ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СОТ БИЛІГІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


«Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг
университеті» КАҚ
«Бизнес және құқық» факультеті
«Құқықтану» кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пән: Конституциялық құқық
Тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы сот билігінің негіздері»
Орындаған: ЮП-20-01 тобы студенті Мадиев А. М
Рецензент: з. ғ. к., доцент Ауешова Б. Т
Ақтау 2021
Жоспары
КІРІСПЕ . . . 3
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СОТ БИЛІГІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 5
1. 1 Сот билігінің ұғымы . . . 5
1. 2. Сот билігінің функциялары және оның мәні . . . 9
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СУДЬЯЛАРДЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕЛЕРІ . . . 14
2. 1 Сот пен судьяның адам мен қоғам алдындағы жауапкершілігі
өте жоғары . . . 14
2. 2 Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты . . . 17
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 24
Кіріспе
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жарияланғаны белгілі. Республикада мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік, әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады.
Осы Конституциялық тұжырымға орай мемлекеттік биліктің барлық
институттарының үйлесімді істеуі ерекше маңызға ие болады, себебі билік
тармақтарының келісе, түсінісе атқарған іс-қимылы ғана мемлекеттің,
қоғамның, адам мен азаматтың өзара қарым-қатынасында пәтуаластыққа, баянды ынтымақтастыққа қол жеткізеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің
Қазақстан халқына арналған жолдауында: - Алайда біздің бүгін қоғамымыздағы саяси реформаның қарқыны экономикалық өзгерістеріміздің ауқымынан біршама кейіндеп қалғанын мойындауымыз керек, - деп көрсете келе, мемлекетіміздің саяси жүйесін демократияландырудың бірнеше негізгі бағыттарының ішінде бірінші кезекте сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайту, құқықтық реформа жүргізу мәселелерін атады.
Сондықтан да Қазақстан мемлекеттігінің қазіргі қалыптасуы, дамуы
және жетілуі жағдайында, ең алдымен, мемлекеттік биліктің барлық тетіктерінің жан-жақты жұмыс істеуіне қол жеткізетін аса маңызды құрал
ретінде сот билігі тармағының рөлі мен маңызын жаңа сапада зерттеу
қажеттігі туып отыр, бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасының негізгі
заңының бірінші бабында жарияланған конституциялық негіздеменің лайықты жүзеге асуын қамтамасыз ететін қажетті фактор да болуға тиіс.
Демек, тәуелсіздікке қол жеткізген егеменді Қазақстандағы сот
құрылысы сотта іс жүргізу, сондай-ақ сот төрелігі принциптерін дамыту
мәселелерін кешенді зерттеудің ғылыми-құқықтық және теорялық-тәжірибелік тұрғыдағы өзектілігі мен маңыздылығына баса көңіл бөлу керек, бұл жерде қазір қолданылып жүрген Конституцияда көрініс тапқан идеялар, қағидалар мен ережелер және болашақтағы болжамды істер мен жаңа ағымдар, соның ішінде қоғамның дамуы мен мемлекетті басқарудың логикалық, ғылыми-теориялық негіздерімен және парасат-пайымды қажеттіліктерімен тікелей байланысты қоғамдық қатынастарды құқықтық жолмен реттеуді жақсартуға бағытталған заңдылықтарды жетілдіру саласындағы жаңа бағыттар ескеріліп, негізге алынуға тиіс.
Дипломдық жұмыстың басты мақсаттары:
• Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биіктің бір саласы - сот
тармақтарының жүйесі мен қызметін жетілдірудің ұйымдастырушылық-
құқықтық негіздерін зерделеу;
•Сот төрелігі принциптерін жүзеге асыруды дамыту жөіндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды ғылыми негіздеу;
• Мемлекеттік билік мақсат болып табылатын адам мен азаматтың
конституциялық мәртебесін мейлінше толық түрде жүзеге асыратын
құрылымдар ретіндегі сот органдарының мәні мен олардың іс-тәжірибесін
зерттеу;
• Жұмыста зерттеліп отырған мәселелер негізінде сот билігі
конституциялық-құқықтық жағынан жан-жақты дамып және сол арқылы
биліктің бөліну принципінің тиімділігін қамтамасыз етіп отырған
демократиялық құқықтық мемлекетте аталған биліктің жұмыс істеуінің оң
тәжірибесін зерттеу;
Осы жұмыс шеңберінде жоғарыда аталған мәселелерді зерттеудің басты мақсатын айқындай келіп, біз бұл мәселелерді теориялық-құқықтық тұрғыда жүзеге асырудың негізгі міндеттері деп мыналарды санаймыз:
• Сот жүйесі органдарының ұйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық- құқықтық негіздеріне талдау жасау және оларды құқықтық мемлекет пен демократиялық азаматтық қоғамды қалыптастыру міндеттерін ескере отырып, жан-жақты дамыту;
• Сот құрылысы, сотта іс жүргізу, сот төрелігі принциптерін жүзеге асыру жөніндегі қолданылып жүрген заңдардың теориялық-құқықтық идеяларын, қағидалары мен ережелерін онан әрі дамыту;
• Аймақтық, төрелік соттард қайта қалпына келтіру туралы айтлып, жазылып жүрген болжамжардың, ұсыныстардың, көзқарастардың теориялық жағын ғылыми тұрғыда зерделеу; осылайша азаматтық және қылмыстық істер қараудағы Республика Жоғарғы соының рөлі мен маңызын көтеру,
шаруашылық даулар мен басқа да істерді тиісті дербес сот билігі
құрылымдарына толығымен беру, аталған сот құрылымдарының
конституциялық-құқықтық мәртебелерін түбегейлі өзгерту қажеттігін
негіздеу;
• кейбір сот сатыларының судьяларын сайлау жолымен тағайындау
тәжірибелерін қайтадан қалпына келтіру мәселесін қарау, сондай-ақ
Республика Жоғарғы Сотының судьяларын қоспағанда, төменгі сатыдағы
соттар судьяларын өмірлікке тағайындаудың орынды емес екендігі туралы
ұсыныстар енгізу;
• сот төрелігі принциптерін онан әрі дамыту мақсатында қоғамдық
қорғаушылар мен қоғамдық айыптаущылар институттарын қалпына келтіру
туралы ұсынстар енгізу;
• мемлекеттік биліктің заң және сот билігі тармақтарының арасындағы
өзара қарым-қатынастарды сапалық жағынан жаңа деңгейде үйлестіру
жөнінде ұсыныстар беру, сондай-ақ аталған мәселені зерделеу негізінде
ұсыныстар әзірлеу;
• мемлекеттік биліктің сот және атқарушы тармақтарының арасындағы өзара қарым-қатынастардың өзекті мәселелерін зерттеп, айқындау, бұл
мәселелерді шешу аталған қатынастарды түбірінен өзгертеді, ол билікті-
пәтуаластық нысанына ие болады;
• сот жүйесінің дамуына және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен
қарым-қатынасына болжам жасау, бұл азаматтарды зерттеліп отырған
құрылымдарды қалыптастыру ісіне тартуды қамтамасыз ететін маңызды
фактор болып табылады.
Осы жұмысты жазу кезінде көптеген арнаулы ғылыми, ғылыми-көпшілік әдебиеттер, мемлекет пен құқық теориясы тәжірибелеріне, Қазақстан Республикасының конституциялық құқығына, шетелдік мемлекеттердің конституциялық құқығына арналған әдебиеттер, бұқаралық ақпарат құралдарының мағлұматтары пайдаланылды.
І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СОТ БИЛІГІНІҢ
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Сот билігінің ұғымы
Қазақстан Республикасында сот билігі мемлекеттік билік
тармақтарының бірі болып табылады және заңнаманы бұзуға байланысты қоғамда туындайтын қақтығыстарды Конституцияны, заңдарды, басқа нормативтік кесімдерді негізгі ала отырып, шешуді мақсат тұтады. Әділ сотты сот тек республиканың атынан, қандай да бір басқа мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің, әлеуметтік топтардың, азаматтардың еркінен тәуелсіз жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Президенті 2000 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасының сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту бойынша шаралар туралы Жарлық қабылдады [5, 56 бет] .
Президентке облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағаларын тағайындау бойынша конституциялық өкілеттік берілген. Парламент, заң шығарушы билік ретінде заңдар қабылдау арқылы сот жүйесін, оның қызметі принциптерін, сот органдарының құзыретін, судьялардың мәртебесін, олардың істерді қарастыру тәртібін және тағы басқаларын белгілейді.
Мемлекеттік биліктің бір тармағы ретінде сот билігінде біртұтас
мемлекет құрылысына тән барлық ортақ белгілер бар: 1) Оның қызметі елдің
бүкіл кеңістігінде әрекет ететін Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді; 2) Оның қызметі елдің бүкіл аумағына таралады; 3) Сот органдарының шешімдері тек солардың құзыреті шеңберінде қолдануға тиіс; 4) Сот органдарының шешімдері мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, азаматтар, олардың бірлестіктері үшін міндетті; 5) Сот органдары заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға жәрдемдеседі.
Биліктің ерекше тармағы реінде сот билігінде белгілі бір өзіндік
ерекшелікті белгілері бар.
Сот билігінің маңызды өзіндік белгісі оның айрықшалығы болып
табылады. Ешбір басқа билік тармағының - заң шығарушы, атқарушы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті де сот өкілеттіктерін иеленбейді. Тек соттар ғана әділ сотты жүзеге асырады, бұл Конституцияда ерекше көрсетілген. Конституцияның 77-бабында: Қазақстан Республикасында әділ төрелігін тек сот қана жүзеге асырады, - деп жазылған. Осы конституциялық қағиданы дамыта отырып, 2001 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Заңда соттың айрықша өкілеттіктерін басқа органдарға табыстауды көздейтін заңнамалық кесімдер шығаруға тйым салынады. Шығару дегеннің орнына қабылдау деп жазу керек еді, себебі шығару қабылдауды жоққа шығармайды. Мысалы ХХ ғасырдың отызыншы жылдары КСРО Конституциясына қайшылықта халықтың жауларына қатысты сот функцияларын жүзеге асырған үштік, бестік секілді жазалаушы органдар құрған нормативтік құқықтық кесімдер қабылданды. Ол нормативтік кесімдер басылып шығарылған жоқ. әрине, реакциялық тұрғыдан дәл болмауына қарамастан, аталмыш заң нормасының саяси- құқықтық маңызы бар, себебі ол Конституцияның қағидаларының кепілдігіне бағытталған. Сот жүйесі туралы заң бұрын республиканың заңнамасында болмаған жаңа норманы енгізді.
Сот өндірісі тәртібінде қарастыруға жататын жолдауларды, арыздар мен шағымдарды ешбір басқа органдар, лауазымды немесе өзге тұлғалар қарастыра немесе бақылауына ала алмайды. Бұл норманың белгілі бір әлеуметтік-құқықтық мағынасы бар. Заңи бейхабарлығының арқасында азаматтардың сотқа емес, басқа мемлекеттік органдарға жүгініп, олардың құзыретіне жатпайтын мәселелер жүктейтіні сирек емес. Солай болғанымен де, мемлекеттік органдар азаматтардың арыздарын, шағымдарын қабылдап, оларды қарастыруға талпынады, ал бұл тек олардың жұмысын қиындатып қана қоймай, теріс салдарға әкеліп соғады. Басқа жағынан, өздеріне тән емес мәселелермен шұғлдана отырып, мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар сайып келгенде әділ сот органдарының орнын ауыстырады.
Әрине, аталмыш заң нормасын іске асыру жалпыға бірдей құқықтық сауаттылық, заңгерлік қызметтердің кеңінен таралу және мемлекеттік органдардың тиянақты қызметі жағдайында мүмкін болады.
Даулы мәселелер тек сот арқылы шешіледі. Өз бетімен, заңдар
белгілеген тәртіпке қарсы өзінің басқа тұлға немесе ұйым даулайтын,
азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не болмаса қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіретін іс жүзіндегі немесе жорамал құқығын жүзеге асыру қылмыс болып табылады.
Сот билігінің басқа бір өзіндік белгісі оның өкілеттіктерін асырудың
ерекше рәсімі болып табылад. Біршама егеменді бөліктерден тұратын
федеративтік мемлекетте әртүрлі азаматтық, қылмыстық, әкімшілік,
процессуалдық заңдар болуы, олардың кейбірінің тиісті мемлекеттік бірліктер шеңберінде әрекет етуі және өзіндік ерекшелік белгілері болуы мүмкін.
Біртұтас Қазақстан мемлекетінде соттардың процессуалдық қызметін асқан дәлелдікпен, егжей-тегжейлі реттелмейтін біртұтас азаматтық-процессуалдық, қылмыстық-процессаулық заңдар қабылданған және әрекет етеді [6, 45 бет] .
Енді әкімшілік-процессуалдық заңдарды әзірлеу қалды. әкімшілік
қылмыскерлерді сот, сондай-ақ түрлі арнайы мемлекеттік органдар
кодтандырылмаған, сол себепті көптеген қолайсыздық туғызып қана қоймай,
сонымен бірге созбалаңға, азаматтардың заңды мүдделерін шектеуге тартатын
бөлек-бөлек нормативтік құқықтық актілердің негізінде қарастырады.
Әкімшілік шалыс басулардың ортақ белгілері болғандықтан және оларды ортақ
принциптердің негізінде және ортақ процессуалдық нысандарда қарастыру
мүмкін болғандықтан әкімшілік-процессуалдық кодекс қабылдау қажет.
Сот билігінің елеулі бір нысаны мемлекеттік қызметкерлердің ерекше
санаты болып табылатын судьялардың ерекше мәртебесі мен қызмет рижимі болып табылады. Конституцияға сәйкес Республиканың 25 жасқа толған, жоғары заң мамандығы білімі, заң мамандығы бойынша кем дегенде 2 жыл жұмыс стажы және біліктілік емтиханын тапсырған азаматтары судья бола алады (79-бап) .
Конституцияда судьялар үшін заң қосымша талаптар белгілей алатыны
көрсетіледі. Осындай қосымша талаптар Сот жүйесі мен судьяларының
мәртебесі туралы Заңда белгіленеді.
Судьялардың қызмет рижимінің ерекшеліктері олардың тәуелсіздігі және тек Конституция мен заңға ғана бағыныштылығы сияқты конституциялық қағидалардан көрінеді. Заң судьялардың ауыспайтындығы мен қол сұғылмайтындығын белгілейді. Олардың істеріне қол сұғылмауын белгілей отырып судьяларды қорғау қажеттілігі күмән туғызбайды.
Сенімді соттар туралы ерекше айту керек. 1998 жылғы қазанда
Қазақстан Республикасының Конституциясына заңда көзделген жағдайларда
қылмыстық сот ісін жүргізу алқа заседательдерінің қатысуымен жүзеге
асырылады, - деген жаңа қағида енгізілді (75-бап) . Осындай жаңашылдық сот
қызметін демократияландыру туралы қоғамдық пікірді ескерудің нәтижесі болып табылады. Қазақстанда Сенімді заседательдер институты ешуақытта болған емес, сол себепті қандай да бір тарихи дәстүрлер туралы айта алмаймыз. Ал бұл мән-жайды сенімді заседательдер туралы құқықтық негіздер әзірлеу кезінде есепке алу қажет.
Сот билігінің өзіндік бір нышаны оның қызметін іштен бақылаудың
ерекше жүйесі болып табылады [12, 89 бет] . Әділ сотты жүзеге асыра отырып,
соттар Конституция мен заңға ғана бағынатын болғандықтан, заң щығарушы,
сондай-ақ атқарушы биліктің де олардың шешімдерінің заңдылығын бақылауды жүзеге асыруға құқығы жоқ. Соттардың қызметін бақылау соттық қадағалау арқылы жүзеге асырылады. Жоғарғы Сот қадағалау тәртібінде төмен тұрған соттар қарастырған істерді қарастырады.
Соттарды прокурорлық қадағалауға келетін болсақ, ол әкімшіл-әміршіл жүйенің қалдығы болып табылады деген пікірлер айтылып жүр. Осындай пікірлердің негізі бар, себебі Конституция әділ сотты жүзеге асыруда соттардың тәуелсіздігін бекітеді. Солай болғанмен де прокурорлық
қадағалауды бірден жойған да үйлесімді бола қоймас. Бұл жерде де, сондай-ақ біртұтастық принциптерін ескерген жөн. Соттық қадағалау қалай дегенмен де ішкі мәселе болып табылады, төмен тұрған сотардң қызметін бағалаудағы
ведомстволық көзқарас қаупі әлі болса сақталып қалады. Прокуратура болса
соттарды қадағалауды жүзеге асыру отырып, бүкіл Республика аумағында
заңдардың Президентің жарлықтары маен өзге де нормативтік актілердің дәл
және бірыңғай қолданылуын бақылайды. Басқаша айтқанда, прокуратура соттар жергілікті жағдайларға орай үйлесімділікті заңдылыққа қарсы қойма үшін оларды қадағалайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттің біртұтас құрлысын ескерумен ерекше сот жүйесін бекітті. Қазақстан Республикасының сот жүйесі елдің соттарының жиынтығы болып табылады.
Қазақстанның сот жүйесі азаматтық, қылмыстық, шаруашылық және әкімшілік істерді қарастыруды жүзеге асыратын жалпы заңдық ұкім соттардан, сот мекемелерінің біртұтас жүйесінен тұрады. Олар Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық соттар, аудандық (қалалық) халық соттар. Жалпы соттар жүйесіне әскери соттар да кіреді.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясының 3- бабы мемлекеттік биліктің біртұтастығын және оның заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарына бөлінуі, сондай-ақ тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалана отрырып, олардың өзара іс-қимыл жасауын бекітіп берді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz