экономика жағдайында тәрбие процессiнiң тиiмдiлiгiн одан әрi жетiлдiру ерекше маңызға ие болып отыр.
Себебі, жан- жақты үйлесiмдi дамыған адам деп - өзiнiң бойындағы рухани байлықты, моральдық тазалықты және дене жағынан жетiлгендiктi үйлестiре, ұштастыра бiлген, сана-сезiмi жоғары, өмiрдiң түрлi салаларында белсендi қызмет етуге қабiлеттi, iзгiленген тұлғаны айтады.
Коменскийдің Ұлы дидактика еңбегінде оқыту проблемалары ғана емес, сонымен бірге тәрбие (адамгершілік, ақыл-ой, дене және эстетикалық тәрбие), мектептану, педагогикалық психология, отбасы тәрбиесі мәселелері де орын алды. Осы еңбегінде ол сенсуалистік педагогикалық принциптерге үлкен мән берді. Бұл принцип, бүгінгі оқыту тәжірибесінде дидактиканың алтын ережесі деп қарастырылады.
Коменский алғашқы болып сынып-сабақ жүйесін құрастырған болатын. Сонымен бірге ол жалпыұлттық мектеп мәселесін, мектеп ісінің жоспарлануы мәселесін, білім беру сатыларының адам жасына сай болуы мәселесін, тіған тілде оқыту мәселесін, гуманитарлық білімнің ғылыми-техникалық біліммен үйлесімділігі мәселелерін өз еңбектерінде көтерді.
Коменский тәрбиеде табиғатпен үйлесімділік принципін, педагогикалық процесті ұйымдастыруда балалардың жас және дара ерекшеліктерін ескеруді енгізді. Коменскийдің дидактикасында табиғатпен үйлесімділік принципі табиғатқа еліктеу идеясына негізделген, яғни педагогикалық заңдар табиғат заңдарына сәйкес болу керек.
Өзінің Выход из школьных лабиринтов еңбегінде, Коменский табиғат пен тәрбиенің заңдарының бірлігіне негізделген оқытудың төрт сатысын қарастырады: бірінші - автопсия (өзбетімен байқау); екінші - автопраксия (практикада қолдану); үшінші - автохресия (меңгерілген білім, іскерлік, дағдыны жаңа жағдайларда қолдану); төртінші - автолексия (өз әрекетінің нәтижелерін өзбетімен баяндау).
Коменскийдің педагогикасының фундаментальді идеясы - пансофизм идеясы болып табылады, яғни өркениеттің жинастырған барлық білімді жалпылау және осы білімді қоғамдық, нәсілдік, діни белгілерге қарамастан барлық адамдарға туған тілдерінде жеткізу.
Өзінің Лабиринт света и рай сердца (1625) еңбегінде Коменский адамды өмір лабиринтімен келе жатқан жолаушы ретінде қарастырды. Бұл лабиринтті сәтті өту үшін, адам қоғамға пайда әкелетін білімді меңгеруі керек деп көрсетеді. Жиырма жылдан кейін өзінің О развитии природных дарований трактатында ол былай деп жазады: Кім білімді болса, сол әрдайым пайдалы болады және әруақытта қандай да бір тосын жағдайларға төтеп бере алады.
Законы хорошо организованной школы трактатында мектеп мұғалімдеріне қойылатын талаптарды, оқушылардың тәртібіне қойылатын талаптарды, мектепте жүріс-тұрыс ережелерін ұсынды.[1]
Қорыта айтқанда, тәрбие - қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан туатын объективтік процесс.

2 ӘР ТҮРЛІ КЕЗЕҢДЕРДЕГІ ТӘРБИЕ МАҚСАТЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ

Мақсат дегеніміз - бір нерсеге ұмтылу, іске асыру. Бұл тұрғыдан алғанда тәрбие мақсаты -- жастарды өмірге әзірлеу мақсатымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының нәтижесін ерте болжау.
Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді. Тәрбие мен қоғам бір мезгілде пайда болды. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамымайды. Алғашңы қауымдық құрылыста ересектер балаларды еңбекке дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын үйретті.
Таптық қоғамда тәрбие мақсатын анықтау қоғамның ең негізгі мақсатына айналды. Құл иеленуші қоғамдық құрылыста құлдар, өндіріс құралдары (жер, еңбек құралдары) - құл иеленушілерінің жеке меншігі болды. Тәрбиенің мақсаты құл иеленушінің мүддесіне бағындырылып, балаларды басқыншылық соғыс өнеріне тәрбиеледі.
Әрбір мемлекетте балаларға білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудық нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылады. Мұғалім қандай адамды қалыптастыратынын дәл білуі керек. К.Д.Ушинский өз қызметінің айқын мақсатын көрмейтін тәрбиешіні құрылыс материалдарын бір жерге үйіп тастап, одан не алғысы келетінін білмейтін архитектормен салыстырады. Тәрбиеші жас ұрпаққа берілетін білім, іскерлік, дағдыны, тәрбиелейтін сезімді біліп, жоспарлы, мақсатты тәрбие жұмысын жүргізеді.
Я.А. Коменский "Тәрбие мақсаты және міндеттері, маңызы, жүзеге асыру жолдары адамның қоғамда алатын орнымен анықталу керек", "Келесі ғасырдық қандай болатындығы сол ғасыр үшін тәрбиеленген азаматтарға байланысты. Дүние - даналар-дық көптігімен баңытты" - деген ойлар айтты. Осы ойларын "Ана мектебінің" кіріспесінде өрбітеді.
"Тәрбие - адамды қалыптастыратын және жетілдіретін үйлесімді процесс" - деп Коменский тәрбие мақсатын төмендегідей негізгі элементтерге бөлді:
:: адамға барлық заттарды білгізу - "ғылыми білім";
:: заттардың және өзінің қожасы ету - "адамгершілік";
:: құдайға, заттарға құлшылық ету - "діни тәрбие";
:: тән саулығы - "дене тәрбиесі".
И.Г. Песталоцци тәрбиенің мақсаты балаға бастауыш білім, еңбек, ақыл-ой, дене тәрбиесін беріп, жан-жақты және үйлесімді дамыту деген.
Неміс педагогы А. Дистервег педагогикалық мәселелерді шешудегі сословиелік және шовинистік саясатқа қарсы күресіп, "Мектептің міндеті - адамзатты және өз халқын сүйетін саналы азаматтарды тәрбиелеу" - деген.
К.Д. Ушинский тәрбиенің мақсаты қоғамға пайдалы, адамшылығы бар адамды тәрбиелеу деген. Ол адамгершілік тәрбиесін ақыл-ой, еңбек тәрбиесімен тығыз байланысты қарастырады. П.П.Блонский тәрбие мақсаты балаға жалпы адамзаттың және ұлттың мәдениетті меңгеруге көмектесу, жеке тұлғаның жалпы адамзаттық идеалдарын қалыптастыру деген.
Педагог - классиктердің тәрбие мақсаты жөніндегі пікірлері

Тәрбие мақсаты және міндеттері, маңызы, жүзеге асыру жолдары адамның қоғамда алатын орнымен анықталу керек", "Келесі ғасырдық қандай болатындығы сол ғасыр үшін тәрбиеленген азаматтарға байланысты. Дүние - даналар-дық көптігімен баңытты

Я.А. Коменский

Тәрбие - адамды қалыптастыратын және жетілдіретін үйлесімді процесс
Я.А. Коменский

тәрбиенің мақсаты балаға бастауыш білім, еңбек, ақыл-ой, дене тәрбиесін беріп, жан-жақты және үйлесімді дамыту
И.Г. Песталоцци

Мектептің міндеті - адамзатты және өз халқын сүйетін саналы азаматтарды тәрбиелеу
А. Дистервег

тәрбиенің мақсаты қоғамға пайдалы, адамшылығы бар адамды тәрбиелеу
К.Д. Ушинский

өмірдің негізгі мәні -- еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбексүйгіш адам ғана түсіне алады. Мәнсіз еңбек, мағынасыз бейнетқорлық адамның жігерін мұқалтады, өз еңбегінің қызығын, рақат-ләззатын көре білу - кісіліктің басты белгісі

Ы.Алтынсарин

талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сынды жеке тұлғалық жақсы сапаларды қалыптастыру мақсатын қойып, өсек, өтірік, маңтаншақтың, еріншектік, бекер мал шашпақ сияқты зиянды әдеттерді жоюға шақырады.
Абай Қүнанбаев

Көркем денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден .ляззат алып, жаны толқынарлық болса, баланың дұрыс тәрбие алып шын адам болғандығы

М.Жұмабаев

1 Сурет. Педагог - классиктердің тәрбие мақсаты жөніндегі пікірлері

1941-1990 жылдардағы педагогикалық әдебиеттерде "жан-жақты даму" ұғымына ақыл-ой, политехникалық оқу және өндірістік еңбек, адамгершілік тәрбиесі, дене және эстетикалық тәрбие салалары енгізілді.
А.С.Макаренко тәрбиенің мемлекеттік міндеті негізінде педагогикалық міндет қойып, педагогтардың жұмысын бақылауға алуға болатындығын атап көрсетті. Ол "Тәрбиенің негізгі мақсаты баланы жан-жақты дамыту" - деген ұсынысты қолдады, В.А.Сухомлинский оны жүзеге асырды[2].
Тәрбие мақсаты қазақ тәлім-тәрбие тағылымына да қойылды. Ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби "Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім - адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі" - деді.
Ы.Алтынсарин "өмірдің негізгі мәні -- еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбексүйгіш адам ғана түсіне алады. Мәнсіз еңбек, мағынасыз бейнетқорлық адамның жігерін мұқалтады, өз еңбегінің қызығын, рақат-ләззатын көре білу - кісіліктің басты белгісі" - деген.
Абай Қүнанбаев талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сынды жеке тұлғалық жақсы сапаларды қалыптастыру мақсатын қойып, өсек, өтірік, маңтаншақтың, еріншектік, бекер мал шашпақ сияқты зиянды әдеттерді жоюға шақырады.
М.Жұмабаев "Көркем денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден .ляззат алып, жаны толқынарлық болса, баланың дұрыс тәрбие алып шын адам болғандығы" - деп жазды.
Мәтжан Мақсымұлы Тілеужанов өзінің "Қазақ тағылымы" атты монографиясында (1994) қазақ тағылымының негізгі бағыттарын атап көрсетті. Олар: ар-ождан тазалығын сақтау; ақыл-ойлы, парасатты болу; барлық әрекетінен, сөйлеген сөзінен, қарым-қатысынан, көзқарасынан ғибрат иісі аңқып тұру; ерте тұрып, кеш жату; аз сөйлеп, көп тыңдау; иманды, инабатты, қайырымды болу; жас ұрпаққа тәрбие беруден жалықпау; халық дәстүріне берікболу; оны жаңарту; әдет-ғұрыпта жоқ нерселерден алулақ болу; сегіз қырлы, бір сырлы болу; халқының рухына кір салмау; ел берекесін сақтап, оның баюына үлес қосу.
Сонымен дәстүрлі педагогикада жас ұрпақты тәрбиелеудің негізгі мақсаты "жан-жақты үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру" - деп жазылды.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы "Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы" халықаралық адам құқығы туралы нормаларға сәйкес жазылған.
Қазақстан Республикасында халыққа білім, тәрбие берудің Негізгі мақсаты-Қазақстанның егемендігін қамтамасы ететін, оны бүкіл дүние жүзіне мойындататын, онымен тең қарым-қатынас жасап, Қазақстандық патриотизмді, саяси бостандықты қамтамасызыз ететін нарықтың іргетасын қалап, экономикалық бостандыққа қол жеткізетін, жан-жақты дамыған адамдарды тәрбиелеу.
Тәрбие мақсаты - ол педагогикалық процесс пен қоғамның қажеттілігіне қарай өзгеріп отырады. Тәрбие мақсаты қоғамның әлеуметтік сұранысына қарай және оның табысты орындалуы ұстаздың кәсіби дайындығына байланысты келеді. Ұстаздың қызметі мақсаттылығынан басталса, ал оқушылар оқу іс-әрекетінің мақсатын нақты ұғына отырып, тапсырманы орындауын бастайды.
Тәрбие мақсаты - бұл қоғамның бетбұрысына, қандай мұраттарына қол жеткізуіне бағытталған. Тәрбие мақсаты -педагогиканың ең маңызды мәселесі. Мақсат-тәрбиенің жалпы мақсатылығынан, тәрбие жүйесінің сипатын айқындаушы ретінде керінеді. Мақсат пен міндет бүтін және бөлшек ретінде ара қатынаста болады, жүйесі мен оның компоненттеріне тәуелді. Қорыта айтқанда, тәрбиенің нақты тербие міндеттерінің жүйесі. Тербие мақсаты жалпы жене жекеленіп келеді. Тәрбиенің мақсаты жалпы болып келгенде, яғни барлық азаматтарда сапалы құндылықтардың, ал жекеленіп келуі, яғни жеке тұлғаның қалыптасуын кездейді. Қазіргі заманда тәрбие жүйесіне қарай тәрбие мақсаты әр алуан болып келеді. Тәрбие мақсатының әр алуандығы тәрбиенің өте күрделілігін керсетеді. Мақсаттылықа объективтік себептер әсер етеді. Олар, дененің физиологиялық жетілу заңдылығы, адамның психикалық дамуы, философия мен педагогикалық ойдың жетістігі, ортаның үнемі қоғамның мүддесіне орай өзгеріп отыруы.
Медениет деңгейі, тірбие мақсатының жалпы бағытын айқындап отырады. Тәрбиенің мақсаты нақты-тарихи сипатына қарай құбылмалы келеді. Қоғамның тәрбие мақсатын өз бетінше ойдан шығаруына болмайды. Тәрбие мақсатын тұжырымдауда, міндетті түрде табиғат, қоғам, адамның объективті даму зандылығына сүйену қажет.
Тәрбие мақсатын анықтауда маңызды себептердің қатарына жататындар, мақсатты құрастыру, оны белгілі зандылыққа негіздеуді есепке алу. Ол саясат, мемлекет идеологиясы сияқты факторлармен бірге, тәрбие мақсатын айқындауда қоғам өзінің қажетті талабы мен мүддесінің маңыздылығын ұдайы есепке алу жұмыстың дұрыс жүруіне кепілдік береді. Тәрбие мақсаты қоғамда жастардың белгілі бір функцияларын жүзеге асыру процесінде олардың уәждік қажеттілігінен туады. Қоғам қажеттілігі өндіріс тәсілі мен өндіріс күші және өндіріс түрі қатынасының даму деңгейімен анықталады. Сондықтан тәрбие мақсатының нәтижесі әрқашан қоғам дамуының жетістік деңгейін бейнелейді, ал өндіріс тәсілін өзгертумен анықталып отырады. Ойымызды нақтылау үшін, тәрбие мақсатының коғамдық-экономикалық қатынас түріне байланысты екенін атап өтеміз.
Негізгі мақсатқа ұмтылу, ұстазға айқын мақсаттар белгілеп, кәсіптік іс-әрекеттерінің нәтижелерін оқушьшардың тәрбиеге бой ұсынуынан, құлшынысынан байқауға болады. Нақты мақсаттар туралы сөз қозғағанда, олардың анықтамасының негізгілерін беліп алу қажет. Ең алғашқы әлеуметтік негізі әрбір индивидтің дамуы табиғаттың адамға генетикалық тұрғыдан берген әлеует мүмкіншілігін дамытумен қатар, оның даралығын қальштастырумен байланысты. Баланың дараланып дамуында белсенділік, күш-қуат артуымен қатар, еркі мен ақын-сезімінің қалыптасуы, оның болашақ кәсібінің бейімін, қабілетін интегралдап, іс-әрекетке қолданудың амалы күні-бұрын қарастырылады. Жеке бастың дамуы белгілі бір әлеуметтік жағдайға байланысты.
Екінші негізі, адам мен қоғамның қарым-қатынасына тәуелді. Ұзақ уақыт бойы педагогикалық мақсаттарды талдау мен негіздеу қоғам мен өкімет қажеттілігіне сай келетін мақсаттар жоғары дәрежеде болып есептеледі. Мұндай жағдайда баланың қызығушылығы екінші орынға шегеріліл отырды.
Бірақта, гуманистік педагогика баланың қызығушылығын ояту мәселесін ең басты деп есептеді. Бүгінгі күнде тәрбиеленушінің өз күшімен жетістікке жету мүмкіңдігіне басшылық жасау тәрбие берудің басымдық рөлін арттыруда.
Осыған орай, барлық педагогикалық мақсаттарды шартты түрде өзара байланысты екі топқа бөлуте болады: үлгілі (идеал) және өзекті (актуальді) соңғысы тқлғаның дамуымен даралығын қальштастыру және оны үздіксіз дамыту міндеттерімен нақтыланады.
Тірбиенің нысанасы тұлға болса, бірақ өз бойларында қажетті сапаның дамуы оқушьшардьщ өздерінің белсенді іс-әрекеті мен оларға тәрбие субъектісі ретінде қарап педагогикальщ басшылық жасау. Ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық және дене тәрбиесі тұтас педагогикалық жүйе шеңберінде қарастырылады.
Жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені игеруі саналы-ұтымдьі іс-әрекетіне, онда шешуші рөл білім жүйесі мен эмпирикалық дәстүрлі қалыптағы қоғамдық психологияға байланысты. Бұл жерде көзқарастар мен позипияларға, құнды бағыттарға, дүниетанымға қоғамдық психология басым ықпал етеді. Тәрбие мақсатының негізгі бөліктерін философиялық категориялардың тізбегімен сипаттауға болады: мотив-қажеттілік-қызығушылық-мақсат .
Қарым-қатьшастың мақсаты қоғамдағы іргелі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында оқушылардың санасының белсенді ұстанымын қалыптастыру болып табылады. Мақсат - іс-әрекет нәтижесін күні бүрьш идеалды ой-тұжырым арқылы болжау. Тәрбие-әлеуметтік институт ретінде қалыптасуын әлеуметтендіру, мәдениет және әлеуметтік ереже, әлеуметтік тәрбие мақсатында жүргізу, сол арқылы қоғам мүшелерінің әлеуметтік қажеттілігін өтеуге жағдай жасау[2].
Педагогика тарихындағы ой - пікірлердегі тәрбие мақсатының мәселесі. Тәрбие мақсаты төңірегіндегі пікір-талас ежелгі дәуірдің өзінде-ақ басталған. Ежелгі ойшылдар тәрбиенің мақсаты ізгі, рақымшыл азаматтарды тәрбиелеу деп түсінді. Ал, рақым туралы пікірде олардың ойлары бір жерден шықпады.
Сократтың түсінігінше, тәрбиенің мақсаты- заттардың табиғатын зерттеу емес, өз-өзінді тану, аса құлықтылықты жетілдіру. Сократтың шәкірті Платон ақыл-ой, ерік және сезімді тәрбиелеуге көп ықылас білдірді. Ол тәрбиені өкіметтің өзі ұйымдастыру керек, үстемдік етуші топтар -- философтар мен жауынгерлердің талап-тілегіне сай жұмыс істеу деп түсінді. Платонның шәкірті Аристотель, тәрбиенің мақсаты жан рақымы - ақыл-ес пен ерік-жігерді дамыту деп білді.
Я.А. Коменский тәрбиенің күшіне сенді, оның ойынша тәрбие үш мақсатқа жетуге бағытталуы қажет: өзіңді және қоршаған ортаны тану (ақыл-ой тәрбиесі) және құдайға сиыну (діни тәрбие). Дж. Локтың ойынша, тәрбиенің негізгі мақсаты джентельменді өз істерін ақылмен және байыппен жүргізетін адамды қалыптастьфу. Ж.Ж. Руссо қоғамдық құндылықтарды қалыптастыруға тәрбие мақсаттарының бағыт-ұстанымынан айныған емес.
И.Г. Пестолоццидың тәрбие мақсаты, адамның табиғи күш-қуаты мен қабілеттілігін дамытуға негізделуді, сонымен қатар, бұл даму жан-жақты және үйлесімді болуының биігінен көрінуі қажеттілігіне тоқталса, ал
И.Ф. Гербарттың ойынша, тәрбие мақсаты, рақымды адамды қалыптастыруға, қалыптасқан қарым-қатынастарға бейімделе алатын, қоғамдағы белгіленген тәртіпті сыйлайтын, оған бой ұсынатын адамдар деген түйінге келеді. Тәрбиенің ең жоғарғы мақсатын А Дистервег ақиқат, сұлулық және мейрімділікке өз ынтасымен қызмет ету деп анықтаған.
Көп уақытқа дейін тәрбие мақсаты идеалды адам мұратына, жан-жақты үйлесімді дамыған, рухани байлығы мол, моральдық қылықтары таза және дене күпгі дамытан тұлға ретінде түсінді. Әрине, бұл ұстаным - тәрбиенің негізгі мақсаты. Бірақ, тәрбиенің мақсаты біржақты қарастырылып, күнделікті тәжірибеде тербие жұмыстарының нәтижелері алға қойған мақсаттан біршама ерекшеленуіне әкеп соғады.
Ресейде, социал-демократтар тәрбие мақсаттары туралы өз көзқарастарын өлемге ұсынды. XIX ғ. 40-жылдарында В.Г. Белинский крепостнойлық право мен патшалық саясатқа қарсы күрескерді тәрбиелеу деп жазды. А.И. Герцен тәрбие мақсаты -қоғамдағы әділетсіздікпен күресетін еркін ойлы, адамгершілігі мол, қайраткер, жан-жақты дамыған тұлғаны дайындау деп санады. Біз ақыл-ойдьщ дамуына таныммен қатар адамгершілік тәрбиенің міндеті анағұрлым маңызды- деп, КД. Ушинский жазды.
Сол себепті, бүгінгі тәрбиенің мақсатын әлеуметтендіру мәселелерімен бірлікте қарастыру өзекті мәселелердің бірі екеніне ерекше мән берген орынды.
Педагогикалық процестегі тұлға аралық қатынастар. Педагогикалық процестін теориялық моделін жасау қалайша оның мәнінде тәрбиенін нәтижесіне қол жететіндігін анықтауға мүмкіндік береді. Әдеттегі қалыптасқан көзқарас бойынша , әсіресе жалпы практикада мұғалімнің екі тәуелсіз оқыту және тәрбиелеу іс - әрекеттер саласы бар деп есептелінеді. Осыған сай мұғалім екі роль атқарады: пән мұғалімі және сынып жетекшісі.
Оқытудың тәрбиелік мүмкіншілігін жоспарда қарастыру әрекеті көбінесе оқылатын материалдын мазмұнымен байланыстырады немесе оқушыларда қайсарлықгы, мақсаттылықты, жауапкершілікті және т.б. қалыптастыруға ықпалын тигізеді. Сөзсіз оқу пәндердің мазмұндарының өзінде белгілі бір тәрбие күшті әсері салынған. Бұл екі мәселемен байланысты: біріншіден менгерілетін пәннің мазмұны қаншалықгы қоғамның даму денгейіне, оның мүддесіне сай келетіндегіне; екіншіден бұл мазмұнның оқушыларды қаншалықгы табиғаттың, қоғамның және адам ойлауының, дамуының объективтік зандылықгарын түсінуімен қаруландырады, яғни көзқарастарының қалыптасуына ықпал етуімен байланысты. Кезінде А.С. Макаренко, тұлға кемшілігін оның қоғамдағы қатынастарындағы кемшітіктерімен байланысты деген болатын. Демек, процестің негізгі тәрбиелік тетіктерін оқушьшардын қалыптасқан қатынастары кеңестерінен іздестірген жөнх[1].
Жалпы білім беретін мектептің педагогикалық процесінде оқушы үшін екі негізгі қатынастың маңызы бар. Ол мүғалімдер мен оқушылар арасындағы өзара қатынастар және оқушылардың бір - бірімен өзара қарым - қатынастары. Сондықтанда жалпы білім беретін мектептің педагогикалық процесіне сәйкес екі бір -бірін өзара толықтыратын және өзара әрекетте болатын тәрбиелеуші тетіктері туралы айтуға болады.
Бірінші сыныптың өзінде бала үшін оның мектеп мұғалімдерімен, әсіресе өз мұғалімімен қатынасы тартымды және маңызды болады. Бастауыш мектептерде мұғалімнің оқушыларға қатынасының маңыздылығының арта түсуі кездейсоқ емес: себебі кішкентай оқушы өмірінде мұғатімнің маңызы зор,ол үшін мүғалім білімінің беделінің, оның тәжірибесінің, даналығының маңызы зор,оның жетістіктері қаңдай мұғаліммен кездескендігінен қатты байланысты оқушьшарды бірте -- бірте өзінің білім көлемі, тәжірибесі жинакталады,тұрақты қатынас өрісі қалыптасады, мұғаліммен қатынасының маңыздылығы төмеңдмейді. Бірақ жоғары кластардың өзінде де толық жойылмайды.
Бірақта зерттеулердің (А.С. Макаренко; Т.Е. Конникова ; Л.И. Новикова; М.Н. Шульц және т.б.) мұғалімнің оқушылармен іскерлік ынтымақгастығында балаларға еркіндік берумен іс - әрекет тәсілдерін оқу барысында тактикалық көмек көрсету арасында тепе- тендіктің керектігі анықталған. Онда балалар мұғалімнің біліміне, тәжірибесіне сенеді, алдымен ақылдасуға келеді, себебі олар өздерінен үлкен адамдар тарапынан шексіз сыйластықгы, қадыр құрмет (тіпті олар қателесіп жақсылық жасаса да) және шебер тактикалық көмегі болатындығына сенімді. Міне бұл мұғалім мен окушылардың өзара қатынастарының тәрбиелік әсерінің ықпалының негізгі мәнін құрайды, одан оқушының мектепке сол мұғалім беретін пәнге, оньщ өнегесі, тәрбиеге көзқарастарға, сенімдеріне, өмір принциптеріне қалайша қарайтындығы байланысты болады.
Екінші мектеп педагогикалық процестің тәрбиелеуші тетіктің маңыздылығында кем емес. Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәрбие үрдісінің жалпы заңдылықтары мен принциптері
Тәрбие үрдісі
Тәрбиенің принциптері мен заңдылықтары
Тәрбиенің принциптері және оларға сипаттама
Ақыл ой тәрбиесі туралы
Жас бала — жаңа өркен жайған жасыл агаш тәрізді
3 сынып математика сабақтарындағы халық педагогикасының озық үлгілерін пайдалану
Іс-әрекетті ұйымдастыру мен мінез-құлык тәжірибесін қалыптастырудың әдістері
Педагогика ерекшеліктері
Нарықтағы әлеуметтану
Пәндер