Ветеринария саласындағы мемлекеттік реттеу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Ф-ЖООКБ-01018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті

ӘОЖ 631.1: 636.082.2


Мемлекеттік ветеринарияның мекемелер жүйесі



Шымкент - 2020

МАЗМҰНЫ

I
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

II
НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1
Қазақстан Республикасының Ветеринария туралы заңы ... ... ...

2
Қазақстандағы ветеринариялық қызметтің құрлымы ... ... ... ... ... .

3
Ветеринариялық бақылау мекемелері және олардың жұмысы ... ..

4
Қазақстан Республикасының аумақтарын санитариялық қорғау...

III
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

IV
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ..

КІРІСПЕ

Ветеринария (лат. veterinarius -- малды бағып -- қарайтын қызметкер, жануарларды емдейтін маман) - жануарлар ауруларының алдын алу, оларды емдеу, мал дәрігерлік сараптау және тексеру арқылы санитарлық тұрғыдан таза жануарлар өнімдерін өндіру нәтижесінде, адамзатты антропозооноз ауруларынан сақтау, сыртқы қоршаған ортаны қорғаудағы ветеринарлық-санитарлық проблемаларды шешу мәселелері туралы ғылыми ілім.
Жануарларды емдеу туралы көне мәліметтер 4 мыңыншы жылдардан бері белгілі. Ветеринарияның дамуы медицина, биология, химия, физика және т.б. табиғаттану ғылымдарының дамуымен тікілей байланысты. Ветеринарияның ғылым ретінде қалыптасуына К. Алкмеон, Гиппократ, К. Гален, К. Буржела, Э. Дженнер, В. И. Всеволодов, К.И. Скрябин, С.Н. Вышелесский және т. б. ғалымдар атсалысқан.
Ветеринария -- қалыпты анатомия, гистология, физиология, биохимия, патологиялық анатомия және физиология, ветеринарлық микробиология және вирусология, эпизоотология, паразитология, ветеринарлық санитария, ветеринарлық-санитарлық сараптау, клиникалық анықтау (диагностика), емдеу (терапия), хирургия (оташылық), фармакология, жануарлар гигиенасы, ветеринарлық акушерлік және гинекология сияқты ғылыми салаларды біріктіреді.
Қазақстан Республикасындағы ветеринария қызметі бірегей мақсатпен арнайы қызмет атқарушы органдар, мекемелер, ұйымдар және қызметтер жүйесінен тұрады. Олар ветеринариялық қызметті тікелей атқарушы және оған тиісті жағдай туғызып, қамтамасыз етуші болып екі топқа бөлінеді.
Статистикалық деректер бойынша ветеринария мамандарының 80% астамы бірінші топтағы ұйымдармен мекемелерде істейді. Бұл мамандар тікелей мал шаруашылығында және сонымен өндірістік байланысы бар кәсіпорындарда, көлікте, сауда саттық жүйесінде ветеринариялық қызмет атқарады. Бұл топқа мемлекеттік және жеке меншік ветеринариялық қызметтер кіреді.
Екінші топтағы ұйымдар мен мекемелерге жататындар:
ветеринариялық ғылыми зерттеу институттары, станциялары, лабораториялары;
биопрепараттар өндіруші кәсіпорындары, лабораториялары, дәрі дәрмек, құрал жабдық шығаратын кәсіпорындар және олардың өнімдерін тұтынушыға жеткізуші зооветжабдықтау жүйесі;
жоғары және арнаулы орта білім беруші ветеринариялық медицина оқу орындары.
Осы топтағы мекемелер мен кәсіпорындар ветеринарияның дамуына, талапқа сай жұмысын атқаруға зор ықпалын тигізеді. Шынында да ғылыми зерттеу ветеринариялық шараларды табуға, жетілдіруге мүмкіндік береді; оқу орындары мамандар даярлайды; кәсіпорындар препараттар мен құрал жабдықтарды өндіреді. Олардың жұмысы ветеринарияны ғылыми және материалдық техникалық жағынан қамтамасыз етуге бағытталған.
Еліміздің ветеринариялық жүйесі мемлекет тарапынан құрылады. Сондықтан барлық ветеринариялық органдар, мекемелер мемлекеттік ветеринарияға жатады. Олардың барлығы Ауыл шаруашылығы министрлігі жүйесіне кіреді.
Мемлекеттік ветеринарияға ерекше міндеттер жүктелген, арнайы құқықтар берілген. Сондықтан ол ветеринариялық шараларды жоспарлауда, ұйымдастыруда жетекші роль атқарады. Ветеринария саласында мемлекеттік саясат жүргізіп, оның мүддесін қорғайды. Мемлекеттік ветеринарияның мамандарды сұрыптап, тиісті орындарға тағайындауға, қаражат қорларын шоғырландырып, эпизоотиямен күрестің шешуші бағыттарына жұмсауға құқы бар. Сауықтыру шараларын нәтижелі жүргізу үшін және ветеринариялық препараттарды өндіру, жарамдылығы мен сапасын анықтауға ғылыми мүмкіншілікті пайдаланып, білікті ғылым қызметкерлерін тартуға құқықты.
Ветеринариялық қызмет еліміздегі әкімшілік аумақтық бөліну принципіне сәйкес ұйымдастырылған. Сондықтан, оның әр сатысы өз құзыры жүретін аймақтағы барлық ветеринариялық нысандарда, ведмостволық бағыныштылығына қарамастан, тиісті міндеттерін атқарады. Бірақ, тасымалдау жүйесіндегі және шекарадағы ветеринариялық бақылау қызметтері тікелей Республикалық Ветеринариялық бақылау Комитетіне бағынады.
Елімізде жекеменшік кәсіпкерлік ветеринария нарыққа өтпелі кезеңде заман талабы бойынша туындады. Ветеринариялық қызметтің бұл түріне жекеменшік әдісімен қызмет етуші дәрігерлер, ветфельдшерлер, препараттар мен мүліктер өндіруші шағын кәсіпорындар, кооперативтер, серіктестіктер, бірлестіктер, сондай ақ лабораториялар және т.б. жатады.
Жекеменшік кәсіпкерлік қызмет ветеринарияны басқарушы мемлекеттік органдардың рұқсатымен (лицензиясымен) тиісті әкімшілік аумақта жұмыс істейді. Оларға ҚР Ветеринария туралы заңы бойынша ауырған малдарды емдеуге, аурулардың алдын алу шараларын жүргізіп, малдың денсаулығы туралы құжаттар беруге рұқсат берілген. Егер жұқпалы аурулардың белгілерін байқаса, мемлекеттік ветеринарияға тез хабар беріп, ауру ошағын жоюға шаралар қолданады, қарантиндік шаралар жүргізуге қатысады.Жекеменшік қызметтің жұмысына мемлекеттік ветеринариялық органдар басшылық етіп, үстінен бақылау жасайды.
Ветеринариялық қызмет өз міндетін атқару үшін қажетті керек жарақпен қамтамасыз етуді, яғни жабдықтауды талап етеді. Бұл ауыл шаруашылығы Министрлігінің негізгі қызметтерінің бірі болып саналады. Ветеринарияны жабдықтауды ұйымдастыру, басқару және бақылау үшін арнайы орган және мекемелер жүйесі құрылған, оны қаззооветжабдықтау деп атайды. Жабдықтау көлемі аудандарда, облыстарда және бүкіл республика бойынша жоспарланған ветеринариялық шаралар көлеміне байланысты болады. Негізгі жабдықтау бұйымдарына: биологиялық препараттар, дәрі дәрмектер, залалсыздандырғыш заттар, лабораториялық жабдықтар мен реактивтер, түрлі аспаптар, таңғыш заттар, арнайы киімдер және т.б. жатады.
Қазақстан бойынша ветеринарияда қолданылатын тауарлар өндіруші кәсіпорындар бұрыннан салынбаған. Қазір шприцтер, дәрі дәрмек өндіруші және т.б. ветеринариялық, медициналық өнімдер шығаратын кәсіпорындар ашылуда. Бірақ, негізгі мұқтаждықты өтеу үшін осы кәсіпорындардың өнімдері жеткіліксіз болғандықтан, көпшілік тауарлар алыс жақын шетелдерден сатып алынады.
Республикамыздағы ветеринария саласының жетекші ғылыми мекемелеріне ҚР Ұлттық аграрлық ғылыми зерттеу орталығы, ҚР Ұлттық биотехнология орталығы, ҚР Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми зерттеу институты, Қазақ ветеринариялық ғылыми зерттеу институты және т.б. жатады. Осы аталған ғылыми зерттеу орталықтары мен институттары еліміздің биологиялық және ветеринариялық қауіпсіздігін, ветеринария саласының дамуына елеулі үлес қосып келеді.
Ветеринария саласы сау және ауру жануарлар организмінің тіршілік заңдылығын, аурудың пайда болу себептерін, анықтау әдістерін, аурудың алдын алу және малдарды күтіп бағу, азықтандыру, жұмысқа жегу жолдарын ескере отырып, ауру жануарларды емдеу, сонымен қатар адамды жануарлар мен адамға ортақ аурулардан сақтандыру шараларын толық меңгеретін ғылыми білімнің кешені.

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Қазақстан Республикасының Ветеринария туралы заңы
ҚР Ветеринария туралы заңы бірінші рет 1995 жылы 25 маусымда, екіншісі 2002 жылы 10 шілдеде қабылданған, заң 6 тараудан 37 баптан тұрады:

Бірінші тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдарға түсініктеме берілген.
2-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.
3-бап. Ветеринария саласындағы негiзгi мiндеттер
Ветеринария саласындағы негiзгi мiндеттер мыналар:
жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;
халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердiң ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;
ветеринариялық препараттардың сапасын бақылау;
жануарлар ауруларына қарсы күрес құралдары мен әдiстерiн әзiрлеу және пайдалану, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың сапасына ветеринариялық-санитариялық бақылауды қамтамасыз ету;
жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою;
ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария мамандарын даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру.

2-тарау. Ветеринария саласындағы мемлекеттік реттеу
4-бап. Ветеринария саласындағы мемлекеттiк саясат
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ветеринария саласындағы құзыретi
6-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария жүйесi
Қазақстан Республикасының ветеринария жүйесiне:
ветеринарияны мемлекеттiк басқару органдары;
мемлекеттiк органдардың ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын бөлiмшелерi;
мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар;
ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын жеке және заңды тұлғалар кiредi.
7-бап. Ветеринарияны мемлекеттiк басқару органдары
1. Ветеринарияны мемлекеттiк басқару органдарына:
ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
ветеринариялық бақылау постылары бар шекарадағы және көлiктегi мемлекеттiк ветеринариялық қадағалаудың аймақтық бөлiмшелерi;
ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның облыстық (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) аумақтық бөлiмшелерi;
селолық округтердiң, базарлардағы, мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау орындары бақылайтын жүктердi өндiру, дайындау (сою), сақтау, өңдеу және өткiзу жөнiндегi ұйымдардағы ветеринариялық инспекторлары бар ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның аудандық (қалалық) аумақтық бөлiмшелерi жатады.
2. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары -- Қазақстан Республикасы мен тиiстi аумақтардың бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторлары, ал олардың орынбасарлары Қазақстан Республикасы мен тиiстi аумақтардың бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторларының орынбасарлары болып табылады. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның басшысы әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердiң тиiстi лауазымдарына қоса бас мемлекеттiк ветеринариялық инспектор, бас мемлекеттiк ветеринариялық инспектордың орынбасары деген арнаулы атаулар бepyгe құқылы.
8-бап. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен
оның аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыретi
9-бап. Мемлекеттiк органдардың ветеринария саласындағы қызметтi
жүзеге асыратын бөлiмшелерi
10-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының құзыреті;
10-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң құзыретi
11-бап. Мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар
12-бап. Ветеринария саласындағы қызметтi лицензиялау
1. Ветеринариялық қызметтi Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында белгiленген тәртiппен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы мiндеттi түрде лицензиялауға тиiс.
2. Ветеринариялық қызметке лицензия беру, оның қолданылуын тоқтата тұру және оны керi қайтарып алу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
13-бап. Ветеринария саласындағы кәсiпкерлiк қызмет
3-тарау. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау
14-бап. Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау
14-1-бап. Қазақстан Республикасында мемлекеттік ветеринариялық бақылауды жүзеге асыру тәртібi
15-бап. Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерi
Мыналар мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерi болып табылады:
жануарлар, жануарлардың жыныс және дене клеткалары;
жануарлар ауруларының қоздырушылары;
жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзат, ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөптiк қоспалар, патологиялық материал немесе олардан диагностика және ветеринариялық-санитариялық сараптама үшiн алынатын сынамалар, сондай-ақ судың, ауаның, топырақтың, өсiмдiктердiң сынамалары;
жануарларға профилактика жасау, оларды емдеу мен дауалау, жануарлар ауруларының диагностикасы, ветеринариялық-санитариялық сараптама үшiн пайдаланылатын ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттар;
жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкiн көлiк құралдары, ыдыстың барлық түрлерi, буып-түю материалдары;
жеке және заңды тұлғалардың ветеринария саласындағы қызметi;
мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi өсiретiн, дайындайтын, сақтайтын, өңдейтiн, өткiзетiн немесе пайдаланатын, сондай-ақ ветеринария саласындағы ғылыми қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аумақтары, өндiрiстiк үй-жайлары мен қызметi;
мал айдалатын жолдар, маршруттар, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтары, оларды бiрдейлендiрудiң рәсiмдерi мен нысандары;
ветеринариялық есеппен есептiлiк жөнiндегi құжаттама, ветеринариялық куәлiк, ветеринариялық анықтама, ветеринариялық-санитариялық қорытынды, сараптама актiсi, мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi өндiру, дайындау (сою), сақтау және өңдеу жөнiндегi нормативтiк-техникалық құжаттама мен ветеринария саласындағы өзге де нормативтiк құжаттамалар.
16-бап. Бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторлар мен олардың орынбасарларының құзыретi
17-бап. Ветеринариялық инспекторлардың құқықтары
18-бап. Ветеринариялық инспекторлардың актiлерi
19-бап. Ветеринариялық инспекторлардың тәуелсiздiгi
Ветеринариялық инспекторлар өз қызметiнде тәуелсiз болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа алады.
20-бап. Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау
21-бап. Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiндегi мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау
22-бап. Базарлардағы мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау
23-бап. Жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты өндiру, дайындау (сою), сақтау, өңдеу және өткiзу жөнiндегi ұйымдарда мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау
24-бап. Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөптiк қоспалар айналысын мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау
4-тарау. Жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу және оларды жою
25-бап. Жеке және заңды тұлғалардың жануарлар ауруларының, оның iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу жөнiндегi мiндеттерi
26-бап. Ветеринариялық iс-шаралар
27-бап. Шектеу iс-шаралары және карантин
28-бап. Ветеринариялық препараттардың республикалық қоры
29-бап. Ветеринариялық нормативтер
30-бап. Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi алып қою, жою, залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу
31-бап. Азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау
32-бап. Ауыл шаруашылық жануарларын, базарларды, мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi өндiру, дайындау (сою), сақтау, өңдеу және өткiзу жөнiндегi ұйымдарды бiрдейлендiру
5-тарау. Ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер және ветеринария мамандарын даярлау мен олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызмет
33-бап. Ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер
34-бап. Ветеринария мамандарын даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру

6-тарау. Ветеринарияны қаржыландыру және ветеринария туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық
35-бап. Ветеринарияны қаржыландыру көздерi
36-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
37-бап. Осы заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
Осы Заң ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негiздерiн айқындайды, ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың, ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптiк қоспалардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған.


2.2 Қазақстандағы ветеринариялық қызметтің құрлымы. Республикамыздағы ветеринария қызметі бірегей мақсатпен арнайы қызмет атқарушы органдар, мекемелер, ұйымдар және қызметтер жүйесінен тұрады. Олар ветеринариялық қызметті тікелей атқарушы және оған тиісті жағдай туғызып, қамтамасыз етуші болып екі топқа бөлінеді.
Статистикалық деректер бойынша ветеринария мамандарының 80% астамы бірінші топтағы ұйымдармен мекемелерде істейді. Бұл мамандар тікелей мал шаруашылығында және сонымен өндірістік байланысы бар кәсіпорындарда, көлікте, сауда саттық жүйесінде ветеринариялық қызмет атқарады. Бұл топқа мемлекеттік және жеке меншік ветеринариялық қызметтер кіреді.
Екінші топтағы ұйымдар мен мекемелерге жататындар:
-- ветеринариялық ғылыми зерттеу институттары, станциялары, лабораториялары;
-- биопрепараттар өндіруші кәсіпорындары, лабораториялары, дәрі дәрмек, құрал жабдық шығаратын кәсіпорындар және олардың өнімдерін тұтынушыға жеткізуші зооветжабдықтау жүйесі;
-- жоғары және арнаулы орта білім беруші ветеринариялық медицина оқу орындары.
Осы топтағы мекемелер мен кәсіпорындар ветеринарияның дамуына, талапқа сай жұмысын атқаруға зор ықпалын тигізеді. Шынында да ғылыми зерттеу ветеринариялық шараларды табуға, жетілдіруге мүмкіндік береді; оқу орындары мамандар даярлайды; кәсіпорындар препараттар мен құрал жабдықтарды өндіреді. Олардың жұмысы ветеринарияны ғылыми және материалдық техникалық жағынан қамтамасыз етуге бағытталған.
Еліміздің ветеринариялық жүйесі мемлекет тарапынан құрылады. Сондықтан барлық ветеринариялық органдар, мекемелер мемлекеттік ветеринарияға жатады. Олардың барлығы Ауыл шаруашылығы министрлігі жүйесіне кіреді.
Мемлекеттік ветеринарияға ерекше міндеттер жүктелген, арнайы құқықтар берілген. Сондықтан ол ветеринариялық шараларды жоспарлауда, ұйымдастыруда жетекші роль атқарады. Ветеринария саласында мемлекеттік саясат жүргізіп, оның мүддесін қорғайды. Мемлекеттік ветеринарияның мамандарды сұрыптап, тиісті орындарға тағайындауға, қаражат қорларын шоғырландырып, эпизоотиямен күрестің шешуші бағыттарына жұмсауға құқы бар. Сауықтыру шараларын нәтижелі жүргізу үшін және ветеринариялық препараттарды өндіру, жарамдылығы мен сапасын анықтауға ғылыми мүмкіншілікті пайдаланып, білікті ғылым қызметкерлерін тартуға құқықты.
Ветеринариялық қызмет еліміздегі әкімшілік аумақтық бөліну принципіне сәйкес ұйымдастырылған. Сондықтан, оның әр сатысы өз құзыры жүретін аймақтағы барлық ветеринариялық нысандарда, ведмостволық бағыныштылығына қарамастан, тиісті міндеттерін атқарады. Бірақ, тасымалдау жүйесіндегі және шекарадағы ветеринариялық бақылау қызметтері тікелей Республикалық Ветеринариялық бақылау Комитетіне бағынады.
Мемлекеттік ветеринариялық қызметтің ұйымдастырылу құрлымының схемасы төменде көрсетілген. Оның басты органы - Ауыл шаруашылығы министрлігінің малшаруашылығын өркендету және ветеринариялық қауіпсіздік департементі. Осы департаментке барлық республикалық, облыстық, қалалық, аудандық мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар бағынышты болады.
Елімізде жекеменшік кәсіпкерлік ветеринария нарыққа өтпелі кезеңде заман талабы бойынша туындады. Ветеринариялық қызметтің бұл түріне жекеменшік әдісімен қызмет етуші дәрігерлер, ветфельдшерлер, препараттар мен мүліктер өндіруші шағын кәсіпорындар, кооперативтер, серіктестіктер, бірлестіктер, сондай ақ лабораториялар және т.б. жатады.
Жекеменшік кәсіпкерлік қызметветеринарияны басқарушы мемлекеттік органдардың рұқсатымен (лицензиясымен) тиісті әкімшілік аумақта жұмыс істейді. Оларға ҚР Ветеринария туралы заңы бойынша ауырған малдарды емдеуге, аурулардың алдын алу шараларын жүргізіп, малдың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы ветеринария қызметі туралы және ҚР «Ветеринария туралы» заңы
Жылқы тұмауына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Қазақстандағы ветеринария қызметі, ҚР «ветеринария туралы» заңы
Қазақстандағы ветеринария қызметі және ҚР «Ветеринария туралы» заңы жайлы мәлімет
Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңы және жалпы ережелері
Қазақстандағы ветеринария қызметі және ҚР «Ветеринария туралы» заңы туралы мәлімет
Қазақстандағы ветеринария қызметі және ҚР «ветеринария туралы» заңы туралы
Қазақстандағы ветеринария қызметі мен ҚР «Ветеринария туралы» заңы
Қазақстандағы ветеринариялық қызметтің құрлымы
Жануарларды диспансеризациялауды ұйымдастыру
Пәндер