Қарым - қатынас мәдениеті арқылы студенттердің кәсіби құзыреттілігін дамытудың бағдарламасы


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минстрлігі
Меңтай А. Е.
ЖОО-ДА СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІ НЕГІЗІНДЕ ДАМЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
Мамандығы - Педагогика және Психология
2021 ж.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
Тақырыбы: «ЖОО-да студенттердің кәсіби құзыреттілігін қарым-қатынас мәдениеті негізінде дамытудың ғылыми-теориялық негіздері»
Орындаған: Меңтай А. Е.
(қолы)
Ғылыми жетекші: Атемова К. Т.
(атағы) (қолы)
2021 ж
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаhандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауына сәйкес, ЖОО мақсаты әлемдік талаптарға сай мобильді, жаңаны қабылдауға бейім, креативті, сыни ойлай алатын, поликоммуникативті кәсіби құзыретті жеке тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажеттігі туындауда. Жаһандық бәсекеге қабілеттілікке жету мақсатында билікпен белгіленген стратегиялық мақсаттар, білім беру іс-әрекетінің приоритеттерін түбегейлі өзгерту және өз бетімен іздену дағдыларын дамыту ағымына бағыттауды ұйғарады [1] .
Осыған орай, университеттік білім беру жүйесінде студенттердің кәсіби құзыреттілігін қарым-қатынас мәдениеті негізінде дамыту мәселесі туындап отыр.
Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру кез-келген ғылым аясында сәттілікке жету жолы екені сөзсіз анық. Қазіргі кезде болашақ мамандарда кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру жолдары зерттеушілер арасында қарқынды пікір алмастыруда. Әлемде академиялық сауаттылықты дамыту негізінде кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру мәселесі кеңінен қаралуда. Бұл, студенттерді кәсіби құзыреттілікке икемдеудің жаңа серпіні. Шетелдік тәжірибеде академиялық сауаттылық сыни және рефлекциялық ойлау, өзіндік (автономдық) оқуға қабілеттілік және өзін әлемдік академиялық қоғамның бөлігі ретінде қабылдауы ретінде қарастырылады.
Білім мазмұнын игеруге және оны өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы берілген мүмкіндіктерді қолдану, сонымен қатар тіл үйренушінің іскерлігі, коммуникативтік құзыреттілігін дамыту жағы да ескерілген.
Біз жаңа технологиялық тасқынның куәгері болып отырмыз. Қазір ғылыми-техниканың, өркениеттің даму заманы. Компьютер мен интернет, жаңа байланыс құралдары, ғылыми жаңалықтар, осының бәрі оқушылардың ой-өрісіне әсерін тигізеді. Ал білім сапасын жоғарылату, құзыретті маман тәрбиелеу- барлық оқытушыларды толғандыратын маңызды мәселе. Мына заманда білім алушылардың да алдына қойылатын талаптар да күннен-күнге, жылдан-жылға өсуде.
Студент-дәрігерлерге жұмыс барысында қолдануға өте қажетті сөйлесім мәтінін өздеріне құрғызудың (негізін монологты мәтіннен алу) нәтижесінде дәрігердің қазақ тілінде сөйлеу қабілеттері артады. Олар үйренген сөйлесім түрлерін жұмыс барысындағы қолданыста тиімді пайдалана алады.
Кез келген елдің болашағы білім беру жүйесі мен зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттігі туындап тұр. Әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтитын жаңа білім мазмұны шынайы жарыс, адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуі тиіс. Бұл талап оқытушылар қауымына да үлкен жауапкершілікті жүктейді. Сол себепті біздер әр кез үлкен ізденісте жүріп, әр сабаққа жан жақты дайындалуымыз қажет [1] .
Қазіргі студенттердің бойында түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру заман талабы болып табылады. Құзыреттілік - оқу мен өмір жағдаяттарын шешу кезінде білім алушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны және қызметтің әмбебап тәсілдерін және білім берудің нәтижесі.
Құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» (ББД) сияқты ұғымдарды қамтиды. Бірақ бұл ББД-ның жаңаша жай ғана жиынтығы емес. Құзыреттілік оқыту нәтижесін (білім және білік) ғана емес, сонымен бірге ол оқушылардың шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді. Құзыреттілік - бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. Ол ең әуелі мектептегі оқыту үрдісінде қалыптасады. Сонымен, оқытудағы құзыреттілік тәсіл білім беру нәтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде кешенді әдістәсілдерді жүзеге асыруды, білім беру барысында оқыту сапасын бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап етеді. Демек «құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдарын білім беру орындарындағы педагогикалық тәжірибеге енгізу білім берудің мазмұны мен әдістерін өзгертуді, іс-әрекет түрлерін нақтылауды талап етеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ойөрісін байыту» деп атап көрсетілген [2] . Аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану секілді мәселелерді анықтап алу, білім беру жүйесіндегі басты ұстаным ретінде әркімнің өзінің білім алуға деген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді көздейді.
Қоғамдық дамудың қазіргі үрдісі өзінің ісәрекетін тиімді жоспарлай алатын, танымдық қызметінде алынған білімді орынды пайдалана білетін, түпкі нәтижеге жету үшін әртүрлі топтардағы адамдармен тиімді қарым-қатынас диалогіне түсе алатын білімді тұлғаны тәрбелеу мәселесін қойып отыр.
Оқыту формасында білім алушының өз еркімен білім алуына, материалды ойлау қабілетіне бағыттауға, оқытуды жаттанды түрде емес, шығармашылықпен меңгертуге көңіл бөлу қажет [3] . Сапалы білім алған, танымдылығы жоғары, құзыретті, бәсекелестіктің қайсыбір мықты тегеурініне төтеп бере алатын тіл үйренушілер ғана болашақтың кілтін аша алады. Еліміздің жаһандық дүниеде даралануы білімді, жігерлі, рухани бай жас ұрпақ арқылы іске асады.
Сонымен, құзыреттілік - тек білім ғана емес, студенттің оқу үдерісінде меңгерген білімдерін, дағдылары мен біліктерін іс жүзінде дұрыс, орынды, тиімді пайдалануы.
Ғалымдар білім берудегі құзыреттілік тәсілді жүзеге асырудың аспектілерін көрсетеді:
- Түйінді құзыреттер;
- Жалпыланған пәндік біліктіліктер;
- Қолданбалы пәндік біліктіліктер;
- Өмірлік дағдылар.
«Құзыреттілік» ұғымының кең таралымына қарамастан, бұл ұғымның мəні терең ғылыми талдауларды жəне оны негіздеуді талап етеді. Сондықтан да талдау ең алдымен, қолданыстағы ұғымның не екендігіне жауап іздеуден басталады. «Құзырет» пен «құзыреттілік» түсініктерін анықтауда салыстырмалы түрде талдау жасалған, оларды көптеген ресейлік жəне шетел зерттеулерінен (И. А. Зимняя, В. И. Байденко, Н. А. Гришанова, Д. А. Махотин, О. Е. Лебедев, С. Адам, У. Клемент жəне тағы басқалардың еңбектерінен) көруге болады.
Қазіргі уақытта жеке тұлғаның психологиялық, теориялық жəне практикалық дайындық сұрақтары, педагог бойындағы кəсіби қасиеттер мен қабілеттердің қалыптасуы, оның беделі мен кəсіби шеберлігі, педагогикалық ойлауы, ғылыми еңбекті ұйымдастыру мен біліктілікті жоғарылату мəселелері бойынша кең түрде əдебиеттер қоры құрылды. Оларға С. И. Архангельский, Ф. Н. Гонобалин, Н. В. Кулюткин, И. Т. Огородников, А. И. Пискунов, В. А. Сластенин, А. И. Щербаков, Н. В. Кузьмина, Н. Ф. Талызина, В. В. Краевский, Н. Д. Хмель, С. Т. Каргин, А. К. Маркова, К. С. Оспанов жəне тағы басқалардың ғылыми еңбектерін жатқызуға болады.
Бұл зерттеу жұмыстары педагогтардың кəсіби дайындық мəселесін өңдеуге неғұрлым салмақты үлесін қосты, сонымен бірге қоғамдық жəне педагогикалық тəжірибенің маңызды қажеттіліктері арасындағы қайшылықты шешу мүмкіндігін береді.
Бүгінгі күнде «құзыреттілік» түсінігі тек қана негізгі педагогикалық категориялардың бірі ретінде ғана емес, сонымен бірге пəнаралық зерттеудің, яғни, «педагогтың кəсіби құзыреттілігі» түсінігінің мəнін анықтау мəселесі психологтардың, педагогтардың, маман-практиктердің жəне т. б. арасындағы дау мен қайшылықтардың объектісі болып табылады.
Жаңа психологиялық-педагогикалық əдебиеттерді талдау қазіргі уақытта «құзыреттілік» түсінігінің мəнін анықтау процесінде, оның құрылысы мен мазмұнын толықтыруда бірліктің жоқтығын белгілеуге мүмкіндік береді. Көп жағдайда бұл түсінік біліктілік пен кəсіпқойлықтың жоғары деңгейін көрсету үшін қолданылады. Кейбір авторлар «кəсіби құзыреттілік» ұғымын түсіндіруде кəсіби іс-əрекетке дайындық түсінігімен (В. А. Сластенин, Н. Н. Лобанова, А. И. Панарин жəне тағы басқалар), сондай-ақ педагогикалық кəсіпқойлық (А. И. Пискунов, В. В. Косарев жəне тағы басқалар) түсінігімен өзара байланыстырады.
Егер де құзыреттілікті кəсіпқойлық жүйесіндегі орнын анықтауға тырыссақ, онда ол мамандықты меңгерудің неғұрлым жоғары деңгейін көрсететін орындағыштық пен жетілгендік арасында; көптеген авторлармен белгілі бір іс-əрекетті орындауға дайындық ретінде жеке тұлғаның «тұлғаның ішкі дайындығы», өзгеше «алдын ала дайындық» жағдайы мен шеберлігі арасында болады [1] . Педагогтың кəсіби құзыреттілігі туралы барлық түсініктерді оқу барысында оның бірқатар маңызды өзгерістерге ұшырағандығын анықтауға болады: мұғалім жеке тұлғасының педагогикалық бағыттылығын қалыптастыру негізін өңдеуден бастап (С. Т. Каргин, А. А. Орлов, И. Я. Фастовец жəне тағы басқалар), сонымен қатар жеке тұлғаның толығымен жəне оның бойындағы кəсіби маңызды қасиеттердің дамуы (Р. Ж. Əубəкірова, Е. П. Белозерцев, И. А. Колесникова, А. Е. Кондратенков, Н. В. Кузьмина, Н. Д. Левитов, И. Я. Лернер, М. Н. Скаткин, В. А. Сластенин, К. С. Оспанов жəне тағы басқалар), педагогикалық шығармашылық көздерінің мəнін анықтауға (В. И. Андреев, В. И. Загвязинский, Ю. Н. Кулюткин, М. М. Поташник жəне тағы басқалар), мұғалім кəсіби іс-əрекетінің психологиялық негізін талдауға (Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, А. М. Матюшкин, С. Л. Рубинштейн, Д. Б. Эльконин жəне тағы басқалар) жəне педагогтың кəсіпқойлығын қалыптастыру (Е. В. Андриенко, К. А. Абульханова, В. В. Косарев, Н. В. Кузьмина, А. И. Пискунов жəне тағы басқалар) сұрақтарына дейін өзгеріп отырды.
Ғылымдағы кəсіби құзыреттілік мəселесін зерттеуге деген қызығушылық бір өшіп немесе бір жаңа күшпен қайта жандана түседі. Құзыреттілікті теориялық қамту жəне оларды тəжірибе жүзінде қалыптастыру сияқты сұрақтарға зерттеушілердің назарын аудару əдетте экономикамызда, мəдениет пен білім беру саласында болып жатқан дағдарыстық жағдайларға сай келеді. Осы кезеңдері зерттеушілер жеке тұлға құрылысындағы ерекше компоненттерді шығаруға көп көңіл аударды. Бұл компоненттер жеке тұлғаға əлеуметтік өзгерістерге бейімделуге, білімін толықтыру үшін ішкі ресурстарды табу, кəсіби іскерліктерін қазіргі жағдайға сəйкес өзгертуге, жаңартуға мүмкіндік беруі тиіс.
ХХ ғасырдың 70-90-жылдары отандық ғалымдардың Н. В. Кузьмина, А. К. Маркова, И. А. Зимняя жəне тағы басқалардың зерттеулерінде құзыреттілік педагогикалық үрдісті басқару мен педагогтың кəсіби іс-əрекетін қамтитын білім берудің жаңа мақсаты, маңызды компоненті ретінде қарастырылды. Кəсіби-педагогикалық құзыреттілік пен оның жеке түрлері В. А. Адольфтың, Е. В. Бондарев- скаяның, Н. В. Кузьминаның жəне тағы басқалардың ғылыми жұмыстарында, сонымен бірге педагогтың кəсіби құзыреттілігінің басқа ба аспектілерін К. А. Абульханова, Н. В. Кузьмина, Л. М. Митина, Л. И. Мищенко, М. В. Прохорова, Е. И. Рогов, Д. С. Савельев, В. А. Сластенин, Н. Ф. Талызина, А. И. Щербаков жəне тағы басқалар зерттеген.
Демек, бұл мәселенің шешімін табу жолдарын іздестіру зерттеу тақырыбымыздың көкейкестілігін дәлелдейді. Сол себепті, ЖОО-да студенттердің кәсіби құзыреттілігін қарым-қатынас мәдениеті негізінде дамытудың ғылыми-теориялық негіздері» деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: студенттердің кәсіби құзыреттілігін қарым-қатынас мәдениеті негізінде дамыту жұмысын теориялық және практикалық негіздеу.
Зерттеу объектісі: ЖОО-дағы оқу үрдісі
Зepттey пәнi: студенттердің кәсіби құзыреттілігін қарым-қатынас мәдениеті негізінде қалыптастыру жүйесі
Зерттеудің міндеттері:
- «Құзыреттілік», «кәсіби құзыреттілік», «қарым-қатынас» түсініктерінің мәнін ашу;
- Студенттердің кәсіби құзыреттілігін қарым-қатынас мәдениеті негізінде дамыту жұмысының құрылымдық-мазмұндық моделін жасау;
- Қарым-қатынас мәдениеті арқылы кәсіби құзыреттілікті дамыту жұмысының тәжірибелік-педагогикалық жұмыс тиімділігін арттырудың әдістемелік ұсыныстарын даярлау.
Зepттeyдiң ғылыми бoлжaмы: егер, қарым-қатынас мәдениеті негізінде студенттердің кәсіби құзыреттелігін дамытудың ғылыми-педагогикалық негіздері анықталып, кәсіби құзыреттілікті дамыту жүйесі жасалса, кәсіби құзыреттіліктің мазмұнын құрып, әдістемелік жағынан қамтамасыз етілсе, онда кәсіби құзыреттілгі дамыған, ұлттық сана-сезімі жоғары тұлғаны тәрбиелеуге мүмкіндік туындайды және студенттердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға, өзін-өзі тәрбиелеуге ықпалын тигізеді, өйткені тәрбиелік жұмыстар, тәрбиелік іс-шаралар мазмұны кәсіби құзыреттілік негізде құрылады және сол арқылы дамудың жаңа деңгейіне қол жеткізуге болады.
Зepттey әдicтepi: зepттey мәceлeci бoйыншa ғылыми-әдістемелік, филocoфиялық, пcиxoлoгиялық, пeдaгoгикaлық, әлеуметтік әдeбиeттepгe тeopиялық тaлдay жасау; мектеп мұғалімдерінің іс-тәжірибесі; мектеп құжаттарымен (ресми материалдар, жоспарлар, бағдарлама және т. б. ) танысу, мектеп жұмыс нәтижесін салыстыру, сауалнама және әңгімелесу, педагогикалық бақылау, әлеуметтік үдepicті бaқылay, aлынғaн мәлiмeттepдi өңдey, қopытындылay.
Зерттеудің базасы:
Зepттeyдiң құpылымы: кipicпeдeн, үш бөлiмнен, қopытынды жәнe пaйдaлaнғaн әдeбиeттep тiзiмiнeн, қocымшaдaн тұpaды.
- ЖОО-ДА СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІ НЕГІЗІНДЕ ДАМЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қоғамдық дамудың қазіргі үдерісі өзінің іс-әрекетін тиімді жоспарлай алатын, танымдық қызметінде алынған білімді орынды пайдалана білетін, түпкі нәтижеге жету үшін әр түрлі топтардағы адамдармен тиімді қарым-қатынас диалогіне түсе алатын білімді тұлғаны тәрбелеу мәселесін қойып отыр. Сапалы білім алған, танымдылығы жоғары, құзыретті, бәсекелестіктің қайсыбір мықты тегеурініне төтеп бере алатын оқушылар ғана болашақтың кілтін аша алады.
Еліміздің жаһандық дүниеде даралануы білімді, жігерлі, ұлттық санасы рухани бай жас ұрпақ арқылы іске асады.
Білім мен ақпарат үстемдік құрған қоғамда білім беру жүйесі инновациялық экономиканың негізгі бөлігі болып табылады. Қатаң талаптары қалыптасып келе жатқан инновациялық экономика қай салада болса да, бүгінгі маманның құзыреттілігін, яғни өз саласы бойынша ой-пікірінің қалыптасуын, кәсібилігін, өмірдің өзгермелі жағдайына бейімділігін, оған сай өз білімін пайдалану ғана емес, оны қажеттікке қарай толықтырып отыруды талап етеді.
Қоғамда әлеуметтік, мәдени үдеріспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық - білім. Осы жоғары құндылық сапасын көтерудің басты шарты - педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту болып табылады. Олай болса, білімге негізделген қоғам құрылысының негізгі басымдықтарын есепке ала отырып, педагог мамандардан аса жоғары кәсіби құзыреттілік талап етіледі.
Құзыреттілік тәсіл идеясы - «қоғамға қандай, жеке тұлғаға қандай білім қажет және ол қоғамның қандай қажетін өтей алады» деген сұраққа жауап береді. Оқытушының құзыреттілігін қалыптастыру - бүгінгі білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі. Құзырлылық тәсіл, білім сапасын арттыруды дәстүрлі тәсіл мен білім мазмұнын ұлғайту арқылы шешудің арасындағы қарама-қайшылықтан туындаған дағдарыстан шығудың бір жолы деп қарастыруға болады. Бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын береді. Оның сапасы алған білімнің көптігінен емес, сол білімді қолдана білумен маңызды.
Осыған орай, дамыған елдердің оқу жүйесінде кеңінен қолданыла бастаған «құзырет», «құзыреттілік», «кәсіби құзыреттілік» терминдері жаңа білім стандарты ұстанған басты бағыт ретінде біздің еліміздің білім беру жүйесіне енгізілген. Біздің мақсатымыз жаһандану жағдайында құзыреттіліктің әрекет категориясына қатысты мәнін, кәсіби құзыреттілік деңгейінде жүргізілген зерттеулерді зерделеу арқылы ашуға ұмтылыс жасау.
«Құзыреттілік» терминін ХХ ғасырдың ортасында Н. Хомский енгізген, алғашында ол ана тілінде нақты тілдік қызметті орындау үшін қажет қабілеттіктер ұғымын берген [1] . Философиялық энциклопедиялық сөздікте құзыреттілік «компетенция» - сөзінің француз (competence- құзыретті, хабардар), латын (competentia - әділ, дұрыс қорытынды; competere - дегеніне жету, сәйкес келу, жақын келу) тілінен келгендігін, әмбебаптық тұрғыда қолданылатын термин екендігі көрсетілген. Өз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен қаруланған, негізгі ой-тұжырым жасайтын және тиімді әрекет ете алатын адамды белгілі бір саладағы құзыреттіліктерді меңгерген деп есептеуге болады [2] .
«Құзыреттілік» ұғымы «құзыр» сөзінен алынған туынды сөз екендігіне қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде мынандай анықтама берілген: «құзыр» - жалпы алғанда қайсыбір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау» дегенді білдіреді [3] .
Қазақ Ұлттық энциклопедиясында «құзырет» - нақты органның не лауазымды тұлғаның заң жүзінде белгіленген өкілеттіліктерінің, құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы деп көрсетілген [4] .
Сонымен қатар, педагогикалық білім беру теориясында құзыреттілік маманның өзінің қызметіндегі мәселелерін нақты жағдайларда шеше алу мүмкіндігін анықтайтын интегралды сипаттама, ол үшін білімі мен өмірлік тәжірибесін және құндылықтар мен қабілетті қолдану керек [5] .
«Құзыреттілік» түсінігін анықтауда өзіндік тәсілді Н. К. Кабардов пен Е. В. Арцишевскаядан байқауға болады. Берілген тәсіл «құзыреттілік», «қабілет» түсініктерін салыстыру әрекетінде бекітілген. Аталған авторлар, құзыреттілік - дегеніміз мінез - құлықтың сипаттамасы, жеке тұлғаның белсенділігі, қажетті дағдылардың қалыптасуы деген тұжырым жасай отырып, «құзыреттілік» - меңгеру сатысы және үйретудің нәтижесі ретінде анықталатындығына тоқталған [6] .
М. А. Холодная құзыреттілікті белгілі бір қызмет саласында тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік беретін арнайы пәндік білімнің ерекше түрі ретінде анықтайды [7] .
Л. М. Митинаның пікірі бойынша «құзыреттілік» ұғымына «білім, дағды, білік, сонымен қатар практикада, тілдесуде, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуда қолданатын тәсілдері» деген анықтама береді [8] .
А. Ф. Присяжная педагогика ғылымында құзыреттілік - тұлғаның белгілі бір сала қызметі мен уәкілеттігін анықтайтын, оның интегративті қасиеті ретінде қарастылатындығын жатқызады [9] .
Білім беруді жаңарту негіздерінің бірі ретінде құзыреттілік тұрғыдан келуді жақтаушылар күтілетін нәтижелер тұжырымдамасын құруда. Бұл тұрғыдағы көзқарасты М. В. Рыжков өз еңбегінде:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz