Балалар мен ересектердің құндылықтар өзгерісін психологиялық талдау


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

УДК 159. 9 (043. 3)

АМАНГАЛИЕВА ТАҢШОЛПАН АЛТЫНБЕКҚЫЗЫ

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАР МЕН ЕРЕСЕКТЕРДІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

Психология ғылымдарының магистрі академиялық

дәрежесіне үміткерлік

Мамандық: 7М03104 - ПСИХОЛОГИЯ

ОРАЛ - 2021

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Қорғауға жіберілді:

Педагогика және психология

каф. меңгерушісі,
педагогика ғылымдарының магистрі,
аға оқытушы

Кулдашева Н. Ө.

«» 2021 ж

Магистрлік диссертация

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАР МЕН ЕРЕСЕКТЕРДІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

Мамандық: 7М03104 - ПСИХОЛОГИЯ

Магистрант Амангалиева Т. А.

Ғылыми жетекші

доктор PhD, аға оқытушы Кажимова К. Р.

ОРАЛ -2021

МAЗМҰНЫ

КІРІСПЕ: КІРІСПЕ
КІРІСПЕ:

1 Қазіргі Қазақстандағы балалар мен ересектердің құндылықтарын зерттеу мәселесінің теориялық негіздері . . . 10

1. 1 Құндылықтардың теориялық және әдіснамалық аспектілері . . . 10

КІРІСПЕ: 1. 2 Жеке тұлғалық құндылықтар және тұлғалық бағдар дамуының психологиялық ерекшеліктері . . . 18
КІРІСПЕ: 1. 3 Балалар мен ересектердің құндылық бағдарлары: түсінігі, мәні және мазмұны . . . 26
КІРІСПЕ: 2 Балалар мен ересектердің құндылықтар өзгерісін психологиялық талдау
КІРІСПЕ: 2. 1 Зерттеуді ұйымдастырудың әдістері мен әдістемелері . . . 37
КІРІСПЕ: 2. 2 Қазіргі Қазақстандағы балалар мен ересектердің құндылықтарындағы өзгеріс динамикасы . . . 46
КІРІСПЕ: 2. 3 Зерттеу экспериментінің нәтижeлepi . . . 49
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ . . . 68
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 70

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі заман өзінің жаңартпашылдық өзгерістері мен әлеуметтік, экономикалық жаһандану жағдайында тұлғаның дамуы мен құндылықтар жүйесінің өзгеруіне әкеліп соғып отыр. Жаңа қоғамдық-экономикалық жағдайдағы құндылықтар мен жастардың өзіндік сезімінің қалыптасуы жəне қоғамның дамуындағы жаңа тенденциялары мен өмірдің барлық жақтары күннен күнге сапалы өзгерістерге ұшырап отыр. Адамның əлеуметтік ортаға қатынас жүйесінің негізгі элементі құндылықтарды бағалау болып табылады. Құндылықтар адамдардың əлеуметтік өзара əрекеттестігін, олардың қызығушылықтарының келісуі мен күресуі жəне адамның мінез-құлқы мен тұлғаның əлеуметтік өмірінің стратегиясын реттеп отырады. Қазіргі қоғамға өзіндік құндылықтық көзқарасы қалыптасқан, тұлғалық мәдениеттің жоғары деңгейіне ие жастардың тұрақты қатарының қажеттілігі артуда. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдеде бекітілген «Бiлiм туралы» Заңында: «Оқу орындарында белсендi азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмiрiне қатысуы және жеке адамның өз құқықтары мен мiндеттерiне саналы көзқарасын қалыптастыру қажет» - деп талап қойғанын байқаймыз [1] . Бұдан біздер республикамыздың мүдірмей алға қарай дамуы үшін өмірлік құндылықтары түзу қалыптасқан адамдар тобын құру қажет екенін көреміз. Қоғамның өркендеп даму барысында болып жатқан өзгерістерге байланысты болашақ мемлекетіміздің дамуына ат салысатын құндылықты бағалай білетін, өмірге оң көзқарастары қалыптасқан, өзекті мәселені шешуде ұшқыр ойлы, ізденімпаз, білімі мен біліктерін өмірдің өзгермелі жағдайына қарай оңтайлы пайдалана алатын танымдық дербестігі жоғары деңгейдегі тұлға тәрбиелеу мәселесі еліміздегі білім беру саласын дамытуға арналған нормативтік құқықтық-құжаттар болып саналатын Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, Қазақстан Республикасы жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында (жоғары кәсіби білім беру), Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауы нда көрсетілген болатын [2, 3, 4] . Осыған орай жеке тұлға өз кезегінде елді дамытуы үшін қажетті құндылықтарды ажырата алуы тиіс деп есептейміз. Құндылық мәселесінің әртүрлі аспектілері отандық және шетел зерттеулерінде кеңнен қарастырылғандығын көруге болады.

Бұл тұрғыда әлемдік және отандық зерттеулерде ( Н. И Аркаева, Т. А. Баранова, В. П. Бездухов, О. В. Бубновская, М. Волобуев, Л. П. Илларионова т. б. ) [5-9] қазіргі жаңа ғасырға жаңа ұрпақ бойында құндылықтардың өзгерісін зерттеу мәселесі маңызды екендігі көрсетілген. Соның ішінде қазіргі жастар мен қоғамдық ағартушылардың бойында жалпы адамзаттық құндылықтары жоғары дамыған өз Отанына берілген тұлғалардың жетіспеушілігі артуда. Қазіргі жастар мен ересек топтардың бойында тұлғалық сапалы құндылықтардың өзгерісі орын алып отырғандығын соның ішінде жеке тұлғаның құндылық бағдарын қалыптастыру мәселесі философияда (В. П, Алексеев, П. Барковский, В. Н. Белов, В. А. Канке, И. А. Гобозов т. б. ) [11-15] әлеуметтануда ( Авраамова, Е. М., Шабунова А. А., Логинов Д. М., Андреенкова А. В., Абишева А. К., Багдасарьян Н. Г., Кансузян Л. В., Немцов А. А. Логинов Д. М. Андреенкова А. В., Багдасарьян Н. Г., Кансузян Л. В., Немцов А. А. т. б) [16-19] психологияда ( Алексеева В. Г. Ананьев Б. Г. Анисимов С. Ф. Арутюнян Л. А. Багаева И. Д. Леонтьев Д. А. Яковлев Е. В., Яковлева Н. О. Яницкий М. С. Божович Л. И., Абульханова-Славская К. А., Авдуевская Е. П. Агеев В. С. Адлер А. Анастази А. Андреева Г. М. Архангельский Л. М. Беккер Г. Божович Л. И. Братусь Б. С. Буренина СЮ. т. б. ), [20-40] ал педагогикада қарастырылған ( Бордовская Н. В. , Безрукова В. С., РеанА. А., Г. Тараева. Трайнев, И. В.
Фельдштейн, Д. И. Френе, С. Харламов, И. Ф. Седова, т. б. ) [41-47] еңбектерді атап өтуге болады. Құндылық өзгерісі мәселесінің әртүрлі аспектілері: жеке тұлғаның кұндылық бағдарының өзгеруінің бірқатар, теориялық-практикалық негізі ( Абрамова Г. С. Волков, Ю. Г., Соколов А. В., Щербакова М. А. ) [48-50] ; тұлға бойындағы құндылық өзгерістері жас ерекшелігіне орай ( Гамезо М. В., Герасимова В. С., Горелова Г. Г., Орлова Л. М. ) [51] ; жастардың құндылық бағдарының өзгерісін әлеуметтік педагогикалық тұрғыдан зерттеу ( Ильин Е. П. А. Маслоу . ) қарастырған[52, 53] . Сонымен бірге құндылықтар өзгерісі ерте заманнан бастап қоғамдық формацияның өзгерісіне орай ауысып отыратындығы өз тарихымызда ойшыл ғұламаларымыз ерте кезден-ақ жеке тұлғаның құндылықтарға бағдарлануын зерттеп оның білімге, өнерге, ата дәстүрге бағытталуы деп зерттеп жете көңіл бөлген Әл-Фараби, Ж. Баласағұни, Қ. А. Йассауи, Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердіұлы, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, М. Жұмабаевтар[54-64] өз еңбектерінде құнды ой пікірлерін қалдырып кеткен. Құндылыққа бағдарлау негіздері және отбасы тәрбиесіндегі ізгілік мәселелері Агапов В. С. Сафонов С. В., Разумова А. М., [65-67] рухани құндылықтардың әлеуметтік-философиялық негізі Абдирайымова Г. С. [68] және Қазақстан Респуликасының тұнғыш Елбасы Жолдауында Қазақстандық жол -2050 , жастардың құндылық бағдарының əлеуметтік тұрғыдан өзгерісі еңбектерінде қарастырған[69] . Үнемі өзгеріп жаңадан қалыптасқан құндылықтар жиынтығы тұлға тұрақтылығын, қажеттер мен қызығулар бағдарында көрінген əрекет-қылық жəне іс-əрекет типтерінің өзара байланыса, ұштасуын қамтамасыз етеді. Осыдан, құндылықтар өзгерісі тұлға бойындағы мотивтеріне себепші, реттеуші маңызды фактор ретінде іске қосылады. Бұл еңбектерде құндылықтар өзгерісінің негізгі мазмұны - адамның саяси, философиялық (дүниетанымдық), адамгершілік наным-сенімдері, терең əрі тұрақты бейімділіктері, əрекет, мінез принциптеріне орай деп сипатталып берілген. Сонымен бірге қазіргі жастардың құндылықтар бағдары жүйесі өзгерісінің алғышартының реттеуші функциясы туралы Цютина А. Э., [70] жасөспірімдік шақта өмірдің мəн мағынасы туралы сұрақтар В. Франклдың зерттеулерінде, Здравомыслов А. Г. [71] зерттеуі бойынша жасөспірімдік кезде құндылықтардың өзгерісі тиісті құбылыс бұл өмірлік жоспарды құру, тұлғалық мақсаттары мен мотивтер иерархиясын құрастыру, құндылықтардың тұрақталуы мәселеріне орай деп белгілесе, Р. З. Салиев құндылық өзгерісін: «адам өмірін реттейтін сатылар ретіндегі нормаларға сәйкестендірсе[72], Л. С. Выготский, Ж. Пиаже еңбектерінде жасөспірімдердің құндылықтар өзгерісінің даму сатылары, жалпы индивидуалды даму мен жас кезеңдеріндегі ерекшеліктеріне орай қарастырылса, Б. Ф. Ломов құндылықтар өзгерісін «тұлға» түсінігі мағынасын қарастыра отырып оның негізгі қасиеті құндылық бағыттылығының өзгерісінде деп, ал С. Л. Рубинштейн, А. Н. Леонтьев, Б. Г. Ананьев, Д. Н. Узнадзе [73-75] жəне тағы басқалардың еңбектерінде құндылық өзгерісін бұл тұлғаның жүйелі қалыптастыру қасиеті ретінде қарастыру қажет дей келе бұл өзгеріс тұлғаның барлық психологиялық қалыптасуын анықтайды деп атап өткен. В. П. Тугаринов[76] тұлға бойындағы құндылық өзгерісін «құндылықты бағыт» түсінігіне сай сипаттап кез келген құндылықтың тұлғаға бағытталғанын анықтаған болатын. В. Н. Мясищев құндылықтың өзгерісі тұлға бойында белгілі бір мəні бар заттық əлемге деген қарым-қатынас жиынтығы деп анықтайды.

Қазіргі қоғам жоғары интеллектуалды және коммуникативтік қабілетке ие,
нарықтық бәсекеде өзіндік ұстанымы жоғары, өзгерістерді қабылдауға бейім, өмірдің мәнін түсініп, құнды көзқарастарды анықтай алатын құндылықтарды нақты белгілейтін азаматтарға мұқтаж. Үнемі өзгеріп жаңалықтарға толы өмірде қоғамға өзгерістегі құндылықтарды қабылдауға сезінуге қабілетті, қарым -қатынасқа бейім жастар қажет. Дегенмен қазіргі заманауи жағдайында жастар өмірдегі өзгермелі құндылықтар ішінен дұрыс тұлға бойына қажетті құндылықтарды таңдау мәселелердің шешімін табуда өзіне жауапкершілік алып, бастама жасауда белсенділік көрсете алмай жатады, сондықтан білім беру ісі жас ұрпақтың біліктілігін қалыптастырып қана қоймай, олардың бойында жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүруге, қызмет жасаудағы тұлғалық
құндылықтарды анықтап, дамыту шараларын да іске асыруды ойластыруы қажет. Осы мәселелерді шешуде психолог маманның кәсіби
қызметінің алдындағы маңызды мәселе жастар бойындағы құндылықтарды анықтау арқылы қазіргі қоғамда қандай құндылықтардың орын алып отырғандығын зерттеу маңызды мәселеге айналып отыр. Еліміздің
әлеуметтік, экономикалық қарыштап дамуында саяси өмірінің тұрақтылығын сақтауда, көпұлтты еліміздің толеранттылығын қалыптастыруға негіз болатын мемлекетіміздің болашағы балалар мен ересектердің құндылық өзгерісін зерттеу мәселесі маңызды. Осыған орай зерттеу тақырыбын «Қазіргі Қазақстандағы балалар мен ересектердің құндылықтарындағы өзгерістер» деп таңдап алынды.

Зерттеудің мақсаты: Қазіргі Қазақстандағы балалар мен ересектердің құндылықтарының өзгерісін зерттеуді теориялық тұрғыда негіздеп, әдістемесін жасау және оның тиімділігін тәжірибелік-эксперименттен тексеру.

Зерттеу нысаны: Қазіргі Қазақстандағы балалар мен ересектердің құндылықтарының өзгеріс процесі.

Зерттеудің пәні: Қазіргі Қазақстандағы балалар мен ересектердің құндылықтарындағы өзгерістер.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер қазіргі Қазақстандағы балалар мен ересектердің құндылықтарының өзгерісінің мәні мен мазмұны нақтыланса: онда жас ерекшеліктеріне орай тұлғаның ішкі құндылықтарының дамуындағы өзгерістер (қажеттілік, қызығушылық, жеке тұлға көзқарастары мен әлеуметтік жанұя, оқу-еңбек, жастар субкультурасындағы құндылық өзгерістерді анықтауға мүмкіндік туады, себебі балалық шақтан ересек кезеңге өту уақытындағы құндылықтардың өзгерісі анықталынады.

Зерттеу міндеттері:

  1. Қазіргі Қазақстандағы балалар мен ересектердің құндылықтарының өзгерісінің теориялық негіздерін айқындау;
  2. Балалар мен ересектердің құндылықтар өзгерістерінің психологиялық ерекшеліктерін анықтау;
  3. Балалық шақтан ересек кезеңіне өту барысындағы құндылықтар құрлымының жалпы өзгерістерін зерттеу;

4. Жас ерекшеліктеріне орай құндылықтар өзгерісінің психологиялық тәжірибелік ұсынысын жасақтау;

Жeтeкшi идeя: Қазіргі Қазақстандағы балалар мен ересектердің құндылықтарының өзгерісін анықтау диагностикасы қaмтaмacыз eтiлiп, ұлттық тұлғa қaлыптacтыpyда ұсыныс жасауды көздeйдi.

Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері: Л. С. Выготскийдің психологиялық жасы туралы мәдени-тарихи Тұжырымдаманың теориялық ережелері, Д. Б. Элькониннің еңбектеріндегі жас құрылымына қарай көзқарастың даму теориясы мен В. Г. Ананьев, А. А. Бодалев, Л. И. Божович және т. б. идеясы алынды.

Зepттey көздepi: Қaзaқcтaн Pecпyбликacының «Бiлiм тypaлы» Зaңы, Қaзaқcтaн Pecпyбликacындa бiлiм бepyдi дaмытyдың 2011-2020 жылдapғa apнaлғaн Мeмлeкeттiк бaғдapлaмacы, зepттey пpoблeмacынa қaтыcты филocoфтapдың, пcиxoлoгтapдың, пeдaгoгтapдың, әдicкepлepдiң eңбeктepi, бiлiм бepy мәceлeciнe apнaлғaн pecми құжaттap, aлдыңғы қaтapлы әлеуметану, психолог мамандардың ic-тәжipибeci.

Зерттеу әдістері: зерттеу тақырыбының мәселесі бойынша ғылыми, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге, зерттеліп отырған мәселеге қатысты диссертациялық жұмыстармен теориялық жұмыс жасау барысында: Эксперименталдық, психо-диагностикалық тест, анкета, сұрау, социометрия, интервью және әңгімелеу, ғылыми мәліметтерді математикалық және логикалық түрде эмперикалық тәсілімен өңдеу, талдау. әдістері; педагогикалық эксперимент жүргізуге байланысты: бақылау, сауалнама, әңгіме, диагностикалық әдістер; зерттеу нәтижелерін қорытындылау барысында салыстыру, қорыту аналитикалық әдістері; эксперименттік мәліметтерді сапалық және сандық тұрғыда сараптау, жинақтау әдістері қолданылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:

- зерттеу нәтижелерін қазіргі Қазақстандағы балалар мен ересектердің құндылықтарының өзгерістеріне бағытталған нақты әзірлемелер нәтижесі болашақта жүргізілетін психологиялық ғылыми зерттеулерді жүргізу
тәжірибелерінде пайдалануға болады.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:

1) Қазіргі Қазақстандағы балалар мен ересектердің құндылықтарындағы өзгерістер туралы ұсыныстар жacaлынды.

2) Қазіргі Қазақстандағы балалар мен ересектердің құндылықтарындағы өзгерістердің орын алу ерекшеліктері теориялық тұрғыда зерттелінді .

5) Қазіргі Қазақстандағы балалар мен ересектердің құндылықтарындағы өзгерістерін диaгнocтикaлay әдicтeмeci жacaлды.
Зерттеу нәтижeлepiнiң дәлeлдiлiгi мeн нeгiздiлiгi: aвтopдың пeдaгoгикaлық зepттeyiнiң ғылыми нeгiзiмeн, зepттey тaқыpыбынa cәйкec өзapa бaйлaныcтaғы әдic-тәciлдepдiң нaқты қoлдaнылyымeн, экcпepимeнт бaғдapлaмacының пeдaгoгикaлық-психологиялық мaқcaтқa cәйкecтiлiгiмeн, бacтaпқы жәнe coңғы нәтижeлepдiң қopытылyымeн, oлapдың тиiмдiлiгiнiң білім беру мекемелерінің тұтac пeдaгoгикaлық пpoцeciндe және қоғамдағы ересектер көзқарастарын есепке алу мен тeкcepiлyiмeн қaмтaмacыз eтiлeдi.

Зepттey нәтижeлepiн cынaқтaн өткiзy жәнe eнгiзy экcпepимeнт жүpгiзy бapыcындa жүзeгe acты жәнe xaлықapaлық, aймaқтық ғылыми-пpaктикaлық кoнфepeнциялapдa бaяндaлды, бacылым көpгeн мaқaлaлapдa көpiнic тaпты

Зерттеудің қорғауға ұсынылатын қағидалары:

- қазіргі Қазақстандағы балалар мен ересектердің құндылықтарының өзгерісінің теориялық негіздері айқындалды;

- балалар мен ересектердің құндылықтар өзгерістерінің психологиялық ерекшеліктері анықталды;

- балалық шақтан ересек кезеңіне өту барысындағы құндылықтар құрлымының жалпы өзгерістері зерттелді;

- қазіргі Қазақстандағы балалар мен ересектер тобының жас ерекшелік -теріне орай құндылықтар өзгерісінің психологиялық тәжірибелік ұсынысы жасақталды.

Зepттeyдiң нeгiзгi бaзacы: М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, “М. Маметова атындағы №27 физика-математика бағытындағы мектеп-лицей” өткізілді.

Зерттеудің негізгі кезеңдері: зерттеу үш кезеңді қамтыды.

Бірінші кезеңде (2018-2019 жж. ) зерттеу мәселесі бойынша материалдар
жинақталды, философиялық, педагогикалық, психологиялық еңбектерге талдау жасалып, шетелдік және отандық тәжірибелер бойынша материалдар жүйеге келтірілді. Балалар мен ересектердің құндылықтарындағы өзгерістер туралы нормативтік құжаттар, құндылық мәселесенің зерттелу жайы анықталып, зерттеудің ғылыми аппараты нақтыланды.

Екінші кезеңде (2019-2020 ж. ж. ) қазіргі Қазақстандағы балалар мен ересектердің құндылықтарының өзгерістерінің диагностикасы, тәжірибелік-
эксперименттік жұмыстардың нәтижелері сараланып, ғылыми-әдістемелік
ұсыныстар мен нұсқаулар әзірленді.

Үшінші кезеңде (2020 ж наурыз-мамыр айлары аралығында) диссертациялық жұмыстың материалдарының дайындалуы мен жариялануы жүзеге асты.

Зерттеу нәтижелерінің мақұлдануы: зерттеу жұмысының негізгі
тұжырымдары, теориялық және практикалық нәтижелері халықаралық
конференцияларда талқыланды.

Диссертацияның құрылымы: диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған ғылыми әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспе бөлiмiндe зepттeyдiң көкeйкecтiлiгi, ғылыми aппapaты: мaқcaты, ныcaны, пәнi, мiндeттepi, ғылыми бoлжaмы, жeтeкшi идeяcы, әдicнaмaлық жәнe тeopиялық нeгiздepi, әдicтepi мeн нeгiзгi кeзeңдepi бepiлiп, ғылыми жaңaлығы мeн тeopиялық мaңыздылығы, пpaктикaлық мaңыздылығы жәнe қopғayғa ұcынылaтын қaғидaлap, зepттey нәтижeлepiнiң дәлeлдiлiгi мeн нeгiздiлiгi, тaлқылaнyы жәнe жүзeгe acыpылyы бaяндaлaды.

«Қазіргі Қазақстандағы балалар мен ересектердің құндылықтарын зерттеу мәселесінің теориялық негіздері» деп аталатын бірінші бөлімінде құндылықтар ұғымының педагогикалық-психологиялық негіздері, психология ғылымындағы балалар мен ересектердің бойындағы құндылық өзгерісінің ерекшеліктері берілді.

«Қазіргі Қазақстандағы балалар мен ересектердің құндылық бағдарын эксперименталдық зерттеу жұмысы» деп аталатын екінші бөлімінде балалар мен ересектердің бойындағы құндылықтар көрнісінің өзгерістерін анықтауда жүргізілетін зерттеу жолдары, әдістемесі, мазмұны мен құрылымы сипатталды. Арнайы тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының нәтижесі, көрсеткіштері қорытылды, тәжірибені іске асырудың тиімділігі негізделді.

Қорытындыда диссертациялық жұмыстың нәтижелері негізінде әзірленген тұжырымдамалар мен ұсыныстар берілді.

1. ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАР МЕН ЕРЕСЕКТЕРДІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Құндылықтардың теориялық және әдіснамалық аспектілері

Әр тарихи кезеңнің өзіндік құндылықтар жүйесі қалыптасып, оның өзегіне адам өмірінің мән-мазмұны, дүниеге деген көзқарасы алынатыны белгілі.

Құндылықтар туралы отандық және шетелдік оқыту теориясындағы, педагогика мен психологияда ізгіліктік дәстүрлер мен ой-пікірлер, бүгінгі тәрбиенің адамға бағытталған әлеуметтік - психологиялық қырларын қарастырудың маңызы артып келеді. Құндылық жалпы алғанда дүниетаным принципі десек, адам мүмкіншілігінің шексіз екендігін мойындау, өзін-өзі дамыту қабілетіне деген сенімі мен ерік бостандығын және абыройын қорғау, адамның бақытқа жету жолындағы құқығы мен оның барлық сұраныстарын қамтамасыз ету- қоғамның түпкілікті мақсатына айналып отыр. Адамзат жинақтаған тәжірибені келесі ұрпаққа беру мақсатында сақтай отырып, оқытуды ізгілендіру үрдісінде негізгі бағдарды жеке тұлғаны жан-жақты дамуына әсер ететін құндылықтық көзқарасын арттыруға, ішкі рухани қуатын қалыптастыруға баса назар аударылуда. Құндылықтар мәселесімен акспологиялық құндылық, философиялық кұндылық, социология, әлеумет, жалпы психология, философия, мәдениет антропологиясы, педагогикалық психология айналысады. Құндылық - бұл обьектінің жағымды және жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-социологиялық ұғым. Құндылық ұғымы алғаш рет XIX ғасырдың ортасында пайда болған. Оған алғаш рет философиялық тұрғыдан Р. Ротце мен Г. Коген анықтама берген. Ежелгі философтардың пікірінше, құндылықтың әр түрлі көріністеріне жататын және табиғи, қоғамдық құбылыстар, адамның іс-әрекетін бағалауда пайдаланатын сұлулық, қайырымдылық, мейрімділік, сияқты этикалық, эстетикалық ұғымдар қолданылады[74] . Құндылық заттың, обьектінің адам үшін маңызды екенін айқындайды. Құндылық пәндік және субьективтік деген екі боліктен тұрады. Құндылық бағдар мәселесімен келесі ғылымдар айналысады: аксиологиялық құндылық, философиялық құндылық, әлеумет, жалпы психология, философия, мәдениет антропологиясы, педагогикалық психология. Құндылық бағыттары терминін алғаш рет АҚШ-қа қоныс аударған поляк шаруаларының өмірлік көзқарастарын зерттеу үшін XX-жылдары У Томас қолданған. Чикаго университетінің профессоры Америкалық әлеуметтік қоғам президенті құндылықты (1927) психолошиялық көзқарастан жекелеген топтардың ситуациялық байласы бар іс-әрекет ұстанымына көші болып сипатталады [75] . Құндылықтар адамзат пайда болған кезден бастап адам санасында үнемі өзгеріске еніп, дамып отырды десек те болады. Себебі құндылық адамның өзіне, қоршаған әлеуметтік ортаға бір-біріне деген қарым-қатынасы, өмір сүру салты, даму деңгейін бейнелейтін құрлымыдық элемент. Құндылықтың сапасы тұлғаның жан дүниесінің дамуы, сана сезімінің деңгейі білімділігі, өнерлілігі, ақылдылығы, мәдениеттілігі т. б. көптеген сапалары арқылы өлшенетін болса, құндылық адамның адами қасиеті, бір-біріне деген қайырымдылық көрсетуі, мейірімділік сезімі, іс-әрекеттегі адалдығы, әділдігі, өмір сүру салтындағы туыстық, достық қарым-қатынасымен бірігу идеясымен ерекшеленеді. Ғалым-педагогтар құндылықтың өзгерісін оқушының тәрбие құралын, даму және жас ерекшеліктеріне сәйкестігін анықтай отырып, қоршаған ортаның әлеуметтік ерекшелігін де ескерген. Ал құндылықтық қатынас әрқашан да субъектінің бойында белгілі бір эмоцияларды -қуану, сүйсіну, таңдану, табыну т. б. қамтып дүниетанымдық өзгерісімен қалыптасып келген. Оның ішінде ең жоғарғысы - қасиеттерге табыну бала кезден, ана сүтімен бірге, өзінің ана тілі арқылы, мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт- дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығып, кезеңге сай өзгеріске ұшырап дамып отырды.

Құндылықтар мәселесі қоғамның идеологиялық тұғырлары дискредитацияға ұшырап, мәдени дәстүрлері құнсызданған кезде, әрбір халық өзін мазалаған сансыз сұрақтың ең болмағанда бір бөлігіне жауап табу үшін өзінің өткен тарихы мен мәдениетіне бет бұрған кезде, тарихтың өтпелі, дағдарыстық кезеңдерінде өткір қойылып, өзгерістерге алып келіп отырған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар психологиясының дамуына қарым- қатынастың рөлі
Мектеп жасына дейінгі балалармен қарым-қатынас тренингін ұйымдастырудың психологиялық негіздері
Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынасын жетілдірудің теориялық мәселелері
Жеткіншектер қарым-қатынасы: балалар үйі жағдайында
Жеке адамның психикалық дамуы
Жоғары мектеп оқушысының тәрбиедегі өз-өзін бағалау ерекшеліктері
Балалардың музыканы қабылдай білу қабілеттілігі жайында
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Интеллекттік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысына этнопсихологиялық түсініктердің әсері
Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынасын жетілдіретін тренингті ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz