Дамыта оқытудың теориялық негіздері


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Дамыта оқытудың теориялық негііздері
1. 1 Отандық білім беру жүйесіндегі дамыта оқыту . . . 5
1. 2 Дамыта оқытудың тиімділігі . . . 9
2 Дамыта оқытудың практикалық аспектілері
2. 1 Дамыта оқыту технологияларын сабақ үрдісінде пайдалану жолдары . . . 13
2. 2 Дамыта оқыта отырып, оқушылардың құзыреттілігін дамыту . . . 15
3 Жеке тұлғаны қалыптастыруда дамыта оқытудың ролі . . . 20
Қорытынды . . . 24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 25
Кіріспе
Қазіргі қоғам талабына сай баланың ой-өрісін дамыту, біліктері мен шеберліктерін қалыптастыру, оны өз тәжірибесінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, ой дербестігін кеңейту, заман сұранысына сай ізденімпаз тұлғаны қалыптастырудың бірден-бір жолы -12 жылдық білім беру жүйесіне көшу екендігін әлемдегі өркениетті елдер мойындап отыр. Сондықтан да тәуелсіз Қазақстанда да 12-жылдық білім беру жүйесіне көшу үшін талпыныстар жасалып жатыр.
Білім беру жүйесіндегі реформаның мақсаты - қазіргі қоғамдағы түбегейлі өзгерістерге сәйкес, ХХІ ғасыр мектебін жаңарта отырып, алған білімі мен біліктерін өмірде шығармашылық тұрғыда қолдана алатын, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Ол бүгінгі заман талаптарынан туындап, болашақ мамандардың даярлығын жетілдіруді көздейді. Олай болса, педагогтардың алдында тұрған бірден-бір мақсат - оқушылардың алған білімдерін, түрлі өмірлік жағдайда қолдана білетін, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды қатар меңгерген, өзіндік көзқарасы бар, азамат болып жетілуіне көмектесу.
Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет. Бүгінгі жаңа қоғамдық формациядағы мектеп пен мұғалімдер алдында тұрған негізгі мәселелер «Баланы оқуға қалай үйрету керек?», «Ойлауға қалай үйрету керек?», «Қалай өз өмірінің менеджері болуға үйрету керек?» деген сұрақтарға жауап табатындай, білім нәрін беруге бағытталып отыр. Сонымен қатар оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі анықталады. [1]
Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 18-бабының 8-тармағында: «Оқытудың жаңа технологияларын сынақтан өткізу, білім берудің жаңа мазмұнын енгізу үшін білім беру ұйымдарында эксперимент тәртібімен іске асырылатын білім беру бағдарламалары әзірлену мүмкіндігі», - атап көрсетілген [2]
Міне, осы тұрғыда оқытудың жаңа технологиясын меңгеру мұғалімнің интелектуалды, кәсіптік, адамгершілік - рухани азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытады, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Ғалым М. Чошанов «Оқытудың технологиялары - дидактикалық жүйенің құрамдас, процессуалдық бөлігі»- деп көрсеткен болатын. [3]
Жалпы, «технология» ұғымы соңғы кездері педагогикалық әдебиеттердегі ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. «Технология» ұғымы грек тілінен енген екі сөзден тұрады: «техне»-өнер, шеберлік, «логос»-білім, оқу, ғылым деген мағыналарды білдіреді. Сондықтан, «технология» терминін қазақ тіліне «өнер туралы ғылым» немесе «шеберлік туралы ғылым» деп аударуға болады. [4]
Еліміздегі әлеуметтік- экономикалық өзгерістер мен бүкіл өркениетті әлемдегі ақпараттық даму білім берудің дәстүрлі қалыптасқан жүйесін, әдістері мен технологиясын қайта қарауды талап етуде. Осыған орай, оқытудың әр түрлі технологиялары жасалынып, білім беру мекемелерінің тәжірибелеріне енгізілуде.
Сондықтан болар қазіргі таңда мектептердің іс-тәжірибелеріне дамыта оқыту жүйесі кеңінен енгізілуде. Жүйенің басты мақсаттарының бірі - баланы оқыта отырып дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұштау, тұлғалыққа бағыттау.
Жалпы «дамыту», «даму» терминдеріне баланың белгілі мөлшерден шығып, саналы іс - әрекет сатыға ауысуы деп анықтама беріледі. [5]
Дамыта оқыту технологиясын көрнекті ғалымдар Л. С Выготский, М. Я. Лернер, Л. В. Занков, В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин толық зерттеп, дәлелдеген. В. В. Давыдов «Дамыта оқыту дегеніміз - ақыл - ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысы» - дейді. [6]
Дамыта оқыту технологиясын қолдану - болашақ маманның ізденушілік - зерттеушілік және білім алуға деген ынта-ықыласын арттырып, кәсіби белсенділігі мен қызығушылығын молайтады.
Зерттеу мәселесі: дамыта оқытудың теориялық негіздері.
Зерттеу мақсаты: дамыта оқытудың теориялық негіздерін анықтау.
Зерттеу нысаны: : дамыта оқыту үрдісі.
Зерттеу мақсатына сәйкес мынадай міндеттер қойылады:
- Дамыта оқытудың теориялық негііздерін қарастыру;
- Дамыта оқытудың практикалық аспектілерін зерттеу;
- Жеке тұлғаны қалыптастыруда дамыта оқытудың ролін анықтау.
Зерттеу әдістері: тақырып бойынша психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге теориялық талдау жасау, оқулықтарға, бағдарламаларға, оқу әдістемелік құралдарға талдау жүргізу.
Курстық жұмыс құрылымы: кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және ғылыми әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Дамыта оқытудың теориялық негііздері
1. 1 Отандық білім беру жүйесіндегі дамыта оқыту
Ағымдағы жүзжылдықтың 30-шы жылдары Л. С. Выготский қазіргі замандағы оқытудың концептуалдық қағидаларының бірін тұжырымдады: «Оқыту дамытудың аяғында сүйретілмей, оны артынан жетелеп келеді». Егер осы ереженің бірінші бөлімі психикалық даму мен оқытудың байланысын тіркеп отырса, онда екіншісі - оқытудың осындай рөлін қамтамасыз етуші психологиялық механизмдердің қандай екендігі туралы сұраққа жауап ұйғарады. Бұл жерде Л. С. Выготский бала дамуының «…ішкі сипаты бар, бұл жетілу мен оқытудың әсері бірге қосылатын бірыңғай процесс екенін» атап өтті. Л. С. Выготскийдің, Д. Б. Элькониннің, В. В. Давыдовтың өздерінің зерттеулері баланың өмірге белсенді бейімделуінің барлық жағдайын бейнелейтін дамыта оқытудың отандық тұжырымдамасы әзірлемесінің психологиялық негіздерін салды: табиғат әлеміне, жалпы адамзаттық мәдениетке, маңызды басқа әлемдерге ену, сонымен қатар, баланың өзіндік сана сезімін дамыту.
Қазіргі уақытта дамыта оқытудың В. В. Давыдов пен Л. В. Занков ұсынған негізгі екі түрі жүйелі түрде зерттелген. Егер біріншісі Л. С. Выготский, Д. Б. Эльконин, А. Н. Леонтьевтің ережелеріне негізделсе, екіншісі Л. В. Занков шығармашылығымен тұстас барлық психология-лық және педагогикалық жетістіктердің шығармашылық тұрғыдан қайта өңделген тәжірибесі болып табылады. Соның өзінде Л. В. Занков бұл тәжірибеге өзінің эксперименталдық жүйесін әзірлемес бұрын және оны аяқтағаннан соң да біршама сенімсіздікпен бағалаған болатын. Ол педгогика мен психологияның жетістіктеріне сүйену мүмкіндіктері алдыңғы кезеңмен салыстырғанда айтарлықтай кеңейген жоқ деп санады.
Л. В. Занков мектеп оқушыларын қарқынды дамыту міндетін қоя отырып, оның көзқарасы бойынша, оқу материалының заңсыз жеңілдетілуінің, оның қисынсыз баяу оқытылуы және бірсарынды қайталануын сын көзбен бағалайды. Және де сол уақытта оқу материалының өзін де Л. В. Занков «теоретикалық білімнің тапшылығымен, дағдыларды меңгеруге бағытталған сипаттының үстірттігімен» сипаттайды. Л. В. Занков бойынша, дамыта оқыту ең алдымен, осы оқытудағы жетіспеушіліктерді жоюға бағытталған. Л. В. Занковтың зерттеген дамыта оқытудың эксперименталдық жүйесінде келесі принциптер орын алады:
- қиындықтың жоғары деңгейінде оқыту. Оны жүзеге асыру қиындық өлшемін сақтау, тосқауылдарды жою, оқылатын құбылыстардың өзара байланысы мен жүйелігін түсінуді ұйғарады (бұл принциптің мазмұны оқытудағы проблемалықпен байланыса алады) ;
- теоретикалық білімдердің жетекші рөлі принципі, оған сәйкес ұғымдар, қарым-қатынастар, оқу пәнінің ішіндегі байланыс пен пәндер арасындағы байланыс дағдылар қалыптастыру маңыздылығынан кем емес (бұл принциптің мазмұны әрекеттің жалпы принциптерін түсіну маңыздылығымен байланыса алады) ;
- мектеп оқушыларының өзінің оқуын өзіндік сана сезімімен ұғынуы. Ол рефлексия, өзін оқу субъекті ретінде ұғынуы (бұл принциптің мазмұны тұлғалық рефлексияны дамыту, өзін-өзі реттеумен байланыса алады) ;
- барлық оқушылардың дамуы бойынша жұмыс принципі. Оған сәйкес, жеке ерекшіліктер ескерілуі тиіс, бірақ оқыту барлығын дамытуы тиіс, себебі «дамыту оқытудың нәтижесі» (бұл принциптің мазмұны білім беру процесін байланысады) .
Л. В. Занков жүйесінің негізгі ерекшеліктері болып: мектеп оқушыларының жоғары жалпы дамуына бағытталуы (бұл жүйенің басты сипаттамасы) ; оқытудың жүргізілуінің жоғары деңгейдегі қиындылығы; оқу материалын өтудің тез жылдамдылығы, теоретикалық білімдердің үлес салмағының күрт көтерілуі. Оқытуды берілген жүйесі ойлауды, оқушының эмоциялық саласын дамытады, оқығанының негізгі мазмұны мен жалпы мағынасын анықтауға және түсінуге үйретеді.
И. И. Аргинская, Н. Я. Дмитриева, З. И. Романовскаяның және т. б. «Л. В. Занковтың жүйесі бойынша оқытамыз» деген еңбектерінде (1991) Л. В. Занковтың әзірлеген принциптеріне негізделген оқытудың біртұтас жүйесі келтіріледі. Онда оқытудың басында, мысалы, бастауыш сыныптарда оқып үйретуде, «біртұтас эмоционалдық-эстетикалық күйзеліс» болуы тиіс. Сомдалатын образдың тұтастығы, оны қабылдаудың тұтастығы, мәтінді түсіну тұтастығы меңгеру пәндерін ары қарай тереңдету және саралаудың негізі және бастапқы нүктесі.
В. В. Давыдовтың дамыта оқыту жүйесі оқытудың қазіргі жүйесіне ең алдымен, оқушының танымдық әрекеті, танымның бағыты бойынша қарама-қарсы қойылған. Қазіргі оқыту көп жағдайда жекеден, нақтыдан, жалғыздан - ортаққа, абстрактіліге, тұтасқа бағытталған; жағдайдан, фактіден - жүйеге; құбылыстан - мәнге бағытталғаны мәлім. Осындай оқытудың барысында дамитын баланың ойлауы В. В. Давыдов бойыша, эмпирикалық деп аталады. Л. С. Выготский мен Д. Б. Элькониннің жұмыстарының жалпы теоретикалық контексінде В. В. Давыдов оқытудың жаңа жүйесінің дәстүрліден кері: жалпыдан жекеге, абстрактіліден нақтыға, жүйеліден жалғызға бағытталған теоретикалық әзірлемелеу мүмкіндігі туралы мәселе көтерді. Осындай оқытудың процесінде дамитын баланың ойлауын В. В. Давыдов теоретикалық , ал осындай оқытудың өзін - дамытушы деп атады. Бұл жерде В. В. Давыдов ой-еңбегінің дамуында оқытудың жетекші маңыздылығы ең алдымен, меңгерілетін білімдердің мазмұны арқылы көрінеді деген Л. С. Выготский мен Д. Б. Элькониннің негізгі ережелеріне сүйенеді, одан оқытуды ұйымдастырудағы әдістер (немесе тәсілдер) туады.
В. В. Давыдов эмпирикалық және теоретикалық білімнің алты негізгі айырмашылықтарын келтіреді (бұл жерде «білім» термині «абстракция», «жалпылау», «ұғым» үшін ортақ) .
Кесте 1
В. В. Давыдовтың эмпирикалық және теоретикалық білімнге берген алты негізгі айырмашылықтары
В. В. Давыдов мазмұнды абстрагирлеу және жалпылау барысында алынатын теоретикалық білімін сипаттамасын келтіреді. Ол дамыта оқытудың негізін құрайды. Генетикалық бастапқы негіздеме және ой-еңбек әрекетінің жалпыланған тәсілін анықтау және қайта өңдеу үшін барлық қасиеттердің байланысын белгілеу үшін салыстыру және қайта өңдеудің ғана емес анализдің ойлау әрекетінің (сәйкес синтездің де) маңыздылығы аталып өтеді. Теоретикалық білімнің тағы бір маңызды айырмашылығы - оның қалаптасуы барысында біртұтас жүйе ішінде жалпыға ортақ пен жекенің байланыстары орнатылады, оның мәнін түсіну, ол белсенді ойлау әрекетін ұйғарады (тек қана түсінік емес) . Және үшінші, оны да ерекше атап өту қажет, - теоретикалық білімнің өмір сүру түрі. В. В. Давыдовтың теориясында бұл ең алдымен, ой-еңбегі қызметінің әдістері, әрекеттің жалпыланған тәсілдері.
Теоретикалық білімнің және оқытудың негізгі бағытын осылайша түсіну, яғни абстрактіден нақтыға - қолданыстағы дидактикалық принциптердің басқа, психологиялық тұрғыдан түсіндіруіне негізделеді. Мысалы, В. В. Давыдов саналықтың, көрнекіліктің, сабақтастықтың, ұғынымдылық, ғылымилықтың жалпы дидактикалық принциптерін қарастыра келе, олардың басқа, психологиялық-педагогикалық табиғаты бар екені жөнінде айтады.
Біріншіден, сабақтастық принципі оқыту кезеңдерінің сапалық айырмашылықтары принципіне өзгертіледі, олардың әрбіреуі психикалық дамудың әртүрлі сатыларымен байланысты. Екіншіден, ұғынымдылық принципі дамыта оқыту принципіне өзгертіледі, ол жаңа мазмұнмен толықтырылып, «дамудың жылдамдығы мен мазмұнын заңда тұрғыдан білім беруші әсер етуді ұйымдастыру көмегімен басқаруға болады». Үшіншіден, саналылық принципінің әрекет принципі ретінде жаңа мазмұны бар. Оқушылар бұл жағдайда мәліметтерді дайын түрде алмайды, олардың әрекет құралы ретінде өту шарттарын анықтай отырып қана алады. Бұл үшінші принцип (В. В. Давыдов, В. В. Рубцов) оқушылардың қайта құрушы - қайта өндіруші әрекеті ретінде оқытудың жаңа моделін қалыптастыру үшін негіз рөлін атқарды. Төртіншіден, көрнекіліктік принципін В. В. Давыдов заттық принципі ретінде қарайды. Бұл принципті жүзеге асыра келе, оқушы оның затын анықтап, оны модель түрінде ұсынуы тиіс. Бұл оқытудың қайта құрушы - қайта өндіруші әрекетінің маңызды сипаттамасы, бұнда процесс пен нәтиженің модельдік, таңбалық-символикалық көрінісі маңызды орын алады.
Оқу пәндерінің мазмұнын меңгеру негізінде оқу әрекетіндегі дамыта оқыту оның құрылымы мен ерекшеліктеріне сәйкес зерттелінуі тиіс. В. В. Давыдов тек қана оқу пәндерінің мазмұнын ғана емес, оқу әрекетінде осы пәндерді игеру барысында оқушыда қалыптасуға тиіс біліктерді де тұжырымдайды:
- « Жалпы және абстрактілі сипаттағы білімдерді меңгеру, оқушылардың оған қарағанда жеке және нақты білімдермен ; соңғысы оқушылар өзінің бірыңғай негізі ретіндегі жалпы және абстрактіден шағарады.
- Берілген оқу пәнін немесе оның негізгі тарауларын белгілейтін білімдерді оқушыларолардың пайда болуының шарттарын талдаупроцесінде меңгереді, солардың арқасында олар қажетті болады.
- Оқушылардың қандай да болмасын білімдерінің заттылық көзін анықтауда оқушылар оқу пәнінде ең алдымен берілген білім объектінің мазмұны мен құрылымын анықтаушыгенетикалық бастапқы, мәнді, жалпыға ортақ қатынасынанықтай алуғақабілетті болулары тиіс.
- Бұл қатынасты оқушылар ерекше заттылық, графикалық немесе жаңғыртады, ол оның қасиетін таза түрде зерттеуге мүмкіндік береді.
- Оқушылар зерттелінетін объекттің осындай бірлікте ол туралыжеке білімдер жүйесіндегенетикалық бастапқы, жалпыға ортақ қатынасыннақтылай алу қабілетіболуы қажет, ол жалпыға ортақтан жекеге және кері ойша ауысуларын қамтамасыз етеді.
- Оқушылар әрекеттердіой-еңбектік тұрғыданорындаудан олардысыртқы тұрғыдажәне кері орындауғаауыса алу қабілеттеріболуы тиіс».
Мектепте білім беру практикасына енгізілген Д. Б. Эльконин мен В. В. Давыдовтың жүйесі бойынша дамыта оқытуға Л. И. Айдарова, А. К. Маркова, В. В. Рубцов, А. З. Зак, В. В. Репкин. М. М. Разумовский, Г. Г. Граниктің және т. б. еңбектерінде түсінік беріледі. Дамыта оқытудың идеясының өзі Д. Н. Богоявленский, С. Ф. Жуйков, М. Ф. Косилова, И. Я. Каплунович, Б. Е. Хаевтің оқытудың эксперименталдық жүйелерінде [толығырақ 231 қараңыз], сонымен қатар, Т. В. Некрасова, Г. Н. Кудина, Р. Г. Мильруд және т. б. жұмыс тәжірибелерінде қысқаша көрініс тапты. Л. В. Тарасованың ұсынған «Жалпы білім берудің жаңа үлгілері. Экология және диалектика» еңбегінде негізінен Д. Б. Эльконин мен В. В. Давыдовтың дамыта оқытуының негізгі ережелері пайдаланылады. Осының барлығы дамыта оқытуды мұғалімнің оқыту практикасына кеңінен енгізудің мүмкіндіктері мен болашағына ие бола отырып, шын мәнінде оқушының психикалық дамуын басқаратынын көрсетеді.
Адамның әлеуметтік ортада, арнайы білім беру мекемелерінде жеке тәжірибесін жинақтауы - бұл дамыту, оқыту, тәрбие берудің күрделі өзара әрекетінің нәтижесі, бұл жерде дамыту - оқытудың түпкі мақсаты, ал оның өзі (тәрбие берумен бірге) - дамудың шарты мен негізі болады, оның өзінің деңгейлері, сызықтары мен бағыттары бар. Дамыта оқыту Л. С. Выготский бойынша, алдын алушы дамудың принциптерін табысты жүзеге асыру болып табылады.
1. 2 Дамыта оқытудың тиімділігі
Оқу - адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.
«Даму» ұғымы сөздікте « . . . мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы, »-деп түсіндіріледі.
«Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы-жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады.
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылыми жеткілікті дәрежеде дәләлдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л. С. Выготский.
Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.
1. Бала дамуының жақын аймағы - баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.
2. Бала дамуының қол жеткен аймағы - баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.
Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады.
И. Я. Лернер «даму» деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-ой қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады.
Л. В. Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс-әрекеттер атқара білу. (14. 67. )
В. В. Давыдов ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді.
Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынады.
Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен
практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz