Оқушылардың білім жетістіктерін бағалауда критериалды бағалау жүйесін қолдану
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ИНСТИТУТЫ
ХИМИЯ КАФЕДРАСЫ
7М01504-Химия
БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ХИМИЯ САБАҚТАРЫНДАҒЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Магистрант:________________________ ________________________Н.Б.Сейтхан
Ғылыми жетекші:___________________________ _______________Н.О. Акимбаева х.ғ.к., доцент
Кафедра меңгерушісі: ___________________________________ ____Н.О.Мырзахметова х.ғ.к., қауым проф.м.а.
Институт директоры:_________________________ _______________Қ.О.Кішібаев
Алматы, 2021 ж.
Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайындағы химия сабақтарындағы бағалау жүйесінің ерекшеліктері
Мазмұны
Кіріспе
I. Қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің ерекшеліктері
1.1 Оқушылардың білім жетістіктерін бағалауда критериалды бағалау жүйесін қолдану
1.2 Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны мен құрылымы
ІІ. Химия сабағында оқушы білімін критериалды тұрғыда бағалаудың тиімділігі
2.1 Химия пәнін оқытуда бағалауды дескрипторлар арқылы ұйымдастыру
2.2 Педагогикалық экспериментті ұйымдастыру және оның нәтижесі
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда ел жетістігінің маңызды көрсеткіші білім беру саласына тікелей байланысты болып отыр. Әлемдегі прогрессивті даму білімге байланысты болғандықтан, соңғы жылдары ұлттық жүйелерге, оның ішінде, білім беру саласына ауқымды реформалар енгізілуде. Еліміз жаһандық әлемнің бөлігі болғандықтан, сапалы білімге бағытталған жаңа жағдайларға бейімделуіміз қажет. Тереңінен зерттеліп, толығымен өзгертіліп жатқан білім берудің мақсатты бағыттары мен бағдарларына, оқытудың нысаны мен мазмұнына, оқушылардың жетістіктерін бағалаудың жаңа тәсілдеріне тек теориялық түрде зерттелініп қоймай, сонымен қатар сапалы болуы да қажет.
Оқыту нәтижелерін бағалау қазіргі таңда теориялық тұрғыдан да, пратикалық тұрғыдан да зерттелген. Зерттелетін мәселенің мәні дәстүрлі бағалау әдістері құзыреттілік тәсілдің қазіргі заманғы талаптарына сәйкес келмейді және оқушылардың оқу жетістіктерін жеткілікті түрде көрсетпейді, мектептегі білім сапасын тиімді басқаруға мүмкіндік бермейді. Бүгінде еліміздің мектептерінде заманауи білім беру міндеттеріне жауап бермейтін дәстүрлі бағалау жүйесі басым. Бағалаудың ғылыми-теориялық негіздерінің жеткіліксіз зерттелуі және қазіргі қоғам талаптарына сәйкес еместігі оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесін одан әрі жетілдірудің жалпы білім беретін мектеп оқушыларының оқу жетістіктерін бағалаудың қазіргі заманғы жүйесінің ғылыми-әдістемелік негіздерін зерттеудің практикалық қажеттілігін туындатып отыр.
Қазіргі таңда білім беру процесінің жүйелілігі болуы керек екендігіне ешкім күмән келтірмейтіндігі анық, егер олай болмайтын болса, білім берудің нәтижелілігі төмендейді. Мұндай қарқынды өзгеріс енгізудің ең бірінші себебі, заман талабы, оқушыны мектеп табалдырығынан аттаған сәттен бастап өзін-өзі оқыту, өзін-өзі бағалау ғана емес, тұлғаның өзін дамытуы, өмір бойы өзін-өзі тәрбиелеуі, білімнен де өзге барлық жағдаяттарды бағалаудың негізгі қағидаттарын бала бойына сіңіру. Осы негізгі ойды жүзеге асыру мақсатында, біздің білім беру жүйемізге шынайы бағалау енгізіліп отыр [1].
Педагогикалық практикамызда осы уақытқа дейін жиі қолданыс тауып келген бес балдық дәстүрлі бағалау жүйесі барлығымызға қарапайым, әрі үйреншікті бағалау жүйесі екені сөзсіз. Дегенмен бұл бағалау жүйесі оқушылардың білімін бағалаудың обьективтіліктерін қадалауға мүлде мүмкіндік бермейді, себебі оның оқушылардың өз жетістіктерін өзі бағалауын дамытатын, білім көрсеткішін жоғарылату мақсатында жетістіктері мен сәтсіздіктері туралы ұсыныс алып отыратындай, оқушы мен игерілген білімінің арасында ешқандай анық критерийлер жоқ.
Халықаралық тұрғыдан оқу маңыздылығын және оның нәтижелерін өлшеудің қажеттілігінің мойындалғанына қарамастан тиімді бағалау жүйесі бар мемлекеттер көп емес [Кларк М. 2011 Концептуальная схема (рамка) построения эффективной системы оценивания]. Бұл елдердің (Ұлыбритания, Сингапур, Финляндия, Канада және т.б.) бағалау механизмдерінде елеулі айырмашылықтар бар, дегенмен олардың жетістіктерін қамтамасыз ететін ортақ тұжырымдамалық тәсілдемелер қатары анықталады:
1. Бағалау критерийлерге негізделеді;
2. Бағалау оқу барысындағы үздіксіз мәліметтерді жинауды қарастырады;
3. Бағалау нәтижелері оқытуды түзету, оқушыларды ынталандыру, баға қою, есеп беруге дайындалу, оқу бағдарламалары мен жоспарларын жетілдіру, басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қолданылады.
Жаңа жүйені құрастыру кезіндегі бағдарға алынған негізгі басымдылықтар:
Біріншіден, оқушылар үшін оқу үдерісінің құндылығына қол жеткізетіндей, яғни, оқу сандық баға алу үшін емес, білім мен дағдыны меңгеруге бағыттауға жағдай жасалады.
Екіншіден, нашар бағалардың салмағы жойылады: оқушылардың бұрын алған нәтижелеріне қарамастан жақсы нәтижелергеқол жеткізуіне мүмкіндіктері болады. Олай болса, оқушы бір қанағаттанарлықсыз баға алғандықтан жақсы тоқсандық бағаға үміттене алмайтын жағдайлар туындамайды.
Үшіншіден, обьективтілікке қол жеткізу-бұл бірыңғай талаптары, бағалау критерийлері және сапалы бағалау құралдары бар жүйе. Баға балаларға оқытуды дамытуға және жоғары көрсеткіштерге жетуге көмектесуі қажет.
Төртіншіден, баға мемлекеттік органдарды дер кезінде білім беру қызметі сапасының жағдайы туралы, білім беру бағдарламаларын қалай дамыту, педагогтерді кәсіби тұрғыда қалай және неге дайындау керектігі туралы ақпараттандырып отыруы қажет.
Осылайша, оқушыларды бағалау жүйесін реформалаудың негізгі элементтері - миссияның жаңартылуы және бағалау мақсаттарының анықтығы, бағалау критерийлері мен сапалы бағалау құралдарын құрастыруы, мұғалімдерге жүйелі қолдау көрсетілуі, стандартталған есеп беру механизмі және білім беру сапасының моноторингі болуы қажет
[Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесінің әдіснамасы: Оқу-әдістемелік құралы О.И.Можаева, А.С. Шилибекова, Д.Б.Зиеденова-Астана: Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ, 2017. - 4,5 бб.].
Білім берудің нәтижесі толығымен көрсетілген, оқушыларға толығымен таныстырылған критерийлер (дескрипторлар) арқылы бағалау тәсілін критериалды бағалау жүйесі дейміз. Бұл тәсіл оқушылардың оқу процесіне белсенді қатысуларына және ынталарын арттыруға септігін тигізеді. Осылайша, критериалды бағалау қалыптастырушы негізінде оқытудың қойылған мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін білім беру процесінің барлық қатысушыларының өзара байланысты бақылау-бағалау іс-қимылдарының жүйесін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. [23. Кравченко, М. Б. Пути повышения эффективности проверки знаний учащихся [Текст] : М.Б. Кравченко Формы и методы проверки и оценки знаний учащихся. - Тамбов, 1979. - С.3-18. 24. Красноборова, А. А. Критериальное оценивание в школе [Текст]: учебное пособие А. А. Красноборова ;Перм. гос. пед. Университет - Пермь, 2010].
Зерттеу жұмысының мақсаты:
- Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайындағы химия сабақтарындағы бағалау жүйесінің ерекшеліктерін анықтау;
- Әр оқушының дайындық деңгейін, оқудағы жеке ілгері басуын критериалды бағалау жүйесімен анықтау, тек оқушылардың білім алуға деген мотивациясын ғана емес, мектептегі білім беру үдерісінің де сапасын көтеруге мүмкіндік беретін өлшемдерді жинақтау
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz