Эхинококкоз ауруының диагностикасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ коммерциялық емес акционерлік қоғам
АГРАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
ВЕТЕРИНАРИЯ кафедрасы
5В120100 Ветеринариялық медицина мамандығы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Қазақстанның шығысындағы шаруашылықтарда қойдың эхинококкоз ауруынын таралуы және оған қарсы вет-санитариялық шаралардың тиімділігі
Орындаған: Жұмабеков Қ Тексерген: Ахметжанов О.Н
ВМ-601 тобының студенті ________ ___________
(қолы)________ (бағасы) (күні)
(қолы)_________
Комиссия_________________________ ___________
(ФИО) (қолы)
_________________________ ___________
(ФИО) (қолы)
Семей, 2020
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1.1 Эхинококкоз ауруының қоздырушысы
1.2 Эхинококкоз ауруының эпизоотологиясы
1.3Эхинококкоз ауруының патогенезі
1.4Эхинококкоз ауруының клиникалық белгілері
1.5Эхинококкоз ауруының патологоанатомиялық өзгерістері
1.6 Эхинококкоз ауруының диагностикасы
1.7Эхинококкоз ауруының емделуі
1.8 Эхинококкоз ауруын ветеринарлық-санитарлық сараптау
1.9 Эхинококкоз ауруының профилактикасы
III. Өзіндік зерттеу
IV. Қорытынды
V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақстанда төрт түлік мал ішінде қойдың орны бөлек және өзіндік ерекшелігі де жетерлік. Атап айтсақ, қой өте өсімтал, оның дәмді етін, тілді үйірер сүтін, жүнін, адамзат өзінің тіршілік қажеттеріне жарататыны белгілі. Одан басқа мал шаруашылықтары мен қожалықтары үшін, қойды бағу және күту жұмыстары онша көп қиындық келтірмейді. Етке семіртілетін әрбір пішілген тоқтыдан 1кг өсім алуға 4-5 өлшем азық мөлшері кетеді, мұның да дені негізінен алғанда, табиғи өсетін жайылымдардағы шөпті пайдаланудан болады. Оның үстіне, басқа мал жайыла алмайтын алқаптарда, қой өзіне азық тауып, жақсы салмақ қосып, мол өнім береді және арнайы жайылым талғамайды. Қойдың жүні - еліміздің жеңіл өнеркәсібіне қажетті шикізат ретінде, одан жоғары сапалы киім-кешектер дайындалып тігіледі. Оның терісі, әсіресе қаракөл елтірісінен жаға, бас киімдер және жылы, сапалы, әрі әдемі тон тігіледі. Қойдың етіне келсек, олар организмде өте қажетті амин қышқылдарға бай қоректік азық ретінде қолданыс тапқан.
Қой шаруашылығы еліміздің мал шаруашылығының басты саласының бірі саналады. Шетелдердің қой өсіру индустриясына көз жүгіртсек, көбінесе тез семіретін етті, етті-жүнді тұқымды өсіруге басымдық беретінін байқаймыз. Соңғы бес жылдықта Қазақстанда да мал басын асылдандыру, өнімін шет мемлекеттерге экспорттау жолға қойылып келеді. Себебі бұл үрдіс ет шаруашылығымен қатар ел экономикасының дамуына да жол ашады.
Дүние жүзінің 170-тен аса елінде 650-дей қой тұқымдары мен тұқымдық топтары бар. Қойдың дене ұзындығы 60 - 110 сантиметр, шоқтығының биіктігі 55 - 100 сантиметр. 12 - 15 жыл тіршілік етеді. 5 - 7 айлығында жетіледі, 15 - 18 айында ғана күйекке жіберіледі. Саулықтарының буаздық мерзімі 145 - 155 тәулікке созылады.
Қазақстанда қой шаруашылығы мал шаруашылығының жетекші саласы болып келген, алдағы уақытта да солай болуы тиіс. Се - бебі біздің елдегі табиғи жағдай да, ша - руа - шылықтың ұзақ тарихы да соған ыңғай - лы. Қой негізінен жайылым малы. Ел - дегі 180 млн гектарға жуық табиғи жа - йылым осындай ұсақ мал жаюға тиімді пай - дала - нылады. Соның нәтижесінде салыс - - тырмалы түрде арзан әрі сапалы ет, жүн, тері, иә басқа өнімдер өндіруге болады.
Эхинококкоздың таралуына келсек, бұл індетті ауру ТМД елдерінің қой шаруашылықтарына кеңінен таралған. Эхинококкоз дүние жүзінің бірнеше аймақтары мен елдерінде жиі таралған. Австрияда, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Америкада, Солтүстік Африкада, МХР, Еуропаның оңтүстігінде. ТМД-ның барлық республикаларында, соның ішінде Қазақстан Республикасында да жиі кездеседі. Тірі кезінде диагноз клиникалық белгілеріне және тері ішіндегі аллергиялық реакцияның нәтижесіне қарай қойылады; өлгеннен кейінгі диагноз эхинококк көпіршіктерінің табылуына байланысты қойылады. Зақымданған органдардың тканы семген және органның өзі күрт үлкейген. Эхинококкозды личинка сатысында емдеу әдістері әлі табылған жоқ. Эхинококкозбен күресуде ауру таратып жұқтырушыларды -- соңғы және аралық тасымал иелерін құртудың зор маңызы бар.
Цисталық эхинококкоз-сүтқоректілердің паразиттік ауруы, соның ішінде
адам және үй жануарлары мен жабайы жануарлардың көптеген түрлері цестода сатысы Echinococcus granulosus (Batsch, 1786), жаһандық әлемнің 100-ден астам елінде таралуы.
Эхинококкоздан болатын жыл сайынғы экономикалық залал әлемдік деңгейде бағаланады төрт миллиард АҚШ доллары шегінде және ол шығындар нәтижесінде пайда болады еңбекке жарамсыздығы, ауырған адамдарды емдеу шығындары, сондай-ақ малдың өлімі,сойылған жануарлардың ішкі органдарын амалсыз жою, толық алмау өнімдер және басқа да өндірістік шығындар.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы және халықаралық эпизоотиялық Бюро
эхинококкозды түбегейлі жоюға жататын аурулар тізіміне енгізді .Айта кету керек, Қазақстанда және Орталық Азияның басқа елдерінде соңғы екі онжылдықта жаңа экономикалық модель қалыптасты аграрлық өндіріс және осы жағдайларда айтарлықтай өсу байқалды адамдар мен ауыл шаруашылығы жануарларын цистинмен инвазиялау көрсеткіштері гидатидозбен эпидемиология мен шараларды ауқымды зерттеу ұйымдастырылды эхинококкоздың алдын алу .
Алайда, көрсетілген жұмыс кезеңінде цисталармен инвазияланған ет және басқа да өнімдердің сапасын зерттеу және ветеринариялық-санитариялық бағалау бойынша
жануарлардың эхинококтары іс жүзінде жүргізілмеген. Алайда, бұл белгілі паразиттердің болуы жануарлардың ет және жүн өнімділігіне әсер етеді .
Қазақстанда қой шаруашылығы дәстүрлі сала болып табылатынын ескере отырып асыл тұқымды жануарлар мен қойлар халықтың рационының маңызды үлесін құрайды,бұл жұмыс эхинококк инфекциясының әсерін анықтауға бағытталған сойылған қойлардың бұлшықет тінінің гистологиялық құрылымы.
Курстық жұмыстың мақсаты - жануарлардың эхинококкозына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар шараларын зерттеу.
Әдебиеттерге шолу
Эхинококкоз туралы деректер алғаш рет ертедегі дәрігерлердің еңбектерінде айтылған. Ертедегі Гипократтың өзі ол туралы жазып оны былай деп атаған: Jecupagna reptulum (суға толған бауыр). Ол бүйір қабырғасын тесіп эхинококкоз түйіршегіне қыздырылған темірді басу әдісін ұсынған. Ертедегі ғалымдар эхинококкты кисталарды (түйіршіктер) лимфатикалық тамырлар деп қарап, оларды гидатиттер деп атаған. (1)
Ал 1766 жылы П.С. Поплас эхинококкоктардың паразиттік табиғатын анықтап, олардың имагиналды кезеңін немесе сатысын көрсетіп берді. Е - granulosus, жыртқыштардың ішегінде паразиттік ететіндігін, ал 1786 жылы Бач (Batch) балапан кезеңін (ларвоциттер), адамдар мен тұяқтылардың ткандерінде болатындығын анықтаған. (2)
Эхинококк терминін ең алғашқы болып 1801 жылы Н.Л. Родельфи кіргізді, ол паразиттің адамға жұғу жолдарын қарастырып, көрсетті. (3)
1833 жылы Зибольд эхинококтық ұрықтың түрін жазып көрсетті. Кейінірек эхинококкоздың пайда болуының байланыстарын ашып, эхинококтың қалта (эхинококоновый пузырь) паразиттің балапан кезеңі екендігін анықтап берді. (4)
Ауру қоздырушысы - Е. granulosus Larva (E. Unil ocujapis) - бір камералы қалта, сұйықтықпен толтырылған.
1962 ж. Р.С.Шульц пен Р.Г.Исмагилова эхинококкоз диагностикасы үшін сколексопреципитация реакциясын ұсынды. Сонымен қатар, 1966ж. В.Г. Эврамова мен Г.И.Янина, эхинококкозбен ауырған тірі малдың диагностикасында тері ішілік аллергиялық егу (проба) және гемагглютинация реакциясын ұсынып жақсы нәтижелер алынды. Сколексопреципитация реакциясы көбінесе қарсы реакция (отрицательная) береді.(5)
І.Негізгі бөлім
1.1 Эхинококкоз ауруының қоздырғышы
Эхинококкоз - бұл антропозоонозды ауру, көбінесе қойларда, ешкілерде, сиырларда, шошқаларда, түйелерде, бұғыларда, жылқыларда және де басқа, паразиттің орталық иелері болып есептелінетін, симптомсыз (белгілері анық білінбейтін) өтетін паразиттік ауру.
Эхинококкозбен адам да ауырады, кейде тіпті өлімге апарып соғуы мүмкін. Бұл ауру таспа құрттардың teaniidae - Echinococcus granulosіs тобының балапан сатысындағы (личиночная стадия) түрімен болады. Олар негізінен бауырда, өкпеде, кейде өте сирек басқа органдар мен тканьдерде орналасады.
Эхинококкоктардың жынысты жетілген сатысындағы (половозрелая стадия) түрлері иттердің, қасқырлар мен шибөрілердің, кей кезде түлкінің де (дефинитивтік иелері) ішектерінің алдыңғы бөлімінде болады да паразиттік өмір кешеді.
Қоздырғышы -- Есһіnососсus qrаnulоsus -- цестодының личинкалары. Жынысы жетілген түрінің ұзындығы 0,2-0,6 см, 3-4 мүшесі (бунағы) болады, олар шие бөрінің, иттің, қасқырдың ішектерінің жұқа бөліктерін зақымдайды, Цестоданың личинкалары бір камералы эхинококкоз деп аталады, ол көлемі әр түрлі, іші сұйыққа толы, көпіршік (сыртқы қабығы қалың әрі тығыз келеді) тәрізді. Оның ішкі қабығында көптеген сколекстер пайда болып, ішінде ұрықтары орналасады. Личинкалар ауруға шалдыққыш малдың барлық органдары мен тканьдарын, әсіресе, өкпесі мен бауырын бүлдіре отырып, барлық сүт қоректілерді зақымдайды. Эхинококтың личинкалары адам организмінде де өсіп-өнеді.
Эхинококтың сұйықтық орталық иесінің (промежуточный хозяин) қанының өнімі болып табылады. Ол сколекстер үшін қоректік орта және қорғаушы ролін атқарады. Қалтаның қабырғасы екі қабықтан тұрады: сыртқы - кутикулярды және ішкі - герменативті. Кутикулярды қабықтың түсі сүт сияқты ақ, кейде сарғыштау болады. Ескілеу қалтада оның түрі қараяды да сары түске боялады. Бұл қабық герменативті қабыққа қарағанда мөлдірлеу және пластинкалардан тұрады. Химиялық құрамы бойынша хитинге ұқсас. Герменативті қабық немесе ұрықтық қабық қалта ішінің қуысының айналасын жауып тұрады, жіңішке, әлсіз және эмбрионалды тканьге ұқсайды. Ол қабық шығарғыш капсулаларын жасап шығаруға, оларды ұрықтық сколекстерін жасауға және де екінші қалталарды да жасауға қабілетті. Кейде бұл қабықтың элементтері кутикуланың қабаттарының арасымен сыртқы ортаға өтіп, екінші қалталардың экзогендік жетілуіне жақсы жағдай жасайды. Шығарғыш капсулалар герменативті қабықтың өсінділері болып, сол жерде сколекстердің жыныстық жетілген кезеңін құрайды [2,3].
Шығарушы капсулалар мен жеке сколекстер бір жағдайларда герменативті қабықтан бөлініп шығып, аналық қалта қуысында еркін жүзіп немесе көп мөлшерде түбіне жиналып гидатидозды құмдарды түзеді. Кейде ларвоцистің ішінде екінші қалталар (дочерние), ал оның ішінде өз кезегімен үшінші (внучатые) қалталар түзеді де, дәл сол жерде шығарушы капсулалар мен сколекстер пайда болуы мүмкін. Бұл қалталар тек қана аналық қалталарда ғана емес (эндогендік), сонымен қатар, оның сыртқы (экзогенді) қалталарында да түзіліп, соңынан олар бүйіріледі. Эхинококтық қалталардың көлемі әрең көрінетін түрлерімен қоса, кейде жаңа туған баланың басындай көлемде де бола береді. Негізінен домалақ, кейде органдар мен орналасу орнына қарай әр түрлі болып келеді.
Олардың саны бір немесе бірнеше ондаған, кейде жүздеген, тіпті мыңдаған экземплярға жетуі мүмкін. Эхинококты қалтаны сыртынан дәнекер тканьді капсулалар жауып, иесінің тканьдерінің созылмалы қабынуының нәтижесінде пайда болған фиброзды заттар тәрізді болып көрініп тұрады. Ол қатты, мейлінше жіңішке және жоғарыдағыдай формада. Паразиттің капсуласымен кутикулярлық қабығының арасында тар кеңістік болады. Орталық иесінің организміндегі эхинококтың көбею түріне қарай әр түрлі морфологиялық модификацияларын ажыратады. Олардың аттары әр түрлі болып келе береді. Олар мыналар: E. Veterinarum - бұл қалта түрінде шығарғыш капсулалар сколекстерімен бірге, эхинококтық сұйықтықтың болуымен айқындалады. Аналық ларвоциттің ішінде де, сыртында да қалталар түзілмейді. Сиырлар мен қойларда олар ларвоцисттің негізгі массасын құрайды. Эхинококтың бұл формасын адамда да кездеседі. E. hominis - бұл қалта түрінде эхинококтың сұйықтықтан басқа шығарғыш капсулалар сколекстерімен бірге, олардан басқа тағы да екінші, үшінші қалталары болады, т.с.с. E. acephalocysticus - ацефалоциста - бұл эхинококты қалтасында тек қана сұйықтық болады. Бұл ларвоцисталарда екінші және үшінші қалталары болады, бірақ бұларда, аналық қалталардағыдай шығарушы капсулалар мен сколекстерді болмайды. Ацефалоцистер, паразиттердің өсіп-жетілуіне қолайсыз жағдайлар организмде болған жағдайда, иелерінің организмінде пайда болады және бұл форма жануарлардың эхинококқа қарсы иммунитет ретінде қарастырылады.
Жынысты жетілген кезең (половозрелая стадия). Эхинококтың бұл кезеңінде цестодалардың (таспа құрттар) ең майда түрі ретінде қаралады. Ұзындығы 0,6 см және олар 3-4 мүшемесі (членики) бар стробиласы болады. Жетілген мүшеме ұзындығы жағынан стробиланың басқа бөлігінен ұзын болып, сколексінде тұмсықшасы 30-40 ілмешектермен бірге қаруланған. Мүшеменің жанының шетінің артқы жартысында орналасқан жыныстық қуыстары болады. Жетілген мүшемелерінде жатыры болып, ұзына бойы жан-жағынан дөңестелген стволы бар. Онкосферасы радиалды сырылған қабықпен жабылған. Оның диаметрі - 0,030 - 0,036 мм .

Эхинококкоз дүние жүзінің бірнеше аймақтары мен елдерінде жиі таралған. Австрияда, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Америкада, Солтүстік Африкада, МХР, Еуропаның оңтүстігінде. Бұрынғы КСРО-ның барлық республикаларында, соның ішінде Қазақстан Республикасында да жиі кездеседі.
Шығу және жұғу жолдары. Мал соңғы аралық иелердің нәжісімен бірге сыртқы ортаға түскен эхинококктың жұмырткасын сумен және азықпен қосып жұтып қою арқылы личинка түріндегі құртпен зақымданады. Жұмыртқадағы ұрықтар ішектің қабырғасына еніп, қан айналысымен бірге барлық органға тарайды да, одан личинкалар пайда болады. Соңғы аралық иелері личинкасы бар органдарды жеп зақымданады. Олардың ішектерінде одан көптеген жынысы өсіп жетілген эхинококктар өсіп-өнеді ( Қосымша Б Эхинококкоздың таралу жолдары).
Инвазияның қоздырғышының көздері - дефинитивтік қожайындар, негізінен олар: иттер, қасқырлар, шибөрілер және түлкілер, олар екінші дәрежеде болады. Иттер эхинококкозбен ауырған эхинококты қалталары бар өлген малдардың өлекселерін жеумен жұғады. Бұл жағдай көбінесе малшылардың иттерінің арасында көптеп кездеседі және де малды союдың, жарып көрудің және жоюдың ветеринарлық ережелері сақталмаған шаруашылықтарда жиі кездеседі. Инвазияға үй малдары да ұшырайды (қой, сиыр, шошқа, бұғы, түйе, ешкі, аттар). Олар негізінен алиментарлы жолмен жұқтырады да орта иелері болады.
1.3 Эхинококкоз ауруының патогенезі
Аталмыш ауру сүтқоректілер мен адамдарда болады. Мал арасында көбінесе қой, ешкі, ірі қара, түйе, шошқа - жиі, ал жылқы сирек шалдығады.
Жетілген таспа құрт - эхинококтар етқоректілердің (ит, қасқыр, шибөрі т.б ) ащы ішектерінде, ал личинкалық түрі - жылауықтар тұяқты жануарлар мен адамның органдарында кездеседі.
Иттің ішегіндегі эхинококтардың жұмыртқаға толы жетілген мүшелері үзіліп, нәжіспен сыртқа шығады, сыртқы ортада ол жайылымды, суды, аула мен қораны ластайды.
Шөппен, сумен ілесіп жұмыртқалар малдың ас қорыту жүйесіне түседі. Мұнда жұмыртқадан құрт ұрығы босап шығып, қан айналымы арқылы түрлі органдарға тарайды.
Олар көбінесе өкпеде, бауырда өсіп жетіліп, көлемі жағынан әр түрлі жылауықтарға айналады .
Эхинококтың личинкалық сатысы бұршақтан бастап, баланың басындай көлемге дейін жетеді. Ит осы жылауықтарды жегеннен кейін, ішегінде сақа эхинококтар өсіп шығады. Адамдарға оның жұмыртқалары мен залалданған көкөніс пен жемістен немесе иттен жұғады.
Құрттарының өсіп өну кезеңін сақа құрттар -- одан бөлінген жұмыртқалар -- оны жеген малдар -- тізбегі түрінде көрсетуге болады. Тізбек осы ретпен қайталана береді.
Негізінен бауыр мен өкпені, көк бауырды, жүректі, жыныс мүшелерін, миды, көзді, тіпті сүйектерді де зақымдайды.
Адамның немесе малдың ағзасына түскен жылауықтар өсіп, көлемі үлғайған сайын органдар қысыла түседі. Соның салдарынан семуге ұшырайды, органдардың қалыпты қызметі бұзылады, мал арықтап өледі.
Мал ағзаларындағы жылауықтарға қарсы емдеу тәсілі әлі табылған жоқ. Адам ағзасындағы эхинококты тек хирургиялық жолмен емдейді. Соңғы жылдары бұл сырқат жиі кездесуде.
1.4 Эхинококкоз ауруының клиникалық белгілері
Ауру созылмалы түрде өтеді. Шамалы зақымданғанда клиникалық белгілері білінбейді, ал күшті зақымданғанда клиникалық белгілері эхинококк личинкасының жайылуына жәие зақымдаған органдардағы оның санына байланысты болады. Өкпе зақымданған кезде арықтап, жөтел білінсе, бауыр зақымданғанда қолмен басса ауырсынады, бауырының маңайы үлкейеді, ас қорыту органдары бұзылады, өнімі төмендейді, әбден көтерем болады. Личинкаларды алғанда ішектің сірі астары мен плевриттің қабынып ауырғаны байқалады.
Сақтанудың басты шарасы - малдың өлекселерін мал сойғанда эхинококпен залалданған органдарын итке тастай салмай, өртеп көміп тастау керек.
Паразиттің жұмыртқасы асқазан - ішек трактіне түскеннен соң, олардың сыртқы қабаты ас қорыту сөлінің әсерімен ериді де, босап шыққан онкосфера, өзінің ілгектерінің көмегімен қарынның және ішектің кілегей қабығына өтеді де вена қанымен болмаса лимфа арқылы портальды жүйеге түсіп, бауырға барып тоқтайды және бүйір қуысындағы сұйықтыққа өтіп, кейде ауыр анафилактикалық шок әкелуі де мүмкін. Эхинококкты қалта, ішіндегі сколекстермен бірге, ұрықтық қабықтың үзінділерімен бүйір қуысын зақымдап және өсе бастайды. Бұл екінші эхинококкоз болып табылады. Эхинококкоз патогенезінде негізгі ролді өсіп келе жатқан қалталардың органдар мен ткандерге механикалық әсері орындайды. Сколекстер көп жағдайларда органдардың перифириялық учаскелерінде орналасады да паразиттік кистаның (түйірдің) өсуі, әрине, аз қарсылықты бағытта болады. Паразиттің жақсы өсуіне, қоршаған ткандердің жақсы қан айналым да күшті әсер етеді. Зақымданған орган деформацияға ұшырап, көлемі үлкейген болады.
Эхинококты түйіндер (киста) органның сыртында да ішіне бойлай тереңде орналасуы да мүмкін. Микроскоппен түйінді қарағанда, онда ісініп және жіңішкерген орган ткандерін байқауға болады. Органдардың сыртында орналасқан жағдайда тығыз, қатты фиброзды капсулаға көрінеді. Ол әдетте, айналасындағы ткандермен бірге бітісіп кеткен болады. Капсулада кальций тұздары жиналады. Кейде капсуланың бетін түгел басуы мүмүкін. Ол түйіндер (эхинококты түйіндер) дөңгелек немесе сопақ формада болып диаметрі 1 мм-ден 40 мм-ге дейін болады. Мөлдір сұйықтықпен толтырылған, жылтыр хитин қабығымен қоршалған, сұйықтықта ақ түсті өте майда бөлшектер - сколекстер көрінеді. Егер ішіндегі паразит өлі болса, онда кисталар тұнық емес немесе іріңді, кей жағдайларда іріңді-сүзбелі массаларды байқауға болады. Негізінде эхинококкозбен көп жағдайда (85%) бауыр зақымданады. Онкосфералардың бір бөлігі бауыр капиллярларын жанап өтіп төменгі қуысты вена арқылы кіші қан айналым шеңберімен өкпеге түседі де, сонда орнығып қалады. Аз ғана онкосфералар бөлігі артериалды - веналық анастомозға түсе отырып, үлкен қан айналым шеңберіне түсіп, қалған органға немесе тканге жетуі мүмкін. Тканьдерде онкосфера 5 айдың ішінде балапан (личинка) - эхинококты кистаға айналып, диаметрі 5-20 мм-ге жетеді. Бұдан байқайтынымыз, эхинококтар жануарлар мен адам ткандерінде біршама жай өседі. Эхинококты түйіндердің көлемі ткандердің құрылысына байланысты. Өкпеде олар тез өседі, бауырда жайырақ өседі. Сүйек тканьдерінде эхинококтар өте аз болады.
Эхинококтардың патогенезінде үлкен мәнге ие болатын нәрсе ол - қожайын организмнің паразиттің зат алмасу өнімдеріне сенсибилизациясы. Бұл аллергиялық қайта құруларға алып келеді. Паразиттің зат алмасуының өнімдері қанға сіңетіндіктен, ол организмнің улануына әкеп соғады. Сондықтан да әлсіздік, өнімділіктің төмендеуі және әрдайым крапивница тәрізді реакциялар береді [1,2,6,7].
Эхинококтардың организмге улы әсері, паразитті жұқтырғаннан кейінгі алғашқы күндерінен-ақ сезіліп, эхинококты қалтаның сұйықтығын организм сіңіре бастайды да - улануға соқтырады.
Эхинококты қалтаның сұйықтығын малдарға енгізгенде, ентігу, температураның көтерілуі, крапивница, тәбеттің төмендеуі, тышқақтық, құсу, жүрек жұмысының әлсіреуі, арықтау, кей кездерде эхинококтық қалтаның жыртылуы мен жойылуы да болуы мүмкін. Инвазиялық қойлардың қанындағы эритроциттер саны азайып, гемоглобин төмендейді де, лейкоцитарлық формулада эозинофигдердің %-ы көбейеді.
1977 ж. К.Аминжановтың көрсеткеніндей, қанның гематологиялық және биологиялық көрсеткіштерінің өзгеруі, қойлардың эхинококкозында жұқтырудың санына, уақытына, паразит балапанының (личинкасы) өсу деңгейі тәуелді болады. Қандағы жалпы белоктың көбеюі, глобулиндердің көбеюі, лейкоциттер мен эозинофилдердің көбеюі, эритроциттердің азаюы, гемоглобиндердің, ферменттердің және А, В1, В2, С витаминдерінің (дәрумендер) азаюы шығарушы капсулалармен сколекстердің дамуының уақытымен дәл келеді. Бірақ та, бұл өзгерістер басқа аурулар да болуы мүмкін. Қойларда эхинококкозда протеинограмма өзгеріске ұшырайды және өте жай болып көп айларға, тіпті 10-11 айдан соң, жұқтырғаннан соң, біршама интенсивтілігі артып отырады. Эхинококты түйірлердің айналасындағы ткандерде атрофиялық өзгерістер байқалып, олар тез өсу есебінен түйірді сығады. Кейбір жағдайларда инфильтраттар пайда болады, олар негізінен эозинофилдерден тұрады. Паренхиматозды органдардағы эхинококтық түйірлердің айналасындағы қабыну өзгерістері цирроздың кіші түрінен үлкен түріне дейін өсіп - жетілуі мүмкін. Эхинококтармен зақымданбаған көрші органдарда паренхиманың қатты қызарғандығын байқауға болады.
Мидың және өкпе эхинококкозында да эхинококтық түйірдің айналасында капсулалар пайда болып, оған жақын жерлердегі тканьдер және ми қыртыстарында инфильтрация, гидроцефалия, тамырдың қабырғасының жуандауы, некрозды өзгерістер, глиоз және олардың деформациялары байқалады.
1.5 Эхинококкоз ауруының патологиялық - анатомиялық өзгерістері
Сойып қарау. Өлімтік әбден арықтаған, зақымданған органдарда көлемі әр түрлі эхинококкты көпіршіктер бар, орган көлемінен үлкейген, органның тканьдық элементтері семген. Кейде дене қуысындағы көпіршіктерді ашу салдарынан көк шандыр немесе көк ет талаурап қабынған. Эхинококкты көпіршіктерді тауып алысымен оларды тенуикольды цистицеркоздардан ажырата білу керек. Бұлар көбінесе паренхиматозды органдарға жайылады және мөлшері жағынан эхинококкоздың личинкасына ұқсас. Цистицеркалардың эхинококк көпіршігінен айырмашылығы сол - олардың жұқа қабығы және көпіршіктің ішкі жағында үлкен бір басы болады .
1.6 Эхинококкоз ауруының диагностикасы
Тірі кезінде диагноз клиникалық белгілеріне және тері ішіндегі аллергиялық реакцияның нәтижесіне қарай қойылады; өлгеннен кейінгі диагноз эхинококк көпіршіктерінің табылуына байланысты қойылады. Зақымданған органдардың тканы семген және органның өзі күрт үлкейген. Клиникалық белгілеріне қарап дұрыс диагноз қою мүмкін емес, сондықтан тірі кезінде эхинококкозбен ауырған қойларға аллергиялық тері іші егуді қолданады.
Қосалқы гемагглютинация реакциясы, флокуляция реакциясы бенотинмен бірге және сколексопреципитация реакциялары қолданылады.
Т.Е.Бурделев (1945ж.) көрсеткендей тері іші аллергиялық егу (проба) 88,8%-дан 94,7%-ға дейін дұрыс нәтиже береді. Аллергиялық реакция малдарға жұқтырғаннан кейін 15-ші күннен бастап дұрыс нәтиже береді.
С.Д.Ульянов пен И.Б.Бондаливтердің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz