Ақпараттың түрлері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Ақпараттық технологиялар факультеті

Реферат

Тақырыбы: Ақпарат, оның түрлері және қасиеттері

Орындаған: Қазақ Э. Н.

Тексерген: Боранбаев С. А.

Нұр-Сұлтан қ.

2021 ж.

Кіріспе

Ақпарат көне кезеңдерде қалыптасып, қазіргі кезеңде де жалғасып жатқан үздіксіз жүйе. Ақпаратсыз әлем, қоғам, адамзат тіршілігін жалғастыра алмайды. Сол себептен, ақпарат жайлы тақырыптар, мәселелер ешқашан өзінің өзектілігін жоғалтпайды.

Рефератта ақпарат туралы қарастырылған. Алдымен ақпарат сөзінің мәні айтылған. Ары-қарай ақпараттың түрлері ажыратылып, толыққанды түсіндірілген. Ақпараттың қасиеттері деген тақырып та қозғалған.

Ақпарат, оның түрлері және қасиеттері

  1. Ақпарат

Адамдар үшін ақпарат - бұл қоршаған орта, қоғам, әлем туралы хабар, мәлімет болып саналады. Қазіргі заманда ақпараттың көлемі өте үлкен, әрі ол ары-қарай өсіп келе жатыр, себебі, әр күн сайын жаңа бір ақпарат анықталып, шығып жатады. Адам қаншалықты ақпаратты тез қабылдап және оны өңдей алса, ол соншалықты ақпаратты түсіну, тану және сақтау қабілетін жоғарылатады, сонымен қоса уақытын үнемдей алады.

Күнделікті өмірде адамды көптеген дыбыстар, иістер, визуалдық бейнелер қоршап жатыр. Осының бәрін адам өзінің сезім мүшелерімен сезеді, көреді, біледі. Енді адам қалай ақпаратты қабылдайды? Адам ақпаратты қабылдау үшін өзінің 5 сезім мүшелерін қолданады:

  • көру мүшесі - көзбен визуалдық ақпаратты көреді;
  • есту мүшесі - құлақпен дыбыстарды естиді;
  • иіс сезу мүшесі - мұрынмен иістерді иіскейді;
  • дәм сезу мүшесі - тілмен дәм туралы ақпаратты біледі;
  • сипап сезу мүшесі - тері арқылы ұстап, сипап анықтайды.

Адамның сезім мүшелері арқылы қабылданған ақпаратты пайыздық қатынасқа келтіретін болсақ, онда 90%-ды ақпаратты адам көру арқылы, 9%-ды есту арқылы, ал 1%-ды қалған сезім мүшелерімен қабылдайды.

Негізінен «ақпарат» термині латын тілінің «informatio» деген сөзінен шыққан. Ол мәлімет, түсіндірме, дерек, мазмұндау, баяндау деген мағыналарды білдіреді. Қазіргі уақытта, ғылымда әлі де ақпараттың нақты мағынасы толық айқындалмаған. Бірақ қарапайым, әрі кеңейтілген ғылыми мағынада алатын болсақ, онда ақпарат деп адамзаттың қоршаған ортадан алатын мәліметтерін және оларды белгілер мен сигналдардың көмегімен бейнелеуін айтамыз. Ал информатика ғылымы тұрғысынан алатын болсақ, онда бұл термин былай сипатталады:

  • «Ақпарат - бұл сақтау, қайта құру, тасымалдау, пайдалану объектісі болып табылатын қоршаған әлем туралы саналы хабар, мәлімет».
  • «Ақпарат - бұл ұсынылған көрінісі мен қалпынан тәуелсіз дерек (хабар, мағлұмат) » [Ақпарат, ақпараттық технологиялар және ақпаратты қорғау туралы 27. 07. 2006 ж. № 149-ФЗ РФ Федералдық заңы] .
  1. Ақпараттың түрлері

Ақпаратты әр түрлі белгілеріне байланысты топтауға болады:

  • Шығу облысына қарай;
  • Қабылдау, тасымалдау тәсіліне байланысты;
  • Берілу, ұсынылу тәсіліне байланысты;
  • Информатикада қолданылуына байланысты.

Шығу облысына қарай ақпарат 3 түрге бөлінеді:

  • Қарапайым;
  • Биологиялық;
  • Әлеуметтік.

Қарапайым ақпаратқа жансыз, яғни өлі табиғатта болып жатқан барлық құбылыстар мен процестер жатады. Биологиялық ақпарат - тірі ағзалар әлеміндегі құбылыстар мен үдерістерді бейнелейді. Әлеуметтік ақпарат деп қоғамдағы адамзатқа тиесілі құбылыстар айтылады. Ақпараттың бұл түрі адамның бүкіл өмірімен, тәжірибесімен тығыз байланыста болғандықтан, оның өзін көпшілік, арнайы, жеке ақпараттар деп ажыратады.

Қабылдау тәсіліне байланысты ақпарат визуальды, аудиальды, тактильді, органолептикалық болып жіктеледі. Олардың атауларынан-ақ не екенін түсінсе болады. Мысалыға, визуальды - қөру арқылы, аудиальды - есту арқылы, тактильді - ұстап, сезу арқылы, ал органолептикалық деп иіс және дәм сезу арқылы қабылдаған ақпаратты атаймыз. Ақпарат сақталған ортаны ақпарат тасымалдаушы деп атайды. Ақпарат тасымалдаушыларға перфокарталар, перфоленталар, магниттік дискілер, компакт-дисктер, флеш жады және т. б. жатады.

Берілу тәсіліне байланысты ақпарат 5 түрге бөлінеді:

  • Графикалық
  • Мәтіндік
  • Дыбыстық
  • Сандық
  • Видео-ақпарат

Графикалық ақпарат көлемі әдетте үлкен болады. Мұндай ақпараттар фотосурет, сызу, сұлба, график, диаграмма, символ және т. б. түрінде беріледі. Графикалық ақпараттан адам әлдеқайда көп мәлімет алады. Мысалы, кітапты алып, оны оқып, мазмұнымен танысып жатқанда, бірінші оның суреттеріне қараймыз. Себебі, солай біз осы кітап туралы толық әсер аламыз, тіпті, кейін оны елестете немесе тез еске түсіре аламыз.

Мәтіндік ақпарат күрделі болып келеді. Сондықтан, бұл формада мағлұмат бөлек символдар арқылы емес, қайта осы символдардың реттелген тіркестері арқылы келтіріледі. Реттелген символдардың тіркестерінен сөздер, кейін сөйлемдер, мәтіндер құралады.

Дыбыстық (акустикалық) ақпаратқа радио, кассета және дисктердегі ән-күйлер және т. б. жатады. Дыбыс арқылы естілген барлық мағлұматтар осы дыбыстық ақпарат болып есептелінеді.

Сандық ақпаратқа қоршаған ортаның объектілері мен қасиеттерінің өлшемі, сандар арқылы кодталған ақпарат кіреді.

Видео-ақпаратты біз тірі бейнелер, суреттер десек болады. Ақпараттың бұл формасының тарихы кино саласы пайда болған кезден бастау алады.

Информатика ғылымында ақпарат аналогтік және үзілісті деген екі түрде беріледі. Енді осы анықтамаларға қысқаша тоқталайық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқаруды құжатпен қамтудағы iс-әрекетi
Ақпарат, ақпарат түрі, қасиеттері
Ақпарат, түрлері мен талаптары
Ақпарат және оның түрлері мен қойылатын талаптары
Ақпарат және оның түрлері
Ақпарат, оның мазмұны, түрлері мен қасиеттері
Басқарудағы құжатпен қамтудағы ақпаратты қорғау тәсілдері (Жетісу ауданы әкімшілігіннің құжатпен қамтудағы ақпаратты қорғау тәсілдері)
Ақпарат деген не? Оның түрлері және талаптары
Экономикалық ақпарат
Ақпаратты кодтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz